Ббк 84 Қаз-44 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 17.22 Kb.

бет1/26
Дата14.02.2017
өлшемі17.22 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
1927–1929
2014

УДК 821.512.122 
ББК 84 Қаз-44 
 82
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 
министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 
әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 
бойынша шығарылды
Редакциялық кеңес:
Кеңес т рағалары – М. Құл-Мұхаммед, А. Сәрінжіпов
Жалпы редакциясын басқарған – ҰҒА корреспондент мүшесі, 
филология ғылымдарының докторы У. Қалижанов
Кеңес мүшелері:
кім Т.,  уезов М., Жұртбай Т., Кекілбаев  ., Қанапиянов Б., Қасқабасов С., 
Қирабаев С., Қонаев Д., Қошанов А., Құрманғали Қ., Мағауин М., Мұртаза Ш., 
Нұрпейісов  ., Оразалин Н., Сүлейменов О., Тасмағамбетов И., Ыбырай Ш.
уезов М.
 82
Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – 
Алматы: “Дәуір”, “Жібек жолы”, 
.
5-том: Повестер. 1927–1929. – 376 б.
ISBN 978-601-294-147-0
УДК 821.512.122 
ББК 84 Қаз-44
ISBN 978-601-294-147-0  (5-том)
ISBN 978-601-294-142-5
© М.О.  уезов атындағы  дебиет 
және  нер институты
2014
2014

Повестер

5
ҚАРАШ-ҚАРАШ  ОҚИҒАСЫ
(Бірінші нұсқасы)
I
Тау ішінің жаңбырлы қараңғы түні Бақтығұлдың көңілінде 
көптен шешілмей келе жатқан күдікті бір сәттің ішінде оп-оңай 
жазып жібергендей болды.
“Күздің  ұзақ  түні  мынау.  Қазір  алған  малмен  соқтырып 
жүріп  кетсем,  таң  атқанша  қайда  бармаймын?  Ізімді  жауын 
шая ды. Шыққаныма екі күн болса да, күннің лайсаңы жібермей 
қойды. Ілгері басуға өзім де жаурап, жайым бітті. Атым да мына 
суда,  мына  тау  ішінің  тайғағында  өндіріп  жүріс  жүре  алатын 
емес. Түк алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, нәр сызбай 
өлмекпін бе?” – деп, маңайына машықтанған ұры көзбен айна-
ла қарап алды. Көп жүрген жер. Ұлы мол тау. Ұрыға: “Ұрлап ал 
да, тығылып кете бер”, – деп сыбырлап, жаманшылыққа жете-
леп тұрғандай. Тау ұры.
Кейде  тау  күз  күнінің  ұзақ  қара  түні,  ұзақ  ақ  жауынның 
ішінде  дию  мен  алып  мекеніндей  көрінеді.  Сыпсың  қарағай 
жапқан түкті беттері жақын жерден қап-қара болып үңірейіп, 
қараңғылықтың түпсіз терең зынданы сияқтанады. Кей жерде 
екі-үш түкті тау, қара жартасты биіктер бір араға түйісіп келіп, 
құбыжықтың  қойнындай  тұңғиық  қара  қолтық  жасайды.  Тау 
жолы  көбінесе  биікті  көлденең  кесіп  отыратын  қаптал  жол. 
Жауынды күні бұл қауіпсіз де емес. Тіп-тік беткейде аттың екі 
тұяғы қатарынан сыймайтындай тар карнезді басып жүру ке-
рек.
Ондайда жүргінші атына ғана сенеді. Құлын күні осындай 
тауда  қиялап  жайылып,  арқардай  тәсіл  алған  тау  жылқысы 

6
ғана  көңілге  сүйеу  болады.  Сауыры  бүлкілдеп,  еш  нәрседен 
үрікпей,  қорықпай,  әр  адымын  өлшеп  басып,  аяғын  шапшаң 
алып, Бақтығұлдың боз аты сол өнерін көрсетіп  келеді. Қазіргі 
сағатта  мұның  мойнына  артылған  міндет,  ең  зор,  ең  ауыр 
міндет  екенін  есті  жануар  ұққандай  болады.  Иесінің  тақымы 
көңілдегі  күдікпен  сескеніп  барып,  қабырғасын  қысқандай 
болса, боз ат елең етіп, алдына үңіле қарап, арқасының сенімді 
қозғалысымен иесіне күш береді.
Бірақ  жол  тайғақ.  Шөп  те  ақ  жауынның  суымен  жылпыл-
дап сырғанақтай болып жатыр. Боз атты сол қинайды. Талай-
талай  бейнетті  жүрісті  басынан  атқарған  жырынды,  мықты 
Бақтығұлды да сол сескендіреді. Өзге-өзгеден бұрын түн көзге 
түртсе көрінбейтіндей қараңғы. Ұзақ жүре беруге болмайтын 
сияқты.
–  Бұл  жауын  қашан  бітетінін  қайдан  білмекпін?  Жауын 
бітпесе, иттей қатып, өстіп сүмеңдей бермекпін бе? – әр нәрсені 
еске алып, аз бөгелеңдеді де, аяғында:
–  Жоқ!  Болады!  Енді  мыжыма!  Қайда  барсаң  да,  саған 
қолынан мал беретін кісі жоқ. Әкеңнің дайындаған малы жоқ. 
Осы  да  жетеді.  Дөңжайлау  болса,  Дөңжайлау.  Аламын  осы-
дан!  –  деп,  бозды  тебініп  қалып,  оң  жағындағы  бетке  қарай 
қапталдап өрлей бастады.
Бақтығұл үйден шыққанға екі күн болғандықтан, бөктерген 
местегі  малта  да  таусыла  бастаған  еді.  Сол  екі  күннен  бері 
шайнама жемеген. Аштықтан басқа енді түстен бері сусын да 
ішкен жоқ-ты. Тау ішінің аш қасқырындай бұралып, күні бойы 
ел көзіне түспеймін деп, Сарымсақтының қарағайында бекініп 
жатқан.  Аш  күйіне  ұйқы  да  табылмаған.  Қарағай  жауыннан 
қорғамайды. “Тәңірі бір жауса, терек екі жауады”. Үстінен су да 
өткен. Бірақ басында үйден аттанғанда көздеген жері алыс еді. 
Болмаса, Торыайғыр, әйтпесе, Мерекені торымақшы еді. Жол 
қиындығы,  аштық,  күз  суығы  –  бәрі  жиналып  келіп,  жарым 
жолдағы өз болысының малын болса да, көздетуге айналды.
Дөңжайлауда  жүргенмен,  Шалқардың  екеуінің  жылқысы 
да жатуға болады. Әлі ойға кетпеген жылқы осы күзде далаға 
көшкен  елдердің  жайлауында  жататын.  Таңдатса,  білдірсе, 
Бақтығұл  өз  болысынан  гөрі  бөтенді  алғысы  келеді.  Әйтеуір, 

7
жақынға түсетін күйге келсе де, бұрыннан келе жатқан әдетін – 
өз  маңайын  торымауды  шарт  көруші  еді.  Бүгін  ол  жолдың 
барлығынан еріксіз шыққандай болды.
Дөңжайлауға  қарай  бұрылған  соң-ақ  көңілінен  бірнеше 
күннен  бергі  күдіктің  бәрі  біртіндеп  жоғала  бастады.  Ендігі 
халі ауыр емес, жеңілденгендей. Артын көре жатар... Не болма-
са, білінбей де, сезілмей де аман өтер. Оның бәрі де өз бетіне. 
Бәрінен  де  мына  күзде  анау  үйдің  аштық,  жүдеушілігінде 
телміріп, қолына қарап отырған, қарны ашқан қатын-баланың 
ортасына  бір  семіз  тайды,  я,  бір  ту  биені  апарып  сойса, 
Бақтығұлдан асатын кім бар? Үйінде жатқызбай, қара талқанға, 
құр тарыға ырза қылдырмай, бозға міндіріп, түнді жамылды-
рып, жетелеп шыққан тілек те сол ғана ғой.
Аш қарынға күзгі семіздің жас қазысы мен түрілген шыны 
майы,  жал-жаясы  мас  қылғандай  әсер  еткен.  Жоқшылық 
басқан  жүдеу  үйдің  ішінде  он  шақты  күндей  қызыл  көрмей 
отырған  соң,  қиялы  еріксіз  етке  төнген.  Барында  көпсінбей, 
мезгілсіз  тілеп,  өлшеусіз  көп  жеп,  құныққан  қарын  жоғында 
Бақтығұлдың  барлық  ойы  мен  тілегін  өзі  билейтін-ді. 
Қызылшыл көңілі алыста шарықтап, биік кең аспанда қаңғып 
жүріп,  жердегі  теңгедей  қызылға  сарнап  ұшатын  қарақұстай 
түйілуші  еді.  Түсінде  білектей  болып  оралып,  толқындай  бо-
лып  туырылып  жатқан  қазылар,  қарталар,  жас  иісті  сап-сары 
телшелер де көрінетін уақыттар болған. Ауызда дәмі тұрғандай 
болып тамсанып, еріксіз түкірігін жұтатын. Бірақ құр талқанға, 
тарыға еріксізден еріксіз келіп, жоқшылық арқылы шегеленген 
өмірін  көретін  Бақтығұл,  бір  кезде  сабылған  тынымсыз  ұры 
болса да, соңғы жылдары “қойсам” деген ниетке мініп те көріп 
еді. Бірақ сондайдың бәрін де әлгіндей қызыл етке мас қылып 
еліткен құмарлық тыныш отырғызбай, ұдайы жүрмесе де, анда-
санда, ет біткенде осындай қылып аттандырып қоятын. Сондай 
кездің бірі осындай суық, жүдеу күз болады. Соғымға шейінгі 
бай соғым кезіндегі қыс, онан соң жазғытұрымғы шақ болады. 
Осы үш кезде, кем болса, бір-екі аттанбай тұра алмайтын болып 
еді. Ұрлық шықса, үш шабуылмен жатып та қалатын. Шығып, 
шығындатып,  толқу  бергізсе,  месел  қуған  қарташыдай  тағы 

8
бір-екі  рет  қамданып,  алысқа  аттанып  барып,  мықтап  бір-ақ 
алып қайтатыны да болушы еді.
Бүгін  Дөңжайлауда  отарда  жатқан  Шалқар,  Бүрген  болыс-
тарының  жылқысын  алуға  ыңғайланып  келе  жатқан  Бақты-
ғұлдың  жайы  осы  еді.  Дөңжайлаудың  кер  белеңін  өрмелеп 
шыққалы  келе  жатқанда  Бақтығұлдың  неше  күннен  бергі  аш 
қарны ертең түнде-ақ жұбанатынын сезді. Бойына тың қайрат 
жиналғандай  шаршаған,  қажыған,  тоңған  дененің  ақырғы 
екпініндей,  ақырғы  рет  ширығып,  сілкініп-сілкініп  алғандай 
болды.  Жем  іздеген  аңның  ашқарақ  қуанышындай  қуанышы 
оянды.  Талай  заман  ашығып,  үрпиіп,  құздан  құзды  кезіп, 
жоғары-төмен сүзіліп, сорғалап жүріп, аяғында бір жан иесін 
екпінмен келіп соғып жығып, тұяғына бүктеп басып, сығымдап 
отырып, қоразданып сілкінген Алатау басында жүретін аспан 
тағысындай  Бақтығұл  да  келешек  түннің  ыстық  қызығына 
сондайлық сүйсініп, түрленгендей болды.
Тегінде ұзақ жүрістен еріншек тартып, қажи бастағандықтан, 
бұған алатын жеріне жету қиын болатын. Жеткен соң алатын 
аулын  анықтау  қиын.  Одан  соң  бала  жасынан  көп-көп  жор-
туылды, жорықты басынан кешіріп, қысқа түнгі көп қашқылық, 
қуғылықты  талай  рет  көргендіктен,  мынадай  жерден  мал 
алып шығу оңайдың оңайы сияқтанушы еді. Әрқашан қандай 
сасқалақтың үсті болса да, жауырыны жерге айласынан алысу, 
біржолата жығылып түскенше қарсылық көрсету – Бақтығұлдың 
ұдайы  дағдыланған  ісі.  Ауылға  болсын,  жылқышысы  ояу 
жүрген жылқыға болсын, жақындап тұрып, кірмендеп, қадалып 
келгенде,  көбінесе-ақ  көрінбей,  орайын  тауып  кіріп  кеткіш. 
Қолына түсіріп алғаны болса, оны оңайшылықпен жау қолына 
бере қоймайтын. Соғысуға ер, жырынды және ат үстінде бірлі-
жарымды кісіге алғызбаймын деген сенімі болатын. Шынын-
да  сондай  екені  де  рас  еді.  Көп  ұрыдан  ерекше  жерлері  осы 
мықтылық  пен  ептілік,  ерлік  болатын.  Сондықтан  ол  қасына 
жолдас керек қылмай, көп заманнан бері жалғыз аттанатын.
Ой  желігіп,  сергіп,  желпініп  алған  соң,  көтеріліп,  етегін 
жиып,  түзеліңкіреп  отырды.  Тықырын  білдірмеуді  ойлайтын 
мезгіл болып қалып еді. Өйткені алдында шатта жатқан қалың 
жылқының  сарынын  есітті.  Сақ  жылқышысы  болса,  шетірек 

9
шығып,  тың  тыңдап,  жер  шалуға  да  болады.  Енді  тықырды 
көп білдірмес үшін атқа да тасты жерді басқызбайды. Көптен 
жалғыз жүрген ат жылқының сарынын естіп, кісінеп жібермесін 
деп,  оны  да  тізгінін  қысып  аңдып  ұстайды  басын  да  төмен 
салғызбайды.  Шаужайлап,  пысқыртпайды.  Көп  шабылған 
сырқынды  сақ  ұры  енді  қой  торыған  бөрідей  жұтынып, 
қомданып  ширап  алды.  Бұрынғы  салқам,  еріншек,  иығы  кет-
кен, тоңған, ашығып бұралған Бақтығұл жоқ. Енді сонағұрлым 
ширақ.  Дөңгелек  денесі,  анда-санда  маңайды  болжағанда, 
артына,  жан-жағына  оңай  бұрылады.  Барлық  қозғалысында 
ұршықтай үйірілген шапшаңдық, сергектік бар. Кішкене қысық 
көздері  жауынды  түнді  тіліп  өткендей.  Тау  ішіне  шаншыла 
қарап, көрсетпейтінін көргендей болады. Жылқыға оқ бойын-
дай жақындап келді.
Қалың  жылқы  жиі-жиі  пырылдап,  пысқырып,  анда-санда 
тай-құлыны, үйірсек айғыры кісінеп, сайдың шөбін бырт-бырт 
үзіп, Бақтығұл жаққа қарай сырғып беттеп келе жатқан сияқты. 
Иек  артпадан  бірталай  уақыт  баспалап  тұрды.  Сыртылдаған 
бірқалыпты  ақ  жауынның  ішінде  қалың  жылқының  дағдылы 
тыныштықпен жайылған сарыны ғана естіледі.
Бақтығұл  қарауытқан  қалың  топ  жылқының  қарасын  да 
көрді.  Басынан  бөркін  алып,  шошақ  қасты  ердің  қасына  ілді. 
Бетін  оңтүстікке  бұрып,  құлағын  жылқы  жаққа  төсеп  тың 
тыңдайды. Әзірше жылқышының дыбысы білінбейді. Ұйқыда 
ма,  болмаса,  бірдемені  сезе  ме  –  белгісіз,  жылқының  шашы-
рамай  тобымен  жайылғанынан  Бақтығұл  сақтық  ойлайды. 
Ендетіп жібермейді, топтаңқырып, сырғытып, бір жайылысқа 
салғалы түртіп келе жатқан ояу жылқышылар болуы да мүмкін. 
Сол  кезде  алдындағы  бір  тұмсықшаға  шашыраған  селдір  топ 
қарайып  шықты.  Аттың  басын  төмен  бұрып,  азғана  тасалап, 
өзі үзеңгіге аяғын тіреп, иек артып қарады. Топ молайып, ен-
дей бастады. Жайылып келе жатқан бос жылқы екен. Шетірек 
беттеп шыққан бір айғыр үйірі болу керек. Бақтығұлдың ендігі 
ісіне қараңғы түн, тынымсыз жаңбырдың септігі тиетін болды. 
Жылқыны үркітпеске тырысып, ақырын ғана қозғала бастады. 
Елеусізденіл,  боздың  жалына  таман  жабысып  еңкейіп  алып, 
жылқыға қарай жүрді.

10
Жылқы қатты шошынған жоқ. Азғана үркіңкіреп, бергі шеті 
әрі  қарай  бұрылып  жылжи  бастады.  Үйірінің  орта  шенінде 
жайылып  келе  жатқан  қалың  жалды  баран  айғыр  жерден  ба-
сын  жұлып  алып,  құлағын  Бақтығұл  келе  жатқан  жаққа  тіге 
қойып, елең етіп оқыранып жіберді. Бақтығұл қораға шапқалы 
келе жатқан қасқырдың құйрығын қысып, басын төмен салып, 
елеусізденіп  сөлпеңдеп  жүргені  сияқты  ақырын  ғана  қалғып 
келе  жатқан  жылқышының  суретін  көрсетпек  болды.  Ілбіп 
жүріп келіп, айғыр үйірінің ортасына кірді.
Басында көзіне көрінгеннің көбі ұсақ тай-байтал сияқтанды. 
Қараңғы түн қасына анықтап жақындап келгенше арық-семізін 
де  танытпайтын  болды:  әдейі  келіп  араласқан  соң  ұсағына 
кездескісі келмей, не де болса, үлкенін ұстамақ болып еді. Со-
нымен шеттегі жылқылардан өтіп, ортаға таман жақындағанда, 
қасынан  көлденең  жылыстаңқырап  өтіп  бара  жатқан  күзеулі 
үлкен  семіз  боз  биені  көрді.  Бұндайда  нағыз-ақ  еске  алатын 
төңкерілген семіз ту бие.
“Іздейтінім  осы”,  –  дегендей,  көп  ойланбастан,  “уақыт 
өтпесін”  деп  асыққандай  болып  атына  жабысқан  бойында 
қаршыға  тастайтын  адамша  қисайыңқырап  келіп,  боз  биенің 
мойнына қыл арқан бұғалықты тастап жіберді.
Бірақ ала жаздай мойнына құрық тиіп көрмей әрі асаусып 
қалған, әрі семіз ту бие осқырып қалып, ытқып кетті. Боз ат бұл 
қимылды күткендей иесі тақым қақпай-ақ, ілгері тез ғана жыл-
жи  түсті.  Ежелден  қашаған  қуғыш  ыңғайлылығымен  де  көп 
мақталушы  еді.  Осы  жерде  иесіне  бұл  сырын  анық  көрсетті. 
Әйтпесе  оқыстан  ытқып  тартқан  асау  ту  бие  Бақтығұлдан 
бұғалықты жұлып әкетуі мүмкін еді.
Бие көпке шейін тоқтамай, ырық бермей, бұғалық тартты. 
Бірақ  есін  жиып  сақтанып,  жіңішке  мойынға  дәлдеп  салып 
алған  Бақтығұл  енді  босатпайтын  болды.  Бие  өзге  жылқыға 
ығысып,  сүйретіңкіремек  болған  сайын  ұрының  қолындағы 
қыл бұғалық биені буындырып алды.
Аяғында  тура  тарта  алмай,  енді  әл  кетіп,  жан-жағына 
жалтақтап, тартқан болды. Бірақ босану оңай емес. Аздан соң 
мықты, әмірлі қолға еріксіз бағынып барып, үріккен пішінмен 
құлағын тігіп кекжиіп тоқтап тұрды. Бұл уақытта маңындағы 

11
көп жылқының кейбірі үріккендей кісінесіп, кейбірі таңданып, 
наразылық  керсеткендей  ішін  тартып  осқырып,  Бақтығұл 
мен боз биеден ығысып оқшау шығып кетіп еді. Оған Бақты-
ғұл  қараған  жоқ.  Үркіп,  сіресіп  тұрған  биеге  лық-лықтап 
жанасыңқырап  келіп,  ноқталап  алып,  қамшысының  ұшымен 
сауырсын  жағынан  сипай  ұрып  қалып,  қатарға  алып,  бұрыла 
берді.
Сол уақытта ғана көзі көрді. Қасына, қолмен ұстасатын жер-
ге бір еңгезердей үлкен жылқышы келіп қалыпты. Жылқышы 
сойылын көтермейді. Қарсы алдына тура келіп қалған. Дыбы-
сын  шығармайды.  Ұрының  түрін  көргенге  есі  шығып  қалған 
ба? Болмаса, бұны жылқышы дей ме? Екінің бірі.
Бақтығұл айғай шықпай тұрғанда тебініп жөнелмекші болып 
еді. Сол қимылын байқаған жылқышы әуелдегідей үндемеген, 
ұйқылы-ояу пәңгілікпен аттың шылбырынан ұстай алды.
Бақтығұлдың  халі  бір  мүйнет  ішінде  ойламаған  қауіпке 
ілінді.  Жаңағы  биенің  мойнына  салған  шалма  бұғалық  енді 
өзіне түскендей болды.
Бірақ  жылқышы  мұны  таңғалдырғандай  ерекше  көрінеді. 
Осындайды шолақ жүгірте ойлап қалып, жүрегі тіксініп қалса 
да, артынан тез есін жиып алып: “Бұл мені ұстаса да, өзі қорқып 
тұрған неме ғой”, – деп, атын тебініп жіберіп, тепсініп келіп: 
“Тарт қолыңды!” – деп, қатты зекіп, ақырып қалып, қолындағы 
қамшысымен  топшысынан  келтіре  қақ  бастан  жылқышыны 
тартып жіберді. Жылқышы аттан ұшып түсті. Жөпшенді жер-
де қорықпайтын мықты ұры мұндай жерлерде іркіліп-бөгелуді 
білмейтін тентектікке салып еді. Сонысы үлкен ем болды.
Жылқышы  құр  ғана  бойының  үлкендігі  болмаса,  өзге 
жолдастарының  арасында  бостығы,  қорқақтығымен  үнемі 
күлкі  болып  жүретін  адам  еді.  Көп  заманнан  Бүргендегі  бір 
байдың жылқысына шығып жүрсе де, ер қарасы болғаны бол-
маса, өмірінде бетпе-бет келіп ұрымен бір рет сойыл сілтесіп, 
салысып  көрген  емес-ті.  Мынаны  алғашқы  бетінде  ұры  ма, 
жылқышы  ма  деп  айыра  алмап  еді.  Артынан  айырса  да, 
жақындап, қоян-қолтық келіп қалған соң момындық, бостықпен 
шылбырынан ұстаған. Ала салып құрығымен ұрып жіберу ойы-
на да келмеген. Құрық тегінде кісіге жұмсап көрмеген қаруы 
болатын.

12
Ұры тепсініп келіп, қамшысымен салып қалғанда, ежелден 
бойға біткен бір жасқаншақтықпен өз ісін өзі тентек, өрескел 
жұмыс көргендей оп-оңай жасып қалып, шошып аттан құлады. 
Артынан  ұры  сытылып  жөнелгенде,  айқайлауға  болушы  еді. 
Бірақ  қолма-қол  жерден  айырылғанын  өзгелер  мазақ  ететінін 
ойлап,  ананың  қарасы  ұзаңқырағанша  сезбеген  кісі  болып, 
іркіліп тұрғанды мақұл көрді.
Бақтығұл  жап-жаңағы  алдына  келген  қауіпті  мүйнеті  енді 
құтылған еркіндік мүйнетімен ауысқанына әбден риза болып, 
тезірек қараңғы сайға түсіп, соны өрлеп қашып қарағай кіріп, 
адастырып кетпек болып, шаба жөнелді. Қараңғы түн, азғантай 
жерге ұзаса да, бұны жасырып қойнына тығып әкетуге дайын 
еді.
Бірақ  алғашқы  жылқышыдан  құтылып,  жетекпен  қашып 
шығып, шауып бара жатқан ұрыны жоғарғы жерде келе жатқан 
бір  жылқышы  көріп  қалыпты.  Ол  мынау  шаба  жөнелгеннен-
ақ  өкпе  тұсынан  қосылмақ  болып,  көлденеңдей  шауып:  “Әй, 
кімсің?” – деп, дауыстады да, жауап қайтпаған соң-ақ: “Аттан–
аттан!” деп, тау ішін жаңғырықтырып айғай салып жіберді.
Қалғып  келе  жатқан  жылқышылардың  оқыстан  шошып 
айғайлаған дауыстары тағы бірнеше жерден естілді. Бірақ аз-
дан  соң  бәрі  тегіс  дауысты  да,  бетті  де  түзеп  алып,  тау  ішін 
айғаймен жаңғырықтырып, тасыр-тұсыр шабуылдай бастады.
Тез шыққан ынтымақты айғайға қарағанда, жылқышы көп 
те, әзір ұйықтаған да жоқ екен. Көп жанның айғайы мен шабы-
сы қалың шың таудың ішін азан-қазан қылып, алысқа шырқап 
тарап жатты. Бүгінгідей қараңғы күз түні, ақ жауынды лайсаң 
мезгіл,  бір  жер  болмаса,  бір  жерден,  не  қылса  да,  осындай 
шошынған  жайын  айғай,  өрескел  шу,  дырдуды  шығаратын 
сияқты еді. Тыныштықпен жайылып жатқан жылқы айғайдан 
қатты шошынды. Жаз бойы елсіз-иесіз тауларда кісі айғайына 
көп бойұрмай, сонша көп естімей, тауешкі, арқардай жайынсып 
кеткен мал тегінде күндізгі айғайды да елірген қызумен үркіп 
елеуреп қарсы алушы еді. Қазіргі айғай жылқыны сатырлатып, 
үркітіп, бір беттегі нөпірді екінші бетке апарып қосты.
Ұсақтардың қалың көптің арасында қақтығып, кеп екпінімен 
ұшып, домалап жатқандары да болды. Ортасында бірен-сараны 

13
жығылған  топтары  арасына  жай  түскендей,  қайтадан  жарыла 
үркіп,  бұрынғыдан  жаман  шұрқырап,  кісінеп,  талқан  болып 
бүлінісіп жатты.
Бірақ    жылқышы  бұл  жайлардан  хабардар  болған  жоқ. 
Алдыңғы  айғай  шыққан  бетпен  құр  дырду-шуды  көбейтіп, 
дақпыртпен  шапқаны  болмаса,  ешкімді  оңайшылықпен  көре 
алмады  да,  ұрының,  алғашқы  айғайлаған  жылқышының  да 
көпке  шейін  қарасын  байқаған  жоқ.  Алдыңғылардан  адасып 
қалды.  Олардан  бір  рет  алғашқы  шыққан  бір  айғайдан  басқа 
екінші  белгі,  дыбыс  естілген  жоқ.  Көмекке  шақырған  тіл  де 
жоғалды. Тау іші, тұмсық айналса, адастырады. Сойылсалым 
жерге, ылдиға түссе, жердің жөнін білетін ұры көз жаздыруға 
жарайды. Тау ішінің ол сыры өздеріне де мәлім. Сондықтан бір-
екі түмсықты айнала шауып, арсалаңдасты да, аяғында дабыр-
ласып бірін-бірі тауып алып:
– Не болды? Уа, не болды, қызыңды?!... – десіп, бейпіл тіл 
мен былапыт сөздерді айтысып келіп, жай сұраса бастады.
Көрген  бар  ма?  Неден  шықты?  Аттанды  кім  салды?  – 
десе  бастады.  Бірақ  бәрі  де  сол  кезде  араларындағы  басшы 
жылқышының жоғын байқады. Алғашқы айқай да сонікі еді.
Көп  бөгелмей,  соның  алғашқы  айғайлаған  жеріне  таман 
шұбырысты. Ұйқылы күйде аттандатып, шапқызып, желіктіріп 
кеткен  уақиға  бұлардың  әлі  де  буын  басқан  жоқты.  Дамыл-
сыз дабырласып сөйлесіп, белгісіз себеппен аты-жөні белгісіз 
“қызың”,  –  деп  боқтай  жүріп,  басшы  жылқышы  Жаманайды 
іздестіре  бастады.  Оның  аса  шапқан  қия  бетіне  келді.  Быты-
рай жүріп дауыстап, Жаманайды шақырысты. Сол кезде етекте 
ыңырсыған дауыс естілді.
Алдыңғы  естігенде,  өзгелерді  тоқтатып  тұрып,  қайта 
тыңдағанда,  тағы  да  алғашқы  сияқты  қысылып,  ыңыранған 
жаралының  дауысы  келді.  Бері  де  қара  түнде,  қия  беттен 
әупірімдеп қапталдап, бірінің артынан бірі шұбап зорға дегенде 
етекке таман түсіп келді.
Қараңғыда ат көрінбейді. Ептеп түсіп келе жатып, бір кар-
нез тастың ернеуінде қарауытып, қозғалып жатқан қарайғанды 
керсетті.  Көлденең  жатқан  кісіге  ұқсайды.  Жақындағанда, 
аунақшып, қиналып, ыңырсыған дыбыс тағы естілді.

14
Бұлар Жаманайдың атын атап дыбыс берді. Бірақ бірқалып-
ты  ыңқылдан  басқа  жауап  ести  алмады.  Жатқан  жалғыз  кісі 
сияқты. Кім екені белгісіз.
Алдыңғы  жолдары  тік  тас  сияқтанып  қарауытып,  анық 
көрінбеген  соң  жылқышылардың  жарым-жартысы  аттан 
түсіп,  тастан  саптама  етіктері  тайғанаңқырап,  төмен  сырғып 
жүре бас тады. Жатқан кісінің қасына келгенде, сұрғылт түсті 
бөркінен Жаманай екенін білісті. Бұның басынан қан ағып, ай-
наласын былғап жатыр екен. Келіп, алғашқы рет бас жағынан 
ұстай алған жылқышы қолына жылы қан тигенде: “Мынаған не 
болған? Қанға боялып жатыр ғой!” – деді, өзге жолдастары да 
бұл хабардан сескеніп қалды. Ептеп ыңыранып, Жаманай есін 
жиюға айналған сияқтанды.
Болған уақиға мынау еді:
Қолында  жетегі  бар  ұры  алғашқы  жылқышыдан  сыты-
лып  қашып  шыққан  уақытта  Жаманай  мұның  жай  адам  емес 
екенін  сезіп,  “аттандап”  құрығын  ыңғайлап  алып,  төтелей 
шапқан. Ұры бұны көрсе де, төмен бұрылып кетпей, бұрынғы 
қиялаған  бетімен  дыбыс  бермей,  қамшылап,  қаша  берген. 
Төмен  тартпағаны  беттің  тіктігі,  тастылығын  ойлағандықтан 
болса керек. Ұры жер жадысын анық білетін жырындылығын 
істеген.  Бір  кісімен  кездесуге,  төтеден  келсе  де,  қашпайтын 
шыдамдылықты  сездірген.  Жаманай  жоғарыдан  бұған  қарай 
шауып  келіп,  ұзатпай-ақ  жоғарғы  жердей  көлденең  келіп 
қақтығып, айқасып қалған. Бірақ көлденеңдеп келе жатқан қос 
ат ылдиға қарай келе жатқан Жаманайдың атын қағып жығып 
кетуге болушы еді. Соны мезгілінде ойлай алмай, ерте сақтық 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал