Баяндама Жобаның атауы: Әлеуметтік қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттау. Оқу орны



жүктеу 21.66 Kb.
Дата13.11.2022
өлшемі21.66 Kb.
#23824
Әлеуметтану стратификация

Баяндама
Жобаның атауы: Әлеуметтік қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттау.
Оқу орны: «Тұран» Университеті.
Орындаған: Болатбек Айзат
Оқу тобы: Журналистика 1 курс 1топ.
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі әлемдегі стратификациялық жүйелерге әлеуметтік талдау жасау.
Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретінде мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: касталар, сословиелер, таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгерулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. Үнді қоғамында қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-анадан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен ауылдық жерлердегі адамдардың мінезі-қылықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер- феодалдық қоғамдарда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелмеген, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдардың сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру секілді жағдайлар орын алған. Тап ұғымы ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектеріне бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды.
К.Маркс және М.Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің эконмикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла бастады. Сонымен қатар К.Маркс қоғамда негізгі жіне негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарның түрінен туындайды.
Негізгі емес таптар өткен дәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық – эконмикалық формацияның таптары.
К.Маркс бұл таптан бөлек әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіріп қоймаған аралық топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К.Маркстың таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И.Ленин болды. Ол өзінің «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз- қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс қүрал – жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегіне қанауын айтамыз».
Сонымен қатар ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.
Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш– жігерімен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Қоғамдық әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрініс табады. Яғни тік сызық бойымен бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.
Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р.Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндірді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен жұмысшыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін «басқарушы меншік иелері» және «меншіктері жоқ бюрократ – менеджерлерге» жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ- жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық эконмикаға өту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады.
Әрине, әлеуметтік стратификацмя процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе деген өлшемдердің маңызы зор екендігін естен шығармауымыз қажет.
Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарындағы алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе қүрмет.
Әлеуметтік мобильдік, оның түрлері
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болады. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П.Сорокин терең зерттеді.
«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:
1.вертикалдық, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
2.горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Вертикалдық мобильдік – индивидтің бір сратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.
Горизонталды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады.Бұл ауысу тек көлденең сызық бойынша болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгартерлік есеп бөліміне эконмистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын – соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік – экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел – жұрттың миграциясы мәселелері мен үдерістері деерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігін қажет етеді. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлштелінуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болады.
Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.
Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор. Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жие болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір – біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4 – 5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедейшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрды. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұақсыздығынан болады.
Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикалды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.
Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін минстр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қоыслады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2 – 5 % - дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15 – 25 % - ға дейін көтерілген.
Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50% - дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибертетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.
Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете басталды. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің көлемі ұдайы өсуде.
Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2 – 5 % болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жариялады, мұны ашып айтуға тиым салынады. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдына егемендік, тәелсіздік алғаны мәлім. Ол өз бетінше өндірісті ұйымдастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсіз болып жабылып қалды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарында, шаруашылықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллегенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.
1997 – 1998 – жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығында көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керсінше, қала мен ауыл – селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қроғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер, бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.
2. Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харьков,
1996.
3. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи. М., 1996.
4. Базарханова И.Л. Семья — основа всех основ. //Мысль, 1994.
5. Елизаров А.Н. Ценностные ориентации неблагополучных семей.
//Социологические исследования. 1995. №4.
6. Максимович Л.Б. Брачный контракт. //Комментарии. Разъяснения. М.,
1997.
7. Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методологии и
методики. М., 1989.
жүктеу 21.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет