Бекітемін «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Т. С. Иматалиев тамыз 2019 ж. Силлабус



жүктеу 374 Kb.
бет11/15
Дата09.11.2022
өлшемі374 Kb.
#23574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
силлабус общ. физ.культ
тесты МЭТМ, Курстық жұмысқа арналған үлгісі
Студент орындай алуы тиіс:

  1. Күрделі және нақты қимыл-қозғалыс ұлттық ойындарының техникасын

  2. Ойын барысында және нақты жағдайларда творчестволық әрекетті орындау

  3. Иілгіштікті, шапшаңдықты, жылдамдықты және шыдамдылықты дамыту

  4. Моралдық-еріктік сапаларды дамыту

  5. Қимыл-қозғалыс ұлттық ойындарын үйренген кезде алынған дағдыларды ойын барысында қолдану



Ойындар:
«Омпы» ойыны
Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы »дейді.Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса беруіне болады. Ара қашықтығы 10-20 адым (қалауларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әрқайсысы көмбенің тең ортасында белгіленген сызық бойдағы көне екі асықтан тігіңдер.Ортасында бар асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңды көнге тігілген асықтарды түсірулерің омпыға тигізесіңдер, көнедегі барлық асықтарды аласыңдар. Көп асықты ұтып алғандарың жеңіске жетеді.
«Көтермек» ойыны
Ортаға екі ойыншы шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп қолдарын шынтақтастырады. Жүргізушінің белгісінен кейін қайсысы бұрын екіншісін көтеріп алса ұтқан болып есептеледі. Жеңіске жеткен ойыншы ортада қалып, келесі ойыншымен сайысқа түседі. Ойын толық жеңімпазды анықтағанша жалғасады.
«Оқтау тартыс» ойыны
Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі ойыншы шығады. Алдымен жерге сызық сызылады және сол сызықтың екі жағынан екі ойыншы тұрады. Оқтаудың екі ұшын ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Күші басым болып тартып алған ойыншы жеңіске жетеді.
«Күміс алу» ойыны
Алаңның екі жағына мәре мен сөренің екі сызығын сызады. Алаң бойына көптеген майда тастар (теңгелер) шашылады. Ойыншылар мәре сызығының бойымен дайындалып тұрады. Жүргізушінің белгісінен кейін жігіттер шабады: сөреге қарай атта отырып шапқандай секіріп жүгіреді. Шапқан кезде тоқтамай жолында кездескен «теңгелерді» барынша көбірек іліп алуға тырысады. Көп «теңге» жинаған ойыншы ұтады.
Ойын ережесі: Шабуға тек жүргізушінің белгісімен ғана болады. Бір-біріне кедергі болуға, жолдарына тұрып алуға тыйым салынады. «Теңгені» тоқтамай іліп алуға ғана болады.

жүктеу 374 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет