Белый ситец ғалым жайлыбай бай



жүктеу 1.87 Kb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі1.87 Kb.
  1   2   3   4   5   6

1
Издательский дом “Библиотека Олжасa”  
Алматы, 2013 г.
АК СИСА
БЕЛЫЙ СИТЕЦ
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ
БАЙ

2
3
Ответственный редактор Сафар Абдулло
Жайлыбай Галым
…«Ак сиса» («Белый ситец»). Алматы, 
Издательский дом «Библиотека Олжаса», 2013.- 120 с.
Қазақтың  көрнекті  ақыны,  Халықаралық  «Алаш»  әдеби 
сыйлығының  лауреаты,  Ресей  Жазушылар  ұйымының  Сергей 
Есенин атындағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың 
«Бір  тал  үкі»  деп  аталатын  бұл  жинағына  қаламгердің 
соңғы  жылдары  жазған  өлең,  поэмаларымен  қоса  таңдаулы 
туындылары  енгізілген.  Көркемдік  көрігінен  шыққандай  төрт 
бөлімнен  тұратын  осы  жинақ  көпшілік  көңілінен  шығар  деп 
сенеміз. Бұл кітапқа сондай-ақ орыс, қазақ тілдерінде ақынның 
бірнеше өлеңдері еніп отыр.
Поэма  известного  казахского  поэта  Галыма  Жайлыбая 
«Ак  сиса»  («Белый  ситец»)  является  одним  из  ярчайших 
произведений  современной  казахской  поэзии.  Она  посвящена 
жизни,  творчеству,  поэзии  и  музыке  казахского  композитора 
девятнадцатого века Жаяу Мусы, показывает нам яркие картины 
далекого прошлого, рассказывает о страданиях и болях казахского 
народа,  об  истории  родной  земли.  В  переводе  известного 
российского поэта-переводчика Сергея Мцаканяна эта поэма на 
международном фестивале поэзии переводов с тюркских языков 
в столице Башкортастана г. Уфе заняла первое место. 
.
                                 
  
УДК 821.512.122-161.1
ББК 84 (5каз-рус) 7-5
Ж- 21
  
Ж-21
УДК 821.512.122-161.1
ББК 84 (5каз-рус) 7-5
Ж- 21
© 
Галым Жайлыбай, 2013
© 
Издательский дом
    Библиотека Олжаса», 2013
© 
Ответ.ред.Сафар Абдулло, 2013.
ISBN 978-601-7315-46-7
ISBN 978-601-7315-46-7

2
3
.
УДК 821.512.122-161.1
ББК 84 (5каз-рус) 7-5
Ж- 21
Предисловие
Жаяу  Муса  –  Пеший  Муса,  но  он  прошел 
дальше тех, кто отнял у него коня. Передвиже-
ние пешком продлевает жизнь. Мусеке доказал 
это, прожив 95 лет. Прожил непростую жизнь. 
В Первую мировую – в русской армии на пере-
довой. Только не понял – на окопных работах 
или в окопах? Но явно не в кавалерии, в пехоте. 
Может, тогда Мусу прозвали казахи – Жаяу, т.е. 
Пеший.
Самая  выделяющая  казаха  кличка.  Нация 
всадников от мала до велика и вдруг – один пе-
ший.  Лучшего,  запоминающегося  псевдонима 
тогда не было. Он и сейчас бы украсил молодо-
го поэта, у которого ГАИ отняла «жигуленок».
Талантливого  поэта  и  музыканта  не  убила 
революция,  сталинские  репрессии  миновали. 
В  1937  году  он  прислал  людей  в  Алма-Ату  с 
просьбой отдать ему на воспитание годовало-
го Олжаса, отца которого сталинский молох не 
обошел. Моя мама Фатима и ее отец, дед На-
сыржан, не позволили увезти меня в Баян-Аул. 
А то бы под рукой такого учителя стал бы не-
плохим акыном и написал бы о Жаяу Муса как 
о  настоящем  Аткам  –  пере  нашей  поэзии.  Но 
рад, что пишут о нем и другие.

4
5
Благодарю  акына  Галыма  Жайлыбая  за  его 
работу  –  поэму  «Ак  сиса»  («Белый  ситец»), 
которая посвящена народному певцу и компо-
зитору  Жаяу  Муса  Байжанову,  прожившему 
долгую жизнь, полную трудностей и лишений.
В данной книге поэма «Ак сиса» («Белый си-
тец») публикуется на казахском и русском язы-
ках, на русском языке - в переводе московского 
поэта Сергея Мнацаканяна.
Поэма  будет  интересна  читателям,  владею-
щим  как  казахским,  так  и  русским  языками, 
интересующимся культурой и историей родной 
земли,  стремящимся  больше  узнать  о  выдаю-
щихся людях нашего народа, нашего прошлого 
и настоящего.
Желаю успеха книге и автору.
Олжас Сулейменов
31 марта 2013 г.

4
5
Ақ сисА
(поэма)

6
7

6
7
Бисмилла рахмани рахим, 
ал бастадым, 
Жанымның жарқыратып алдыаспанын. 
Бар едi, бауырым-ай, 
алда асқарым, 
Жалы едi арғымақтың жармасқаным. 
тамыздың тамылжытып таңғы аспанын, 
өрейiн өршiл өлең, 
Ар дастанын
Арналы өзен едi жалғасқаным,
Бисмилла рахмани рахим, 
ал бастадым. 
 
Жүйiткiсiн жүйрiк жырым Құлагердей, 
Көнерген көңiлiм бар құба белдей. 
Кешеден бүгiнгiге жеткен өлең 
Қаз мойын қасиеттi құрама ердей. 
Шабыттың шалқып жанар шырағы өлмей, 
Бiлгенге бiздiң ғұмыр бiр әлемдей. 
Несiне жыр қыласың деп ойлама 
тұншыққан тұрғыласым тұма көрмей. 
Сызылтып сыр айтайын мұрагердей, 
Сөзiмнiң арасынан сына бермей. 
Құла дүз құзғын қонар құзға айналса 
Құлагер қайтедi ендi құлап өлмей. 

8
9
Ақынды аяла аспан, 
аяла күн, 
төр етiп төскейiңдi саяладым. 
Көлiнде Жасыбайдың сайран салып 
Ақбеттен асқақтаттым Баян әнiн. 
Жасыл бел, 
жасыл әлем, 
сая бағым, 
айдында аққуымды аяладың. 
Жыр етiп алдыңа әкеп жая аламын, 
Қазақтың қай алқабын, 
қай алабын. 
Баянсыз баяны бар бақи күннiң 
Баянды ғұмыры бар Баянаның. 
Баянтау! 
Баурайың ән, 
бағың дастан, 
көркiңдi жыр етемiз жаңылмастан. 
көздерi көлдерiнiң жәудiресе 
айнымай қалады екен қарындастан. 
көлдерi аумай тұрса қарындастан, 
Баянды бар ма әлемде сағынбас жан. 
Асық боп өтерi анық Ақбеттауға 
ғашық боп осы өлкенiң маңын басқан. 
Күнi алау көңiлiңнiң шаңын басқан
Түнi анау 
бақыт тербеп, 
бағыңды ашқан. 

8
9
Айынан аспандағы арай саулап 
Сайынан Сарыарқаның сағым қашқан. 
Сәлдесiн түн көтерсе, 
сәл ойланып, 
таңдары атады екен арайланып.
төсiне Ақбеттаудың тұмар қадап 
көшiне бабалардың қарайладық. 
тағдыры талайсыз да, 
талайлы анық, 
Күндердiң керуенiмен талай налып. 
өткен көп, 
өмiр сеуiп өркенiне - 
Бiздiң де көшiмiзге қарайла, жұрт! 
Жасыбай! 
Жағаңа кеп аялдадық, 
тағдырдың тамырында қан айналып. 
… „Баянаула басынан бұлт кетпеген“ 
Баянаула басына бақ айналып. 
* * *
Баянаула басында бал қарағай, 
Үмiтiмнiң үзiгi жалғана ма-ай? 
Қайғы-мұңға салды да қайығымды 
айдынында тербедi арман-арай. 
Қызығы жоқ қысының қар борамай,
Ала қашар Алқоңыр 
алға қарай. 

10
11
абыржыған көңiлге көктем сеуiп 
тамылжыған тамызы таңға қарай. 
Баянаула басында құр балалы
Балапанын қорғаштап мұңданады. 
Тұғырыңның құт көшер маңайынан 
ғұмырыңның бiтпесе шырғалаңы. 
сұрғылт тiрлiк телiсе мұң наланы, 
таусылған жұрт қайтедi
күнде амалы, 
„Баянаула басында балалы құр“ 
Баурайында тал қайың ырғалады. 
Ойға батқан сыр тарттым орманынан, 
Әулиетас, 
Найзатас, 
қорғанынан: 
топ терегi толғанып томсырайып 
тобылғысы бастады толғанып ән. 
Iзiн кессем бабамның 
өр, 
бағылан, 
соқпақтары салады жолға бұлаң. 
„Баянаула басында балалы құр“ 
қызғыш құстан аумайды көл қорыған. 
Тар жол, 
тайғақ кешулi қиындықтың,
Бәрiн жеңдiң,
Жазмыштың сыйын күттiң. 
Тұлпарыңнан тұсамыс алынбаса 

10
11
Ұрпағыңнан мызғымас ұйым күттiң. 
Тұрмағасын басыңда 
дүйiм құт күн, 
күдерi жал күндердiң 
күйiн күттiң. 
тоғайтады көңiлiңдi 
тоқсан толғау - 
соны айтады баласы Сүйiндiктiң. 
„Өтедi екен дүние қас-қағымда, 
ойнап-күлген жарасар жас шағыңда“… 
Аяны бар Мәшһүрдiң түсiне енген 
Баяны бар таңбалы тастарында. 
Қырандары шың-құздың бастарында,  
Бұқар баба жырының астарында. 
Сұлтанмахмұт, 
Жүсiпбек, 
Олжас болып - 
Асуынан Ақбеттiң аспадың ба? 
Жиендерi бұл елдiң жұлдыз Шоқан, 
Қаныш, 
Әлкей, 
Шәкенi асқарында. 
Баянаула басынан бұлт сейiлсе 
Жұлдыздары самсайды аспанында. 
Дала расы жаралған 
ақық, 
Ардан, 
Баламасы Баянның 

12
13
Ақын, 
Арман. 
Өрiмiне өлеңнiң өкiнбейiн - 
Қапияда мергендей қапы қалған. 
Тiрлiгiңнiң аты өмiр, 
Заты жалған, 
Керуен соққан күндердiң 
Хаты қалған. 
„Ақ сиса“ ақын Мұса өткен 
Ақбеттауда - 
„Мұстапасы Шорманның атын алған“. 
III
…Ай өттi Жаяу Мұса тас түрмеде, 
Таланып қандалаға, 
аш бүргеге. 
- Оязға арыз айдап несi бар-ей 
Шығарған өз үкiмiн, қашқын неме! 
Тар қапас, 
Темiр тордан терезесi, 
„Пендеге пенде болған“ 
деген осы. 
Есiңнен тандырардай
ер егесi 
Ережесiз ғұмырдың ережесi. 

12
13
...Сонымен тас түрмеде Жаяу Мұса
Көңілі көп тобырға қаяу Мұса. 
«Көлденең көк атты» деп ойламаңдар 
сезімі сергек, 
жаны ояу Мұса. 
Өрт болып өзегінде лаулап арман, 
Тағдыр бұл; 
тасқа барған, 
тауға барған. 
Ғұмыры қосылмайтын соқпақтары
Шорманның ұрпағымен дауға қалған. 
Осында ұры-қары, 
қашқын көші, 
Тобылдың тор терезе, 
тас түрмесі.
тамсанар талантыңа орын емес 
қан сорар қандаласы, 
 
 
 
аш бүргесі. 
Көктеген көктем сайын көп өлеңнен, 
Бүр жарып кетсең сен де көгерер ме ең? 
- Ақынды абақтыға айдатқан кім 
Түрмеге Жаяу Мұса неге келген? 
Сайраған бұлбұлы еді жыршы бақтың, 
Көңілдің көк толқыны тыншып ақтың. 
Байжанның баласының өлеңінен 
Жауабын бірге іздейік бұл сұрақтың;

14
15
«...Сәлем айт, 
көп Қаржастың баласына, 
Қалдым мен Мұстапаның жаласына. 
Әкеңді өлтірген кім мен білмеймін 
Сонда да құнын менен аласың ба? 
...Тобылға он екі жыл мен айдалдым, 
Артымда елім, жұртым бәрің қалдың. 
Адамға еш жазығым жоқ болса да 
Нақақтан  жазаландым, 
көп сандалдым»
Зауалды басқа берме, 
құдай тағы, 
Шырайын шындығыңның жыр айтады, 
Жыр айтса жанымызды мұңайтады, 
- Елім - деп еңіреген елік көңілі 
Өлеңді Жаяу айтпай кім айтады?..
Көкке ұшқан көңілінің қазы міне, 
Алаштың баласының азығы де. 
Құса күн қаяу қонған қабағына 
Мұсаның Жаяу болған жазығы не? 
Тазалап зарлы жүрек, 
Мұң көңілді, 
Ақбеттің ар жағынан күн көрінді. 
Баянтау! 
Барыңды жай алдымызға 

14
15
Жасыбай, 
Жасырмай айт білгеніңді. 
Өткеннің түгендейік қай наласын, 
Жұртым-ай, 
Бір шеңберді айналасың. 
Азапқа азаматты байлағасын 
Ақынды абақтыға айдағасын. 
Еместі елі бөтен, 
Жері бөтен. 
Жезқанат жез маралдай желіп өтем. 
Мұсаға Жаяу атын қосып беріп 
«Жаяудың шаңы шықпас» 
деді ме екен?!.
Зулашы! 
Керуен-күн тоқтамашы, 
Ақынның әлімсақтан жоқ бағасы. 
Шорманы орманына қорған болған 
Қаржастың қаршығадай көп баласы. 
Көңілде қайырлаған қайран күйсің, 
Қайрылсам қайырмаңа пайдам тисін! 
Екі бас бір қазанға сыймағандай 
Бір елге екі Мұса қайдан сыйсын! 
Келе алмай кей жақсымен келісімге, 
Келтелеу ой болған соң 

16
17
Кегі ішінде, 
Әке - Шорман, 
ағасы - Мұса мырза 
Бір тентек жүрген шығар ел ішінде. 
Қорлыққа көнбес еді
Күші аса емес, 
Жаяудың көрген күні 
қысас, 
егес. 
Сол маңның содыр мінез 
Сойылшысы - 
Шорманның Мұстапасы, 
Мұсасы емес. 
Жаяудың көрген күні 
түрме, 
дырау, 
арты қайыр боларын білмедің-ау. 
Ақ самал аңқылдайды ақын мінез 
Ел мынау, 
Сөгілмеген ірге мынау. 
Алдыңда сенің жарық күнің көрер, 
Құлаққа құбыладан үнің келер. 
Тас шайнап тарланбозым 
түрмеде отыр
Түндігі көңілінің түрілген ер. 

16
17
Өлең боп өріс тауып өмірі алдан, 
Көгерткен көңілінің көгін арман. 
Ары боп Ақбеттаудың ақын өткен 
Аттыдан жаяу жүріп кегін алған. 
Санаңды сарғайтатын 
сан алаңы, 
Шабытпен шалқарларым шағалалы. 
бұл дүниә әлімсақтан қазақ үшін 
Атты менен Жаяудың аламаны. 
Жаяу толқын, 
Жаяу күн, 
Жаяу арна, 
Жапырағымды жайқалтып жаям алда. 
Дара туған алыптан айналайын 
Жаратылған жарықтан, Баянаула! 
ІV
...Баян Баян болғалы, 
Көкалалы көп үйрек 
Көліне кеп қонғалы. 
Сан жыршылар жырлады 
Сан ақындар толғады. 
Торсық шеке ұландай 
Толып туған толғағы. 
Шың басында қырандай 
Айналаны шолғаны. 

18
19
Биікке алып шығардай
Соқпағы мен жолдары. 
Құла дүзде құландай 
Құйындатса - сол бағы. 
Қасиетіңді ұға алмай 
Сорламасақ болғаны. 
Ұлтымызға ұрандай 
Ұлы дала қорғаны- 
Сен аман тұр, Баянтау! 
Жапан дала, 
құла дүз, 
тұна қалған жыр-аңыз. 
Бұл өлкенің өткенін 
Мына бізден сұраңыз. 
Баян, 
Баян, 
Баяным, 
Сарыбелде саялым, 
Атырабыңды аялап 
Жапырағымды жаямын. 
«Елім-айлап» ел көрдім, 
сергелдең боп 
сенделдім, 
...Ай артынан ерген Ай
Күн артынан ерген Күн. 
Баянауыл - ән басы, 
Қазақ үшін қашаннан. 
Тағдырымның таңбасы 

18
19
тастарыңда қашалған. 
Сен аман тұр, Баянтау! 
* * *
Биікте көк тәңірі, 
Төменде қара жер жаралғанда, 
Екеуінің арасында адам баласы жаралған..
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазу 
Сау тұрғанда қара жер, 
Көгім, 
Күнім, 
Өріп берем өлеңмен өмір гүлін... 
Баян жайлы аңыз көп осы өңірде 
Баян еткім келіп тұр соның бірін. 
Арай сүйіп аймақты 
Ар тұнғандай, 
Шұғылаға шуағы шарпылғандай. 
Адам Ата - Хауа Ана кезікпей-ақ 
Қасиетті қара жер бар тұрғандай. 
Өткені өлең Баянның, 
сыры - ертегі, 
Онсыз қазақ қалайша күнелтеді. 
Адамзат аз, 
Құрлығы саз заманда - 
Екі қауым ел жайлап бұл өлкені. 

20
21
Жаз кеп қалып соңынан 
Күз кеп қалып, 
- сен - деп қалып бір-бірін 
- сіз - деп қалып. 
Екі қауым ел жайлап бұл өлкені 
Ғұмырының баянын іздепті анық. 
Тірлік шіркін көкпар ма,
аламан ба? 
Адам кейде ұқсайды жаралы аңға.
Шұрайлы да шырайлы жерді көріп 
Екі қауым басыпты: 
- Мен аламға. 
Таласыпты көркіне таңдай қағып, 
Таңдай қағу аяғы 
дауға айналып. 
Алақандай атырап дауға айналса; 
Егіз жатқан екі жұрт жауға айналып. 
...Қасиетіне бас иген қатынасқан, 
Бөлекшелеу жаралған заты бастан. 
Осы өлкеде көріктің көрігіндей 
Әппақ Ана болыпты ақылы асқан. 
Ақиқатын айтайын сөз бергенде ел, 
Таразылап өздерің 
безбендеңдер! 
Әппақ нұрдан жаралған Ақ Ананы 
- Бай АНА - деп атапты көз көргендер. 

20
21
Аян болып бұл талас аумағына, 
Батырына сұрапты сауғаны да, 
Игі-жақсы жиылып Бай Анадан 
Кесім сұрай келіпті дауға мына. 
Бізге жеткен осылай толғақ аңыз, 
Санамызда сарғайтпай толғанамыз. 
Ақ самалға сүйгізіп ақ жаулығын 
Арналы сөз бастапты сонда Анамыз: 
- Ай, ағайын, абайла! 
Мәмілеге дау көнбесе 
айналады дамайға.
Бірлігіңе ендеше 
Бітім керек қалайда. 
Палуандарың белдессін, 
Жамбы ату да - қиын сын. 
Ел сонымен елдессін 
Жер жеңгенге бұйырсын!» 
Айтып өмір өлеңін, 
Жұрт тарапты мамырлап. 
Ақ Ананың дегенін 
Ақ батадай қабылдап. 
Байламды ойдың байыбы нұр естіріп
Көңіліне көгершін ілестіріп. 
Екі қауым жүйрігін жарыстырып
Екі қауым палуанын күрестіріп. 

22
23
Жазирасы жаһанның жалғап қызық, 
Кеш батқызып, 
Содан соң таңды атқызып. 
- Жеңгендерің жерге ие боласың - деп 
Мергендерін сынапты жамбы атқызып. 
Ай сығалап Алаштың түндігінен, 
Екі қауым байланған кіндігімен. 
Күн артынан керуен күн жылжысын 
Асып кете алмапты бір-бірінен. 
Тірелген соң тұйыққа тұйғын ері, 
Бірін-бірі ала алмай шүйлігеді. 
Шетен даудың шетіне шығар емес
Жақсылары екі елдің, 
 
 
 
игілері. 
Қайырламай тірліктің кемесінде, 
Қарсы жүзіп толқынға келесің бе? 
Шешімімен, 
Кесектеу кесімімен 
Қалды мәңгі сол аңыз ел есінде. 
- Ертеңі бар елміз ғой, 
өсер егіз, 
Толып тұрған жазуға пешенеміз. 
- БАЙ-Ананың ауылы болсын мәңгі 
Көгермейді дауменен көсегеміз. 
Кең өлкенің ырысы жатар асып, 
Емес бізге дау-дамай Ата кәсіп. 

22
23
- Бай-Анаға баянды болсын - айтты 
Батар кеште екі жақ баталасып. 
...Төбел күнде төсінен күй ұққасын, 
Бабаларым бауырыңда ұйықтасын! 
Бай-Ананың Баянды ұрпақтары 
Баянтауға өтеді иіп басын.
Іздегенде мұхиттан мұрамызды, 
Құба жонды қиялап, 
Құла дүзді, 
Баянаула, 
БАЙ-АНА, 
Баянауыл 
Тарқатайын осылай  бір аңызды. 
V
...Басыңнан өтті білем тасыр заман, 
Көгінен қара нөсер басылмаған. 
«Ақ сиса» - ән биігі  қазақтағы 
Зұлмат пен зорлығыңа бас ұрмаған. 
Баянтау - жер асылы, 
Жыр тәңірі, 
Шындыққа шырай беріп шырқар ұлы. 
«Ақ сиса» -толқын-толқын керуеннің 
Басынан көкке ұмтылған сұңқар үні. 

24
25
Жалғассам жалғаныңа жалған дер ме, 
«Ақ сиса» - аққу әуен арман көлде. 
«Ақ сиса» - жаяулықтың жармасқаны 
Аттының шаужайына жан дәрменде. 
Жаралған бір білерім
дала нұрдан, 
самалы айналады саналы ұлдан. 
«Ақ сиса» - ақ дүниеге іңкәр болып
Өнердің өр толқыны жағаны ұрған. 
Самсаған сарыбелдің санатында, 
«Ақ сиса» - ән ішінде дара тұлға.
«Ақ сиса» - қарашада қайтқан қаздың 
Арман боп сусылдаған қанатында. 
Аттылар қай кезде де асқан заман, 
Жаяудың жанарынан жас парлаған.
 «Ақ сиса» - Байжанұлы бабамыздың 
Рухы Ақбеттаудай аспандаған: 
«... Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса, 
Жарасар камзол сұлу белін қиса. 
Шорманның Мұстапасы атымды алып
Атандым сол себептен Жаяу Мұса. 
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса 

24
25
Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді 
Көрермін ақыр бір күн күнім туса.
Жаныма батқандықтан ашынамын, 
Мен неге жаяумын деп басыламын?! 
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын 
Қорлығын Мұстапаның паш қыламын...»
Жаяудың көрген күні құса, нала, 
Қанатсыз биікке құс ұша алам ма? 
«Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса» 
Соны ерте сезініпсің, 
Мұса баба. 
Қасиет табылады қай арнадан, 
айдынға қайық салса аяулы арман. 
 Шорманның Мұстапасы атын алса 
Мұсадай «Ақ сиса» - ақын жаяу қалған. 
Ай нұрын аялаған асыл күйдің 
Рухынан от оранып, 
Жасын кидім. 
Аттыны ат үстінен домалатқан 
«Ақ сиса» аруағыңа басымды идім. 

26
27
* * *
1840 жылдардың екінші жартысынан бастап 
Баянаула түгелдей Орыс казачествосының 
запас жеріне айналды. Қыс қыстау, жаз жай-
лауы тарылған Шорман тұқымының Айдаболдың 
Малқозысымен, Жаяу Мұса елімен егесінің 
басталған кезі осы тұс. 
Өткеннің өксігінен жаным жүдер, 
Өлеңім, өзекті өрте
бағымды бер! 
Сен неге жар салмайсың, Жасыбай көл, 
Сен неге толқымайсың Сабынды көл?! 
«Ақ сиса» - арман дүние, 
жыр аңыз де, 
шындықтың шырайына шырақ ізде! 
Бабалар өшкен, өлген, 
Өскен-өнген -
Талатын құс қанаты құла дүзде. 
Бұл өлке ақынынан жыр күткендей, 
Көңілдің көп құстары дүрліккендей. 
...Шорманның қыс қыстауы - «Қызыл ағаш» 
Ішіне мәңгілікке сыр бүккендей. 
Жүгінген құдыретке құран ұстап, 
Бабалар тастап кеткен мұраны ұқсақ... 
Қызарып батқан күнді «Қызыл ағаш» 
Тұр әлі қимастықпен шығарып сап. 

26
27
Ақынның айналғандай мұңдасына, 
Қыраны ұя салған шың басына. 
Сен әлі мөлдірейсің, Шорман бұлақ -
Сыр айтып ақ қайнардың тұнбасына. 
...Тарихтың аршылатын көмбесінде, 
Тұлпардың тұғырында, 
кермесінде. 
Ел ауған, қайың сауған сонау жылдар -
Күй тұнған домбыраның пернесінде. 
Сонау жыл - жарық күннің жамалында, 
Көк аспан, 
Қара жердің жанарында. 
тоғыз түн толғатсаң да таусылмайтын 
қобыздың қасиетті шанағында. 
Жарық күн жандарына жара салған
Кезің жоқ мәрт бабам-ай, 
Аласарған. 
Қалың қол ат ойнатып қазак келіп -
Баянның баурайына қала салған. 
Сайлап ап бес қаруын, 
Жарақталған, 
Қалың қол ауылды алған, 
алапты алған. 
Атойлап ат ойнатқан атаманға -
тосылып қыр қазағы қарап қалған. 

28
29
Уақыт жемтік болса 
Заман - қарға, 
Бағдар жоқ оң мен солды бағамдарға.
Қаржастың қалың елі, 
бағым еді -
 Жайлауы тарылған соң амал бар ма? 
«Арқада бір құтым бар Мұса, 
Шорман, 
Ежелден келе жатқан ескі қырдан». 
Сал Біржан әнге қосып әуелетсе, 
Кең алқап керілетін кешкі нұрдан. 
Айнымай ай санаған ықыластан, 
Күні жоқ ағайынмен шытынасқан. 
Арқаның Мұса, Шорман құты болса -
Қалайша қас-қағымда құты қашқан? 
Көңілің көп құстарын көлбеткенде
Қалады мейірімге шөлдеп пенде. 
...Баянға орыс-қазак жиылып кеп -
Қала сап, қада қақты сол көктемде. 
* * *
Ай, 
Баянымды алғаны, 
Сая күнді алғаны. 
Саялымды алғаны -
Аяғымды шалғаны. 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал