Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус



жүктеу 374 Kb.
бет14/15
Дата09.11.2022
өлшемі374 Kb.
#23574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
силлабус общ. физ.культ
тесты МЭТМ, Курстық жұмысқа арналған үлгісі, Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау
«Тау менiкi» ойыны
Орны: Алаңша, зал.
Құрал-жабдық: қажет емес.
Дайындық. Ойыншылар екі бірдей топқа бөлінеді. Алаңшаның немесе залдың ортасында диаметрі 5-7 метрдей шеңбер сызылады. Жеребе бойынша бір топ «жаулаушылар», екіншісі – «қорғанушылар» болып екіге бөлінеді. Шеңбер – қамал.
Ойын сипаттамасы. Жүргізушінің белгісі бойынша «жаулаушылар» тобы күштеп вшеңбердің ішіне кірмекші болады, ал «қорғанушылар» тобы оларды кіргізбеуге тырысады.
Шарттар:
1. Тек қана келесі күштілік тәсіл қолдануға болады: «қарсыласты» көтеріп, шеңберге кіру.
2. Басқа тәсілдерді қолданып, «қарсыласты» лақтыруға болмайды.
Педагогикалық мәні. Ойын күшті, шапшаңдықты және төзімділіктің дамып, жетілуіне ықпалын тигізеді. Ойындағы қимылдың негізгі түрі – күрес.
Әдістемелік нұсқаулар. Белгіленген уақыттан кейін топтардың рөлдерін ауыстыру керек. Жеңімпаз болып шеңберінде ойыншылар саны басым топ аталады.
«Секіріп ойнау» ойыны
Орны: Алаң, спорттық зал.
Құрал-жабдық: рулетка, бор.
Дайындық: жерде мәре сызығы сызылады. Ойынға қатысатындар екі командаға бөлініп мәре сызығынан екі колоннаға тұрады. Команда капитандары тағайындалады.
Ойын сипаттамасы. Команда капитандары мәре сызығына бір ойыншыдан жібереді. Ойыншылар сызыққа тұрып екі аяқпен бір орыннан секіреді.
Секірушінің табаны түскен жерді сызып алады. Секірген ойыншылар орындарына тұрады. Басқа ойыншылар шығып, алдыңғы ойыншылардың табандарымен өлшенген сызықтан бастап секіреді т.с.с. Алыс секіріп, сөреге бірінші жеткен команда жеңімпаз атанады.
Ережелер.
1. Бір орыннан секіргенде сызықтан асуға болмайды, егер асып кетсе, қайта секіреді.
2. Егер секіріп құласа, мәре сызығына жақын табанының ізі бойынша сызылады.
3. Секіруге команданың әр мүшесі міндетті түрде қатысуы керек.
4. Ойыншылар мәре сызығына кезек бойынша немесе капитанның қалауы бойынша шыға алады, бірақ, әрқайсысы тек бір рет қана секіре алады.
«Картоп»
Орны: алаң, спортзал.
Құрал-жабдық: волейбол добы
Дайындық: Ойыншылар дөңгелене тұрады.
Ойын сипаттамасы: Ойыншылар допты бір-біріне лақтырады, бірақ қолдарына ұстап алмай оны екі қолмен қағып басқа ойыншыға береді. Міндет: допты әуеде барынша ұзақ ұшыру. Допты жерге түсіріп алған ойыншы ортаға жүресінен отырады («бақшада»), сонымен ол «картоп» атанады, қалған ойыншылар допты қайта ойынға қосады.
Біраз уақыттан кейін «бақша» толады. Алайда, «картоп» басынан ұшып келе жатқан допқа қолын тигізе алса, қайта тұрған ойыншыларға қосыла алады. Бірақ, толық бойымен ортада «картоп» тұра алмайды, тек қана оңтайлы уақытты күтіп отырады.
Егер бір «картоп» допты ұстай алса, «бақшада» отырған «картоптардың» барлығы тұрып допты лақтыруға қосылады, ал допты жіберіп алған ойыншы олардың орнына «бақшаға» отырады.
Егер де ойыншылар «бақшада» отырған «картоптардың» бірін орталарына қайтарып алғылары келсе, сол ойыншының арқасынан доппен ұрады. Қатты тигізуге болмайды. Доп арқасына тисе, орталарына қайтып келеді. Егер де доп тимей жерге түсіп қалса ұрған ойыншы да «бақшадан» өз орнын табады. «Картопқа» жерден допты көтеріп алуға болмайды. Ойыншылардың саны 8-ден асса ойын қызық өтеді.

Құралмен және құралсыз эстафеталар сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өткізіледі.




жүктеу 374 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет