Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет21/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

М. Ауэзов – В. Кожевникову 

№ 118      

 09.12.1956 г.

Дорогой Вадим Михайлович!

В ожидании Вашего ответа и к решению вопроса о книге 

посылаю, к сведению редакции “Знамя”, рецензии на ту са-

мую книгу

1

. Одна рецензия, а именно, напечатанная в “Ка-



захстанской правде” – органе Центрального Комитета Ком-

партии Казахстана, написана на русском языке. Остальные 

три рецензии, по два подвала каждая, напечатаны по выхо-

де второй книги “Путь Абая” на казахском языке в газетах:

1) “Социалистік Қазақстан” от 12.08.56 г.

2) “Қазақ әдебиеті” от 31.08.56 г.

3) “Коммунизм таңы” от 2.09.56 г.

Я прошу Вас и товарищей из отдела прозы прочесть хотя 

бы рецензию “Каз. правды”, чтобы иметь представление об 

отношении республиканской общественности к книге, о 

которой должна вынести свое решение ваша редакция.

С приветом, Мухтар Ауэзов.

P. S. Ваш ответ прошу направить в Кисловодск в санато-

рий “Нарзан”.

“Знамя” журналына “Абай жолы” романының орыс тіліндегі ау-



дармасын басу жоспарланған. Аталған пікірлер осы кітап жайында еді. 

М. Әуезов – Т. Әлімқұловқа

№ 119      

17.VІІІ.1956 ж.

Қадірлі Тәкен!

1

Хатыңды алдым, ниеттеріңе ризамын. Бүгін 17/VІІІ Зоя 



Сергеевнадан

2

 да хат алып ем. Екінші сентябрьде Москва-



да болмақшы, саған барымша көмек етем депті, тек жазсын 

дейді. Рас, басқармасында өзгеріс те бопты біраз. Шамота 

кетіп қапты, ол аса бағалы адам еді. Ендігі жағдайларында не 


287

жайлы, не жайсыз өзгеріс болады, оны болжау алыстан оңай 

болмау  керек. Сендер мақала жазсаңдар, әсте Никитичке 

бермеңдер де айтпаңдар, З.С. барған соң табыс етерсіңдер. 

Айтсаңдар, тек Кочетовтың өзіне ғана айтуға болар. З.С. те-

лефоны 7-28-36 (үйі), соған жалғасарсың.

Ал “Соц. Қазақстанның” 12-індегі санында Сүйін-

шәлиевтің үлкен мақаласы “Абай жолын” мақтап шықты. 

Тіпті “алайдасы” жоқ – редакция ер екен дедім. Онда көп 

роль Серік Қирабаевтікі

3

 болу керек. Бізде “Правданың” 



бір үлгісі болмаушы, қонбаушы еді ғой. Ол мақтағысы кел-

се, алғаш таныстырам деген, жақсы деп бағалаған затта-

рын “алайдасыз” айтады ғой. Біздің баспа орындарымыз 

бірер кемдікті қоса айтпаса, онысын күнәкәрлік көретін. 

“Күпірлік” деп “тәубә, тәубәлап” отыратын. Өзің оқыған 

шығарсың, Сүйіншәлиев мақаласынан (ол қазақ прессасы 

болғандықтан және бас орган болған соң) бір-екі жерін ци-

тата қып әдейі келтірсең деймін. Сонда әсіресе тілді айтқан 

сөйлемдерін атап, бағалап, өз сөзіңе қосып берудің әнеугі 

былшыл сөйлеушіге қарсы және “Знамялар” үшін аса қажет 

бағасы болар еді. Мен 15-інде барам, хабар күтем. 

P. S. Передай от меня Семену Владимировичу сер-

дечный, дружеский привет. Зейінге көп сәлем, ақылдас 

боларсың.

Қош, М. Әуезов.

Әлімқұлов



 

Тәкен (Тәңірберген) (1918–1987) – жазушы, сын-

шы, әдебиет пен өнер зерттеушісі, аудармашы. М. Әуезовпен көп жыл 

қызметтес, пікірлес, достық көңілде болған. Оңтүстік Қазақстанды 

аралаған шығармашылық сапарында бірге жүрген.

2

 Кедрина Зоя Сергеевна (29-бетті қараңыз). 



Қирабаев Серік Смайылұлы (1927 ж.т.) – әдебиет зерттеуші 

ғалым, сыншы. Филология ғылымының докторы (1964), профессор 

(1966), ҚР ҰҒА-ның академигі (1994). 1951–1958 жылдар аралығында 

“Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеті редак-

циясында қызмет істеген.  



288

М. Әуезов – Т. Әлімқұлов пен З. Шашкинге

№ 120      

 7.VІІІ.1956 ж.

Құрметті іні достар Тәкен мен Зейін!

1

Мен сен екеуіңе бір өтініш-тапсырма айтқалы отыр-



мын. Мәселе менің соңғы кітабым “Абай жолының” 2-інші 

кітабы жайында. Осының аудармасын В.В. Смирнова ауы-

рып қалып, қатты созып кетті. Кейін соған көмек етсін деп 

Фаизова Разияны бір атап едік. Артынан ол араласпасын 

деп өзім қайтып алдым, себебі ол қазақшаны түсінбейді, 

танымайды екен. Не қазақшаны білмесе, не аударушы 

есебінде дәндұрыс, тек қана бастаушы-аударушы болса – 

оны көмекке алып не береке табамыз! Зоя Сергеевна Кедри-

на бір Письменный деген, мен білмейтін біреуді рекомендо-

вать етіп еді. Одан да іс шықпады, подстрочникпен іс істеп 

көрмеген адам екен. Маған “сіз қасымда отырмасаңыз, под-

старочникпен аударып болмайды” депті. Одан да күдер 

үздім. Қазір енді ойлап-ойлап кеп, өз қасымда отырып 

істейтін Анов Н.И.-ге тапсырғалы отырмын. Жарымын 

 

В.В. Смирнова аударған, мынау қалған жарымын, 3-глава-



ны аударады. 

Ал сендерге тапсыратын сөзге әлі жеткем жоқ, сабыр етіп 

шыдай тұрыңдар! Жаңағы аударма қырсығының бөгелісімен 

дәлелдеп, Кожевников (“Знамя”) “біз жақында баса ала-

тын емеспіз, енді қайтып аласыз ба, қайтесіз” деп жазып-

ты. Мен осы сөзді ЦК КПСС отдел культуры Поликарповқа 

жазып, наразылық айттым. Себебі аударма менің міндетім 

емес, “Знамяның” өзі ұйыстыру керек, соның міндеті, ал 

Кожевников маған аударманы сідет қып теріс істеп отыр, 

аударушыны тапсын да тез аудартып, бастырсын деп та-

лап еттім. Келесі жыл менің 60 жылдығым және жазушылық 

еңбегімнің 40 жылдығы болатынын, сол себепті 13-14 

жылдық еңбегімнің соңғы кітабы одақтық оқушының ал-

дына шығуы менің тарапымнан заңды талап екенін айттым. 

“Знамя” дейтінім – басқадан жаңа журналмен келісуге енді 

кеш. Шарты, міндеті бар “Знамя” өзі ада қылса екен деп  

отырмын. Осы жәйді, сен Тәкен, Семен Владимирович пен 

Тихоновтарға

2

 да білдіріп қоюың қажет болар.



Кожевниковтың өзіне де жаздым. Енді Ановқа

3

 



романның қалғанын аудартып ап, журналдың басуын 

289

мықтап талап етпекпін. Сөз бола қалса, романның қалған 

главалары Алматыда, менің өз наблюдением аралас істеліп 

жатыр деу керек.

Бұл іске Фаизова біраз қырсық жасап жүр деп естимін. 

Оны қазақ тілінің қасиетін білмейтін себепті мен браковать 

еткен соң, әсіресе шаптығатын көрінеді. Мені “диктовать” 

етіп жазады, асығыс стенограмманы ұсынады, тілі нашар-

лап кеткен, “исписаться еткен” деп те орыс адамдарына, 

редакцияларға сөйлейтін көрінеді. Өзінің ертеден қара кеш-

ке мақтайтыны татар әдебиеті, татар жазушылары болатын 

да, менің өзгелерден басқарақ абырой-жәйімді қызғанатын 

кеселі де бар-ды. Ал менің диктовать еткенімді айтса, мен 

анау “Абай” романының да қақ жарымын – жұрт сүйсініп 

жүрген қақ жарымын да солай жазғам. Мен диктовать еткелі 

14 жыл болды. Заманында Марк Твен, Лопе де Вега

4

 – та-


лай жазушы тәжірибе ала келе жазған-ды. Қазір Симонов

5

 



солай жазады. Вообще, бұл не былшыл, не сандырақ!.. Жәй 

бір кездегі біздегі ит қызғаныштан шашыраған танту-қаңқу 

сөз болса – ол кімге дәлел, неге дәрі?! 

Ал сүйтіп енді не керек? Кожевниковтер мила-

ну үшін, Фаизовалардың аузына құм құйып, әдебиет на-

мысын қорғау үшін – мақала керек. Сол мақалада мына 

романның тілін әсіресе сөз ете түсіп, орысша аудармасы 

тек татымды – өзіндей болса екен деген талапты баса айт-

са деймін. Шынында, “Абайда” ғашықтық тілі, сезім тілі 

басым болса, мына кітапта ойшыл болған Абайлардың ау-

зында Абай өзі айтпаған, бірақ айтуға мүмкін нелер шебер, 

терең философиялық афоризм толғаулар бар. 5-нші, 6-ншы 

бөлімдерді әсіресе еске алсаңдар екен. Бұл кітап Абай-

дан жоғары – қоғамдық жөнінде панисламизм, бурж. нац-

зммен алысу дәл осында. Үлкен ойлар, кейінгі жайлар басы 

(тартыс жайлар) осында. Осыны баса айтып, екеуің тең ау-

дарылып басылуын талап етіп мақала жазсаңдар деймін

6



Мен Зоя Сергеевнаға да жаздым. Кейін сол кісіге табыс 

етіңдер, өзі түзей түссе қарсы болмаңдар. Ол сентябрь ба-

сында демалыстан қайтады, телефоны 7-28-36 (үйі) – со-

нымен жалғасыңдар, газетаға бастырады. Осыны екеуіңнен 

қатты өтінемін. Өзім сентябрь ортасында барамын. Осыны 

алысымен жауап жаз, Тәкен!

19–1184


290

Әлімқұлов Тәкен (287-бетті қараңыз).



Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (1912–1966) – жазушы, дәрігер. 

М. Әуезовтің шығармашылығы жайында зерттеу еңбектері, естелік, 

мақалалары бар. 

Тихонов Николай Семенович (49-бетті қараңыз).



Анов (Иванов) Николай Иванович (1891–1980) – орыс жазушы-

сы. “Абай жолы” эпопеясының 4-кітабын орыс тіліне аударған. 

Лопе де Вега Карпио Феликс (1562–1635) – испан драматургі, 



ақын, прозашы,   20-дан астам өлең, поэма, 2000-нан аса пьеса жазған. 

Симонов К.М. (236-бетті қараңыз). 



“...мақала жазсаңдар деймін” – Т. Әлімқұлов пен З. Шашкин 

1956 жылы “Қазақтың тұңғыш эпопеясы” атты мақала жазды.

М. Ауэзов – Н. Анову и З. Шашкину

№ 121 


Дорогие Николай Иванович и Зеин!

1

Мне телеграфировала Валентина Николаевна о своей 



передаче вам, Николай Иванович, всего подстрочника.

По возвращении из Кисловодска в Москву я договорюсь 

со “Знаменем”, чтобы они планировали печатание на лет-

ние месяцы, если Вы считаете, что работа затянется до мая. 

Также я передал и московским издательствам “Советско-

му писателю” и “Гослиту”, которые будут печатать (первое 

– после журнальной публикации, а второе – к декаде в со-

ставе четырех книг). А Вы с Зеином поработайте, начиная с 

первой главы, войдите в суть-природу и атмосферу книги, 

и дальше перспектива прояснится лучше и легче, тогда-то 

и определите точнее, когда приблизительно сможете закон-

чить весь перевод.

Я просил Зеина, чтобы он не удовлетворялся подстроч-

ником. Пусть помнит, что подстрочник, как косноязычный 

посредник между оригиналом и иноязычным литератором-

переводчиком, нужен только толмачу старых времен. Он 

только доносит, в лучшем случае еще, смысл прямой, толь-

ко понятный – одинарный. А художественно-прозаический 

текст то же, что и поэтический, имеет много дополнитель-

ных свойств – оттенки, нюансы, обертоны, вызывающие 

кроме прямого, первичного представления логического по-


291

рядка еще и побочные ассоциации. Вот с этими обертонами 

и оживает все сокровенное в тексте. Ради выявления этих-

то именно качеств и надо бороться средствами великого, 

выразительного русского языка.

Оттенки, оттенки и все дорогие краски текста!

Ну, конечно, наряду с этим нужно признать и другую, 

часто встречающуюся особенность прозы, когда и служеб-

ный текст, простые ремарки тоже занимают много места на 

отдельных страницах. В редких случаях не нужно искать на-

рочитых “красивостей”.

Упоминая обо всем этом, я подчеркиваю для Вас обоих 

еще об одном моменте – исходите, пожалуйста, все время 

из законных природных особенностей русского языка. Не 

надо ни в коем случае слепо следовать букве текста ориги-

нала – тогда получится не творческий перевод, а улучшен-

ный подстрочник. Где это необходимо, делайте внутренние 

ужатия фразы, тем более это необходимо, потому что вся-

кий подстрочник получается (даже и перевод) длиннее ори-

гинала. Поэтому переводите, максимально используя сжа-

тую выразительность, именно такую красоту русского язы-

ка и в этом отношении.

Вот эти-то вещи я и хотел высказать Вам обоим в на-

путствие перед началом всего нашего общего дела. Про-

шу учесть эти замечания и Зеину, и Вам самому, Николай 

Иванович. Пусть Зеин будет старательным, внимательным 

консультантом в этом деле. Я очень и очень прошу его об 

этом. 


Ну, желаю вам крепкого здоровья и успехов. 

Мухтар Ауэзов. 

1

 Николай Иванович Анов пен Зейін Шашкин. 



М. Ауэзов – Н. Анову

№ 122   


13.01.1957 г.

Дорогой Николай Иванович!

1

Что нужно сделать, по-моему, во второй главе в особен-



ности, я высказал Вам по телефону, частично это же я от-

292

ношу и к первой главе. Говорю частично, потому что в пер-

вой главе мой текст передан лучше, и сокращений там мень-

ше. Теперь я прошу Вас восполнить сокращенное по первой 

главе и основательнее переработать перевод второй главы. 

Всего больше я хочу подчеркнуть о необходимости, макси-

мальной желательностн – более эмоциональной сокращен-

ности текста перевода. Язык бытовой, поясняющий, как се-

рая ремарка, происходящее – это самое чуждое для меня. Я 

ведь и статьи стараюсь писать лирически (пусть это услов-

но), эмоционально оттененными. Психологические харкте-

аристики, грусть, печаль Абая, его взволнованность, имен-

но его эмоциональная природа бесконечно дороги для кни-

ги. Взволнованный в жизни, он создает взволнованные 

строки – в этом вся суть психологии творчества, – мы пи-

шем о поэте. Поэтому-то и важны и эмоциональность, и 

красочность языка, стиля.

А пропущенное и вольно переданное вами во второй 

главе прошу восстановить новой переработкой. Ведь первая 

глава помимо недопустимых сокращений во многих случа-

ях хороша в переводе. Ваш перевод в целом будет тот, какой 

нужен и желателен мне. Верю, и это не только мое убежде-

ние, у Вас получится как надо, только потрудитесь еще не-

много над второй главой и дальше наладите как надо.

Признаю, Вы правы, была и моя вина по первой главе. 

Но ее сокращения и качество ее были не такие, как во вто-

рой главе. А эта глава была интересной, насыщенной по со-

стояниям людей, однако получилась обедненной благодаря 

изъятиям, купюрам и вольным передачам и, главное, благо-

даря сухости, малой окрашенности языка передачи.

Первую главу мои читатели, близкие хвалят, это провер-

ка на постороннем восприятии. Они же второй не очень до-

вольны, но это между прочим.

С сердечным приветом, Ваш Мухтар.

Анов Николай Иванович (230-бетті қараңыз). 



293

М. Әуезов – І. Омаровқа

№ 123     

23 тамыз 1958 ж. 

Алматы қаласы

Қадірден дос Ілияс!¹

Ойдағыдай үлкен еңбегіңді

2

 (дәуір демейін, бірақ 



бірқыдыру заманның өлшеуі, мөлшері, мерзімі тәрізді), 

шынайы үлкен еңбегіңді астана жұртың аңтарыла оқыды. 

Сол қалың топ ортасында бір оқушың мен екені мәлім ғой. 

Ғылым, әдебиет аралығында қатар еңбек етіп жүретін есті-

басты дейтін жігіттер алғашқы санды оқысымен маған не-

лер емірене, сүйсінген сырларын, шындарын айтып еді.

“Сыншы” атағын алып жүрген әлгі бір топ арнаулы сын-

шы дегендеріміз қайда қалды”, – дескен еді. Кеше соңғы 

санда еңбегіңнің соңы келіп, соны таңертеңгі жиі телефон-

дар шалдырының арасында созалаңдап оқып болғанымша, 

өзіңнің тағы бір адал дос тілеулесің Қалибек телефон соқты. 

Ол барынша адал көңіл алқынын әкелді. Екеуміз қосыла 

сені алыста болсаң да айналдық дестік.

Осы кезде менің ойыма он бес жыл бұрынғы бір кез ора-

лып еді. “Абай” романының бірінші кітабы шығып

3

, соны жа-



зушылар, сыншылар, кейбір ғылым адамдары боп талқылап, 

танымақшы боп жатты. Бірақ бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те 

берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Гроз-

ный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды 

да, қаңғыды да кетті. Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. 

Әркімі әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған 

болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Өте 

бір күйкі күйді амалсыз еске алғызды. 

Мен үндегем жоқ. Ол күнгі жиылыс аяқтап келді. 

Көңіліме бір ащы да болса шынға ұқсаған елес келді. Ыстық 

сорпаның айналасында жалай алмай аузы күйіп, жағалап 

жүрген жас күшіктер қалпы аңғарылды. Сол жиылыстың ең 

соңында күн бойы о да үндемей отырған Ғабит жиылысты 

басқарып отырған Сәбитке келіп, бір ауыз айтты: “Неме-

не, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?” – 

деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп 

өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырқау 

шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып 



294

шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс “адамша сөйлеудің” 

нағыз өзін бастап еді. 

Мен сол жиылыстарда сөйлегем жоқ. Бірақ және бір 

заңды ызалы мысқылдай бір-ақ ауыз ащы шындықты ойға 

алып ем. Бірен-саран кісіге соны айтып едім де. “Тегінде, 

сыншы ғана кітапты сынап қоймайды, кітап та сыншыны 

сынап талғайды” деп ойлап ем. Міне, содан бері сыншы да 

өсті, сын да өсті. Еңбегіміз үшін, шүкірлік, біз қосынатын 

күн емес, талай-талай ірі де, білгір де, терең де, шешен, әділ 

талапкер де сындар айтылды. 

Бірақ сенің еңбегіңді оқып шыққаннан кейін айрықша 

бір түйген жайым: шынайы “адамша сөздің” басын сона-

да Ғабит бастаса, міне, бүгіндер содан арғы өнеге бойын, 

шарықтауын, нәрлі өрлеу сипатын сенің еңбегің аяқтап тұр 

деп айта аламын. Бұндағы өзгеше, біздің қауымға, халыққа, 

бүгінгі буындарымызға тәрбиелік ерекше бір қасиет алды-

мен еске түседі. Жалтақы, жалтаңкөз сын емес. “Қайтеді, 

не айтады” дегендей аялсыз, алаңсыз алғыр, адал ақыл 

толғауы бар. Ары мен өзі ғана болып сөйлеген биік сапалы, 

азаматтық қасиет иесі сөйлеп отырғанын көремін.

Ұлы орыс әдебиетінен арылса да, біздің әдебиеттік 

мінезімізден әлі түгел кетіп болмаған, бәрімізге мәлім мінез, 

мерзімдер бар ғой. Кейбір сында әлдене бір көңіл түкпірінің 

қалтарысында қалып жатқан тоңы танылады. Соның бірде 

мұзы, бірде сызы сезіледі. Кей бендешелік көңілдің кір-

кірбеңі де кіріспей қалмайды. Арман ететінің бүкпесі, 

бұқпасы жоқ, жалтағы жоқ сындар мен сыншылар болсашы 

дейсің! 

Сол тұрғыдан қарағанда, айтайық, сенің сының қалың 

кітаптың әзірге өзің іріктеп шығарған қымбатын танытуға, 

тануға арналған болсын. Әрине, және сен де ойламайсың, 

жұрт та олай ұйғармайды – екі том романның жақсылығы 

мен кемшілігінің бәрі бірдей сенің осы еңбегіңде түгел 

қамтылып айтылып отыр делінбейді. Бірақ сонымен қатар 

кейбір көңілдерге, кейбір суына қараған көздерге: “сыны 

жоқ, тек жақсылығын біржақты ғана айтқан” дейтұғын ой-

лар мен сөздер шапшаң-ақ оралады. Бірақ, осы тұрғының 

өзінен қарағанда, тәуірдің тәуірлік қасиетін жан-жақты, 

терең талдай, толғай ашу деген ең асыл сынның ең ардақты 

міндеті емес деп кім айтады. Анығында, алдымыздағы 


295

барлық асыл үлгілерге қарағанда, алып келе жатқан 

тәрбиеміздің ең молы, ең мәндісіне баққанымызда: түзудің 

түзулігін, тереңнің тереңдігін, шеберліктің шын сыпатын – 

қысқасы, осындайдың бар сырын ашып отыратын сындар, 

ойлар, зерттеулер “сыңаржақ” деп кім айтушы еді!? Қайта 

әрбір ардақты сынның анық асыл міндеті, анық позитив 

ролі – жақсының жақсылығын жақсы танытып беруде емес 

пе!

Осы тұрғыдан қарасақ, Белинский, Добролюбов 



Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің, Островскийдің 

шынайы үлкен шығармалары жөнінде солардың жақсы-

лықтарын мейлінше жақсы дәлелдеп, тереңдеп ашқаннан 

басқа, сынауды мінеу деп танығаны, танытқаны бар ма!? Осы 

жайдан ойлағанда да, реализмнен біз өзіміздің азғана, әзірге, 

шолақ тәжірибемізде нені ұстап келдік? Сол реализмнің де 

көп бояуынан біз екі-ақ қана түсті білеміз емес пе? Бізде ақ 

бояу мен қара бояудан басқа, қара қыл мен ақ жүннен арқан 

ескен олақ қатындай ғана “ісмерліктер” көптен-көп кернеп 

келген жоқ па еді!? Бізде сондықтан да “Жақсыбай мен Ит-

бай” ғана болатын-ды.

Едәуір заман, ойдағыдай өссе екен-ау дейтін проза-

мыз осындай көркемдік өрісі өнімсіз, сиыр соқпақ жолда 

жүретін. 

Сенің еңбегіңдегі аса бір еңсесі биік қадірлі талап осы 

жолдағы қамқорлық ойда. Роман жөніндегі алғашқы айтқан, 

ең алғаш іріктеп алған ойларында қазақ әдебиеті, қазақтың 

бүгінгі қауымы, оқушы сыншы жұрты жай өсу ғана емес, шы-

найы барынша бар сынға жауап ұрардай; олқысыз, ақаусыз 

үлкен өнері бар орталар болса екен дейсің. Бұл соншалық 

адал, зор жүректің ақ ниеті. Әр жүректің түбінде жататын 

шынның шыны, арманның асылы. Соны айтуға бекінген 

сәтінде еш нәрсені (көлденең, күйбең, кейбір күйкі жайлар-

ды) елемей, аса биік тұрғыға шығып тұрып үн қатқансың.

Осында зор азаматтық, совет азаматының өзгеше 

қасиеті аңғарылады. Соны және, сыншылар осындай 

айтса, о да осылайша алаңсыз, жалтақсыз, адамгершілік 

биік тұрғыдан ар үнімен сөйлей білсе және сондайдың 

белгісін көргенде өзгеше қуанарсың. Бірақ сонымен қатар 

бүгінде мына сенің республикамыздағы көрнекті партия 

қызметкері болып жүрген, талабы зор, тілеулестігі одан да 


296

зор дос азамат аузымен айтқаның, ашқаның бәр-бәрінен 

де ерекше қымбат.

Осы жайды айтайын деп (ең алдымен айтпақ сәлемім 

етіп) осы бірнеше жайларды қозғап отырмын. Тек 

әдебиеттің өзінің арнасында ғана жүрген жұрт емес, Ота-

нымда, елімде, сол елдің ары, жақшысы боп айта да білетін, 

оқи да білетін дос көмекші азамат, шынайы қадірлі, ең 

қадірлі оқушым келіпті деп қуанамын. Осыны өзімнің ғана 

ырысым демеймін, барлық қазақ совет әдебиетінің респу-

блика жұртшылығының жаңа бір, өзгеше сапалы бір толық 

туысы да табысы деп танимын. Көріскенде айтарлық сөздер, 

жайлар бұдан әлдеқайда көп болар. Әзірше барынша дос 

көңілдің ыстық сәлемін жолдаймын. Құшақтаймын. 

Досың Мұхтар.

Омаров Ілияс (1912–1970) – мемлекет қайраткері, әдебиет сын-



шысы, публицист. Әуезовпен шығармашылық, достық-жолдастық 

қарым-қатынаста болған. Ол Орталық Комитеттің хатшысы 

қызметінде жүрген кезде М. Әуезовті қудалауға тоқтау салып, қолдан 

келген көмегін аямаған. 

“...үлкен еңбегіңді” – бұл жерде жазушы І. Омаровтың 1958 



жылғы “Халықтық эпопея” атты зерттеуін айтып отыр. І. Омаров бұл 

еңбегінде “Абай жолының” тартымды жағы қайсы, мақтау айтқызатын 

құны неде?” деген сұрақтарға жауап іздеп, жазушының қазақ даласын 

ән мен күйдің мұхитына теңегендігін айтқан. 

“...бірінші кітабы шығып” – “Абай” романының бірінші кітабы 



1942 жылы жарық көрді. 



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал