Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет7/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 39       

04.ХІІ.42 ж.

Құрметті Фатима!

Ноябрьдің бас кезінде Разақтардың

1

 адресіне саған тап-



сырылсын деп бір хат салып едім, алған-алмағаныңды 

білмеймін. Сонда Венжирден жазған хатыңның әлі күнге 

тимегенін жазып ем. Ғажап хал, сондағы жазған хатың бүгін 

міне, декабрьдің 4-і күні больницаның ішінде қолға тиіп 

отыр. Осында Киевтің бір адамы больницада жатыр еді, 

соның әйелінен Венжир жіберіпті. Сен хат апарушы дос 

әйелім депсің. Ол айта ма, жоқ осы Венжирін біле алмайым.

Ноябрьде жазған хатымда соңғы кездегі жайымды, 

аурулығымды айтып ем. Екі жұмаға больницадан шығып, 

қайта жатам. Операция жасатам деп едім. Қазір 15 күннен 

бері операцияға әзірленіп жатырмын. Осы декабрьдің 7-сін-

де болмақшы. Декабрьдің 20-сына дейін жатармын деймін. 

Анау хатта босанысымен хат сал, союзға жаз, баланың кім 

болғанын айт деп ем және больницадан шығысымен ақша 

жіберем, өз адресіңді жаз дегем.

Қазір мынау сентябрьдің 28-інде жазған хатыңды оқып, 

жаман қиналып та, қысылып та отырмын. Сен соншалық 

көп бейнет көріпсің. Мен Разақтардың үйінде бір ай тұрды, 

орналасты, сыр алды, пәтер тапты, қызметке орналасты де-


75

ген хабарларды олардың хатынан естіп, одан әрі жайыңды 

біліп едім. Разақпен өзім жүз көріспей ұғысу қиын болғаны 

ғой. Әйелінен айтқан сәлем де түгел жетпес. Әлила келген-

де маған сенімен тәуір сөйлесіп, жайыңды ұққан кісідей ай-

тып еді. Барлық нәрсесі бар, бірақ тез қапалана береді де-

гендей еді. Жаман, жайсыз бір ауыз сөз айтқан жоқ. Менің 

жақыным деп жайды жақсы ұғынысқан кісінің түрін 

көрсетіп еді. Және онымен де бір-ақ көрістік, мен больни-

цада едім, соған шақырып алып, әдейі сенің жай-күйіңді 

сұрап ем.

Енді не де болса бейнет күй кейпінде қалған екен. 

Тұрмыс бір сабаға келген сияқты, саушылығыңа қуанамын. 

Балаң есен-сау болса екен деп үлкен үміт-тілек етем. Ертең 

бала болса, атын қарапайым, қазақша қоймай, өз атымдай 

кітапша қой. Меніңше, Хайдар қой деп ем. Кешікпеген бол-

сам, ертең бала болса, осы атты қой. Жақсылап өсір. Біз 

жас қыз бен жігіт емеспіз, қалған ұят адыра қалсын. Аяу- 

лы, қайратты, мейірбан ана бол. Тілесең ол қайрат та, ол 

жүрек те сенен табылады. Қанша ренжіп кетсең де, мені 

іштей жат көрмейтін, сыйлайтын және сүйетін де жүрегің 

барын сезгендей болдым. Хатың, жаңа ғана қиналып 

әлденеше рет оқып шыққан хатың соны баян етті. Шыны-

мен адамшылыққа, қайрат, сабыр, қасиетіңе барынша ырза 

болдым.

Сен жалғыз-ақ ызақорсың, ренжігішсің. Менің осы 



сөздеріме сенбей, өзіңше нашар жорысаң, амалым жоқ, 

қиналар едім.

Больницадан шығысымен 1500 сом ақша жіберем. Со-

дан әрі ай сайын 500 сомнан жіберіп тұрамын. Декабрьдің 

20-сынан қалдырмасқа тырысамын. Жіберуін содан 

кешіктірмеймін. Почта бөгесе, білмеймін. Әйтеуір больни-

цадан шыққан күні жіберемін.

Жақында Қырғызстан бір жиналыс болады деп мені ар-

найы шақырыпты. Айтуларынша, декабрьдің екінші жар-

тысында болмақ. Егер декабрьдің аяғында болса, опера-

ция дұрыс өтсе, өзім сапар жүруге жарайтын болсам, сол 

жиналысқа барамын. Онда қайтарда жолшыбай Меркеге 

соқпақпын. Бірақ мәселе ауруымда және жиналыстарымның 

кешең болуында. Егер 15–20 декабрьде болса, оған бара ал-



76

маймын. Осы жолға барып, сенің босанған халіңді көріп, 

балаңды өз көзіммен көріп-біліп қайтсам деген қатты 

құмартып ойлаған ойым осы. Больницаға ноябрьдің 20-сын-

да түскенде, декабрь ортасына шейін әбден жазылып шығам 

деп түсіп ем. Бірақ ауруым қайта ұстап, ауру үстінде опера-

ция жасамай, енді міне, әлі созып әкеп отыр. Осы қырсық, 

қатты қырсық боп тұр.

Фрунзеге декабрь аяғында баратын болсам, Разақтарға 

телеграм соғамын. Разақтың өзіне осымен бірге хат салдым. 

Әзірше қош. 

Сүйдім. М.

1

 Әуезов Разақ Омарханұлы (1885–1956) – Әуезовтің ағасы.



М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 40        

26.І.43 ж.

Құрметті Бәтима!

Хабарыңды Разақ пен Қапыш жазған хаттардан жаңада 

білген едім. Аман-есен айыққаныңа қуанышты болдым. 

Аты кім екенін әлі білмеймін. Кішкенеңнің өмірі ұзақ бол-

сын. Кеше ақша жөнінде берген телеграммыңды алдым. Дәл 

осы уақытта ақшадан шылпи болып тұр едім. Енді ұзаса бір 

ай шамасында молырақ қып жіберем, екі-үш ай шамасын 

бір-ақ жібермекпін, ренжи көрме, кінәлай көрме. Бір ғана 

осы ай болмаса, кейін бөгемей жіберіп тұрам. Тым құрыса 

бір қысқа хат жазсаңшы.

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 41       

26.ІІ.43 ж.

Қадірлі Бәтима!

Соңғы хатың келгелі бірталай болып еді. Осы күнде 

тағы науқас болып больницада жатқаннан жаза алмадым. 

Алғашқы хатыңды қашан кешігіп алғанымды жазыпсың. 


77

Октябрьде жазған хатыңды декабрьдің аяғында больницаға 

әкеп бергені рас. Бала жайындағы жазған өз сөзіңе қатты 

қуандым. Аты да жазылды, саушылығын күте көр. Айы-

на бес жүз дегенім деген. Осы күнде одан көпке шама жоқ, 

ренжіме. Бірақ кейде екі айды бір-ақ қосып жіберемін. 

Түңілме, мойныма қарыз етпеспін. Разаққа өзің жазған 

мәслихат бойынша алғыс айтып жаздым осымен бірге. Хат 

жазып, жөніңді айт, бала жөнін жаз. Майдандағы балаңнан 

хабар бар ма, аман ба? Больницадан шыққан соң ақша 

жіберемін март үшін. 

Қош. М.


М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 42 


Құрметті Бәтима!

Осыдан бұрын екі хат жазып ем, барды ма, бармады ма, 

білмеймін. Бірақ ешбір амандық хабарың да, жазған хатың 

да жоқ болған соң мынау ашық хатты тағы жазып отыр-

мын. Разақтарға жазған хаттарымда да сенің жайыңды жа-

зып жіберіңдер деп сұрап ем. Балаларың сау ма? Өзіңнің 

саушылығың қалай? Жөніңді айтып хат жазып жіберуіңді 

тосамын... Мен больницадан шыққаныма үш-төрт-ақ күн 

болды. Хат күтемін. 

Сәлеммен, М.



М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 43      

5.І.45 ж.

Фатима!


Аман-сау жүрмісің, балаларың есен бе? Кішкентай 

Мұраттың саушылығы, өсуі қалай? Жақынырақта бір хат 

жазған екенсің. Содан кейін Ташкенге кетіп, мезгілінде 


78

жаза алмадым. Ақшаны да үш айдыкін бір-ақ жіберіп отыр-

мын. Бұным да дұрыс болмады. Ай сайын жібер дегенің 

дұрыс, енді кешіктірмей жіберемін. Әзір 1500 сом жібердім. 

Бұл октябрь, ноябрь, декабрь үшін. Өзің анда-санда Мұрат 

жөнін, өз күйіңді жазып тұр. Кейде аса қатты көргім келеді. 

Қызығыңды аз көргеніме өкініп те қоям. 

Қош. Мұхтар.

Жаңа жыл құтты болсын. Мұратайым жақсы өссін...

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 44       

13.VІ.45 ж.

Фатима!


Телеграмдарыңды алып отырмын майдың, июньнің 

ішінде. Өзім де екі телеграм жіберіп ем. Не ғаламат екенін 

білмеймін 

 

 – не жіберген ақшамды алмайсың, телегра-



мым бармайды. Қыстыгүні ақшаңды алмадым деген соң 

февральдің 23 күні бұндағы почтаға арыз бергем, олар 

сол күні Меркеге телеграм беріпті. Өзім марттың бірінде 

Мәскеуге кетіп, майдың 10-ында келіп тексерсем, почта 

Мерке почтасынан әлі жауап алмапты. Сонан соң тағы тап-

сырып, тағы іздетіп отырмын. Саған соңғы берген срочный 

телеграммамда қалай жіберем, қай адреспен жіберем дейсің 

деп соғып ем. Менің жібермеген айларым тек март, апрель, 

май үшеуі. Оны, алдыңғы екі переводым бармаған соң амал-

сыз іркіп, қатынасушыдан жіберем деп жүріп ем. Қазір мына 

Әбжанов

1

 деген опера артисінен 1500 сом март, апрель, май 



айларының ақшасын жіберіп отырмын. Бұрынғы айлардың 

бәрінің жіберілген квитанциясы қолымда. Ол туралы саған 

мен екі айтпаймын, Фатима. Мәскеуден келсем, ақша 

алмағаныма тоғыз ай болды деген телеграммаңды көргенде 

қайран қалдым. 

  Меркенің почтасында менің жіберген ақшамды үнемі 

ұстап, жеп жүрген жауыз иттер бар ма деймін. Әлде адреспен 

таба алмай ма? Мен ылғи былтыр өзің көрсеткен Октябрь-

ская, 8 дегенге жіберем. Осыдан сенімді адресің болса, соны 

жазшы. Мына ақшаны алғаның туралы және Мұраттың 



79

қандай болғаны туралы, саушылығы, өсуі туралы толық жа-

зып жіберуіңді көп-көп сұраймын.

Өзіңе ақша жіберуден басқа өткен қыста сағынып та бір 

хат жазып ем. Оны да алмапсың. Почта арқылы іздеу салып, 

бұрынғы ақшаларды өзіңе төлейтін етемін.

Енді ай сайын-ақ жіберейін, бірақ басқа бір адрес, школ 

адресі секілді болса, соны анықтап жазып жібер. Жәйің 

қалай, толық жаз. 

Мұхтар.


P. S. Мұратқа бір кішкене туфлиді Мәскеуден әкеп ем, 

аз үлкендеу ме, өлшеуін біле алмадым. Біраз кеңірек бол-

са, еш нәрсе етпес дедім, болмаса дәл туфлиге айырбастап 

аларсың. Серғалидан Умияға бір мың сом жіберттім. Оның 

жөнін айтыңдар деп телеграмдар соғып ем, жауап ала алмай 

қойып, осы жолы әдейі арнап хат жаздым. Ғафураға да екі 

рет телеграм бергем, оның күйеуіне Умияны өз қолдарыңа 

алыңдар дегем. Осының бәрін көрсең, Умияға айтарсың. 

Бір көрсем деп көптен ойлаймын. Келмек ойың болса, жа-

зып жібер.

Қош. Мұхтар. 

1

 Әбжанов Серғали – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі.



М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 45     

12.ХІІ.46 ж.

Фатима!


Хатыңды алдым. Мұратай қандай болды, жазылды ма 

екен деп тағы хабарыңды тосып жүрмін. Телеграммаңды 

алған соң сол күні жауап жібергем аз күнде ақша жіберем 

деп. Артынан екі мыңды бір жіберіп, қалғанын аз күнде 

тағы жіберем деп телеграм соққам. Сенің хатың соңғы ақша 

барғанша жазылыпты. Екі арада бес-алты күн өткен екен. 

Сол күндердің ішінде-ақ мені кінәлай бастапсың, талай айт-

сам да, мені кінәлай сөйлеуге асығып тұратын еркелігің бар 

ғой.


80

Жарайды, онда көп өкініш, реніш жоқ, тек Мұратайың 

жақсы өссін. Мені ойлап, “қашан ағам келеді” деп жүргеніне 

қатты ырзамын, ішім аса қуанып жылайды.

Әнеукүні дәл кетер күндеріңде өте мазасыз, ойда жоқ 

жайсыздық болды. Құдай ұрған шофер иттік қылыпты. 

Бірақ сен соңғы звонить еткен артынан машина иесі өз 

үйінен Малая станицаға шоферді іздетіп кісі жіберіп, сағат 

11 шамасында шофер маған телефон соққан. Мен қазір анау 

үйге бар, одан кетіп қалса, горвокзалға бар, жет, бар жерді 

қарап тауып, арғы станцияға апар деп жібергем. Нәписаның 

үйіне барып, кемпірмен сөйлесіп, арттарыңнан горвокзалға 

барып, одан кетіп қапты деп келді.

Қатты өкіндім, амал болмады. Әлде сонда суық тиді 

ме екен деп Мұрат үшін көп қиналып жүрмін. Менен көп-

көп сәлем айт, көп-көп сүйдім. Жақсы көзінен, шолақ 

мұрнынан, томпиған аузынан көп сүйдім деп айтты де.

Мағыстың әйелі Галя ғылымдық дәрежесін қорғау 

жұмысымен маған бірнеше сөйлесті. Үйге де кеп кетті. Ісіне 

көмектесуге өзім де кірісіп ем. Кейбір жолдастарды да ара-

ластырып ем. Әзірше кітабының өзі толық болып жазыла 

қоймаған сияқты. Бірақ ғылым дәрежесін алуы алыс емес 

тәрізді.

Фрунзеге барсаң, бар жәйді айтып жаз. Мына хат-

ты алсаң, алғаныңды айтып телеграм соқ. Мұраттың 

жазылғанын телеграммен білдір. “Көз тиді” деген сандалған 

сөз ғой. Бақсы-құшынашқа көрсетіп, көңілге алаң салып 

керек емес. Олардың емінен бірде-бірін істеуші болма. Ол 

шарлатандықта нең бар.

Қош. Мұхтар.



М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 46


Фатима!

Бір хат, бір открытка екеуін де алдым. Амандықтарыңа 

қуаныштымын. Мұрат туралы жазғандарыңның бәрі қызық. 

Оқытушы алғаның үлкен ақыл болған. Үйретіп бастықтыра 

беріңдер. Өзінің мінезі, Болат екеуінің арасындағы аға, 

жақсы бала болғалы тұрғаны мені қатты қуантады.



81

Бүгін үш мың сом жібердім. Бұл 20-ның есебіне. Аз 

күнде февральдің 2 мыңын жеке жіберем. Март ішінде 20 

мың есебіне тағы жіберем. Оны бөлек санап сақтай бер. 

Бірақ майға түгелдемесем, өкпелеме. Үйткені май дегеніміз 

үй алсақ, Фрунзеге барсақ деген мөлшермен айтылған-

ды. Әйтеуір 20-ны айлықтан тыс биыл түгелдейін. Мүмкін 

болғанынша күзге шейін өтеймін. Соны ескер. Мұрат тура-

лы осылайша жақсы қып, жиі жазып тұр. Мен саған үлкен 

хат жазғам. Екі хат жазып ем, қайда жүргенін білмеймін. 

Біреу мектептеріңде алып, директорға да, саған да бермей 

жүрсе, барып тұрған сүмелек иттің өзі екен. 

Қош. Мұратайға көп сәлем. 

М.

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 47        

24.V.47 ж.

Фатима!

Үйге жазған екі хатыңды алдым (открыткалар). Мұратай 



туралы жазғандарыңа қатты ырзамын. Көп қызығып қайта-

қайта оқыдым. Менің Мұратым жақсы балам болады деген 

зор сенімдемін. Мен туралы ойлайтыны, сөйлеп жүретіні 

қандай жақсы. Биыл да, аманшылық болса, апаң екеуің 

келіп, менімен көрісіңдер. Мен июльдің 20-сында Мәскеуге 

жүремін. Сентябрьге шейін сол Мәскеуде боламын. Сен-

тябрь бастарында Мәскеуден қайтарда телеграм соғамын. 

Мені Луговойдан тосып аласыңдар. Мен сонда Мұратайға 

көп базарлық әкелемін. Апасы қазір маған хат жазса жарай-

ды. Сонда айтып жіберсең, Мұратайға үш дөңгелекті вело-

сипед пе, жоқ екі дөңгелекті велосипед керек пе, осыны мен 

біліп алғаным жөн.

Ақшаны осылайша жіберіп отырып, жақында уағдалы 

жиырмаға жеткіземін. Сен ұқыпты адамсың ғой, бұл ақшаны 

бөлек ұстап сақта. Кейінірек кесек бір керектеріңе әзір за-

пас болсын. Өзіңді көрсем жақсы болар еді. Кейде еске ала 

беремін. Қош, екеуіңді де сүйдім.

 Мұхтар.


6–1184

82

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 48        

6.VІ.48 ж.

Фатима!


Хаттарың жақсы. Бәрі де оңды. Бірақ бір мәселе жөнінде 

айтқан сертің орындалмады деп есіттім. Көріскенде 

ұғысармыз. Мен Ташкентке кетіп, хатыңа мезгілімен жа-

уап болмады. Бірақ кеше бір кішкене открытка келіпті. 

Бірақ сондағы әр сөзің жетті де. Жазып отырмын, бір ғана 

жайсыз нәрсе бар, менің жүрегім нашарлапты. Комиссия 

қарап, мені Кавказға қуып жатыр. Ағұс айында сонда ем-

делу шарт деп, ағұс, сентябрь екеуінде екі курортта болаты-

ным анықталып отыр. Келген соң сөйлесеміз.

Сол июль басында келгендерің мақұл болар.

Айналайын Мұратайым!

Сенің тәтеңе ерік бермей, маған хат жазғызғаныңа 

мен сонша қуанамын. Сен ақылды болып келесің. Ағаңды 

ойлағаның сол ақылды болғандығыңнан. Енді бұдан былай 

аз-аздап сабақ та оқи беру керек. Тәтең саған жеңіл кітаптар 

оқып беретін болсын.

Өзіңді көруге асықпын, осы күнде велосипедтер де бар 

болса керек. Енді сен келгенде екеуміз сол велосипедті 

қараймыз... дегенің әзір қолдан келмейтін мәселе. Оны 

келіп алып іздеспесең, басқа мүмкіндік жоқ.

Әзірше қош. Мұратай, өзіңді сүйдім. 

Мұхтар.


М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 49       

29.06.47 ж.

Фатима!


Март айында және апрель басында жазған екі ашық 

хатыңды бүгін алдым. Көптен союзға бармай мен жүрсем, 

сол хаттарды алған управделами ауырып, столына салып 

кетіпті. Менің талайдан жазған хаттарымның бірі барыпты. 

Енді мынасы да жетіпті.


83

Сен тағы да майға шейін жібер, әйтпесе мен де бұзыламын 

деп зіл көрсетіп жазыпсың. Осы мінезді қашан қоясың? Тағы 

ұрсысамыз ба? Мен әнеугі өзің алған асық хатта жазғамын: 

20 мыңды беремін, бірақ ол майға шейін түгелдей алмаспын, 

осы жазда, күзге шейін толтырамын дегемін. Солай болады. 

Қазір, бүгін 2900 жібердім. Сол ақшаның есебіне жібердім. 

Әнеукүні 3 мың жібергем, ол да сол есеп.

Ай сайын екі мыңды жеке жіберіп жүрмін, ол өз бетіне. 

Әзірше сөйтіп 2 мыңның есебіне 5900 жібердім. Енді 14 мың 

бар. Соны күзге шейін түгендеймін. Сен бұл ақшаны бөлек 

ұста. Үй аласың ба, пәтер аласың ба, соныңа арна.

Мен жақында, осы май ішінде өндіріп жіберсем деп 

жүрмін. Бірақ бір жолда он мың, я алты-жеті мың жіберуі 

сенімсіз. Поштаң ба, разносщик пе, не бөгеп, не жоқ қып 

қойды мыңын.

Сен қазір үй сатып алып жатқан жоқсың, сондықтан 

ақшаң тиеді. Оншалық дігірлетпей, мезгілімен түгелден ала 

бер деп жазғам. Соны ескере жүр.

Сенің хатыңды бүгінгі ақшаны жібергеннен кейін алдым. 

Сенсіз де ол тәрізді өзім берген уәдені мен ұмытпаймын. Тек 

мезгілі кешеңдеу болды деп әбігер жасама.

Мұратай әнеугі әйелден тәрбиелене ме, жоқ па? Бірақ 

оны жақсы көрмейді деп ең, ол хабар маған жақпап еді. Бұл 

күнде қалай? Онан соң Болаттың кішкене інісін мазақтауы 

қызғануы болар. Ондай жағын сен жақсы бағып, тыйым са-

лып жүрсеңші. Мұратайды мен арқылы ренішке бергізу 

сенің де онша қызық көретін ісің болмас. Тәтеңнің жек 

көргені де жетер.

Өзіңнің жаз туралы қандай ойың бар? Хат жаз. Май 

ішінде, жақында бір-екі рет ақша жіберемін. Мұратайға көп 

сәлем... Тәтеңе де сәлем. 

Мұхтар.

Бұдан былай хатты үйге жазшы. Мен жиылыста, болмаса 



союзда көп болмаймын. Осы күнде аса тығыз жұмыстармен 

үйде отырып, тіпті үйден шықпаймын. Адрес: Алма-Ата, 

Калинина, 63, кв 29. 2900 сом жібергенім туралы телеграм 

жібергем.



84

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 50       

 03.11.48 ж.

Фатима!


Үш-төрт күн бұрын ағұс-сентябрь ақшасын жіберіп ем, 

ертең октябрьдікін жібергелі отырмын. Мейрам тұсында 

Мұратай ақшалы болсын. Өзін қатты сағындым. Қандай 

боп өсіп қалды екен? Немене қызық өлеңдер, сөздер айта-

ды екен. Бойы да өсіп, ақылы да өсті ме екен деп ойлаймын. 

Мәскеуден қайтқанда сендер Алматыда болар деп ем. Жазғы 

ойлаған ойларыңды орындамаған себепті ұға алмадым. 

Мен екі айдай Кисловодскіде болдым. Жүрек емдеу 

ретінде арықтау керек болды. Докторлар жүрегің шаршап 

қалған екен дейді. Екі айда бірталай арықтадым. Енді қайта 

семіріп кетпесем, осы күнгі қалпым жаман болмас еді. Мен 

ол жақта жүргенде мұнда В.Н. науқастаныпты. Оныкі базе-

дова болезнь. Қазір сол науқастан емделіп Мәскеуде жатыр. 

Ноябрьдің аяқ шенінде Алматыға қайтады. Өзім кішкене 

баламен Алматыға келдім, әзір мұндамын. Азатты оқытатын 

профессордың бірі менімен таныс еді. Оқуды жақсы ын-

тамен оқитын сияқты. Профессорға жайын ұғындырдым. 

Түскен бөлімі жақсы бөлім, дұрыс таңдаған сияқты.

Мейрам артында болсын бір жұмаға келіп қайтсаңдар 

теріс болмар еді. Мен Мұратаймен біраз бірге болар ем. 

Оған да жақсы болар еді. Бірақ келгендей жағдай бар ма, 

жоқ па, мектеп босата ма, оны өзің білесің. Мұнда Ғалия 

науқас дегенді есіттім. Әзірше барғам жоқ, жақында кіріп 

шықпақпын. Мұратайға тиісті нәрселер Алматының өзінен 

табылады. Керегін айтып, жазып жіберіңдер. Мәскеуде 

“Мосторгте” баланың киімі сатылатын болса, айықпас 

өшірет. Тіпті тәуір нәрсенің бәріне сондай шіреттер. Өзіме 

де, ешкімге де еш нәрсе алмадым. Қайта өзіме керек паль-

то материалын Алматыға келіп сатып алдым. Мәскеуден 

зат әкелмеді деп Мұратайды маған өкпелетпеңдер. Керегін 

осыдан алып жіберемін.

Хат жаз. Көңіл, тұрмыс-күйің қандай, тегіс жаз. Дос 

көңілден сәлем. Сүйдім. 

Мұхтар. 


85

Мұратай, көп-көп сүйдім. Оны Октябрь мейрамымен 

құттықтаймын. Ағаң.

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 51      

4.11.48 ж.

Фатима!


Жақында Ғалияны көріп ем, сенің анаң қайтыс болып-

ты деп есіттім, ақырының қайырын берсін. Анаңа көп көңіл 

бөлуші едің, аса қадірлеп, жақсы көретініңді байқаушы ем. 

Уайымдап қалған боларсың. Бірақ жасы жеткен шағында ол 

кісінің өзінің ендігі тілегі де сол ғой.

Қырғызстаннан қайтсам бір ұзақ хатың келген екен. 

Оның ішінде Мұрат мені өз қасына Меркеге келуге 

шақырады депсің. Мен бұны сенен бұрынғы уақытта естімеп 

ем. Сен қайта маған басқаша айтушы ең. Менің өзге балала-

рыма көрініп үйіме келмейсің. Оларға сені көрсете алмай-

мын деп ең.

Мен Фрунзеден қайтарда талай оқталып ем. Меркеде 

түсіп, Мұратайды көріп, қасында біраз болып кетейін десем 

де, сенің жаңағы сөзің және жұп жеңгейдің қабағы қалай 

болады деумен бекіне алмадым. Мынау соңғы айтқаныңды 

білгенде өзіңнің қасыңда да болуым жөн-ақ екен. Қазір 

жұмысбастымын. Әйелім Мәскеуге қызына кетіп еді, 

апрельге шейін болады. Қазір қолың босар болса, келіп 

кетпейсің бе?

Бүгін февральдің 4 мың сомын жіберіп отырмын. Бұдан 

соң дәл жіберіп тұрармын, айлықты 9-ы күні аламын. 

Көбінше 10-ында жіберіп тұратын болармын. Хат жаз. Ал 

құшақтадым. 

Мұхтар.


86

М. Әуезов – М.М. Әуезовке 

№ 52


Мұратай!

Айналайын жақсы балам. Тілі тәтті, өзі тәтті Мұратайым. 

Сен мені сағындың ба, мен сені көп ойлап, көп сағынам. 

Қашан тағы көрер екем деп ойлаймын. Енді көргенде 

Мұратайым маған тағы қандай әндер айтып берер екен деп 

ойлаймын. Сен әнді жақсы айтушы едің. Осы күнде тіпті 

көп өлең, ертегі білетін болған шығарсың. Үйрене бер. Ең 

болмаса қаріптер үйрен. Тәтеңе айтып маған өзің де хат жаз.

Жаздыгүні мен саған велосипед әперем, алдамаймын, 

айналайын жаным. Ал бетіңнен сүйдім. 

Хат жазған ағаң.

М. Әуезов – Ф. Ғабитоваға 

№ 53 


Фатима!

Сен жыл басында бір жылдық қосымшаны бір-ақ ау-

дар деп сұрағансың, мен бір жылын бірден аудару ауырырақ 

болған соң, жарты жылдың үш (3) мың сомын аударғамын 

Мәскеуден. Енді тағы үш мың мына июльден бергі екінші 

жарты жыл үшін болады. Өзім больницадан жаңа шықтым. 

Келесі жұмада дүйсенбі, сейсенбіге үйден шығамын.

Сонда үш мың өткіземін. Сенің ай сайын ала-

тын қосымша 500, жыл бойғы 6 мың. Ал 12 мың дегенің 

ұмытқаның болар. 

Мен келгелі Мұратқа 5-6 рет телефон соқтым, больни-

цадан да соқтым. Телефонға бір жан келмейді. Ол өзі маған 

неге хабарласпайды? 

Осы хатты алысымен маған телефон соқсын. 

Телефондарың таңертең де, түнде, кешке де ұйықтатпайды. 

Мұрат хабарын тосамын. Мен больницада 20 күн жатып 

шықтым. 

Мұратқа киім жайы былай болсын, мен оны биылғы ка-

никулде қыста Мәскеуге шақырғам самолетпен. Ернармен 

екеуі барады. Мен сонда болам. 



87

Сол шақта келешекте түсетін ВУЗ-ын да көреді, аралай-

ды, самолетпен қайтады. Әзірге күздік қана пальто. Қысқа 

костюм, қысқы пальто, бөрік, бәрін Мәскеуден өзіне өлшеп, 

өзім әперемін. Маған тек жылдам телефон соқсын.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал