Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.26 Mb.

бет19/33
Дата09.01.2017
өлшемі3.26 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

М. Әуезов – Е. Ысмайыловқа

№ 102     

21.VІІІ.1950  ж.  

 Жолдас Есмағамбет!

1

Сіздің екінші томға жазған “ХІХ ғасырдың 



40-жылдарындағы әдебиет” деген 25 беттік мақалаңыз, 

“Арыстан ақын” деген 14 беттік мақалаңыз, Нысамбай 

турасындағы 29 беттік тексеруіңіз және “Орта Азия хандары-

на қарсы” деген 8 беттік мақалаңыз – барлығы өз негізінде, 

екінші томның зерттеу мақсатына сай келетін, осы томға 

кіргізуге татитын зерттеулер болып шыққан. Мақалалардың 

әр бөлімінде кей беттеріне жазған ескертулерден басқа, 

жеке бөліп айтатын қосымшаларымыз мыналар: 

Жоламанның хаты (6-бетте) келтірілмей қалған. Соны 

қосу керек. 

Сол бетте “Бозжігіт” поэмасының кіріспесі жоқ. 

Кенесарының Орынбор генерал-губернаторына жазған 

хаты жоқ. Және сол бетте Жанғожаның хаты да келті-

рілмеген. Осылар сияқты деректер, документтер аса қажет. 

Осыларды қосып жазу керек.

Асанқайғы (10-бетте) орынсыз келтірілген.

Ең соңғы мақалада Жанғожа турасындағы жыр тек 

Мұсабай ақындыкі ғана емес, оның жөнінде халықтың 

фольклоры боп, атсыз ақын айтуынан тараған вариант бар 

екендігі және соның бірінші томға кіргендігі туралы айту ке-

рек. 

Жалпы тіл, стиль жөнінде кей сөйлемдерде ұшырасатын 



кемшіліктер қолжазбаның тұс-тұсында айтылудан басқа да 

ұшырасуға мүмкін. Осы жағынан және Қазақстан тарихы-

на Кенесары туралы айтылған соңғы кездегі сынға сәйкес 

идеялық, саясаттық мәселелерді өзіңіз тағы да қадағалап 

қарап, түзей түсуді талап етеміз. Әсіресе, Кенесарыны сы-

нап жазған соңғы пікірлерді молынан еске алуды және со-

ларды қабылдау жағынан өз еңбегіңіздің сыншылдық ойла-

рын (Арыстан ақын мен Нысамбай шығармаларын тексе-

ру тұсында) тереңдете түсу шарт деп білеміз. Осы жайлар-

ды мына соңғы түзеу кезінде молырақ ескеруді талап етеміз.

Сәлеммен, Мұхтар.

Ысмайылов Есмағамбет (21-бетті қараңыз).



264

М. Әуезов – Б. Кенжебаевқа

№ 103     

21.VІІІ.1950 ж.

Жолдас Бейсембай!

1

Екінші томға арнап жазған “Оқу кітап, газет” жөніндегі 



мақалаңыз, жалпы алғанда, жарамды еңбек болған. Әдебиет 

тарихы көлеміне ең алғаш рет қосылып отырған тың 

тақырып туралы еткен еңбегіңіз болашақта молайтып, өсіре 

зерттейтін істің басы есепті. Сол бастауыңыз ғылымдық 

фактілер, талдаулар жағынан қарағанда, жалпы алғанда, 

бағалы, орынды көрінеді. Осымен қатар, бірнеше жерлерде 

байқалатын кемшіліктер де бар екенін ескерту қажет.

Мақаланың қолжазбасына әрбір беттерде жазылған сын-

дар бар. Солар туралы ойланып, арнаулы түзетулер кіргізуді 

өтінеміз. Ол ескертулердің елеулі мәселелерге соғатыны 

да бар. Бұндайлардың кейбіреуін төменде әдейілеп бөліп 

алып, атап көрсетеміз. Қолжазбаның беттеріне жазылған 

ескертулердің ұсақ мысалдары да бар. Олар көбінесе кейбір 

атаулар мен сөйлем құраудағы стиль, тіл мәселесі жөнінде.

Әуелі осылар жайын айта кетейік. Бұрынғы оқу орын-

дарын бұл қолжазбада “мектеп”, “медресе” деп атау бар. 

Онан соң “орыс-қазақ мектебі” деген атау да бар. Осы-

ларды бірінен-бірін нақтылап айыру үшін, мұсылманша 

оқытатындарын – “медресе” деп, орысша оқытатындарын – 

русско-киргизская школа, немесе училище деп айырып ата-

са, оқушыға түсініктірек болар еді. Онан соң, Қазақстанның 

өз тарихында “мектеп” деген атау ХІХ ғасырда болған 

жоқ. Ол кезде көп жерде, ауылдарда медресе де, мектеп те 

болмаған. Ондай ағарту орнының атауы да болмай жүргені 

бар-ды. Тек молда ғана оқытатын да, “молдадан оқыды” деп 

айтылатын. Осы жайды анықтау керек.

“Мектеп” деген атау жәдиттікпен бірге ХХ ғасырда 

кіргенін ескеру керек. Одан соңғы бір мәселе, ескі молданың 

және медресенің оқытатын кітаптарын санап өту керек. 

Ол заманда он-он бес жыл оқығанда класқа бөлу жоқ еді. 

Шәкірттің оқу шамасын әр кезде оқып жүрген кітабымен 

атайтын. Сонда ең бастауыш оқу арабша “Иманшарт”, 

“Әптиектен” бастала, содан ары “Түркі” оқылатын. Осыдан 

кейін “Қырық хадис” деп басталған арабша оқу кетеді. Олар 

“Шүрутіссалату” “Фихқа-Кайдани”, “Тағлимұссалат”, 


265

“Тұхфатүл мүлук”, “Наху-сарф”, “Бидан”, “Мұхтасар”, 

“Кафия”, “Мантық”, “Ғақаид”, осыдан ары ең төрінде 

“Шарх-Ғабдолла” сияқты кітаптар болатын. Ол кездегі 

шәкірттер “оқуың қандай?” дегенге “Мұхтасар” оқыдым, 

“Кафия оқыдым” деген сияқты жауаптар берсе, білетін 

адамдар оқу шамасын аңғаратұғын. Осы жөндерді қатты 

сынмен аша түсу шарт.

Ұсақ кемшіліктің әсіресе көзге түсетін бір түрі – осы 

мақаланың бас жағында, үнемі ұшырайтын бір жәйдан 

байқалады. Автор, белгісіз себептен, өзінің жатық тілін 

бұзып, әрбір сөйлемнің соңын өте бір өрескел қайталаумен 

аяқтай береді. Әр сөйлемнің соңында “болар еді”, немесе 

“болмас еді” деген, сан рет қайталайтын бір түрді ұстанып 

алған. Оқта-текте қолданса бір сәрі, бар сөйлем осы-

лай аяқтағанда, еңбектің құны түскендей болады. Автор 

өз жұмысын өзі менсінбей, әдейі “жүрдім-бардым салып” 

отырған сияқты. Қолжазбаны осындай өрескел сөлекеттік 

мысалдардан түгел арылту керек.

Енді қолжазбаның тұс-тұсында айтылса да, тағы бір үш 

мәселенің жәйін айрықша атап өтеміз. Олар мыналар: 

1. “Патша дін оқуын (11-бетте) күшейтті” деу дұрыс емес, 

оның себебін, Шоқан, Алтынсарин, Абайлар айтқандай, 

жалпы мұсылманшылық үгітті таратқан дінбасылардың 

әрекетімен байланыстыра сынау керек. 

2. Пантуркизм, панисләмизмді (14-бет) дәлелді, 

ғылымдық жөнмен, идеялық жағынан өткір салмақты етіп, 

қатты сынау қажет. 

3. 13-бетте екі Россияның жәйін тереңдеп, таратып айту 

керек. Орыстың халықтық мәдениеті бір бөлек, патшалық 

саясаты өзіне басқа, соны осы тұста (18-бетте) “Дала 

уәлаяты” газетінің дерегіне байланысты ашып айтып беру 

аса қажет болады. 

Осы жайларды ескеріп отырып, еңбегіңізге түзеулер 

кіргізуді талап етеміз.

Сәлеммен  (Мұхтар).  

Хат (пікір) Бейсембай Кенжебаевқа жазылған ҚазКСР КП 



ОК басуға рұқсат етпей жүрген “Абай” романының бірінші кітабын  

Б. Кенжебаев баспаға бас редактор болып келгенде рұқсатсыз 

шығарған. Шығармашылық, достық қатынаста болған. 


266

М. Әуезов – М. Сильченкоға

№ 104      

21.VІІІ.1950 ж.

 Қымбатты Митрофан Семенович!

Екінші томға Шоқан Уәлиханов туралы жазған еңбегіңіз

1

 



толық жарамды, құнды мақала боп шыққан. Әсіресе, екінші 

бөлімде, Шоқанды фольклорист ретінде тексеруіңіз біздің 

томның мақсатына, міндетіне сай зерттеу болған. Әлі күнге 

Шоқан туралы ешкім айтпаған, соны ойларды айтқансыз. 

Сол ретте, әсіресе, Шоқанның ізденулерін, бағытын 

“Современник” журналының негізгі бағыттарымен 

байланыстыра тексеруіңіз бағалы жаңалық болады. Бұл 

жөнде Добролюбов ойларымен Шоқанның салт-саналық, 

ғылымдық іздену негіздерін қабыстырғаныңыз дәлелді, 

деректі боп шыққан.

Бұл ойлардың бағасы ерекше зор деп білеміз. Сонымен 

қатар, жалпы айтылатын бір тілек – екінші бөлімге ауысар 

алдында, Шоқан туралы біразырақ қосымша түсініктер беру 

қажет. Ол қосымша, 34-беттен кейін, Шоқанның әдебиетші-

фольклористік еңбектерін талдаудан бұрын берілсе, дұрыс 

болар еді.

Біз талап етіп отырған қосымшада айтылатын мәселе: 

осы тексеруде сіздің Шоқан мұраларының бір-ақ жағын 

алып отырғаныңыз ескертілу керек. Шоқанның этнограф, 

саяхатшы, мәдениет тарихшысы, онан соң публицист 

еңбектері де бар екенін атап кету керек. Ол жөніндегі 

шығармаларын жеке-жеке көрсетіп беріп, бұл томда тек 

әдебиеттану ғылымына бейім еңбектері ғана тексерілетінін 

түсіндіру қажет. 

Осыдан соңғы айтылатын ұсақ ескертулер қолжазбаның 

кейбір беттерінде жазылған. Солардан атай кететіндеріміз 

мына төмендегілер:

20-бетте Шоқанның мырзалық әдеттері мен сауық-

сайрандарын атаудың қажеті жоқ.

26-бетте “Шоқанды халқы түсінбеді” деу, бізше, дұрыс 

емес. Оған түсінік беру керек.

29-бетте ескі билік түрін Шоқанның қостауы турасында 

айтылған сын біраз ойлануды керек етеді. Патша өкіметі 

сайлаумен белгілеген сатымсақ билерден бұрынғы халықтық 



267

ашық биліктің өзі артық деген ойды Абай да айтқан. 

“Третейский суд” туралы Абай қара сөзде көп дәлелді 

пікірлер айтады. Онысы өз уақытындағы парақорлықпен 

алысудың шарасын ойлаудан туған. Россиядағы соттардың 

парақорлығын сынаған кезінде, “Былое и думы”-да, Герцен 

де “публичный суд” қайта қалпына келу керек деген ойды 

айтқан болатын. Осы жайды ойланып, ескеру шарт.

56-бетте, аңызды келтіргенде, “Әзірейіл, Жебрейіл” деп 

екі бөлек періштені біреу етіп, теріс әңгімелеу бар, соған 

түсінік беру дұрыс сияқты.

62-бетте, Шоқан келтірген тарихи әңгімеде, Шақшақ 

ұлы Жәнібек турасында жаңылыс сөйленген. Бұл әңгімедегі 

батыр – Керей Жәнібек болу керек. Себебі, Шақшақ ұлы 

Жәнібек батыр емес, би ғана болған. Ал Керей Ер Жәнібек 

Шоқанның әңгімесіне қисыны келетін, анық Абылайдың 

батырының өзі болған. Осы ретте Шоқанның жаңсақ 

жазғанын айтып, сноска беру қажет сияқты.

Әзірге осы айтылған ескертулерден басқа, сізге 

арнап айтатын бір өтініш – осы еңбектеріңіздің қазақша 

аудармасына өзіңіз де көп көңіл бөлсеңіз жарар еді. Мақала 

әуелде орыс тілінде жазылған сияқтанбай, аударма екендігі 

білінбей, түпнұсқаның өзі де қазақ тілінде жазылғандай боп, 

жатық шықса екен. Осы жағын аударушының міндеті екенін 

біле тұра, өзіңізге әдейі ескертіп өтеміз. 

Сәлеммен (Мұхтар).

 



“Қазақ әдебиеті тарихының” екінші томында М.С. Сильчен-



ко Ш. Уәлиханов жайлы тарауды жазған. М. Әуезовтің кейбір сын-

ескертпе пікірлері осы еңбекке байланысты айтылған.

 

М. Әуезов – Ы. Дүйсенбаевқа

№ 105     

21.VІІ.1950 ж.

Жолдас Ысқақ!

1

Шортанбай туралы жазылған сөз екінші том үшін өте аз 



болды

2

. Оның әр шығармасын түгел талдамаса да, жеке-жеке 



атап алып, әрбірінің тұсында, барлық құнарсыз қалыптарын 

ашып отыру қажет. Тегінде, газет мақаласының көлеміндей 



268

жалпылап, әр жерден үзінді ойлар теріп алып, көктей тексеру 

жеткіліксіз. Сондықтан топтап айтқан дұрыс ойларыңызға, 

жекеше бөлуіңіз дұрыс болады. Қайталаған пікірлері ақын 

шығармаларында көп болса, соларын әсіресе ашып бере 

отыру керек. Солай болмаса, мынау мақаладағы шолу орта 

мектеп кітабынан да кемшін болып қалады. 

Екінші – Шортанбайдың тек-төркінін ашу керек. 

Бұл жәй әр заманда, әр елде болған діншіл пессимизм, 

мистика, ақырзаман мотиві арқасында туған. Осының Орта 

Азия мен жалпы Россия мұсылмандары арасындағы түбі-

тегі Қожахмет Йассауидің “Диуани хикметіне” барады. 

Қырғызда Молда Қылыш шығармаларында “Зар заман”, 

“Тар заман”, “Кер заман” деген сияқты сарындар туған. XVI 

ғасырда Орта Азияда Софы Аллаяр сияқты талай мистик, 

пессимистер шыққан. Осының аяғы Қазақстанда 1916 

жылғы Албан Асан шығармаларына шейін жетіп, өзінің 

әсерін тигізеді. Абай сол софылық сарынындағы ишандарға 

қарсы, өзінің “Ғақлият-Тасдиқат” деген “38-сөзінде” аса 

қатты сын айтады. Оларды “аһлі тариқат” деп, мистикалық 

жағынан шенейді. Йассауи, Шортанбайлардың түп сарыны 

кейде сол “түркі дүния” нанымына ауысады. Осы жайларды 

көп таратпаса да, аша сөйлеу қажет. Сонда бұл мақала орта 

мектеп кітабында айтылмаған жаңалықтарды қоса түскен 

болар еді. 

Онан соң, үшінші – Шортанбайдың айтыс өлеңдері 

туралы (27-бетте) дұрыс пікір айтылған болса да, ақынның 

айтысы да үгіт өлеңдерінің идеясымен байланысты деген 

өнімді, ғылымдық пікірді молынан, көп мысалмен дәлелдеп 

беру аса қажет. Сонда Шортанбай, жанрлар айырмасына да 

қарамай, өз мазмұнына, таптық идеясына түрді де, жанрды 

да – баршасын да түгел бағындырған кертартпалығымен 

әсіресе айқындап ашыла түсетін болады. 

Осы жайды түгел ескеріп, Шортанбай турасындағы 

мақаланың ғылымдық мазмұны мен маңызын, көлемін де 

өсіре түсуді талап етеміз.

 

Сәлеммен, Мұхтар.



 

Дүйсенбаев Ысқақ Тәкімұлы (32-бетті қараңыз). 



“Қазақ әдебиеті тарихының” екінші томы туралы айтылып отыр. 

 


269

М. Әуезов – Ы. Дүйсенбаевқа

№ 106        

9.ІХ.

Қадірлі Ысқақ!



Хатыңды алдым. Ендігі, 13 сентябрьге дейін тағы бір 3-4 

кило қалдырарсың деп мөлшерледік. Ал сенің әлі біраз бос 

уақытың бар көрінеді. Ендеше біраз күнге бізге келіп қайт. 

Біз бұл жерде, күн жақсы болса (әзір тіпті жақсы. В.Н.

1

 күнде 


суға түседі), октябрьдің біріне дейін боламыз. Мен қазір 

жаңа романның қызығына, қызықты еңбегіне молынан 

кіргендеймін. Әзіргі ерте-кешті ой сол дүниеде. Сен келсең 

де, жұмысым тоқталмайды. Күніне 2-3 сағат диктовать етем, 

оған сенің бөгетің қанша.

Ал өзіңді жоқтап, қашан Ысқақ келет деп бір қозы күнде 

терезе түбінен маңырап өтеді.

Келгенде такси “Зил”, “Волгалар” Алматыдан да, 

Фрунзеден де ұшырай береді. 

Енді бір өтінетінім: жақында біздің көркем әдебиет 

баспасында очерктер жинағы шығып еді. Атын ұмытып 

қалдым. Сол жинақтың ең басында менің “Оңтүстік 

сапарынан” деп аталған очерктерім басылған. Қазіргі 

жұмысыма қатты керек боп отыр. Сол кітапты тауып ала 

келуіңді сұраймын.

Алматының көп жаңалығын айта келерсің.

Ин-т қауымына, дос-жаранға, бастығы Смет, Есет, 

Мүсілім, Қайнекей, Женялар

2

 етіп көп-көп сәлем айт.



Қош. Мұхтар.

Шығарыңда телеграм бер. 

 



М. Әуезовтің зайыбы Валентина Николаевна Әуезова. 



Қазақ КСР ҒА-ның Тіл білімі және әдебиет институтында қызмет 

істейтін белгілі ғалымдар: Ісмет Кеңесбаев, Есмағамбет Ысмайылов, 

Мүсілім Базарбаев, Қайнекей Жармағамбетов, Евгения Лизунова.  

 


270

М. Әуезов – Ы. Дүйсенбаевқа

№ 107       

3.Х.1950 ж.

Ысқақ!


Алматыдан шыққалы да көп болды. Институт ісі қалай, 

екінші томның авторлары не істеп жатыр, не жаңалықтар 

бар, сенен осы жәйлардан хат-хабар күтемін.

Мынау жіберіп отырғаным Әбетов Ғалидің

1

 жазғаны. 



Менің замечаниелерімді өзің қарап өтерсің. Мәлікке де 

көрсетерсің. Басқа кісілерге көрсетпей-ақ, автордың өзіне 

ұғындырып қайта тапсыр.

Бұл қалпында Ғалиға қайтадан бірталай жұмыс істеу 

қажет. Ең әуелі – Ақан туралы бұндай ұзақ жазбасын. Мен 

Ақанның “әлеуметтік” тақырыптардағы өлеңдерін түгел 

көргенім осы еді. Өзі өте кертартпа санадағы ақын боп шығып 

отыр. Қазақтың ән-күйіне сіңірген еңбегін ғана ашып, тал-

дап басып айту керек. Ал әлеуметтік жөнде Шыңғыстай төре 

мен ақсақалдық сананың ең бір қаны шығып тұрған реак-

цияшыл сарындарын танытқан ақын екені қатты сыналып 

тексерілсін. Әбетов ол жағын өте жұқалап, іркіліп жазған. 

Бұл күйінде еңбегінің көбі апологетика. Біз Абайды да олай 

жазғанымыз жоқ. Ғылымға қойылатын партийность тала-

бын қатты ескертіп түзеттір.

Барлық жазатыны жиырма бет болса болады. Әлеуметтік 

“сорақы” өлеңдерін цитировать етпей, атап қана отырып, 

сынап жазу керек. 

Өзге жазатын ақындарын да әлеуметтік таптық жағынан 

олқылықтарын ашып, қайшылықтарын талдап отырып жаз-

сын. Болмаса “ардагер” деп әлдекімдерді дәріптеуге түссек, 

тағы да ана жылғы саяси қаталықтарға шырмаламыз. Өзге 

авторлар туралы жазбақ болған мақалаларын Әбетов жаза 

берсін. Мен қайтысымен түзеймін. Ғалидің тілі жаман емес

тырысса және идейный бағытын дұрыс айқындап алса, жа-

зып шыға алатын сияқты. 

Жалғыз-ақ сен өзің ерінбей мына материалды оның 

жазғандары мен менің бет-бетке түрткен замечаниелеріммен 

қоса түгел оқып шық. Сонда менің не тілейтінім анық 

аңғарылады. Әбетовке де өз мәслихатыңды беруге пайдасы 

болады. 


271

Мен Москвада ойлағанымнан 20 күндей артық бөгелдім. 

“Знамя” романымды, жарымын подстрочник күйінде 

оқыса да, қабылдап алып отыр екен. Қазақша шыққан 

кітаптағы қалпынан бір бетін артық демей, түгел алыпты, 

соның үстіне екі-үш жерге азын-аулақ қосымша сұрап еді. 

Мен өзім қосқан соң жарытып қосайын деп 3/2 б.т. етіп 

жаңа сценалар қосып бердім. Соның қазақшасын да жа-

зып, подстрочнигін де өзім аударып бердім. Қысқасы, 18 

күн ішінде орысша, қазақшасы аралас 7 баспа табақ жазып 

өткердім. Өнімді, шапшаң еңбек болды. Бір топ сыншы мен 

жазушылар өте ырза боп алып қалды. Қысқартпай басамыз 

дейді. Не ноябрь, декабрь сандарында, немесе 51-жылдың 

бірінші номері осы романмен басталады.

Өздері мен келмес бұрын жақсы қабылдап отырған соң, 

ендігі орысша шығуын жаңадан толықтырып шығарған 

изданиеге айналдырдым. Өзі тіріде кісі әр изданиеге өң 

бере беру қажет деп түсінушем. Осы жолы соны толық 

қолданғандаймын. Қазақ оқушысы өздеріңе де енді осы 

орысша изданиені соңғы редакция деп тағы қоса оқу қажет 

болады.

Сол іспен бөгеліп Әбетовтің мақаласын жолда қарап 



түзедім. Кисловодскіге кеше келіп едім. Енді стол үстіне  

Н.С. Смирнованың қалың томын салып қойып отырмын, 

осыны да жақын күндерде оқып, өзіне қолжазбасын да 

жіберем, хат та жазам – менен сондай хабар беріп, сәлем 

айт.

Өзім жаздайғы тығыз, ұзақ істердің кезінде және 



Москвадағы еңбекте қатты шаршаппын. Курортқа келген-

ге екі күн болды – тек балаша сағат он болысымен ұйқы ба-

сады. 

Тағы да жылдағыдай курорттың өзім көнген қатты 



режиміне түсе бастадым.

Енді бір жұма шамасында Кисловодскіге Соболев те 

келмекші. Ол мен бітіріп берген бөлім-кусоктарды аудару-

мен қалды.

Қаныш

2

 сентябрьдің 20-сында маған телеграмм беріп, 



всесоюзная конференция мираға бізден өкіл бол деп еді. Ол 

16–18 октябрьде болмақ. Ал менің путевкам бірінен. Са-

молетпен күздігүні ұшудан сескендім. Өзім жаз бойы және 

күз бойы әлгіндей үздіксіз еңбектермен әбден шаршаған 



272

адаммын, сондықтан маған рұқсат беріңдер деп телеграмм 

бердім. Кисловодскіге бір келіп, одан он күннен соң поезбен 

қайта жүрсем, тіпті қисынар емес. Бір жүрісінің өзі екі сут-

ка. Осындаймен, енді міні, демалысқа ауыстық. Бұл жерден 

30 октябрьде қайтпақпын. Авиамен хат жазсаң, тез келеді.  

Союзда не жаңалықтар бар, одан да жазарсың. В.Н. хат-

хабар алып тұрам. Сонда да сен біздікіне барып стр-восы, 

шаруасы туралы хабарласып, өз хатыңа қоса жазып жібер. 

Әсіресе Академияда Герасимовпен сөйлесіп, соның өзі ай-

татын соңғы мәліметтерін, расчеттарын жаза сал. Мен 

ноябрьдің ортасында қайтпақпын. Соған шейін бітіре ала 

ма, не дейді екен. Ия, айтпақшы, ең бір қатты тапсыраты-

ным – бұл Валентина Николаевнаға да, Герасимовке

3

 де 


қатты айтылсын (сен айт) – үйдің төбесі қалың жабылсын – 

жаз ыстық (шатырдан), қыс суық, жауын өтетін болса, ол 

үй емес – сор. Бұрын төбесін қалың жаптым дей беретін 

Герасимов, сонысын әлі де қалыңдасын. Және астыңғы 

үйдің барлық едені жылы болатын болсын. Осыны – бар 

сұлулық, бар инженерліктің ең мәндісі деп ойлайды заказ-

чик дегейсің.

Ал Мәлікке, Мирофан Cеменовичке, Есмағамбет, 

Қажымға – баршасына сәлем айт. 

Қош. Мұхтар.

Тез авиамен хат күтем. 

  



Әбетов Ғали (1922–1976) – әдебиет зерттеуші ғалым. Әдебиет 

институтының ғылыми қызметкері. Филология ғылымының канди-

даты (1960). 

Сәтбаев Қаныш (1899–1964) – аса көрнекті геолог ғалым, 



мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Ғылым академиясын 

ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті (1946–1952, 1955–

1964). КСРО Ғылым академиясының академигі (1946). Мемлекеттік 

(1942) және Лениндік (1958) сыйлықтардың лауреаты. 

Герасимов М. – М. Әуезов үйінің жобасын жасаған архитектор. 



273

М. Ауэзов – В. Борисенко

№ 108      

25.06.1951 г. 

Дорогой Василий Васильевич!

1

Прежде всего приношу свою глубокую благодарность 



Вам за Ваши быстрые ответы – требовательные, отчетливые 

и приятные – телеграммы. Не знаю только, почему не по-

следовало ответа лишь на последнюю мою телеграмму (дней 

пять назад посланную), где я просил сообщить, нужны ли 

вставки в первую половину, не поздно ли их досылать... 

Если первая половина в наборе и она всеми вами просмо-

трена и принята, может быть и нет надобности еще что-

нибудь заносить... Там, по замечанию Людмилы Ивановны, 

я хотел лишь дать описание внутренности юрты Базаралы.

Но подобную картину, хоть небольшую, о народной 

массе с ее внешним обликом, я добавил в новой вставке к 

443-й странице.

Сейчас я посылаю шесть вставок ко второй половине 

книги. Возможно, что одна вставка об Уразбае с Казанце-

вым – выйдет в самый конец первой половины... Эту встав-

ку включить необходимо, речь идет о нарастании угрозы и 

об объединении сил феодализма и царизма против Абая.

Остальные вставки сделаны по нашим, общим с Вами, 

планам. Самый конец романа нужно закончить фразой 

“Эти волнующие, заботливые думы сейчас согнали с его 

души обычные сомнения грусти”, остальные фразы преж-

него конца нужно вычеркнуть.

В последней своей телеграмме я еще спрашивал, на ка-

кой странице рукописи заканчивается первая половина для 

первого номера.

А сейчас прошу Вас телеграфировать, сдан ли в набор 

первый кусок и до какой страницы.

Дискуссия здесь прошла хорошо, отношение ее к ро-

ману никто не мыслил в отрицательном смысле. Отдель-

ные попытки Муканова сделать упреки по поводу Шубара и 

Кокпая – после моего доклада и после выступления писате-

ля отвергнуты полностью. А мои послания о том, что сейчас 

совместно с редакцией “Знамени” я доработал образы Шу-

бара и Кокпая, и когда я подробно рассказал об этих дора-

18–1184


274

ботках, сам Муканов тоже выкликнул “замечательно”. Это 

его одобрительное восхищение включено, оказывается, и в 

стенограмму моей речи, которую правил я на днях... Поэто-

му и решил доложить, как об одной детали, и Вам.

Сейчас я перегружен новыми колоссальными задания-

ми по Академии, они и срочные и обязательные... Поэтому 

очень прошу Вас, всех друзей-“знаменцев” повести осталь-

ные дела по роману своей умелой и уверенной рукой самой 

редакции.

Сердечный привет Вам, дорогой Василий Васильевич, 

привет Людмиле Ивановне и всем товарищам из редакции. 

Жду встречи.

 Ваш Ауэзов.

Борисенко Василий Васильевич – сыншы, әдебиет зерттеушісі. 



Хатта “Абай жолы” романының аудармасы жайында айтылған.



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал