Белгілі. Зерттеу еңбектерінде қыпшақтардың негізінен кейінен бірігіп кеткен екі түрік тайпасы- нан құралғаны айтылады [1, 16; 2, 1]



жүктеу 24.54 Kb.
Дата13.11.2022
өлшемі24.54 Kb.
#23798
Мамлүктер ескерткіштері

Түркі тілдерінің, әсіресе қыпшақ тобына кіретін қазіргі қазақ тілінің тарихын оқып-біліп, зерт- теуде, олардың тарихи-салыстырмалы грамматикасы мен тарихи лексикологиясын жазуда және әр тілдің өзіне ғана тән қыр-сырын ашуда орта ғасыр қыпшақ, соның ішінде саны мен сапасы жағынан да өзгелерінен анағұрлым көп, әрі биік тұратын мәмлүк қыпшақ жазба ескерткіштерінің алар орны ерекше. Бұл кезең жазба мұраларының бір қатары қазақ ғалымдары тарапынан зерттеліп, материалдары ғылыми айналымға түсіп те үлгерді. Дегенмен халқымыздың тарихы мен мәдени өміріне қатысты бұл жазба ескерткіштердің бір бөлігі тек ғылыми әдебиеттерде аты аталуымен ғана шектеліп келсе, үлкен бір шоғыры тіптен белгісіз күйде қалуда. Осы мақаламызда әлі күнге дейін қазақ ғылымына беймәлім болып келе жатқан, қазірде шетелдердің түрлі кітапханаларында сақтаулы тұрған баға жетпес құнды жәдігерліктеріміздің бір тобы жайында зерттеуші қауымға ха- бар беруді жөн көріп отырмыз. Ең алдымен қыпшақтар жөнінде, соның ішінде мәмлүк қыпшақтары жайында да бірер ауыз сөз айта кетейік.
Алғаш 1909 жылы Моңғолия саяхаты барысында Рамстедттің Селенга өзенінің оңтүстігіндегі Могон Шине Усу (Мойун-чур) ойпатынан тапқан Ұйғыр қағанатының негізін салушысы Елетмиш қағанның (747-757) моласының басына қойылған эпитафиялық ескерткіште «Түрк қыбчақ елиг йыл олурмыш» деген сөйлемде ұшырасатын «қыбчақ» этнонимі араб-парсы жазбаларында «қыфчақ», орыс жылнамаларында «половец», латын және Еуропа тілдерінде «куман» сияқты түрлі атаулар- мен кездессе, немістер «фалбен», Мажарлар «кун», Армяндар «хартес» деген атаулармен атағаны

белгілі. Зерттеу еңбектерінде қыпшақтардың негізінен кейінен бірігіп кеткен екі түрік тайпасы- нан құралғаны айтылады [1, 16; 2, 1]. Араб зерттеушілерінің еңбектерінде болса қыпшақтар IX ғасырдан бастап белгілі бола бастаған. Себебі 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстігі мен Ертіс өзені өңірін жайлаған қыпшақтар Қимақтар қағанатының құрамында болады [3, 26]. Қыпшақтар IX ғасырлардан бастап тарих сахынасынан көріне бастаған. XI ғасырдың басында Қимақтар қағанаты ыдырағаннан кейін қыпшақ, қуман және қимақ тайпала- ры мекен еткен террияларда саяси билік қыпшақ хандарының қолына өтеді. С.М. Ақынжанов та XI-XII түркі тайпаларының басына хан билігі бар қыпшақтар конфедерациясы қалыптасқандығын айтады [4, 205]. Сырдың төменгі ағысы мен Арал мен Каспий өңірлерінен оғыздарды ығыстырып, сол кезге дейін «Мафадатул-гуззия» (оғыздар даласы) аталып келген ұланғайыр территорияның


«Дешт-и Қыпшақ» деп аталуына себеп болады. XI ғасырдың орталарына қарай Еділ бойымен батысқа қарай қоныс аударған қыпшақтар көп ұзамайықпалды күшке айналып, Карпат тауларына дейінгі аралықта билігін жүргізе бастайды.
XI-XII ғасырларда шығысында Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі аса үлкен территорияны мекендеген қыпшақ тайпалары көршілес мемлекеттер мен тайпалық одақтарға ықпал жасап, көптеген мемлекеттердің құрылуына негіз болады. Көптеген тайпалар мен этностық топтар күшейіп келе жатқан қыпшақ тайпаларының атымен атала бастайды. Дегенмен енді ғана біртұтас болып қалыптасып келе жатқан Қыпшақтардың Орта Азиядағы саяси үстемдігі Монғол шапқыншылығына дейін жалғасады. Алғаш рет 1223 жылы Калька өзенінің жағасында монғолдардан жеңілген қыпшақтар, 1238-39 жылдары монғол жасақтарына төтеп бере алмай екінші рет жеңіліске ұшырайды. Алайда Шыңғыс хан әскерлері ретінде келіп, Дешт-и қыпшаққа орналасқан түркі-монғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақгары жергілікті қыпшақтармен арала¬сып, сіңісіп біртұтас халыққа айналады [5, 41]. Моңғолдар қыпшақтардың саяси үстемдігін жойып, енді ғана қалыптасып келе жатқан қыпшақ мемлекетін ыдыратып жібергенімен, қыпшақ тілінің үстемдігін жоя алмады. Қыпшақ тілінің қолдану аясы бұрынғыдан да қарқынды түрде ұлғайып, Мысыр, Сирия және Үнді елдеріне дейін тарайды. Қыпшақ тілі Еуразияның апайтөс даласы мен Қап тауының арғы-бергі жағында халықаралық тіл деңгейінде қолданылған. Қыпшақ даласын мекендеген қыпшақ тілдес түркі халықтарының ара- сына моңғолдардың өздері де сіңісіп кеткендігі турасында сол дәуірде көзі көрген Марко Поло, Гильом Рубрук, Ибн Халдун секілді саяхатшылар өз еңбектерінде жазып қалдырған [6, 305].
Моңғол шапқыншылығына ұшырап, шартарапқа босып кеткен қыпшақтардың бір бөлігі XIII
ғасырдың басында Египет пен Сирия жеріне жалдамалы әскер ретінде келе бастайды. Бұл жалдама- лы әскерлердің арасында қыпшақтармен қатар Хорезм аймағынан қаңлы және қарлұқ тайпаларының да өкілдері болған. Сондай-ақ ол кездерде Анатолияның көптеген қалаларында «Гулам-хана» деп аталатын құлдар мектебі жұмыс істеген. Бұл жерлерде қыпшақ балалары тәрбиеленіп, Мысыр мен Сирияға жіберіліп отырған [2, 28]. Бастапқыда әскери қызметтерде болған бұл құлдар, уақыт өте келе маңызды әскери және әкімшілік орындарға отырып, ықпалды күшке айналады. Ақыры 1171 жылы Салих-ад-Дин негізін салған Мысыр, Шам және Месопатамия мен Оңтүстік Аравияда билік жүргізген Әйиубиттер мемлеклекетін Бахрия мәмлүктерінен шыққан Айбек 1250 жылы Мәмлүктер мемлекеті етіп қайта құрады. Араб дереккөздерінде қыпшақ түркілерінің құрған бұл мемлекет «әд- Дәуләтүт-Түркия» деп аталады.
Мәмлүктер этникалық құрамы жағынан әр түрлі елдің өкілдері болғанымен оларды қыпшақ сұлтандары билеп отырған. Мәмлүктер гвардиясында қыпшақтардан басқа өз еркімен жалданып жұмыс істейтін түркімендер, грузиндер, славияндар, түрлі еуропа халықтарының өкілдері де болған. Алайда олардың барлығы бір орталыққа бағынып таза қыпшақ тілінде сөйлейтін болған [7, 9]. Мысырға құл болып келген қыпшақтардан осындай дарынды, әрі ықпалды қолбасшылармен қатар көптеген ғылым және өнер адамдарының, тарихшылардың шығуы мәмлүк жерінде тек түркілердің ғана емес, қыпшақ мәдениетінің, әдебиетінің, тілінің қарыштап дамуына жол ашады. Жоғарыда да көрсеткеніміздей мәмлүк ретінде әскери қыстақтарда бір жерде шоғырланып өмір сүруі олардың өз ана тілдерін ұмытпауына ыңғайлы жағдай туғызады. Олар билік басына келген кезде өзге жергілікті халықтар да қыпшақ тілін үйренулеріне тура келеді. Себебі мәмлүк сұлтандарының көпшілігі араб тілінде оқып жаза алмайтын болған. Тек түркі яғни қыпшақ тілінде сөйлеген [8, 34-35]. Тіптен Сұлтан Беркүк заманында бүкіл мемлекеттік іс-қағаздар қыпшақ тілінде жүргізіліп, құқықтық мәселелер осы тілде шешілетін болған [9]. Сондықтан да билік басындағы қыпшақ сұлтандарға ар- налып қыпшақша арабша, арабша-қыпшақша сөздіктер түзіліп, қыпшақ тілі оқулықтары мен трак- таттар жазылған. Шығыстың атақты ақындары Фирдаусидің «Шахнамасы», Сағдидің «Гүлістаны»

секілді әдеби шығармлармен бірге көптеген ғылыми және діни трактаттар арнайы қыпшақ тіліне аударылды.


Мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған еңбектердің өкінішке орай өте аз бір бөлігі ғана осы күнге дейін келіп жеткен. Дегенмен осы күнге келіп жеткен қыпшақ жазба ескерткіштерінің үлкен бөлігін мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған шығармалар құрайды. Олардың бір қатары ғылыми айналымға еніп, тілдік ерекшеліктері жан-жақты зерттелсе, енді бірілерінің тек аты аталумен ғана шектелуде. Ал енді бір тобы зерттелмек түгілі аты да белгісіз күйде қалуда. Бүгінгі мақаламызда мәмлүктер дәуірінен осы күнге келіп жеткен, алайда құлпы ашылмай сырлы болып келе жатқан құнды жәдігерліктеріміздің арасынан қыпшақ тілі жайында жазлған грамматикалық оқулықтар мен лексикогафиялық сөздіктерді арнайы бөліп алып, зерттеуші қауымды құлағдар етуді жөн көріп отырмыз.
Жоғарыда да айтып өткеніміздей қыпшақ сұлтандары билік басына келіп, олар тек қыпшақ тілінде сөйлейтін болғандықтан түркі, яғни қыпшақ тілінің беделі артып, мемлекеттік тіл, тіпті профессор Құрышжановтың тілімен айтқанда халықаралық тіл қызметін атқарған тұста, жергілікті арабтар мен өзге де ауып келген халықтар қыпшақ тілін үйренулеріне тура келеді. Сондықтанда мәмлүк жерінде сол дәуірлерде қыпшақша-арабша, арапша-қыпшақша, қыпшақша-парсыша- моңғолша сөздіктер түзіліп, қыпшақ тілін үйрететін түрлі грамматикалық оқулықтар мен трактат- тар дүниеге келді. Осы күнге келіп жеткен сөздіктер мен грамматикалық оқулықтар мыналар:
1) Булғат ал-Муштақ фи Луғати-т-Түрк уа-л-Қыфчақ
2) Әл-Қауанин әл-Куллия ди-забти әл-луғати-т-туркия
3) Китаб әл-идрак ли-лисани-л-әтрак
4) Китаб ат-тухфа аз-зәкияфи-луғату-т-туркия
5) Китаб-и Межму-и тержүман-и Турки уә Араби уа Моғоли уә Фариси
6) Китаб әл-бейлик
7) Қауаид-и лисан-и Турки
8) Әнуар әл-мудия
9) Әш-Шудур-и әдхәлийя уә-л-қита әл-ахмадийя фи-л-луғати-т-түркия
10) Әд-Дүррату-л-мудия фи-луғати-т-турия
11) Китаб хилийати-л-инсан уа Хулбату-л-лисан
Бұлардың бірқатары (алдыңғы бесеуі) ескі Кеңестік және отандық ғалымдар тарапынан зерттеліп, материалдары ғылыми айналымға түскен болатын. Енді осы күнге дейін қазақ ғылымына беймәлім болып келе жатқан бірнешеуіне қысқаша тоқтала кетейік:
Әд-Дүррату-л-мудия фи-луғати-т-турия. Мәмлүктер кезеңінен келіп жеткен санаулы сөздіктердің бірі. «Түрік тілінің жарқыраған інжуі» деп тәржімаланатын аталмыш сөздіктің авторы, жазылған жері мен уақыты белгісіз. Зайончковский XIV ғасырдың аяғы не XV ғасырдың бас жағында жазылған болу керек деген болжам жасайды. Ескерткіштің түпнұсқасы Флоренцияның «Medicea Bibliotheca Laurenziana» кітапханасының Оrient – 130 нөмерімен сақтаулы. Қолжазбаның көшірмесі Хусрау ибн Абдуллаһтың қолымен жасалғандығын 47 бетке түсірілген арабша мәтіннен оқып білуге болады [2, 5]. Қолжазбаның жалпы көлемі 24 парақ (48 бет). Үстіңгі қатарға арабша сөздер мен тіркестер қара сиямен, астына түрікше баламалары қызыл сиямен жазылған. Басынан аяғына дейін түгел харака қойылған. Қолжазба 24 бөлімнен тұрады. Аллаһ, көк, жердегілер, хош иісті өсімдіктер, жеміс-жидектер, ағаштар т.б. сөздердің лексика-тақырыптық топтарының әрбірі жеке- жеке бөлімді құрайды. Тек 24-ші «Сөз тіркестері» аталатын бөлім тілашар ретінде әзірленгендігімен ерекшеленеді. 220 қысқа сөйлем беріліп олардың мағыналарын түсіндіріп отырған [10, 59]. Ескерткіш түркологияда 1963 жылға дейін жоғалған қолжазбалар қатарында аты аталып келген бо- латын. Ескерткішті тауып, тұңғыш рет баспаға әзірлеп ғылым әлеміне алып келген атақты поляк түркітанушысы А. Зайончковский болды. Ол «Rocznik Orientalistyczny» журналының 1965-1969 жылдар арасындағы түрлі сандарына ескерткіштің көшірмесін, сөздігін және тілдік ерекшеліктеріне қатысты мақалалар жариялап отырған. Түрік зерттеушісі Р. Топаралы да 2003 жылы еңбек тілінің морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері мен транскрипциясы және сөздігі мен грамматикалық анықтағышын, көшірмесімен қоса жариялаған [11].
Әш-Шудур-и әдхәлийя уә-л-қита әл-ахмадийя фи-л-луғати-т-түркия. XVII ғасырдың басын- да Мысыр елінде Молла ибн Мухаммед Салихтың қаламынан туған. Көрнекті түркітанушы Ә. Құрышжанов еңбектің атауын «Түрік тілі туралы алтын тізбе» деп тәржімалап, Мысыр жерінде 13 ғасыда «Китаб-и Межму-и тержүман-и Турки уә Араби уа Моғоли уә Фарисимен» (1254 ж) басталған қыпшақ тіліндегі лексикографиялық сөздік жасау дәстүрінің соңғы үлгісі, сондай-ақ жалпы қыпшақ ескерткіштерінің соңғысы осы «Әш-Шудур-и әдхәлийя уә-л-қита әл-ахмадийя фи-л-луғати-т-түркия» екендігін айтады [12, 78]. Стамбул қаласында сақтаулы тұрған еңбектің түпнұсқасын Бесим Аталай 1949 жылы түрік тіліне аударып бастырған. Еңбек «етістіктер, есімдер, морфология, қыпшақ және араб тілдеріне ортақ сөздер және осман түріктерінің тілінен алынған сөйлемдер мен сөз тіркестері» деген бес бөлімнен тұрады.
Бұл аты аталған шығармалардың көпшілігі зерттеліп, ғылыми айналымға түсе қоймаса да, азды- көпті жұмыс жасалған, сақталған жері белгілі еңбектер. Бүгінгі күнге жете қоймаған немесе ғылым дүниесіне әлі күнге беймәлім күйде келе жатқан, алайда сенімді дереккөздерде аты аталып, ондай еңбектердің болғандығы жөнінде мәліметтер жеткен бір қатар грамматикалық, лексикографиялық жадыхаттар да бар:
1) Халйу-л-мүлк
2) Китаб әл-Әфжал
3) Надиру-д-Дәһр ғала мәлики-л-ғаср
4) Тухфат әл-мүлк
5) Әл-үмдәтү-л-қауийя фи лүгати-т-түркия
6) Заһиру-л-мүлк фи Наһуи-т-түрк
Бұл ескерткіштер жоғалған немесе әлі күнге сақталған жері табылмаған қолжазбалар санатына жатады.
Біздің заманымызға келіп жеткен қыпшақ тілі жайындағы мәмлүк ескерткіштерін зерделей келе мынадай түйін жасауға болатын сияқты. Әуелі, грамматикалық және лексикографиялық ескерткіштер ескі Кеңестік және отандық ғалымдар тарапынан бір сыпыра түрлі аспектілерде зерттелгенін білеміз. Алайда, көріп отырғандарыңыздай, әлі де сырлы сандық секілді аты да атал- май жүргендері қаншама. М. Қашқариден бастау алған түркі тілдерін салыстыра зерттеу, түркі тілдерінің сөздігін түзу, өзге ұлт өкілдеріне түркі тілін үйрету дәстүрі сол дәуірден соң мәмлүк жерінде жалғасын тапқанын көреміз. Бұлардың жазылу дәуірінің бір-біріне жақындығын, яғни Мәмлүктер мемлекетінің алғашқы кезеңдерін қамтитынын, М. Қашқаридың өзінің атақты Диуанын Мысырда аяқтағандығын және Диван Лұғат ит-Түрктің қазірге жеткен көшірмелерінің бірі Сұлтан Бейбарыс заманында, 1266 жылы Сирияда Мұхаммед ибн Әбу Бәкірдің қолымен жасалғандығын ескерсек, бұл ойымызды дәйектей түсетін сияқты. Сондай-ақ Ж. Баласағұнның Қутатғу Білік еңбегінің бір нұсқасы Мысырдағы түркі билеушісі Айдемірдің кітапханасынан табылуы Мысыр мен Орта Азия түркілерінің сол дәуірлерде тығыз мәдени қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді. Жалпы түркі тілінің бір ғана тарихи дәуірінен, яғни мәмлүк қыпшақтары кезеңінен осыншама лингвистикалық еңбектің келіп жетуі (осы күнге жетпегені, жетсе де белгісіз жатқаны қаншама) ол дәуірде Мысыр жерінде өте күшті түркологиялық мектептің қалыптасқандығын және бұл мектептің негізін салушы М. Қашқари екендігін айтуға болады. Дегенмен бұл әлі ол еңбектерді тауып, тілдік ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасап, бір-бірімен салыстыра отырып зерттеуді қажет етеді. Бұл алдағы күндердің атқарылар ауқымды істері болары сөзсіз.
Зерттеудің нысаны ретінде алынған ХIV ғасырда Мәмлүк қыпшақтарының тілі
туралы жазылған, Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап жазба
ескерткіші [15, 171] немесе Түркілер тілінің інжу-маржандары кітабы [18,
4]. Авторы-Асиф ад-Дин Абу Хаийан Мухаммед ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнати
(Андалузский) (1256-1344 ж.).Араб халифатының Испаниядағы мәдени әкімшілік
орталығы Гренада қаласынданда туған (шыққан тегі жағынан-африкалық бербер
жұртынан). Каир қаласынданда филология мен Құраннан бірнеше жыл сабақ
берген. Заманамыздың дүниежүзілік имамы деген атақ алған. Қыпшақ тілінің
Мысыр елінде қаншалықты үлкен маңызы бар екендігін түсініп, осы тіл туралы
бірнеше кітап жазған (Түркі тілі грамматикасының гүлін жинаған кітап,
Түркі тіліндегі етістіктер, Түркі тілі грамматикасының жарқын інжу-
маржаны, Түркі тілі туралы түсіндірме кітап). Біздің заманымызға дейін
жеткен еңбегі осылардың соңғысы ғана (ол 1312 ж. желтоқсанның 18-де Каир
қаласынданда жазылып біткен).
Түрік зерттеушісі Джафароғлы былай дейді (1931 ж.); Абу Хайианның бір
еңбегінің өзі-ақ – түркітанудың даму тарихындағы келелі кезең, өз алдына
жеке жасалған дәуір, дара дүние. Автор өз жұмысын қалай жазғандығы туралы
былай дейді: Сөздерді мен біріндеп тілді жақсы білетін әр адамның аузынан
жазып алдым. Оларды өзімше бір тәртіпке келтірдім. Грамматика туралы
жазылған қағидаларды басқа бір еңбектен емес, өз ойым, өз түсініктерімнен
ғана шығарып жаздым. Онда мен абзал мақсат пен ізгі ниет қана көздедім.
Сөздерді жинау үстінде мен жұпар иісі аңқып тұрған сәнді бақшаның әр алуан
ағаштарынан шырынды жеміс теріп жүргендей болып қатты рахаттандым, жаным
жай тауып, үлкен пайда көрдім. Көп сөздің қотарылған алып теңізінен інжу-
маржан тастарын талмай іздеп, тауыса тердім де, белгілі бір тілдің өзіндік
табиғатын білуде бірінші орынға ие болдым. Сондықтан мен кітабімді Китаб
әл-Идрак ли-лисан әл-Атрак деп атадым. Бұл кітаптың түп нұсқасы
(факсимелесі) жоқ, екі түрлі көшірмесі бар. Оның біреуін 1335 ж. аты
белгісіз бір кісі жасаған [3, 26].
Хижра жыл есебі бойынша 712 жылдың, 20 рамаданында, бейсенбі күні жазып
бітірген түпнұсқа шығармасынан 23 жыл кейін, яғни 735 жылдың 15 ақпанында
жасалған көшірмесі [18, 8]. Көлемі 132 бет. Шамасы, көшірменің оқушылары
көп болған болу керек, оның бетіне, шет-шетіне, жол-жолдың арасына қосымша
жазылған сөздермен сөйлемдер,әріптер мен харакаттар толып жатыр (олардың
жалпы саны 1000 шамалы, бұларды В.Избудак өз алдына бастырып шығарады,
1936ж.). Екінші көшірмесін 1402 ж. Ахмет ибн әл-Шафиғ жасаған. Көлемі - 194
бет. Екі көшерменің арасында азды- көпті айырмашылық бар. Екеуі де Туркияда
сақтаулы.Қолжазба ең алғаш 1891 ж. жарияланды (Ыстамбул, Мустафа бей).
Екінші рет осы қалада 1931 ж. басылды (Ахмет Джафароғлы). Ол екі бөлімнен
тұрады: 1) сөздік бөлімі (қыпшақша-арабша, есімдер мен етістіктер, 7-100
б., бас аяғы 3500-де сөз бар; 2) Грамматика бөлімі, сөзжасам дыбыстары мен
сөйлеудің граммат. құрылымдары (78 бөліктен құралған, 101-155 б.) [18, 8-
9].
Бұл жазба ескерткіш түркі халықтарының ортағасырлық құнды мұрасы ретінде
үнемі назарда тұтылып келеді. Соған орай, жазба ерскерткіші тілі
материлдарын А.Жафероғлы, Ә.Құрышжанұлы, З.Б.Мухамедова, А.И.Чайковская,
С.Р.Боранбаев, Б.М.Сүйерқұл және т.б. Зерттеушілер ғылыми айналымға тартты,
осы жазба ескерткіштін түрлі тілдік ерекшеліктері туралы әртүрлі
тақырыптарымен байланысты мақалалар жариялады. Сонымен қатар, Қазақстанда
1969 жылы М. А. Маженова Абу-Хайиан – исследователь кипчакского языка,
Өзбекстанда 1969 жылы Н.А.Расулова Исследования языка Китаб аль-Идрак ли-
лисан аль-Атрак деген тақырыпта кандидаттық, ал Түркияда 2001 жылы А.Мелек
осы негізде докторлық диссертацияларын қорғады. Осы соңғы зерттеушінің
хабарламаларына қарағанда Египеттің Каир қаласындағы бас кітапханасында
(Дарул – фунунда) әл-Идрак...-тың III қолжазба нұсқасы табылған
көрінеді. Бірақ әзірше қолға түспеген.
Дегенмен, бүгінгі уақытқа дейін аталмыш жазба ескерткіштің мәтіні,
мазмұны, сондай-ақ тілдік материалдары қазақ тілінде сөйлеп, қазақ
оқырманының, ізденушісінің қолына толығымен жете қоймағандығы байқалып
отыр.


ХІІІ-ХV ғасырларда Мысыр мен Шам жерінде мәмлүк-қыпшақ тілі жайлы жазылған грамматикалық еңбектер, қыпшақша-арабша сөздіктер, атбегілік пен соғыс өнеріне қатысты жәдігерлер мен діни, әдеби, мәдени ескерткіштер жарық көрді. Түркі-қыпшақ тілінде жазылған бұл жәдігерлерді зерттеу арқылы қазіргі түркі халықтарының, әсіресе қыпшақ тобына жататын халықтардың әдеби-мәдени, тілдік тарихын зерттеуде баға жетпес деректерге қолжеткізуге болады. Тілдік еңбектерде иллюстрациялық материал ретінде қолданылған қыпшақ тіліндегі сөздердің қолданысынан сол кездегі Мысыр қоғамы ғана емес, онымен тығыз байланыста болған Алтын Орда халықтарының да күнделікті тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, мәдени-тілдік жағдайы туралы ақпарат алуға болады. Берілген мақалада мәмлүктер билігі кезінде қыпшақ тілі туралы классикалық араб тілінде жазылған ортағасырлық қолжазбалар мен қыпшақша-арабша сөздіктерге салыстырмалы талдау жасалады. Сонымен қатар «Тәржүман», «Әл-Идрак», «Әт-Тухфа», «Әл-Қауанин» және «Әд-Дурра» ескерткіштерінің қыпшақша-арабша сөздік бөлімдерінің жазылу, сөздердің түзілу ретіне қысқаша сипаттама беріліп, сөздіктердің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады. Түйін сөздер: мәмлүктер, мәмлүк-қыпшақ тілі, араб тілі, ортағасырлық қолжазба, қыпшақша-арабша сөздік, «Тәржүман» ескерткіші.
жүктеу 24.54 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет