Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 8.99 Kb.

бет6/21
Дата22.01.2017
өлшемі8.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
(түп қопарыла) 
қоныс аударуды үдерме деп атауын (1880 жылғы үдермеде жи-
ырма үй Сәлік-Сары... осы ағаштарды Іле Алатауына ала кел-
ген – 100), әмір беріп, ұрсып-жекіп жүретін адамды әкіреңбай 
неме (30) деп, әбден піскен жеміс-жидекті пісігі өтіп кеткен 
(72)  деп,  сол  сияқты  қойқаптағысы  қозу  (139),  күңей-күйрек 
болу (240) деген сияқты тіркестерін атауға болады.

71
Жеке сөздерді әңгімелеу үстінде орыс сөздерінің кейіпкер- 
лер аузында айтылған түрлеріне назар аударуға болады. Мұнда 
үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы оқиғалар 
суреттеледі  және  Ресейдің  империялық  әкімшілігі,  әкімдері 
заң-законы,  түрмесі,  мектебі,  ұлығы  мен  мұжығы  араласқан 
(қатысқан)  оқиғалар,  іс-қарекеттер  әңгіме  болады.  Демек, 
автордың баяндау тексінде де, кейіпкерлердің тілінде де орыс 
сөздерінің келуі орынды да заңды. Ол сөздер ресми атаулар да, 
тұрмыстық  сөздер  де  болып  келеді.  Автор,  әрине,  бұлардың 
басым көпшілігін бұл күнде өзіміз қолданып жүрген орысша 
тұлғасында  (мы салы,  комиссия,  пристав,  прокурор,  камера 
т.б.) жұмсайды. Ал кейіпкерлер оларды өз тілдеріне иіп, «сын-
дырып» айтады. Мысалы, Рысқұл піркөрер («Ана шегірткенің 
айғырындай  шіңкілдеген  піркөрердің  аузына  құм  құйылар 
еді» – 200) қатырғы («Ей, сот! Мен қатырғыға қатын, бала-
шағамды  бірге  ала  кетемін.  Оған  қалай  қарайсың?»    208), 
кәмесия  («Мына  кәмесияң  ең  басты  белгімді  таба  алмады»  – 
213),  нешауа  (211)  деп,  ал  Ахат  шал  Метрей,  Некәлай  пат-
ша  деп  орысша  есімдерді  «қазақшалайды»,  Таубай  старшын 
ұлыққа «спәсибә, спәсибә» дейді (99).
Бұның барлығы – дұрыс, көркем шығарма шарттарының бі- 
рін жазушы мүлтіксіз орындаған, Рысқұлдар мен Ахаттар орыс 
сөздерін қазіргіше айтып (дыбыстап) тұрған бол са, шындыққа 
жатпас  еді.  Сол  кезеңдегі  ауыл  қазақтарының  орыс  сөздерін 
айтудағы  үлгісін  көрсетуде  ғана  емес,  жалпы  кейіпкерлердің 
әрқайсысын өзінше сөйлетуге зер салған және шындықтан алы-
стамауды көздеген. Мысалы, Тау-Шілмембет аулының беделді 
ақсақалы  Ахат  қарт  қаншама  ақылгөй  болғанмен,  баяғының 
билерінше көсемсіп, шешенсіп сөйлемейді. Ал Рысқұл болса, 
ол  –  сөздің  емес,  қимыл-әрекеттің  адамы,  сондықтан  сөздері 
келте, айтары анық болып шығады.
Ақыр роман тілінің лексика-фразеологиялық бітімін сөз ет-
кен екенбіз, бұл орайда ерекше тоқталатын және бір сәтті тұсы 
бар.  Ол  –  жазушының  бейнелі  фразеологизмдер  мен  мақал-
мәтелдерді  едәуір  келтіруі  және  оларды  бұзбай,  мейлінше 
дұрыс  нұсқаларын  ұсынуы.  Біз  арнайы  сүзіп  шықпасақ  та, 
оқып  отырғанда  көзіміз  түскен  ондаған  мақал  мен  мәтелді, 
бейнелі  тіркестерді  теріп  алдық.  Бұлардың  ішінде  халық 
тілінде  әбден  кәнігі,  жиі  айтылатын:  «жетім  қозы  тас  бауыр, 

72
түңілер  де  отығар»  (16),  «бөлінгенді  бөрі  жейді»  (95),  «ұзын 
арқан, кең тұсау» (41), бұл фразеологизмнің дұрыс варианты 
– осы, ал кейбір авторлар мұны «ұзын арқау, кең тұсау» деп 
келтіреді, тегі, тұсау сөзіне ұйқастырып параллель құру үшін, 
алдыңғы  қанаттағы  арқан  сөзін  арқау  болуға  тиіс  деп  тапса 
керек, «бүлінгеннен бүлдіргі алма (216) (бұның бүлген елден 
бүлдіргі алма варианты да бар, сірә, ең дұрысы – осы болар, 
өйткені  бүлу  етістігі  –  «ойрандалу,  шабылу»  мағынасында 
қолданылатын  көне  сөз,  бүліну  сөзімен  түбірлес  болғанмен, 
бұлардың мағыналық реңктері ажыратылған), «түйені жел ай-
даса, ешкіні көктен ізде» (125) дегендерден бастап, «көжеден 
басқа асым жоқ, Құдайдан басқа досым жоқ» (27), «ойым ой-
ран, ақылым айран» (56, 70), «айдаған малы жүзге жетпеген, 
жүзге жетсе, күзге жетпеген» (135), «ағайының көп болса, адам 
тимес, көсеуің ұзын болса, қолың күймес (228), «жолың шы-
дыр, жолдасың қыдыр болсын» (292) т.б. сияқты аса жиі ай-
тылмайтын, бірақ мақал, мәтел, образды фразеологизмдердің 
барлық  шартына  сай  келген  қолданыстар  бар.  «Із  қалмайды, 
сөз  қалады»  (341),  «турап  жемесең,  етке  тоймайсың»  (69), 
«бай  баласы  байға  ұқсайды,  байланбаған  тайға  ұқсайды» 
(288), «тарғыл тас төсек, қара тас жастық болды» (12), «көктегі 
күннен  шылым  тұтатқандай»  (19),  «үрейден  үркек  тартқан 
ауыл»  (31)  тәрізді  қолданыстар  –  авторлық  дүниелер  болуы 
да  мүмкін,  бірақ  олар  да  жасалуы  мен  логикасы  жағынан 
халықтық  мақал-мәтелдерден  бөлектенбейді.  Әр  өңірдегі 
халықтың  күнкөріс  салтына,  әдет-ғұрпына,  көршілермен 
қарым-қатынасына  қарай  жергілікті  мақал-мәтелдер,  фразео-
логизмдер де болатынын ескерсек, «жеті күн жауған жауыннан 
желдіріп өткен су жақсы» деген сияқты мәтелдер егін егіп, оны 
дария, арықтардан суаратын тұрғындар тілінде бар болуы да 
мүмкін. Не халық қазынасынан алсын, не олардың моделімен 
өзі жасасын – қайткен күнде де бұл романда кездесетін баба 
сөздері мен дана сөздері шығарма тексіне тігісі жатық түскен, 
әрі  әсерлі,  әрі  орынды  тілдік-стильдік  құралдардың  біріне 
айналған.
Мақал-мәтелдерді,  дәстүрлі  фразеологизмдерді,  күрделі 
экспрессоидтерді  тұлғаларын  бұзбай,  дұрыс  қолдануда  Шер-
хан Мұртаза – үлгі тұтатын жазушы. Мұны әдейі атап отырған 

73
себебіміз – қазіргі көптеген прозаиктер, солардың ішінде аса 
танымал,  мықтылары  да  мақал-мәтелдерді  уәжсіз  (мотивсіз) 
өзгертіп  қолданатын  болып  кетті,  уәжсіз  дейтін  себебіміз  – 
олар  поэзияда,  өлеңнің  ұйқас,  ырғақ,  өлшем  сияқты  шарт-
тарына  орай  сәл  өзгертіліп  қолданылуы  мүмкін,  ал  мақал-
мәтелдердің атқаратын қызметі текстің мазмұндық-логикалық 
сүйегін  бекіту  болғандықтан  және  прозада  өлшем,  ұйқас 
сияқты  сыртқы  факторлар  орын  алмайтындықтан,  олардың 
тіл тәжірибесінде әбден орныққан, дәстүрлі, көптеген аймаққа 
ортақ  үлгілерін  өзгертпей  қолдану  қажет.  Өйткені  бұлар  – 
жалпыхалықтық қазына, ал ортақ қазынаны себепсіз бүлдіруге 
құқымыз жоқ. Жазушының тілді осылай сезінуі оның көркем 
әдебиет сияқты өнер иесі болуымен қатар, ұлттық, халықтық 
мүддені діттейтін ақыл иесі екенін де танытады.
Көркем  шығарманың  синтаксистік  бітімі,  бір  жағынан, 
оның  стильдік  сипатын  көрсететіні  мәлім.  Жоғарыда  айтыл- 
ды, романның жалпы тілдік стилі ықшамдық, икемділік прин- 
ципіне құрылғандықтан, синтаксистік құрылымдары, яғни аб-
зацтары (периодтары), сөйлемдері, сөйлем мүшелері жайылма 
емес,  ықшам  (қысқа)  болып  келеді.  Әрине,  мұнда  құрмалас 
сөйлемдер,  сөйлемнің  жа йылма  мүшелері  мүлде  жоқ  деген 
пікір тумасқа керек. Бұларсыз ешбір көркем шығарма тексінің 
болуы мүмкін емес, сондықтан бұл жердегі әңгіме жалпы си-
патына қатысты болмақ.
«Қызыл  жебенің»  синтаксисінде  жай  сөйлемдермен  баян- 
далған, суреттелген тұстар жиі кездеседі:
Сұрай-сұрай Мекені де табады дейді. Сол айтпақшы, Ахат 
пен Молдабек сұрай-сұрай Алматының абақтысын да тапты. 
Басқаны білмесе де, жұрт түрмені біледі екен. Әуелі Ахат пен 
Молдабек базарға барды. Ал базар – не сұрасаң да табылатын 
жер (53). Міне, мұндай құрылымды абзацтарды шығарманың 
өн бойынан жиі кездестіреміз.
Диалогтер де көбінесе келте-келте қайырылған:
–... Саған тай сатып әперемін.
Қызыл жебедей ме, көке?
– Иә, Қызыл жебедей, Тұрар.
– Қызыл жебені Саймасайлар сойғаны рас па, көке?
– Оны кім айтты?

74
– Иә, болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой.
– Жо, Тұрар, Қызыл жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де 
соймайды,
– Қайдам... (76).
Мұнда диалогті құрайтын кейіпкерлер сөздерінің келтелігі 
былай  тұрсын,  тіпті  авторлық  ремаркалар  да  жоқ.  Авторлық 
ремаркалар мен төл сөзді дәнекерлейтін деді, деп, деп айтты, 
деп  сұрады  сияқты  сөздерді  жазушы  мүмкіндігінше  кемде-
кем жұмсауға тырысады (әрине, тағы да мүлде жоқ деуге бол-
майды).  Бірнеше  кейіпкер  қатысқан  «ұжымдық»  диалогтер, 
өзге  шығармаларда  сияқты,  мұнда  да  авторлық  ремаркасыз 
құрылады:
– Әй, сен шық, сен шық, – деп жас келіншектер әзілдесіп, 
бірін-бірі итермелейді.
–  Қараң  қалсын,  төбемнен  төмен  қарап  алтын  құйса  да 
бармаймын! Өзің шық, өлігіңді көрейін!
–  Дүйім  халық  тұрмақ,  менің  тыр  жалаңаш  тәнімді  өз 
күйеуім де көрген емес, о несі!
– Сұмдық-ай! Мұны ойлап тапқан қайсысы?
– Байлық не істетпейді, бар не дегізбейді, жоқ не жегізбейді, 
есірді ғой...
Ендігі ермегіне осы қалыпты, – десіп күбір-күбір, сыбыр-
сыбыр гуледі (314).
Бұл  жерде  диалогтің  бірінші  және  соңғы  тізбектері  ғана 
авторлық  ремаркамен  келген,  ал  ортадағыларында  автор 
сөздері жоқ. Бұл тәртіп – тек Шерхан қаламына ғана тән емес, 
жалпыға ортақ норма. Сондықтан жазушы бірнеше кейіпкерді 
қатарластыра,  жарыстыра  сөйлеткенде,  өз  анықтамаларымен 
(ремаркамен)  сөз  қатарын  ауырлатпауға  тырысады,  өйткені 
мұндай  сәттерде  көп  кімнің  айтқаны,  неліктен  солай  деп 
айтқанын  білдіруде  емес.  Қай  кейіпкер  қай  сөзді  айтса  да, 
барлығының сөзі тұтасып, мағыналық-синтаксистік бір моно-
лит құрайды. Бұл да – абзац сияқты, синтаксистік тұтастық бо-
лып  танылатын  тәрізді  (бұл  құбылыс,  менің  әзірге  білуімше, 
бізде  әлі  зерттелмеген  тәрізді).  Синтаксистік  тұтастық  (син-
таксическое целое) категориясын танып-білу көркем шығарма- 
ның,  әсіресе  прозаның  үлгілерінің  тілдік-стильдік  табиғатын 
ашуға көмектесері сөзсіз. Бұл – синтаксис мамандарына айтып 
жатқан тілек-талабымыз.

75
«Қызыл  жебенің»  композициялық-стильдік  құрылымында 
екі  ұдайылық  (пландық)  ерекшелік  бар:  шығарманың  2-кіта- 
бының әр бөлімі кейіпкердің (Рысқұлдың) айтылмаған моно- 
логі, армандаған ойы, жіберілмеген хаты ретінде тырнақшаға 
алынған  үлкен  бір  (бірнеше  беттік)  монолог  түрінде  ұсын- 
ылған,  оны  өзгеше  шрифт  –  курсивпен  теріп,  текстің  бұл 
құрылымдық-компонентін (бөлігін) тайға таңба басқандай етіп 
берген. Бұл монологтар тек мазмұнымен емес, тілдік-стильдік 
бітімімен де ерекшелеу келеді: әрқайсысының «Оян, Тұрар!» 
деген  қайталама  анафорасынан  бастап,  көріктеудің  алуан 
көрінісіне тап боламыз. Мұнда айшықты эпитет, теңеулер де, 
астарлы  атаулар  да,  ұйқасты  параллельдер  де  бар.  Мысалы, 
Рысқұлдың  каторгіде  жүріп  баласы  Тұрарға  арнаған  сөзінен: 
Менің аласапыран өмірімнің тұтқасы, мені адам етіп сақтап 
жүрген  арманымның  алыстағы  шығарданы  –  ұлым  Тұрар! 
деген  бастамасының  өзінде  аласапыран  өмірдің  тұтқасы, 
арманның шығарданы сияқты перифрастық эпитеттер, тағдыр 
деген – төбет; жанымның сірілігі – сенің құдіретің; талабым 
тайды  жейтін  бөрідей  едім;  дүние  мен  үшін  –  бұраңдаған 
бір қисық жол дегендей метафоралар, қара сұр қорғасындай 
Байкал, даланың түсіндей кер құла ат тәрізді теңеулерді (430-
437), қымқа кигізбеспін, күреңді мінгізбеспін, бірақ бір арман... 
(430-437) сияқты жолдарды оқимыз.
Романдағы  жалпы  баяндалу  барысында  автор  Рысқұлды 
еш жерде бұлайша сөйлетпейді, ол шындыққа жатпас еді. Ал 
бұл  жердегі  Рысқұлдікі  дегенмен,  сөйлеп  (ойлап)  отырған  – 
Рысқұл  емес,  автор.  Себебі  бұл  «отау  бөліктер»  –  автордың 
лирикалық  шегіністері.  Олар  кейіпкерлердің  ойы,  хаты,  сөзі 
ретінде берілгенмен, сөз саптау – кейіпкердікі емес, автордікі. 
Сондықтан  мұнда  каторга,  тайға,  революционер,  Сибирь, 
Александр  деген  сөздерді  Рысқұлдың  тілімен  «сындырып» 
келтірмейді, бүгінгі жазушының өз тілімен орыс ша орфограм-
мамен (жазылуымен) береді.
Автордың «лирикалық шегініс» деп аталатын толғауын, ой-
пікірін берудің жолын жазушы өте әдемі тапқан деп ойлаймыз, 
бұл  жерде  жазушының  шығармашылық  шеберлігімен  қатар, 
фантазиясы да, лирикаға бара алатын құдіреті де байқалады.
«Тұрар  оқыған  өмір»  атты  қалың  кітаптың  бір  парағы 
–  «Қызыл  жебе  мен  Рысқұл»  туралы  романның  тіл  өрнегі, 

76
автордың даралық қолтаңбасы жайындағы азды-көпті таным-
түсінігімізді  әзірге  осымен  тәмамдап,  енді  әңгімелеріне 
келгендегі шеберлік кестесін сөз етсек. Әрине, барлық әңгімесі 
емес,  бір  ғана  жинақтағы  шағын  туындыларының  тілдік-
стильдік бітіміне көз салсақ...
Әңгіме  жанрындағы  көркемдіктің  тілдік  механизмі  ро-
маннан  өзгешелеу  келетіндігі,  оның  өз  заңдылықтары  (нор-
малары)  болатыны  аян.  Әңгіменің  тілдік-стильдік  үні  оның 
тақырыбына,  суреттелген  оқиғаның  (оқиғалардың)  мезгілі 
мен  мекеніне,  жазушының  осы  әңгімеде  ұсынған  идеясына, 
көздеген нысанасына байланысты әр алуан болып келетіндігі 
де мәлім.
«Жүрекке  әжім  түспейді»  жинағына  енген  әңгімелердің 
жартысынан  көбі  дерлік  бір  кезеңді  –  кешегі  өткен  сұрапыл 
Ұлы  Отан  соғысы  тұсындағы  адамдарды,  олардың  сол  шақ- 
тағы тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын жырлайды. Соңғы жыр-
лайды  деген  етістікті  әдейі  жазып  отырмыз.  Бұл  әңгімелер  – 
жай суреттеу емес, «пәлен болды, түген болды» деп бір нәрсе 
жайында  құр  баяндау  емес,  соғыс  кезінде  қазақ  аулында  күн 
кешкен жас балалар мен олардың аналары, апалары, кәрі ата-
лары, мүгедек болып келген ағалары туралы автордың жүрек 
сөзі,  жан  даусы,  прозамен  келген  поэзия  үзіктері  дер  едім. 
Өйткені  бұлардың  барлығында  автордың  айтпағы  –  Барыс-
хан  бала  мен  оның  анасы  –  Айшаның,  Хадиша  апасы  мен 
Аталық  атасының,  жалаң  аяқ  қалып  мектепке  бара  алмаған 
Ноян баланың, интернаттың нанының арқасында оқуын үзбей 
келе  жатқан  ауыл  балаларының  соғыс  кезіндегі  адам  төзгісіз 
ауыр тіршілігін көрсету ғана емес, сол күйбең тірлікті суреттей 
отырып, Барысхан мен Айшаның, Хадиша мен Аталықтардың 
жан  дүниесін,  рухани  әлеуетін  таныту  болса  керек.  Соғыс 
кезінің қазақ аулындағы ауыр халі – фон. Осы фон – қажырдың 
қайрағы.  Ол  қайрақ  Барысханды  да,  Ноян  баланы  да,  интер-
нат  нанын  талғау  етіп  жатқан  жеткіншектерді  де  қазақтың 
бүгінгі  ар-ұжданы  жоғары,  адал,  ақылды  атпал  азаматтары 
етіп қайрап шығарған. Бірақ мұны жазушы айтпайды, оқырман 
өзі осылай түйсінеді. Бұлайша түйсіндіру үшін жазушы ащы 
шындықты ешқандай әшекейсіз, тұспалсыз, ашық суреттейді. 
Әрбір көрініс, әрбір іс-әрекет өз атымен аталады, сөйлемдер де 
нақпа-нақ, қып-қысқа.

77
Ноян тау жаққа қарады. Тауға таяуда белуарына дейін қар 
түскен. Соны көріп, өзінің жалаң аяқ екенін тағы есіне алды. 
Ноян  әскердегі  ағасына  хат  жазып  қойған,  бірақ  қалтасында 
жүріп тозды. Хаттың соңында ағасынан бір бәтеңке ала келуін 
өтінген (21). Әрі қарай осылай баяндала береді. Сөйлемдерде 
бірде-бір әсем эпитет, күтпеген теңеу, астарлы метафора жоқ, 
өйткені дәл осы әңгімеде, Ноян баланың шынайы халін сурет-
теуге олардың қажеті жоқ.
Әңгімелердің  нақты  шындықты  суреттейтін  жалпы  стилі 
диалогтерді  беруде  де  көзге  түседі.  Мұнда  кейіпкерлер  күн- 
делікті тұрмыста өзара түсінісетін ауызекі сөйлеу машығынан 
жазбайды.  Сөйлеу  тілінде  эмоцияны  білдіретін  одағайлар, 
қаратпа сөздер жиі қолданылады.
– Ойбу, мына жаның шыққыр қайтеді, сонша әкесі өлгендей 
асыққаны  несі!...  Әй,  Жанар,  Жекен-ай,  аман  бол,  айналай- 
ын, айналайын, қарақтарым, әшейін, садағаң болайын, шырақ- 
тарым әшейін...
Бұл  –  пойызға  әрең  мінген  Хадишаның  өзін  шығарып 
салған қызы – Жанар мен күйеу баласы Жекенге айтқан сөзі, 
тұтасымен одағай, қаратпа, қыстырма сөздерден тұрады деуге 
болады. Нағыз ауызша тілдің үлгісі.
– Барысхан-ай, мына арамды ұрып жіберші, ө, өле қал-ғыр, 
ых, ых! – деп Арзы апам қара есектің қос өкпесінен тепкіледі 
(37). Арзы апасының аузынан шыққан бір ауыз сөзде қаратпа 
да, одағай да, қарғыс та бар.
Осы  жерде  бірден  тұжырымымызды  айта  кетсек,  Ш.Мұр- 
тазаның аталған жинақтағы әңгімелері жарты ғасыр бұрынғы 
қазақ  аулындағы  қарапайым  адамдардың  ауызекі  сөйлеу 
тілін  жақсы  көрсеткен  үлгілері  деп  танимыз.  Егер  біз  «ауыл 
тілі»,  «қала  тілі»  деп  сөйлеу  тілін  ажыратып  қарап,  айыр- 
машылықтарын  іздер  болсақ,  осы  әңгімелер  тіліне  үңілер 
едік. Оның үстіне жайшылықтағы сөйлеу тілі ғана емес, қиын 
күндердегі,  адамдардың  белгілі  бір  психологиялық  хал  кеш-
кен кездердегі ауызекі тіл үлгісін, сөз қолданыстарын байқар 
едік.  Мысалы,  мұндағы  ересек  кейіпкерлер,  «тумай  жатып 
әкесін  жалмаған  үш  жалмауызды  қалай  асырарын  білмей 
жаны  ышқынған  Айша  сияқты  әйелдің,  Хадиша  сияқты 
ерінен айырылған «1941 жылғы келіншектің» аузынан қарғыс, 

78
ренішті  сөз  дегендерің  будақ-будағымен  шығады:...  «Шала-
бай шіркін... – менің қайным ғой, қайын болмай қата қалғыр, 
қоржынды маған ұстатуға жарамады... (7). Бұл – Хадишаның 
сөзінен келтірілген мысалдар. Әрі қарай да ол Ақанай кемпірге: 
«ерніңе күйдіргі шыққыр, қараң қалғыр», – деп сөйлейді. Тіпті 
ол жүріп кеткен пойызға «мына жаның шыққыр қайтеді-ей!» 
деп  кіжінеді  (11).  Мұндай  жағымсыз  эмоцияны  білдіретін 
арнау  не  қарғыс  сөздер  (шешек  алғыр  Зуайда,  тауы  түскір, 
қараң  қалғыр,  жерге  кіргір  сияқты)  кейіпкерлердің  аузына 
салынғанда,  олардың  көңіл  күйі,  көзқарасы,  ықылас-ниеті 
жайында жазушы өз сөзімен баяндап жатпауды көздейді. Бұлар 
кейіпкер  портретін  (бейнесін)  жасайтын  құралдардың  біріне 
айналады.  Бұл  да  –  үнемдеу  принципінің  бір  шарты  болар. 
Айшаның аузына жиі ілінетін «тумай жатып әкесін жалмаған 
үш жалмауыз» – шындап келгенде, қарғыс та емес, жетімдерді 
асыраудың қамын ойлап, жаны қиналған кейіпкердің бейнесін 
жасайтын  тілдік  амал.  «Ұзақ  командировка»  деген  әңгімеде 
әке-шешесі ажырасып, әкесін көптен көрмеген баланың аузы-
нан  жүз  жыл  өтті,  жүз  жыл  бұрын  еді,  жүз  жыл  өтті 
ғой  деген  сөздер  жиі  шығады.  Осы  бір  ауыз  сөзбен  жазушы 
әкесін  күтетін,  оны  сағынған  баланың  образын  жасайды. 
Бала әкесін ұзақ командировкада жүр деп ойлайды, ол әкесін 
күтеді, ол әкесін өте сағынған деген сөздерді автор айтпайды 
бұл сөздердің қызметін баланың қайталай беретін жоғарғы бір 
ауыз сөзі атқарып тұр.
Ауызекі  сөйлеу  тілі  элементтерінің  өмір  шындығымен 
астарласып  жатқандығы  сондай,  мысалы,  соғыс  кезіндегі 
адамдардың  аузынан  шығатын  теңеулер  тікесінен  ұйықтап 
тұрған  тұтқындар  сияқты  (127)  (күнбағыстың  бастары  ту-
ралы),  жалғыз  шынар  –  әскері  түгел  тып-типыл  қырылған 
генералдай  состиып,  есеңгіреп  тұрған  (116),  қан  майданнан 
контузия болып қайтқандай безеріп қалсам керек (87) сияқты 
болып  келеді.  Қазіргі  ауыл  адамдарын  жазушы  дәл  осы лай 
сөйлетпес еді. Бұл теңеулер – соғыс кезіндегі үлкен-кішілердің 
танымы, көз алдына келген теңеулері.
Осындай шындықтың бір ұшы – сөйлеу тілінде қарапайым 
орыс  сөздерінің  араласуын  көрсетуге  барып  тірелген.  1940 
жылдардың  ішінде-ақ  ауыл  адамдары  тілінде  бірлі-жарым 

79
орысша  сөзді  қосып  сөйлеудің  басталғанын  білеміз.  Ал 
соғыстан  кейінгі  айталық,  60-70-жылдардағы  қазақтардың, 
әсіресе  өндіріске,  қала  тұрмысына  көше  бастағандардың 
тілінде  орыс  сөздері  оңды-солды  келтіріле  бергенін  жазушы 
«Жазғы демалыс» атты әңгімесінде жақсы көрсеткен. Метал-
лургия комбинаты тарландарының бірі, Социалистік Еңбек Ері 
–  Жоламанның  интеллигент  әйелі:  «Ужас!  Сен  де  сол  жын-
дыны  жақтап  тұрсың  ба?  Ой,  ужас,  что  за  дикость!»  –  деп 
сөйлейді  (175).  Оның  ауылдағы  қазақылау,  «мәдениетсіздеу» 
Аязбай досының өзі «так что, бізбен манаурап сөйлескеніңді 
қой» (178) деп қажетсіз жерде орысшалап жібереді.
Жазушы  Ш.Мұртаза  тек  қазақ  кейіпкерлердің  сөйлеу  ма- 
шығын  ғана  емес,  қырғыз,  орыс  кейіпкерлердің  қазақша 
сөйлегенде, сөздері қалай шығатын үлгісін береді. «Ақсай мен 
Көксай» әңгімесінде Барысханның қырғыз атасының аузынан 
«қоқи,  қағылайын»  деген  қырғыз  сөздері  шықса,  орыс  фото-
граф: «Мен ойлаған сеники бала», «Сеники бай екеу түскен су-
рет бар!», «Сен өзиндики сурет әкел» (130,131) деп қазақша 
сөйлейді. Мұның барлығын жазушы бір ғана мақсатты көздеп 
келтірген,  ол  –  көркем  шығармада  шындық  картинасының 
нышанын беру. Көркем туынды – фотосурет емес, сондықтан 
онда  өмірдегі  барша  жүріс-тұрысты,  сөз-лебізді  бұлжытпай, 
сол күйінде беру – шарт емес. Осы себептер жазушының ауыл 
адамдарының, ал жинақтағы кейінгі әңгімелердің біразы осы 
күнгі қазақ зиялыларының сөйлесу үрдісін штрихпен көрсету 
– шеберлік деп табамыз.
Әңгімелердің  синтаксистік  құрылымынакел сек,  жоғарыда 
айттық, сөйлемдер көбінесе жай немесе екі компоненті (сөй- 
лемді)  құрмалас  түрінде  берілген.  Бірнеше  жолға  кететін  аса 
күрделі түзілістер бұларда жоқ. Құрмалас сөйлем компонент- 
терін  жалғастырып  тұратын  шылауларды  түсіріп  қолдану  –  
новеллашы Шерхан қолтаңбасының бір белгісі. Бұл белгі біз 
талдап отырған әңгімелерінде де орын алған:
Хадиша  Мақсұтты  қолынан  ұстап  төрге  алып  шықпақ 
болып,  ілгері  аттайын  деп  еді,  –  орнынан  қозғала  алмады 
(6).  Мұнда  сызықша  тұрған  жерде  бірақ  деген  шылау  келуі 
керек  еді,  жазушы  оны  керек  етпеген.  Келесі  мысал:  «Қолы-
ма  көшіп  кел,  жалғыздан-жалғыз  қайтып  отырасың»  деп 

80
мың  айтып  жалынды,  –  бармадым.  Мақсұттың  үйінің  түтіні 
өшпесін, –- отырамын осында, – дедім (6). Сөйлем ортасында 
тұрған алғашқы сызықша бірақ, сонда да деген шы ларлардың, 
келесісі  сондықтан  деген  шылаудың  орнын  көрсетіп  тұр. 
Бұл да – сөйлеу тілінің көрінісі. Жалғаулық дегендер – жазба 
тілдің, «тәртіпке түскен» текстің үлесі, ал сөйлеу тілі неғұрлым 
үнемді, ықшам болуды көздейді, сондықтан түсіріледі.
Сөйлеу  тілінде  осыған  қарама-қарсы  көрініс  те  бола ды. 
Мысалы,  бір  сөзді  қайталай  беру  –  айтпақ  ойына  назар  ау-
дартуды,  ол  ойдың  әрбір  бөлігінің  өзінше  мәні  зор  екенін 
көрсетіп,  нақпа-нақтау  мақсатын  көздейді.  Мыса лы,  Хадиша 
түсінде бұдан 30 жыл бұрын соғыста қаза тапқан жолдасына 
тіл қатқанда, Шалабай қайнысы туралы шағынады.
– Әй, шырақ, – дедім Шалабайға, – әруақ атып кетпесін, – 
дедім. – Егер Мақсұт болса, мен кіммін? Хади ша болар едім, 
алдымнан көлденең жүрмес едің, сен шірік, – дедім. Мақсұт 
жоқ болған соң, мен сияқты жетім кемпірді елемейсің, – дедім. 
– Аруақ атқыр болмасаң, анау Ақшай кім, мен кім? – дедім. – 
Жөн білмейтін қандай көргенсіз едің, – дедім (7). 
Бұл жердегі 6 рет қайталаған дедім сөзі – Хадиша айтқан әр 
ойының мәнін айқындап тұрған суайрық (әлде жолайрық па!) 
әрі сол әрбір ойды салмақтап тұрған «кірдің тасы». Дедім сөзі 
әңгіменің аяғына дейін осы қызметте тағы талай келеді.
Әңгімелердің композициялық құрылымында пәлендей көз- 
ге  ұрып  тұрған  ерекшеліктер  жоқ.  Олардың  көбі  –  5-10  бет- 
тік қысқа-қысқа әңгімелер, тіпті көбі новеллалар. Бірақ соның 
өзінде  сюжеттік  бөліктерге  бөлінген.  Мысалы,  «41  жылғы 
келіншек»  әңгімесінің  алғашқы  төрт  беті  –  Хадишаның  түсі, 
келесі  жарты  бет  –  автордың  баяндауы.  «Бір  нәзік  сәуле»  – 
он-ақ  беттік  әңгіме,  соған  қарамастан  үш  «тарауға»,  яғни 
сюжеттік  бөлікке  бөлінген:  алғашқысында  Хадиша  пойызға 
мінген  соң  жолсерік  қызбен  танысады,  екіншісінде  қыздың 
жай-жапсарын: детдомда өскенін, шешесін жоғалтқанын, бірақ 
дамылсыз іздеп жүргенін біледі, үшіншісінде «Өжетке» келіп 
қызы  жоғалған  Зуайда  кемпірге  Валя  қызды  көрістіріп,  ана-
сы мен қызын табыстырмақ әрекеті суреттеледі. Әр бөлімнің 
сюжеттік желісі толық, оқиғаның басталуы, дамуы, аяқталуы 
дегендей.  Әрине,  бұл  бөліктерге  ат  қойылмайды,  тіпті  циф-
рмен де ажыратылмайды. 

81
Әр бөлімі цифрмен көрсетілген ұзақтау әңгімесі – «Ақсай 
мен Көксай». Мұнда әр бөліктің өз оқиғасы бар, бір қарағанда 
таза оқиғаларға құрылған күнделікті қу тіршіліктің бір суретін 
көз  алдымызға  жайып  салған  шағын  әңгіме  болып  көрінген- 
мен, оқи келе, автордың айтпағы – кейіпкерлерінің іс-қарекет-
терін  баяндау  емес,  бастарына  қиын-қыстау  шақ  түскенде 
бір-біріне  деген  қарым-қатысын  көрсету  екенін  байқаймыз. 
Адамдар арасындағы ізгі көңіл мен арам ниеттерді (Бадырақ 
көздің  қылығы),  жақсы  мен  жаман  іс-қарекеттерді  жа зушы 
үш бөлікте бас-аяғы бүгін әңгіме етіп ұсынады. Баян дау стилі 
әдеттегідей: әсіреқызыл сөзсіз, артық авторлық пайымдаулар-
сыз, қып-қысқа, мағыналары мейлінше түсінікті сөйлемдермен 
келеді.  Әкесіз,  тіреусіз  өсіп  келе  жатқан  Барысханның  «Ме-
детхан бауырын» көргісі келетіні де, сол Медетханнан үлкен 
адамгершілік,  тіпті  жас  жігітке  қажет  батылдық,  батырлық 
іздейтінін  де  жазушы  әңгіме  соңындағы  «осы  Медетхан 
емес  пе  екен?»  деген  де  ой  келді»  деген  сөйлеммен  аяқтауы 
арқылы  білдіреді.  Бұдан  осы  туындының  оқиғалы  шығарма 
емес, философиялық-психологиялық ой-түйінмен келген, адам 
жанының  сұранысын  баяндаған  әңгіме  екенін  көреміз.  Тіл 
мен  стилі  өзінің  қарапайымдылығымен,  анықтығымен,  шын- 
шылдығымен мазмұн мен түрдің сәйкес келуін жүзеге асырып 
тұр.
Әңгімелердің  сөздік-фразеологиялық  саласында  да  жал-
пы  ұлттық  әдеби  тіл  мен  көркем  әдебиет  тілі  нормаларынан 
ауытқитын  немесе  ерекшеленетін  қолданыстар  жоқ.  Әңгіме- 
лер белгілі бір өңір тұрғындарының көбі соғыс жылдарында- 
ғы,  үш-төртеуі  кейінгі  кезеңдердегі  ауыл-қала  адамдарының 
өмірінен  жазылғанымен,  оларды  «өздерінше»  сөйлеткенімен, 
жазушы  жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  қоса  көрсетіп  отыру-
ды  өзіне  міндет  етпеген,  керісінше,  сөйлеу  тілінің  барлық 
өңірге  де  тән  элементтерін  келтіруден  қашпаған.  Қыз  байға 
қашып кеткен, қызы төркініне түсе келіпті, алжыған басым, 
Ақшай кемпірдің бүгінде мұрнына есекқұрт түседі, Шалабай 
шіркін, Шалабайы түскір, Зуайда байғұс, қызталақ (Аталық 
шалдың  үйреншікті  сөзі)  тәрізді  көбі  қарапайым  сөз  болып 
келген  қолданыстардың  біразын  табамыз.  Кейіпкерлердің 
диалогтерінен  тіпті  ауыл  адамдарының  тіліне  енді  араласа 

82
бастаған пастойровнай он шақырым, біригат-ау тәрізді орыс 
сөздері  де  көркем  әдебиет  стилінің  нормасын  бұзып  тұрған 
жоқ.
Ал жоғарыда «Қызыл жебеде» кездескен дуайбат (кей жер-
де  дуайпат  түрінде  де  жазылған),  пісігі  өтіп  кеткен,  бұғат 
сияқты 4-5 сөз әңгімелер текстерінде де бар.
Бейнелі  фразеологизмдер  де  аса  көп  емес.  Әңгіме  бо-
лып  отырған  кезге,  ситуацияға  қарай  жасалған  «бір  аяғың  – 
немісте, бір аяғың – кебісте» (бір аяғынан соғыста айырылып 
келген  адамға  қарата  айтылған)  сияқты  ауыл  адамдарының 
тапқыр сөзі, қазақтың кәнігі образынан алынған «түр әлпеті 
алшы  асықтың  сақа  тиіп  құлағанындай»  (Ақшай  кемпірдің 
сөз таласында жеңіліп қалғанын суреттегенінде), «аш қасқыр 
жеп кеткен есектің қабырғасындай ырсиып-ырсиып жайрап 
жатты» (ағашы қырқылған орман тура лы), «көдедей көп әйел», 
«кішігірім самаурындай қызылша» тәрізді бейнелі теңеулерді 
әңгіме текстеріндегі «әдемі сөздердің» қатарына қосуға болар. 
Бұлардың ішінде тіпті аяғыңа аш ішегіңтобығыңа тоқ ішегің 
оралсын!», «тумай жатып әкесін жалмаған үш жалмауыз», 
«кітапта  басың  қалғыр!»  сияқты  «жаңа  қарғыстар»  да  бар. 
Бұлардың қай-қайсысы да шығарма текстерінің тігісіне жатық 
түсіп, кейіпкерлер сөзіне шынайы сипат беріп тұр.
Міне, Шерхан Мұртазаның көркем әдебиеттің «әңгімелер» 
деп  аталатын  жанрындағы  тілі  мен  стилі  жайында  айтылмақ 
көп әңгіменің бір үзігі – осындай.
Біздің бұл жұмыста көздегеніміз – көркем шығармалардың 
тіліне  лингвистикалық  стилистика  талаптары  бойынша  тал-
дау  жасау  болғандықтан,  рецензияларға  тән  кемшіліктерін 
көрсетуді діттемедік. Әрине, тілдік-стильдік талап тұрғысынан 
алғанда, нормадан ауытқушылықтар көрініп тұрса, оны айтқан 
болар едік, ал жеке сөздерге, сөйлемдерге қатысты байқалған 
«азын-аулақ»  кемшіндерді  теріп  көрсетуді  міндетіміз  деп 
санамадық.
Әңгімеші новеллашы және романшы-эпик жазушы – Шер-
хан Мұртазаның белгілі бір шығармалары тілінде көрінген «ав-
тор бейнесі», яғни тілдік-стильдік, көркемдік көрінісі – осын-
дай.

83

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал