Бәйтерегім бойтұмарым №27 (1262)



жүктеу 1.01 Mb.

бет1/9
Дата02.06.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

бәйтерегім - бойтұмарым

 №27 (1262)   1

 шілде 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

6-9 беттер.

 

„



 Бәйтерегім - бейбіт күннің бойтұмарындай биік. Сап түзеген зәулім сарайлар  сан 

ғасырдың сырын ұққандай – маңғаз. Қара бала қиялын қыран құстың қанатынан 

Елордаға жолдайды: Жаса, жайна Астана!                      

603 жаңа жұмыс орындары құрылды

2015 жылдың 1 шілдесіне тараз қаласында

          

қадірменді тараздықтар!

        құрметті қала қонақтары!

Сіздерді  алда  к еле  жатқан 

мемлекеттік мереке – Астана күнімен 

шын жүректен құттықтаймын!

 Бүгінде Астана - мемлекетіміздің 

жаңа  бейнесі,  жарқын  келбеті  бо-

лып  саналады.  Астана  –  елдің 

байтағы,  «Мәңгілік  елдің»  арқауы 

–  елорда  күн  санап  көркейуде. 

Астана  әлемдегі  ең  көрікті 

қалалардың  қатарынан  орын 

алып, халықаралық саясаттың ірі 

орталығына айналды.  

Елорда  мейрамы  көп  ұлтты 

х а л қ ы м ы з д ы   ы н т ы м а қ қ а 

шақырып, жаңа биіктерге серпін 

беретін, барша әлеуметке ортақ 

шын мәніндегі ерекше мереке. 

Тәуелсіз  Қазақстанның  төл 

елордасының  тарихымыз-

да  алатын  орны  айрықша. 

Ұлт  болып  ұйысуымызда, 

халық  болып  топтасуымыз-

да, тәуелсіздігіміздің тұғырын 

одан  сайын  нығайта  түсуде 

Астананың  атқарар  рөлі  өте 

зор. 

        Осындай айтулы мере-



ке күні Елбасының болашақта 

болжай білген сарабдал сая-

саты арқасында елімізді бар 

ғаламшардың  мойындап, 

өркениетті  елге  айналғаны 

көкірекке  қуаныш,  көңілге 

мақтаныш сезімін ұялатады.

  Бүгінгі  таңда  еліміз  Ба-

тыс пен  Шығыс санасатын, 

құрметтейтін  ел  болдық. 

Дүбірлеген дүниенің бірқатар 

бөлігінде,  іргелес  жатқан 

елдерде  бейбітшілікке 

қауіп  төніп,  халықтың  ба-

сына  ауыртпалықтар  түсіп 

жатқанда,  біздің  елімізде 

қалыптасқан  ынтымақ 

пен  бірлік,  татулық  пен 

келісім қанатын кең жайып 

келеді. Елдігіміздің баянды 

болашағы, бақытты ғұмыры 

ұзағынан болғай! 



қ ұ р м е т т і   қ а л а 

тұрғындары!

Баршаңызды Елорда күні 

мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын.

Әр  отбасына  ырыс,  та-

быс,  игілік,  тыныштық  пен 

бейбітшілік тілеймін! 

Астанамыздың  Рухы 

асқақтай берсін! 

нұржан Календеров,

тараз қаласының әкімі

Асқақтай бер, Астана!


қала-қарбалас

2

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №27 (1262), 1 ШілДЕ 2015 Жыл  //



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

      28  маусым  –  байланыс  және 

ақпарат  қызметкерлері  күніне  орай 

ұйымдастырылған  іс-шараға  облыс 

әкімі  Кәрім  Көкірекбаев  қатысып, 

журналистердің ең маңызды сала ма-

мандары екенін айтып, жаңалықтардың  

жаршысы болған жандарға ізгі ниетін 

білдіріп: «Барлық атқарушы органдар 

мен сала қызметкерлерінің алдында Ұлт 

 

„

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне 



орай  Тараз  қалалық  мәдениет  үйінде  тұңғыш  рет  «100  нақты 

қадам – қазақстандық біртұтастық» тақырыбында журналистер 

форумы өтті. 

Журналист - адамгершілік 

насихатшысы

 

„



 «Журналистің арқалағаны алтын, жегені 

жантақ» деген көсемсөз шебері Шерхан 

Мұртаза тілшілер қауымының қызығы мен 

қиындығы қатар жүретін жұмысына осылайша 

баға берген. Байланыс және ақпарат күні 

- журналистердің  төл мерекесі. Айтулы 

күнді  осы салада табанды еңбек етіп жүрген 

азаматтар марапатталып, сый-құрметке 

ие болып жатады. Тараз қаласының әкімі 

Нұржан Календеров те бір топ тілшілерді 

қабылдап, оларды кәсіби мерекелерімен 

құттықтады. 

Сала үздіктері марапатталды

Индира БАЙҚОНЫС                       

Кездесуде сөз алған Нұржан Сәбитұлы тәуелсіз 

еліміздің  даму  жолында,  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың сарабдал саясатын қоғамға кеңінен на-

сихаттауда, бұқара халықтың түйіткілді мәселелерін 

билікке жеткізуде журналистердің атқарып отырған 

жұмысы ұшан-теңіз екенін алға тартты. 

- Сіздер билік пен бұқара арасындағы алтын 

көпірсіздер. Елде атқарылып жатқан барлық игі істер 

сіздердің қаламдарыңыз арқылы ел-жұртқа жетеді. 

Бүгінде  өңірдің  тыныс-тіршілігін  республикаға 

тарататын 10-ға жуық меншікті тілшілер, облыстық 

және қалалық басылымдар, 1 облыстық телеарна мен 

радио жұмыс істейді. Бәріңіздің еңбектеріңіз елеулі. 

Төл мерекелеріңіз құтты, денсаулықтарыңыз мықты 

болсын, - деді қала басшысы.

Мұнан кейін Нұржан Сабитұлы бірқатар жур-

налистер мен газет қызметкерлеріне Алғыс хат пен 

ақшалай сыйақы тапсырды. Мараптталғандардың 

қатарында  «Қазақстан  Тараз»  телеарнасының 

телебағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Дүйсен 

Дәуренов, облыстық «Ақ жол» газетінің дизайнері 

Ернар Балғабаев, облыстық «Знамя Труда» газетінің 

тілшісі Айжан Әуелбекова, облыстық «Арай» газеті 

бас редакторының орынбасары Дәулет Төлендіұлы 

және әріптесіміз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің 

дизайнер-беттеушісі Алтынай Әлімқұлова бар.  

Ал  Тараз қалалық мәслихатының Құрмет гра-

мотасына «Қазақстан-Тараз» телеарнасының аға 

телеоператоры Ермек Асаубаев, қалалық «Жамбыл-

Тараз» газетінің тілшілері Құралай Сейсенбекқызы, 

Елена Пак ие болса, «Нұр Отан» партиясы қалалық 

филиалының  Алғыс  хаты  «Қазақстан  Тараз» 

радиосының редакторы Гүлмира Садықова, қалалық 

«Жамбыл  –  Тараз»  газетінің  тілшілері  Нұржан 

Серікханұлы мен Ольга Макароваға табысталды. 

Сондай-ақ, бір топ  республикалық бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  облыстағы  меншікті 

тілшілері  мен  жергілікті  журналистерге  қала 

әкімінің ақшалай сыйақысы тарту етілді.   

Жиын барысында облыстық «Ақ жол» газетінің 

бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, ардагер жина-

листер Әбділдә Сәрсенбиев сөз алып, әріптестерін 

төл мерекемен құттықтады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне «Нұр 

Отан» партиясы облыстық филиалының басшылары 

да арнайы құрмет көрсетті. Партия төрағасының 

орынбасары Шәбден Тілеумұрт партияның атқарып 

жатқан жұмыстарын телерадио және газет беттерінде 

ұдайы насихаттап жүрген тілшілерге алғыс сезімін 

жеткізіп: «Бәрімізде ел мүддесі үшін қызмет істеп 

жүрміз. Жалпы журналистер мен партия өкілдері 

бір терінің пұшпағын илеп жүрген азаматтар» - деді. 

Мұнан кейін Шәбден Тілеумұрат облыстық пар-

тия төрағасының бірінші орынбасары Масат Беріктің 

атынан Құрмет громата мен Алғыс хаттарды үздік 

газет және телеарна қызметкерлеріне тапсырды. 

Партияның  Құрмет  громатасы  қалалық 

«Жамбыл-Тараз» газетінің дизайнер-беттеушісі, 

әріптесіміз Жарқын Балқыбекова мен «Қазақстан Та-

раз» телеарнасының тілшісі Мархабат Көпбосынова 

берілсе, Алғыс хатпен облыстық «Ақ жол» газетінің 

тілшісі Қанат Тілепбергенұлы мен Жамбыл аудандық 

газетінің дизайнер-беттеушісі Ғалия Алтынбекқызы 

марапатталды.

Сот жүйесін 

жетілдіру - 

реформаның 

басты бағыты

 

„



Еліміз тәуелсіздік алғалы 

бері даналықпен байсалды 

жүргізілген ішкі-сыртқы 

саясаттың арқасында 

мемлекетіміздің күш қуатын 

әлемдік деңгейде биікке 

көтеріп, экономикамыздың 

қарыштап дамуына берік 

базалық негіз қалыптасты.

Жуырда мемлекет 

басшысы ұсынған бес 

институттық реформа қазіргі 

экономикалық жағдайда 

еліміздің одан әрі өркендеп 

дамуына, заманның жаңа 

талаптарына жауап беретін, 

елдің әлеуметтік деңгейінің 

көтерілуіне мүмкіндік беретін 

аса маңызды мемлекеттік 

құжат.


Әріптесіміз Ю.Ефимов марапатталу үстінде.

 

Қуат ИМАНБАЕВ,                                  



ТИГУ,   «Құқықтану» кафедрасының 

меңгерушісі 

      Бес  институционалдық  реформаның 

әрбiрi өз алдына кешендi бағдарлама. Оны 

табандылықпен, кезең-кезеңмен iске асыру 

үшiн Президент жүз нақты қадам ұсынып 

отыр. «Жүз нақты қадам» – бұл жаһандық 

және iшкi сын-қатерлерге жауап және соны-

мен бiр мезгiлде дамыған мемлекеттердiң 

отыздығына енуге деген жоспары.

    Бұл кешендi бөлiмде заңның үстемдiгiн 

қамтамасыз ету барысында сот төрелiгiне 

көбiрек  мән  берiлген.  Мақсат  –  сот 

төрелiгiн жеңiлдету, оңтайландыру. Сот 

төрелiгiн нығайту үшiн «Алқа билер соты 

қолданылатын салаларды кеңейтуге» де ар-

найы мән берiлген. Жалпы алғанда, соттың 

дербестiгi тек қана конституциялық және 

кодекстiк деңгейде әдiл, тура, қалтқысыз 

жұмыс атқаруға бағытталған қадамдар.

    Жалпы, заңның үстемдігін қамтамасыз 

ету  үшін  салаға  19  жаңалық  енгізіледі. 

Мәселен,  сот  жүйесі  инстанциялары 

оңтайландырылады.  Қолданыстағы 

бес  сатылы  сот  жүйесі  3  сатылы  бо-

лып өзгереді. Соттарды іріктеу тетіктері 

жаңарады. Болашақ судьялардың салада 

кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы талап 

етіледі. Жоғары сотта инвестициялық алқа 

құрылады. Бұл шаралар әділ сот төрелігін 

қарапайым халыққа да, инвесторлар мен 

бизнес үшін де қолжетімді етеді деп ре-

формада айтылған болатын. 

    Сот билігін биік деңгейге жеткізу үшін 

судьялық қызметке тағайындаудың тәртіп-

талабы өте жоғары болуға тиіс. Әлемдік 

тәжірибе көрсеткендей, судьяның мәртебесі 

неғұрлым  жоғарылаған  сайын,  оған 

қойылатын талап та соғұрлым артуы керек. 

Судьялық қызмет атқарғысы келген адам ең 

әуелі бұл міндеттің асқан жауапкершілігін, 

биік талабын үғынуы шарт. Жеке өмірінде, 

тұрмысында, жұмысында көптеген шекте-

улер болатыны, белгілі бір ереже-тәртіпке 

сөзсіз бағынатынын сезінуі тиіс. Әрине, 

мұндай шектеулерге байланысты судьяның 

мәртебесі биік болуы, тәуелсіздігі қорғалуы 

заңды. Түптеп келгенде судьялық қызмет 

ең төменгі баспалдақтан басталуға тиіс. 

    Бүгінгі өмір талабы сот жүйесін ба-

тыл  реформалау  қажеттілігіне  алып 

келді. Бұл біздің жаңа Конституциямыз-

да  көзделген  болатын.  Шын  мәнінде 

тәуелсіз әрі шешім қабылдауда барынша 

объективті, шенеуніктердің үстемдігінен 

азат, жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын 

сот құру үшін бірқатар пәрменді шаралар 

қабылданды. Конституцияға сәйкес жалпы 

және төрелік соттар жүйелері біріктірілді.

        Жоғарыдағы  мәселелердің  барлығы 

да  Елбасы  айтқан  5  институционалдық 

реформа,  ондағы  «100  нақты  қадам» 

кешенді  бағдарламасында  белгіленген 

сатылы алға жылжудың негізгі қадамдары 

екендігі сөзсіз. 

жоспарын жүзеге асыру және нақты 

жетістіктерге қол жеткізу міндеті тұр. 

Атқарушы биліктің де, баспасөздің 

де  мақсаты  бір.  Ол  –  бірлігімізді 

бағалап-сақтау, билік пен қарапайым 

халықтың арасында айнымас сенім 

қалыптастыру арқылы «Мәңгілік Ел» 

болу. Бұл ретте бұқаралық ақпарат 

құралдарының белсенді қызметі қажет. 

Елбасы айтқандай, бұқаралық ақпарат 

құралдары қоғамды алға жетелейтін 

негізгі  күшке  ие»  -  деді.  Сонымен 

қатар аймақ басшысы БАҚ-пен байла-

нысты нығайту мақсатында Орталық 

коммуникациялар қызметінің өңірдегі 

филиалын ашуды жоспарға енгізетіні 

жайлы сөз етті.

Халықтың құлағы, һәм тіліне айналып, 

жаңалық десе жар құлағы жастыққа ти-

местен алтын арқалағанымен, жегенін 

жантаққа теңеп жүрген БАҚ өкілдері 

де  форумда  өз  ойын  ортаға  салды.  

«Парасат» орденінің иегері, Жамбыл 

облысының Құрметті азаматы, жазу-

шы-журналист Арғынбай Бекбосын: 

«Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз 

өмір  сүретін  бірде-бір  адамды 

кездестірмеппін.  Бар  жаңалықты 

біліп қана қоймай, сын тезінен өткізіп, 

заманға  байланысты  ой  қорыту  – 

журналистер  жұмысы.  Сондықтан 

қаламгерлер мерекесін халықтық мей-

рам деп айтып өтуге де болады» - деді 

ардагер журналист. Сондай-ақ жазу-

шы-журналист Мақұлбек Рысдәулет, 

республикалық  «Қазақстан»  теле-

радио корпорациясының облыстағы 

филиалының  директоры  Мейрам-

бек Төлепберген, облыстық «Знамя 

труда»  газетінің  жауапты  хатшысы 

Көкен  Оршабеков  те  өз  ойларын 

ортаға салды. Жиын барысында Кәрім 

Нәсбекұлы  облыс  әкімінің  Құрмет 

грамоталары  және  Алғыс  хаттары-

мен  сала  мамандарын  марапаттап, 

БАҚ  ұжымдарына  арнайы  сыйақы 

тапсырды.  Бірқатар  журналистерді 

Облыстық мәслихат хатшысы Бағлан 

Қарашолақов облыстың Құрмет гра-

мотасымен марапаттады. Осынау төл 

мереке қарсаңында ұлт құндылығы 

мен елінің ертеңі үшін ерінбей тер 

төккендердің  еңбектерін  ескеріп, 

телеарналар  мен  республикалық 

басылымдардағы меншікті тілшілерге 

де  сый-сыяпат  тапсырылды.  Оның 

қатарында Жамбыл облысы әкімінің 

Алғыс хатына ие болған әріптесіміз, 

«Жамбыл-Тараз»  газетінің  тілшісі 

Юрий Ефимов те болды. Форум соңы 

елімізге әйгілі жезтаңдай әнші Сәуле 

Жанпейісова  бастаған  облыстық 

филармония ұжымының концерттік 

бағдарламасына жалғасты.

Еселі еңбектері еленді.

 


қала-қарбалас

3

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №27 (1262), 1 ШілДЕ 2015 Жыл  //



 

„

«Мемлекеттік тілді оқыту 



орталығы» мәжіліс залында дәстүрлі 

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» 

облыстық байқауының қорытындысы 

жарияланып, жеңімпаздар 

марапатталды.  

Ана тілім – арым да, 

ардағым да!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі 2025 жылға қарай 

өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті 

қатынас тіліне айналады» деп шегелеп айтқаны бар. Бүгінгі күнде тіл 

жанашырларының көкейінде тұрған, өзекті  мәселелердің бірі – қазақ 

тілінің өз деңгейінде қолданылуы.  Қазақ тілді ақпарат құралдары – 

Қазақстандағы халықтардың, қазақ ұлтының дамуына, оның тілі мен 

дінінің өркендеуіне, әдет-ғұрыптарының насихатталуына, бір тұтас 

ұлттық мемлекет межесіне жетуге қызмет етуі керек. Сондықтан, баспасөз 

саласындағы қоғаммен байланыстың негізгі міндеті – билік пен халықты 

жақындастыру, биліктің саясатын бұқара халыққа, халықтың үнін 

басшылыққа жеткізу. Осыған орай облыс әкімдігінің тілдерді дамыту 

басқармасы биылғы жылы жетінші  рет дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және 

БАҚ» облыстық байқауын  өткізді. Шараға қатысқан барлық үміткерлер 

тарихпен тағдырлас ана тіліміздің бүгінгі жәйін, мәселесін, елдің баласы 

ретінде тілге деген өз махаббаттарын жеткізген болатын. Байқау бары-

сында сөз алған қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның құрметті 

журналисі Мақұлбек Рысдәулет мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге 

және насихаттауға, мемлекеттік тілдің өңірдің қоғамдық-саяси, рухани-

танымдық, мәдени-тұрмыстық салаларында  кеңінен қолданылуына  

бағытталған облыстық  байқауға аудандар мен Тараз қаласынан қатысқан 

үміткерлердің басым көпшілігі жастар екендігін баса айтып, ағалық 

қуанышымен бөлісті. Сондай-ақ, байқауға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-

дың кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., пофессор Сәмен Құлбарақ,  қазақ тілі 

мен әдебиетінің білікті маманы, тәжірибелі ұстаз Ақан Бодықова қазылық 

етті. Нәтижесінде, Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі 

Гүлжан Ниязқұлова мен Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің тілшісі 

Марат Құлибаев Алғыс хаттармен, ал «Мемлекеттік тіл - мәртебелім» ата-

лымы бойынша облыстық «Арай» газетінің журналисі Мұратхан Әлімхан, 

«Тілдара» аталымы бойынша Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің 

тілшісі Нұрым Сырғабаев марапатталды. Мұрат Сыздықов атындағы 

3-дәрежелі дипломға сарысулық журналист Дариха Үмбетиярова, Рахмет-

бек Өзбеков атындағы 2-дәрежелі дипломға Жамбыл аудандық «Шұғыла» 

газетінің журналисі Нұрасыл Сұлтанбаев иеленсе, қазақтың сатира 

саңлағы Шона Смаханұлы атындағы 1-ші дәрежелі дипломға әріптесіміз, 

қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі лайық деп 

танылды. Байқаудың бас жүлдесін облыстық «Арай» газетінің журналисі 

Хамит Есаман қанжығаға байлады. Телебағдарламалар бойынша облыстық 

телеарнаның тілшілері, атап айтқанда  «Сіз не дейсіз?» хабарының «Өзге 

тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы бағдарламасымен 

қатысқан Нұрдос Сембек, «Мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз» жаңалықтар 

топтамасындағы ақпаратымен қатысқан Әйгерім Жасұзақ Алғыс хаттар-

мен марапатталса, «Сөз жебе» хабарының «Тіл мәртебесі – ел мерейі» 

тақырыбындағы бағдарламасымен қатысқан Шерхан Абделиев «Үздік 

телебағдарлама» аталымы бойынша, ал дүнген ұлтының өкілі Нұрзада 

Даутова «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша дипломант атан-

ды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тілдерді дамыту басқармасы 

тарапынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.



«Жамбыл-Тараз» ақпарат

 

„



Әр азаматтың бойына ұлттық 

патриотизмнің дәнін егіп, рухани-

мәдени тұтастығы негізінде бәсекеге 

қабілетті ұлт қалыптастыру үшін, 

этносаралық татулықты қамтамасыз 

ету мақсатында құрылған 

Ассамблеяның 20 жылдығы 

ағымдағы жылы елімізде ауқымды 

аталып өтілуде.

Татулықтың темірқазығы



Ақнұр АДИЛОВА,                                                                  

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,                                      

«Информатика» кафедрасының аға кураторы                            

Татулықтың темірқазығына айналған ассамблея аясында Тараз 

шаһарында да бірқатар шаралар бастау алды. Оның қатарында, 

Ассамблея мүшелері жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен 

мектептерде кездесулер өткізіп,  өңірдегі орта мектептердетүрлі 

ашық сабақтар беру үрдісі қолға алынған. Сонымен қатар «Жастар 

қоғамдық келісімді қолдайды» тақырыбында жастардың флеш-мобы, 

мәдени-спорттық шаралар, сондай-ақ, облыс кітапханаларында 

оқырмандар  конференциясы  ұйымдастырылуда.  Осынау  іс-

шараларды өткізу барысында жастардың ісі орасан. Ассамблея 

аясында  технoлогиялық  корпустың  акт  залында  «Ақпараттық 

технология, автоматика және телекоммуникация» факультеті мен 

«Достық» жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен студенттер 

арасында «Қазақстан- ортақ шаңырақ» атты ұлтаралық фестиваль 

өтті. Фестиваль барысында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «Ин-

форматика» кафедрасының студенттері түрікмен ұлты болып, 1-ші 

орынды жеңіп алды. Белсенділік көрсеткен студенттер арасында І 

курстан Рустам Ганджаев, Кибире Авезметова, Уткирбек Қарабаев, 

ІІ курстан Элбек Зерифбаев, Ихтиер Сапарбаевтардың есімін ерек-

ше атап айтуға болады. Ал университеттің М.Үркімбаев атындағы 

Жастар сарайында «Ақпараттық технология, автоматика және 

телекоммуникация» факультеті мен «Достық» жастар ұйымының 

ұйымдастыруымен тағы бір фестиваль өткен болатын. «ТарМУ-ым 

ортақ үйім» атты аталмыш фестивальда университет студенттерінің 

арасында деканның оқу- ісі жөніндегі орынбасары М.Қырықбаев, 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Садирмекова және аға куратор 

С.Кулманованың атсалысуымен факультет студенттері 1-ші орынды 

жеңіп алды.  Ассамбляның 20 жылдығына Тараз жастарының қосқан 

үлесі осындай іс-шараларды өткізу болса керек.

 

„



28 маусым – Байланыс және ақпарат 

қызметкерлері күні мерекесіне орай Тараз 

инновациялық-гуманитарлық университетінде 

бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. 



ректор кубогі -

бекет момынқұловта

Арсен БАЙЗАҚ                                                            

Оқырманға  тұшымды  ақпар 

жеткізіп,  көрермен  көңілінен 

шығудан,  халықтың  рахметіне 

бөленуден рухани рахат алатын жур-

налистер қауымын ТИГУ ректоры 

Саурықов Ерболат Байұзақұлы төл 

мерекесі қарсаңында құттықтады. 

Облыстағы телеарна мен басылым 

басшыларына,  сондай-ақ  ТИГУ 

тіршілігін, жаңалығы мен жетістігін 

жұртқа  жеткізуде  тығыз  байла-

ныста  болған  тілшілер  қауымына 

алғысын айтып, арнайы марапатта-

ды. Одан соң журналистер арасында 

бильярдтан  «ТИГУ  ректорының 

Кубогі» турнирі ұйымдастырылды. 

Отызға  тарта  БАҚ  өкілдері 

қатысқан  бәсекеде  әріптестерінен 

үздік  шыққан  Жамбыл  облыстық 

«Знамя труда» газетінің бас редак-

торы  Бекет  Момынқұл  жеңімпаз 

атанды.  Финалдық  кезеңге  дейін 

сүрінбей  жеткен  «Арай»  жастар 

газетінің  бөлім  меңгерушісі  Са-

ятхан  Сатылғанов  екінші  орын-

ды  еншіледі.  «Арай»  газетінің 

әрлеушісі  Олжас  Сәтбеков  үздік 

үштіктен  көрінді.  Сонымен  қатар 

шеберлігімен дараланған Берік Жа-

кулаев («Қазақстан Тараз»), Нұржан 

Мергенбай  («24.kz»),  Нұрболат 

Әлдибеков  («Ақ  жол»),  Есен 

Өтеулиев («Өрлеу» БДО») арнайы 

жүлдемен марапатталды. Универси-

тет басшысы Ерболат Байұзақұлы 

биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған 

«ТИГУ ректорының Кубогі» турнирі 

дәстүрлі  түрде  ұйымдастырылып 

тұратындығын айтты.

Жүлде бұйырған сәт.

 

 



„

«Тараз Арена» спорт кешенінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай 

журналистер арасында облыстық спартакиада өтті. Оған облыстық «Ақ жол», «знамя 

труда», «Арай» газеттері мен облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасы, қалалық 

«Жамбыл -Тараз» және аудандық газеттердің тілшілері қатысты. 

Әріптестер бақ сынасты 



Индира ТӘЛІПҚЫЗЫ                                                             

Спартакиданың  ашылу  салтанатын-

да  сөз  алған  облыс  әкімдігі  ішкі  саясат 

басқармасы  басшысының  орынбасары 

Дауыл Бейсенқұлов журналистерді кәсіби 

мерекелерімен  құттықтаса,  облыстық  

«Қазақстан -Тараз» радиосының аға редак-

торы Мақұлбек Малдарбеков төртінші билік 

өкілдерінің қоғамдағы рөліне жан-жақты 

тоқталып, спартакиадаға қатысушыларға 

сәттілік тіледі. 

Жарыс спорттық бес түрі бойынша өтті. 

Атап айтқанда, арқан тартыс, қол күрес, 

шағын футбол, үстел теннисі және шахмат. 

Бірінші  болып  жарыс  жолына  білектері 

күшке  толы  қыз-жігіттер  шықты.  Қол 

күресшілер арасында өткен бәсеке тартысқа 

толы болды. Арулар арасында қарсылас 

шақ келтірмеген Байзақ аудандық «Ауыл 

жаңалығы»  газетінің  өкілі  И.Бондарева 

жеңіс  тұғырынан  көрінсе,  күміс  жүлде 

«Қазақстан Тараз» телеарнасының корди-

наторы И.Кимге бұйырды. Ал қола жүлде 

Жуалы  аудандық  «Жаңа  өмір»  газетінің 

тілшісі Б.Оразбаеваның еншісіне тиді.  Ал 

ерлер  арасында  өткен  сында  байзақтық 

Д.Қуанышбаевқа ешкім тең келмеді. Екінші, 

үшінші орындар облыстық «Знамя труда» 

және  «Арай»  газеттерінің  жігіттеріне 

бұйырды. 

Бұдан  әрі  жарыстың  көркін  арқан 

тартысқа қатысқан командалар қыздыра 

түсті.  Бұл  бәсекеде  мойынқұмдық  жур-

налистер  алдарына  жан  салмай  жеңіске 

жетті. «Қазақстан-Тараз» телеарнасы мен 

облыстық «Арай»  жастар газеті жүлделі 

орындарды өзара бөлісті. Ал ерлер арасын-

да шахматтан қарсылас шақ келтірмеген 

облыстық «Қазақстан -Тараз» радиосының» 

аға редакторы Мақұлбек Малдарбеков ал-

тыннан алқа тақса, күміс жүлдеге облыстық 

«Ақ  жол»  газетінің  жауапты  хатшысы 

Әділбек Баққараұлы қол жеткізді. Сондай-ақ 

шағын футболдан өткен жарыста «Қазақстан Тараз» 

телеарнасының аяқдоп шеберлері чемпион атанса, 

жастар  басылымы  арайлықтар  екінші  орынды 

қанағат тұтты. 

Сонымен,  жалпыкомандалық  есепте 

бірінші орын «Қазақстан Тараз» телеарнасының 

журналистеріне бұйырса, жүлделі екінші орын – 

облыстық «Знамя труда» газетіне, үшінші орын 

– облыстық «Ақ жол» газетінің еншісінде кетті. 

Жеңіпаздар мен жүлдегерлер  облыс әкімдігі дене 

шынықтыру және спорт басқармасының арнайы 

кубоктары мен бағалы сыйлықтарына ие болды. 


рЕсми

4

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №27 (1262), 1  ШілДЕ  2015 Жыл  //



Қазақстан Республикасы Президентінің 

2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің 

халыққа есеп беру кездесулерін өткізу ту-

ралы» №615 Жарлығына сәйкес, ағымдағы 

жылдың 27 қаңтар - 11 ақпан  аралығында 

қала әкімі тұрғындар алдында 2014 жылы 

атқарған  жұмыстары  бойынша  есепті 

кездесулерін өткізді.

Қаланың  11  аумақтық  округтерінде 

өткізілген  есепті  кездесулерге  барлығы 

2840 адам қатысты. Олардың ішінде 76 

азамат сөз сөйлеп және жазбаша түрде 196 

ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Кезде-

сулер барысында 42 сұраққа дер кезінде 

жауаптар  қайтарылып,  өзге  40  мәселе 

бойынша бөлім басшыларымен жазбаша 

түрде түсініктемелер берілді. Түпкілікті 

шешімін  тауып  орындалған  мәселелер 

саны – 23. Бұдан өзге, бүгінгі таңда 91 

мәселе  бақылауға  алынып,  жұмыстар 

атқарылуда.

Осы көтерілген мәселелердің ішінде 

түпкілікті шешімін табу үшін қосымша 

қаражат  пен  уақытты  талап  ететін  18 

сұрақтар  сарапталып,  негізгі  8  бағытқа 

топтастырылды. Бұл сұрақтардың шешімі 

бақылауға алынып қала әкімдігінің 2015 

жылғы 18 ақпан күні №137 қаулысымен 

іс-шаралар жоспары бекітілді. 

Бүгінгі күнге 18 мәселеден 4-і шешімін 

тапты. Олар,

1.  Олжабаев  көше сіндегі  газ 

шаруашылығын  жаңғырту  барысында 

бұзылған  жолдарды  қалпына  келтіру 

жөнінде,  «ҚазТрансГаз  Аймақ»  АҚ-ң 

Жамбыл облыстық филиалының мәліметі 

бойынша, Олжабаев көшесіндегі асфальт 

жолды  қалпына  келтіру  жұмыстары 

бүгінгі күні толығымен орындалған.

2.  «Бәйтерек»  мөлтек  ауданы 

аумағында егілген талдарды мерзімінде 

суғару мәселесі бойынша «Бәйтерек» (13) 

мөлтек ауданы аумағында егілген талдар 

уақытылы мерзімінде суғарылуда.

3. Абай көшесінің 4 бұрылысындағы 

арық жүйесін қалпына келтіру бойынша 

Абай  көшесінің  4-ші  бұрылысындағы 

арық жүйесі «Тараз-Ирригация» ЖШС-

мен тазаланып, арық жүйесі арқылы су 

жіберілген.

4.  Мирзоян  көшесіндегі  №126-

165  үйлер  аралығынан  өтетін  дренаж 

аралығындағы  темір  бетон  құбырынан   

бастап  «Түйте»  каналына  құйылатын 

жеріне дейінгі аралықты қалпына келтіру 

бойынша, бұл аумақта тазалау жұмыстары 

жүргізілді.

Қалған  14  мәселе  бүгінгі  күнге 

бақылауда қалуда.

Кездесулер  барысында  көтерілген 

мәселелер  бойынша  орындалған 

жұмыстар:



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал