Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет32/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

ӨЗ ЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН ЖҰМЫСШЫ 

ТАБЫ ҒАНА БАҒАЛАЙ БІЛЕДІ 

(пролетариаттың атақты ірі жазушысы    

А. Серафимовичтің 70 жасқа толған мерекесіне)

Төңкеріс дауылпазы болған айтулы дүр ақынымыз Мак-

сим Горькийдің ұлы думан тойының дүбірі әлі тарқаған 

жоқ. Ол той дүниежүзі төңкерісінің мұрагері – жұмысшы 

табының тұтқан жолы, көздеген мақсаты, істеген ісінің 

артық екендігін, қаусап отырған капитал дүниесінің ал-

дында пролетариат мәдениетінің мерейі үстем екендігін 

көрсеткен үлкен документ еді. Бүгін тойлауға тұратын, топ 

қана болуға жарайтын, әркім асыл ердің еңбегін бағалай 

білетін, кім екендігін ол той ашық көрсетіп берген.

Ол тойдың маңызын, мақсатын айтып жеткізуде 

Горькийдің өзінен асырып шебер айта алмаймыз.

Горький айтады: “Сіздер қалай ойлайсыздар, жолдас-

тар, әлеумет қызметкерін мұндай дәріптеп, мәртебесін 

көтеру Кеңестер Одағынан басқа дүниенің бірінде бола алар 

ма екен?


Жоқ, мүмкін емес... Өз ерлерінің еңбегін жұмысшы 

табы ғана толық бағалай біледі. Бүгін тым асыра көтеріп, 

жоғарылатыңқырап жіберіп отыр. Бағасы жоқ! Бұл үлкен 

өнеге. Бұл мен үшін ғана емес, үлкені мен қартайдым, бұл 

менің өнерлестерім – жас жазушылар... жұмысшы табының 

әдебиет қайраткерлеріне көзқарасы осылай. Мұны ұғуларың 

керек”.

Горький өз тойында мінберге шығып осылай деген еді. 



Бұл екінің бірінің аузынан шыға бермейтін, өмірде сирек 

кездесетін кемеңгер ақылдан ғана шығатын дана сөз. Ердің 

еңбегін жұмысшы табы ғана бағалай біледі. 


435

Бүгін сол ұлы дүрсін тойға бір той ұласып отыр. Бұл 

атақты жазушы Александр Серафимович. Серафимович –  

пролетариаттың атақты ірі жазушысы. Осы ғыйнуардың 

 

20-сы күні 70 жасқа шықты. Егер мерекенің белгілерін 



кеңірек қарайтын болсақ, бұл бірнеше тойдың түйіскен 

түбірі. Бүгін жазушы 70 жасқа шықса, сонымен қатар қалам 

қызметіне 45 жыл толады; бірінші шығармалар жинағының 

жарыққа шыққанына 30 жыл, оның төңкерістен бұрынғы 

жазған шығармаларының ішіндегі белгілі “Даладағы қала” 

деген романының шыққанына 25 жыл шамасы болады.

Міні, пролетариат дүниесі көркем әдебиет майданындағы 

Серафимович сынды атақты жазушының осындай тойын 

тағы тойлап отыр. 

Бұл тойға айрықша баға беріп Орталық партия Комитеті 

былай деп құттықтайды: “Пролетариат жазушысы А. Се-

рафимовичтің 70 жасқа шыққан тойын Орталық пар-

тия Комитеті қатты құттықтайды. Коммунист партия-

сы төңкерісшіл-пролетариат жазушысы, “Темір тасқын” 

сынды үлгілі шығарманың иесі Серафимовичті жоғары 

бағалайды. Орталық партия Комитеті Серафимовичке 

жұмысшы табына қызмет етіп, социализмді толық орнату 

жолында арымай, талмай іс істеуіне көңіл білдіреді...”

 Серафимович жолдасты одақтық Халық Комиссарлар 

Кеңесі құттықтап, былай дейді:

“Жұмысшы табына талмай қызмет еткен, пролетариат 

жазушысы, сіздің 70 жасқа шыққаныңызды құттықтап жа-

лынды сәлем жолдаймыз. Көпке коммунистік тәрбие беру 

жолында әлі де көп жыл жасап, пайдалы, қаламшылық 

ісіңізде қарқынмен жұмыс істеуіңізді сұраймыз”.

Міні, тойға қаншалық маңыз беріп отырғандығы осы екі 

құттықтаудан көрінеді. Бұл той ақын, жазушыларымызға 

өнеге көрсетіп, социализм жолына бар күшін аямай, 

бұрынғыдан да қаттырақ жеңуге, көпшілікке коммунистік 

тәрбие беруге күштірек кірісуге жетелейді.

Александр Серафимович 1863 жылы 7 (20) ғыйнуарда 

Дон облысындағы Нижнекурмоярская деген ыстансы-

да туған. Әкесі бар өмірін әскерлікте өткізген Дон казагы. 

Шешесі де сол Дон казагының қызы. Серафимович 1883 

жылы 20 жасында Петербор университетіне түсіп оқиды. 

Физика-математика факультетінің бірінші курсында оқып 



436

жүрген студент кезінде Лениннің ағасы – А.И. Ульяновпен 

таныс болады. Ульянов бас болып, 1887 жылы ІІІ Александр 

патшаға террор тобы шабуыл жасап, терроршылар қолға 

түскенде, Серафимович 4-курста оқып жүріп, солардың 

мақсатын айтып, халыққа үндеу таратты. Сол үшін ол 1887 

жылы тұтқынға алынды.

Сол жылдың аяқ шенінде Серафимович түрмеге алы-

нып, әкімгершілік жолымен жер аударылып, Архангел 

губернесіндегі Мезен деген қалаға кетеді. Мезенде жүргенде 

Морозов жұмыс тастауы деген, жұмыс тастаудың басы, 

ұйымдастырушы Петр Моисенкомен таныс болады. Ол 

бұған көп әсер еткен. Серафимович сол айдауда жүргенде 

“Мұздақта” деген тұңғыш әңгімесін жазады. Ол 1888 жыл 

басылды.

Онда үш жыл айдауда болғаннан кейін Дондағы туыс-

ты – Усть-Медведицкая деген станицаға полицейлердің 

қарауына жіберген. Туған жерінде екі жыл жүргеннен 

кейін ретін тауып Новочеркасск қаласына кетеді. Мұнда 

ол жұмысшы өнерімен танысады. Шахтыға түседі. Ме-

талл зауытының дүкендеріне барады. Міні, сол кез-

де жұмысшы өмірінен әңгімелер жаза бастайды. Тау-кен 

жұмысшыларының өмірінен (“Жер астында”, “Кішкене 

шахтер”) жазады; зауыт пролетариатының өмірінен (“За-

уытта”, “Мүгедек”) шығармаларын жазады. Сол күннен 

бастап-ақ оған қалың еңбекшілердің назары ауа бастайды. 

1902 жылы Мәскеуге келіп, “Курьер” деген газетте істей 

бастайды. 

1903 жылы “Білім” баспасында оның тұңғыш шы-

ғармалар жинағы басылып шығады.

1905 жылы, төңкерістен кейін ол көп әңгімелер жазады. 

Онда жұмысшы өмірі, төңкерісшіл күресті жазады. Бірінші 

орыс төңкерісін, қан сасытып қырып басқан улы тырнақты 

суреттейді.

1909 жылы “Қала мен ауыл” деген романын жазып 

бітіреді. Соғыс басталған кездегі ... соғысқа кетіп, “Орыс 

ведомосі” деген жорналға жазып тұрады. Сол жүрістің 

нәтижесінде соғысты қанды қырғын қылып көрсетіп, көп 

әңгімелер жазады. 

1917 жылдан бастап Серафимович партия баспасөзіне 

қатынасады. Мәскеу партия комитеті, Мәскеу кеңес 


437

комитетінің тапсырмаларын, үндеу кітапшаларын жазып 

тұрады. Серафимович “Известияның” редакция алқасына 

кіріп, оның көркем әдебиет бөлімін басқарады. 

1918 жылы партияға кіреді. “Правданың” тілшісі 

қатарында азамат соғысының майданына шығады. Сол 

майданда жүріп асқан таланттықпен “Темір тасқын” деген 

романын жазады (1924). Серафимовичті пролетариат жа-

зушысы мен пролетариат әдебиетінің алдыңғы қатарына 

шығарған осы роман.

1920 жылы азамат соғысында жүріп Серафимовичтің 

баласы өледі. Ленин оны өзінің қарындасынан (Ульянова) 

есітіп, Серафимовичке хат жазады.

Хатында: “Қымбатты жолдас! Қарындасым жаңа ғана 

сіздің басыңызға түскен ауыр, қайғылы қазаны есіттіріп 

отыр. Қолыңды қатты-қатты қысып, жұмысты көтеріңкі 

рух сергектікпен істеуіңді күтем. Бұл хабарды сізге жақын 

сөйлесіп-танысып айта алмағаныма қатты өкінем. Бірақ 

сіздің шығармаңызды, әңгімелеріңізді қарындасым айтып, 

мені сізге қатты еліктіріп отыр. Мен сізге мынаны айтқым 

келеді. Сіздің жұмысыңыз жұмысшыларға, біздің бәрімізге 

керекті. Сізге енді жігерлілік керек, ауыр қайғының 

тұманын серпіп, жұмысыңызға қайтуыңыз керек. Кешірек 

жаздым, айыпқа бұйырмаңыз. Тағы да қолыңызды қатты-

қатты қысамын.

1920 жыл 21 май. Лениніңіз”. 

(Бұл хат Ленин жинағының 29-томында басылған.)

Жазған хатта көріп отырсыздар, Ленин Серафимовичтің 

шығармаларын “жұмысшыларға, біздің бәрімізге керекті, 

сіздің шығармаларыңыз мені сізге қатты еліктіріп тастады” 

дейді.

Серафимович өзінің салт-санасын, қаламшылық 



жұмысын жұмысшы қозғалысымен ертеден-ақ байланысты-

ра шыққан. Серафимович өткен ғасырдың 90-шы жылдары-

нан бастап жазған. Ол жылдар Ресей жұмысшы табының та-

рихи майданға жаңғырып шыққан кезі еді. Оның “Қала мен 

дала” деген романы – бұрынғы қаламшылық шығармалық 

ойының пісіп, түйдектеліп шыққан бір еңбегі. Онда бір 

бес-он жылдың ішінде Ресей әлеумет өмірі қалай өзгеріп, 


438

жаңа қоғамның белгілі таптар жігі бөліп шыққандығын 

көрсетеді. Алдағы болатын төңкеріс дауылының нысанын 

береді. Серафимович – әлеумет тақырыбының жазушысы. 

Бұл оның идея беріктігін жоғары сатыға көтеретін жағдай. 

Мүмкін, жабайы көзбен қарағанда, оның төңкерістен 

бұрынғы кейбір шығармаларында төңкерісшілдік әлсіздеу, 

жұқалау көрінген сияқтанар, бірақ ол анығында олай 

емес. Оның шығармалары көптің төңкерісшілдік шабы-

тын көтеріп, күреске қайрап салып отырады. 1905 жылғы 

жазған шығармалары туралы өзінің былай деген бір сөзі бар: 

“Октябрьден кейін жұмысшы жиылыстарына қатынасып 

жүріп, жұмысшылардың аузынан былай деген сөзді көп 

есітетін болдым: “Бірінші төңкеріске қатынасушылар ту-

ралы жазған сіздің әңгімелеріңіз бізді төңкерісшілдік іске 

қайрап салып отырады. Ұқса қалай күрес болды, қан қалай 

төгілді – осының бәрі көз алдыңа келіп, жүрегіңді тулата-

ды” дейді.

Міне, Серафимовичтің төңкерістен бұрынғы жазған-

дарының сарыны. Оның “Темір тасқыны”* асқан ұстам-

дылықпен жазылған. Онда қара шаруа кедейлері қалай жаңа 

құрылысқа түсініп, атсалысып, қатынасқанын айтады. Бұл 

шығарма үлгішілдер қатарына қосылды. Енді не керек деп 

ар жағын қоя салуға мүмкін.

Анығында олай қоя салуға болмайды. “Темір тасқын” ту-

ралы жиі-жиі ауызға алып отыру керек. Үйткені оның ішінде 

суреттелген азамат соғысындағы қара шаруаның қалпы

күреске шыныққаны өткен дәуірімізге ғана қас нәрсе емес, 

оның бүгінге де керектігі мол. Онда қара шаруаға етілген 

әсер күні бүгінге дейін созылып келеді. 

“Темір тасқын” жалғыз азамат соғысының кезі деп 

шолақ қарауға болмайды. Оның мақсаты, пікірі, нысана-

сы одан әлдеқайда кең. Қайта тәрбиелеу, бұрынғы жеке 

меншіктік тәтті аузының дәмі кетпей жүргендерді жаңа 

тұрмыстың тілегіне салу одан аңқып есіліп отырады.

1918 жылғы мыңдаған партизандардың аш-жалаңаш, 

қолына қару алып төңкерісті қорғағаны өзінің маңызын әлі 

күнге жойған жоқ. Олар қырық рудан құралып, бір ауыздан 

* Серафимовичтің бұл романы қазақ тіліне аударылып жатыр еді, 

соның бас жағынан үзіп басып отырмыз.



439

сөз, бір жеңнен қол шығарған бүтін бір қол болады. Міні, 

қара шаруаны төңкерістік жолға салудың асылы осы ара-

сында.


“Темір тасқында” бай, құлақ алпауыттан соққы көрген 

кедей, батырақтар жұмысшы табына үн қосады. Мұнда 

қазақ жазушыларына үлгі, өнеге болатын жері көп, кейбір 

сыншылар мұнда пролетариат жоқ, партия аты аталмаған 

деуі де мүмкін. Ол дұрыс емес. Мұнда жұмысшы табының 

идеясы, партия басшылығы бар екендігі көрініп отырады. 

Пролетариат үстемдігіндегі қара шаруа мәселесін пар-

тия жұмысшысынан бөлек алып қарауға болмайды. Бұл 

жұмысшы табының көсемдік қылып отыратын қабырғалы 

жұмыстарының бірі. Романдағы қол басылылары ылғи бір 

минут кідірмей ілгері басу, ілгері аттауға керек деп отырады.

Қайда?..


Жұмысшы табының басшылығына!..

Міні, мұнда қара шаруа көпшілігінің жұмысшы табы-

на қарай бет бұрып, қолына қол жалғауға тырысқандығы 

көрінеді. Қара шаруа кадеттен безіп, пролетариатқа, 

бәлшебек партиясының жағына шығуы (Сталин) Октябрьдің 

үлкен бір табысы.

Міні, Серафимович алдына осы мәселелерді қойып, 

дұрыс бәлшебекше шешті. Алдына қойылған мәселесін про-

летариат үстемдігіне байланыстырып, бәлшебекше шеше 

білу – жазушыларымыздың бас міндеті.

Серафимович – пролетариаттың атақты ірі жазушысы. 

Мұның тойынан да, сөзінен де қазақ кеңес жазушылары 

үлгі-өнеге ала білуі керек.

Бұл той – тойдың аяғы емес. Өз ерлерімізді әлде де көп 

тойлаймыз. Біздегі той-думанның дүбірі дүбірге қосылады.

Той тойға ұласады!



440

А. Серафимович

ТЕМІР ТАСҚЫН

(романнан үзінді)

Көз жеткісіз қалың бұлттай, бықсыған халық жоқ. Сол 

шаңға пәселкенің бақшалары, көшелері, кішкене үйлері, 

тоқыма шарбақтары түгелімен тұншыққандай баптанып 

тұр. Жалғыз-ақ биік теректердің бастары ғана шаңнан 

асып, елеріп тік қарайды. Айналаның бәрінен сансыз көп 

тілдердей боп неше алуан сөздер, даурық, иттің үргені, 

жылқының кісінеуі, темір салдыры, баланың жылауы, 

қиратқан боқтық, қатын айқайлары келеді. Және мастанып 

тартқан гармонмен қатар қосылған желікті әндер естіледі. 

Бұл дыбыстар анасынан айрылған, қалың ара тобының 

неше алуан үнге сап есінен айрыла гүжілдегені сияқты. Рет 

тәртібін жоғалтып, дертті күйінде гүжілдеген сияқтанады. 

Сол шексіз, ыстық лай селі қаланы да басқан, төбешік 

басындағы жел тиірменге де бір шеті жетіп жатыр. Ол жақта 

да үні басылмай жатқан, мың дауысты жойқын бір дүние.

Жалғыз-ақ тұншықтырған шаңға бой бермей тұрған 

аққан суық сулы өзен ғана. Ол пәселкенің бір шетімен 

ойнақ салып өтіп жатыр. Сол өзеннің ар жағында, алыста 

аспанның қақ жартысын қаптаған алып көк таулар көрінеді.

Жарқыраған шағырмақ ыстық аспанда, айналадан тың 

тыңдап, таңданғандай сүзіп, қалқып сахараның бұзақысы – 

қоңырқай қарақұстар жүр. Сапыдай тұмсығын бұрып салып, 

ішнәрсеге түсінбейді. “Ішбір заманда бұндай жәй болған 

емес” дегендей қылады. Жәрмеңке болар ма әлде бұл. Бірақ 

олай болса, тігілген шатыр, қарбаласқан сәудегер, үйілген 

бұл – зат неге жоқ? Әлде ауа көшкен отаршылар тобы ма? 

Олай болғанда мына зеңбіректерді, оқ сандықтарды, екі 

аяқты арбаларды, үйілген бесатарларды не дерсің? 

Олай болса әскер ме? Бірақ айналаның бәрінде жы-

лап жатқан бала не? Бесатарлардың үстінде жаюлы тұрған 


441

жаялықтар не? Зеңбіректерге ілулі тұрған бесіктері несі? Жас 

келіншектері бар; балаларын емізеді. Зеңбірекке жегілетін 

аттардың қасында шөп күйсеп сиырлар да тұр. Күнге күйген 

қатындар мен қыздар қоңырсып түтенген тезек отының 

үстіне май, тары салып асқан шөңкелерін іліп жатыр. 

Тұманды, түсініксіз шаң басқан, ретсіз. Дырду, шу, ай-

тып болмастай айқыш-ұйқыш дауыстармен бар дүние 

былыққан. 

Казак-орыс пәселкесінде қалғандар қатындар, кемпір-

лер, балалар ғана, еркектерінің бірде-бірі жоқ, жер жұт-

қандай. Қатындар үйлерінің ішінде тұрып, терезелерінен 

қарап, шаң бұлты қаптап тұрған көшелердегі ұлы толқын 

селді көріп:

– Астарыңнан су шықсын, су шыққыр!.. – деседі.

ІІ

Анда-санда сиырдың мөңіреуі, қораздың айқайы – көп 

адамның жапыр-жұпыр ұғымсыз сөздерінің арасынан асып, 

құлаққа саңқ-саңқ етіп естілетін дауыстар бар. Бұл дауыстар 

кейде жел қармап қарлыққан сияқтанса, кейде анықтанып, 

сахараның күшті ашық үндері сияқтанады.

– Жолдастар, метенгеге жүріңдер!..

– Жиылысқа...

– Ей, жиылыңдар, жігіттер!..

– Топқа!


– Тиірмен түбіне.

Баяулап салқын тартып бара жатқан күнмен бірге, 

ақырындап ыстық шаң да басылып келеді. Кең аспанға биік 

тік теректер төсін керіп көсіліп келеді.

Көз жетерлік шаманың барлығында жазылып жатқан 

бақшалар, ағараңдаған үйлер, барлық көше, барлық алаң. 

Алаңда бір шеттен бір шетке шейін созылған пәуеске, арба, 

екі аяқты арба аттар, сиырлар, бұлар бақшалардың да іші-

тысын басқан. Төбешіктің басында жарғақ құлақтарын жан-

жаққа делдитіп тұрған жел тиірмендерге шейін де созылып 

жатқан солар.

Ал тиірменнің айналасында адам теңізі молайып, үні 

өсіп келеді. Күнге күйген қоңырқай бет-пішіндер дала-

ны басып, жәйіліп барады. Ақсақалды шалдар, қиналған 

жүзді қатындар, күлім көзді қыздар да бар. Үлкендердің 

29–1184


442

бұттарының арасында балалар бұлтылдап ойнайды. 

Қабынып демалып, тілдерін салақтатқан иттер көрінеді. 

Осының бәрі ерекше мол, қалың солдаттар толқынының 

ішіне шомып жүрген сияқты. Сабалақ жүнді, жауынгер 

түсті қонақтар, айғыз-айғыз қалпақтар, тау елінің шеттері 

салбыраған кенеп шіләпілері көрінеді. 

Үстерінде жыртық сұр кемзалшалар, түсі оңып кет-

кен шыт көйлектер, кейбірі серкеш бешметшесін ки-

ген. Тағы біреулері белуарына шейін жалаңаш, бұлшық 

етті күрең денесіне айқыш-ұйқыш қып пулемет лентісін 

тағып тастаған. Бұ халықтың бастарынан жоғарғы жерінде, 

айналаға қалай болса солай алақтап қарағандай боп реті 

бұзылған іштіктер көрінеді. Кәріліктен қоңыр тартқан 

жел тиірмендер таң-тамаша қап қарайды. – Жуық уақытта 

бұндай жәй болған емес. Төбе басында, тиірмендер жаны-

на полковниктер, батальон, рота, штаб бастықтары жинал-

ды. Бұл полковник, батальон, рота бастықтары кімдер? Ара-

сында патша әскерінің солдаттарынан бастап әпесерлігіне 

шейін өрлеп жеткендері де бар. Олардан басқа шаштара-

зы, шелекші, балташы, матрос, қала пәселкеден шыққан 

балықшылар да бар. Осының бәрлері өздерінің көшесінен, 

пәселке қотырынан, станицасынан жиып алған кішкене 

қызыл әскерлерінің бастықтары. Төңкеріске кеп тілеуін 

қосқан, қатарлы әпесерлер де бар...

Полк бастығы кездей мұрты бар, қақпақтай жауырын-

ды Баралиев мінберге шықты. Аяғының асты айналмалы 

дөңгелегі бар ағаш білік еді. Бұл басқанда сықыр-сықыр 

етеді. Даусы халықтың құлағына саңқ етті.

– Жолдастар!..

Бірақ мынадай әлденеше мың күрең жүздердің, мың-

мыңдап қадалған көздердің жанында мына дауыс кіп-

кішкентай ойыншық сияқты. Сөйлеушінің айналасына 

барлық бастықтар үйірілді. 

– Жолдастар!..

– Жоғал көзден!..

– Далой!..

– Кет әрі!..

– Кер-регің жоқ...

– Бастық анаңды!..

– Пагон кие алмай қалып пең?!


443

– Онысын кесіп алып тастапты.

– Немене үресің...

– Ұр, көрің құрғырларды!..

Шексіз үлкен адам теңізі тоғайдай боп созылған 

қолдарымен қағып әкпетті. Кімнің не айқайлағанын естіп, 

түсініп болар ма?

Тиірменнің түбінде өне бойы қорғасыннан құйылғандай 

нығыз төртбақ, аласа бойлы біреу тұр. Тістеніп тұрған жағы 

да төрт қырлы. Төмендеп әкеп қойған қастарының астынан 

екі біздей қадалған кішкене сарғылт көзі көрінеді. Ішнәрсені 

байқаусыз өткізбейді. Бағып тұр, жарқ-жұрқ етеді. Бұның 

көлеңкесін, қып-қысқа көлеңкедегі басын тығыз тұрған 

жұрттың аяқтары таптап тұр.

Алғашқы білікке шыққан ұзын мұрт барын салып 

қайтадан қатты айқайлады.

– Сабыр қылсаңдаршы, тыңдап шығыңдар... Халді біраз 

талқыға салу керек емес пе?..

– Кет анаңды ит ұрғыр!..

Шу мен боқтық оның жалғыз үнін тоғытып, жұтып 

жіберді.

Селдей қалың қол, теңіздей мол дауыстардың арасы-

нан жұмыс пен қайғы жүдеткен бір қол созылды. Күнге 

күйдірген сүйектері сорайған ұзын, арық қол, бұл қатын 

қолы. Қолымен бірге шақырғандай үні де шықты. 

– Тіпті естімейміз, оттама... Жылқыны жайлаған құрт-

сың сен... А-а! Сиырым бар еді, екі пар өгізіміз қандай еді. 

Үйім... самаурыным... – қайда соның бәрі?

Топ тағы да дауыл соққандай толқып, аласұрып кетті – 

әркім өзгені тыңдамай, өзінікін созып жатты.

– Мен астық жинап алған босам, бүгін нансыз болар 

мем...


– Растовқа қарай жарып шығайық деп айтпап пек? 

– Бешметшелерді неге бермеді?.. Шұлғау, етік қайда? 

Дөңгелек үстіндегі:

– Ендеше неге шұбырдыңдар, бүйткенде...

Топ ашумен қайнап кетті.

– Сендер емес пе? Сендер, иттер, алып келген, алдап 

әкеткен. Бәріміз де үй-жәйімізде отыр ек. Шаруа-дүниеміз 

бар еді. Не болдық міні?!. Күнәй-сұмдығымыз бардай, қу да-

ланы кезіп жүрміз.


444

– Белгілі, алдап әкелді, – деп солдаттың да қалың тобы 

үн берді. Іштіктерінің ұшы толқынып-толқынып қалды. 

– Қайда барамыз енді?!

– Екатериндарға.

– Онда кәдеттер бар.

– Басқа барар жер жоқ...

Жел тиірмен жағында жақтары темірдей тістескен адам, 

біздей өткір көзімен жұртқа жағалай қарап бақылап тұр. 

Осы кезде топ ортасынан, түзелместей қыңырлықпен, 

айқай шықты. 

– Саттыңдар! – деді.

Бұл айқайды жұрттың бәрі естіді. Сөзін естімегендер ар-

балар, бесіктер, аттар, жағылған оттар, оқ жәшіктерінің ара-

ларында тұрғандар еді. Олар да мазмұны не екенін әбден 

білді. Топ сіңірі тартылғандай құрысып кетті. Дем алуға 

келмей, тыныс біткендей болды. Көптің үстінен бір қатын 

даусы шырқап шықты. Бірақ айқайлаған қатын емес, 

құс тұмсықты кішкене солдат еді. Бұл белуарына шейін 

жалаңаш, аяғында өзінен үлкен етігі бар. 

– Бізді өлі малдай саудаға салды... – Өзгеден иығы 

асқан, үнсіз бір сұлу жігіт топ ортасын қақ жарып, тиірменге 

қарай басып келеді. Жаңа ғана тебіндеп шығып келе жатқан 

қара мұрты бар. Басында матрос бөркі. Арттағы екі лентісі 

жігіттің күнге күйген мойнына соқтығып келеді.

Қозғалғанда, бастықтардың кішкентай тобынан көзін 

аудармайды. Қолында қаталдықпен жарқылдаған бесатар. 

“Енді... бітті...” 

Темір жақты адам бұрынғыдан жаман тістенді. Дол-

данып толқып тұрған адам теңізіне бір шетінен бір шетіне 

шейін уайымды жүзбен қарап шолып өтті. Қара үңгірленіп 

айқайлаған ауыздар, қызыл күрең беттер, қас астынан от 

шашқан ашулы, сотқар көздер... 

“Қатын қайда?”

Матрос бөркін киген жақындап қалды. Көздері адасып 

қалмайын дегендей бір-ақ жерге қадалады. Қолындағы бе-

сатарын сығымдап келеді. Жолындағы елді бұрынғысындай 

қатты итеріп келеді. Жиын, айқай-шу ішінде кейде арлы-

берлі сенделеді де, кейде мына жігітті толқынып кеп қысып 

алады.


445

Тістеніп тұрған адамға бәрінен де өкінішті. Мына 

сұлу жігітпен түрік фыронтында, тізелесіп қатар тұрып, 

пөлемөтчік боп алысқан жоқ педі. Қан теңіздері... Мыңдаған 

жанның өлімі... Соңғы айларда бірге жүріп, кәдет, казак-

орыс, жандаралдарға қарсы соғысты. Ейски, Темирлик, Та-

ман, Гован ыстансалары...   

Бұл тістенген жағын босатып, аузын ашты. Темірдей 

берік, бірақ жәйлі үнмен сөйледі. Шу, дырду болса да, бұның 

даусы бар жерлерге естілді. 

– Жолдастар, мені сендер білесіңдер. Қанымыз бірге 

төгілген. Кәмендір қып өздерің сайладың. Енді, бұған ай-

налса, бәріміз де өлдік қой. Казак-орыс пен кәдеттер жан-

жақтан жабылып тұр. Бір сағатты өткізуге болмайды...

Бұл украиншылата сөйлеуші еді. Онысы жұртты әсіресе 

еріте бастады.

– Пагон кигеннің бірі сен емес пең? – деп, кішкене 

жалаңаш солдат қатты айқайлады.

– Мен соны іздеп тауып пем? Фыронтта соғыстым, 

бастықтар әкеп ілді, өздерің білесің. Мен сендер емей, 

бөтен бедім? Кедейлік пен бейнетті өзіңдей арқама артып, 

өздеріңмен бірге көрмеп пем?.. Жерді бірге айдап, бірге 

шаппаппек.

– Шынды шын деу керек, біздікісің, – деп айналадағы 

шу ортасынан гүжілдеген көп үн шықты. 

Матросша киген ұзын бойлы бұл кезде қалың топ-

тан жырылып шығып, екі аттап жақындап келіп қалған 

еді. Бұрынғысынша көзін аудармай, үн қатпай келіп, бар 

күшімен іштігін сермеп кеп қалды. Мылтығының түбімен 

арттағы біреуді де түйіп қалды. Темір жақты адам селт етіп 

жалтарған жоқ. Жалғыз-ақ езу тарту сияқты бір жыбыр ғана 

білініп, шұғылынан сарғыш тартып кеткен бетіне азғантай 

қозғау салды. Бүйірде тұрған аласа бойлы жалаңаш біреу ба-

сын бұқадай тұқыртып ап, матростың шынтағынан иығымен 

қойып кетіп:

– Не болды саған! – деді.

Шетке қағылып кеткен іштік темір жақты адамнан та-

йып барып, қасында тұрған батальон бастығы, жас жігіттің 

ішіне қорс етті. Іштік алқымына шейін көміле кірді. Жас 

жігіт ішінен шуылдап бу шыққандай боп, шалқасынан түсті.



446

Ұзын бойлы жігіт омыртқаға қадалып қалған іштікті 

қайта тартқылап, қайнаған ашумен жұлқылап жатты. 

Қыз пішінді мұртсыз рота бастығы тиірменнің қанаты-

нан ұстап, жоғары өрмелей жөнелді. Бірақ қанат шықырлап 

жерге ойысып, жігітті жерге ала түсті. Темір жақты адамнан 

басқаның барлығы тапаншаларын суырып-суырып алысты. 

Бірақ өңдері қашқан, бүлінген жүздерінде уайым бар.

Топ ішінен тиірменге қарай бесатарларын қысып 

ұстап тағы бірнеше адам ұмтылды. Көздері құтырғандай 

алақтайды.

– Иттерге ит өлімі керек!

– Қыр! Түгін қалдырмай!

Сол кезде, жұрт шұғылынан жымдай бола қалды. Бәрінің 

бастары бұрылып, көздері бір жаққа қарады. 

Далада егіндік үстінде құлаш сермеп, сымдай созылып, 

бір қоңыр ат ұшыртып келе жатыр. Үстінде қызыл шұбар 

көйлек киген адам, еңкейіп аттың жалын құшып, екі қолын 

екі жаққа бос жіберіп келеді. Жақындай... жақындай береді.

Есінен айрылған ат барын салып қарыштап келеді. 

Құтырып шыққан шаң ілесе алмай, артында қап жатыр. 

Кесек-кесек ақ көбік аттың төсін жапқан. Тер жапқан 

бүйірлері сабындай көпірген. Шапқыншы бұрынғыша 

аттың жалын құшып, шабыспен бірге ырғалып келеді. 

Далада тағы біреу қарайды. Топ ішімен сөздер жортып 

жөнелді. 

– Тағы біреу шауып келеді!..

– Қараңдаршы, қалай асығады...

Қоңыр ат пырылдап, көбігін шашып жетіп келді. Топ 

алдында шұғылынан шоңқиып, тоқтай қалды. Ақ жолды 

қызыл көйлегі бар шапқыншы ораулы теңдей боп, аттың ба-

сынан асып барып жерге топ етті. Қолдары екі жаққа сылқ 

етті. Басы лайықсыз түрде тұқырып кеткен. 

Біреулер жығылған адамға, тағы біреулер атқа ұмтылды. 

Аттың қара тер басқан бүйірінде жабысқан қызыл қан. 

– Ойбай, мынау Ақрим ғой, – десті жүгіріп кеп, жігіттің 

суынып бара жатқан денесін түзеп жатқан адамдар, иығы 

мен кеудесінде қан жауып тұрған көлденең шабылған жара. 

Арқасында қан ұйысып қалған, теңгедей қара тесік тұр.

Топ ішінде, тиірмен айналасында, арбалар арасында, 

көшелер, алаңдарда сөнбестей боп, өрекпіп хабар кетті:


447

– Ақримды казак-орыстар шапқылап жіберіпті!..

– Ой, сорым-ай менің!..

– Қай Ақрим?..

– Немене, білмеуші мең! Равлывскийдікі.

– Үйі бағананың жоғарғы жағында болмаушы ме еді?

Екінші атты да жетті. Беті, тер басқан көйлегі, қолдары, 

жалаңаяғы, астындағы ішпегі де – түгел шашыраған қан 

басқан. Өз қаны ма, басқаныкі ме? Көздері дөңгеленіп ша-

расынан шығады. Бұл сандалақтап тұрған атынан секіріп 

түсіп, жерде жатқанға ұмтылды. Жатқанның жүзіне бала-

уыздай жылтыр бір сарғыштық тарай бастап еді. Көздеріне 

шыбын үймелеп жүр екен.

– Ақрим!


Жүресінен отыра қап, қан жапқан кеудеге құлағын сал-

ды да, атып тұрып, басын төмен иіп:

– Ұлым-ай... ұлым менің!

– Өлді, – деп іркелеңдеген үнмен айналадағылар жа- 

уап берді. 

Анау тағы біраз тұрды да, біржолата қарлыққан даусы-

мен айқайлап сөйлей бастады. Даусы шеткі үйлердің бәріне 

дейін жетті. 

– Ыставан станциясы көтерілді. Полтовский, Петров-

ский, Ыстевлиевский де көтерілді. Көтеріле салысымен 

шіркеулердің алдында дар ағаштар орнатып жатыр. Қолына 

түскеннің бәрін асады. Ыставлиевскийге кадеттер келді. 

Қылышпен де шапқылады, дарға да асады, атады, аттармен 

Куваньға айдап та тоғытады. Бөтен қаланың адамына рақым 

жоқ – шал, кемпір бәрібір. Бәрі бәлшебек дейді. Бақшашы 

шал Апанасий – Собдоки Перепершитсенің үйіне қарсы 

үйлер еді ғой...

– Білеміз, – деп шу етті.

– Сол аяқтарына оралып жалынды – бәрібір дарға 

асты. Қарулары сансыз. Қатындар мен балалар күн-түн 

бойы агарод, бақшаларды қазып, бесатар, пөлемөттерді 

шығарып жатыр. Маялардың ішінен зеңбірек оқтары мен 

патрондарды жәшік-жәшік қып суырып алып жатыр. 

Түрік фыронтындағының бәрін әкепті. Ұшы-қиыры жоқ. 

Зеңбіректері атылып жатыр. Бүлінбепті. Өрттей Куваньды 

түгел өрт басты. Бізді әскер де аяйтын емес. Ағаш-ағаштың 

бәрін дар ғып асыпты. Жеке-жеке кетіп, Екатеринадарға, 


448

теңізге, Ростовқа жетеміз дегеннің бәрі жолда кескілеумен 

қырғын тауыпты.

Өліктің үстінде басын төмен салып тағы біраз тұрды. 

Қыбыр етпеген тыныштық ортасында барлық көздің 

қадалғаны бір сол адам.

Ол теңселіп қалды да, қолымен әуені қармап, артынан 

атының тізгінін тауып, айналып қайта міне бастады. Бүйірін 

тер басқан аттың деміккеннен қанды танауы желбірейді. 

– Қайда?! 

– Есің ауысқан ба?! Павло!! 

– Тоқта... қайда барасың?! Қайт!..

– Ұстаңдаршы!

Ат даланы дүбірлетіп, жөнеліп бара жатты. Қамшысын 

сермеп кеп иықтан ұрды. Көнпіс аты мойынын со-

зып, құлағын жымитып шауып жөнелді. Тиірмендердің 

көлеңкелері далаға қиғаштай түсіп созылып, артынан ілесе 

жөнелді.


– Өлімге кетті.

– Ол жақта үй-іші қалған ғой! Мұнда, міні, баласы жа-

тыр.

Темір жақты адам аузын ашып, саспастан үн қатты!



– Көрдіңдер ме?

Топ түнеріп:

– Соқыр емеспіз.

– Есіттіңдер ме?

Тұншығып:

– Есіттік.

Темір жақ содан кейін аяусыз қатты кетті:

– Жолдастар, бізге енді бұрылар жер жоқ. Алдың да, 

артың да – өлім. Мыналарды көремісіңдер, – деп, казак-

орыс үйлерін, шексіз мол бақшаларын, биік зор теректерін 

нұсқап көрсетті. Бұлардың ұзын-ұзын көлеңкелері қиғаштап 

созылып жатыр еді – бұлар бүгін түнде-ақ бізді кескілеуге 

ұмтылар. Бізде бірде-бір күзетші, бірде-бір шалғыншы жоқ. 

Бұйрық берер жан жоқ. Кейін шегіну керек. Бірақ қайда? 

Әскерді қайта реттеу керек. Бастықтарыңды сайлаңдар. 

Жалғыз-ақ ең соңғы сайлау осы болсын. Содан кейін 

өміріңнің де, өліміңнің де ықтияры сонда болсын. Темір 

тәртіп орнатылсын, ажалдан құтқаратын сол ғана. Өзіміздің 



449

үлкен күштерімізге қарай жол салып өтейік. Ар жағында Ре-

сей де қолын созады. Ырзамысыңдар?

– Ырзамыз! – деп бар дала күрс берді. Арбалы көшелер, 

алаңдар, бақшалар, ыстансаның бір шетінен бір шетіне 

шейін тұрған елдер түгел үн берді.

– Жарайды, дұрыс. Қазір-ақ сайлау. Сонан соң осы ара-

да әскерді қайта реттеу. Абозды соғысатын қолдан бөлек 

алу. Кәмендірлерді лек-лекке бөлу – бәрі осы арада істеледі. 

– Ырзамыз – деп, кей жері сарғыш тартып келе жатқан 

кең дала тағы да үн берді.

Алдыңғы қатарда бір келісті сақал тұр еді. Өзін зорламай-

ақ, қарлыққан, жуан дауыспен, өзгенің үнін басып, сөз 

қатты! 


– Осы қайда барамыз біз? Не жасыратыны бар?.. Бұл 

бүліну емес пе? Барымызды тастадық – мал да, шаруа да 

қалды. 

Біреу тас лақтырғандай боп – халық жыртылып, айры-



лып, шулап жөнелді. Дөңгеленіп толқып кетті. 

– Сен қайда бармақ ең? Кейін бе? Бәрімізді қыру үшін 

бе? 

Келісті сақал жауап берді:



– Неге қырады, өзіміз келсек, қаруын берсек – жыртқыш 

емес қой олар да.

– Ана Макрушының елу кісісі барды ғой, қару, сайман, 

бесатар, патрондарын түгел беріпті. Казак-орыстар бір тал 

қолына тимепті. Бүгінде олар егіндерін егіп жүр.    

– Ол берілген құлақтар емес пе! 

Қызбаланған жүздердің арасынан гүжілдеген, жұлқынған 

айқайлар шықты:

– Сенің сөзің иттің көтіне!.. 

– Бізді сөзге келмей дарға асады. 

– Кімнің егінін егеміз деп, – деді қатындар. Қатындар 

айқайлап: – Тағы да казак-орыс пен ақ әпесердің егінін 

егелік пе?

– Тағы қамыт ілейік пе мойынға?

– Казак-орыстың ақ әпесер, жандаралдың қамшысына 

жонымызды төсейік пе?

– Әзәзіл, аманыңда аулақ кет.

– Ұр өзін! Сататын өзімізден... 

Сақал өз сөзіне басып:


450

– Сендер әуелі тыңдаңдар. Немене төбет итше үресіңдер?

– Тыңдайтын дәнеңе жоқ. Бір-ақ сөз, болды! 

Өрекпіген қызыл жүздер бір-біріне қарасады. Ашу-

лы көздері қайшыланысады. Бастарынан жоғарыда 

жұдырықтары сербеңдейді. Біреуді ұрып жатыр. Біреуді 

желкелеп ыстансаға айдап барады.

– Жолдастар, тынышталыңдар!..

– Тұра тұр, мені қайда апарасыңдар?

– Мен кіммін сендерге? Бір бау саламмын ба? Әлде 

немін?

Темір жақты аузын ашты:



– Жолдастар, тастаңдар оны – іс қылу керек.

– Әскербасыны сайлайық. Қалғанын сол өзі белгілейді. 

Кімді сайлайсыңдар?

Бір секундтай тым-тырыс боп тұрды. Дала да, ыстан-

са да, жансыз көп топ та – жым-жырт. Содан кейін көн 

басқан, жарылған қолдар тоғайдай боп қауырт бір-ақ 

көтерілді. Даланың шет-шетіне шейін созылып, стани-

цаны, бақшаларды басып, өзеннің де ар жағына шейін 

жаңғырығып бір-ақ ат аталды:

– Кож-у-у-у-қ-ты!

Жаңғырық алысқа шырқап кетті. Көгерген таулардың 

етегіне жеткендей боп – ...ты-ы-ы!.. – деп күңіреніп жатты.

Кожуқ тастай қатты тістескен бойында бір қолын 

көтеріп, қалпағына тигізді. Бет сүйектерінің төменгі жеріне 

болымсыз діріл кіргендей болды. Өліктерге жақындап 

кеп, басындағы кір басқан салам қалпағын алды. Жұрттың 

бәрінің қалпағы жер ұшырғандай түсіп-түсіп, бастар 

жалаңаштанды. Жалаңбастанбаған біреу де жоқ. Қатындар 

жыласып жатты. Кожуқ басын төмен салып, өліктің басын-

да біраз тұрды да:

– Жолдастарымызды барлық құрметпен көмейік. 

Көтеріңдер, – деді.

Екі шинель жайылды. Бешметшесінің төсінде үңірейіп, 

үлкен қанды тесігі бар батальон бастығына матрос 

қалпағы бар ұзын бойлы жігіт жақындап келді. Мойнына 

қалпағының лентілері жалбырап түсіп тұр. Үндемей келіп, 

бір жері ауырып қалмаса екен дегендей сақтықпен көтеріп 

алды. Ақримды да көтеріп алысып, барлығы алып жүрді. 



451

Топ біресе жарылыңқырап тарап, біресе қайта жиы-

рылып, жалаңбас күйінде селдей ақты. Әрбір адамның ар-

тында ұзын қисық көлеңкесі ілесе келеді. Арттағылар бұл 

көлеңкелерді таптайды. 

Бір жас дауыс жұмсақ, мұңды үнмен: “Қан майдан 

құрбаны боп сендер ұштың!” – деп ән бастағанда, өзге да-

уыстар да қосыла бастады. Дауыстар жуан, олақ, баста-

ры қосылмайды. Сөздерін жаңылыс айтады, рет жоқ, әр 

дауыс әр жақта. Бірақ сонда да кеңейіп, толқып тарап:  

“...еліңді елтіп сүйген күйге түстің...” Қосылмай, бытырап 

айтады. Бірақ әлденеден, шырмауықтай ширатылған нәзік 

мұң жүдеп-томсарған далаға да қойған, ескі тиірмендерге 

де, азғана сарғыштана бастаған биік теректерге де, ағарған 

үйлерге де – түгел жайылған секілді. Топ жүріп келе жатқан 

жерлердің барлығында – шексіз мол бақшаларда, өліктерді 

әкеле жатқан жолдың бәр-бәрінде сол тұтасқан мұң. Барлық 

дүние осылармен туысып кеткендей. Бәрі де осы арада туып, 

осы арада өлетіндей жақындасқан сияқты. 

Кешкі мезгіл таудың түсін де қою көлеңкелі мұнармен 

басты.

Бағанағы қалың ағаштай көтерілген қолдың ішінде 



өзінің арық қолын бірге көтерген Дарпина деген қатын 

енді шаң басқан етегімен қызыл көзін сүртеді. Көзі жасты. 

Анда-санда мұрнын тартып солқ етіп қойып, шаңға толған 

әжімдерін да жазып сүртеді. Жылап тұрып сыбырлайды:

– Рақымды ием, жаппар ием, өлмес, өшпес ием, жақта 

бізді... Рақым ием, жаппар ием, – деп алып, етегімен мұрнын 

сіңбіреді.

Солдаттар ынтымақпен жедел басады. Жүздері 

томсарған. Қабақтары түйілген. Қарауытқан қалың найза 

сәнмен ырғалғандай.

“...нең болса барын бердің елің үшін...” Түнге бой ұрып 

қалқып қалған шаң, жалыққандай шумақталып қайта 

көтеріледі. Барлық дүниені қайтадан орап қоршайды.

Ішнәрсе көрінбейді. Адымдап басқан көп аяқтың дүбірі, 

және:

– ...Рақымды ием, жаппар ием...



– Шер тарттың кір абақты ішінде сен...

Түннің қаралы қамқасын жамылған алып таулар, 

қорғана туған кеш жұлдыздарын тасалап көрсетпей тұр.


452

Міні, крестер де көрінді. Бірі құлаған, кейбірі қисайған; 

түп-түп ағаш шыққан алаңдар да бар. Қанатын жұмсақ сер-

меп жапалақ ұшып өтті. Үнсіз елбектеп жынды құс ұшты. 

Кейде ағараң етіп мрамор тас көрініп қалады. Алакөлеңкеде 

жарқырап алтын жазулар елес береді – бай казак-орыс, 

сәудегерлердің ескерткіштері. Нық шаруа иелерінің іргесі 

аумайтын тыныштығының ескерткіші. Солардың үстінен 

өтіп келе жатып топ ән салады.

“...құлап зорлық, көтерілед ел еркін...”

Қатарлап екі көр қазды. Сол жерде жас тақтайдан табыт 

жасасты. Қолма-қол істелген, қараңғыда ағараңдаған та-

бытта жас ағаштың иісі бар. Ішіне өліктер салынды. 

Кожуқ бас киімін алып, жас топырақтың үстіне шығып:

– Жолдастар! Менің айтпағым... жолдастармыз қаза тап-

ты... иә... біз оларды қастерлеуге міндеттіміз... Олар біз үшін 

қаза тапты. Иә... айтпағым сол. Олар неден өлді? Жолдас-

тар, айтпағым сол – Кеңес Ресейі өлмейді, мәңгіге жасай-

ды. Біз бұл жерде, жолдастар, мен айтсам, қыспақтамыз, ал 

анда Мәскеу, Ресей өзі айтқанын істейді. Жолдастар, Ресей-

де жұмысшы-крестиан өкіметі демекшімін мен. Содан бар 

нәрсе тарайды.   

 


Ғылыми 

түсініктемелер



455


1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал