Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус



жүктеу 374 Kb.
бет13/15
Дата09.11.2022
өлшемі374 Kb.
#23574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
силлабус общ. физ.культ
тесты МЭТМ, Курстық жұмысқа арналған үлгісі, Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау
«Ала күшiк» ойыны
Орны: Алаң, зал.
Құрал-жабдық: қажет емес.
Дайындық. Жеребе бойынша ойыншылардың біреуі «ала күшік» болып тағайындалады.
Ойын сипаттамасы. Жүргізушінің белгісі бойынша «күшік» ойыншыларды қуып ұстай бастайды. Кімді «күшік» ұстаса, сол «ала күшік» болады да ойынды жалғастырады. Ойын белгіленген уақытқа дейін өткізіледі.
Шарттар:
1. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша басталады және аяқталады.
2. Ойыншыларды ұстағанда тек қана қолдың ұшын тигізіп қою керек.
Педагогикалық мәні. Ойын жүгіру жылдамдығын, тез ойлап шешімге келуді және бақылағыштықты жақсартады.
Ойындағы қимылдың негізгі түрі – жалтарумен жүгіру.
Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойын әр түрлі жастағы балалармен, түрлі сынып оқушыларымен өткізіледі. Егер ойын тобында ойыншылар саны көп болса, онда оларды 2-3 топшаға бөліп, әрқайсысында ойын жүргізген дұрыс болып саналады.
«Орамал тастау» ойыны
Орны: Алаңқай, спорт залы, кең бөлме, аула.
Құрал-жабдық: орамал немесе сүлгі.
Дайындық. Ойынға қатысушыларға тұрақты шек қойылмайды. 10-нен 20-ға дейін кісі қатыса береді. Ойыншылар екі топқа бөлініп, ара қашықтығы 23-30 м жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады.
Ойын сипаттамасы. Ойынның әділ қазысы кез келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады. Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды (сүлгіні) елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады. Сөйтеді де, өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған ойыншы сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен (сүлгімен) ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады, үлгере алмаса, өзі сол жақта қалып қояды.
Шарттар:
1. Саптың басынын аяғына дейін үш реттен артық жүруге тыйым салынады.
2. Орамалды шетке лақтыруға болмайды, оны тек ойыншының аяғының жанына лақтырады.
3. Қателерге айып-пұл ұпайлар саналады.
4. 10-13 минутта тұтқындалған ойыншылар саны басым және қателері аз немесе мүлде жоқ команда жеңімпаз болып саналады.
Педагогикалық мәні. Ойын жүгіруді тәрбиелеуде маңызы үлкен, ойыншылардан түрлі әрекеттерге назар бөлулерін талап етеді, қимыл координацияларын және ептіліктерін жақсартады. Ойындағы қозғалыстың басым түрі – қысқа қашықтыққа шұғыл жүгіру болып табылады.
Әдістемелік нұсқаулар. Жүргізуші топтардағы ұлдар мен қызддар топтарын теңдей етіп бөлуі керек.
Әділқазы ойын барысында «қамауға» алынған ойыншылар саны мен топтардың айып ұпайларын ойын соңында жеңімпазды анықтау үшін жазып отыруы керек.

жүктеу 374 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет