Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 9.78 Kb.

бет1/27
Дата20.02.2017
өлшемі9.78 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
Б 78
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
   Бөкей Оралхан.
Б 78 Шығармалары. О
черктер, публицистикалық мақалалар
.
 / 
Орал-
хан Бөкей. 
– алматы: «Ел-шежіре», – 2013. 
 
Т. 7. –384 б. 
   ISBN 978-601-7317-53-9
Өткен  ғасырдың  60-70  жылдары  тек  талантты  жазушы  ғана  емес, 
жаңашыл  журналист,  жалынды  публицист  ретінде  де  көпшіліктің  ерекше 
ықыласына бөленген Оралхан Бөкейдің бұл томына кезінде әртүрлі баспа- 
сөзде  жарияланған  очерктері  мен  публицистикалық  мақалалары  топтас- 
тырылған.  мұндағы  материалдар  тақырыптық  өрісіне  қарай  «алтай 
әуендері»,  «Өнер»  және  «Жастық  жалыны»  атты  үш  бөлімге  жинақталып 
беріліп отыр. 
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44 
ISBN 978-601-7317-53-9  
 
       © Исақанова ғ., 2013
ISBN 978-601-7317-46-1  
 
       © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013

3
ОЧЕрКТЕГі АДАМ МЕН ФАКТі ХАҚЫНДА
алғысөз орнына
Очерк  деп  аталатын  көркем  публицистикалық  жанрдың 
тарихы қандай мол болса, болашағы да сондай зор.
Очерк туралы сандаған зерттеу кітаптар, сандаған мақалалар 
жазылып, сол очерктің өзі де мыңдаған кітапқа сіңіп, өз өрісін 
тауып жатыр. Очерк туралы сөз бола қалғанда, немесе очерк 
жазуға әр журналист отыра қалғанда ең әуелі көркем сөз иелері 
– көрнекті майталман очеркистердің есімі есіңе оралады.
Очерк  –  аяқталған  белгілі  бір  әдеби  шығарма  болумен 
қатар,  әлі  аяқталмаған  кең  арналы  ағысы  асқақ  дарияның 
алғашқы  қайнары  іспетті.  Кейін  ұласа  келе  үлкен  айлақты 
туындыға  өзек  болары  да  рас.  мәселен,  Серафимовичтің 
«Темір  тасқыны»  –  ең  алғаш  очерк  болып  басылып,  уақиға 
желісі ширатылып, адамдар бейнесі типтеніп, тілі шұрайланып 
кең жол, көсіліс нәтижесінде – романға арқау болғаны мәлім. 
Ендеше,  очеркті  әдебиеттен  бөліп-жарып  қарамай,  соның 
төл  сала  тармағы  ретінде  әділ  бағасын  алуы  керек.  Әрине, 
эпикалық  дүниелерге,  әңгіме,  повестерге  қойылатын  шартты 
талаптың  бәр-бәрін  очеркке  қоя  беру  әбестік  болар  еді.  Бұл 
жанрда  ғылыми  тұрғыдан  зерттелген  фактінің  аумағын, 
кейіпкердің нақтылығын ескермесе болмайды. мұның өзі оның 
өз ерекшелігін даралайды.
Иә,  бұл  ретте  очерктің  басқа  көркем  әдеби  жанрлардан 
ерекшелігін  ашып,  әсіресе,  әңгімеден  бөле-жарып  даралап 
жатуды  негізгі  мақсатқа  айналдырып  отырған  жоқпыз.  Егер 
бірер сөзбен айта кету керек болса: очеркте адамдар образын 
жасау тәсіліне ғана тоқталар едік. Өйткені, әңгіме екеуіне тән 
нәрсе – жер-су аттары, демек географиялық бірлігі, тіл кестелігі, 
сюжет құрып, композициясын беріктеу жағынан егіздестігі. ал 
очерктің  өзгешелігі  –  мұндағы  кейіпкер  еңбек  ері,  абыройлы 
адам болғанымен, әлі бірегей құбылыс, уақыттың, мекен-мезгіл 
мен адамның шарттылығы жоқ.

4
Ойлап  отырсақ,  осының  бәрі  де,  мейлі  көркем  әдеби 
шығарма  болсын,  мейлі  газет  жанрлары  болсын,  танытқысы 
келгені  біреу-ақ  –  өмір  фактісі  һәм  адам.  Бірақ  сол  алып 
отырған объектісін әрқайсысы әр түрлі жолмен мәшһүр етпек. 
Очеркте  сол  іспетті.  Тіпті,  осы  жанрдың  өзі  алып  отырған, 
зерттеп отырған дүниесін әртүрлі жолмен көрсете береді. Бұған: 
автордың стилі, дәуір талабы мен тынысы, өмірдің очеркке сол 
мезеттегі жаңа міндеттері кіреді. айталық, осы, бүгінгі дәуірге 
жүктеген соны міндеттері дегенге жеке тоқталайықшы.
Бұрынды-соңды  шыққан  газет-журнал  тігінділерін,  жеке 
шыққан  жинақтарды  ақтарып,  очерктің  жазылу  дәрежесін 
сарапқа  салсақ,  мынандай  қорытынды  шығады  екен:  қалай 
болған күннің өзінде де очеркті – көркем әдеби және күнделікті 
газеттік деп екіге бөліп қарау керек секілді.
Әдетте  кей  журналистеріміз  очеркті  былай  бастап  жүр: 
біз елден шыққанда ауа райы мынандай еді, алты қырдан асп 
шопан  ауылына  жеттік.  алдымыздан  арсалаңдап  ала  мойнақ 
шықты.  ақсақал  сыртта  тұр  екен:  «ассалаумағаләйкүм,  мал 
жан аман ба? Шүкір, үйге жүріңдер. Жеңгей мол дастарханын 
жайып жіберіп, ақ самауырынды бұрқыратып әкеле қойды. Иә, 
ақсақал былтырғы көрсеткіш, биылғы меже дегендей... Былтыр 
жүзінен жүз елуден алдым, әр бастан (?) үш жарым кило жүн 
алдым. (?) Үстіміздегі жылға одан да жоғары міндеттеме алдым. 
Сосын... ақсақал ақ таяғына сүйеніп, журналистерді шығарып 
салып тұрғандай күн екіндіге ауып бара жатыр еді...»
Не керек, дәл осы тәсілмен жазып жүрген очеркистеріміз 
көп те емес, жоқ та емес.
Дәл осындай, газеттік очерктердің бірсыпырасында факті 
бар, адам жоқ. анау қыр басында қой өргізіп, ат үстінде тұрған 
шопан  не  ойлайды,  неменеге  әуес,  сыры-жыры  бар  ма,  анау 
талайды тамсантқан тамаша көрсеткішке оңай жете салды ма, 
оны осыншама қимылдатып жүрген қандай күш; оның көңіл-
күйі  қалай,  қан  тамыры,  жүйке,  жүрегі  қалай  соғады;  қойға 
әншейін  барып,  апырып-жапырып  кетті  ме,  қиындық  көрді 
ме, оны қалай жеңді, тіпті, жылай ала ма, қуана біле ме? міне, 
мейлі  очеркің  үлкен  болсын,  кіші  болсын  адамды  арқау  етіп 
отыр екенсің, осы толып жатқан сұрақтарға мысқылдап болса 
да жауап таба алатындай етіп жазылса.


Очеркте  документальдық  пен  стеногафиялық  тәсілдер 
сақтала отырып, сол объектіге немесе адамға ғана тән болатын 
автордың фантазиясымен тұжырымдалуы қажет. ал енді осы 
очерктегі ойдан қосудың мәнін аша түскен жөн. Олай болса, 
белгілі совет очеркистерінің бірі Татьяна Тэсстің 1958 жылдың 
майында  москвада  өткізілген  очеркистердің  Бүкілодақтық 
творчестовалық  семинарында  жасаған  баяндамасында  былай 
делінген: «Күлмеген адамды оқиғаны өрістету кәдесіне жараса 
күлді  деп  жаза  беріңіз.  Бірақ  сол  адамның  мінезінде  бар, 
және солай күлетін, өзіне ғана тән элемент болсын» дегеніне 
қосылуға  болады.  Олай  болса,  очеркист  өз  кейіпкерін  әбден 
зерттеп  алмайынша,  машинамен  бұрқыратып  барып  очерк 
жаза алмайды.
Очерктегі  фантазияның  ролі  хақында  күні  бүгінге  дейін 
талас-пікір жүріп жатыр. Біз де пікірімізді жоғарыда баяндадық. 
Енді «очерктегі адам мен фактінің» ара салмағын қалай ашып, 
қалай игеру керектігіне тоқталып, аз-кем пікір білдірейік.
м. Горькийше айтсақ, факті дегеніміз толыққанды шындық 
емес, ол шикізат, сол шикізаттан искусствоның нағыз шындығы 
қорытылады.  Демек,  очерк  жанры  фактіні  жәй  ғана  тізбелеп 
қоймай,  сонымен  қатар  көркем  сөз  иесі  автор,  өз  түсінігінде 
әңгімелеп  беруі  керек.  Очерктің  әңгімеге  ұқсастығы  осыдан 
келіп шығады.
Кейіпкердің  болмысында  бар,  бірақ  өзі,  тіпті  басқалар  да 
көре алмай жүрген тәлімдерді құрастыра, жымдастыра көркем 
тілмен  бейнелеп  берген  дұрыс.  Жұпыны  ғана  еңбек  иесінің 
сом  бейнесін  сөз  құдіретімен  мүсіндеу  (әр  мүсін  әрқашан  да 
сымбатты  болып  шығуы  тиіс);  еңбек  адамын  сөз  кестесіне 
орап, образбен киіндіру, әрі әсем киіндіру – бірақ, сол бейнелеу 
деп  аталатын  әсем  киімнің  ішіндегі  өзі  екенін  мойындаса 
болды  ғой.  Өзі  туралы  жылы  сөз  айтылғанмен,  жылы  очерк 
жазылмаған  ардагерге  осы  бір  бейнелеу  тәсілін  күні  бұрын 
ескертіп қойса да болар-ау.
Тағы да айта кетер – очерктегі сана мен цифр. Кейде бір 
адамды  тек  қол  жеткен  табысына  қарап  бағалай  беретініміз 
бар.  Сөйтеміз  де,  оның  жеке  басы,  әсіресе,  сана  мен  көңіл 
көкжиегінің кеңдігін ұмыт қалдырамыз. Осылай барып, норма 
қуушылар жөнінде етектей очерк жазамыз. Бұл сәтте – очерк 
шығып  жатқан  сәтте,  әлгі  кейіпкеріміз  жоспарын  асыра 

6
орындап тастап, «ақаңмен» қолтықтасып жүретіні де болады. 
Демек, очерктің факті мен адамның ара салмағын дәл ұстауы, 
алып отырған объектісін терең зерттеуі осыдан келіп шығады.
Творчестволық процесте фантазияның берері көп болмақ. 
Қиялдамай  қызық  очерк  тууы  мүмкін  емес  әрі  факті  мен 
фантазия тұтқыштың екі басы іспетті, бір-бірінен бөліп-жаруға 
келмейтін дүниелер.
Очеркте фактіні көлиту, жоқтан бар құрау, құрғақ, сылдыр 
сөзбен  көпірте  жазу  бұл  жанрға  ойдан  қосудың  қажеті  жоқ  
деген  тұжырымға  сайдырып  тұр.  ал  ойдан  қосу  дегеніміз  – 
адамның табиғатына үңілмей, оның бар еңбегін, еңбек жолын, 
тіршілік-тынысын  қайдағы  бір  қауқарсыз  желбуаздықпен  
сылап-сипап  шығу;  адамның  асыл  еңбегін  сол  қалпында 
айшықтап  көрсете  білмек  абырой.  Сайып  келгенде  оның 
(адамның)  бар  табыс-таралғысын  ой  елегінен  өткізіп,  сан 
рет  салмақтап  сана  сарабына  салса,  сөйтіп,  оны  (адамды) 
кілең  фактілер  тасасына  қалдырмай,  қайта  сол  фактілерді 
бағындырған  нұр.  Бізге  керегі  де  көркем,  адамның  психоло- 
гиясы мен харектеріне батыл барлау жасаған татымды дүние- 
лер  жазуға  тырысыуымыз  керек.  Бүгінгі  дәуірдің  өзі  осыны 
талап етіп отыр. Енді біз цифрлар сырын сыңғырлата бермей, 
сол  цифрлар  мен  проценттердің  авторын  зерттеуіміз,  оның 
заман  арқалатқан  жүгін  қалай  көтеріп  жүргеніне  барлау 
жасауымыз абзал.
мен  бұл  азын-аулақ  мақалада  очерк  деп  аталатын  аталы 
жанрдың қыр-сырын талдауды мақсұт етпедім. 
мен  бұл  келте  қайырылған  пікірімде  очерктің  түріне  де 
талдау  жасағым  келмеді.  Ол  –  бесенеден  белгілі.  Және  мен 
әдеби көркем жазылған жинақтық очерктерден гөрі, күнделікті 
баспасөзде  шығып  жатқан  мерзімді  очерктер  хақында  әңгіме 
қозғадым.  Сол  оперативті  жауынгер  очерктердегі  ортақ 
кемістікті  іздеп,  яғни  ол  кемістік  әлі  де  болса  еңбек  адамын 
нағыз  шыншыл,  тұлғалы  қалпында  көрсете  алмай,  көкезу 
сөзбен төпелеп тастайтынымыз адамның жанына емес, қолында 
барына місе тұтып, желөкпе жазатынымыз деп топшыладық. 
Сонсоң, осы очеркте адам мен фактіні қалай игеру керегі үлкен 
бір әңгіменің арқауы.
1969 ж.

Бірінші бөлім
АлтАй әуендері

8
Ел МЕН ЖЕр
Анам айтатын: Аяғын жерге, арқасын елге
Тапсырдым жалғыз ұлдың.
өртең
мынау  жан-жағын  жасыл  шалғын  жиектеген  жалғыз  аяқ 
суыртпақ соқпақ тәңірге апарар жол іспетті зеңгір көкке жетелеп 
барады. Төмен қарасаң өзіңнен-өзің секіргің келіп тұрар, көз 
жетпейтін түп-сүйектегі ақ тамырдай бір сабақ сүрлеу ғана жер 
мен көкті жалғастырар қыл көпір секілді. Зәрем ұшып қанша 
қорқыныш билесе де, қазақтардың баспаған тауы, жүрмейтін 
жері  жоқ  қаңғыбатығына  қайран  қаламын.  Қайран  қаламын 
да, ердің қасынан мықтап ұстаған қалпы, осы елдің аруағына 
сиынамын. Көк мұнар астында көлбей түсіп жым-жырт жатқан 
ойдағы  ауыл  енді,  алып  кеменің  үстінде  арпалысып  жүрген 
менің үміт жағалауыма, жарқын жағалауыма айналды; қайтіп 
көре алмайтын теңдесі жоқ қимас мекенім қош-қош айтып, қол 
бұлғап шығарып салғандай әсердемін. Қазір біз изектеп келе 
жатқан Байбөрі асуы бітеді, сонсоң... сонсоң бұдан отыз жыл 
бұрын  қасірет  белдеуіне  айналған  Өртең  шоқының  жанынан 
өтеміз.
– Әне, анау таудың бүйірін тесіп, оқшау біткен – Қарауылтас, 
деді  Шаруа  шал,  –  баяғыда  қызыл  мен  ақ  соғысқанда  соған 
шығып  алып,  етектегі  елдің  әр  қыбырын  аңдып  отыратын 
қашқындар.  Біздің  бала  кезімізде  бүркіттің  ұясы  бар  деп 
еститінбіз. Қазір қарға да қонбайтын болды. ана жылы қалың 
өрт мұны шала алмай етегінен қайтты.
Шынында да Қарауылтас алтайдың аспанға қарғимын деп 
шығарып  алған  иығы  секілді,  өз  денесін  өзі  ауырсынғандай 
момақан тұр. менің көзіме осы Қарауылтас аңынан, құсынан 

9
айрылған  табиғаттың  қарақазандай  өкпесі,  басынан  бағы, 
қолынан бүркіті тайған ақсақалдың бүк түсіп, бүрісіп мәңгілік- 
ке қатып-семіп қалған кейпі, тіпті Қарауылтас енді-енді құлап 
бара  жатқан,  бірақ  құлап  түспейтін  жер  емшегі  сияқты  еді. 
Сыпыра  қауіпті  жол  артта  қалып,  алдымыздағы  кейкеңнен 
асқанда қамшылар жақ төскейде ерімей, қарала-торала болып 
жатқан қарға көзім түсті. Шет пұшпақтала еріген тұсы шөпсіз, 
саздау тартып, ескі жұрттай қараяды да, тау шалғыны бірсіндеп 
әлгі қыстан қалған қысырақ қарды қаулап өскен. ал, біз лық етіп 
шыға келген кейкеңнің үсті балапан қарағай өскен текше екен 
де, алаңқай-алаңқайдың бәрі иін тірескен гүлмен көмкерілген. 
Шыбын-шіркейсіз – не суық, не ыстық емес, осына тоқымдай 
ғана  иық  алдағы  Тарбағатай  жайлауының  елді  алғаш  күтіп 
алар жайлаушысы іспетті еді. Енді осы әдемі текшенің мінер 
жағы адам көргісіз кейпін жасырғысы келгендей, сұйқылтым 
тұманмен тұмшалап жатқан.
– ал, аттан түсіп, біраз демалайық, енді бір асудан асқанша 
көлік те, өзіміз де болдырып қалармыз, – деді Шаруа шал. Сон-
соң  өзі  жас  самырсынның  түбіне  барды  да  аттан  түсіп,  әлгі 
қып-қызыл, сап-сары тау гүлдерін жапыра, жантая жатты. 
–  Өртең  шоқы  анау  тұманның  астында.  –  деді  маған 
дауыстап.
мен аттан түскем жоқ, түссем қайтіп міне алмас халдемін. 
Екі  қарасаным  талып,  тізем  ұйып  қалған.  алғаш  ауылдан 
аттанғанда  қаққан  қазықтай  боп,  ошыраңдап  едім,  қазір  ине 
жұтқандай имиіп отырмын. Екі иығымнан екі кісі басып, екі 
өкпемнен  тепкілеп  қинағандай.  Шаршаған,  иттің-иттің  қиын 
жолдан  қажыған  кеспірде  мөлиіп  ұлпа  тұманға  қараймын. 
Төбеге  тырмысып  көтерілген  сайын  тұман  да  серпіліп,  аяқ 
жағындағы  қалың  жынысқа  сіңіп  бара  жатты.  Тұман  етегін 
көтерген  сайын  тау  беткейін  тесіп-тесіп  қаптап  тұрған  қара 
сирақтар көрінді. алғашында әуестікпен қарап қалсам да, бірте-
бірте бойымды қорқыныш билеп, ердің қасын шеңгелдеп қыса 
бердім. Бала кезімде біздің үйге арғы беттен бір жұрағатымыз 
келгені есімде. Ол кісінің оң аяқ, сол қолы шолақ еді. Түнде 
апам  маған  сол  кісінің  жанына  төсек  салып  берген.  Далаға 
шығып  келсем,  шешініп  жатып  қалған  екен.  Таңертең  өріске 

10
сиыр  айда  деп  апам  ерте  оятты.  Ұшып  тұрып,  жанымдағы 
мүгедекке  жалт  қарап  едім,  қол-аяғы  щолтиып  ашық  жатыр 
екен. Жүрегім зырқ ете түсті. Кейін көпке дейін ұмыта алмай, 
көзім ілінсе болды, өңкей басы, денесі жоқ шолақ қол, шолақ 
аяқтар қаздай тізіліп мені қуа жөнелетін. Бұдан отыз жыл бұрын 
өртеніп,  сорайып-сорайып  күйелеш  томарлары  ғана  қалған 
орман орны сол бір уақиғаны еріксіз есіме түсірді. мен туған 
жылы  бұл  жерде  ит  тұмсығы  өтпейтін  жыныс  орман  болған 
шығар. Сол орманның ішінде орғып жүрген елік, балқарағай 
дәлдеп ойнаған тиын – бәрі-бәрі өз мекенінен безіп, басы ауған 
жаққа лаққан шығар. мынау мәңгі мүгедекке айналған шала-
ағаштар заманында сап түзеп, таласа өскен жасыл желек еді-
ау; енді міне... енді міне қараған адамның жанын күйелейтін 
кейіпсіз кескінін жасырғысы келгендей Өртеңге шыққан қалың 
шөпке бұға түседі. лапылдап өрт жүріп өткен беткейдің қазіргі 
сықпыты  фашистер  тапап  өткен  Украина  селолары  секілді 
аянышты  халде  еді.  Қараған  сайын  жүрегіңнен  қан  ағызып, 
осынау алапатқа душар еткен жауызға мың лағнет айтасың; егер 
зәуде қолыңа түссе, сол қып-қызыл оттың ортасына лақтырып 
тастағың келеді. Сол жауыз қолыңа түссе, қайғы-мұңға батып, 
молақтанып  қалған  ағаштың  басына  аспаққа  асып  өлтіргің 
келеді.  Бірақ,  ондай  жауыздар  –  өрт  қойғыш  қаныпезерердің 
біреуін атарсың, сонымен құри ма?
мен жер бетінде отпен ойнағандар жайында ойласам, аза 
бойым  қаза  болып,  бойымды  өзім  де  түсіне  бермейтін  кек, 
мүлдем белгісіз, танымайтын әлдекімге деген кіжініс билейтін. 
Бүкіл соғыс жылы туған төлдер атынан: «Соғыс!» деген сөзді 
дүниежүзілік  сөздік  қордан  шығарып  тастайтын  уақыт  туды, 
–  деп  жар  салғым  келеді.  мынау  қасірет  беткейіне  айналған 
Өртең сол сор соғысты көз алдыңа тағы бір келтірер еді. Иә, 
бұл  мен  туған  жыл  –  соғыс  жылы  қалың  өртке  шалынды. 
Ит  тұмсығы  өтпейтін  орман  –  отынға  айналды.  Бүгінде  бұл 
жерде сол өрттің көмірі, жанып бітпей қалған шаласы жатыр. 
Жасыл  шалғынның  әр  жерінде  қылтиып-қылтиып  өніп  келе 
жатқан жас өскіндер бар. Ол бұдан отыз жыл бұрын арманда 
кеткен  қарағай,  самырсынның  балапандары.  Өмірін  өшірмей 

11
жалғар  ұрпақтары.  Жап-жасыл  тау  шалғынының  әр  тұсында 
аспанға  атылардай  соқайған  қап-қара  ағаш  өрт  атаулыға 
лағнет айтып тұрған жарымжан соғыс мүгедектеріндей, соғыс 
ардагерлеріндей. Әлемдегі әсемдік, сұлулық хақындағы тамаша 
ұғымға қарсы тұрар қандай да күш, жасыл жайлау – жас күш, 
көгөрім өскін алдында тізесін бүкпей қоймайды. Өртең орнына 
көктеген талдар – қанша рет болса да қайта қаулап өсе берер 
ойпандағы алшын секілді; тек қана жақсылық, тек қана мәңгілік, 
айналайын  табиғаттың  жырын  шырқап,  күнге  талпынады. 
Ойсыз  лақтыра  салған  жетесіздің  бір  тал  шырпысынан  жапа 
шеккен Өртең шоқы жаралы денесін жасырғысы келгендей ақ 
тұманның астында жатады. Егер жанынан өткен адам қатыгез, 
арам ниет болса, тұман көрпесін қымтай түседі; ал жанынан 
өткен адам ақжүрек, табиғат ананы сүйе білетін пенде болса, 
ақ шәлісін айқара ашып, жарақат тәнін көрсетеді екен. «Қандай 
да болса өрт өмір гүлін, өмір арманын өртей алмақ емес, шын 
сезінсең  әр  ағаштың  өзі  адам  секілді,  биікке  ұмтылады,  бір-
бірімен таласа-тармаса өседі, бірақ олар зәулім тартқан сайын 
көлеңкесі үлкейетінін, әдеміленген сайын балта әуес боларын 
білген емес», – деген ойымды:
– Табынып болсаң, жүрейік, – деген Шаруа шалдың қар- 
лықты  даусы  бұзды.  Әлгінде  таман  сілбіреп  нөсер  басталып 
еді, арты ұрлана жауатын ақ жауынға айналар деп едік... Бірақ, 
қыбыладан қатты жел келіп, айдап әкетті. Ойда қалың жаңбыр 
барға ұқсайды. Шілденің ортасынан ауса да, ауа суық, өкпек 
желі,  жылбысқы  нөсері  бар  біртүрлі  лайсаң.  Сұлу  өлкенің 
сұрқай көрінісі, алдағы қиямет асу, әлгіндегі жадау ой көңіліңді 
найзалағандай. Шаруа шалға екі қарасаным талып, жүре алмай 
келе жатқанымды айтып едім: – аясаң да, аямасаң да алатын 
шыбын  жанды  отқа  да,  суға  да  сала  бер.  Жаяу  жүр  ендеше, 
– деді. арқасына ер батса ат аяңшыл келмей ме, атты жетелеп, 
жаяу тырмыстым тауға.

12
Боран
Біз Байбөрді асуының үстіне ілінгенде ат құлағы көрінбей- 
тін  боран  басталды.  Жаз  ортасындағы  дымқыл  қарды  оңды-
солды  сабалағанда  өз  жаныңнан  өзің  қапа  боласың.  Онымен 
қоймай,  «бекер  шықтым»  деген  өкініш  жегідей  жеп  келеді. 
алдымда бара жатқан құрық бойы Шаруа шалды әрең көремін, 
әрі оның қасынан қалмай, сәл кейіндегендей болсам, астымдағы 
бораннан  ыға  салбөкселенген  атымды  басы-көзге  ұрғылап, 
тепеңдеп қуып жетемін. Бағана ғана алқызыл, алсары гүлдері 
ырғалып, мамыра жатқан жазира аппақ қардың астында қалды. 
Біз  де  тиын  қараған  аңшыдай  жаға-жеңімізді  тұта  бастаған 
қарды  қағып  әуреміз.  Тау,  аспан,  орман  түгелдей  зым-зия. 
Шаруа шалдың сүлдесінен өзге қарайғаны жоқ, мынау мылқау 
дүниенің ортасында – тұтқындамын. мен өзімді жер айдалып 
келе  жатқандай  құлазып,  соншалықты  жалғыз,  соншалықты 
кеспірсіз  кеуана  сезіндім.  Құлағымды  бітеп  тастаған  қар 
қиыршығын тазаласам, әлде сыңсыған, әлде ұлып ыңырсыған 
жан шошырлық қорқынышты үн естігендей болам. Білмеймін, 
неге екенін, көзімді жұмсам, қызыл гүлдің орнына шолақ-шолақ 
қол-аяқтар қаптап өсіп тұрғандай, сонсоң көзімді қайта ашамын, 
Шарауа-шал бұлдырай ұзап, мені қуып жете алмайсың, менен 
озып кете алмайсың деп мазақтай құлдырап бара жатқандай. 
Он сегізінші июльдегі қатты боран толастар емес, Тарбағатай 
жайлауын жалмап, жұтып қоярдай үдей түсті. Бірақ, арқамнан 
аяз  өтіп,  қаншама  жаурасам  да  дәл  осы  жаз  ортасындағы 
ұятсыз  боранды  түсімде  ме,  әлде  қиялымда  ма,  тым  ертеден 
сағынғандаймын-ау.  Кейде  мен  қалада  таксидің  жұмсақ  та, 
жайлы орындығында шалқайып жатып көксейтінмін: осындай 
бір оқыс боранда, елсіз жерде астымда ақбоз атым бар, адасар 
ма едім; су өтіп, суық өтіп тоңсам, жол таба алмай, жөн таба 
алмай шатассам, сонсоң шаршап-шалдығып, өмірден түңіліп, 
өлімге үңіліп келе жатқанымда алдымнан ағаштан қиып салған 
дар үй кездессе; дәл сол минөтте есім ауып ақбоз аттан құласам; 
дәл сонда маңдайымнан жұп-жұмсақ әлдене сыйпап өткендей 
болады – сонда ғана жаным жай табар; бірақ көзім ашылмайды; 
әлгі  мамықтай  ұлпа  алақан  шекеме,  бетіме,  шашыма  тиген 

13
сайын  мұнан  мың  жылдай  бұрын  тоқтап  қалған,  бұдан  мың 
жылдай  бұрын  суып  қалған  жүрегімді  қайта  соқтырып, 
көңіл деген кіршең орамалды жуып, ар терімді – жан терімді 
сүрткендей  болар;  көзімді  еппен  ашқанда:  өмірбақида  іздеп 
таптырмайтын қиял қыз отырса, әне, ол орнынан таңғажайып 
әдеппен  тұрып,  таңғажайып  әдемі  жүріспен  сырлы  аяққа 
құйып сусын әкелді; сол қолымен басымды көтеріп тұрып, оң 
қолымен ерніме тосты: мен сусынды ғана емес, сусын ұстап 
тұрған  ақ  саусақтан  бастап,  бүкіл  қиял-қыздың  өзін  жұтып 
қоярдай құныға, сыңғытып іштім; шөл шіркін қана ма? сосын, 
мен адасып жүріп тапқан періштеммен үш күн ойнап, күлемін; 
сосын ол маған осына дүлей орман – өзінен басқа тірі пендесіз, 
тылсымның ортасында қалайық, деп азғырады; сонда ертемен 
далаға шыққанда кешегі алай-дүлей боран сап басылған, айтып 
сөз жеткізгісіз сұлу табиғатты көремін; бәрі бар, бәрі табылады 
–  жалпақ  жаһанды  миллион  рет  айналып  шықсаң  да  мұндай 
жер-жұмақты  таба  алмасымды  білемін;  бірақ  маған  әлде  не 
жетпейтіндей  елегзи  беремін.  Ол  не?  Ол  –  адам  еді,  ел  еді! 
ұрпақсыз,  ұрансыз  сұлу  жер,  сұлу  жардың  қойны  алданыш 
болғанымен, сыңсыған көңілдің сынығын жамай алмақ емес; 
елсіз жердің – сәні жоқ, шырқап салар әні жоқ қаңсыған итаяқ 
екен; мен бәрін талақ етіп, өз үйім – өлең төсегіме аттанамын; 
қиял-қыз  кіндігіңнен  бала  көрме  деп  артымнан  топырақ 
шашып, теріс батасын беріп, қарғап қалады; мен еңіреп жүріп 
елімді қайта табамын!
Жаз ортасындағы қар бораны ішін тартайын дегенде барып, 
әлгі ертегі сықыды ермек ойдан арылғандай селк етіп, артыма 
қараймын;  тәңірім-ау,  айналайын  табиғатта  мұндай  да  ғажап 
құбылыс  болады  екен-ау;  қараңызшы:  бағанағы  жап-жасыл 
жазира, қып-қызыл гүл – тегіс аппақ қардың астында; тау үсті 
ақ кебінге оранған, тек біз жүріп өткен суыртпақ жол ғана жап-
жасыл,  аттың  тұяғы  қағып  түсірген  шалғын  қар  қасіретінен 
арылып,  күлтелене  қалған;  маған  ол  ақша  қар  үстіне  төсеп 
тастаған (біздің құрметімізге төселген) қалы кілем іспеттенді. 
Қараңызшы,  көрсоқыр  болмасаңыз  қараңыз:  боран  басылды, 
бүкіл  Тарбағатай  ақ  көрпенің  астында  жатыр;  бір  ғасырда 
бір-ақ  рет  қайталануы  мүмкін,  оқыс  оқиғаға  қайран  қалған 

14
тау-тас,  орман-тоғай,  еріксіз  көнгендей,  еріксіз  иланғандай. 
Өз  тағдырына  өзі  мас  болып,  дел-сал  мүлгиді;  дүние  тым-
тырыс, өзгеше бір құпия тыныштықтың құшағында; сайраған 
құс,  жүгірген  аң,  жыбырлаған  жәндік,  гүл  иесі  –  көбелек, 
жер жұтқандай зым-зия; күн жарықтықты да боз боран ұрлап 
алғандай – жоқ, аттың сауыры, біздің сулығымызға жабысқан 
қар  жылбысқы  еріп,  қимылдаған  сайын  саулап  түсіп  келеді; 
енді  ат  тұяғы  жентек-жентек  қар  лақтыра  бастады;  ағаштың 
бұтағы,  бұтаның  басы,  жақпар  тастағы  ақ  перде  шіріп,  быт-
шыт  бытырай  бастады;  тек  ақ  кебіннің  үстіне  біз  төсеген 
әлгіндегі жасыл кілем – жол ғана талайға дейін қалмай ылдиға 
қарай ерінбей еріп келеді; жер – айналайын жер, осының бәріне 
көніп, көсіле сұлап жатыр; мың шұңқырдың әр қазаны қаққа 
толы,  қар  суына  көпіріп,  жоғарыдан  қарағанда  мың  қазанға 
құрт  қайнатып  жатқандай  көріністенеді.  Шаруа  шал  тізгінін 
тартып, мені тосып алды:
–ақатай  Құртты  көлдің  басында  отыр,  бүгін  сонда  еру 
болып,  Төрқуысқа  ертең  аттанбасақ,  аттар  болдырып  қалды, 
– деді.
Осы  боран  жайлы  «Комсомольская  правда»  газеті  хабар 
беріп еді.
Біз жұлындай көтерілген жалғыз түтінге беттедік.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал