Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус



жүктеу 374 Kb.
бет12/15
Дата09.11.2022
өлшемі374 Kb.
#23574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
силлабус общ. физ.культ
тесты МЭТМ, Курстық жұмысқа арналған үлгісі
«Соқыр теке» ойыны
Орны: Алаң, спорт залы.
Құрал-жабдық: орамал.
Дайындық. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол.
Ойын сипаттамасы. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып жүреді. Ал, соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол ұстаған кісіні таныса, оның көзін байлап, соны соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда «Соқыр теке» ойыны әрі қарай жалғаса береді.
Шарттар:
1. Ойыншылар шеңберден шықпаулары тиіс.
2. «Соқыр текеге» аяқ қоюға немесе оны итеруге болмайды.
Педагогикалық мәні. Ойын зейінді және жылдамдықты арттырады. Оған қоса ол өз бетімен жұмыс істеуді, тез шешім қабылдауды және ойлау қабілетін ыдамытады. Ойын қозғалу мен бағдарды өзгертіп жүгіруді, жалтару, бағытты ұстаудағдыларын жетілдіреді.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойынды сабақтың соңында, балалардың зейінін жинақтап, біршама тыныштандыру мақсатымен өткізген дұрыс. Егер топта 40 адам болса, онда оларды 3-4 ойын тобына бөліп, әр топта ойынды өткізген дұрыс.
«Тырау, тырау тырналар» ойыны
Орны: Алаң, спорт залы.
Құрал-жабдық: қажет емес.
Дайындық. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысында ұлдар мен қыздар саны бірдей болу керек. Ойынға ұзындығы 50-60 м, ені 10-20 м алаң таңдалады. Алаңның екі жағынан екі («А» және «Ә») «қалашық» белгіленеді. «А» «қалашығынан» «Ә» «қалашығына» дейінгі аралықта әрбір 10 м арақашықтықта сызық сызылады. Сызықтардың саны ойыншылар санына сәйкес келуі керек. Әр сызықтың үстіне бір ойыншы тұрады.
Ойын сипаттамасы. Төрешінің ысқырығы бойынша «А» «қалашығынан» ойыншыларға қарай екі топ капитандары жүгіреді. Жақын сызықта тұрған ойыншы қолын созып, «тырау-тырау» деп айқайлайды, бірақ сызықтың үстінен кетпейді. Әр ойыншы өз тобының ойыншысына міндетті түрде қолын тигізіп, келесі ойыншыға дейінгі 10 м қашықтықты жүгіріп өтіп, эстафета кезегін қолын-қолға соғу арқылы беру керек.
Жеңімпаз болып ойын ережесін бұзбай, фиништік («Ә») «қалашығына» бірінші болып жеткен топ саналады.
Шарттар:
1. Ойын тек қана төрешінің ысқырығы (белгісі) бойынша басталады.
2. Қателік жіберген топқа айып ұпайлары беріледі.
3. Жеңімпаз болып фиништік «қалашыққа» бірінші болып жеткен, айып тартпаған, немесе айып пұлдары аз топ саналады.
Педагогикалық мәні. Бұл ойында балалар ұйымшылдыққа, бір коллективте бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, себебі ойын жеңіске жету үшін ойыншылардан ұйымшылдықты талап етеді. Ойын эстафеталық жүгіріске дайындауда да үлкен әсерін тигізеді. Ойыншыларда жылдамдық пен шапшаңдықты жетілдіреді. Ойын барысында балалар өз әрекеттерін топ мүшелерімен талқылап, келісімге келуді үйренеді.
Ойындағы келісілген қимыл-әрекеттер балаларда достық сезімінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Ойындағы негізгі қимыл түрі – эстафеталық жүгіріс.
Әдістемелік нұсқаулар. «Тырау, тырау тырналар» ойыны құрылымы жағынан күрделі, сондықтан ойынның сипаттамасын балаларға ауызша ғана түсіндіріп қоймай, оларды сапқа тұрғызып, кейбір қимылдарын көрсетіп түсіндірген дұрыс. Бұл ойында міндетті түрде төреші тағайындалу керек. Ол ойыншылардың қателіктерін бақылап, оларға кеңес беріп, көмектеседі. Ойын барысында ойыншылардың жіберген қателіктері үнемі түзетіліп отыруы міндетті. Ойындағы күрделі қимыл элементінің орын алуына байланысты, ойынды 6-8 сыныптардан бастап өткізуге болады. Ойын тобында ойыншылар саны көп болса, топты екіге бөліп, әр топта ойынды өткізген дұрыс.

жүктеу 374 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет