Бекеева Г. А. 6М010600 Музыкалық білім М.Өтемісов атындағы БҚму магистранты



жүктеу 37.27 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі37.27 Kb.

Бекеева Г.А.  

6М010600  - Музыкалық білім  

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты  

 

МУЗЫКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ 

ТОЛЕРАНТТЫ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ

 

 

Аннотация.  Мақалада  қазіргі  өмірдегі  жағдайларды  сабырлықпен  қабылдаудың 

қажеттігіне көз жеткізу, төзімді болуға уйрету, сана қүндылықтарын қалыптастыру казіргі 

қоғам алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі.  



Түйін  сөздер:  Толеранттылық,  педагогикалық  толеранттылық,  патриоттық  тәрбие, 

мәдениет,музыкалық білім. 

 

Республиканың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жеделдетуге,  қоғамның  саяси  және 



рухани  өмірі  саласындағы  міндеттерді  қайта  жаңғыртуға  бағытталған  идеялық-тәрбие 

жұмыстары  мемлекеттің  стратегиялық  бағдарымен  анықталады.  Қазақстан  Республикасы 

үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасында  білім  беру  мен  тәрбиелеудің 

негізгі міндеті – өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық 

патриотизм  мен  ұлттық  патриотизм»  оқушы-жастардың  тәрбиелік  деңгейін  бағалаудағы 

көрсеткіш болып қарастырылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1, 3 

б.],  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасында» [2, 3-4 б.] қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, биiк 

мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу отандық білім беру 

жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі. Яғни, білім беру мазмұны адамдардың нәсілі 

мен  ұлтынан,  мәдени  және  конфессиональдық  белгілерінен  тәуелсіз  олардың  арасындағы 

өзара  түсіністік  пен  ынтымақтастыққа,  тұлғаның  жалпыадамзаттық  қасиеттерін 

қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.  

Педагогикалық  қызметтің  өзіндік  ерекшеліктері,  дәстүрлері,  стереотиптері  болады. 

Педагогикалық толерант арқылы біз әлеуметтік-педагог характеристикасын түсінеміз.  

Бүгінгі  күні  қоғамның  тіршілік  ету  әрекеті  жас  ұрпақтың  рухани  мәдениетінің 

қалыптасуына  тәуелді,  ол  өз  халқының  дәстүрлері  мен  көп  ғасырлық  мәдениетіне  тартуда, 

патриоттық тәрбие беру тәжірибесінде қалыптасады.     

Толерант  сөзі  –  көпмағыналы,  мазмұнды,  күрделі  ұғымды  білдіреді.  Егер  семантика 

ғылымындағы tolerantia ( лат.) терминин алып қарасақ: 

1. тұрақтылық; 

2. шыдамдылық; 

3. мүмкіншіліктерге рұқсат беру. 

Толерант сөзінің барлық ұғымдары да адамды сол қалпында қабылдауды талап етеді. 

Халықаралық  бірлік  тек  халықаралық  келісіммен  ғана  шектеліп  қалмайды.  Бұл  сөз 

оқытушылар  мен  оқушылар,  олардың  ата-аналарының  арасындағы  бірлікті,  күнделікті 

өмірдегі өзара қарым-қатынасы, жасөспірімдер мен алдыңғы қатардағы үлкендердің бір-бірін 

түсінуі,  ең  бастысы,  оқушылардың  ішкі  мәдениетінің  дамуы,  ұлттық  мақтанышы  мен 

адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы сияқты ұғымдарды қамтиды.  

Әр  ұлт  тілдерінде  «толеранттылық»  сөзі  бірдей  мағыналарды  білдіреді  және 

«шыдамдылық»  ұғымының  синонимі  болып  табылады.  «Толеранттылықтың»  негізгі 

белгілерін  –  басқа  ұлт,  дін,  мәдениет,  әлеуметтік  ортаның  адамдарымен  өзара  белсенді 

шыдамды қарым-қатынасының психологиялық дайындығымен түсіндіруге болады. 

Педагогикалық толеранттылық оқытушының балаға деген махаббатымен ерекшеленеді. 

Өзінің  тәрбиеленушісінің  бойынан  жақсы  қасиеттерді  көре  білу  қабілеті.  Оларды  бағалау 

және  педагогикалық  толеранттылық  арқылы  кемшіліктерін  түзетуге  сендіру.  «Кімді  жақсы 

көрсек,  соны  кешіреміз».  Бұл  халық  аузында  қалған  сөз  өз  кезегінде  өте  дұрыс  айтылған. 


Оқытушы  мен  оқушының  арасындағы  ашық  әңгіме  кешірімді  және    махаббатқа  толы  болу 

керек. Бірақ, олардың ішкі дүниесіндегі бір-біріне деген сыйластығы әр түрлі көрінуі мүмкін. 

Педагогикалық  толеранттылықтың  екінші  басты  шарты  –  педагогтың  еркіндігі. 

Мысалы, оқытушы өз тәрбиеленушісімен толерантты қарым-қатынаста болғысы келед, бірақ 

оның еркінен тыс шыдамсыз, қызу қанды мінездері бар ынты-ниетін теріске шығарады. 

 Үшіншіден,  педагогикалық  толеранттылық  тәрбиеленушінің  әр  түрлі  саладағы 

жетістіктері арқылы көрінетін оқытушы қабілеті деп түсінуге болады.  

Толеранттылыққа  апарар  жол  –  байсалды  эмоционалды,  интеллектуалды  еңбек, 

психологиялық қысым нәтижесі немесе қалыптасқан стереотиптері мен көзқарасы арқылы өз-

өзін өзгерту болып саналады. 

Педагогикалық үрдіс негізінде толерантты қарым-қатынас болу үшін оқытушы өзін тірі 

мысал  ретінде  көрсете  білу  керек.  Оқытушы  толерантты  болса,  ол  өзінің  мейірімді,  ашық 

мінезді болатынына сенімді. Ол оқушының жеке жетекшісінің рөлін атқарады.    

 Өзара түсіну әдісін екі топқа бөлуге болады:  

1. Түсіндіру әдісі. Оқытушының түсіндіру әдісі - тәрбиеленушінің «өзін» сыйлауы, жеке 

тұлға ретінде қалыптасуы және өз іс-әрекетінің оқытушы үшін маңызды екенін түсінуі.  

2.  Тәрбиеленушінің  ішкі  дүниесін,  күйзелісін  түйсік  арқылы  немесе  өзіндік  зерттеуі 

арқылы  анықтауға  көмектесетін  оқытушының  өзіндік  әдістері.  Бұл  әдіс  екі  адамның 

арасындағы жеке қарым-қатынас, диалог негізіне арналған.  

Айтылып өткендей, патриотизм - адам түлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік 

әрекетінің  барлық  жақтарымен  байланыстағы  маңызды,  түпкілікті  қасиеттерінің  бірі. 

Патриотизмде түлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, қүндылық бағыт-

бағдары,  оның  өмірлік  көзқарасы,  төжірибелік  мінез-қүлқы  көрсетіледі.  Сондай-ақ,  өнер 

адамға жан-жақты өсер ете алатын қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, 

патриоттық сана, сезім жөне өрекетті қалыптастыруға қабілетті [3,18 б.].  

Халық  музыкасын  көптеген  композиторлар  негізге  алған  (А.Жүбанов,  Л.Хамиди, 

С.Мүхамеджанов, Б.Байқадамов, Б.Ғизатов, Ө.Байділдаев, Д.Ботбаев, Ә.Еспаев, И.Нүсіпбаев, 

К.Қуатбаев,  М.Әубәкіров,  К.Дүсекеев  және  т.б.),  балаларға  арнап  көптеген  патриоттық 

тақырыпта  өндер  шығарған.  Олардың  мазмүны  оқушылар  көкірегінде  отаншылдық  сезімін 

үялатады.  Отан  ата-анасынан  басталып,  туған  ел,  жермен  астасып  жатады.  Балаларға  жас 

ерекшеліктеріне  қарай,  өздеріне  таныс  ата-ана,  аула,  ауыл  мен,  астана,  туған  ел,  туған  жер 

үғымдары  арқылы,  Отанын  сүюге  баулимыз.  Осы  мақсатты  жүзеғе  асыру  барысында, 

композиторлардың балаларға арнап шығарған әндерінің атқаратын рөлі ерекше. Л.Хамидидің 

«Туған  ел»,  И.Нүсіпбаевтың  «Жомарт  елім»,  С.Мүхамеджановтың  «Қазақстан», 

Ә.Бейсеуовтың «Туған жер», К.Қуатбаевтың «Біз - туған ел баласы», И.Нүсіпбаевтың «Жас 

дәуірдің  түлеғіміз»,«Мектеп  полькасы»  әндері  арқылы  балаларды  туған  елін,  туған  жерін, 

туған өлкесін, Отанын сүюге баулып, қадірлеп, қүрметтее тәрбиелеуге болады. 

 «Отан  от  басынан  басталады»  демекші,  ақ  сүтін  беріп,  аялап  өсірғен  ананы,  ана  тілін 

қүрметтеп,  сүюге баулу  - ата-бабамыздан қалған дәстүр  -патриоттық тәрбие берудің бастау 

көзі  болып  табылады.  Осы  тақырыпқа  арналған  И.Нүсіпбаевтың  «Ана  тілін  сүйемін», 

К.Дүйсекеевтің  «Ана  тілін  сүйеміз»,  Ә.Тінәлиевтің  «Ананың  тілі  -  аяулы  үні», 

И.Нүсіпбаевтың  «Айналайын,  ақ  мамам»,  Н.Тілнедиевтің  «Қүттықтаймын,  мама,  туған 

күніңмен!», Ә.Бесеуовтің «Ақ мама» және т.б. анаға арналған әндерді атауға болады. Егер бүл 

қағиданы бастауыш сынып оқушыларының патриотизм тәрбиесіне байланысты қарастырсақ, 

оқушылардың кішігірім өмірлік төжірибесін айтарлықтай дөрежеде толықтыратын қосымша 

ақпараттың  қажеттілігі  туындайды  жөне  сонымен  қатар  өмірдегі  шынайы,  дөлелді 

жағдайларға  байланысты  музыкалық  шығармаларды  қабылдауда  аса  түрақты  негізді 

туындатады.  Бүл  түрғыда  Э.В.Козлова  оқушылар  «сезім  мен  ойды  көрсететін,  шынайы, 

дәлелді  жағдайлардан  туындаған  және  ашық  эмоционалдылықпен  мазмүндалған»  кейбір 

шығармаларды бірнеше рет тыңдауға және үйренуғе даяр болады дегенді айтады [4, 14 б.]  

Оқушылардың  тәрбиесінің  жалпы  жүйесінде  қазақ  халық  музыка  өнері 

бастауыш 

сынып 

оқушыларын 



музыкалық-эстетикалық 

түрғыда 


дамытуда 

негіз    болуымен    бірге,    ол  оқушылардың  патриотизмін  қалыптастырудың 

әрекетті  факторы  болып  табылады,  өйткені  ол  музыканың  сазды  да  сиқырлы 

әуендері  арқылы  оқушыларды  өзінің  Отанына  адал  қызмет  етуге,  туған  елін, 

жерін,    мәдениетін    салт-дәстүрін    сүйе    білуге,      оларды    келешек    үрпаққа 

жеткізе білуге үйретеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан 



2.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік 



бағдарламасы // Егемен Қазақстан. - 2004. - 16 қазан. - Б.3-4. 

3.

 



Гоноболин Ф.И. Психология. - М.: Просвещение, 1973. - 240 с 

4.

 



Козлова Э.В. Эстетическое воспитание учащихся (5-8 классов) в процессе  изучения  произведений  

советской  музыки.  Автореф.  дисс.   ... канд.пед.наук. - М., 1970. 

 

Резюме 

В  статье  рассматривается  особенности  развитие    толерантности  учащихся  на  уроках 

музыки  и необходимость внедрения его реализации 

 

 Summary 

In article is considered the peculiarities of the development of tolerance among pupils at the lessons of 

music and the necessity of implementation of its implementation 

 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал