Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет28/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

М. Ауэзов – м-р Уиксу

№ 155      

3 апреля 1960 г.

Глубокоуважаемый м-р Уикс!

1

Из всех многочисленных встреч наших с людьми США 



одной из самых памятных, содержательных и интересных 

была встреча с Вами.

Все члены нашей делегации уехали из Бостона с искрен-

ним чувством признательности Вам за Ваше добродушие, 

гостеприимство и самое главное, за Ваше желание и стрем-

ление к созданию добрых отношений между писателями и 

всеми людьми доброй воли, наших двух стран.

Я надеюсь об этом поведать полнее в своих очерках в 

дальнейшем.

Сейчас, исполняя Вашу просьбу написать немного 

об эпосе народов нашей страны, я посылаю статейку под 

условным заголовком “Слушая Гомеров нашего времени”

2



Я был бы очень рад, если бы эта статья ответила требова-



ниям вашей редакции.

370

Одновременно я продолжаю верить и надеяться на то, 

что “Серый лютый” выйдет в “Атлантик” в должной худо-

жественной форме.

С приветом – Мухтар Ауэзов.

Уикс – журнал редакторы, сыншы, Бостон қаласының тұрғыны. 



2

 “Слушая Гомеров нашего времени” – қырғыз халқының “Ма-

нас” эпосын айтушылары туралы мақала. 

М. Ауэзов – П. Синкеру

№ 156     

15 августа 1960 г.

     г. Москва

Глубокоуважаемый господин Пол Синкер!

1

Ваше письмо от 28 апреля с. г. дошло до меня с опозда-



нием, почему прошу милостиво извинить мое запоздание 

с нас тоящим ответом. Касаясь существа Вашего любезно-

го письма от носительно моего возможного посещения Со-

единенного Королевст ва, считаю своим приятным долгом, 

прежде всего, ответить Вам искренней и глубокой благодар-

ностью за это внимание, ока занное мне.

Одновременно я отвечаю и своим согласием поехать в 

Сое диненное Королевство на две недели в пределах сро-

ка, указанного в Вашем письме, а именно до конца марта 

1961 года. Так как наиболее удобным для меня были бы сро-

ки начиная со второй половины января, сейчас сообщаю об 

этом лишь ориентировочно. А к концу года я напишу Вам 

точнее относительно срока своего выезда и тогда же напи-

шу свои соображения и пожелания о встре чах с отдельны-

ми литераторами, учеными-востоковедами и также отно-

сительно желательного посещения отдельных культурных 

уч реждений Вашей страны.

С сердечным приветом!

Мухтар Ауэзов.

Мой адрес: г. Алма-Ата, Казахстан, ул. Абая, 185.

Пол Синкер – 1960 жылдары Британ Кеңесінің директоры 



болған. Бұл М. Әуезовтің Пол Синкердің Англияға шақырған хаты-

на жазған жауабы. 



371

М. ӘУЕЗОВТІҢ СОҢҒЫ ХАТТАРЫ 

(МОСКВА – КУНЦЕВО) 

М. Әуезов – Е. Ысмайыловқа

№ 157      

18.06.1961 ж.

Ең қымбат іні-досым Есет!

1

Кеше хатыңды алып ем, оқта-текте бір айтылатын көңіл-



жүрек сөздері айтылған екен. Алғыс деген аз ғана. Орайы-

на сондай шындық жүрек құшағы лайық та. Мен сені қазақ 

әдебиетінің, әдебиет ғылымының айнымас, қажымас, жыл-

дар жүрсе арымас жегіндісі – еңбек торысы дейім. Сол үшін 

сүйем де бек бағалаймын. Адамдығың, адалдық достығың 

өзіңе бір дара. Сенің жұртқа еткен еңбегің аз ба? Сен мені 

айтыпсың, соны оқып отырып мен сенің өзіңді көп-көп еске 

алдым. “Өзі ғой осындай көпке көмегі, көп іске себі тиіп

талайда-талайдан алғыс алатын жан” деймін. Соның ішінде 

әсіресе қазақ совет әдебиетінің үлкенді-кішілі жазушыла-

рына сені мен сендей бірнеше жандардың сіңірген еңбегің 

аз ба? Жақында Москвада Әлжаппар, Тақауи, Қалтай

2

 үшеуі 


отырған бір отырыста сыншы-оқытушы-зерттеуші – сен 

бастаған жандардың жазушылар үшін қадірлі көмек еңбегі 

қандайлық екенін сөйлеп ем.

Мені көп айтыпсың, көп жүрген соң жақсы, жаман ұзақ 

өмір жолына жамала беретін шығар. “Көп жүрген” дегеннен 

шығады. Бұрын жасы үлкеннің жақсы белгісі есебінде “бір 

көйлекті бұрын тоздырған ғой” дейтін еді. Көйлекті бұрын 

тоздыра жүріп, өзін де қоса тоздыра жүретіні есепке алын-

байтын.


372

Мен, тегі, өмірдің өрі-қыры, биігі мен ойпаңы, 

қысталаңы-шатқалы дегенді көбірек көргемін. Кейбіреулер 

өмірі біркелкі тура, түзу, жатық, жазаң жолындай өткен 

болса, менікі тіпті саушылық жағының өзінен алғанда да 

жаңағыдай тәрізді.

Бірақ бәрінен де ұдайы сау, сергек кеудемен, әсіресе 

өмірді таза мол сүюмен өтіп келемін. Солай топшыласам: 

күйгенімнен – сүйгенім көп, түңілгенімнен де – сенгіштігім 

көп, жиренгеннен көрі құмартқаным көп, бүгінгі өмірді ша-

быттана сүюім, шексіз қызыға сүюім анық мол. 

Бұның бәрі, былайша айтқанда, өмірден “алымы 

қайтпаған” дегенді аңғартса, “берімі де сарқылмаған” дегенді 

де ойлатса керек. Сондықтан да өмірімізге, заманымызға, 

еңбегімізге – бар күнімізге құмармын деймін де.

Науқасым жанға батқан нәрсе болмаса да, операция-

сыз айықпайды деседі. Ол қажет болса, кейінге несіне 

қалдырам? Мезгіл кейіндеген сайын мен алпыс төрттен 

ары күшейе бермейім (саушылық жағынан) – қайта әлсірей 

бермейім бе, ал ауру болса күшейе бермесе, өздігінен кет-

пеуге мүмкін ғой. Сондықтан түбі бір операциясыз болмай-

тын болса, осындай семіз күйлі кезімде жасатқаным жөн бе 

деп тұрмын. Алдағы сейсенбіде – бүрсігүні консилиум бола-

ды. Сол не десе де көнемін деп тұрмын.

Жақында сенікі сияқты аса дос қымбат хатты Евгения 

Васильевнадан

3

 алдым. Мүсілім



4

 де жақсы толық хат жа-

зыпты. Уахатов

5

 тілектестік жәйін жазып, ВАК хабарын 



тосып жүргенін айтыпты. Жазылып шыққан соң оның да, 

Балташтың

6

 да жәйларын ВАК-тан білемін. 



Закиді

7

 алса – ең болмаса рукопись бөліміне алып (егер 



Әуелбекті

8

 алу қиын болса), ал Взаимосвязьді тек қана 



Лизуноваға беру қажет, қажет – әделет қой. Мен оның өзіне 

бұл жөнде еш нәрсе айтқан емеспін. Үй-ішіңе тегіс сәлем.

Қош. Мұхтар Әуезов. 

Москва – Кунцево.

Ысмайылов Есмағамбет (21-бетті қараңыз). 



Әлжаппар Әбішев, Тахауи Ахтанов, Қалтай Мұхамеджанов. 

3

 Е.В. Лизунова.



4

 М. Базарбаев.

5

 Уахатов Бекмұрат (1932–1984) – әдебиет зерттеушісі, филоло-



гия ғылымының докторы. 1958–1982 жж. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және 

373

өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, қолжазба және тек-

стология бөлімінің меңгерушісі. 

6

 Ысқақов



 

Балташ – әдебиет зерттеуші-ғалым, фольклортанушы. 

1960 жылы филология ғылымының кандидаты дәрежесін алу үшін 

диссертация жазған.

Ахметов Заки (1928–2002) – әдебиет зерттеушісі. ҚР ҰҒА 



академигі (1983), ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1978), фило-

логия ғылымының докторы (1965), профессор. М. Әуезовтің шәкірті. 

8

 Қоңыратбаев



 

Әуелбек (1905–1986) – әдебиеттанушы ғалым, фи-

лология ғылымының докторы, профессор.

М. Ауэзов – Е. Лизуновой

№ 158     

18 июня 1961 г.

Евгения Васильевна

1

, друг мой дорогой, родной!



...Получил Ваше письмо. Оно выражает Вашу неиз-

менную душевную теплоту, самую дорогую для меня друж-

бу Вашу. Что я думаю о Вас как человеке, деятеле нашего 

фронта, я написал Муслиму в новом своем письме к нему. 

Не месяцы и годы, а це лое десятилетие устойчивой испы-

танной верной дружбы Вашей ко мне, к моим делам – ведь 

это и есть узы, связующие судьбы, биографии, разум и серд-

це в нашем шествии по жизни. Вы, я думаю, знаете, я доро-

жу Вами как хорошим, надежным и стойким другом казах-

ской литературы в целом, дорожу и говорю людям, казахам 

особенно, что это тот хороший настоящий русский молодой 

человек, в котором советское воспитание сумело вырастить 

ленинское широкое, дружеское расположение и любовь к 

духов ному миру другого советского народа... много, много 

должно быть таких людей именно от русской культуры, на-

рода, истории, которые самым надежным образом укрепля-

ют узы дружбы, коммунистической дружбы между нашими 

братскими народами. Вот куда ведет моя дружеская брат-

ская любовь к Вам и Ваша сердечная дружба ко мне, Же-

нечка милая.

...Очень возможно, буду делать операцию в те дни, ког-

да у вас в Алма-Ате будут праздники. Это хорошо, так даже 

будет лучше для моего сознания, буду участвовать я мысля-


374

ми, всем сердцем, причем с сознанием, конечно, что незри-

мо участвую и я своими скромными делами…

Очень и очень хотелось бы прочесть Вашу книгу в напе-

чатанном, солидном, хорошо оформленном виде.

Что с моим другом Исхаком

2

? Он не приехал на мои про-



воды, где была масса народу, и не пишет, не дает знать о 

себе. А ведь он вместе с Вами сделал великое дело для меня, 

подготовил мою книгу

3

, и я бесконечно благодарен и полон 



любви и признательности к нему. Пишите об институте, о 

людях наших, напишите о празднике.

Сердечный привет всем Вашим родным – папе, маме, 

супругу. Крепко, крепко жму Вашу руку.

Ваш Мухтар Ауэзов.

Лизунова Евгения Васильевна (1926–1993) – әдебиет зерттеушісі. 



Филология ғылымының докторы (1964), профессор (1966), ҚазКСР 

ҒА-ның корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген 

ғылым қайраткері (1982). 

Дүйсенбаев Ысқақ Тәкімұлы (32-бетті қараңыз).



“...подготовил мою книгу” – Ы. Дүйсенбаев пен Е.В. Лизунова    

екеуі М. Әуезовтің “Әр жылдар ойлары” (1961) жинағына енген 

мақалаларын орыс тіліне аударып, “Мысли разных лет” деген ат-

пен кітап етіп шығарған. Кітапты құрастырушы – Ы. Дүйсенбаев. Ол 

осы кітапқа енген М. Әуезовтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз 

Жібек”, “Ертегілер”, “Айтыс” атты зерттеулерін орыс тіліне аударған. 

М. Әуезов – Т. Ахтановқа

№ 159       

21 маусым 1961 ж. 

Қадірлі іні-дос Тақауи!

1

Сен берген кітабыңды түгел оқып шығып, осы хат-



ты жазып отырмын. Әрине, сенің үлкен еңбегің, өзіңді кең 

құлашыңмен, өнімді өріс-өрнегіңмен емін-еркін танытқан 

шығармаң – “Қаһарлы күндер”. Мына шығармаларда 

“бертін соқтың”, “кемшіл келдің” демекші емеспін.

Бұларда сен әдейі кіші жанрлардың әр алуанын толғап 

көруді мақсұт еткенсің. Өз ішіңдегі басылмаған пернелеріңді 

де тіл-үн қаттырып, тебірентіп көрмек болғансың. Әрі сен 

пьесалар да жазып жүрсің. Сценарийді де қолға аласың. 



375

Осының бәрі өте заңды іздену, іздену жолындағы бел-

белестер.

Сол ретте, әрине, “Махаббат мұңы” жақсы повесть, 

өзгелер қонымды, ұнамды әңгімелер (рассказ, новелла). 

Бұлардың бәрінің тақырыбы, адамдары, шындықтары – 

жалғансыз, риясыз, зорлықсыз, әділ шындықтар! Соны-

сы ұнайды. Екінші – сен бір жақсы соныға түсе бастапсың. 

Ол интеллигенция туралы жазу, өзіңмен замандас, қанаттас 

қатарыңды жазу, – соларды және ішкі мәдениет өресіне 

қарай – ішіне үңіле, сезіміне бойлай жазу бар. Өте орынды, 

өте асыл іздену.

Бұл жолда, алда көп-көп ыстық-тартымды, аса қызу-

қызғылықты, шын шабытты құштарлық туғызатын болмыс-

тар, сәттер, шындықтар бар. Осы адамдар жақсы, ойлы, са-

налы, арлы болса – халқыңның, қауымыңның да болашағы 

ғой.

Оларды көрсетумен бірге, сынаумен бірге баулу, бас-



тау – қалыптау да керек. Сен шынайы қызығарлық соныға 

түскенсің, соған мейлінше құдіретің де жетеді, ілгері 

тереңдей, ірілей тастай түс, тарта бер. Бұл тақырыпта сен 

ұдайы әділ-адал дәл шындықтың өзінде боласың ғой. Қоспа, 

бояма, фальшь бұнда керек емес. Бәрі өзің жақсы білетін өз 

ортаң, өзің жүзіп жүрген мекен-көлің.

Менде тағы бір қуанышты сүйсінген ойлар ұдайы қатар 

отырды (осы кітабыңды оқу үстінде дейім). Ол – менің өзіме 

сонша ет-бауыр, шабытымен іні-бауыр екеніңді сезіне оты-

ру шақтары. 

Мен сенің мақалаларыңнан, үлкен романыңның да кей 

бояуларынан – осы менімен туыстас-ау деп ойлай жүрушем. 

Ал мынада мен өзімнің сезімдерімді, сырларымды саған 

жаздырып, соған бауырымша сеніп, еліге еріп, ырза боп 

отырғандаймын. Әрине, әрбір шыншыл шығарма солай 

еліктіреді де, ал өз жүрегіңе ұқсап соққан жан тамырды жан 

бауырдай сезбеске шараң жоқ. 

Мен сені, Әбжәмілді, Зейнолла, Тәкенді, Сафуан-

ды

2

 көптен, бастан бөлек санайтұғым. Біз, Хрущев жол-



дас айтқандай, “Жәрмеңкеден қайту бетіндегі” жандарға 

қосылдық. Енді әдебиет болашағын ойламай болмайды. 

Сендерді сол болашағымыз дейім. Өзіме етене жақын де-

генде, сенен – менің жасырақ шағымда өзімнен таппаған 



376

жақсы сыпаттарды көремін. Сенің отың менен қызуырақ, 

сенде ерте түскен ой бар деп сенемін. Әдебиеттің арлы ойы 

болса керек дейім. Сондықтан анау бір жылдардан-ақ саған, 

сендерге мен безразлично қарай алған емеспін. Алдарыңнан 

жауапты, ойлы жаңалықтарды өзге бар қазақтан молырақ 

күткен күйдемін.

Екінші бір өнімді топ: Мұхамеджан, Хамза, Зейін

3



Бұларды сендер көбірек түсіне ойласаңдар, әділ бола-



ды. Олар жастай кетіп, ұзақ заман тұсалып қалған жігерлі 

талант, өмірге қомағайлық (жақсы мағынада) ала кел-

ген. Шығармалық шабытқа да сондай қомағайлар. Өнімді 

еңбек етіседі. Сендердей, осылардай адамдарға байланыс-

ты болашақты, үдей басатын, алғыдан асатын болашақты 

ойламасақ кім боламыз? Ал “алғы” дейтін қаншалық? 

Қанша кен қазына, қалың қатпар өткелің жатыр? Шақ-

шағын ғана емес пе? Әсіресе ол мәдениетті өнер боп та өсіп-

піскен емес қой. Көбінше көбікті толқын санап жүрміз ғой. 

Мен операция тосудамын. Сәлем, көп сәлем. 

Р. S. Әбжәміл, Зейнолла бәр-бәріне көп сәлем. Респу-

блика мерекесі бәріңе де құтты болсын, мен жүрекпен, 

тілекпен бәріңмен біргемін. 

Мұхтар.  

Москва – Кунцево.

1

 Ахтанов Тахауи (65-бетті қараңыз).



2

 Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнолла Қабдолов, Тәкен Әлімқұлов, 

Сафуан Шаймерденов. 

3

 Мұхамеджан Қаратаев, Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин. 



М. Әуезов – З. Шашкинге

№ 160      

25.VІ.1961 ж. 

Әнеу күні Есеттен

1

 сенің “Теміртауыңды” ала кетіп, 



жақсылап, баптап оқып шықтым.

Романың маған ұнады. Жәй сәл ғана бір ұнады емес, 

бүгінгі жоғымыздың бірін ала келе жатқан елеулі, салмақты 

табыс-ау деп ұнаттым. Әсіресе қадірлісі – жаңа адамдар, 

бүгінгі қасымыздағы жаңа буын, осы кітапта дәл құлағың 


377

түбіне кеп, өздерінің сөйлеген, сезінген демдерімен білініп, 

танылып тұр. Бет-құлағыңа ыстық демдері шарпи сезіліп, 

танылып, ұғылып тұр. Өздері, рас, анық толық өндіріс, 

өнерлі өндіріс адамдары.

Тағы бір қасиет – осы адамдар көбі қазақтың жаңа 

жас қауымы; елдің, ұлттың жүгін енді мойындарына алған 

мығым буын.

Бүгінгі күн, өндіріс ортасы осылай, дәл бүгінгі 

қалыптарымен көрсетіле бастау – біздің әдебиет үшін 

үлкен тың табысты келіс. Тіл, стиль де соған орай өз 

жаңалықтарымен айқын тұр. Адамдарың жаңа теңеулер 

тілімен тапқыр жаңалықтар сездіре сөйлейді. Бір шақта 

газетада бір үлкен үзіндісін оқып, көп ұнатып үміттеніп 

қалғанымды Есетке айтқаным бар еді, – мынау тұтас еңбек 

түгел бойымен көңілге тілеулестік қуаныш әкелді. Ал тіл 

жайын айтуда менің кейбір сыным, талабым да бар. Көп жер-

де орыстарың қазақшалап сөйлеп жіберетіндері бар екен. Ал 

қазақтарың кейдегі сөйлемдерін орысша құрады. Ол әдейі 

істесе бір сәрі, орынды да. Бірақ кейде сенің салақтығың 

тәрізді кететін жерлері де бар екен.

Бұлар оқта-текте келетін, байқалатын жайлар. Ал жалпы 

сөздеріңде көп-көп жерде белгілі сөздерді дәл қолданбай, 

менше, жаңсақ, олақ қолданатының бар тәрізді. Осы жақ –  

менің ең көбірек байқаған мінім. Сондай сөздердің бәрін 

мен Есет кітабының бетінде сызып отырдым. Кейін өзіңе 

көрсетейін деп көшіріп алып ем. Ол екі бет болды. Кейінгі 

басылуда өзгертуді керек ететін, даусыз дерлік оғаштықтар 

бар... жеке сөз... сөздікте...

Кей тұсында романда мәжілістер көбірек кетіпті, оның 

да түзеуді немесе басқаша жазуды керек ететіні бар.

Жалпы, мен Мұхамеджан

2

 сынына әбден қосыламын. 



Тек тіл кемшіліктерін аз көргенін айтар ем. Ал Сахариевтің

3

 



“Битва в путиге” ұқсайды дегені орынсыз. Дәмеш ешбір 

Тина емес, Қайыр – Бахиров та емес. Олай десе, “Битваның” 

өзінен “Ағайынды Ершовтарға” ұқсастық бар деп тімтілеуге 

де болар. Мынада ең қымбатты қазақ образдары өз психоло-

гия, логикасымен, өз іштері, істерімен өзіндік ұлттық жаңа 

ортада қалыптанған шындықты танымау, тосырқау – кем 

қойғанда үстірттік болар еді. 

Сенің өнімді еңбегіңе шын тілектес үміткермін. Ілгері 

аса, баса бер. Бірақ қатарында өзіңдей ендігі әдебиет 

25–1184


378

болашағы деп өзім түсінетін: Әбдіжәміл, Тахауи, Зейнол-

ла, Сафуандар, Хамза

4

 барын ұмытпа, бек бағалап, тілектес, 



қанаттас дос деп бағалай біл дер едім.

Мен операция тосудамын. 27 күні болмақшы. Қазақстан 

мерекесіне, бәрлеріңе адал жүрек қуанышын қосамын, 

достарға сәлем! 

Ысмайылов Есмағамбет (21-бетті қараңыз).



Қаратаев Мұхамеджан (235-бетті қараңыз).

Сахариев Баламер (1929–1979) – әдебиет зерттеушісі, сыншы. 



Филология ғылымының кандидаты. 

Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтанов, Зейнолла Қабдолов, 



Сафуан Шаймерденов, Хамза Есенжанов. 

М. Әуезов – М. Базарбаевқа

№ 161 


17 маусым 1961 ж. 

Қадірлі дос Мүсілім!

 1

Хатыңды алып, қатты ырза болдым. Көңіл, бейіл, 



тілектестігіңе көп-көп алғыс айтам. Институт өміріне 

жегіне кіріскен көрінесің... Өндіре тартып, үдеп-үдеп кете 

барарсыңдар деп нық сенемін. Ендігі біраз мәселелерің 

шешіліп те қалған шығар... 

Мен 20-сы күні болатын консилиумды тосып отыр-

мын. Солар операция жаса десе, жасатамын. Бұл хат той 

үстінде барар. Қазақстан ұлы той мерекесі сәтінде бар-бар 

коллективіңді, үлкен-кіші дос-жаранның баршасын дос 

көңілмен құшақтап құттықтаймын.

Мұхтар Әуезов. 

P. S. Жаңалықтар тосамын.

  

1



Базарбаев Мүсілім (1927–1995) – әдебиеттанушы, мемлекет 

және қоғам қайраткері. Филология ғылымының докторы, профессор. 

1956–1970 жж. Тіл және әдебиет институты директорының орынбаса-

ры, директоры. 1970–1981 жж. ҚР Мәдениет министрі, Сыртқы істер 

министрі. 1981–1988 жж. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының директоры, 1988–1995 жж. бөлім меңгерушісі. 



379

М. Әуезов – М. Базарбаевқа

№ 162      

 27 маусым 1961 ж. 

Қымбатты Мүсілім!

Кешеден бері мен Москва сыртындағы Кунцеводағы 

Кремелевка ауруханасындамын. Жақсы консультация жа-

саймыз, кім керек болса, соны алғызамыз десті. Тағы да 

рентгенмен анықтаулар болмақшы. Түбі, тегі, операция 

бола ма деймін. Не болса да өз Отанымыздағы ең тәуір 

дейтін больницадамын, сенемін де, емдеріне көнемін.

Өздерің енді қалай өсу-өрлеудесіңдер? Институт 

қалқиып тұрды ма? Орын-жайларың жайғасты ма? Кімдерді 

келтіріп алып жатырсың? Көмектер қандай? Әнеугі 

 

Ш. Шокиндегі



1

 сөз бойынша Волковтың қолын қойғызып 

алуға келе әрекет еткеміз. Б. Ысқақов

2

 екі күн арнаулы 



әрекет етіп, ақыры кеше мен больницаға кетерде Волков та 

қол қойды, бәрі де ойдағыдай орындалды деді. Мен сендер-

ге документтерін жіберуді сұрадым, аларсыңдар. Бұл жөндер 

жайланды. 

Жалпы бар жаңалықтарың туралы хат жазыңдар... Көп 

сәлем. 


Москва. Мұхтар.

Шокин Шапық Шоқыұлы (1912–2003) – энергетик. Техни-



ка ғылымының докторы (1953), профессор (1956), Қазақстан ҒА-

ның академигі (1954), КСРО Ғылым академиясының Қазақстан 

бөлімшесінде сектор меңгерушісі. 1964–1967 жж. ҚР ҒА президенті 

болды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1972), Қазақстанның 

еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1962), Қазақстан Республикасының 

Халық қаһарманы (1997). М. Әуезовпен қызмет бабында жиі кездесіп, 

достық, сыйластық қатынастарын үзбеген. 

2

 Ысқақов Балташ Баубекұлы (373-бетті қараңыз). 



Аудармалар

К А Р А К О З

(К А Р А Г Ё З)

Трагедия в 4 актах, 7 картинах

384

Д е й с т в у ю щ и е   л и ц а

К а р а к о з – девушка на выданье, невеста.

С ы р ы м – молодой акын, сал

1

, 25 лет.



А к б а л а – золовка Каракоз.

Ж а р ы л г а п – отец Каракоз.

М о р ж а н – старшая байбише

2

, мать Жарылгапа, 70 лет. 



Ж а б а й – отец Сырыма.

Н а р ш а – жених Карагоз.

А с а н – молодой акын, из свиты жениха.

М а т а й – друг Нарши.

Д у л а т – акын

К о с к е л ь д ы             салы, друзья Сырыма.

Д а в л е т к е л ь д ы

Т е к т и – мать Нарши, сваха. 

Т о й с а р ы – родственник Нарши, старший сват. 

С т а р и к-хлебороб.

С т а р и к-рыбак.

Женщины, приехавшие на той

3

.

Девушки, распорядители.



Сал – певец-поэт, вольный певец, увеселитель народа, их отличает 

еще красочный, особый наряд.

2

 Байбише – хозяйка аула.



Той – пир.



385


1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал