Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет23/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

М. Әуезов – Ә. Сасбұқаевқа

№ 133     

27 ақпан 1961 ж.  

Қадірлі дос Әділ!

1

Әнеугі жіберген деректеріңе сонша зор ырза болдым. 



Маған қазіргі істеп жатқан жұмысымның тұсында ең қымбат 

керекті деректер осындайлар еді. Осы қағазды жазған 

адамың аса бір ұқыпты, байыпты, білгір адам екен. Ауданды 

қандай жақсы біледі. Енді мен сол өзің жіберген қағаздарды 

бірнеше дана қып көшіртіп, обкомда Жарқымбеков, 

 

Шаянда Ысмайыловқа жібердім. Шаяннан дәл осындай 



деректерді осындай мол етіп, нақтылы фактілерін көп етіп 

жазып жіберсін деп сұрап отырмын. 

Сен жіберген қағазды соларға мысал етіп әдейі жібердім. 

Ал енді өзіңнен тағы бір өтініш: былтырғы қыста 

“Құмкент” совхозының қойы жұтады. Сол совхоздың ізімен 

малын көшірген Шаян ауданының совхоз-колхоздарының 

малы жұтады. Маған керегі: құмнан шығып, Қаратауға жет-

кенше, сол малдардың жолшыбай мекендеген далалары, 

құдықтары, адырлары, қоныстары қайсы-қайсылар екенін 

атап-атап жазып жіберсеңдер. Аралары қанша километр 

екенін де көрсеткен жақсы болар еді. 

Екінші өтінерім: былтыр өзің барғаннан бері аудан-

да қанша база салдыңдар? Қай жерлерге қандай қып 

салдыңдар? Осылардың аттарын атап, бөлек тізім етіп 

жазсаң жақсы болар еді.

Үшінші: былтырдан бері неше балалар бақшасын 

аштыңдар. Қай жерлерде? Шопандардың балаларына арна-

лып қандай жаңа қамдар істелді? Жаңадан қай жерде, қанша 

шопандарға көмек ететін медпункттер ашылды? Міне, осы 

деректерді жақында жаздырып жіберсең және де көп алғыс 

айтар ем.

Достық сәлеммен, Мұхтар Әуезов.



309

Сасбұқаев Әділ (1922 ж.т.) – зоотехник, қоғам қайраткері. Созақ 



аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Ол ауданның тарихы-

на қатысты деректер мен аймақтың жалпы сипаттамасы, географиялық 

ерекшеліктері жөніндегі жазбаларды жолдаған. Осылардың қатарында 

аудан көлемінде жасалған қылмыстық іс-әрекеттер, оқиғалар да 

бар. Бұлардың бірсыпырасы кейін роман желісінен өз орнын тапты. 

“Өскен өркен” романында Әділдің прототипі Әріп Есдәулетов деп 

берілген.

М. Әуезов – Ғ. Мұстафинге

№ 134


Ғабиден!

1

Бүгін 26-нда Разиялар жүреді. Ал кеше бәйге комитетінің 



мәжілісі бопты. Ең соңғы, ең жаңа хабарың соның байла-

уы. Проза ретімен әзір бірінші тіпті болмас деген болжам 

бар. Жалғыз Леонов

2

 кітабы І-ІІ-нші деген аралықта тұр 



дейді. Кеше ең соңғы отбор, талғау болыпты. “Қарағанды”

3

 



дауысқа түсуге өтіпті, ІІ–ІІІ-нші деген аралықта тұр дейді. 

Биыл сондай жіктеулер болды деседі. Анық ІІ-нші, анық 

ІІІ-нші бар да және аралықта тұрғандар бар. Енді дауысқа 

салу болады. ІІ-шіде анық тұрғандар 9 болса керек. Біздің 

өкілдерге неге ІІ-нші үшін алыспадыңдар деп ем... не 

істейсің, президиум (бұнда да 7 кісілік президиум бар) солай 

ұйғарып әкепті десті. Бірақ әйтеуір әзір анық тұр, Леоновты 

қоса санағанда біздің ат 9-ншы орында тұр дейді. Қалайда 

қайырлы босынға орын толық, анық болар деп қуанамыз. 

Бейілді кеңге сала бер, кеңге сала бер... Айтып ем ғой, дәл 

жүретін күнгі 300 сом шығарған қарқынмен табан бір жылға 

шыдасаң, саған ерген сараңдық ... әуселесін көрермін! Сені, 

тегі, Зейнел екеуміз осылай екі жақтан емдейік, ол – үйден, 

мен – тыстан. Жасы үлкеннің осындай бір шарапаты тиетіні 

де бар ғой, соны дұрыс ұғынып жүре тұр. 

Ал енді тағы бір, үлкен шаруа айтайын. Мен 14 мартта 

об-воға Абай жөніндегі тілеген кітабын бергем. Гослит ала 

сала қабылдап, баспаға жібергелі жатыр. Мынау об-ы бол-

са адамдары ауырып, оқитын редактор болмай, созып отыр. 

Маған әбден болады, күдік қылмаңыз дейді, бірақ созы-

лып барады. Осыны ала сала об-воға және “Знамя” деген 


310

баспасына ең мықты орыннан телеграм бергіз, тез, асығыс 

шығарт деп тілек етіңдер. 

Тағы бір жәй, Разиямен бара жатқан топ ойдағыдай 

адамдар емес. “Уп” еткенді ала жөнелгіштері де жоқ емес 

дейді.


Ең алдымен бәрімен өзің мықтап толық сөйлеу суің қажет 

және обязательно үлкен кісінің дәл өзімен сөйлестіруің аса

аса қажет, болмаса қаңғып шығулары мүмкін деседі. 

1

Мұстафин



 

Ғабиден (21-бетті қараңыз). 

2

Леонов Леонид Максимович (1899–1994) – орыс жазушысы. 



Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1949). Социалистік Еңбек 

Ері (1967), КСРО (1972) және Ресей (1991) Ғылым академияларының 

академигі. Лениндік (1957) және Мемлекеттік (1943) сыйлықтардың 

лауреаты. 1960 ж. М. Әуезовпен Америка сапарында бірге болған. 

3

“Қарағанды” – Ғ. Мұстафиннің романы. 



М. Ауэзов – М. А. Суслову

№ 135 


декабрь 1951 г.

Дорогой Михаил Андреевич!

1

Я, казахский писатель, автор романов “Абай” и “Путь 



Абая”, обращаюсь к Вам, чтобы довести до Вашего сведе-

ния об одном, глубоко недоуменном для меня вопросе по 

поводу отношения руководства Казахстана к моей творче-

ской деятельности за последнее время. 

Как хорошо известно Вам, Михаил Андреевич, пар-

тийная организация Казахстана проводит сейчас важ-

нейшие, насущно необходимые, исторически справедли-

вые мероприятия по очищению идеологического фрон-

та в Казахстане от всех, ранних и поздних проявлений бур-

жуазного национализма, конкретно, в связи с раскрытием 

феодально-монархической, реакционной сущности движе-

ния Кенесары Касымова. 

Критикуя деятельность историков, литературоведов, 

писателей и многих иных деятелей, наша общественность 

справедливо сурово указала и на мои ошибки. Критика моих 

ошибок, главным образом, базировались на моих научно-

исследовательских работах. К ним относились: 1) моя ре-


311

дакторская работа по 1-му тому “Истории Казахской лите-

ратуры” (фольклор), 2) ранние исследовательские статьи по 

изучению биографии казахского классика Абая и его поэти-

ческого окружения, так называемой “Школы Абая”, 3) мое 

участие в качестве оппонента при защите диссертации Му-

хамедхановым на тему “Школа Абая” в 1951 году. В этом же 

ряду порой упоминалась моя пьеса “Хан Кене”, написанная 

в националистическом духе еще в 1928 году. 

Искренне и глубоко осознав свою личную ответствен-

ность в поднятых партией требованиях правильного, 

идейно-воспитательного воздействия на сознание масс, я 

решил ответить не только заявлениями, декларациями, но 

делом, т. е. своим художественно-творческим трудом, на 

справедливые указания общественности. Результатом этих 

моих устремлений и условий явился роман “Путь Абая”, на-

печатанный в 8-м и 9-м номерах журнала “Знамя”.

Данный роман имел три редакции в пути своего идейно-

художественого созревания. Первая редакция была напеча-

тана в 1949 году в журнале “Әдебиет және искусство” в объ-

еме 14 печ. листов. Вторая редакция в объеме 20 печ. листов 

вышла отдельной книгой на казахском языке в 1950 году до 

начала критики идеологических ошибок историков и лите-

ратуроведов в Казахстане.

А третью, самую последнюю и основную редакцию ро-

мана “Путь Абая” в течение целого года, т. е. с середины 

1950 года до середины 1951 года, я переработал, при огром-

ном творческом содействии коллектива редакции журна-

ла “Знамя”, переработал, учитывая все критические заме-

чания, касавшиеся моих ошибок исследователя, научного 

работника. В результате возник роман, по признанию от-

дельных критиков в Казахстане и в Москве, исправляющий 

ошибки не только автора, но и многих других исторических, 

историко-литературных и иных трудов на тему о прошлом 

Казахстана.

По признанию читателей, “Путь Абая” гораздо более, 

нежели роман “Абай”, раскрывает и укрепляет историче-

ские корни дружбы между великим русским и казахским 

народами, он развенчивает и зарождающиеся предпосылки 

казахского национализма.

Роман должен был бы служить примером убедительно-

го отрицания буржуазного национализма. Казалось бы, он 



312

должен был служить примером творческого исправления 

ошибок давнего и недавнего прошлого в отношении буржу-

азного национализма, и как таковой мог бы быть использо-

ван сейчас, в пору разоблачения этого национализма в ре-

спублике. 

Между тем, роман предан умолчанию в Казахста-

не. А в докладе первого секретаря ЦК КП(б), Казахстана  

тов. Шаяхметова, опубликованном в газете “Казахстанская 

правда” от 28 октября н. г., вместо должной, справедливой 

оценки последнего, переработанного варианта, дана ссыл-

ка лишь на первый вариант и сказано: “Некоторая идеали-

зация личности Кенесары Касымова нашла место и в рома-

не М. Ауэзова “Акындар Ачасы”, напечатанном в 1949 г. в 

журнале “Әдебиет және искусство”. 

Было бы законно сказать о романе так, если он остал-

ся в том же варианте 1949 года. Но почему же не упомина-

ется в докладе вариант последний и окончательный, тем бо-

лее исправленный почти на 40% и изобличающий национа-

лизм? Почему не учитывается тот факт, что этот последний 

вариант романа пока что является единственным деловым 

творческим ответом на критику национализма в Казахста-

не? Ведь ясно же, что и “История Казахской ССР”, и учеб-

ники, и вузовские пособия, ранее составленные с ошибоч-

ных позиций, еще не написаны заново и тем более не изда-

ны. А роман “Путь Абая” опубликованный в журнале “Зна-

мя”, уже стал достоянием читателя в массовом распростра-

нении. Почему руководство партийной организации Ка-

захстана не хочет использовать этот труд как факт делово-

го исправления ошибок в результате благотворного влия-

ния партиной критики на сознание и трудовые усилия ра-

нее ошибавшегося автора? Кому же на пользу это непонят-

ное молчание? Неужели ошибки, допущенные мною в от-

дельных исследовательских работах, должны заглушить и 

заслонить мои положительные, правильные с партийной, 

идейно-исторической точки зрения труды в моем писатель-

ском творчестве.

Вот какие недоумения вынудили меня обратиться к Ва-

шему вниманию и посягнуть на Ваше драгоценное время, 

дорогой Михаил Андреевич.

С сердечным приветом, Мухтар Ауэзов.

Москва, г-ца “Москва”.



313

1

 Суслов Михаил Андреевич (1902–1982) – мемлекет қайраткері. 



Хат мазмұны “Абай жолы” романының “Знамя” журналында басы-

луы жайында.



М. Әуезов – Қ. Жұмалиевке

№ 136 


Жолдас Хажым!

1

Қазақ әдебиеті тарихының екінші томына арнап жазған 



Махамбет, Шернияз, Ыбырай турасындағы еңбектеріңіз, 

жалпы алғанда, жаңа томның көрнекті, ірі бөлімдерінің бірі 

боп бағаланды. Көлем жағынан да, сапа жағынан да томға 

елеулі еңбек қосқан автордың алдыңғы қатардағы бірі деп 

бағалаймыз. Еткен еңбегіңізді осылай өз салмағымен, ор-

нымен атаудың үстіне, енді осы бөлімдер және де арман-

сыз бола түсу үшін әр тақырып туралы бірнеше тілек-

талаптар айтпақшымыз. Ендігі сөзді сол әр бөлім (тақырып) 

турасындағы пікірлерге, ескертулерге арнайық. 

Махамбет туралы

Жалпы Махамбеттің өмірі мен мұралары туралы ең көп 

еңбек сіңірген автордың бірі – сіз екеніңізді жұртшылық 

біледі. 1948 жылы шығарған “Махамбет” атты кітаптағы 

тексеру мен өлеңдер жинағының топтамы бұл ақын 

турасындағы ең көрнекті, ең соңғы жинақы еңбек болатын. 

Одан кейін, сол кітаптан әрі қарай өсіре, асыра қосымша 

еңбек жазған зерттеуші болған жоқ. Бірақ мынау екінші 

томға бәріміз де бұрынғы өзіміз тексеріп жүрген авторлар 

жайындағы зерттеулерге ғылымдық жағынан жаңалықтар 

қосып, молайта, тереңдете тексеруіміз қажет. Әдебиеттану 

ғылымына, тарихтық сынға жұртшылық қойып отырған 

соңғы талаптар бойынша өскелең жаңалықтар қоса түсіп, 

тексеруіңіз шарт. Осы жағынан қарағанда, бұрынғы 1943 

жылы басылған кітапты түгелімен қайта көшіріп беруіңіз, 

өсіре түспегеніңіз өте өкінішті жәй болған. 

Ол кітаптағы үлкен көлемді кіріспенің соңғы бөлімі, тек 

сол жинақтың өзіне ғана арнаулы мақсаттан туған беттер 

еді. Онда алғаш жарияланып отырған өлеңдер мен жекеше 

21–1184


314

арнаулы жинақ болғандықтан, кейбір түсіндіргіш – справ-

ка ретіндегі мәліметтерге орын беру заңды еді. Ал екінші 

том сияқты күрделі ғылымдық еңбекке ондағы деректердің 

көпшілігін қысқартып, сноска ретінде ғана берсе жетерлік 

болатын. Ал мынау еңбектің соңғы бөлімінде Махамбеттің 

жаңа шығармаларына тексеру берудің орнына ғылымдық

зерттеушілік сапасы сәл, ұсақ түсінік справкаларға көп 

орын бергенсіз.

Жалпы алғанда, Махамбеттей ұлы ақынға екінші том 

көлемінде берілетін зерттеулер, әрине, бұл уақытқа шейін 

жазылған мақалалардан және орта мектепке арналған оқу 

құралдарының көлемінен көп ілгері болу шарт. Жоғарыда 

аталған кітабыңызда сол талапқа жауап ұрарлық елеулі 

жұмыстар, зерттеулер істелгені даусыз. Бірақ соның үстіне 

де, соңғы жылдар талабына сай келерлік өзіңіздің тың 

ойларыңызды, зерттеулеріңізді қоса түсу қажет. 

Сол жөнде, орыс әдебиетінің ХІХ ғасырда болған 

классиктеріне арналып жазылып жүрген зерттеулердің 

тәжірибесін еске алсақ, әрбір ұлы жазушының да идеялық, 

саясаттық, көркемдік жағындағы кемшілік, қайшылықтары 

үнемі көрсетіліп отырады. 

Осы тұрғыдан қарағанда, Махамбеттің де бір қайшылығы 

айрықша аталып өту керек. Онысы – жалпы орыс халқының 

қазақ тарихына етерлік пайдалы, жаңалық әсерін мүлде 

аңғармау, ойламау, түгелімен барлық Россиядан шыққан, 

қазақ сахарасына арналған жаңа фактілердің барлығынан 

үрке қашу айқын болатын. 

Өзіңіз шақтап атаған кейбір қайшылықтардың үстіне, 

осы жайды да қосымша етіп белгілі шығармалардың 

мағынасына, идеялық сарынына, жалпы ориентациясына 

қарап отырып, нақтылап сынап, талдау жасауыңыз қажет 

деп білеміз. Ендігі нақтылы пікірлерді жеке-жеке бөліп 

айтайық.


1. Төртінші бетке дейін Махамбеттің өмірі туралы 

берілген деректер аз ғана. Бұл тұсқа оның өмірбаяны емес, 

азырақ беттер бойында ақынның әдебиеттегі орны тура-

лы аз кіріспе керек. Осы жәй өз еңбегіңізде жазылған. Ол 

24-беттен 31-бетке дейін келетін жалпы әдебиеттік харак-

теристика. Осы үзіндіні ең алдыңғы беттерге ауыстыру 



315

дұрыс сияқты. Себебі Махамбет ақын, ол туралы ақындық 

мінездеме әр кезеңде, ең алдымен, айқын бөлініп тұру ке-

рек. Ол біздің томның әдебиет тарихы арқылы әлеуметтік 

шындықтарды баяндайтын мақсатында да сай келеді. 

2. 53-бетте Хивамен одақтасу қайшылық деп саналғанда, 

Махамбеттің осыған жалғас жалпы қайшылықтары ашыла 

түсу керек. Хиваға бойұрудың екінші жағы да бар. Ол – орыс 

жаңалығынан, жоғарыда айтқандай, мүлде қашу болатын. 

Патшалық пен анық орыс халқы екіжар екенін аңғармауды 

атап беру керек. Оның шығармасынан бірде-бір кезде 

орыс халқына бейім сөз кездеспейтінін айқындау керек. 

“Түсінбеді” деп атау шарт. Бұл күйге келгенде тіпті Бұхар 

жырау да бір ауық дұрыс түсінік көрсеткен еді ғой. 

Махамбетте соның мүлде жоқтығы аталмасқа болмайды. 

3. Махамбет шығармалары – екпін мен ереуілдің, алыс-

тартыстың поэзиясы. Сол жәй оның қасиеті болса, кейде 

сыңаржақтығы да болады. Оның мұрасында қазақ өмірінің 

көтерілістен өзге жақтары көрінбейді. Бұл поэзия халықтық 

бір ғана импульстің поэзиясы. Өнер-үлгі, алдағы тарихтық 

бағыт, адамгершілік, шаруа-кәсіп, салт пен заң, махаббат 

сияқты тақырыптарға Махамбет шығармалар арнаған жоқ. 

Ғылымдық кең тексеруде осы жайлар мінеу ретінде болмаса 

да, шындықты ашу түрінде аталу керек.

4. Жанрын айтқанда, лирикалық-эпикалық түр сияқты 

деу дұрыс емес. Оның жанры – историческая боевая хро-

ника. Осы жәйін өзге көп көркем әдебиетте кездеспейтін, 

өзгеше ірі оригиналдық қасиеті деп, ірі бағалау шарт. Бұндай 

жанрда да ерекше жалынды лирика бола алатындығын 

ашу керек. “Лирикалық-эпикалық жанрға ұқсайды” деу 

Махамбетті бұрынғы бір таныс, дағдылы жанрларға тартып, 

төмендететін сияқты. Оның орнына, жоғарыда аталғандай, 

өзгеше қасиетін өсіре таныту керек. 

5. Тексерудің 31-бетінен бастап әр өлеңді тарих 

документімен салыстырғанда, жаңағы хроникалық ерекше-

лікпен байланыстыру қажет. Әйтпесе мынау бірнеше бет 

бойындағы тексерулер Махамбет өлеңдерін үнемі архив 

дерегінің қосымшасы етіп қойғандай. Осы тұста тексеру тек 

тарихпен үйлестікті ғана бақылап айыруға арналып кеткен. 

Әдебиеттік зерттеу үшін бұл аз да қолайсыз. 



316

6. Хронологиялық принцип бұл тексеруде дұрыс 

таратылған. Бірақ соңғы жаңа өлеңдерде осы жағы 

анықталмаған. Жалпы жаңа өлеңдер турасында, жоғарыда 

айтқандай, справка хабар көп те, әдебиеттік тексеру аз. 

Осы справкаларды 66-беттен бастап өзгерту керек. Кімнен 

жазып алынғаны сноскада берілсін. Текстің өзінде жаңа 

өлеңнің бәрін, алдыңғы белгілі шығармаларша, молынан, 

әдебиеттік тұрғыдан талдау керек. Күдіктерді (Махамбеттікі 

ме, жоқ па дегендерді) жеке кітапта айтқансыз. Бұл жерде өте 

қысқа сноскамен ғана атау керек те, ғылымдық, әдебиеттік 

тексеруге күш салу қажет.

7. Жалпы тексеру туралы бір ескертетініміз – әр бөлімде, 

әсіресе өлеңдердің мазмұнын айтып беруде қайталау 

көбірек.

8. Машинисткадан соң қарап шықпағандықтың сал-

дарынан болу керек, сөйлемдерде кей-кейде ұзақтық

ұғымсыз шұбалаңдық байқалады. Күрделі сөйлемдердің 

согласованиесі, байланыстары ойдағыдай шықпаған 

жерлері бар. Оларды әр беттердің, абзацтардың тұстарында 

нақтылап көрсеттік. Соларды өзіңіз түзеп шығуды ойлар-

сыз.


9. Жалпы 66-беттен кейінгі бөлімде бұрынғы жинаққа 

арналып жазылған стиль, әдістерді өзгерту керек.

10. Қайталай беретін цитаталарды тың өлеңдермен ауыс-

тыру дұрыс болар.

11. Барлық тексерудің ең соңында, бір-екі абзацпен, 

Махамбеттің қазақ әдебиетіндігі тарихтық орны туралы аз 

ғана қорытынды беру керек.

Осындағы айтылған ескертулерді ойланып, қарап өту 

кезеңінде Абай туралы жазылған еңбекті оқып шығуды 

сұраймын. Онда Абайдың әр шығармасындағы көркемдік, 

идеялық жөндегі кемшіліктер мен қайшылықтары бұрынғы 

тексерулерімізден көбірек және нақтылы түрде, анықтап 

айтылған сияқты. Томның, біздің бәріміздің (автор 

коллективінің) алдына қойып отырған ғылымдық, идеялық 

жаңа талаптары аса зор және орыс әдебиет тарихының соңғы 

жылдарда жазылып жатқан үлгілеріне қарағанда аса жауап-

ты, сол себепті тексерулеріміз құрғақ мақтау сияқты аполо-

гетика дәрежесінде болмасын. Осыны ойлап, жоғарыдағы 

ескертулерді әдейі жолдастық және редакторлық талап 

ретінде жолдап отырмыз.



317

Шернияз туралы

Шернияз турасындағы тексеру Махамбет пен Ыбы-

рай турасындағы көлемді, ғылымдық, толық тексерулерден 

төмен сияқты. Қолжазбаның беттерінде, нақтылы орын-

дарда жазылған пікірлерден басқа айрықша бөліп айтатын 

жеке-жеке жәйлар мыналар:

1. Бірінші бетте Шәйіпке көп ссылке жасау қажет емес. 

Оның жәйін сноскамен қысқа ғана атап өту керек. 

2. Шернияздың өмірбаянын (2-бетте) бере алмаудың 

себебін айтып келіп, барлық биографиялық мәліметтерді 

мотивировать етіп, автор өздігінен тізіп беру керек. Жал-

пы осы бөлім “Ақынның өмірі туралы деректер” деп атал-

са, дұрыс болар еді. 

3. 11, 12, 13-беттердегі әр вариантты салыстыру бұл 

томға қажет емес. Бір вариантты ғана алып, соған сену ке-

рек те, соның өзін әдебиеттік тұрғыдан талдау қажет. Өзге 

варианттардың тек барлығын қысқа сөзбен ескерту жетеді.

4. 17-бетте Баймағамбетті мақтаған сөздерді ав-

тор зорлықпен теріс шешеді. Қайшылықты ашу орнына, 

өздігінен ұйғару жасайды. Ақынның өлеңінде “жақсы” әкім 

берген “жақсылық”, ол әкелген “жақсы заман” айтылып 

отырған сияқты. Осы анық мысқыл болса, соның ажуалық 

жөнін бұл беттегі жазылған тексерулерден әлдеқайда дәлелді 

етіп ашу қажет. Болмаса, ақынның амалсыздығынан, 

қорқақтығынан туған десе де, бұнысы анық қайшылығы деп 

ашып беру керек. 

5. Өлендердегі (18-бет) “кәпірдің қоржынына” де-

ген сияқты және 16-беттегі “тіл білмес жау” деген сияқты, 

Россияға аса жат қараған сөздер сырын ашпай, үндемей 

кету жөн емес. Бұның патшалыққа қарсы екенін ашу ке-

рек. Және жалпы Россия жаңалықтарын түсінбеушілік бар 

екенін де атау дұрыс. Бұндай сөздер мен жолдарды цитата-

дан өшіру үстіне, жаңағыдай түсінікті бере отыру шарт.

6. “Термені” (19–20-беттерде) “Шернияздікі ме, жоқ 

па?” деп болжалдау бұл жерде керексіз.

7. Жәй ғана бір өлеңді (21-бетте) “ғылымдық мәні бар” 

деп автор асыра бағалайды. Дағдылы надандық көңілдің 

сәл дағдарысын “тамаша сөздер деп” дәріптеу дұрыс емес. 

Бұнда зерттеуші ойдың өзі де кішірейіп, тайыздап кетеді.


318

8. Жалпы халық поэзиясының (23-бетте) суырыпсалма 

түрін бұл жерде шолу қажет емес. Бірінші томда жазылған.

9. “Сыртқы түріне мазмұны керісінше” деген (28-бетте) 

пікір айтылады. Осылай деудің орнына, сырты әдейі монта-

ны түрде айлалы тәсілмен құрылған десе, онда мазмұн мен 

түр арасында қайшылық бар деген методологиялық даулы 

пікір тумас еді. Сол жөнде автор тереңірек зерттеу жүргізсе, 

қызық нәтиже және ғылымдық өнімді ой табар еді. Түрдің 

өзінде де екіұдайлықты, немесе іштегі сыншыл мазмұнды 

тәсілмен танытатын, әдейі қолданған монтанылық (при-

творство) болуға әбден мүмкін. Солай талдап, дәлелдегенде, 

Баймағамбетке айтылған мақтау сөз туралы да қызық 

қорытынды жасауға болар еді. Ал бұнда солайша тереңдеп 

талдамағандықтан, 29-бетте Баймағамбетті мақтаған сөзді 

де дәлелдеп жеткізе түспей, тағы да зорлықпен әкеп, осы 

араға ұйғара салған тәрізді.

Ыбырай туралы

Жалпы алғанда, Ыбырай турасындағы тексерулер көп 

дау туғызбайды, маңызды еңбек. Бұның кейбір беттерінде 

жасалған ескертулер өз алдына. Оны автор ескерер. Солар-

дан бөлек қысқаша бөліп айтылатын азын-аулақ ескертулер 

мыналар: 

1. Алекторов сөзі (6-бетте) қазақша берілу керек.

2. Сыдықов сөзі (12 бетте) және де қазақша аударылу ке-

рек.

3. Маловты (21-бетте) құрметпен атағанмен, оның елеулі 



пікірі айтылмаған. Сондықтан оны атаудың қажеті жоқ. 

4. Діншілдік туралы (20-бетте) дәлелдер сұйықтау, 

шет көзге шалағай, жеңіл көрінеді. Панисламизммен дау-

ласуды бұдан әлдеқайда дәлелді деректерге сүйене оты-

рып, салмақты айту керек. Және басқа бөлімдерде осы 

жәй дәлелдірек айтылған. Солардың аңғарымен дәлеліне 

сәйкес жазылмаса, мынау тұста саналған панисламистік, 

пантуркистік фактілер еңбектің салмағын арзанға сайғандай 

болады. 

5. Шоқанның сөзін (25-бетте) қазақшаға жақсылап ау-

дару керек.


319

6. Ыбырайдың өмірбаяны 26-беттен басталады. Осыны 

орнын тауып, бұдан бұрынырақ бір жерге ауыстыру дұрыс 

сияқты. 


7. Ең жауапты мәселе – Ыбырайдың ақындығында да 

қайшылық жоқ емес. Әсіресе “Араз бол кедей болсаң” де-

ген сияқты және басқа да кейбір өлеңдерінде ақын өзі қарсы 

болған исләмшілдікке кейде өзі қол артатыны бар. Мысалы:

“...Әюпті қырық жылдайын мың құрт жеді, 

Әюп Нәби пәлеге сабыр етті...” –

деген сияқты, мұсылманның дін ұстаздары айтатын 

тағдырға бойсұну сарынында жазылған өсиеттері бар. Бұны 

өз заманындағы оқушыларының ұғымына орайлап бер-

ген баж деп түсіндірумен қатар, Ыбырайдың қайшылығы 

есебінде атап өту керек. 

8. Ақынның орыс классик әдебиетімен байланысын 

айтқанда “Сәуірде көтерілер рахмет туы” дейтін өлеңінде 

реалистік пейзаж тудырғанын ірі бағалау керек. Қазақ 

әдебиетінде Абайға анық үлгі беріп, жаңа стильдік жол 

бастаған Ыбырай болады. Оның осы бір өлеңінің өзі ірі 

тарихтық, мәдениеттік жаңа ағымды бастап еді. Ыбы-

рай осы өлең үлгісімен өзінің Пушкин, Лермонтов сияқты 

классиктер дәстүріне мол араласқанын танытқан болатын. 

Әсіресе осы еңбек туралы толық сөз қажет болатын себебі, 

жалпы тексеруде Ыбырайдың қара сөз жағы көп аталып, 

поэзиялық мұрасы аз қамтылған. Соның орайына, аударма-

лармен қатар, осы өлеңге жекеше тексеру берілу керек.

9. Бөлімнің басын тек қана “Ыбырай Алтынсарин” деп 

атаса болды.

10. Менің авторлық, редакторлық істеріме көмек ретінде 

томның Абай турасындағы бөлімдерін оқып шығып, пікір 

айтуды сұраймын.

Мынау хат тек өзіңізге ғана жазылған жолдастық ескер-

тулер деп біліңіз. Бұл ресми рецензия емес. Мен қайтып кел-

генше бар мақаладағы кемшін жерлерді толықтырып, түзеп 

қоюға себепші болсын деген ниетпен тек өзіңізге ғана арнап 

жазып отырмын. 

Сәлеммен,  Мұхтар.   

1

Жұмалиев Қажымға жазған пікір-хаты. Ол М. Әуезов шығар-



машылығы жайында мақала, зерттеулерінде, монографияларында 

жазған. 


320


1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал