Бейресми елдімекендердегі қарсылықтар > Жұмысқа қатысты өзгерістегі ұстанымдар



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/8
Дата28.01.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

GLOBAL

DIALOGUE


Ж

урна


л

> Бейресми елдімекендердегі қарсылықтар

> Жұмысқа қатысты өзгерістегі ұстанымдар 

> Индонезиялық әлеуметтану

5/ басылым 1 /шығарылым 2015  на

урыз


http://isa-

global-


dialogue

.net


GD

5.1


Жылына 4 рет 15 тілде шығады

Ариана Ханемааэр мен 

Кристофер Дж. Шнайдер

Қоғамдық әлеуметтанулық

тәжірибе

Global Symposia:

Капитализм VS климаттық 

әділеттілік

Герберт Досена

Шарли Эбдо

Боавентура де Соуза Сантос 

Қоғамдық әлеуметтану 

дың екі бағыты

Нира Ювал-Дэвис

Сыни еліктірген 

өмір


Исса Шивджимен сұхбат

 

 2

Ж



аһандық Диалог басылымының бұл нөмірі Боавентура де Суза Сантостың 

Шарли  Эбдо  (Charlie  Hebdo)  карикатуристерінің  жан  түршігелік  өлімі 

туралы  ой  қозғаудан  басталып  отыр.  Егер  әлеуметтанулық  талдауды 

ауадай  қажет  ететін  оқиғалар  реті  туралы  айтатын  болсақ,  бұл  –  нақ 

осындай оқиғалардың өзі. Осы арада өзекті болып отырған нәрселер мынадай – осынша 

адамды өлтірудің себебі неде, кісі өлтірушілердің табиғи болмысы қандай, мемлекеттің 

жауапкершілігі  және  көрсеткен  қолдауы  сынды  мәселелер.  Осыған  байланысты, 

ұғынатынымыз  –  «сөз  бостандығы»  дегеніміз  айқын  дегеннен  гөрі  даулы  мәселеге 

айналып  отыр,  сонымен  қатар  «мұсылман»  және  «лаңкес»  ұғымдарына  қатысты  – 

базбіреу  лаңкес  деп  қабылдайтын  адамды  басқа  біреу  үшін  бостандық  аңсайтын 

күрескер деп таниды. Сантос мейлінше кәсіби деңгейде көрсетіп отырғандай, жағдайды 

жаһандық  болашақ тұрғысынан түсінуге талпыну керек. Тек ұлттық мемлекеттер жүзеге 

асырып  отырған  және  айтарлықтай  көңіл  бөлінбейтін  оқиғаларды  әлемді  шарпып 

отырған зорлық-зомбылық пен экстремизм ылаңы контексінде анықтай алуымыз керек.  

Адам  өлтіру  мәселесі  әлеуметтанулық  талдауды  аса  қатты  талап  етуде,  алайда 

әлеуметтанушылар  қоғамдық  әлеуметтанушы  болуға  және  осы  салаға  араласу 

құлықты  болып  отырған  жоқ.  Бұл  мәселемен  күресу  мақсатында  Нира  Ювал-Дэвис 

қоғамдық  әлеуметтанушы  болудың  екі  жолын  көрсетеді:  бірі  –  қуғынға  ұшырап 

отырған  перифериялық  позициядағы  әлеуметтанушы,  екіншісі  –  Израильдің  жанды 

мәселелерімен  айналысып,  оларды  сынауда  аса  мықты  болған,  танымал  израильдік 

әлеуметтанушы  Барух  Киммерлингтің  мәртебесі.  Африкадағы  түйткілді  мәселелердің 

қайнаған  ортасында  жүріп,  Танзания  мемлекетіне  қаймықпай  сын  айтқан  және 

университет автономдығын көпшілік алдында қорғаған Исса Шивджи бейнесі белсенді 

ғалымды сипаттайды. 

Қоғамдық  әлеуметтану  міндетті  түрде  қауіпті  дегенді  білдірмейді,  бірақ  күрделі 

және  өзекті  болып  табылады.  Герберт  Доцена  БҰҰ  ауа-райы  өзгерісі  тақырыбындағы 

конференцияларға  белсенді  қатысып  жүр.  Дегенмен,  өтіп  жатқан  келіссөздердің 

тиімсіздігіне көзі жете отырып, ол түбегейлі араласуды талап ететін, дамып келе жатқан 

антикапиталистік  қозғалыстарға  назар  аударады.  Сонымен,    қоғамдық  әлеуметтану 

жергілікті  жерлерде  дамуы  тиіс  деген  маңызды  тұжырымға  келеміз,  мұны  Ариан 

Ханемайер мен Кристофер Швайдердің университетті көпшілікке қайтарған асханадағы 

кездесулері мен көпшілікті университетке қайтарған ашық есік дәрістері көрсетеді. 

Сонымен  қатар  Жаһандық  Диалогтың  бұл  нөмірі  үш  симпозиумнан  тұрады.  Чили, 

Уругвай, Колумбия, Оңтүстік Африка және Замбиядағы қалалық бейресми елді-мекендер 

мен  жер  иеліктері  туралы  мақалалар  топтамасы    ұсынылады.    Қарсы  қолданылған 

зорлық-зомбылыққа қарамастан, тұрғындар наразылығын тоқтатпады. Стихиялық емес, 

саяси ұйымдасқан осы іс-әрекеттер кейде сәтті, көбіне сәтсіз аяқталып отыр. Сонымен 

қатар,  біз  дін,  білім  мұрасын,  еңбек  және  әлеуметтік  мобилдікті  қалыптастыратын 

жаңа  демократиялық  жүйе  туралы  жазылған  бес  мақала  арқылы  Индонезиядағы 

әлеуметтанудың  жағдайын  барлаймыз.  Соңында  біз  Франциядағы  еңбектің  жаңа 

үш  үлгісіне  тоқталамыз,  олар  –  жаңа  үлгідегі  өндіріс  лабораториялары,  созылмалы 

аурулардың жұмыс орындарында тұрақталуы және еңбек, ақысыз көмек пен азаматтық 

белсенділік арасындағы айырмашылықты жоятын «мульти-белсенді қоғамның» үлгісі.

> Редакциядан

Жаһандық диалог Халықаралық Әлеуметтанушылар Ассоциациясының веб-



парақшасында ISA website 15 тілде ұсынылады

> Мақалалар 

burawoy@berkeley.edu

 атына жіберілуі тиіс



Қоғамдық әлеуметтанушы болу жолында

GD

 



5/ 1 / 2015  наурыз

Жаһандық диалог SAGE Publi-

cations ұсынған риясыз грант 

негізінде  жүзеге асып отыр

GD

Әлемге белгілі португалдық әлеуметтанушы 



және құқықтанушы Боавентура де Саус 

Сантос Шарли Эбдоны жаһандық болашақ 

тұрғысынан қарастырған. 

Өзінің солшыл көзқарастарымен 

кеңінен белгілі сыншы Иса Шифджи 

университеттердің Африкадағы рөлі туралы 

сұқбат береді.

Белгілі гендерлік әлеуметтанушы және құқық 

қорғаушы Нира Юваль Дэвис атақты израиль 

әлеуметтанушысы Барух Киммерлингпен 

қоғамдық әлеуметтанудың саналуан 

бағыттары туралы әңгімелеседі.



 

 3

GD



 

5/ 1 / 2015  наурыз



Редактор: Майкл Буравой.

Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо 

Бага. 


Редакциялық кеңес: Маргарет Абрахам, 

Маркус Шульц, Сари Ханафи, Винетта Синха, 

Бенджамин Теджерина, Роземари Барбарет, 

Изабелла Барлинска, Дилек Чиндыоглу, 

Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, Гуэлермино 

Жассо, Калпана Каннабиран, Марина Куркчян

Саймон Мападименг, Аблдул-мумин Саад, Айше 

Сактанбер, Сели Скалон, Саука Ширахасе, 

Гразина Скапска, Эвангелия Тастосоглоу, Чин-

чин Ю, Елена Здравомыслова.



Аймақтық  редакторлар:

Араб әлемі: Сари Ханафи, Мунир Сайдани. 

Бразилия: Густаво Танигутти, Андреза Галли, 

Ренато Баррета Претурлан, Анжела Мартинс 

Джуниор, Лукс Амарал, Рафаэль де Соуза, Бенно 

Альвес


Колумбия: Мария Жозе Альварес Ривадулла, 

Себастьян Виламизар Сантамариа, Андрес Кастро 

Арауджо, Катрин Гаэтан Сантамариа.

Индия: Ишвар Моди, Рашми Жаин, Прага 

Шарма, Джуотти Сидана, Нидхи Бансаль, Панкаш 

Бхатнагар.

Иран: Рейханех Жавади, Абдулкарим Бастани,  

Нияеш Долати, Митра Данешвар, Фаез 

Хаджесадех.

Жапония: Сатоми Ямамото, Хикари кубото, 

Таказуми Окада, Фума Секигучи, Казуки Уеяма.



Қазақстан: Айгүл Забирова, Баян Смағамбет, 

Гүлім Досанова, Жұлдыз Баталова, Алмагүл 

Нұрышева, Дәуренбек Күлейменов, Эльмира 

Отар.


Польша: Якоб Барщевски, Мартина Долорес, 

Мариус Финкельщтейн, Вероника Гаварска, 

Кинга Якиела, Джустина Косчинска, Прземислав 

Марковски, Миколай Миерзежевски, Каролина 

Миколайевска, София Пенза, Анна Вандцель, 

Джустина Зелинска.



Румыния: Косима Ругхини, Илеана – Синциана 

Сурду, Корина Брагару, Телегди Балаш, Адриана 

Бондор, Рамона Сантарагиу, Руксандра Иордаше, 

Михай Богдан Мариан, Ангелика Маринеску, 

Моника Надраг, Мадалин-Богдан Рапан, Алина 

Стан, Элизабета Тома, Елена Тюдор, Кристиан 

Константин Вере

Ресей: Елена Здравомыслова, Анна Кадникова, 

Ася Воронкова



Тайвань: Джинг Мао Ху

Түркия: Гюль Горбачиоглы, Ирмак Эврен

Медиа кеңесшілер: Густаво Танигутти, Жозе 

Регуэрa.


Шығарылым кеңесшісі: Aна Виллареал



Редакциялық алқа

> Осы номерде

Редакциядан: Қоғамдық әлеуметтанушы болу жолында

Шарли Эбдо: кейбір күрделі мәселелер

Боавентура де Соуза Сантос, Португалия

Қоғамдық әлеуметтанудың екі бағыты



Нира Ювал-Дэвис, Ұлыбритания

Сыни еліктірген өмір: Исса Шивджимен сұхбат



Сабато Нямсенда, Танзания

Капитализм VS климаттық әділеттілік



Герберт Досена, АҚШ      

Қоғамдық әлеуметтанулық тәжірибе

 

Ариана Ханемааэр, Кристофер Дж. Шнайдер, Канада



БЕЙРЕСМИ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ҚАРСЫЛЫҚТАР

 

 

Қалаға құқықты қорғау: Чилидегі халық қозғалысы



Симон Эскофиер, Ұлыбритания      

Уругвайдағы жаңа қоныстанушылар және саясат



Мария Хосе Альварес Ривадулья, Колумбия

Бразилиядағы баспанасыз жұмысшылар қозғалысының дамуы



Сибел Ризек пен Андре Далбо, Бразилия  

Оңтүстік Африкадағы кедейлердің қарсылығы



Пришани Найду, Оңтүстік Африка 

Замбия: Әлеуметтік қозғалыссыз қуылғандар

 

Сингумбэ Муиба,  Оңтүстік Африка

  



ЖҰМЫСҚА ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕГІ ҰСТАНЫМДАР

Fablabs және хакерлік кеңістік: жаңа мәдениеттің қалыптасу 

процесінде

Изабель Беррэби-Хоффман, Мари-Кристин Бюро, және Майкл 

Лелльмент,  Франция  

Мультимәдени қоғамдағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету



Бернард Фьюсьюлиер, Бельгия және Шанталь Николь-Дранкоурт, Франция

 

Жұмыстағы созылмалы ауру туралы келіссөз



Энн Мари Вазер, Доминик Луилье, Фредерик Бружей, Пьер Ленель, 

Гийом Уэ, Джоэль Мезза және Кэти Германд, Франция



ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

Индонезиядағы Демократия салтанаты

Люсия Ратих Кусумадеуи, Индонезия

 

 



Индонезиялық Жоғары Білімнің корпорациялануы

Каманта Сунарто, Индонезия

Индонезиядағы жұмысшылар қозғалысы және жұмысшы табы 

саясаты

Хари Нугрохо, Индонезия

Дін – құқықтық статусқа айналғанда



Антонио Кахьяди, Индонезия

 

Индонезияда әлеуметтік иерархиядағы мобилдікті ынталандыру



Индера Ратна Иравати Паттиасарани, Индонезия

2

4



7

10

13



16

18

20



22

24

26



28

30

32



34

36

38



  40

42


> Шарли Эбдо

кейбір күрделі мәселелер

Әлем көшбасшылары Париждегі Шарль 

Эбдо құрбандары құрметіне өткізілген 

шеруде.


Боавентура де Соуза Сантос, Коимбра Университеті, Португалия, 2014 жылғы ХӘА 

Әлемдік Конгресс бағдарлама комитетінің мүшесі

 4

GD

 



5/ 1 / 2015  наурыз

>>

Ш



арли  Эбдо  журналистері 

мен  карикатуристеріне 

қарсы 

жасалған 



кешірілмес 

қылмыс 


– 

аталмыш 


айуандық 

іске 


не 

итермелегенін,  оның  астарында  не 

жатқанын  және  қандай  алғышарттар 

болғанын, сонымен қатар оның ықпалы 

мен  болашақ  салдары  –  осы  оқиғаға 

«салқын-қанды» 

талдау 

жасауға 


кедергі  туғызады.  Дегенмен,  орын 

алған  оқиғаның  зардабы  балаларымыз 

оқитын 

мектепке, 



отбасымызға, 

институттарымыз  бен  санамызға  зияны 

тимеуі  үшін  бұл  арада  талдау  қажет. 

Ұсынылып  отырған  талдауда  кейбір 

пікірлер ортаға салынады.

Зорлық-зомбылық және демократия

Шарли  Эбдо  трагедиясы  және  2001 

жылдың 11 қыркүйегінен бері АҚШ пен 

оның  одақтастарының  жүргізіп  отырған 

лаңкестікке  қарсы  күрес  арасында 

тікелей байланыс бар деп айта алмаймыз. 

Бұл  белгілі  жәйт,  алайда,  Батыстың 

шамадан  тыс  агрессиясы  мыңдаған 

жазықсыз 

бейбіт 


тұрғындардың 

(негізінен  мұсылмандар)  өліміне  себеп 

болды және көптеген жас мұсылмандар 

зорлық-зомбылыққа 

ұшырады, 

ал 


оларға  қатысты  қолданылған  барлық 

шара  қитұрқы  сипатқа  ие,  бұған  жақын 

арада  АҚШ  Конгресінде  ұсынылған 

баяндама  куә  бола  алады.  Сонымен 

қатар белгілі болғандай, жас Исламшыл 

радикалдардың  басым  бөлігі  өздерінің 

әсірешілдігін жалпы зорлық-зомбылыққа 

қарсы  ашу-ызадан  туындайды  деп 

мәлімдейді.  Осыған  орай  біз  үшін 

қазіргі  кезде  осы  зорлық-зомбылық 

шиыршығын тоқтататын ең жақсы жолды 

іздеу және осыған жеткізген бүгінгі күнгі 

саясатты  әрі  қарай  жүргізу  мүмкіндігін 

қарастыру  ашық  мәселе  болып  қалып 

отыр. Францияның осы шабуылға жауап 

беруі  мемлекеттің  демократиялық, 

конституциялық  сипатынан  уақытша 

бас  тартуға  алып  келді.  Қылмыскердің 

мұндай  типін  түрме  мен  сот  әділдігі 

алдында  жауапқа  тартқаннан  гөрі  атып 

өлтірген  артық  және  осындай  мінез-

құлық батыс құндылықтарына еш қайшы 

емес  деп  болжанады.  Біз  интенсивтілігі 

төмен  азаматтық  соғыс  кезеңіне  бет 

алып  отырмыз.  Еуропада  бұдан  кім 

ұтады?  Әрине,  Испаниядағы  Подемос 

(Podemos),  немесе  Грециядағы  Сирица 

(Syriza) партиялары емес. 



Сөз бостандығы

Кез-келген  адам  үшін  сөз  бостандығы 

қымбат  тауар  болып  табылады,  бірақ 

оның да шегі бар. Ал ондай шектеулердің 

басым  бөлігі  жеке  бас  бостандығы 

шектеулі  кезде  шексіз  еркіндік  үшін 

күрескендердің  басына  түсетіні  ақиқат. 

Мұндай  мысалдар  көп:  Англияда 

демонстратор 

Дэвид 


Камеронның 

қолы  қанға  малынғандығын  айтқаны 

үшін  қамауға  алынады;  Францияда 

ислам  әйелдеріне  хиджаб  киюге 

рұқсат  етілмейді;    2008  жылы  суретші-

карикатурист  Сине  (Maurice  Sinet) 

антисемиттік 

мақаласын 

жазғаны 

үшін  Шарли  Эбдодан  жұмыстан 

шығарылады.  Бұл  –  шектеулердің  бар 

екендігін,  тек  олардың  түрлі  мүдделі 

топтар  үшін  әртүрлі  болатындығын 

білдіреді.  Мысалы,  Латын  Америкасын 

алатын  болсақ,  мұнда  басым  бөлігі 

олигарх  отбасы  мен  ірі  капиталдың 

қол  астындағы  БАҚ  бірінші  болып 

сөз  бостандығы  туралы  жар  салады. 

Солай  болай  тұра  медиа  прогресшіл 

үкіметтің  атына  кір  келтіре  отырып, 

оның 

аз 


қамтылған 

әлеуметтік 

топтардың 

жағдайын 

жақсарту 

мақсатында  жасалған  оң  істерін  жария 

етпейді.  Дегенмен,  Шарли  Эбдо  үшін 

Мұсылмандарды  карикатуралауда  еш 

шектеу  болмағандай  көрінеді,  тіпті  бұл 

карикатуралардың  басым  бөлігі  қазір 

жалпы  Франция  мен  Еуропаны  алып 

отырған  анти-иммигранттық  толқынды, 

Исламофобияны 

«азықтандырып» 

отырған  нәсілшілдік  насихат  ретінде 

«оқылуы»  мүмкін.  Сонымен  қатар 

Пайғамбарды әдепсіз қалыпта көрсеткен 

көптеген карикатуралары, атап айтқанда, 

біреуі  нақты  зерттелген  болатын.  Бұл 

жерде  Боко  Харам  жыныстық  қатынас 

құлы ретінде көрсеткен жүкті мұсылман 

әйелдері бейнеленген, олар қолдарымен 

дөңгеленген  іштерін  ұстай  отырып 

«Біздің  әлеуметтік  жәрдемақымыздан 

қолдарыңызды  тартыңыз»  деп  айқай 

салуда. Осылайша, бір карикатура Ислам, 

әйелдер  және  әлеуметтік  мемлекет 

атына кір келтіріп отыр. Енді ұзақ жылдар 

бойы осы редакциялық желі Еуропадағы 

ірі  мұсылман  қауымдастығын  жәбірлеу 

ретінде бағаланатындығы сөзсіз.  Екінші 

жағынан,  алайда,  Париждегі  айуандық 

қылмысты соттау тез арада жүзеге асты. 

Сондықтан біз жан-жақты деп танылған 

өмірлік 

құндылықтардың 

қарама-

қайшылығы 



мен 

ассиметриялығы 

туралы ойлануымыз қажет. 

Толеранттылық 

пен 

«Батыс 

құндылықтары»

Қылмыс 


тұрғысынан 

Еуропаны 

біріктіруші, 

көпмәдениетті 

ретінде 

қалыптастыруға  ешқайсысы  да  ықпал 

ете  алмайтын  екі  пікір  басымдыққа  ие. 

Екеуінің  ішіндегі  ең  сорақысы  –  ашық 

исламофобтар  мен  антииммигранттық 

мінез-құлықты ұстанушылар. Олар бүкіл 

Еуропадағы консерваторлар мен алдағы 

сайлауларда  кез-келген  жерде  құқығы 

үшін  қауіпті  сезінетіндердің  жақтастары 

(ол Грекиядағы Антонис Самарас сияқты). 

Бұл  ағым  үшін  Еуропа  өркениетінің 

жаулары  «өздерінің»  ішінде  –  олар 

бізді жек көреді, біздің паспортымызды 

қолданады  және  оларды  оқшауламай 

мәселені шешу мүмкін емес деген пікір. 

Бұл  жерде  антииммигранттық  көңіл 

күйдің  болуы  сөзсіз  еді.  Екінші  ағым 

толеранттылықты  жақтаушылар,  оларға 

«бұл  адамдар  бізден  өзге,  олар  бізге 

масыл,  бірақ  біз  мұнымен  келісуіміз 

керек»  деген  ой  тән.  Өйткені,  оларды 

ең  кем  дегенде  біз  пайдалана  аламыз; 

алайда  бұл  тек  олар  өздерін  қалыпты, 

сыпайы  ұстап,  біздің  құндылықтарды 

меңгерген жағдайда мүмкін.  

Бірақ  сол  айтып  отырған  «Батыс 

құндылықтары»  қандай?  Еуропа  ішінде 

және  одан  тысқары  жерлерде  осындай 

құндылықтар  үшін  жасалған  қатыгездік 

көптеген  ғасырлардан  кейін  –  отарлық 

зорлық-зомбылықтан  екі  дүниежүзілік 

соғысқа  дейін  –  сақтық  деңгейі  мен 

осы  мәселе  жайында  ұзақ  ойлану 

басымдыққа ие (аталмыш құндылықтар 

қандай  және  олардың  кейбірі  неліктен 

контекстке  тәуелді  екендігін  анықтау 

орнына).  Мысалы  ешкім  еркіндік 

құндылығына 

күмән 

келтірмейді, 



бірақ 

теңдік 


пен 

бауырластық 

туралы  олай  айту  мүмкін  емес.  Бұл 

екі  құндылық  дүниежүзілік  соғыстан 

кейінгі  демократиялық  Еуропадағы 

жалпыға  ортақ  игілік  мемлекетінің 

негізгі  болып  табылады.  Алайда, 

соңғы  жылдары  жоғары  деңгейдегі 

әлеуметтік  интеграцияны  қамтамасыз 

ету  үшін  пайдаланылатын  әлеуметтік 

қорғауға 

қатысты 


консерватор 

саясаткерлер  күмәндануда  және  қазір 

ол  оңшыл  не  солшыл  басқарушы 

партия  үшін    қолжетімсіз  нәрсе  ретінде 

көрініп  отыр.  Бүгінгі  күні  әлеуметтік 

дағдарыс,  әсіресе,  жастар  арасындағы 

әлеуметтік 

қорғаудың 

нашарлығы 

және  жұмыссыздық  деңгейінің  өсуімен 

тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондай-

ақ  ол  жұмыссыздықпен  қатар,  әсіресе,  

этникалық  немесе  діни  кемсітудің 

құрбаны  болған  жастар  арасындағы 

радикализм отына май құйғандай болып 

отырғандығы да рас.  



Өркениеттер  емес,  Фанатизмдер 

қақтығысы

Қазір  біздің  куә  болып  отырғанымыз 

–  өркениеттер  қақтығысы  емес,  себебі 

Христиан  және  Ислам  өркениетінің 

тамыры  бір.  Олардың  кейбірі  бізге 

жақын бола тұрса да, біз бүгін фанаттар 

арасындағы 

қақтығыспен 

кезігіп 

отырмыз деп айта аламыз. Тарих көрсетіп 

отырғандай  фанатизм  және  олардың 

қақтығысу жолдары ұдайы элиталардың 

экономикалық және саяси мүдделерімен 

байланысты  болады.  Қақтығыстардың 

ауыртпалығын  көтеруге  мұқтаж  жаяу 

әскер  сынды  бұқара  үшін  фанатизм 

ешқашан  пайдалы  болған  емес.  Еуропа 

мен оның ықпалында болған жерлердегі 

крест  жорықтары  мен  инквизиция, 

отар  халықтарды  евангелизациялау, 

Солтүстік  Ирландиядағы  діни  соғыстар 

 5

GD



 

5/ 1 / 2015  наурыз

>>


 6

GD

 



5/ 1 / 2015  наурыз

мен 


шиеленістерді 

мысал 


етуге 

болады.  Еуропадан  тыс  жерлерде  дін 

ынтымақтастырушы ретінде ұсынылады, 

Буддизм  Шри-Ланкадағы  Тамильдік 

азшылықтың 

мыңдаған 

мүшелері 

өлімін  заңды  деп  тапты;  2003  жылы 

Хинду фундаменталистері Гуджараттағы 

Мұсылман  халқын  өлтіріп,  осы  жердегі 

Президент  Модидің  билік  басына  келу 

ықтималдығы  қорқыныш  пен  үрейді 

одан  сайын  күшейте  түсті;  Израильдің 

Палестинада 

этникалық 

тазартуды 

жүргізуінің  жазаланбауы  және  Ислам 

Мемлекетінің  Сирия  мен  Ирактағы 

мұсылман  халықтарын  қанауы  тағы  да 

діннің үстемдігін орнату үшін жұзеге асып 

отыр.  Көпмәдениетті  Еуропада  шексіз 

секуляризмді  қорғау  экстремизмнің 

түрі  болуы  мүмкін  бе?  Экстремизмдер 

бір-біріне  қарсы  ма?  Олар  бір-бірімен 

байланысты  ма?  Жихадшылар  мен 

батыстың  құпия  қызметтері  арасында 

қандай  қарым-қатынас  бар?  Қазір 

лаңкес ретінде танылып отырған Ислам 

Мемлекетінің  жихадшылары,  бұрын 

Каддафи мен Ассадқа қарсы еркіндік үшін 

соғысқандар ма? Батыстың одақтастары 

болып табылатын Сауд Арабиясы, Катар, 

Кувейт  және  Түркия  Ислам  Мемлекетін 

қалай  қаржыландырылып  отыр?  Бұл 

жерде  енді  дәйек  ретінде  қалатыны, 

соңғы  онжылдықтарда  кем  дегенде 

барлық  фанатизм  атаулының  (ислам 

фанатизмін  қосқанда)  құрбандарының 

басым  бөлігі  фанат  емес  мұсылман 

халықтарына тиесілі болды. 



Адам өмірінің құндылығы

Аталмыш 


құрбандар 

арқылы 


еуропалықтардың  абсолютті,  сөзсіз 

өшпенділігінің 

өршуі 

оқырманды 



мынадай сұраққа итермелейді – неліктен 

олар осындай өшпенділік осыған ұқсас, 

мүмкін тіпті Шарли Эбдо трагедиясымен 

тамыры  ортақ,  әртүрлі  шиеленістің 

кесірінен сансыз адамдар өмірі қиылып 

жатқанда  көрсетілмейді.  Дәл  сол  күні, 

Йемендегі  жарылыста  37  жас  азамат 

қаза  тапты.  Өткен  жазда  Израильдің 

шабуылы 

2000 


палестиналықтың 

қазасына  себеп  болды,  оның  ішінде 

1500  бейбіт  тұрғын  мен  500  бала 

бар.  Мексикада  2000  жылдан  бастап 

баспасөз  бостандығы  үшін  күрескен 

102  журналист  өлтірілді  және  тағы 

да  Мексикада  2014  жылдың  қараша 

айында  Айотзинапада  (Ayotzinapa)  43 

жас бүлікші қаза тапты. Әрине, бұл жерде 

туындайтын  ой  саналуан,  Христиан 

мәдениетіндегі  ақ  еуропалықтар  өмірі 

еуропалық еместер не мәдениеті басқа 

дінмен,  басқа  аймақпен  байланысатын, 

басқа  түсті  еуропалықтар  өмірінен 

артық 

дегенді 


білдірмейді. 

Бұл 


соңғылары  еуропалықтардан  шалғай 

жерлерде  тұрады  немесе  олармен 

таныс болмағандықтан дегенді білдіреді 

ме?  Екінші  жағынан,  жақыныңды  сүй 

деген  христиандық  қағида  осындай 

айырмашылықтарды 

қамтамасыз 

етеді  ме?  Әлде  ол  Батыстағы  ірі  медиа 

мен  саяси  көшбасшылардың  сол 

басқаларға  келтірілген  қайғы-қасіретке 

немқұрайлылығы ма?

Хаттарды  Боавентура  де  Соуза  Сантосқа 

жолдауға болады <

bsantos@ces.uc.pt

>



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал