Берік шаханұлы повестерінің стильдік ерекшеліктері жумагелдин Жанайдар Шаймерденұлы



жүктеу 65.53 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі65.53 Kb.

БЕРІК ШАХАНҰЛЫ ПОВЕСТЕРІНІҢ СТИЛЬДІК 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Жумагелдин Жанайдар Шаймерденұлы, 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 

филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, ұ.т 87011389732. 

Қандай  халықтың,  қандай  ұлттың  болмасын,  рухани,  мәдени,  тӛлтума  

игіліктерін  сол  халық  немесе  сол  ұлт  ӛзгеге  бодан,  кіріптар  боп  тұрғанда  

талдап,  зерделеу  бар  да,  ӛз  еркі  ӛзіне  тиіп,    ӛз  тізгініне  ӛзі  ие  болғанда 

саралап, зерттеу бар. Халықтың, ұлттың рухани игіліктерін жасаушы тұлға – 

ақын-жазушы  ӛзі  ғұмыр  кешіп  отырған  қоғамынан,  сол  қоғамның  талап-

тілегінен  тыс  тұра алмайды. Қоғам ұсынып, талап еткен міндеттерге сӛзсіз  

мойынсыну, сол тілектерді құлшына, еш сӛзге келмей орындау бар, сонымен 

қатар  сол  талап-тілектерге  іштей  болса  да  қарсылық  білдіру,  шыңғырған  

шындықты  тұспалдап,  ишаралап  жеткізу  бар.  Әрине,  міндеттің  де  міндеті 

болатыны  белгілі.  Тәуелсіздікті,  сол  тәуелсіздіктің    маңызды  да  қажетті 

атрибуты  –  ұлттық  рухты  уағыздап,  насихаттауға    бағытталған    талап-

тілектер  бар,  сонымен  бірге  сананы  улап,  рухты    жаныштауға, 

мәңгүрттендіруге  шақыратын талап-міндеттер болғаны ешкімге де жасырын 

емес шығар.  

Күні  кешегі  кеңестік  заманның  руханият  саласындағы  тарихында  қазақ 

әдебиетінің  ХХ  ғасырдың  60-жылдарынан  басталатын  дәуірінің  маңызы 

айрықша  зор.  «Кеңестік    қоғамда  елуінші  жылдардың    аяғына  таман  сәл  де 

болса «жылымық» сәт туды. «Жылымық» сәт  қыруар ӛзгеріс, бастамаларға 

кең  жол  ашты.  Бұған  санадағы  сілкініс  пен  серпілістен  туындаған  

құбылыстар  себепкер  болған  еді.  Бәрінен  бұрын,  осынау  ӛзгеріс,  жаңару, 

адамның жүріп ӛткен жолына ойлылықпен үңілу, болашаққа басқаша қарау – 

бәрі де қаламгердің  санасына орныққан құбылыстар еді дегеніміз жӛн. Олай 

болуы заңды да еді,  себебі, адам адам болып  жаратылып, оның руханияты 

пайда бола бастағаннан  бері, бүкіл адамзат қоғамында жетекші күшке ӛнер 

иесінің,  оның  ішінде    ақын-жазушының  айналып,  мәдени,  рухани  ауқымды  

міндеттер  атқарғанын ешкім де жоққа шығара қоймас». [1, 26] 

Адамзаттың асыл армандар жолындағы күресін, парасатын жырлап, жан 

дүниесінің  сырын  шерту  –  кӛркем  әдебиеттің  әріден  келе  жатқан    басты 

мұраты. Бұл мақсат  ешқашан  да ӛз маңызын жоймақ емес. Қайта күн ӛтіп, 

заман ӛзгерген сайын оның мәні арта түседі. Себебі қай кезде де әдебиеттің  

ӛзегі  –  адам,  оның  ішкі  әлемі.  Шын  мәніндегі  әдебиетте  адамгершілік  

ізденістері  болуы  міндетті.  Зерттеу  жұмысымыздың  ӛзегі  болған 

Б.Шаханұлының  қай  шығармасы  да  адамгершіліктің  алтын  ізін    салуымен 

қазақ әдебиетінде ӛзіндік орын қалдырып отыр. 

Қандай  туындысын  талдасаң  да  асып-тӛгіліп  жатқан  тіл,  бояуы  қанық 

сурет  арқылы  бүгінгі  заманымыздың  немесе  ӛткен  уақыт  уақиғаларының 

кӛркемдік  шындығы  ӛз  қалпында  кӛз  алдымызға  келеді.  Жазушы  ӛмірдің 

ӛзекті мәселелерін арқау ете отырып, шығармаларында кейіпкерлерін сомдап 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



ӛрнектей  біледі,  сӛйлете  біледі.  Тіршіліктен  туындайтын  кейбір 

қайшылықтар сол қалпында жеткізілген.  

Қаламгер 

сомдаған 

кейіпкерлер 

арасында 

әртүрлі 

мінезді  

замандастарымызды  кездестіреміз.  Жазушы  шығармаларында  ашаршылық 

әлегі  де,  соғыс  шындығы  да,  кейінгі  кеңестік  дәуірде  орын  алған  кейбір 

кертартпалықта  бар.  Жазушының  кейіпкерлері  арасында  ӛмірде  кездесетін 

барлық адамдар психологиясы бар десек қателеспейміз. Сол ӛмір шындығын, 

адам  мінезін  бейнелеуде,  кӛркемдік  тәсілдерді  қолдануда,  кӛркемдік  шешім 

табуда, тақырып таңдауда жазушы қаламының даралығы аңғарылады. 

Берік  Шаханұлы  1941  жылы  5  қарашада  Жамбыл  облысы,  Сарысу 

ауданының  Жайылма  ауылында  дүниген  келген.  1959  жылы  орта  мектепті 

бітірген  соң,  екі  жыл  шопан  болып  жұмыс  істеген.  ҚазМУ-дің  филология 

факультетінің  журналистика  бӛлімін  бітірген.  1966-1970  ж.ж.  Жамбыл 

облыстық  «Еңбек  туы»  газетінде  әдеби  қызметкер,  1970-1973  ж.ж. 

«Лениншіл  жас»  газетінде  әдеби  қызметкер,  1973-1989  ж.ж.  «Жазушы» 

баспасында  редактор,  аға  редактор,  1989-1991ж.ж.  «Жұлдыз»  журналында 

әдеби  қызметкер  болып  істеген.  1991  жылдан  Қазақстан  Жазушылар 

Одағында  аға  референт  болып  қызмет  атқарады.  1996  жылы  Қазақстан 

Жазушылар  Одағының  мүшесі  болып  сайланды.  2002  жылы  Қазақстан 

Жазушылар  Одағы  басқармасы  тӛрағасының  орынбасары.  1991  жылы 

«Жазушы»  баспасынан  жарық  кӛрген  «  Құса»  атты  повесі  мен  әңгімелер 

жинағы үшін  Қазақстан  Жазушылар одағының  Халықаралық  «Алаш»  әдеби 

сыйлығына ие болған (1992). Әзербайжан жазушысы Анардың «Ақ жағалау» 

атты повесі мен әңгімелер жинағын, Владимир Сангидің «Қайырлы маусым» 

романы мен бір топ әңгімелерін қазақ тіліне аударып бастырған. 

Республиканың  Құрмет  Алтын  кітабына  есімі  жазылған.  «Қазақстан 

Республикасының  Тәуелсіздігіне  10  жыл»  мерекелік  медалімен,  «Еңбектегі 

ерлігі үшін», медалімен марапатталды. Сарысу ауданы, Жайылма ауылының 

құрметті азаматы деген атқа ие болды. [2, 116] 

Жазушының шығармалары: «Ғашықтың тілі» (1973ж) әңгімелер жинағы, 

«Ақ  иірім»  (1979ж)  әңгімелер  мен  повестер  жинағы,  «Қаратаудың  самалы»         

(1984ж)  әңгімелер  мен  повестер  жинағы,  «Кӛрген  түстей  дүние»  (1998ж) 

таңдамалы  әңгімелер  жинағы,  «Поезда  кездескен  қыз»  (2005ж)    әңгімелер 

жинағы, «Қоңыр жон» (2006ж) әңгімелер мен повестер секілді топтамалары 

жарық кӛрген. 

Берік  Шаханұлы  қай  туындысында  болмасын  оқиғаның  желісін  аша 

білген,  терең  ой  мен  сараптай  білген  жазушы.  Жазушының  кез  келген 

туындысы ӛз оқырманына үлкен ой сала отырып, елітіп, баурап әкетеді.   

Берік  Шаханұлы  шығармашылығының  дені  әңгімелерге  арналады. 

Дегенмен  повестерінің  де  маңыздылығы  зор.  Б.  Шаханұлы  кеңестік  ӛмір 

кезеңін  арқау  ететін  повестерінде  ӛз  оқырманын  жалықтырмайды.  Айтар 

ойын, бейнелегісі келген ӛмір құбылыстарын тартымды оқиғалар арнасында 

тартымды тілмен шынайы қоғам шындығын алдыңа жайып салып отырады. 

ХХ  ғасырдың  1960-жылдарынан  ұлттық  әдебиетімізде  ауыл  ӛмірі  мен 

тұрмысының ӛз алдына дербес кӛркемдік әлемге, жетекші, кӛркемдік, тарихи 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


–  мәдени  жағдайға  айналуының  әлеуметтік,  эстетикалық  негіздері  бар.  Осы 

уақытта  халық  ӛмірінің  терең  қатпарларына,  ұлт  тарихы  мен  тағдырына, 

мәдениетіне  деген  кӛзқарас  әрқилы  ӛзгеріске  ұшырағаны,  әлеуметтік  мәні 

күшейе  түскені  кӛпшілікке  мәлім.  Қазақы  ауыл  психологиясының  қала 

тіршілігі мен мәдениетіне кірігуі мен бейімделуінің күрделі жағдайда жүріп 

жатқандығын  жіті  бақылап  отырған  авторлар  бұл  құбылыстың  идеялық, 

адамгершілік  негіздерін  ашуға,  жетістік  кемшіліктерін,  болашағын 

бағамдауға күш салды. 

Сонымен  бірге  ауыл  ӛмірін  суреттеудің  негізгі  себебі,  ауыл  –  туған  

халқымыздың  әдет  –  ғұрпының,  ӛмір  сүру  салты  мен  ұлттық 

психологиясының,  ана  тілі  мен  халықтық  тӛл  философиясының  бастауы 

алтын  бесігі,  осы  қадір  –  қасиеттердің  бәрін  қаймағын  бұзбай  ғасырлардан 

ғасырларға  сақтап  келген  алып  рухани  қоймасы  секілді.  Сондықтан  қазақ 

жазушылары  ауыл  ӛміріне  тән  ситуациялардан  әрбір  детальды  ерекше 

ыждағаттылықпен зерттеді. 

Жазушы  Б.Шаханұлының  айрықша  зерттегені  –  адам  тағдыры,  ауыр 

кезеңдегі ауыл кӛрінісі. 

Кӛркем  әдебиет  туындыларын  қаншама  тақырыпқа  теліп,  кесіп-пішіп 

тастасақ  та,  әдебиет  негізінен  бір-ақ  тақырыпқа  арналады.  Ол  –  адам 

тақырыбы. Автор мейлі мұнайшыны, мейлі геологты, мейлі  малшыны алсын 

ең негізгі нысанасы – адам, оның тағдыры. 

«1970 – 80 жылдары басқа кезеңдерге қарағанда қазақ әдебиетінде, оның 

ішінде әсіресе повесть жанрында адамгершілік, адамның рухани жан дүниесі, 

адам  мен  қоғам,  адам  мен  орта  мәселелеріне  тереңдеп  баруға  тырысқан 

осынау  тақырыпты    заман,  уақыт  талабына  сай  биік  кӛркемдік  деңгейде 

бейнелеп беруді мақсат еткен шығармалар кӛбірек жазылды». [3,83] 

Бір  ерекшелігі  осынау  тақырыптан  тыс  қалған,  бұл  тақырыпта  қалам 

тербемеген  қаламгерлер  некен  –  саяқ.  Ауыл  ӛміріне,  тарихи  тақырыпқа 

кӛбірек  ден  қойған  Т.Әлімқұлов,  Ә.Кекілбаев,  С.Мұратбеков,  М.Мағауин, 

Т.Нұрмағанбетов,  Д.Исабеков,  Ж.Түменбаев,  сияқты  қаламгерлер  де  бүгінгі 

заман,  бүгінгі  қоғам,  бүгінгі  адам  мәселесін  кӛтеретін  тақырыптарға  жиі  – 

жиі  ат  басын  тіреп  отырған.Солардың  қатарында  ӛзіміз  сӛз  етіп  отырған 

Б.Шаханұлы  да  ӛзінің  шығармасының  сюжеттік  желісін  осынау  мәселелер 

арнасынан тапқанын аңғарамыз. 

«Жазушыны  не  нәрсе  қатты  толғандырса,  толқытса,  сол  түптің  түбінде 

оның  болашақ  шығармаларының  тақырыптарына  айналады».  [4,9]  Осы 

тұрғыдан  келгенде  Б.Шаханұлы  ӛз  повестеріне  тақырыпты  дәл  тауып,  нақ 

басып  қойған,  атаған.  Себебі  шығарма  тақырыптары  баяндалатын  оқиға 

желісін  толық  ашып,  сюжетке  сай  дұрыс  таңдалған.  Сондықтан  жазушы 

тақырыптары  арқылы  айтар  ойын,  шығарма  идеясын  ӛз  оқырмандарына 

жеткізе білді деуге болады.  

Мәселен, шығарма тақырыптарына жеке – жеке тоқталып, астарына мән 

берсек:  «Құса»  -  уайым,  шер,  үлкен  ауыртпалық.  Жазушы  басты  кейіпкер 

Серәлінің басынан ӛткерген жайларын сараптай келіп, халықтың да басынан 

ӛткен  қасірет  –  қайғысын  Серәлінің  жағдайымен  астастыра  отырып  осы 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



тақырыпты таңдаса керек. Тақырып жақсы ашылған, қаламгер алдына қойған 

мақсатына толық жеткен секілді. Ал «Алтын кездік» - біріншіден символдық 

мәнге  ие.  Бекбосынның  қолына  түскен  ескі  дүние,  жай  ғана  дүние  емес 

алтын,  сыйлы  кісіден  қалған  жәдігер.  Екіншіден  бұл  –  халықтың  ішінде 

жататын,  керек  кезінде  оянып,  керек  кезінде  шығатын  халықтың  жігері. 

Қаламгердің үшінші бір повесі «Қоңыр жон»  - бір жағынан алып қарағанда 

бұл қазақтың жолы, сол жолда ӛткен адамдардың тағдыры. Екінші жағынан 

қарасақ  «Қоңыр  жон»  -  қазақ  халқының  мінезі  іспетті.  Қазақтың  мінезінің 

қоңыр  жон  секілді  екенін  кӛрсеткісі  келгендей.  «Кӛгілдір  қойнау»  мен 

«Қаратаудың самалы» - тақырыптың ӛзі айтып тұрғандай тау баурайындағы 

ӛсіп  –  ӛнген  ауыл.  Сол  ауылдың  басынан  ӛткен  қарбалас  тіршілігі,  халық 

жағдайы суреттелген туынды болғандықтан осы тақырып алынған.  

Б.Шаханұлы  тақырып  таңдауда  оқырман  ойынан  да,  ӛз  мақсатынан  да 

шыға  білген.  Тақырыпты  жалаң  түрде  емес,  астарлы,  мағыналы  етіп 

таңдаған. Сонымен бірге тақырыпты ӛзінің ӛмірлік тәжірибесі негізінде алған 

деп айта аламыз.  

Сонымен бірге Б.Шаханұлының повестерінде диалог, монолог, суреттеу, 

баяндау  секілді  поэтикалық  құралдар  шебер  қолданған.  Бұл  бейнелеу 

құралдары повестің кӛркемдігін айрықша аңғартады. Суреттеуді, монологты 

қолдану  арқылы  шығарманың,  кейіпкердің  бітім  –  болмысын  шынайы  аша 

білген  және  орынды,  дәл  қолданылған.  Ал  диалог  сипаты  жазушы 

шығармасында  әр  алуан  арнада  кӛрінеді.  Бірде  диалог  арқылы  кейіпкер 

мінезін іштен ашып, алдымызға жайып салса, бірде диалог арқылы қаламгер 

оқиға желісін ширата, ширықтыра түседі. 

Жазушы  шығармасында  психологизм  мәселесі  де  ерекше  мәнге  ие. 

Суреткер кейіпкерлердің психологиялық хал – ахуалын, олардың ішкі әлемін, 

әсем де иірімді сезімдерін шеберлікпен кӛрсете білген. 

Б.  Шаханов  шығармаларының  жанрлық  табиғатына,  композициялық 

құрылысына етене байланысты анық кӛрінетін бірнеше ӛзіндік ерекшеліктері 

де  кӛзге  түседі.  Бұл  орайда  жазушының  әсіресе  повесть  жанрын  жетік 

меңгергендігін,  оның  ең  таңдаулы  деген  кӛркем  дүниелерінің  де  басым 

кӛпшілігі  осы  жанрдың  еншісінде  екендігі  тегін  емес.  Жазушы 

шығармаларында  шұбалаңқылық  жоқ,  қандай  тақырыптағы  шығармасын 

алмаңыз, алдымен қаламгердің нақтылық, дәлдік, қысқалыққа ден қоятынын 

байқаймыз.  Оның  шығармаларының  бас  –  аяғының  ӛте  жинақы,  ықшамды, 

жұмыр, 


шымыр 

келетіндігі 

сондықтан 

Б.Шаханұлының 

бүкіл 

шығармашылық мұрасы осыны дәледейді.  



Қорыта 

келгенде, 

Б.Шаханұлы 

повестеріне 

тән 

тӛмендегідей 



ерекшеліктерді байқаймыз: 

1. Адамгершілік  ізденістерге  толы  повестері  қазақ  прозасының  елеулі,

табысты  шығармалары  саналады.  Ӛйткені,  қай  повесі  болмасын  адамзат 

баласы 


басындағы 

небір 


келеңсіз 

жайттардың 

(нәпсіқұмарлық, 

қызғаншақтық,  мансапқорлық,  пайдакүнемдік,  жалақорлық,  т.б.)  тамыр 

тӛркінін  ашуға  ден  қояды.  Азаматтық,  адамдық  ар  тазалығы,  адалдық, 

шынайылық, әділдік жазушы шығармаларында кӛтерілетін асыл қасиеттер. 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


2. Б.Шаханұлы  –  қазіргі  қазақ  прозаиктерінің  ішінде  қоғам  шындығын

суреткерлік  тереңдікпен  жіті  сезініп  бейнелеген  қаламгерлердің  бірі. 

Сондықтан,  ол  қоғамадағы  жеке  адам  тағдырын  басты  шығармашылық 

бағдарына  айналдырды.  Жалпы  Б.Шаханұлы  повестерінде  қоғамға  деген 

сынды адам тағдыры арқылы кӛрсетті. 

3. Соғыс, майдан, ашаршылық шындықтары кӛркемдік шындыққа шебер

ұласып, жазушының басты шығармашылық қазығына айналды. 

4. Қазақ прозасында психологизмнің орнығып дамуына  Б.Шаханұлы

повестері айтарлықтай үлес қосты. 

5. Жазушы  кейіпкерлері  күнделікті  ӛмірде  жиі  кездесетін,  ӛмірдің  ӛз

ортасынан  алынған  қарапайым  адамдар.  Қаламгер  қарапайым  адамдар 

образын  сомдау  арқылы  олардың  бойындағы  ерекше  бір  ізгілік  қасиеттерді 

кӛрсетеді. Сол арқылы ӛзінің адамгершілік танымын кӛрсетіп отырады. 

6. Жазушы  қай  повестерінде  болмасын  оқиға  тізбегінің  барлығын  бірдей

тәтпіштеп  баяндап  жатпайды.  Кейде  авторлық  баяндауға  берілсе,  кейде 

кейіпкерлердің  еске  алулары,  монологтары,  диалогтары  арқылы  да  оқиға 

желісін жалғастырып ӛрбітіп отырады. 

Сонымен,  жазушының  прозалық  туындыларының  ішінде  повестерінің 

кӛркемдік  ерекшеліктерін,  повесть  жанрына  қосқан  елеулі  табыстарын, 

әдебиетте  бұрыннан  қалыптасқан  кӛркемдік  компоненттерді  суреткерлік 

шеберлікпен  игеру  барысындағы  тың  стильдік  ізденістерін  саралай  келе 

Б.Шаханұлының  қазақ  прозасында  ӛзіндік  орны,  салмағы,  дәрежесі  бар 

шебер  прозашы  екенін  айқындаймыз.  Біз  зерттеу  нысанасы  еткен 

Б.Шаханұлы  шығармашылығы  еркін  ақыл  -  ой  мен  қажырлы  еңбекті 

тоғыстырған кӛркемдік кестесі келісті, ӛзгеше әлем. Ӛйткені, қалам тартқан 

қай  тақырыбын  да  сана  сүзгісінен  ӛткізіп,  ӛрелі  ой  айтудың  құралына 

айналдыратын  жазушының  арман  аңсары  да  асқаралы.  Әрине,  біз 

жазушының  суреткерлік  қыры  жӛнінде  бірде  жалпы  шолу,  бірде  нақтылы 

талдаулар арқылы зерттеу мақсатына сәйкес ой-тұжырымдар түйіндедік. Ал, 

әрбір  мәселені  тереңдей  қарастырып,  ӛзге  қаламгерлермен  одан  әрі 

салыстыра  қарастырғанда,  айтылар  ойларға  негіз  боларлық  жайлар  да 

жеткілікті. Ол алдағы іргелі зерттеулердің еншісі деп ойлаймыз. 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1

 



Қазақ әдебиетінің тарихы, 8 – т. Алматы: Қазақпарат, 2004. – 520 б. 

2

 



Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедия.  –  Алматы:  Қазақстан  даму  институты, 

1999.  – 645 б. 

3

 

Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным және кӛркемдік. – Алматы: Жалын, 



1999, – 281 б. 

4

 



Шаханұлы Б. Ақын – жазушыны біріктіретін ұлттың, халықтың мүддесі // 

Қазақ әдебиеті газеті. 2010, №35, 10 – қыркүйек.  

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал