Баянауыл аудандық газеті



жүктеу 0.59 Mb.

бет2/6
Дата14.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

ҚАЛПЫ - ҚАРАПАЙЫМ, ПАЙЫ-

МЫ-ПАРАСАТТЫ  (Жауынгер  əңгі-

месінен)


-  Майданға  Баянауылдан  екі  жас 

жігіт іліктік. Ол Жұмабеков Мақажан 

да  соғыстан  аман  келді.  Осыдан 

4-5  жыл  бұрын  қайтыс  болды.  Біз 

сапта  тұрғанда  командир  арамызда 

етікші,  тігінші,  суретшілердің  бар  ма 

екенінін  сұрады.  Орыстар  ол  жағына 

пысық  келеді  ғой,  шығып  жатты. 

Мен  де  оларға  қарап: «Бұлар  да  мен 

сияқты  жас.  Мектепте  бар  қабырға 

газеттерін 

мен 


шығаратынмын. 

Менің  бұлардан  қай  жерім  кем»  деп 

ойладым  да,  қатарларына  барып 

тұрдым. 


Фамилиясы 

Османов 


батальон  комиссары  келіп  сыбырлап, 

«суретшілер шықсын деп жатыр» деді. 

Мен  айттым: «Ия,  мен  суретшімін». 

Бəрімізді  бір  бөлек  əкетті.  Үлкен 

казарманың  ішінде  бəріне  соғыстың 

суреттері  бейнеленген  плакаттарды 

үлестіріп, орындарын белгіледі. Маған 

қарап: «Сені не қылайын?» деп, маған 

менсінбеген кейіп танытты. Не істейін? 

Əкеліңіз  онда  Сіздің  портретіңізді 

салайын,  дедім.  Тапсырманы  беруші 

көзінің  бір  қиығымен  қарады  да, 

«Портретімді  салмай-ақ  қой»,  деп  

үстелдің  үстінде  жатқан  «Правда» 

газетінде  бейнеленген  «Гитлердің 

карикатуралары»  бар  газетті  беріп,  

«мынаны қабырғаға көшір» деді. 

А,  а..  қазақ  бала!  Не?  Сурет 



салу қолыңнан келмеді ме?-деді.

Мен салдым,-дедім.



Ə,  ə!  Сен  шынымен  сурет 

салдың 

ба? 


Кəне, 

көрсет!,-деп, 

қабырғадағы  көшірме  мен  газеттегі 

суретті салыстырды.

Ия,  шынымен  де  мықты 



салыпсың. Жарадың қазақ!-деді ,

Содан 


бастап, 

барлық 


сурет 

менің  қолымда  қалды.  Əлгі  шыққан  

«звезданы»  жақсы  саламыз  деген 

орыстар жайына қалды. 

Біздің  рота  Ташкентте 5-ші  пулет 

ротасы  болды.  Орыс  офицерлері 

көздері  «қырағы» ,  «алысты  көреді» 

деп,  пулеметке  қазақтарды  алғысы 

келіп  тұрады.  Самарқанттың  құмына  

кеткен  солдаттар  ыстықтан  аяқтарын 

əрең алып келеді. Содан маған ой келді. 

Əлгі жерлес досым Мақажанды мына 

ыстықтан  мен  құтқарайын.  Өйткені, 

оның 


казарманың 

табалдырығын 

аттай  бере  сүзе  құлағынан  көзіммен 

көрдім.  Содан    кезекті  сурет  салатын 

плакатымда  жазу  бар  екен.  Содан 

ойымды  ойнатқым  келіп,  Османов 

капитанға айттым:

Жолдас 



капитан, 

суретін 


саламын, 

бірақ 


жазуын 

жаза 


алмаймын.

Енді кім жазады?



Осында  Жұмабеков  дейтін 

солдат бар. Өте жақсы жазады.

Содан  Жұмабековты  алып  қалатын 

болды. 

 Мақажанның қабағы түюлі:



Əй, Қалмұқан!  Кім айтты мен 

сурет салады деп?

Сен  саласын.  Мен  саған 



плакатқа  əр  əріптің  контурын  сызып 

беремін,  сен  тек  соны  бояйсын, - деп 

қолына кист пен сияны бердім. Сөйтіп, 

Мақажан да мақтауға ілікті.

Міне,  Қалмұқан  атамыз  соғыстың 

қызу ортасында  жүріп, суретін салып, 

жанындағы  жақын  адамдарына  да 

қамқорлығын  аямаған,  адамгершілігі 

мол, қалпы қарапайым, парасатты жан 

екенін аңғару қиын емес.      



«ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ» ҚАЛАЙ 

КЕЛДІ?

Сұрапыл  соғыстың  аяқ  кезі.  Чехия-

ның бір қаласын ала алмай жатырмыз.  

Таулы  жерде  орналасқан  бір  ауылды 

аймақтамыз  (хутор).  Біздің  батальон 

сол  полктің  резервінен  шықты.Менің 

өзімнің  арнайы  взводым  болды. 

Бір  (крестьянин)  шаруаның  үйінде  

тосауылдап  отырмыз.  Бір  мезетте 

жүгендеп бір солдат жетіп келіп, жеңіл 

машинаның  келе  жатқанын  айтты. 

Бізде олай-бұлай ойлануға уақыт жоқ,  

солдатты итере-митере жапа-тармағай 

атып  шықтық.  Мен  БТР-ға  жаттым. 

Келе  жатқан  машинаны  тура  көздеп, 

ішіндегі  кісіні  өлтіріп  алмайын  деп, 

алдыңғы  жағынан  аттым. (Оның  кім 

екенін бізге білу міндетіміз). Машина 

қисайып барып, кувейтке тұмсығымен 

тұра қалды. Жанымда Нарушкин деген 

орынбасарым бар еді. Бір кезде ол:

-  Ойбай,  младшой  лейтенант! 

Құрыдық! Анау үш кісінің біреуі біздің 

генерал. Тез, тығыл! Солдаттың біреуі 

келе жатыр, сол айтты,-деді.

Хутордың  сарайы  бартын,  соның 

шатырына тығылдым.

Комбат, 


біздің 

батальонның 

командирі  шығып,  генералға  рапорт 

беріп жатыр.

Біз қаланы ала алмай жатырмыз. 



Қала  берілмей  жатыр.  Бірақ,  алуға 

тырысамыз.

Алдық 


деп 

едіңдер 


ғой. 

Аласыңдар.  Менің  машинамды  кім 

атты?



Ол... ол...    Капитан ...деп тұрып 



қалды.

Мені 



атқан 

ақымағыңды 

орденге ұсын. Бұйырамын! Қайткенде 

де ол менің өмірімді аман алып қалды 

ғой.  Штабы  қайда?  Қалай  да    бар 

сонда, - деп жүріп кетті.

Міне,  ардагердің  «Қызыл  жұлдыз» 

ордені осындай ерлікпен келген екен.



ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

Қалмұқан    Исабаевтың  ең  басты 

еңбектерінің  бірі  «Ертіс-Павлодар 

каналы  туралы  жазған  «Арна  асуы» 

атты  еңбегі  бүгінгі  күнде  халық  

игілігіне  айналып  отыр емес пе? Осы 

каналдың  жобасы  сызылған  сызба  да 

қабырғадан орын алған. 

Забира 

əже 


айтады: 

«Жұмыс 

аяқталғанда 

суды 

жібергенде, 

каналдың  соңғы  баспалдағы  дұрыс 

салынбаған,  ертең  оның  зардабын 

көресіңдер  деп,  қайта  бұзғызып, 

қайта салғызды емес пе? Ең бастысы, 

еңбегі  еленіп,  алғашқы  краннан  суды 

жіберу  тетігін  Қалекеңе  ашқызды»,-

дейді.  


 - Қаныштың жоспарымен жасалған 

каналды зерттедім. Былай айтқанда 500 

шақырым  деген    дені  сау  адамға  көп 

жол  емес.  Ертістің  басынан  шығып, 

Қарағандыдан əр жолымызды зерттеп,  

бір  ай  дегенде  шықтық.  Жалпы, 15 

жыл  өмірімді  канал  құрылысшылары 

арасында 

өткізіп, 

кітап 


жазып 

шықтым,-дейді қария.

Жазушының 

жұмыс 


жасайтын 

үстелінің  үстінде  том-том  болып 

жатқан  кітаптардың  ішіндегі  ең 

жақыны  да    алғаш  «Серт»  деген 

атпен шыққан  «Шоң би» романының 

трилогиясын  өте  ыстық  ілтипатпен 

қолына алып: «Міне, менің еңбегімнің 

бастауы да, негізгі қайнары да осында.  

Бұл кітапты жазуға менің 20 жылға 

жуық  уақытым  кетті. 400-ден  аса 

мұрағат  материалдарын  жинадым. 

Мұның ішінде қазақ халқының бастан 

кешкен өмірі, оның тарихында ерекше 

орын  алатын  тың  оқиғалар  еніп 

отыр», деп кітапты  ұсынды.

Ия, 


шынында 

да, 


қазақта 

алғашқылардың 

бірі 

болып  


халықтың  мұң-мұқтажын,  халықтың 

ауызбірлігін  көксеген, «бөліп  ал  да, 

билей  бер»  ұранын  ұстағандарға 

жол 


бермеу 

мақсатында 

ұсақ 

рулардың  басын  біріктіріп  қосқан 



адам  емес  пе!? «Төртұлы  одағын» 

алғаш 


ХYІІІ 

ғасырдың 

басқы 

шенінде 


құрған 

Шорманның 

атасы  Сəти  болса,  заманына  сай 

етіп 


жасаған, 

патша 


бекіткен  

уставының  темірдей  қатаң  баптарын                                                                                                                   

бұздырған,  қазақта  қарадан  шығып, 

тұңғыш  сұлтан  болған  адам.  Бір 

сөзбен  айтсақ,  қазақ  халқының 

кемеңгер  ұлдарының  бірі.  Сондықтан 

бұл  кісі  жөнінде  жазушының  жазған 

кітабының  көп  жыл  бойы  зерттеліп, 

зерделеніп, əуелі халыққа шағын жанр 

түрінде  шығып,  таныстырып,  кейін 

роман етіп жазуының да сыры белгілі 

болды.  


Осы  жолғы  сапарда  арнайы  барып,  

əйгілі  Шоңның  Алматыда  тұратын 

ұрпағы,  жерлесіміз,  профессор  Ермек  

Мəуленұлымен кездескенде ол кісі де 

өзінің  атасын  танып-білу  мақсатында 

көп жұмыстар жүргізгенін айта келіп, 

Қалекеңмен  редакцияның  жанында 

кездескенде  қойған  бір  сұрағынан 

келтірді.

Қалеке, Шоң би туралы: «Сізден 



артық зерттеп жазған адам қазақта  жоқ. 

Мынадай бір шумақ өлеңді келтірейін, 

мүмкін  Сіз  естіген  шығарсыз?»-деп 

өлең шумағын келтіріпті:



Шоң өлді таулы  елге қонған күні,

Барады қолым үсіп тонған күні.

Шоң өлгесін билігін аламын деп,

Шорман менен Бозтайдың болған 

                                                      күні.

Шынында  да  Шоң  күздің  соңғы 

айларында қайтыс болады. Бозтай мен 

Шорман  билікке  таласады.  Басында 

Бозтай  өткенмен,  көп  бола  алмайды, 

ақыр  аяғы  елді  Шорман  басқарады 

ғой. 



Шатастыруым  мүмкін,  Жанақ 



ақын,  немесе  Көтеш  ақындыкі  болу 

керек депті. 

Қалмұқан  Исабай,  расында  да  бұл 

жөнінде естімеппін деген екен. Ермек 

Мəуленовтың  айтуынша  Шоң  бидің 

тек қана Алматыда тұратын Ахметтен 

тараған 114 ұрпағы бар екен. Ол  тікелей 

ұрпағы  болғасын 1984-85 жылдардан 

бастап 

ата-бабасының 



шыққан 

тегі  жөнінде  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізіпті.

Осы сұхбаттың кейіпкері Ұлы Отан соғысының даңқты ардагері, 

«Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерінің иегері, 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, бүгінгі күнде 

тоқсанды    бағындырғалы  отырған  қазақтың  біртуар  азаматы, 

Алматы қаласында тұратын  жерлес жазушы Қалмұқан Исабай.

ЖАУЫНГЕР ЖАЗУШЫ


4

27 ақпан 2015 жыл №9 (10660)                                                                                                                       Баянтау

Мерекелік  іс-шаралар  үстінде  жұрт 

жапатармағай 

кеудесіне 

Георгий 

лентасын  тағып  жүруді  «дəстүрге» 

айналдырды.  Санасы  сергек  емес 

адамға бұл елеусіз ғана дүние көрінер, 

ал  тарихқа  көз  жүгірткен  санасы  ояу 

адамға  мұның  оғаш  көрінері  шүбəсіз. 

Неліктен?  Ол  үшін  Георгий  лентасы 

дегеніміз  не?  Георгий  Победоносец 

кім?  деген  сұрақтарға  жауап  іздеу 

қажет.


Орыс  икондарында  ұзын  найзамен 

ат 


үстінен 

айдаһарды 

өлтіріп 

жатқан 


қалпында 

бейнеленген 

Георгий  Победоносец - аңыздық 

тұлға,  православ  дінінің,  Ресей 

империясының 

желеп-жебеушісі. 

Патшалық  Ресей  заманында  Георгий 

кресімен  солдаттар  мен  төменгі 

шенді  офицерлер - қазақ  даласын 

қару  күшімен  жаулаған  отаршылдар, 

қатыгездігімен  аты  жайылған  орыс-

казактары,  Кенесары  ханның  басын 

шапқан  жендеттер  мен 1916 жылғы 

ұлт-азаттық  көтерілісі  кезінде  қазақ 

ауылдарын  аяусыз  шауып,  бейбіт 

халықты  қан-жоса  етіп  қырғандар 

көптеп наградталғаны тарихтан аян.

Ендеше  біздің  Георгий  лентасы 

жолағын кеудемізге тағып алуымыз не 

жосық?  Тəуелсіз  елдің,  азат  жұрттың 

азаматы  əр  əрекетін  əуелі  байыптап, 

таразылап  алып,  ұлттық  ар-намысты 

қорлайтын,  ұлттық  мүддеге  залалды 

дүниеден  бойын  қашық  ұстауы  тиіс 

емес  пе?!  Бəлкім,  бүгінгі  ұрпақтың 

ата-бабалары  қол  жеткізген  Жеңіске 

айрықша құрметін, ілтипатын білдіргісі 

келетін  шығар.  Бұл  əрі  орынды  да. 

Бірақ,  біле  білген  адамға  Георгий 

лентасының  сол  тарихи  Жеңіске  еш 

қатысы жоқ. Қызыл жауынгерлер Отан 

соғысында бораған оққа кеудесін қыз-

ыл ту ұстап тіккен, сол туды сүйіп жан 

қиған.  Олай  болса  Жеңіс  мерекесінің 

символы,  егер  қажеттілік  болса,  сол 

қызыл  тудың  пұшпағы  бір  жапырақ 

қызыл  лента  болуы  тиіс  қой  əрі  бұл 

қисынды да. Ал Георгий кресі бұл орыс 

империясы  заманының  наградасы. 

Егер  бүгінгі  Ресей  осы  награданы 

тарих  сахнасына  қайта  алып  шықса, 

оның  астарында  қандай  жымысқы 

саясат  жатқанын  азат  та  тəуелсіз 

Қазақ елінің əр азаматы бағамдай білуі 

керек. Өкінішке қарай... Ана бір жылы 

Жеңіс  мерекесі  қарсаңында  кеудесіне 

Георгий  лентасын  тағып  жүрген  бір 

шенеунікке  осы  ойымызды  білдірдік. 

Абыржып қалған ол: «Солай ма? Мен 

бұл жөнінде білмеппін» деп, көзімізше 

жолақ лентаны қоқыс жəшігіне тастай 

салды. «Білмеген  у  ішеді»  деген  ғой, 

əйтпесе  намысы  бар  екен»  деп  əлгі 

азаматқа сүйсініп-ақ қалдық. Алайда... 

Ертеңінде  əлгі  шенеунік  Георгий 

лентасын  өңіріне  қадап,  қаздаңдап 

жүр.  Ұшырасып  қалғанда,  жалт 

бұрылды.  Ортан  қолдай  азаматтың 

бұл қылығын көргенде ішіміз мұздап, 

қазақтың  ар-ұятына  деген  үміт  пен 

сенім  іріткіге  салған  терідей  жидіді. 

«Екі шоқып, бір қарауға» дағдыланған 

мұндай  адамдардың  өз  пікірі,  өз 

ұстанымы  болмайтыны,  көлеңкесінен 

қорқып, 

жалтаңдап, 

жалтақтап 

өмір  сүретіні  бесенеден  белгілі.  Бір 

əттеңі,  ел  алдында  жүрген  мұндай 

азаматтардың жаңағыдай кеселді елдің 

ертеңі саналар еркін елдің бұла өскен 

ұл-қыздарына  жұқтырып,  індетке  ай-

налдыратыны.  Ресей  империясының, 

православ  дінінің  желеп-жебеушісі 

Георгий  Победоносецті  пір  тұту 

қазақ  баласы  үшін  түптеп  келгенде 

Ресей  мүддесін  қолдау,  бөтен  діннің 

ұлықтығын  мойындау  болып  шықпай 

ма?  Осылайша  Алаш  мұраттарын  бір 

сатудан,  Алланы  екі  сатудан  асқан 

күпірлік  болмасын  десек,  ойланайық 

ағайын.  Елін  сүйген  елжанды  азамат 

үшін  өз  мемлекетінің  рəміздерін 

қастерлеуден қасиетті нəрсе жоқ. Жеңіс 

мерекесінде  кеудеңіз  бос  болмасын 

десеңіз,  қасиетті  Көк  байрақпен 

түстес лентаны тағып алыңыз, төбеңіз 

мақтаныштан көкке жетеді.



С.ҚҰДАЙБЕРГЕНТЕГІ.

Биыл-айтулы жыл. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы 

тойланғалы  отыр.  Халық  жеңіс  жолында  құрбан  болғандарға  бас 

иіп, тағзым етіп, көзі тірі қарт майдангерлерге өлшеусіз құрмет 

көрсетеді.  Бәрі  жарасымды,  бәрі  орынды.  Қарыз  бен  парыз  өтелу 

үстінде, өтеле де бермек. Тек... сол Жеңіс мерекесін тойлау кезінде 

«Осы  қалай?»  дегізіп,  көңілдің  түкпірінде  жатқан  ойды  сыртқа 

шығаруға түрткі болып жүрген бір «әттеген-ай» бар.

ƏР ЖƏДІГЕР-БІР ТАРИХ

Тағы бір өзіндік тарихы бар іргедегі  

көзге  түскен  жəдігер,  бір  шебердің 

қолынан  ағашқа  ойылып  салынған  

жерімізде  көптеген  кен  көздерін 

ашқан табиғи дарынды геолог Қосым 

Пішенбаевтың  ескерткіші бейнеленген 

сурет. 


-  Екібастұз  тарихын  зерттеген, 

кенді  тапқан  бір  орысты  жазыпты. 

(фамилиясы  есімде  жоқ)  Қосымның 

атын  атағылары  да  келмейді.  Жартыс 

Ресейге  жылу  мен  су  беріп  тұрған 

қаланың  көмірін  тапқан  адам  десем, 

оған  дəлелі  бар  қағаз  əкел  дейт.  Оны 

қайдан табам. Десем де, ойымды осы 

бір  сұрақ  мазалай  берді.  Əйтеуір, 

күндердің 

күнінде 

Мəскеудеің 

мұрағаттарының  бірінде  жүргенде 

украинаның 

бір 

жігіттерімен 



кездестім.  Олар  Алматыда  Тарас 

Шевченко  туралы  бір  мəліметтер 

керектігін айтты. Мен де оларға қолқа 

салып,  өзімнің  жұмысымды  айтып

сөйтіп 

бір-бірімізге 



көмектесіп, 

дəлелді қағаздарын əкелдім,-деп сөзін 

қорытты.  

Əңгіме  де  қызып,  майдангер  де 

жадырап  отырғанда  уақыттың  да 

біраз  жерге  барып  қалғаны  сезілмеді. 

Қоштасардың  алдында  ақсақал  мен 

оның  зайыбына  ұзақ  ғұмыр  тілеп, 

ұрпақтарының  қызықтарына  бөлене 

берсін деген тілек айтып, баянауылдық 

жерлестерінің  атынан  жіберген  аудан 

əкімі Нұрлан Күлжанның ыстық сəлемі 

мен ізгі  ниетпен əкелінген «Баянауыл» 

кітабын  сыйға  тартып,  атамыздың  ақ 

батасын алдық.

Шынында да, күн санап, сұрапыл 

майданда кеуделерін оққа төсеп, елі, 

жері  үшін  құрбан  болғандарға  мың 

да  бір  тағзым  етеміз.  Майданның 

зардабын  шегіп,  жеңіс  туының 

желбіреуіне  куə  болған  ардагер 

аталарымыздың  өздері  күн  санап 

арамыздан  азайып  бара  жатқаны 

–көңілге  қаяу  түсіреді.  Тірі  шежіре 

болып  отырған  аталарымыздың  

ерліктеріне мың да бір алғыс айтып, 

тəуелсіздіктің  таңы  атып,  тыныш, 

бейбітшілік  өмірде  сүріп  жатқан 

ардагерлер 

үшін, 

ұрпақтары, 

яғни  қазақ  елінің  жұртшылығы 

олардың санаулы күндерін бақытқа 

толтыруы қажет.

Р.S.  Көпке  дейін  қолына  таяқ  алып 

жүрмесе  де,  аяғынан  алған  сұм 

соғыстың  төрт  бірдей  жарақатының 

сызаты əлі күнге дейін сыр беріп жүр. 

Бүгінде  тоқсанды  төңкергелі  отырған 

қарияның,  міне,  енді  жауырыны 

еңкіш  тартып,  аяғын  еппен  басады. 

Сөйтсе  де,  ойы  сергек,  қушыкестігі 

өзіне  жарасымды.  Мінезі  бала  секілді.  

Кəрілікке дес бергісі келмейді. Мүндай 

адамдардың  жаратылысын  «сүйегі 

асыл» деп жатады ғой Асылы, адамды  

қадірлі  ететін  мемлекет  тарапынан  

бағаланатын  еңбегі  ғана  емес,  оның 

айналасына  сəуле  шашып  тұратын 

адамгершілігі, кеудесіне жиған рухани 

байлығы  екеніне  де    ешкім  дау  айта 

алмас. Сол рухани азыққа масаттанып, 

күні  бүгінге  дейін  баспанасы  болмаса 

да,  қолын  жайып,  шенеуніктердің 

алдына  бармаған.  Абыз  қария  үйдің 

кезегін енді неше жыл күтпек? 

40-тан  астам  тың  еңбектер  жазса 

да,  ардагердің  еңбегі  əлі  күнге  дейін 

өз  деңгейінде  еленбей  келе  жатқаны 

өкінішті-ақ.  Қаламгерлікке  берілетін 

марапаттары да иесін бірде тауып, бір-

де таппай жататыны да түсініксіз.  Ұлы 

Жеңісітің 70 жылдығы  қарсаңында 

қазақтың  маңдайына  біткен  даңқты 

жауынгер, 

қаламгер-жазушымызға 

«Халық  қаһарманы»  атағын  берсе  де 

көптік етпейді.

Сондай-ақ,  жазушының  өзі  туған 

жерінде  бір  көшенің  атын  беріп, 

мұражай  ашылса  деген  де  ұсыныстар 

бар.


Міне,  Қалекең  осы  санаттағы  адам. 

Өйткені  өмірден  көргені  мен  түйгені  

мол.  Жақсыны  да,  жаманды  да, 

заманның  дауылын  да,  жауынын  да 

көрген ардагер жазушы. 

                                               



Л.ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, 

«Баянтаудың» арнаулы тілшісі.

Суретті түсірген: 

Қазақстанның белгілі фототілшісі, 

ҚР Мəдениет қайраткері, жерлес 

қаламгер 



Жақсылық ТҰРЛЫБЕК

.

САНАМЫЗ СЕРГЕК БОЛСЫН



ОҚШАУ ПІКІР

Пробация сөзі – латын тілінен аударғанда «Сынау» - деген 

мағынаны  білдіреді.  Дəл  осы  сынау  құқық  бұзушылық 

жасаған  азаматтарға  бас  бостандығынан  айыру  орындарына 

түспеудің  бірден  бірі  мүмкіндігі,  Қазақстан  Заңнамасының 

жаңа енгізілімі болуы тиіс делінген.

Қазақстан  Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы 

«Қазқастан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

пробация 

қызметі 


мəселелері 

бойынша 


өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңымен  Қазақстан 

Республикасының  Қылмыстық  кодекссінің 63 бабының 

5-1  бөліміне  өзгерістер  енгізілді,  соған  сəйкес  сот  шартты 

түрде  соттауды  тағайындағанда  пробациялық  бақылаумен 

жанартылған  міндеттер  белгілейді.  Біздің  заңнамамызда 

қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасына сотталған-

дар сынақ мерзімін өтейді, яғни ҚР ҚК-нің 42,43,44,50,63,74 

бабтарына сəйкес жазалары орындалып, Баянауыл аудандық 

пробация қызметінде есепте тұрады.

Пробациялық  бақылаудың  мақсаты  заң  немесе  сот 

белгіленген  міндеттердің  орындалуын  бақылау  арқылы 

əулеметтік  əділеттікті  қалпына  келтіру,  сотталғандарды 

түзеу, қылмыстық əрекетті қайта жасауды болдырмау, шартты 

түрде  сотталғандардың  жалпыға  танылған  əулеметтік, 

моральдық  жəне  құқықтық  нормаларды  сақтауы  болып 

табылады. Сонымен қатар оларға тек бақылау ғана жасау емес 

жоспарларды əзірлеу кезінде оларға білім алуда, мамандықты 

меңгеруде,  жұмысқа  орналасуда,  емделуде,  сондай-ақ 

құқықтық  көмекпен  қамтамасыз  етуде  жəрдем  көрсету 

пробациялық түрде сотталған адамдарға əулеметтік-құқықтық 

көмектің негізгі бағыттарын орындау болып табылады. Осыған 

орай  жанадан  Баянауыл  аудандық  пробациялық  есепке  алу, 

құқықбұзушылықты болдырмау, əулеметтік-құқықтық көмек 

көрсетудің  жобалары  бойынша  пробация  түрде  сотталған 

азаматтар мен азаматшаларға осы заңнамадағы өзгерістер мен 

толықтыруларды түсіндіру олармен əңгімелесу, сұхбат жасау 

жөніндегі  жұмыстар  Баянауыл  аудандық  пробация  қызметі 

тарапынан атқарылып жатыр.

Е.ШАЙХИН, 

Баянауыл аудандық пробпция қызметінің 

аға инспекторы əділет капитаны. 

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі 

қызмет барлық кезеңдерде құрметті міндет жəне 

борыш  болып  табылады.  Біздің  ата-бабамыз 

елімізді жаудан қорғауда көп еңбек сіңірді. Олар 

бізге өте сирек кездесетін табиғи қазбасы бар бай 

мемлекетті табыс ете білді. Сіздерді өткен уақыт 

пен  қазіргі  уақыттағы  батырлардың  ізбасарлары 

болуға  мүмкіндіктеріңіз  бар.  Мемлекет  əскери 

қызметшілердің  мəртебесін  көтеру  мақсатында, 

əскери қызметшілерге қамқорлық көрсетіп, əскери 

қызметшілердің  олардың  отбасына  арналған 

кеңейтілген  əулеметтік  пакеті  қарастырылған 

«Əскери  қызмет  жəне  əскери  қызметшілер 

мəртебесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы  заң 

қабылдады.

Қарулы  күштерде  қызмет  өткеру  абыройлы, 

жалақысы жоғары төленатін кəсіп алу мүмкіндігін 

береді.  Қызмет  өткеру  кезінде  тұрғын  үймен 

қамтамасыз етеді, коммуналдық жəне жалдамалы 

пəтер ақысы төленеді. 

Қарулы  күштерде  қызмет  өткеру  əлемді  көру, 

əлемнің əр тарабындағы оқу орындарында əскери 

білім деңгейін жоғарлату мүмкіндігін береді.

Сырттай оқу нысаы бойынша азаматтық білім 

алуға    мүмкіндік  береді,  ол  үшін  еңбек  ақысы 

сақталатын оқу демалыстары беріледі. 

Əскери  қызмет  өткеру  кезеңінде  келісімшарт 

бойынша  əскери  қызметшілер  тегін  тұрғын 

үймен қамтамасыз етіледі, қызметі аяқталысымен 

қол  жетімді  тұрғын  үй  алуға  мүмкіндік  беретін 

мөлшерде қызметтен босарда алатын жəрдемақы 

төленеді.

Əскери қызметшінің өмірі нағыз ерге лайық кең 

мазмұнға, қызықты оқиғалар мен жаңа əскерлерге 

толы.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал