Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет8/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 54 


Фатима!

Хаттарыңды алғанға бірнеше күн болса да, госэкзамен 

кездері кешеңдеу жауап жазылып отыр.

Хабарларың ұнады. Әсіресе жағдайларың жақсы болған 

тәрізді. Екі жарым айға өзің қоса қалғаның ақыл болған. 

Сенен телеграм келісімен мұнда министрмен сөйлесіп, 

санаторийға орналастыруға сол күні телеграм бергізгемін. 

Ол санаторий Мұратты ақшасыз тегін алмақ болатын. 

Сен ол жайды неге анықтап жазбағансың? Өзіңмен бірге 

тұратын санаторийға бермедің бе? Болмаса оны сонда “емі, 

күтімі дәл болсын” деп берсең де, өзің бөлек жайда бас-көз 

болу үшін жай тұрсаң нетуші еді? Тек өз қолыңда тұру сана-

торий жағдайымен, еммен бірдей бола ала ма? Бұл жайла-

рын толық түсіне алмадым.

Сол телеграм бұдан берілгенінен кейін, бір жұмадан 

соң үйлеріңе телефон соғып ем, әйел балалардың бірі 

сөйлесті. Ильфа

1

 ғой дедім. Ол сенен хабар ала алмағанына 



қиналатындарын айтты. Мен бұдан телеграм жіберілгенін 

білдірдім. Осы күні хабарларыңды алған, білген болар. 

“Шомыламыз, балық аулаймыз, Мұратай бір нәрсе жазып 

жүр” деген хабарлардың бәрі көңілге жайлы, жақсы тиеді. 

Ал ақша жағынан айтқандарың бар екен, оның да негізі 

дұрыс тәрізді.

Анығында, биыл облигация қайтадан көбейіп кетті. 

Жақында барып кассадан ақшадай сендерге қанша тиетінін 

білейін. Анығында, қазір сол 2500-ден артпауы мүмкін. Мен 

ертеде бір сен айтқан ретпен облигацияны бекер жіберіппін. 

Ақшадай сол 3300-ді толықтырып тұрармын. Ал менің 

қызмет жайым әлі өзгерген жоқ. Екі жерде жарты ставкадан 

аламын. Оның МГУ-ін сентябрьден бастап қалдырмақпын 


88

(босаймын). Екі қалада істеу жеңіл емес. КазГУ де әзірге 

ғана, келер жылда да тек жарты ставкада боламын. Қызметі 

жазушылыққа қалың бөгет болғандығынан мүлде босанып 

шығу мақсатым бар. 

12 мың деген өзіңнің асыра сермеуің болар. Бес мыңды 

бердім ғой бас-аяғын түгендеп. 3300-ден келтіремін. Одан 

бір азғантай артық болса, күзде жыл аяғына жақын кітабым 

шығуымен ғана байланысты қосармын. Санын сен бай-

ламай, өкшелемей сабыр ет. Жақсылап демалыңдар. 

Мұратайды жазып ал, өз қаражатын өзіне ұстай түс. Сен әлі 

оған ауыса қойған жоқсың. Мөлшер мәлім ғой ... мазасыз 

емес, мазалы, жайлы хат жаз. 

Мұхтар.


1

 Жансүгірова Ильфа Ілиясқызы.



М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 55        

17.ХІ.48 ж.

Фатима!


Мұратайды жібергеніңе көп рақмет айттым. Басында 

ойда жоқта түн ортасында келгенде мәні-жөнін ұға алмай, 

бұ не боп қалды екен деп қалып ем.

Сен телеграм беріп, хат-хабар етсең де бір сәрі еді. Бірақ 

артынан бұл жіберісіңді аса жақсы ұғындым да, жақсы 

бағаладым. Бұндағы Ернар деген кішкене інісі, үйде шешесі 

жоқ болған соң, бассыздау, тентектеу еді. Екеуі бірде 

тату, бірде қағысып қап жүрді. Мен екеуіне де сендер бір 

туғансыңдар, екеуің де менің баламсың, екеуің тату болсаң, 

жақсы көрем, біріңді бірің жақсы көр деп көп айттым. 

Бірге суретке түстік, жақында әзір болған соң жіберемін. 

Науқасын больницада жақсы қараттық. Анализ, прививка, 

просвечивание – бәрі болды. Өкпесі сау. Жөтелі бұрынғы 

гриптің қалдығы дейді. Дәрісін әпердім.

Мұратқа Ғұмар екеуміз көктемде барамыз деп уағда 

бердік. Жер кебісімен бармақ ойымыз бар. Қазір машинаға 

Қордай қиын, қауіпті, сондықтан қыс қатынаса алмай-

мыз. Сен көктемге шейін тоқтамастан семіре бер, мен сенің 



89

семіздігіңді сүйемін, Хуппи

1

 жеңгейдің келгеніне қатты 



ырза болдым. Мұратайдың ол кісі де қамқор анасы екен. 

Көзім жетті. Бар балаңа сәлем. 

Сүйдім. 

Мұхтар.


1

 Хуппи – Фатиманың нағашы апасы.



М. Әуезов – Ф. Ғабитова мен М.М. Әуезовке 

№ 56       

19.V.50 ж.

Мұратай, Фатима!

Жақсы күн құтты болсын. Мұратай, оқуды азамат боп 

бітіргеніңе қуанамын. Қайырлы болсын.

Мұғаліміңе киім жібергем жоқ, басқа лайық сый 

жібердім. Осы күнде мұғалімге киім сыйлау ұят болар еді. 

Бұрынғы молда мен бай емеспіз.

Прибор сыйласа – орынды, осыны беріңдер және үш 

кітап жібердім. Аттарын білмегендіктен мен сөз жазбадым. 

Оны Мұратай өзі жазсын. 

Сәлеммен, Мұхтар.

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 57        

12.06.50 ж.

Фатима!


Мұратайлар барған соң жазған хатыңды алғамын. Ырза 

болып жазғандарыңа мен де ырзамын.

Бүгін Мәскеуге жүргелі отырмын. Жаңа жылдың басы-

на шейін сол жақта боламын. Азатты көремін. Айтқандарың 

дұрыс, қолдан келген жәрдемді етемін. Мынау Мұратаймен 

біздің түскен суреттеріміз. Мұрат күліңкіреп тыныш тұрмап 

еді, онша жақсы түспепті. Өзіне толық ұқсаңқырамай 

шығыпты, жалпы жаман сурет емес. Ағасы мен інісі Ернар-

дан ескерткіш болсын.


90

Ноябрь ақшасын әзір жібере алмай кеттім. Және 

Мәскеуге аз ақшамен барамын. Саған бүгін перевод етемін 

деп бұдан жалақы алам ғой деп ем, ала алмадым. Бір айдың 

жалақысын түгелімен бере алмай отыр кеңсеміз.

Орайы толық келсе, Мәскеуден жіберем, болмаса, 

ренжімей қайтқанымды тоса тұр. Екі айды бірден жіберем. 

Өзіңнің хатыңа ырза болдым. Уәделі мырза құшағыңа 

әсіресе ырзамын. Сүйдім.

 Мұхтар.


...тәтеңе, Мұратайға, балаларға көп-көп сәлем. 

Мұратайды көп сүйдім.



М. Әуезов – М.М.Әуезов пен Ф. Ғабитоваға 

№ 58


Мұратай, Бәтима!

Сендер білмейтін шығарсың, мен 2-июньнен бері боль-

ницада жатырмын. Жеңіл операция жасаттым. Бірталай 

ауырдым. Енді бір жұмадай жатамын. Осы хатпен әдейі 

науқасымды білдірмекпін. Болмаса Мұратайды шоферді 

жіберіп алдырып, далаға шығармын деп ем. Ернар да әлі 

больницада, тәуір болып келеді. Соңғы хатыңды алдым, 

больницада алдым. Ырза болдым, Бәтима. Солай болсаң әр 

кезде оңай ұғысамыз. 

Мұхтар.


М. Әуезов – М.М. Әуезовке 

№ 59       

28.ХІ.1953 ж.

Мұратай!


Мен сені енді ержетті, есі кірді деп, менің кітабымды 

оқитын, білетін кезі де жетті деп “Абайды” жіберіп отыр-

мын. Асықпай тәтеңмен бірге оқып біліп ал. 

Папаң.


91

М. Әуезов – К. Оразалинге 

№ 60


Қымбатты Кәмен!

Мынау Мұрат Әуезов – менің туған балам. Москва 

университетінде оқушы еді. Қазір жазға Семейге, содан ары 

Абай ауданын – әкесі туған жерді, елді көруге бара жатыр. 

Өзіне саған, Балташқа бар дедім. Осыны ауданды аралатып, 

елді, жерді көрсетіп, танытуға өзің бар, Балташ бар, көмек 

етулеріңді сұраймын. Өзім сен өз үйіңе түсірсең деймін.

Мен ауырып Москвада больницада жатырмын, жайым-

ды Мұрат айтар. Үйіңе көп-көп сәлем. 

Мұхтар Әуезов.

Елдегі бар ағайынға мың сәлем. Балташтікіне жайды 

ұғындырып өзің алып барарсың.



М. Әуезов – М.М. Әуезовке 

№ 61       

30.ІІІ.1954 ж.

Мұратай, айналайын алтын балам!

Денің сау, оқуды оқып жүрсің бе? Мектептегі әлеуметтік 

қызметің өрге баса ма? Мен Москвада тұрып жатырмын. 

Июнь айына дейін осында боламын. Содан соң Алматыға 

барғанда жазғы планды ақылдасып шешеміз. Сен жақсы 

оқып, сау, сұлу, мықты боп өсе бер. Көп сүйдім. 

Ағаң.


М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 62       

15 ноябрь 1954 ж.

  

Фатима!



Амандығынды есіттім. Айтқан сәлеміңе де қандым. 

Ақша жібермейді деп ренжіпсің. Мен саған февральдің 

аяғында бір мың сом жібергем, ол январь, февраль айла-


92

ры үшін болатын. Әлилаға квитанцияны көрсеттім. Оны 

жіберумен бірге өзіңе телеграм да жібергем. Ақшаны алған 

боларсың, алмасаң жазсаң етті. Немесе Әлилаға алғаш 

жіберген мың сомын алдым десең нетуші еді. Егер осы күнге 

шейін алмасаң, осыны алысымен хат сал, мен мұнда сұрау 

саламын, табамын. Енді сенің айтқаның бергі айлар бол-

са, рас, март, апрель ақшасы әлі жіберілген жоқ. Оны сен 

ескертпей-ақ, Әлила келместен бұрын да өзім қатты ойлап 

жүрем. Осы Әлила келер алдында 20 күндей больницада жа-

тып қалдым. Ақша да, қам да сондықтан мезгілді бола алмай 

қалды. Енді біраз күндер ішінде (бір жұма, не он күн шама-

сында), не қылсам да жіберемін, май айын қоса жіберем. 

Мың жарым сом жібермекпін. 

Әнеугі жазған ашық хатта айтып ем, тегінде, екі-үш ай-

дан қосып жіберіп тұрармын деп. Үйткені ай бас сайын 

белгілі санмен бір адреспен жіберіліп тұрған ақша көзге 

түскіш, сезікті бола ма деймін. Себеп сол ғана. Болма-

са саған беретін айлық қаражатқа менің ешбір жалтағым 

да, қиянат өтірікшілігім де болмайды. Оны тіршілік болса 

көрерсің, көзің жетер. Бір-екі ай ақысы кешіксе, оған қарап 

қорытынды жасама. Ренжігіш, өкпеші қорытынды жасама.

 Онан соң бұл жолы мың жарым сомды Әлиланың атына 

жібермек боп уәделестім. Кейде солай болып адрес ауысып 

отырсын. Ол өзіңе хәлетсіз табыс етеді. Тапсырдым.

 Тағы бір сөз, осы жәйімізді бір жолдастарыма айтып-

ты. Онысы қалай дегендей бопсың. Бұл кім айтқан сөз? 

Мен әлі күнге бірде-бір жанға бір ауыз айтып көргенім жоқ. 

Есіңде болсын, мен бұдан былай да оны айтпақшы емеспін. 

Хатыңда жазыпты дейсің. Онда жаңсақ ұққан боласың, мен 

ол сөзді саған жазғаным жоқ. Баласын жақсы көреді дейді 

Әлила, бұған қуандым, тек аман болсын, сау боп өссін. 

Өзіңе де амандық, саулық тілеймін.

Кейде ашық хат жазам, оның себебі ашық хат бүгінгі  

поштада жылдамырақ жүреді. Анада жіберген мың сомның 

квитанциясына жаңа қарап ем: №504. Өзін январьдің 12 

күні жіберіппін, телеграммен...

Қош, сүйдім. 

М.


93

Мынау жіберем деген мың жарым сомды Әлиладан 

жіберсем жақсы болар еді, бірақ банк май алдында бермей, 

тиетін ақшам тимей бөгеліп, ақшасыз болып қалдым. Бірақ 

халет қылмаймын, өкпелемей тұра тұр.

М. Әуезов – М.М. Әуезовке 

№ 63


Алтын балақайым Мұратай!

Мен ноябрьде болатын жазушылар съезінің жұмысына 

шұғылданып, осыдан тығыз тапсырма алып, соның соңында 

отырып қалдым. Әзірше Алматыға да қайтпаймын, басқа 

жаққа да съезд өткенше бармаймын.

Біздің съезд 25 ноябрьде болады, мен Алматыға, тегі, 

Жаңа жылға қарсы қайтармын.

Саған, әсіресе Азат

1

 туралы мамаң екеуіңе жазғалы 



 

отырмын. Мен саған форма сатып алып жібертейін деп едім. 

Соны сатып алуды, почтамен жіберуді Азатқа тапсырайын 

десем, ол келмейді.

Мен бұнда келгелі 25 күн болды, содан бері бір-ақ рет те-

лефон соқты, келем деп уәде қылды, бірақ әлі келген жоқ.

Университеттің кафедра бастықтары да Азат келмейді, 

қайда жүр, мәлім емес дейді. Өзінің мәселесі университет 

тарапынан жақсы жайда. Бұдан ұсыныс жасап, министер-

стводан рұқсат тосып отыр. Соңғы заңдар бойынша ВУЗ-

ды бітірген соң екі-үш жыл істеп келіп қана аспирантураға 

түсуге болады, сол себепті Азаттың бітіргеніне бір-ақ жыл 

болғаннан МГУ жоғарыдан рұқсат сұраған. Бірақ рұқсатын 

аламыз деп сеніп жүр. Өзін маған прикрепить етпек руко-

водство ретінен.

Ал осы халді Азат рұқсат тосуда күдіктенбесін деп 

әнеугіде телефонмен сөйлескенде сенімді қып айтқан едім. 

Бірақ көрінбей кетті.

Енді маған, Мұратай, сенің размеріңді айтып жа-

зып жіберіңдер. Бұнда кіші балалар формасы оңай табыл-

майды, үлкенірек, жоғарғы класс балаларынікі бар дейді. 

Сенің қалпағың 58 бе екен? Размерің китель 42-43 пе, бок 

1-нші ме, екінші ме? Осыларды анықтап алып жіберіңдер 


94

және Азатқа тапсырыңдар, менен тапсырма алып, посылка 

жіберсін. Мамаңа көп сәлем.

15 ноябрьде Москваға В.Н. келмекші. Маған хатты: Мо-

сква, Воровского, 52, Союз писателей. Бюро нац. комиссии, 

для меня... деп жазыңдар.

Гостиницада айға жуық тұрып қалдым. Адрес ауыс-

тырам, сол анықталғанша мынау постоянный адреске 

жазыңдар. Мұратай, оқуың қалай, толық жаз. Сүйдім, 

мамаңа көп сәлем! 

М... папаң.

1

 Сүлеев Азат – Фатиманың алғашқы жолдасы Б. Сүлеевтен туған 



баласы.

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 64        

23.ХІ.1954.

Фатима!


Көп сәлем. Әнеугі бір хатыңдағы күдіктерің жөнінен тағы 

бір ауыз сөз айтайын деп ем. Сен жауаптарыңды айтып ең 

ғой. Біз болсақ, одан бұрынғы 27 жылда көңілмен табысқан 

адамдар емес пе ек? Осыдан бар жауап та, шындық та туа-

ды ғой. Балалар болса реніш, кейіс көрген жоқ – бұның бәрі 

қиянат емес, өмірлік дәл шындық қой. Шындықтан тура, 

орынды және әділ хал бола ма? Соны алдыма салсаң салқын, 

әділ ойлы адам ұғынбасқа жол емес. Осыны ескертейін деп 

едім. Мен Жаңа жылға қайтамын. 25-нде жазушылар съезі 

бітеді. Сол күні шығам деген ниетім бар.

Қош, М.

М. Әуезов – М.М. Әуезовке

№ 65      

23.11.1954. 

Москва


Айналайын Мұратай!

Азат жіберген посылканы енді алған боларсыңдар. 

Белдік жібермепті. Ал Москва балалары сенікіндей түймелі 


95

китель кисе, белдік тақпайды. Күздігүні көшеде сондай 

жүргендерін көрдім.

Өзің жақсылап оқып, ақыл мен білімді көп жия бер. Мен 

сенің сондай алтын бала, асыл азамат болатыныңа сонша 

сенем де, көп-көп қуаныш етем, жаным.

Маған хат жазсаң, Союз писательге национальная ко-

миссия атына жаз, гостиницадағы адрес ауыса береді. Қош, 

көп-көп сүйдім. 

Папаң.


М. Әуезов – М.М. Әуезовке

№ 66        

28.VІ.1955.

Мұратай!


Тәтең жазған хаттан жәйіңді жақсы ұғындым, қуанамын. 

Мықты боп сауығып шығасың деп көп сенемін. “Бура-

бай” деген маған арнаған сый-сарқыт әкелсең, мен барын-

ша шат болып қарсы алармын өзіңді. Ең алдымен саулық, 

саулық... Әсіресе ең көп күтетін, сене күтетін қуанышым 

сол болмақшы. Қайық, балық, шомылу – бәрі де мені 

де соншалық қызықтырады. Солайша уақытты көңілді, 

қызықты өткізіңдер. Әсіресе әуеде, әуеде көп болыңдар. 

Сондайдан күнге күйіп, жел қағып қара шұнақ, қып-қызыл 

нарттай балғын бала боп келуіңді тосамын. Күздігүні да-

лада көп жүріп қорықтық (сондай қойшылар істеп ішетін 

сүт тамақ болады, тәтең айтып берер) ішіп, қыза бөртіп 

семіретін жас қойшылар болады. Дәл сондай боп келсең деп 

күтемін.


Хат жаз, суға жүзуге (малтуға) жақсы үйренсең, аса 

қымбат табыс болады. Қош, айналайын алтын балам. 

Сүйдім.

 Ағаң.


96

М. Әуезов – М.М. Әуезовке

№ 67        

5.ХІІ.1955.

Мұратай, жан балақайым!

Аман-сау жүрмісің? Денсаулығың мықты, жақсы 

ма? Денің сау болса, оқуың жақсылығыңа сенемін. Мен 

Москваға ноябрьдің 10-да келіп, 15-де больницаға түсіп 

едім. Қазір, міне, 20 күн болды больницадамын. 18 ноябрь 

күні операция болған. Ол жақсы, дұрыс боп өтті. Сонымен 

енді қазір тұрып, жүре бастадым. Енді 5-6 күнде больница-

дан шығамын. Бірақ профессордың бақылауында бір ай бо-

луым керек. Сол үшін январьдың ортасына шейін осында 

тұра тұрам. Больницадан шығып, гостиницаға орналасқан 

соң саған тағы хат жазып, адрес айтамын. Сен маған жауап 

жазасың. Өз жөніңді, тәтең туралы жазарсың. Мектебіңде 

не жаңалық бар, өзің қандай спортпен шұғылданасың, оны 

да айтарсың. Тәтең Тәшкенге бармақ еді, барып қайтты ма, 

оны да жаз...

Ал әзірше қош, жаным. Көп-көп сүйдім. 

Папаң.


М. Әуезов – М.М. Әуезовке

№ 68       

15 апрель 1957. 

Москва


Айналайын Мұратай!

Мен Алматыдан жүрер алдында өте тығыз жұмыстар, 

жиналыстар болып, сенімен көрісе, сөйлесе алмай кеттім. 

Бірақ тәтең оқу туралы ойлану керек, төрттері көбірек де-

генмен, сенің жақсы тапсыратыныңа сенгемін.

Төрттер жоққа тән, азамат боп шықтың деп сенемін. 

Аз күнде Алматыға қайтамын, сонда жақсылап көрісіп, 

әдемілеп әңгімелесеміз. Жақсы оқы, жақсы ойлап ақылды

алтын ұлым болып өс, жаным.

Сәлеммен, ағаң. Тәтеңе көп сәлем айт.



97

М. Ауэзов – М.М. Ауэзову

№ 69       

20.VІ.1957.

Муратай милый мой!

Поезжай сейчас с Ваней в “Медеу”. Путевка на 12 дней 

до 1 июля. Когда подойдет время, т. е. к 30 июля, я прие-

ду сам и постараюсь еще продлить на полмесяца, если толь-

ко понравится тебе там. Ну езжай, поправляйся, твой Папа. 



М. Ауэзов – М.М. Ауэзову

№ 70     

1 апреля 1959 г.

Муратай!


Здесь рассказывают о порядках получения в загсе метри-

ки. Оказывается, загс не выдает на руки человеку, а посыла-

ет по запросу загса другого по месту жительства гражданина. 

Тебе надо взять ходатайство от своего загса (своего райо- 

на, его адрес) и привезти в Мерке обязательно эту бумагу.

Я написал письмо (отношение) записку пред. райсовета. 

Если пригодится, используй и это. О перемене фамилии на 

мое имя нужно через милицию особо, об этом после. Сейчас 

возьми только метрику, какую по закону они должны дать 

там тебе, или отправят в загс вашего района по представлен-

ному тобой отношению от вашего загса. Оставляю для тебя 

и паспорт свой. Целую.

 Папа.

М. Ауэзов – Председателю Меркенского райсовета

№ 71      

1 апреля 1959 г.

Товарищу председателю Меркенского райсовета!

Настоящим своим обращением в райсовет я прошу со-

действия Вашего на получение моим сыном Ауэзовым Му-

ратом в загсе г. Мерке метрического свидетельства о его 

рождении (необходимо для его поступления в вуз) – пер-

7–1184


98

вичное метрическое свидетельство было утеряно. Он впи-

сан в мой личный паспорт как Ауэзов, а мать Габитова. Про-

шу указания на основе первичных данных загса дать метри-

ческое свидетельство на фамилию Ауэзов.

Писатель, академик, 

депутат Верховного Совета КазССР Ауэзов.

г. Алма-Ата.

№ 72      

17.VІІІ.1959 г.

Дорогой Исеке!

Я обращаюсь к Вам с великой просьбой помочь моему 

сыну Ауэзову Мурату с его оформлением в МГУ – Институт 

восточных языков при МГУ. 

Он сдал все экзамены на отлично, и хорошо только по 

р.языку. Но он принят по решению приемной комиссии, 

зачислен в Алма-Ате в МГУ и об этом имеет направление  

Совмина КазССР. Однако в этом направлении указан МГУ, 

но не назван Институт восточных языков при МГУ. Так на-

писали в нашем Совмине, не уточняя факультеты, все на-

правления этого года, и если получатся недоразумения, 

осложнения из-за этого у вас, при постпредстве у Сулейме-

нова или Бакирова есть копия приказа М.В.О. СССР с при-

ложением. Там указано о представлении пяти мест в Ин-

ституте восточных языков для казахстанцев, и Ауэзов Му-

рат едет как принятый именно в этот институт.

Я прошу Вас, чтобы в случае недоразумений Ваши това-

рищи уладили бы этот вопрос и помогли беспрепятственно-

му принятию в институт данного студента-новичка.

С дружеским приветом, Мухтар Ауэзов.



99

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға

№ 73     

1959 жыл 17 ноябрь. 

       Мәскеу

Фатима!

Амандық сәлем жолдайын. Мен қазір Мәскеудемін, енді 



аз күнде шет елге жүрмекпін. Шамасы, Жаңа жылға қарсы 

Алматыға оралармын.

Әзірге айтар жайым Мұрат жөнінде. Оның дені сау, 

менімен жиі көрісіп келіп тұрады. Бір күн өзім машинамен 

тұратын жеріне – Черемушкийге апарып салып, үйлеріне де 

кірдім. Төрт студент бір бөлмеде, бөлме үлкен, жап-жайлы, 

таза.

Сабағы жақсы басталған тәрізді. Маған қытай 



иероглифтерін жазып та көрсетеді, сөйлеп айтып .......... 

жақсы меңгеріп келе жатқан сияқты. Өзі бұл мамандығын 

аса ұнатады, ол ең жақсы белгі. Аман болса, 2 жыл осын-

да оқытып, қытайша тілге төселіп алған соң, қалған 3 жы-

лын Пекинге жіберіп, заграницада оқытсақ деген ойым 

бар. Сонда бұл ғылым саласына мейлінше жетігіп шығады. 

Студенттерді жыл сайын солай Мәскеу-Пекин арасында  

айырбастап алып тәрбиелеу дәстүрі бар. Сол ретте баратын 

болар. Институтта көп оқушы емес, онысы жақсы. Әр про-

фессор әр жеке студентке жақыннан көмек-жәрдем етуге 

оңай болады.

Мұраттың үстіне бірнеше жақсы киім әпердім. 2500-

ге пальто алды. Әрі күздік, әрі қыстық. Астарымен қара 

қаракөл жағасы бар. Керегінде олары бөлек алынатын болып 

тігілген. Күзде жаға салмай, мақталы астарды қабаттамай 

киеді. Күн суық болса, соларын қосып киеді.

Екінші жақсы көк костюм әпердім. Кешкі уақыттарда 

жиынға, театрға барса, кешкілік киім болсын дедік. Ақ 

көйлектері, галстук те бар. Әдемі қара бантик те алдық. Енді 

соларын түгел кигенде көркем, сыпайы, өнерлі жігіт болып 

шыға келеді.

Саушылығыңды көп ойла, бір жағынан демалыс, таза 

ауа, тәуір тамақ, спорт сияқтыдан да қол үзбе дедім. Соңғы 

әсіресе Мәскеу ауасында аса қажет.



100

Енді осы жайлармен байланысты саған айтарым мынау 

– сен алдағы декабрьден бастап жеті жүз емес, сегіз жүзден 

жіберіп тұрғайсың. Тек тамаққа күніне 20 сомнан 600 кетеді. 

Жүз – метро, трамвайға, кір жууға кетеді. Тағы бір жүз – те-

атр, кино, тәуір тамақ, усиленное питаниеге керек. Әзірге 

қатты тиын санап қинала жүреді екен. Кей күндер бір емес, 

екі жүріп қалатыны болады. Жексенбі сияқты демалыс 

күнінде өздері тұрған общежитиенің буфетінен тамақ ішсе 

де болар еді. Ол бірақ сәл қымбатырақ, мысалы, ертеңгі ас 

9-10 сом, ал ... 7 сом дейді. Қасында бірге тұратын шет жаста-

ры 900-ден алады, тамақты көбінше тұрғын жер буфетінен 

тәуір ішеді екен. Мұратай аса қысылмас үшін, сөйтіп айы-

на 800-ден жіберіп тұр демекшімін. Каникулдың алдында 

экзаменді ертерек беріп, Алматыға барып қайтам дейді.

Алғашқы жыл үйірсек, сағыныш та болар. Солай етіп ба-

рып қайт дедім. Мен қайтып үлгерсем, екеуміз бірге де ба-

рармыз. Әзіргі жайлар осылар, көп сәлем. Үмітке

1

 айрықша 



сәлем. Мұхтар. Ол Мұратайға қамқор екен. Онысын қатты 

ұнаттым.


1

 Жансүгірова Үміт Ілиясқызы.

№ 74  

25 июня 1961 г. 



Дорогая Фарида!

Сейчас я нахожусь в Москве, в Кремлевской больнице, 

лечиться буду, вероятно, долго, о подробностях расскажет 

податель сего – мой сын Мурат Ауэзов. Он студент МГУ, 

едет по заданию своего вузовского комсомольского коми-

тета читать лекции на популярно-научные темы. Я адресую 

его к Вам, помня нашу хорошую добрую дружбу с Вами. По-

могите, пожалуйста, ему организовать его неприхотливый 

быт (с гостиницей что ли) и чтобы ему дали почитать его 

положенные лекции. Кроме того, он хочет поехать на ро-

дину своего отца в Абаевский район. Очень прошу помочь 

ему в этой поездке с попутной машиной или посоветовать 

ехать другим транспортом, а в район написать кому следует, 

чтобы там его устроили, помогли ему повидать, что он хо-

чет. Есть там учитель, писатель Камен Уразалин, м. б., на-


пишите ему: очень-очень сожалею, что я в прошлом году не 

смог воспользоваться добрыми дружескими приглашения-

ми коллектива мясокомбината и общественности поехать 

на открытие надгробия Абая. Но поправлюсь от болезни, 

эту поездку совершу обязательно. Прошу Вас передать мой 

привет товарищам из обкома и облисполкома.

Крепко жму Вашу руку. 

С дружеским приветом, Мухтар Ауэзов.

Мой адрес: Москва, Кунцево, Загородная больница. 

4-го глав. управления Минздрава, хирургии отд. Мне.

P. S. Семей туралы, өзіңіз туралы аз сәлем хат жазып 

жіберсеңіз, үлкен сый, қадірлі сәлемдеме болар еді. М.Ә.



102


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал