Бекітілді Әдістемелік кеңесінің шешімінің



жүктеу 28.62 Kb.

Дата13.03.2017
өлшемі28.62 Kb.

 

Бекітілді 

Әдістемелік кеңесінің шешімінің 

№5   24.06.2010 ж. хаттамасымен.  

Колледж әдістемелік кеңесінің 

төрағасы 

_____________ 

С.Х.Мухамбеталиев 

 

 



       Колледжде білім беру процесіне қатысушылардың оқу сабақтарына қатысуды 

және талдауды реттеу бойынша ЕРЕЖЕ  

 

 

Сабақ  - оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың басты нысаны, мұнда оқушылар білім 

жүйесін игереді, өзінің әдет-дағдыларын, танымдық дербестігі мен белсенділігін дамытады. 

Педагогикалық қызмет сабақтың басты  



1. Жалпы ережелер 

1.1.  Осы  ереже  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  оқу  сабақтарына  қатысу  тәртібін 

реттейді және келесілерді қамтамасыз етеді: 

- оқушылардың ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бап,  3 тармағына және колледж Жарғысына 

сәйкес, мемлекеттік стандарттан төмен емес білім алуға құқығы;  

-  ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  49  бап,  3  тармағына  сәйкес,  оқушылардың  үлгерім 

бағасымен,  білім  беру  процесінің  барысы  және  мазмұнымен  ата-аналардың  (заңды 

өкілдерінің) танысу құқығы; 

- оқытушылардың еркін шығармашылыққа құқығы (ҚР «Білім туралы» Заңының 51 бабы); 

-  мекеме  басшыларының  заңнаманың  сақталуын  бақылауды  жүзеге  асыру  құқығы  (ҚР 

«Білім туралы» Заңының 59 бабы). 

1.2.  Оқу  сабақтары  (Колледж  жарғысы,  оқу  жоспарлары,  кестелермен  анықталған) 

келесідей: 

- сабақтар; 

- зертханалық және практикалық сабақтар

- жеке және топтық сабақтар; 

- үйірмелер; 

- спорт секциялары. 

1.3. Білім беру процесіне қатысушылар: 

- педагогикалық ұжым; 

- оқушылар; 

- ата-аналар. 

 

                              2. Колледж әкімшілігінің оқу сабақтарына қатысуы. 



2.1.  Колледж  әкімшілігі  колледждің  жұмыс  жоспарына  сәйкес,  келесі  мақсаттармен  оқу 

сабақтарына қатысады: 

- білім беру саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылау; 

- колледжішілік бақылау және жетекшілік. 

2.2. Сабақтарға қатысудың басты мақсаттары келесідей: 

- кәсіби тапсырмаларды орындауға көмек беру

-  пәндер  бойынша  оқушылардың  МЖМБС-н  игеруі  мәселесімен  оқытушылар  қызметін 

бақылау; 

- педагог, кураторлардың қызметін тексеру; 

- тәрбиелеу және оқыту саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылау; 

- колледж жұмысы нәтижелігінің тиімділігін көтеру. 

2.3. Сабақтарға қатысу тәртібі: 

а)  әкімшілік  оқытушыға  сабақ  басталмастан  10-15  минут  бұрын  сабағына  қатысатынын 

ескертеді; 

б) әкімшіліктің: 

- сабақ жоспары және КТЖ-мен танысуға

- оқушылардың дәптерлерін жинап, қарауға; 


-  қажет  жағдайда  оқытушының  қатысуымен  сабақ  біткеннен  кейін  оқушымен  оны 

қызықтыратын мәселе бойынша әңгімелесуге құқығы бар; 

в) сабаққа қатысу кезінде әкімшіліктің: 

- өткізу барысына араласуға; 

- сабақ кезінде шығуға (оқыс жағдайдан басқа); 

- қоңырау соққанға дейін кетіп қалуға құқығы жоқ. 

г) сабаққа қатысқаннан кейін әкімшілік оқытушымен келесі бағыттарда әңгімелесу қажет: 

- оқытушының өзінің сабағын өзі талдауы; 

- сабаққа қатысқан жетекшінің сабақты талдауы; 

- қатысқан сабақтың қорытындысы бойынша оқытушы мен әкімшілік шешімдерінің келісуі. 

 

3. Оқушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) сабаққа қатысуы. 



ҚР «Білім туралы» Заңының ---бабы негізінде ата-аналар (заңды өкілдер) колледждегі кез-

келген сабаққа қатыса алады және келесілерге құқылы: 

- сабақ барысымен, оның мазмұнымен, оқытушының талаптарымен танысу; 

баласының жұмыс қабілетін, сабақтағы белсенділігін бағалау

- оның өз ойын сауатты да дұрыс жеткізе білу дағдысын қарау; 

- баланың ұйымдағы орнын түсіну; 

- оның білім көлемін басқа оқушылардың білім көлемімен салыстыру; 

- оқушыға қойылған бағаның дұрыстығына  көз жеткізу. 

 

Оқу сабақтарына қатысу туралы ата-анадан (заңды өкілінен) өтініш түскен жағдайда 



оқу орны басшысы келесі шараларды өткізеді: 

- ата-анадан (заңды өкілінен) сабаққа қатысу туралы жазбаша түрде өтініш қабылдау; 

-  пән  оқытушысының  қатысуымен  қызығушылық  танытқан  пәні  бойынша  сабаққа  қатысу 

күні мен уақытын келісу (бір емес бірнеше сабаққа қатысатын болса, кесте құрылады); 

-  ата-анамен  (заңды  өкілімен)  келісе  отырып,  сабаққа  бірге  қатысатын  тұлға  тағайындау 

(ОЖ жөніндегі директордың орынбасары, ПЦК төрағалары, жоғары санаты бар тәжірибелі 

пән  оқытушысы  немесе  ТЖ  жөніндегі  директордың  орынбасары  (сабаққа  қатысу  «қиын» 

оқушыларды тәрбиелеу мәселесімен байланысты болса)). 

 

Ата-аналар (заңды өкілдер) сабаққа қатысу кезінде міндетті: 



- тәртіпті бұзбауға; 

- сабақ аяқталғанға дейін кабинеттен шықпауға. 

 

Ата-аналар (заңды өкілдер) құқылы: 



- өз ойын айтуға; 

- оларды қызықтыратын мәселе бойынша кеңес алуға; 

- мәселені одан әрі шешу үшін директорға жүгінуге; 

- сабақты талдау мәселесіне қатысуға. 

 

4. Оқытушылардың сабақтарға қатысуы. 



 

«Колледжішілік бақылау туралы ереже» негізінде колледждің барлық оқытушылары 

бірнеше топтарға бөлінеді: 

- жеке бақылауда жүрген оқытушылар

- әкімшілік бақылауда жүрген оқытушылар; 

- өзіндік бақылауда жүрген оқытушылар; 

- өзара бақылауға қатысушы оқытушылар; 

- ашық сабақ беретін оқытушылар. 

 

Өзара бақылауға қатысушы оқытушылар ПЦК отырысында құрылған кесте бойынша 



оқу  сабақтарына  қатысады.  Жеке  бақылауда  жүрген  оқытушылардың  оқу  сабақтарына 

әдістемелік,  кәсіби  көмек  көрсету  үшін  әкімшілікпен  біріге  отырып,  құрылған  кесте 

бойынша қатысады.  

 

Оқытушылардың сабақтарына қатысудағы негізгі мақсаттар: 



- педагогтардың кәсіби шеберлігін, әдістемелік жұмыстарының днңгейін дамыту; 

- оқушылардың білім алу деңгейін көтеру; 

- пән бойынша оқу бағдарламаларын орындау; 

- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талқылау. 

Оқу  сабақтарына  қатысқаннан  кейін  әңгімелесу  өткізіледі,  мұнда  сабаққа  қатысу 

нәтижелері талқыланады. 



4. Сабаққа қатысу кезінде құжаттарды ресімдеу: 

Жалпы  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  оқу  сабақтарына  қатысу  кезінде 

келесідей құжаттар ресімделеді: 

-  сабаққа  әкімшілік  қатысқан  кезде  сабақ  талдауы  сабаққа  қатысу  бланкісінде  немесе 

дәптерінде жазылады; 

-  колледж  оқытушылары  сабаққа  қатысқан  кезде  сабақ  талдауы  сабақ  талдауы  сол 

оқытушының сабаққа қатысу бланкісінде жазылады; 

-    ашық  сабақтарға  қатысу  кезінде  пән  оқытушысы  ПЦК-сының  хаттамасында 

жазылады. 

Сабаққа қатысу нәтижесінің колледж үшін қаншалықты маңызды болуына байланысты 

анықтама жазылады және келесідей жағдайларда талқыланады: 

- пән оқытушысы ПЦК-сының отырысында

- әдістемелік кеңес отырысында; 

- директордың қатысуымен өтетін кеңесте; 

- әдістемелік кеңесте; 

- бөлім Кеңесінде.   



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал