Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 8.99 Kb.

бет1/21
Дата22.01.2017
өлшемі8.99 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

УДК 80/81
ББК 81.2
С 94 
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
аясында шығарылды
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Жауапты  шығарушы:  (2014):  филология  ғылымдарының  докторы 
О.Жұбаева
 
Сыздықова Рәбиға
С94  Сөз құдіреті. Көптомдық шығармалар жинағы. /Рәбиға Сыздықова. / – 
Алматы: «Ел-шежіре», 2014. 
ISBN 978-601-7317-88-1
Т. 6: – 296 бет.
ISBN 978-601-7317-94-2
Көркем әдебиеттің, оның ішінде прозалық шығармалардың қазіргі 
қазақ әдеби тілінің кемелденіп, дамуы барысында ерекше рөл атқарып 
келе  жатқаны  мәлім.  Сондықтан  бүгінгі  білім-ғылымымыз  көздейтін 
мақсаттың  бірі  –  қазақ  прозасы  тілінің  көркемдік-эстетикалық  белгі-
сипаттарын танып-таныту болса, екінші бір мұраты – оның әдеби тіл 
нормаларын  тұрақтандырып,  сөз  мәдениетін  көтерудегі  қызметін  де 
зерттеп-зерделеу болып табылады.
Бұл  талап  осы  кітапта  М.Әуезов,  Т.Ахтанов,  Ш.Мұртаза, 
Ә.Кекілбаев,  С.Бердіқұлов,  М.Мағауин,  О.Бөкеев,  А.Сүлейменов, 
Қ.Жұмаділов, К.Сегізбайұлы сияқты қазақтың көркем сөзінің құдіретін 
әр  қырынан  танытқан  қаламгерлердің  тілін  талдау  арқылы  ішінара 
жүзеге асырылды.
Кітап  университеттердің  филология  және  журналистика  факуль- 
теттерінің  оқытушылары  мен  студенттеріне  оқу  құралы  ретінде 
ұсынылады және жас жазушылар мен мұғалімдерге, сондай-ақ қазақ 
сөзінің әсемдігін танып білгісі келетін қалың оқырман жұртшылыққа 
арналады.
УДК 80/81
ББК 81.2
ISBN 978-601-7317-94-2 (Т.6)                                    © Сыздықова Р., 2014
ISBN 978-601-7317-88-1                                             © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014

3
АЛҒЫ СӨЗ
Осы  кітаптың  «Сөз  құдіреті»  деген  атауының  екі  құрамы 
да астарлы: бұл жердегі «сөз» дегеніміз «тілдің ең кішкентай 
кірпіші» – «жеке сөз» деген мағынада емес, «тілдің қолданы- 
сы»,  яғни  «көркем  әдебиеттегі  тілдің  көрінісі»  деген  ұғымда 
жұмсалып,  ал  «құдірет»  сөзі  «құпия,  тылсым»  деген  таным-
да  емес,  адамға ететін  әсер,  «қолданыстағы  тілдің  көркемдік 
қуаты, күші» деген мәнде келіп тұр. Демек, сөз құдіретін таны- 
ту  дегеніміз  –  жазушы  тілінің  көркемдігін,  сол  көркемдікті 
жүзеге асырып тұрған тілдік құралдар мен тәсілдерді көрсету 
болып  шығады.  Бұған  жазушының  сөз  қазынасын  молынан,  
дәл  пайдалануы  немесе  оларды  көріктеу  құралы  ретінде 
жұмсауы я болмаса сөз қиыстыру (синтаксистік) амалдарын- 
дағы шеберлігі, өзіндігі, жаңалығы дегендер де жатады. Проза- 
шының  тілін  тануда  көркем  шығарманың  тілдік композиция-
сын құрайтын тұтастықтарды: автор сөзі мен кейіпкер сөзі, қос 
үнді сөз дегендерді қарастыру – өте қажет тақырыптар болмақ.
Әрине,  көркем  сөздің  жұмсалар  тұсы  әр  алуан.  Көркем 
әдебиетке поэзиялық туындылар да, прозаның шағын әңгімеден 
бастап роман-эпопеяларға дейінгі түрлері де, көркем көсемсөз 
де,  драмалық  шығармалар  да  жататыны  белгілі.  Бұлардың 
әрқайсысының  тілін  талдап-таныту,  зерттеп-зерделеудің  өз 
ерекшеліктері осы кітаптың 2-бөлімінде түстеп, түгенделеді.
Бұл  еңбекте  біз  қазақ  көркем  сөзінің  тек  прозалық 
түрлерінің «сөз құдіретін» әңгіме арқауы етпекпіз және талда-
улар мен түйіндерімізді белгілі бір қалыпқа салынған, жүйелі 
түрдегі  оқу  бағдарламасы  бойынша  жүргізілген  талдаулар 
түрінде емес, өзіміз қалаған тақырыптарды, өзіміз ден қойған 
шығармаларды  ғана  әңгімелейтін  «еркін  ізденістер»  түрінде 
ұсынамыз.

4
Әрине,  бұл  талдауларымыз  таза  субъективті,  бейберекет 
сипаттан аулақ. Егер мұнда көркем әдебиеттің тілдік-стильдік 
қырларын түгел қамтымай, бірқатарына ғана назар аударсақ не-
месе ана жазушылардың емес, мына жазушылардың туынды- 
ларын талдау объектісі еткен болсақ, әңгіме бұлардың өзгелер- 
ден  шоқтығы  биік  не  аласалығында  емес,  артық-кемдігінде 
емес,  олардың  қазақ  прозасы  тілінің  көркемдік  дәрежесін 
көрсету  үшін  осы  ізденісте  таңдаған  тақырыптарымызды 
тарқатып әңгімелеуге сай түскен шығармалар мен олардың ав-
торлары екендігінде.
Атап  айтқанда,  талдауымыз  бен  танымымызды  Мұхтар 
Әуезовтің 20-жылдардағы әңгіме-повестері тілінен бастадық. 
Бүгінде дүниежүзілік әдебиеттің қатарында тұрып, өзгелермен 
терезе теңестірген қазақ көркем прозасы тілінің диахрондық-
синхрондық  даму  өрісін,  яғни  бастауы  мен  бүгінгі  барысын 
сөз  етер  болсақ,  Бейімбет  Майлин,  Мұхтар  Әуезов,  Жүсіп- 
бек  Аймауытовтардың  өткен  ғасырдың  алғашқы  онжылдық- 
тарындағы қалам тартыстарына соқпай өту мүмкін емес.
Қазақтың  бүгінгі  классикалық,  яғни  ең  озық  әдебиеттер 
деңгейіне  көтерілген  прозасының  бастауында  тұрған  бұл 
алыптардың  тілдік-көркемдік  әлемін  жеке-жеке,  бір  емес, 
бірнеше  монографиялық  жұмыс  етіп  зерттеу  қажеттігі  дау-
сыз. Ішінара зерттеліп те жүр, зерттелмек ниеттер де бар. Біз 
бұл кітапта осы көшбастаушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтің 
алғашқы әңгімелерінің тілін тануға әрекеттендік.
Әрі  қарай  біздің  зерттеу  нысандарымызға  (тақырыптары- 
мызға)  Шерхан  Мұртаза,  Әбіш  Кекілбаев,  Мұхтар  Мағауин, 
Сейдахмет  Бердіқұлов,  Оралхан  Бөкеев,  Асқар  Сүлейменов, 
Тахауи  Ахтанов,  Қабдеш  Жұмаділов,  Кәдірбек  Сегізбайұлы 
сияқты  бүгінде  қалың  жұртшылыққа,  әлемдік  көркем 
әдебиет  дүниесіне  жақсы  танымал,  қазақ  көркем  сөзінің  қас 
шеберлерінің туындылары сай келді. Әрине, тек бұл жазушы-
лар  емес,  өзгелердің  де  көркем  тіл  кестесіндегі  өз  тігістерін, 
әсем  айшықтарын,  шеберлік  үлгілерін  жеке-жеке  де,  белгілі 
ғылыми  тақырып  өрісінде  де  кеңінен  әңгімелеу  қажеттігін 
де  айтамыз.  Әсіресе  өзіміз  шығармаларын  оқып,  тілдерінің 
көркемдік-стильдік  тұстарына  көңіл  аударып,  материалдар 

5
жиып жүрген белгілі қалам иелері – С.Шаймерденов, Ә.Нұр- 
пейісов, Ә.Нұршайықов, С.Жүнісов, Қ.Ысқақов, Д.Досжанов, 
Д.Исабеков, М.Ысқақбаев, Б.Нұржекеев, С.Мұратбеков, Т.Нұр- 
мағамбетов, М.Қабанбаев, Т.Жұртбаев сияқты сөз зергерлері- 
нің тілін лингвистикалық стилистика деп аталатын ғылым 
саласының  талабына  сай  зерделеп,  таныту  –  білім-ғылымы- 
мыздың кезектегі игі істерінің бірі болуға тиіс деп санаймыз.
Кітап екі бөлімнен тұрады: алғашқысы – жоғарыда аталған 
қалам  иелерінің  белгілі  бір  (түгел  емес)  шығармаларының 
тілдік-стильдік  бітімін  сипаттауға,  соңғысы  –  қазақ  тіліндегі 
көркем  әдебиет  стилі,  оның  тілін  зерттеу  мәселелеріне  арна-
лады.
Көркем  туындының  тілін  лингвистикалық  стилистика 
тұрғысынан талдау дегеніміз – тілдің жеке бірліктерін (един- 
ицаларын)  түгендеп  атау  емес,  сол  бірліктердің,  айталық, 
сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің қолданысын, қолданыс- 
тағы  көрінісін  зерттеу  болмақ.  Нақтылай  айтсақ,  өлең  жазу- 
шының  пәлен  деген  шығармасында  мынадай-  мынадай  көне 
сөздер бар, мынадай жергілікті сөзді қолданыпты, мына тәрізді 
этнографизмдер  (ұлттық  тұрмыс-салтқа  қатысты  сөздер), 
қарапайым сөздер, дөрекі тұлғалар бар деп теріп алып, жалаң 
көрсете  салу  –  көркем  тілді  зерттеушінің  шаруасы  емес,  сол 
сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп тұр, солар арқылы 
жазушы нені, қалай суреттеп тұрғанын таныту керек.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мұраты – тілдің өзін 
емес,  оның  мүмкіншілігін  көрсету.  Тілдің  бірліктері,  мыса-
лы, сөз қолданыста екі қырлы болады, ол негізгі лексикалық 
мағынасымен қатар қосымша жасырын мағына мен эмоцияға 
немесе  «подтекст»  дегенге  (астарлы  мағынаға)  ие  бола-
ды,  сондай-ақ  тілдің  экспрессивтік  қызметі  тек  қолданыста 
көрінеді. Міне, осылардың баршасын біз осы кітаптың бірінші 
бөлімінде сөз еттік.
Ал  көркем  әдебиет  тілінің  ұлттық  мәдениетімізде  алатын 
орны,  оның  қолданылу  заңдылықтары  (нормалары),  бүгінгі 
күй-қалпы деген мәселелер алдыңғы талдауларымыздың аста-
рын ашуға, жүйесін саралауға алып барады.
Көркем әдебиет қазақ әдеби тілінің қалыптасып, даму ба-
рысында  басты  рөл  атқарып  келгені  мәлім.  Бұл  күнде  де 

6
қоғамдық-публицистикалық,  ғылыми  стильдермен  қатар, 
әдеби  тілдің  жетіле  түсу  үрдісінде,  яғни  қазақ  әдеби  тілінің 
дәстүрлі нормаларын тұрақтандыруда, жаңаларын белгілеуде, 
соны  сипаттарға  ие  болуда,  қысқасы,  әдеби  тіліміздің  сапа- 
лық  дамуын  ұйымдастыруда  көркем  әдебиет  негізгі  ұйытқы, 
үлгі болып отыр. Ол көптеген өзгерістер мен сонылықтардың 
әрі сынақ алаңы, әрі қоймасына айналды. Сондықтан көркем 
шығармалардың  тілін  тек  жоғарыдағыдай  лингвистикалық 
стилистика  тұрғысынан  ғана  емес,  әдеби  тіл  нормаларын 
сұрыптау,  тұрақтандыру,  сөз  мәдениетін  көтеру  тұрғысынан  
да  зерттеу  қажеттігі  туады.  Соңғы  мақсатта  жүргізілетін 
ғылыми  ізденістер  қазақ  тілінің  ұлттық  көркем  нормаларын 
айқындау,  ерекшеліктерін  таныту,  әдеби  стандарт  пен  нор-
малардан  ауытқу  құбылыстарының  сырын  ашып,  табиғатын, 
дұрыс-бұрысын  көрсету  сияқты  тың  ғылыми-теориялық 
мазмұнды жұмыстарды ұсынуға мәжбүр етеді.
Оның үстіне көркем әдебиеттің қызу қарқында өтіп жатқан 
жанды үрдісінде оның қазақ әдеби тілінің қазіргі кезеңіндегі 
дамуына  жақсы  әсер  етіп  отырған  жағымды  жақтарымен 
қатар,  тілдік-эстетикалық  талғам  шарттарына  сай  келмейтін 
жағымсыз  сәттерін  көрсетіп,  оны  түзейтін  ғылыми  негізді 
ұсыныстар жасау қажеттігі де даусыз. Бұл – қазіргі кезеңдегі 
қазақ  тіл  біліміне  қойылып  отырған  басты  талаптардан  та-
былады.  Демек,  көркем  әдеби  тілді  синхронды-нормативті 
тұрғыдан зерттеу – бүгінгі қазақ тіл білімінің әрі практикалық, 
әрі  теориялық  мәні  зор  өзекті  проблемаларының  бірі  болып 
саналмақ.
Бұл  жұмыстағы  қазіргі  көркем  проза  мәтіндерінен  жин- 
алған  нақты  материалдардың  негізінде  қазақтың  ұлттық 
көркем  тілінің  нормаларын  айқындау;  оның  қалыптасуы  мен 
дамуының және қазіргі күй-қалпын көрсету; ұлттық стильдік 
нормалардың  қалыптасуындағы  көркем  әдебиеттің  рөлі 
мен  орнын  көрсету;  көркем  әдебиет  арқылы  қазақ  әдеби  тілі 
лексикасының  нормалану  үрдісін  таныту  мақсаты  екінші 
бөлімде  көзделді.  Аталған  үрдісте  жүзеге  асатын  сөз  таңдау 
ұстанымдары анықталды; бір жағынан, жалпы әдеби тіл нор-
масынан, екінші жағынан, көркем тіл заңдылықтарынан уәжді-
уәжсіз ауытқу құбылыстары талданды; жұмыстың өн бойында 

7
сөз болатын негізгі тақырып лексика-фразеология саласындағы 
әдеби стандарт пен одан ауытқушылық құбылысын талдап та-
ныту болды.
Қысқасы, бұл еңбектің бірінші бөлімі көркем сөз дүниесін 
әр қырынан білгісі келгендер, олардың ішінде ақын-жазушы, 
журналистер,  әдебиет  пен  тілден  сабақ  берушілер  ынтасын 
оятса, қызығып оқытса, ал екінші бөлімі сөз әлемінің көркем- 
дігін  тануға  қажет  ғылыми-теориялық  негіздерді  дәлелдей- 
тін  фактілердің  қазақ  көркем  дүниесіндегі  көрінісін  білгісі 
келген  зерттеуші-ғалымдар,  ұстаз-оқытушылар,  студенттер, 
мектеп оқушыларына мағлұмат берсе – алға қойған мақсаты- 
мыздың орындалып, біраз жылдық тірнектей жинаған ізденіс- 
теріміздің, тер төккен еңбегіміздің ақталғаны.
Сөйтіп,  бұл  кітап  тіл  білімінің  «лингвистикалық  сти-
листика»  деп  аталатын  саласына  арналады.  Бұл  сала  көркем 
әдебиетті тілдік-стильдік қырынан кең түрде зерттеуді бүгінгі 
күн тәртібіне қойып отыр.
Бұл  күнде  қазақтың  көркем  әдебиеті  халықтың  рухани- 
эстетикалық  қажетін  толығынан  өтеп,  ұлттық  ұйымдасты- 
рушылық  қызметін  атқарып  келеді.  Сондықтан  оның  тілін 
зерттеу – бүгінгі мәдени дүниеміздің қажеттілігі. Оның үстіне 
қазіргі кезенде қазақ тілі мемлекеттік статусқа ие болып, оның 
жан-жақты дамуына, қоғамға кеңінен қызмет етуіне біраз ша-
ралар  мүмкіндігінше  істеліп  жатыр  не  істелмек  нышандары 
бар. Осындай бүкілхалықтық, мемлекеттік үлкен істің бір ар-
насы – қазақ тілінің функционалдық стильдерінің, оның ішінде 
көркем әдеби стилінің тілін көпшілік қауымға таныту арқылы 
ана тілімізді уағыздау, оның көркемдік-әсемдік қасиетін дамы-
ту, тілді дұрыс және әдемі жұмсауға тәрбиелеу болмақ.
Осы мақсаттағы жасалып жатқан жұмыстарға зәредей пай-
дасы тиер деп, біз осы кітапты ұсынып отырмыз.
Мұнда  «Сөз  құдіреті»  атты  кітаптың  «Санат»  баспасынан 
1997  жылы  шыққан  1-басылымы  өзгеріссіз,  толық  берілді. 
Қосылған  материалдар:  Тахауи  Ахтановтың  «Шырағың  сөн- 
бесін»,  Қабдеш  Жұмаділовтің  «Дарабоз»,  Кәдірбек  Сегізбай- 
ұлының «Біз қалада тұрамыз» атты көлемді шығармаларының 
тілдік-стильдік  ерекшеліктерін,  сөз  кестесін,  көріктеуіш 
тәсілдерін талдаған ізденістер.

8
1-БӨЛІМ
______________________________
ЖАЗУШЫ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
Мұхтар Әуезов – көркем сөздің пірі
Қайран Мұхаң – көркем сөздің пірі еді,
Абайымыз екеу болса, бірі еді.
Тілі барда халықтардың, қазақтың
Тірілермен тірілерше жүреді.
Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ
Мұхтар Әуезов тілін тану үшін...
Суреткердің тілі дегеніміз не? Оны тану, яғни зерттеу, на-
сихаттау, үлгі тұту сияқты іс-әрекетіміз не үшін қажет? Бұл са-
уалдар – тым жеңіл, қарапайым болып көрінгенімен, шындап 
келгенде, ойландыратын, көп сәтте ауыр соғатын «жеңілдер», 
дәлірек айтсақ, ғылыми проблемалар екені даусыз.
«Әдебиет  –  тілмен  әдебиет».  Бұл  –  Мұхтар  Әуезовтің  өз 
сөзі. Демек, жазушы мен ақын есімі аталған тұстарда, олардың 
суреткерлік  келбеті,  шығармашылық  қызметі  сөз  болған  сәт- 
терде  оның  тілі  туралы  да  әңгіме  қозғалуы  заңды  да  қажет. 
Оның  үстіне  суреткерлік  еңбегін  ұлттық  тілдің  тарихына 
байланыстыра сөз ететін қалам иелері болады. Олар – тілдің 
белгілі бір кезеңдерінің негізін қалаушы, көшбасшысы немесе 
сол тілдің белгілі бір тарамдарының (стильдерінің) іргетасын 
бекітуші, тілдегі сапалық өзгерістерге мұрындық болушы деп 
танылатындар. Әрине, бұл қатарда екінің бірі емес, бірегейлер 
ғана тұрады. Қазақ әдеби тілінің тарихи жолында, Абай сияқ- 
ты, Мұхтар Әуезовтің де орны ерекше.
Абай – қазақтың жазба әдеби тілінің ұлттық кезеңінің бас- 
таушысы  болса,  М.Әуезов  –  сол  тілдің  көркем  проза,  драма-
тургия, публицистика, ғылыми әдебиет стильдері деп таныла-
тын тарамдарының іргетасын қалаушылардың ірілерінің бірі, 

9
көшбастаушыларының зоры. Ол: «Қазақ көркем прозасы рево-
люциядан  бұрынғы  кезде  үлкен  табыс,  дәстүрге  жетпегеніне 
қарамай,  қырық  жыл  ішінде  (мақала  1957  жылы  жазылған. 
– Р.С.) анық, зор өріске жетті», – деп жазса, осы тұжырымды 
қазақ  көркем  прозасының  тіліне  де  қарата  айтуға  болады. 
Тілді  де  сол  «анық,  зор  өріске»  шығарушылардың  топ  ба-
сында М.Әуезовтің өзі тұрды. Сол себептен М.Әуезов тілінің 
көркемдік-эстетикалық  сипатын  танумен  қатар,  оның  қазақ 
әдеби тіліне сіңірген еңбегі, даму барысындағы орны, салған 
жолдары  мен  көрсеткен  үлгілері  деген  тәрізді  әңгімелердің 
бүгінгі ғылым-білімімізде орын алуы және қисынды.
Жазушының тілге, оның ішіңде ана тіліне, оның өткені мен 
бүгінгісіне, даму жолы мен бағытына деген көзқарасын біліп 
барып, сол жазушының өз творчествосының тілін талдап-тану 
дұрыс болмақ.
Әдетте, «жазушы тілі» дегенде, ең алдымен, ойға оралаты-
ны да, іздейтініміз де – оның суреттеу шеберлігі, көркемдік 
әдістері туралы әңгіме болмақ. Бұл – заңды да. Өйткені көркем 
әдебиет – сөз өнері. Ал өнер шеберлікті қалайды. Бұл – баршаға 
аян  ақиқат.  М.Әуезов  осы  заңдылықты:  «Күндегі  құлаққа 
сіңген  тозыңқы  сөзден  жазушының  қаша  сөйлейтіні  бола-
ды. Әдейі өзінің тілін тақ-тұқ қана тіл етпей, шеберлік көрік 
іздегісі  келеді.  Кенеулі  ойды  да  көрікті,  әсерлі  етіп  айтпаққа 
талпынады... Жазушының көркем әдебиеттегі тілі тек жабайы, 
жұпыны ұғымның тілі болып қоя алмайды. Ұғым, түсінікпен 
қатар, ой мен сезімге де бірдей әсер етерлік айшықты тілмен 
әсем сөйлеу шарт», – деп анықтап береді. Өзіне де, өзгеге де 
осындай  шарт  қойған  жазушының  20-жылдардағы  повесть-
әңгімелерінен бастап, «Абай жолы» эпопеясының тілі – шын 
мәнінде  «ой  мен  сезімге  бірдей  әсер  етерлік»  айшықты  да 
әсем  тіл  екендігі  зерттеуші  түгіл,  қарапайым  жай  оқырманға 
да жақсы сезіледі. Әсіресе төлтума тіліндегі «Абай жолының» 
ғажайып  тартымдылығы,  сүйсіндірер  қасиеті  –  тілінің 
поэтикалық феноменінде.
Ол  әрбір  сөзді,  әрбір  грамматикалық  тұлға  мен  тәсілді 
шығарма  идеясы  мен  стиліне  орайластыра  «ойната»  білген, 
жұмсай білген. Бұл жөнінде тиіп-қашып айтылып, көрсетіліп 
те жүр. 

10
«Айшықты тіл» жасаудың үлкен бір амалы – фразео логизм 
деп аталатын сөз тіркестерінің барын пайдаланып, жоғын туды-
руда. Екі шақпақ тасты бір-біріне соққанда, от ұшқыны пайда 
болатынындай, екі-үш сөзді бір-біріне тіркестіре жұмсағанда, 
көркемдік ұшқыны – тың образ туады. Ал сол сөздердің тіркесу 
қабілеттерінің  ұшы-қиыры  жоқ.  Тек  жазушылық  шеберлігің 
болсын, тіл құдіретін сезе білетін дарының болсын және тілге 
деген  зор  жауапкершілігің  болсын  –  сол  күнде  шығарманың 
көркемдік-эстетикалық  қасиетіне  тәнті  боласың.  М.Әуезов  – 
бұл ретте де көп қызмет еткен, үлгі шашқан жазушы.
Образ – поэтика дүниесі. Ал поэтика тек өлеңге ғана емес, 
көркем  туындылардың  баршасына  тән  қасиет.  1955  жылы 
«Мәлік Ғабдуллинге жауап хат» деп жазған мақаласында жа-
зушы: «Прозаиктердің поэзияға мүлде қатынасы жоқ па екен? 
Сол  прозаның  өзінде,  тегі,  поэзия  аз  ба  екен?  Сіздер  (яғни 
ақындар – Р.С.) іздейтін сан сезімдер поэзиясы, бейнелі образ-
ды сөздер, ырғақты, шешен де шебер сөз құрамдары, теңеулер, 
өрнектер аз ба прозада? Еміренген сезім мен тебіренген сыр-
лар  ретінде:  табиғат,  махаббат,  тағы  талай  армандар  прозада 
болмай  ма  екен?  Онда  поэзиядағы  кейбір  өлең  қатарындай 
келісімдер, құйылыстар, сиқырлы сөз құбылыстары аз кездесе 
ме?
1
  –  деп  көркем  проза  поэтикасының  қырларын  көрсетеді. 
Өз  қаламының  ізіне  қарап  көрсетеді.  Өзінің  «Абай  жолы» 
сияқты эпопеясының тіл құдіретін сезіп-біліп отырып жазған. 
Демек, М.Әуезов тілі – оқырманға эстетикалық ләззат беретін 
әсем  тіл  деген  жалпы  бағамызды  айқындап-тарамдап  бермек 
болсақ,  оның  барлық  әңгіме-повесінің,  романдарының,  мақа- 
ла-очерктерінің,  пьесаларының  тілінің  поэтикасын  жоғарыда 
өзі  атап  өткен  ракурстерден  зерттеп,  талдап  көрсету  керек  
болады. Бұл жерде М.Әуезовтің көркем туындыларының тілі – 
зор қойма, кең полигон.
М.Әуезовтің  көркем  тілге  келгенде  қатты  бір  ден  қойып,  
назар аударғаны – сөз, жеке сөз, тілдің сөз қазынасы болатын. 
Сөз дегеніміз – тіл ғимаратын қалайтын негізгі кірпіш қой. Қазақ 
тілінің лексикалық байлығы жөнінен жазушы бірнеше қайта- 
лап айтып отырған. «...Бүгінгі біздің жазушылардан байқала- 
1
 Мұхтар Әуезов Шығармалар. - Алматы, 1969. - XII том. - 141-бет

11
тын  бір  үлкен  олақтық  –  көп  жазушылардың  сөздігі  шағын, 
тілі кедей... Бірталай ақындарымыздың... еңбектеріндегі сөздік 
қорға  келсек,  жиыны  бес-алты  мың  сөзден  аса  қоймайтын 
мүлкі  ғана  бар  ма  дейсің»
2
,  –  деп  бір  қынжылса,  екінші  бір 
жерде сол «сөздік қорды» қайдан алып толықтыру жөніндегі 
өз пікірін білдіреді.
М.Әуезов қазақ тілін сөзге бай тілдердің қатарына қосады. 
Сөйте тұра әлі де әдеби тіл айналымына түспей келе жатқан 
қыруар  сөздің  бар  екеніне  назар  аудартады,  лексикалық 
қазынамызды әлі де молайта түсу қажеттігіне көңіл қояды. Бұл 
толықтырудың  көзі  қайда,  оны  жазушы  қайдан  тапқан  және 
өзгелерге қайдан іздеу керектігін қалай айтқан?
Алдымен, М.Әуезов әрбір сөзге ұқыптылықпен қарап, оны 
түсініп  барып  пайдалануды  өзінің  жазушылық  талабына  ай-
налдырса, екіншіден, әр шығармасының мазмұны мен жанры-
на орай сөз таңдау дегенді о бастан өзіне әдеби-тілдік тәсілдің 
бірі  етіп  ұстаған.  Сол  себептен  қазақтың  әдебиет  көгінде 
көрінген  тұңғыш  драмалық  шығарма  –  «Еңлік-Кебек»  пье-
сасында халық данасы – көненің көзі Абыз қарияның аузына 
«телегей ойнап дауылдатып ол келедітекпілі батыр бәйшөгел 
шықты ма; батыр десем, белге шықпай ойда ойнақшыр бейпіл 
ме ең; кесескенім Кебек болса, алдым тағы қара нор; бақ талай 
(ы) «баршындай» деген сөздерді салса, Кеңгірбай бидің аузына 
«даңды  судай  тасқызып,  ол  да  найманды  шүйелемей  қоймас; 
елге көп сөзді даңқтырмаңдар» деген сияқты бұл күнде екінің 
бірі біле бермейтін сөздерді салады. Ал айтысқан Еспембет пен 
Көбейдің  ауыздарынан  небір  образды  әсем  мақал-мәтелдерді 
былай  қойғанда:  «Тобықты  шаялығыңды  қылдың  ба;  мұның 
арты  ата-ұрпаққа  кететін  үзілмес  қанкегі  болғалы  отыр; 
көнбейтін  болсаң,  арам  алыс  алашпын:  бастан  атқуылдап 
отырғаннан-ақ  сезіп  ем»  деген  үзіктерден  бөлініп  (курсив-
пен) көрсетілген жеке сөздерді табамыз. Бұл 21 жастағы жас 
жазушының тырнақалды пьесасының өзінде-ақ жалпы сөз де-
генге, оның ішінде әрбір кейіпкер сөзіне соншама көп ізденіп 
келгенін аңғартады.
Ал «Абай жолы» тіліндегі сөз атаулысы ше? Мұнда әрбір 
сөз ерекше есепте деуге болады. Орнын таппаған бірде-бір сөз 
2
 Бұл да сонда, 83-бет.

12
жоқ. Жазушының өзі: «Сөздік жағынан менің романдарымның 
Абай  өмір  сүрген  тарихи  дәуірге  сәйкес  ерекшеліктері  мол», 
– деп айтқанындай, мұндағы әрбір ерекше сөз – әдейі таңдап 
алынған, әдейі сол жерде (сол контексте) тұруға тиісті сөздер. 
Олардың  ішінде  мағынасы  күңгірт  тартқан  көне  сөздер  де, 
шанда  бір  қолданар  сирек  сөздер  де,  семантикасы  ауысып 
құбылған тұлғалар да, жергілікті сөздер де, жазушы өзі жасаған 
неологизмдер де бар. Бұлар жөнінде әрі қарайғы тақырыптарда 
ішінара сөз болады.
М.Әуезовтің тілін таныту барысында, ең алдымен, жазушы- 
ның  әдеби  тіл,  көркем  әдебиет  тілі,  жеке  қаламгерлердің  сөз 
қолданысы  туралы  айтқан  өз  пікірлеріне  назар  аудару  қажет. 
Өйткені М.Әуезов – тек көркем сөздің зергері ғана емес, сол 
асыл  бұйымды  жасаудың  жолдары  мен  әдістерін  көрсетуші, 
бағытына жөн сілтеуші екенін білеміз. Өзінің «Қазақтың әдеби 
тілі  туралы»  деген  бағдарламалық  мақаласында  жазушы: 
«Ал бізде әдебиет шығармаларының тілін сөз ету ғылымдық 
дәрежеге жетпей келеді... Тіл мамандарының көбі де қазақтың 
әдеби  тілінің  совет  жазушылары  еңбегіндегі  жаңа  үлгідегі 
сөйлем  құрудағы  ізденулерін,  жаңалықтарын,  табыстар  мен 
олқылықтарын зерттеу проблемасы етіп қамти алмай келеді», 
–  деген  болатын.  Әрине,  бұл  –  осыдан  45-46  жыл  бұрын 
айтылған сын пікір. Және өз сөзімен айтсақ, жазушылар мен 
әдебиетшілердің «егіз-қатар серігі, еңбектес сыңарлары» – тіл 
мамандарына  айтылған  әділ,  дұрыс  сын.  Әрине,  өз  тұсында 
шындыққа  сайған  бұл  тұжырымды  күні  бүгін  тұп-тура 
қайталауға болмас. Өйткені бұл сын айтылғаннан бергі 40-50 
жыл  ішінде  қазақ  көркем  әдебиетінің,  оның  ішінде,  әсіресе 
поэзиясының  тілі  әр  қырынан,  әр  тұрғыдан  едеуір  зерттелді, 
олар жеке-жеке монография, ғылыми дәрежедегі мақалалар бо-
лып жарық көрді. Бір ғана М.Әуезов тіліне қатысты бірнеше 
дис сертация  қорғалды.  Дегенмен  осылардың  баршасы  қазақ 
көркем  сөзін,  оның  ішінде  ұлы  суреткер  –  М.Әуезов  тілін 
зерттеуді жан-жақты, толық, әрі мінсіз, ақаусыз дегізе алмай-
ды.
Ең  алдымен,  бұл  ізденістердің  дені  шығарма  тілінің  көр- 
кемдігін  зерттеуге  арналмаған.  Жазушының  тілдегі  даралық 

13
стилі,  автор  образы  дегендер  ашылмай  келеді,  яғни  көркем 
әдебиет  тілі  лингвистикалық  стилистика  тұрғысынан  зерт-
телмей отыр. Ертелі-кеш М.Әуезов есімі аталған жерде «бұл 
жазушының тілі ғаламат көркем, құдіреттей сиқырлы» немесе 
«Әуезов қазақ сөзін әсемдік дүниесіне жаратудың не бір асқан 
шебері болды» деген жалпы айтылған тұжырыммен шектеліп 
келеміз. Жазушыларымыз да осыны айтады, тіл мамандары да 
мақала, еңбектерін осылай бастайды. Әрине, бұл баға – дұрыс, 
өте дұрыс, бірақ ол – интуитивті түрде сезініп қана айтылған 
байлам.  Әйтпесе  ұлы  суреткер  қаламынан  туған  көркем 
дүниелердің тілі қай ретте қалайша көркем? Сол көркемдікті 
жасауда жазушы қандай амал-тәсілдерге барды? Тілдік тұлға-
тәсілдерді  көріктеуіш-бейнелеуіш  қызметке  қалай  жұмсады? 
Олардың жалпы ұлттық әдеби тіл заңдылықтарымен (нормала-
рымен) іліктестігі қандай? Олар нақты қолданбай, айтылмай, 
көрсетілмей  келеді.  Жалпы  байлам  бар,  бірақ  ол  таратылып, 
дәлелденуден әлі алыс. Қысқасы, Әуезовтей (немесе өзге бір 
жазушыдай)  сөз  зергерінің  көркемдік-эстетикалық  дүниесін 
тіл тұрғысынан таныту қажеттігі даусыз. Бұл тұста тек қана тіл 
мамандарын жазғыруға болмас. Өйткені «лингвистикалық сти-
листика» деп аталатын ғылым саласы бізде, қазақ ғылымында, 
әлі жок. Егер лингвистердің бірен-сараны жеке бір жазушының 
тілін жеке бір қырларынан азды-көпті зерттеп келе жатса, ол – 
өз қалаулары, өз түсінігі, өз ынтасымен жүргізіліп келе жаткан 
шаруа. Республикамыздың Ғылым академиясының Тіл білімі 
институтында  не  Әдебиет  пен  өнер  институтында  көркем 
әдебиет тілін зерттейтін бөлім жоқ, ғылымның бұл саласының 
тіпті шағын жеке тақырыптары институттардың жұмыс жоспа-
рына  еніп  көрген  емес.  Бұл  проблеманың  қазақ  топырағына 
келгенде не объектілері, не зерттеу әдістері түгел айқындалған 
жоқ, осы салада жұмыс істейтін кадрлар дайындауды мақсат- 
ты түрде ойластырып та жатқан жоқпыз. Қысқасы, қазақ фи-
лологиясында  жа зушы  тілін  зерттеу  –  жүйелі  түрде  нақты  
ғылым тармағы ретінде әлі күнге дейін өз дәрежесінде қолға 
алынбаған, назар аударылмаған сала. Бұл жоқтық, бұл кемші- 
лік, оны қолға алатын уакыттың жеткендігі ұлы жазушымыз- 
дың 100 жылдық мерекесін атап отырған бүгінгі күнде, осын-

14
дай тұста барды көрсетіп, жоқты іздеп жатқан кезімізде көзге 
айқын  түсіп  отыр.  Бүкіл  тіршілік-қарекетімізді  ғылым  орын-
дарында  да  қайта  қарастырып,  қайта  қарап  жат қан  кезімізде 
айтылған пікір еске алынар деп ойлаймыз.
Сөйтіп, М.Әуезов тілін танып-танытуда алдымызда қандай 
шаруалар бар, қандай міндеттер тұр дегенге кел сек, шамамен 
(әрине, толық, түгел емес), мыналарды айтар едік.
Ең  алдымен,  жоғарыда  көрсетілгендей,  М.Әуезовтің 
бүкіл көркем туындыларының (тек қана эпопеясы емес) тілін 
кеңінен  зерттеуді  бастау.  Оны  жүйелі,  белгілі  бағдарламамен 
ұжымдасып  (өйткені  бұл  –  бір-екі  зерттеушінің  4-5  жылдық 
қана  жұмысы  емес)  және  кешенді  (бұған  тіл  мамандарымен 
қатар  әдебиеттанушылар  да  қатысулары  тиіс)  түрде  жүргізу 
керек болады.
Екіншіден,  М.Әуезовтің  публицистикасы  мен  ғылыми 
еңбектерінің  де  тілі  стильдік,  лексикографиялық,  лексиколо- 
гиялық зерттеулерді күтеді. Жазушының шеберлігі мен дара- 
лық  стилі  бұларда  да  айқын  сезіледі.  Әуезовтің  Абай  тура-
лы,  «Манас»  туралы,  қазақ  ертегілері,  эпостары  жайындағы 
ғылыми  монографияларын  көркем  шығарма  оқығандай, 
қызыға, сүйсініп оқимыз. Олар – әйтеуір әдеби тілде ғана емес, 
нағыз  ғылыми  стильде  туған  дүниелер,  сөйте  тұра  өзге  әде- 
биетші-ғалымдардың  бірде-біреуінің  монография-кітапта- 
рына  тіл  жағынан  ұқсамайды.  Сыры  неде?  Ұтықты  жақтары 
қандай?  Ал  публицистикасының  (очерктері,  баяндамалары, 
сын  мақалалары,  ашық  хаттары)  тілі  мен  стилі  ше?  Сірә,  әр 
жазушының  әңгіме,  по весть,  романдарының  тіліне,  яғни  ше-
берлігіне, даралығына келгенде бір-бірінен қалай ерекшелене- 
тін  болса,  пуб лицистика  мен  ғылыми  шығармаларының,  жа- 
зысқан әлеуметтік үні бар хаттарының тілдеріндегі сөз құдіре- 
ті  өзгеше  болатындығын  көреміз.  Бұл  орайда  да  М.Әуезов 
мұрасы – мол зерттеу объектісі.
Үшіншіден,  Мұхтар  Әуезов  әдебиетте  атын  ғана  қалдыр- 
ған жоқ, із қалдырды, мектеп қалдырды. Ал тілде ше? Тілге кел- 
генде де, жазушылардың өз мойындауларына қарағанда, Әуе- 
зов жалғыз-дара қалмаған: Әуезовтен өзгелер, әсіресе кейінгі 
буын қалам иелері көп үйренген, үлкен әсер алған, зор ықпалын 

15
сезінген. Осылайша, әрине, айту бар да, сол айтылғанды фак- 
тілермен  дәлелдеу  және  болмаққа  керек.  Пәлен  жазушының 
көркем  тілінің  қай  тұстарында  Әуезов  қаламының  әсері  бар, 
ол  әсерді  шығармашылықпен  игере  алған  ба,  жоқ,  құр  сырт-
тай еліктеу ме? Тілге келгенде, «Әуезов мектебі» дегенді айта 
аламыз  ба,  айтсақ,  сүйенетін  тіректер,  дәлелдейтін  фактілер 
қандай – міне, осылар да зерттеуін күтетін мәселелер.
Төртінші,  Әуезов  тілінің  сөздігін  жасау.  Бұл  –  әлдеқашан 
күн тәртібіне қойылған, мақұлданған шаруа. Дайындық шара-
лары едәуір жүріп қалған іс. Соның бірі – 1979 жылы «Ғылым» 
баспасынан  жарық  көрген  «М.Әуезовтің  «Абай  жолы» 
романының  жиілік  сөздігі».  Сөздікті  фило логия  ғылымының 
докторы,  математика  кафедрасының  профессоры  Қ.Бектаев- 
тың басшылығымен Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұр- 
сынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  қызметкерлері 
жасаған. Бұл жұмыста жаңа әдіс – электронды-есептеу мәши- 
несі  қолданылған.  Сөздік  –  қазақ  лексикографиясы  тарихын- 
да  жазушының  жеке  шығармасындағы  сөздердің  қолданылу 
жиілігін  көрсететін  тұңғыш  еңбек,  жалпы  осы  типтегі  жұ- 
мыстардың тырнақалдысы. Мұнда эпопеяның төрт кітабында 
қолданылған  сөздердің  жиілігі  (әр  сөздің  неше  реттен  кез- 
десетіндігі)  алфавит  тәртібімен  тізіліп  берілген.  Мұндай 
сөздіктер  белгілі  бір  шығарма  тексінде  жазушының  қандай 
сөздерді қолданғанын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар 
осы сөздіктің мағлұматына қарап, бұл эпопея тілінде 16 мың 
983 сөз пайдаланылғанын, оның 8698-і – тек бір не екі рет қана 
келетіндері, яғни 50% құрайтындығы, ең жиі қолданылған сөз 
– де етістігі (9828 рет), төртінші орында – Абай жалқы есімі 
(6747 рет) т.т. екендігін біле аламыз. Қысқасы, мұндай жиілік 
сөздіктер шығарма тілін қай тұрғыдан болса да зерттеушілер 
үшін мол, дайын материалдар береді.
А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтында  Мұх- 
тар Әуезовтің тұтас тілінің түсіндірме сөздігін жасау жұмысы- 
на  әзірлік  жүргізіле  бастаған-ды.  Ол  үшін  алды мен  жазушы- 
ның  20  томдық  жинағы  бойынша  кездесетін  сөздердің  ЭЕМ 
арқылы  алфавиттік  сөздігі  жасалды.  Бұл  материал  бойынша 
қазіргі  таңда  «Алфавиттік-жиілік  сөздік»,  «Жиілік  сөздік», 

16
«Кері алфавиттік сөздік» деп аталатын үш түрлі сөздік бір кітап 
болып жарық көрді. Сөйтіп, Әуезовтің ұлан-ғайыр мұрасының 
барлық  сөз  қазынасы  алфавит  ретімен  жиілігі,  қай  кітапта, 
оның қай бетінде, ол беттің қай бөлігінде (әр бет бес бөлікке 
бөлініп  көрсетіледі)  екендігі  туралы  мәлімет  қолымызға 
тиді.  Сонымен  қатар  «Үлестірімді-алфавиттік  жиілік  сөздік» 
дегеннің материа лы да компьютерден шығып, дайын тұр. Бірақ  
көлемді  материалды  жарыққа  шығаруға  қаржы  тапшылығы 
қолбайлау болып отыр.
Жоғарыда айттық, фразеологизм дүниесі – тілдің байлығын 
да,  образдылықты  да  танытатын  ерекше  элементтер.  Олар-
ды  жазушы  бүкіл  шығармашылығында  молынан  пайдала-
нып  отырған,  жүздеген  фраземаны  өзі  жасаған.  Міне,  осы-
ларды  есепке  алып,  жиілік  сөздік  арқылы  көрсету  жұмысын 
да  жүргізу  қажет.  Осы  жұмыстардан  кейін  «Әуезов  тілінің 
түсіндірме сөздігі» және «Әуезов тіліндегі фразеологизмдердің 
сөздігі»  жасалмақшы.  Бұл  –  әрине,  өте  күрделі,  қиын,  үлкен 
жұмыс. Бірақ болашақта істелуге тиісті шаруа.
Міне,  заманымыздың  ұлы  жазушысы,  дана  ойшылы,  ірі 
ғалымы  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезовтің  қазақ  әдеби  тілі 
тарихындағы  еңбегі  мен  орнына,  қаламының  тілдік-стильдік 
феноменіне  байланысты  айтылуға  тиісті,  айтыла  беретін  көп 
ойлар мен ұсыныстардың бір парасы ғана осындай.
Тілге  қатысты  М.Әуезов  көрсетіп  кеткен  жұмыстар  мен 
міңдеттердің,  ақыл-кеңестердің,  ұсыныс-тілектерінің,  сын-
сынақтарының  баршасына  ден  қойып,  дұрыс  ұғынып,  солар 
бойынша  да  әрқилы  жұмыс  жасасақ,  ұлы  ұстаз  алдындағы 
парызымызды өтей түсер едік дейміз. Енді әрі қарай ұсынып 
отырған  кітабымыздың  тақырып  ыңғайына  орай  көрсетілген 
міндеттердің бірді-екісіне көңіл аудартамыз.

17


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал