Бекітемін Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры Н. М. Темірбеков 2014 ж



жүктеу 106.21 Kb.

Дата20.03.2017
өлшемі106.21 Kb.

Бекітемін  

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры 

_____________ Н.М.Темірбеков  

«_____»__________________2014 ж. 

 

 



 

Д.Серікбаев атындағы  

ШҚМТУ-да оқитындарға арналған ішкі тәртіп  

Ережелері 

 

І. Жалпы ережелер 

 

1.1.  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-да  оқитындарға  арналған  ішкі 



тәртіп Ережелері (ары қарай – Ереже) оқушылардың жауапкершілігін, тәртібі 

мен 


қарым-қатынас 

мәдениетін 

арттыру 

мақсатында 

Қазақстан 

Республикасының «Білім туралы» Заңына, ШҚМТУ Жарғысына сай жасалып 

отыр. 

1.2.  Білім  алушы  болып  жоғары  және  ЖОО  кейін  білім  беру 



бағдарламаларын  игеру  үшін  университет  ректорының  бұйрығымен 

қабылданған тұлға табылады. 

1.3. Білім алушыға бекітілген үлгіде студенттік билет, сынақ кітапшасы 

және рұқсат қағазы (пропуск) беріледі.  

1.4.  Оқу  жылы  1  қыркүйекте  басталады  және  Академиялық  күнтізбеге 

сай аяқталады. 

1.5.  Оқу  сабақтары  және  сессиялар  оқу  жоспарына  және  академиялық 

күнтізбеге сәйкес сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Оқу сабағы сағат 8.00-де 

басталады. 

1.6.  Оқу  жоспарына  және  академиялық  күнтізбеге  сай  білім 

алушыларға  оқу үрдісінде демалыс уақыттары бекітіледі.   

1.7. Оқу аптасы 6 күннен тұрады. 

1.8.  Білім  алушылар  оқудың  барлық  кезеңіне  мамандықтары  бойынша 

топтарға біріктіріледі. 

1.9.  Топтардағы  күнделікті  оқу  және  тәрбие  жұмысына  тәлімгер 

(куратор) басшылық етеді. 

1.10.  Оқу  жоспарының  барлық  талаптарын  орындаған  білім  алушы 

қорытынды аттестаттауға жіберіледі, оның қорытындысы бойынша біліктілік 

пен мемлекеттік үлгідегі диплом беру мәселесі шешіледі. 

 

ІІ. Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері   



 

2.1. Университетте білім алушылар құқылы: 

2.1.1.  Университеттің  зертханаларын,  кабинетттерін,  дәрісханаларын, 

оқу  залдарын,  кітапханаларын,  ақпараттық–есептеу  орталықтарын,  спорт 


базаларын,  ғимараттарын,  спорттық  керек-жарақтарын  және  басқа  да 

жабдықтарын пайдалануға. 

2.1.2. Университет, жастар  ісі  жөніндегі комитет және студенттік өзін-

өзі басқару ұйымдастырған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға.  

2.1.3.  Студенттік  кәсіподақ  комитетіне,  кеңестерге  және  т.б.  қатысу 

арқылы оқу үрдісін, үлгерімін, жатақханадағы орындарды бөлу мәселелеріне 

және  студенттердің  оқуы  мен  тұрмысына  байланысты  басқа  да  мәселелерді 

талқылауға қатысуға. 

2.1.4.  Университеттің  қоғамдық,  мәдени-көпшілік,  дене  шынықтыру-

спорт  қызметіне,  студенттік  топ,  курс,  факультет,  университет  деңгейінде 

студенттік өзін-өзі басқарудың жүйесін жетілдіруге және ұйымдастыруға.   

2.1.5.  Университеттің  басқару  жүйесінің  барлық  деңгейі  бойынша 

(Ғылыми  кеңес,  ректорат,  деканат)  студенттік  өзін-өзі  басқару  ЖОО 

әкімшілігімен конструктивті әрекеттесу жүйесін жетілдіруге және құруға.   

2.1.6.  Студенттік  өзін-өзі  басқару  өкілі  арқылы  университет  үшін 

стратегиялық 

маңызды 

шешімдерді, 

құжаттарды, 

студент 


өмірінің 

мәселелеріне,  білім  алушылардың  құқығына,  сонымен  қатар  білім 

алушыларға  қатысты  тәртіптік  сұрақтарды  шешуге  (тәртіптік  айппұл  салу,  

оқудан шығару) қатысуға. 

2.1.7.  Факультеттердің  студенттік  кеңес  жұмыстарын  дамытуға  және 

олардың факультет декандарымен байланысын жетілдіруге.   

2.1.8.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарына  студенттік  өзін-өзі  басқарудың 

қызметі туралы ақпарат беруге.  

2.1.9.  Университеттің  әскери  кафедрасында  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2013  жылғы  11  ақпанындағы  №  118  «Азаматтарды  әскери 

қызметке  дайындау,  ұйымдастыру  және  өткізу,  сонымен  қатар  алғашқы 

әскери  дайындықтың  оқу-материалдық  қорын  құру  Ережелерін  бекіту 

туралы»  қаулысына  сәйкес  ҚР  қорғаныс  Министрлігімен  анықталған 

мамандықтар  бойынша  запастағы  офицерлерді  дайындау  бағдарламасы 

бойынша білім алуға.  

2.1.10. Қосымша ақылы білім қызметтерін алуға.   

2.1.11. 

Жазғы 


демалыста 

студенттік 

кәсіподақ 

ұйымының 

жолдамасымен  А.Сидоров  атындағы  «Простор»  спорттық-сауықтыру 

лагерінде демалуға.   

2.1.12. Жатақхана туралы ережеге сәйкес жатақханадан орын алуға.   

2.1.13.  Университеттің  медициналық  бөлімшесі  арқылы  медициналық 

көмек алуға.   

2.1.14.  Күндізгі  бөлім  білім  алушылары  бекітілген  тәртіпке  сай 

мемлекеттік  шәкіртақы,  білім  алуға  жіберген  кәсіпорынның  шәкіртақысын 

алуға, және басқа да әлеуметтік төлемақылар мен жеңілдіктерді пайдалануға. 

2.1.15. 

Медициналық 

көрсеткіштері 

бойынша 


немесе 

ерекше 


жағдайларда заңмен бекітілген тәртіпке сай академиялық демалыс алуға.   

2.1.16.  Заңмен  бекітілген  тәртіпке  сай  бір  білім  бағдарламасынан 

екінші  білім  бағдарламасына,  ШҚМТУ-нен  басқа  басқа  білім  мекемесіне 

ауысуға.  



2.1.17.  Қағаз  түрінде  ұсынылған  өз  еркі  бойынша  оқудан  шығуға 

(оқуын жалғастыруға құлқы немесе мүмкіндігі болмаған жағдайда).  

 

2.2. Университетте білім алушылар міндетті: 

2.2.1.  Мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандарты  бойынша  толық 

деңгейде  теориялық  және  тәжірибелік  білімді  жүйелі  және  терең  алып 

шығуға, университеттің оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сай оқу 

бағдарламасын орындауға.   

2.2.2.  Оқу  тапсырмасын  сапалы  және  уақтылы  орындауға,  сабақ 

барысында 

оқытушыларға, 

жанындағы 

білім 


алушыларға 

кедергі 


келтірмеуге, сабаққа кешікпеуге және себепсіз сабақ босатпауға.   

2.2.3.  Университетте  білім  алушыларға  арналған  ішкі  тәртіп  ережесін, 

қауіпсіздік  техникасын,  өндірістік  санитарияны,  оқу  тазалықтығын,  өрт 

қауіпсіздігін  сақтауға,  университеттің  Жарғысымен  және  басқа  да  әкімшілік 

актілермен қарастырылған, осы Ережемен бекітілген талаптарды орындауға.  

2.2.4. 


Білім 

беру 


қызметін 

көрсету 


шартында 

бекітілген 

университеттегі төлеу тәртібіне сәйкес оқу ақысын уақтылы төлеуге.   

2.2.5.  Материалдық  базаны  сақтауға,  оқу  құралдарына,  кітапхана 

қорына, ақпараттық қорға ұқыпты қарауға.   

2.2.6. Өзінің дүниетанымын, ғылыми және мәдени деңгейін арттыруға.   

2.2.7. Мәдени-көпшілік, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін 

арттыруға.  

2.2.8.  Оқу  үрдісіне  кедергі  болмаса,  қоғамдық-пайдалы  еңбекке, 

ғылыми  білімді  насихаттауға,  университет  ұйымдастырған  қоғамдық 

шараларға қатысуға. 

2.2.9.  Қоғамдық  адамгершілікті  және  жалпы  адами  моральдің 

қағидаттарын сақтауға.  

2.2.10. Университеттің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасамауға.  

2.2.11. 

Оқытушыларға, 

қызметкерлерге, 

студенттерге 

және 

университетте білім алушыларға сыйластықпен және әдептілікпен қарауға.  



2.2.12.  Егер  білім  алушы  сабақты  себепсіз  жағдаймен  босатса,  келесі 

күннен  кешіктірмей  факультеттің  деканын,  оның  орынбасарларын,  кафедра 

меңгерушісін  немесе  топ  кураторын  кез-келген  тәсілмен  ақпараттандыруы 

қажет  (телефон  арқылы,  телеграф  және  т.б.)  және  үш  күн  ішінде  бұл 

жағдайды куәландыратын құжат тапсыруы қажет.  

Егер  білім  алушы  науқастанып  қалған  жағдайда  емдеу  мекемесінен 

бекітілген  үлгіде  анықтама  қағазын  деканға,  оның  орынбасарларына,  

кафедра меңгерушісіне немесе топ кураторына тапсыруға. 

Оқу сабағын себеппен босату туралы қажетті құжаттарды тапсырмау – 

оқу сабағы себепсіз босатты дегенге теңестіріледі. 

2.2.13.  Университетте  таза  киім  киіп  жүруге.  Қоғамдық  жерлерде, 

көшеде жинақы және тәртіпті жүруге.  

2.2.14.  Студенттік  билетті  және  рұқсат  қағазын  (пропуск)  үнемі  алып 

жүруге және оны университетке кірген кезде, сонымен қатар университеттің 



қызметкерлері,  оқытушылар  және  кезекшінің  талабы  бойынша  оны 

көрсетуге.    

Жеке  құжаттар  жоғалған  болса  (студенттік  билет,  рұқсат  қағазы 

(пропуск), 

сынақ 

кітапшасы) 



екі 

күн 


ішінде 

деканат 


әдіскерін 

ақпараттандыру.  

2.2.15.  Жеке  мәліметтер,  отбасы  жағдайы,  мекен-жайы,  байланыс 

мәліметтері,  жеке  басын  куәландыратын  құжат  мәліметтері  өзгертілген 

болса,  аталмыш  жағдайлардың  туындауынан  үш  күн  ішінде  деканды,  оның 

орынбасарларын немесе топ кураторларын ақпараттандыру.  

 

2.3. Білім алушыларға тыйым салынады: 

2.3.1.  Университет  әкімшілігінің  рұқсатынсыз  зертханалардан,  оқу 

дәрісханаларынан 

және 


университеттің 

басқа 


бөлмелерінен 

құрал-


жабдықтарды және түрлі қондырғыларды шығаруға. 

2.3.2.  Сабаққа  үй,  спорт,  демалыс,  сырт  киімдермен  және  бас 

киімдермен жүруге. 

2.3.3. 


Университет 

аумағында, 

барлық 

ғимараттарында 



және 

бөлмелерінде  шылым  шегуге,  университет  аумағына  алкоголді,  спирттік, 

есірткі,  психотроптық  және  токсикомандық  заттарды  әкелуге  және  оларды 

пайдалануға,  әрекеттегі  заңнамаға  сәйкес  әкімшілік  және  қылмыстық 

жауапкершілік  қарастырылған  алкоголді,    нашақорлықты  және  токсиндік 

масаю күйінде жүруге тыйым салынады.  

2.3.4. Оқу орнында сабақ кезінде дәрісханада қатты сөйлеуге, шулауға, 

дәлізбен жүгіруге, ұялы телефон қолдануға, сағыз шайнауға. 

2.3.5. Оқытушыларға, қызметкерлерге, бір-біріне дөрекі сөйлеуге.  

2.3.6. Дөрекі лексиканы қолдануға және қоғамға жат қылық көрсетуге. 

2.3.7.  Сабақты  себепсіз  бұзуға,  дәрісханадан  сабақ  уақытында  өз 

еркімен шығуға және кіруге.  

2.3.8. Қабырғаға, дәрісханадағы үстелдерге және т.б. орындарға қандай 

да бір жазулар мен суреттер салуға, университет мүлкін басқа бір әдістермен 

бұзуға,  Университет  әкімшілігінің  рұқсатынсыз  хабарландыруларды  ілуге 

және жапсыруға. 

2.3.9. Дәрісханаға оқытушынан кейін кіруге. 

Білім  алушылар  дәрісханаға  тек  оқытушының  рұқсатымен  кіре  алады. 

Кешігіп  қалған  және  сабаққа  жіберілмеген  білім  алушылар  деканатқа 

жазбаша түрде келіп, кешігу себебін түсіндіру қажет.   

2.3.10.  Адамдар  өміріне  қауіп  төндіретін  заттар  мен  бұйымдарды  

университет ғимаратына әкелуге. 

2.3.11.  Карта,  сонымен  қатар  компьютерлік  техниканы  қолданумен 

басқа да құмар ойындарын ойнауға. 

 

Ш. Университет әкімшілігінің міндеттері мен құқықтары 

 

3.1. Университет әкімшілігі құқылы: 


3.1.1  Білім  алушылардан  өз  міндеттерін  жауапкерішілікпен  және 

тәртіпке  сай,  заңға,  университет  Жарғысына,  аталмыш  Ережелерге  және 

университеттің  басқа  да  ішкі  нормативтік  құжаттарына  сәйкес  орындауды 

талап етуге. 

3.1.2. Өз өкілеттілігі шегінде  білім алушылырадың орындауы міндетті 

әрекеттегі 

заңнаманы, 

ішкі 


нормативті 

құжаттарды 

және 

ұйымдастырушылық-өкімдік  актілерді  (ережелер,  нұсқаулықтар,  шешімдер, 



бұйрықтар,  өкімдер  және  басқалар)  сақтай  отырып,  білім  алушылардан 

олардың дұрыс сақаталуын талап етуге. 

3.1.3.  Әр  білім  алушыдан  келісімге  отырған  білім  беру  қызметтері 

бойынша  келісім-шарт,  сонымен  қатар  басқа  да  келісім-шарттар  мен 

келісімдер талаптарын орындауын талап етуге. 

3.1.4. Білім алушылардан  университет оқытушыларына, қызметкерлері 

мен келушілеріне құрметпен қарауды талап етуге.  

3.1.5.  Білім  алушылардан  университет  мүлігіне  ұқыпты  қарауға,  

компьютерлік  жіне  басқа  техниканы  пайдалану  ережелерін  сақтауды  талап 

етуге. 


3.1.6.  Білім  алушыларды  оқу,  ғылыми  және  шығармашылық 

қызметіндегі  табыстары  үшін  әр  түрлі  ынталандыру  тәсілдерін  қолдануға. 

Ынталандыру  әдістері  және  оны  қолдану  тәртібі  аталмыш  Ережемен 

анықталады. 

3.1.7.  Аталмыш  Ережені,  білім  беру  қызметін  көрсету  туралы  келісім-

шарт  талаптарын  бұзғаны  үшін  ережеге  сәйкес  білім  алушыларға 

университеттен шығаруға дейін тәртіптік шара қолдануға. 

3.1.8. Оқу үдерісі кезінде университетке келтірілген шығынды (зардаб) 

өтеуді, сонымен қатар сот шешімі бойынша білім алушыдан талап ету. 

3.1.9.  Білім  алушының  ата-анасына  сонымен  қатар  заңды  өкілдеріне 

және  оның  білім  алуын  тапсырушыларға  оның  үлгерімі,  тәртібі,  оқу  ақысын 

төлеу және оқудың басқа да жағдайлары туралы ақпарат ұсынуға; 

3.1.10. Университетте оқытудың жаңа технологияларын енгізуге.  

 

3.2. Университет әкiмшiлiгi мiндеттi:  

3.2.1.  Білім  алушыларды  уақытында  академиялық  күнтізбесімен,  оқу 

кестесiмен,  осы  Ережелермен  таныстыру.  Осы  Ережелермен  танысу  актісі 

білім алушылармен Ережелерге қосымша көрсетiлген нұсқада толтырылады, 

және білім алушының жеке iсiнде сақталады. 

3.2.2. Оқу процессiн ұйымдастыруды жетiлдiру.  

3.2.3.  Шәкіртақының  және  басқа  төлемдердi  қаржыландыруға  сәйкес 

дер кезiнде төлеудi қамтамасыз етуге. 

3.2.4.  Білім  алушылар  денсаулығының  қорғауын,  оқытуға  қауiпсiз 

жағдай  жасауға,  оқу  дәрiсханаларын,  басқа  бөлмелерді,  жылыту  жүйесiнің, 

жарық,  вентиляция,  қондырғылар  мен  басқа  жабдықтардың  тиiстi  жағдайда 

болуын қамтамасыз етуге. 

3.2.5.  Білім  алушылардың  жарақаттануының  басқа  да  ауруларының 

алдын алуына қажетті шара қолдануға. 


3.2.6.  Сырт  киiмнiң  және  басқа  мүлiкті  сақтауы  үшiн  жайлы  жағдай 

құруға. 


3.2.7. Білім алушыларды тамақтанумен қамтамасыз етуге. 

 

IV. Білім алушаларды ынталандыру түрлері және оларды қолдану 

тәртібі 

 

4.1.  Білім  беру  бағдарламаларын  үздік  игергені  және  университеттің 

зерттеу  жұмысы  мен  қоғамдық  өміріне  белсене  араласқаны  үшін  білім 

алушыларға келесідей ынталандыру түрлері қолданылуы мүмкін: 

- алғыс жариялау; 

- мақтау қағазымен марапттау; 

- арнайы шәкіртақы тағайындау; 

- сыйақы төлеу; 

- бағалы сыйлықпен марапаттау. 

4.2.  Мадақтау  факультет  деканы  немесе  департамент  директорының  

ұсынысы  (қызметтiк  хаты)  бойынша  ректордың  бұйрығымен  жарияланады 

және білім алушыларға  жеткiзiледi. Мадақтау туралы бұйрықтың көшірмесі 

білім алушылардың жеке ісіне тігіледі және сонда сақталады.  

4.3.  Білім  беру  бағдарламаларын  үздік  игергені  және  университеттің 

зерттеу  жұмысы  мен  қоғамдық  өміріне  белсене  араласқан  білім 

алушылардың  ата-анасына  университет  әкімшілігі  алғыс-хат  жіберуге 

құқылы. 

  

V. Білім алушылардың жауапкершiлiгі            

 

5.1.  Осы  Ереженiң  мақсаттары  үшiн,  «тәртiптi  бұзу»  аясында  білімі 



беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  нормативті  құқықтық 

актілерімен, Университет Жарғысымен, аталмыш Ережелермен және/ немесе 

білім  беру  қызметтерін  көрсету  туралы  келісім-шартта  қарастырылған 

міндеттерді  орындамаған  және/немесе  дұрыс  орындамаған  жағдайда 

туындаған бұзушылық түсініледі.   

5.2.  Тәртiптi,  аталмыш  Ережені  және  жатақханада  тұру  ережелерін 

бұзғаны  үшін  білім  алушыларға  төмендегідей  тәртiптiк  жазалардың  бiрі 

қолдануы мүмкін: 

- ескерту;  

- сөгiс;  

- қатаң сөгiс;  

- оқу орнынан шығарылу 

5.3.  Тәртiптiк  жаза  түрін  таңдау  және  қолдану  құқығын  университет 

ректоры,  проректорлар,  факультет  декандары  оның  алдыңғы  тәртіптік 

жазасын,  бұзушы  кінәсінің  дәрежесін,  жасалған  бұзақылық  аурлығына,  

бұзушының  тәртібі,  оның  сабаққа  қатынасы,  сонымен  қатар  бұзушылыққа 

себеп  болған  және  бұзушылық  орын  алған  жағдайларды  есепке  алумен 

қолданады. 



5.4. Білім алушыны оқудан шығару негіздемесі және тәртібі: 

5.4.1.  Университет  білім  алушыны  оқуын  аяқтамай  Университеттен 

келесі негіздемелерді басшылыққа ала отырып шығаруыға құқылы:  

1) білім алушы (тапсырыс беруші, өкіл) және Университетпен жасасқан 

білім  беру  қызметтерін  көрсету  туралы  келісім-шарт  талаптарын  білім 

алушыны бұзғаны үшін. 

2)  тәртіп  ережелерін,  аталмыш  Ережені  дөрекі,  бірнеше  рет  немесе 

жүйелі түрде бұзғаны үшін.  

5.4.2.  Дөрекі  бұзақылық  деп,  оқу  үдерісін,  жұмысшылар  мен  білім 

алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастырудан 

барынша ауытқушылық тудырған жағдайда саналады.  

5.4.3.  Жағдайларға  қарамастан,  барлық  кезде  дөрекі  бұзақылыққа  

университет аймағында жасалған келесідей бұзақылықтар кіреді:  

1)  сабақта  немесе  университет  бөлмелерінде  алкоголді,  нашақорлық 

немесе  токсиндік  мас  болу  күйінде,  сонымен  қатар    алкоголды,  есiрткi, 

психотроп және токсикомандық заттарды қолдану, сақтау, тарату;  

2)  университеттiң  мүлкiн  немесе  университетпен  серіктестік  қарым-

қатынастағы  ұйымдар  мен  кәсiпорындардың,  білім  алушылар  мен 

университет  қызметкерлерінің құжаттарын қасақана құрту, бүлiндіру немесе 

ұрлау; 


3) 

университеттің 

білім 

алушы 


мәртебесiне 

үйлеспейтін,  

университеттiң  абыройына  және  iскерлiк  беделіне  зиян  келтірумен  тең  

адамгершiлiкке жат әрекеттердi iске асыру; 

4)  әкiмшiлiк  немесе  қылмыстық  жазаларға  әкелетін  заңға  қайшы 

әрекеттерді іске асыру;  

5)  университеттің,  педагогикалық  қызметкердің  абыройын,  қадiр-

қасиет бұзатын мәлiметтердi тарату;  

6)  университетте  білім  алушының  немесе  қызметкердің  абыройы  мен 

қадір-қасиетіне тіл тигізу, кемiту;  

7)  нәсiлдiк,  этникалық,  дiни,  әлеуметтiк  өзгешелiктi  насихаттау, 

халықаралық құқық пен адамгершілік принциптеріне милитаритті және басқа 

да идеяларды тарату; 

8)  рұқсат  етiлмеген  митингтерге  және  басқа  ұқсас  шараларға  қатысу 

және/немесе ұйымдастыру;  

9)  білім  алушыларға  немесе  университет  қызметкерлерiне  қатысты 

дене, моралдық және психикалық зорлық әдiстерiн қолдану;  

10) төбелес, кез келген тәсiлмен оқу сабақтарын бұзу;  

11)  құжаттарды  және  құжаттардағы  қол  қоюларды  жалған  iстеу 

(студенттiк  билет,  рұқсаттама  (пропуск),  сынақ  кiтапшасы,  оқырман  билеті, 

емтихандық  парақ  және  басқа),  сонымен  қатар  құжаттар  мен  құжаттардағы 

қол қоюларды жасауға тiкелей араласу; 

12)  басқа  білім  алушыны  тарту  арқылы  емтихандарды  және  басқа  да 

бақылау түрлерін тапсыру;  

13)  оқу  процесiн  ұйымдастыруға  және  жүзеге  асыруға  байланысты 

білім алушылардың жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді ұсынуы; 



14)  университет  бөлмелерінде  немесе  ауласында  жүйелі  түрде  (екі 

реттен аса) шылым шегу; 

15)  әркеттегі  заңнамамен  қарастырылған,  университет  және  білім 

алушы  арасында  жасасқан  білім  беру  қызметін  көрсету  туралы  келісім-

шартта,  аталмыш  Ережеде  және  университеттің  басқа  да  нормативті 

құжаттарында қарастырылған өзге жағдайлар. 

5.4.3.  Білім  алушының  жүйелi  түрде  бұзақылық  жасағанына  (екi  және 

одан аса) бірнеше рет тәртіптік бұзақылық жасау жатады. Егер білім алушыға 

тәртiптiк жаза бұрын қолданса, қайта бұзушылыққа жатады.  

5.4.4.  Әкiмшiлiк  немесе  қылмыстық  жазаларға  тартатын  заңға  қайшы 

әрекеттер үшін оқудан шығару заңды  күшіне енген сот кесімі  негізінде,  сот 

немесе  әкмшілік  шара  қолдануға  өкілетті  орган  қаулысына  сәйкес 

жүргізіледі.  

5.5.  Білім  алушы  академиялық  үлгермеуіне  байланысты  оқудан 

шығарылуы  мүмкін  –  егер,  келесі  курсқа  көшу  шарттарын  орындамаған 

студент  білім  беру  қызметтерін  көрсету  туралы  келісім-шартты  (оқудың 

екінші жылы) белгіленген мерзімде жасамаған болса; 

5.6.  Білім  алушыны  оқудан  шығару  декан  факультетінің  қызметтік 

хатына немесе білім алушының өз еркі бойынша оқудан шығу туралы өтініші 

негізінде  университет  ректорының  тиісті  бұйрығын  шығару  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

 

VI. Қорытынды ережелер 

 

6.1.  Аталмыш  Ережеге  өзгертулер  мен  қосымшалар  университет 



ректорының  бұйырықтары  немес  өкімдері  арқылы  немесе  жаңа  баспадағы 

Ережелерді шығару арқылы енгізіледі.  

6.2. 

Аталмыш 


Ереженің 

мәтінін 


оқудағы 

өзгертулер 

және 

толықтыруларды  есепке  алған  кезде,  кейінгі  мерзіммен  бекітілген  құжаттар 



күші  тек  енгізілген  өзгертулер  мен  толықтырулар  шегінде  басымырақ 

болады.  

6.3.  Ережелер  университет  ректоры  бекіткен  күннен  бастап  өз  күшіне 

енеді және мерзімі шектеусіз қолданыла алады (жаңа Ережелерді қабылдауға 

дейін). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қосымша 1 

 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқитындарға арналған Ішкі тәртіп 



ережелерімен танысу Актісінің 

нысаны  


 

 

 



АКТ 

 

Я, ________________________________________________________________ 



                                                  

(ФИО полностью) 

 

ознакомился с Правилами внутреннего распорядка для обучающихся ВКГТУ 



им.Д.Серикбаева, согласен с этими условиями и обязуюсь их выполнять. 

 

___________                        ________________           ______________________ 



      

дата                                                  подпись                                расшифровка подписи

          

 

 



 

 

 



АКТІ 

 

Мен, ______________________________________________________________ 



(толық аты-жөні, әкесінің аты) 

 

Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-да  оқитындарға  арналған  ішкі  тәртіп 



Ережелерімен  таныстым,  оның  шарттарымен  келісемін  және  оларды 

орындауға міндеттенемін. 

 

___________                        ________________           ______________________ 



       күні                                                      қолы                                               қол иесі        

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Келісілді    

Тәрбие  жұмысы  және  әлеуметтік  даму  жөніндегі 

проректор           

 

___________________ Ж. Нәзбиев 



_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Академиялық департаментінің директоры   



 

___________________ З. Оразалина 

_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Тау-кен металлургиялық факультетінің деканы 



 

___________________ А. Адрышев 

_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Машина жасау және көлік факультетінің деканы  



 

___________________ М. Дудкин 

_________________________ 2014 ж

 



 

 

Ақпараттық 



технологиялар 

және 


энергетика 

факультетінің деканы 

 

___________________ Ғ. Мұхамедиев 



_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Сәулет-құрылыс факультетінің деканы 



 

 

___________________ Б. Нұхаева 



_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Экономика және менеджмент факультетінің деканы  



 

___________________ Е. Варавин 

_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Тіркеуші офисі бастығы  



 

___________________ Г. Видищева 

_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Заң қызметінің жетекшісі  



 

___________________ Е. Чистохина 

_________________________ 2014 ж.

 

 



 

 

Енгізеді  

 

Тәрбие 


жұмысы 

және 


әлеуметтік 

даму 


департаментінің директоры 

 

___________________ Б. Злобин 



_________________________ 2014 ж.

 

 



  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал