Баянауыл аудандық газеті



жүктеу 0.64 Mb.

бет4/7
Дата21.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7

 Баянтау                                                                                                                     20 ақпан 2015 жыл №8 (10659) 

ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР

Арман Бердəлі 

 

ЖОҚ ІЗДЕП ЖҮРМІН



Жоқ іздеп жүрмін жоғалтып алып барымды,

Жол іздеп жүрмін қайтарар өткен шағымды.

Бірлігім неге бүйректей кетті-ау бөлініп,

Түндігім неге түс аумай жатып жабылды.

Жұрт емес пе едік жұдырық ұқсап жұмылған,

Ұлт емеспе едік ұл менен қызы дарынды.

Заң іздеп жүрмін қорғайтын қолда барымды,

Жан іздеп жүрмін түсінер мұң мен зарымды.

Ел іздеп жүрмін азансыз таңы атпаған,

Сан ғасыр бойы сақшыдай салтын сақтаған.

Табысын емес намысын қорғап тұмардай, 

Мал үшін емес ар үшін болған ақ табан.

Қол ұшын созып жесірі менен жетімге,

Ол үшін одан ақ дəметіп жатпаған.

Мұрагерлерін бесіктен бастап үйретіп,

Құлагерлерін құлын кезінен баптаған. 

Осының бəрі көрген түстей боп кешегі,

Жоқ болып кетті-ау жат жұрттың 

                                                        жұғып кеселі.

Жерініп жүрмін өзімнен-өзім бұл күні,

Демігіп жүрмін дертімнің болмай еш емі.

Мол мұрам қайда, домбырам қайда жоғалды,

Батыстан гулеп барабан үні еседі.

Қоғамым мынау қарғасын төрде сайратып, 

Тұлпардан озып бəйгелі болған есегі.

Қарттарды іздеймін бауыры бүтін, басы аман,

Дəурен-ай шіркін ғасырдан ұзақ жасаған.

Абыздарым-ай айналып төрдің сəніне,

Күректей қолмен білектей майды асаған. 

Ақылын айтып, батасын беріп баршаға,

Шежіресі мен тарихын тасқа қашаған.

Шалдар көбейді дін емес, жынды дос еткен,

Араққа бөгеп тұра алмай жатқан төсектен.

Қарт ойнап жүрген қарттардың қалмай қадірі,

Дуалы аузы босамай жатыр өсектен.

Сексенге жасы, тоқсанға, жүзге жетсе де,

Ғұмырын қайтем құлшылығы жоқ бос өткен.

Əже іздеймін əз жүзін əжім қаптаған,

Қарынға салып май менен құртын баптаған.

Сақтаған сүрін кебежесінің түбіне,

«Немерелерім жесін» деп дəмін татпаған.

Келінге сенбей кенжесін асқа тойдырып, 

Жақындарының жай-күйін білмей жатпаған.

Қазіргі əжең жетпіске жеткен жасы бар,

Қиылған қасы, боялған селдір шашы бар.

Майдың орнына маргарин алып дүкеннен,

Шайдың орнына шарапты ішіп шашылар.

Немере емес мысығын басып баурына,

Шөбере емес күшігін күтіп асырап.

Келін іздеймін алғысын елдің алатын,

Жолыңды кеспей иіліп сəлем салатын.

Қабағын шытпай қартайған ата-енесін,

Тамағын беріп, барымен баптап бағатын.

Түскен үйінің түтінін түзу шығарып,

Ошақтың отын өшіріп алмай жағатын.

Қазіргі келін əр айтқан сөзін заң қылып,

Керіліп жатар ұйқысын ұзақ қандырып.

Қауқарсыз қалған қарт ата-енесін жақтырмай,

Айғайы менен ойбайы тұрар жаңғырып.

Қара шалдарым қара шаңырағын қалдырып,

Қарттардың үйін паналап кетті-ау қаңғырып.

Қыздарды іздеймін лайлатқызбаған тұнығын,

Қырық үй болып қадағалаған қылығын.

Айнадан басқа ажарын ешкім көрмеген,

Бес күнде тарап, он күнде өрген бұрымын.

Домалақ ана, Айғаным менен Зередей,

Асылдарымның таба алмай жүрмін сынығын.

Қыздарым мынау бояуын жағып бір батпан,

Сыра сіміріп, темекісінен күл қаққан.

Тұрмысқа шықпай балалы болып үлгеріп,

Қыз Жібектерім қызығын ерте ұрлатқан.

Лəйлімдер лəйліп, Еңліктер ашып етегін,

Томиристерім түнгі клубтарда түн қатқан.

Баланы іздеймін атаның атын танытқан,

Бес жастан би боп, оқ бойы озған халықтан.

Аятты айтқанда екі жыл бойы емізіп,

Анасы оны ақ уызына жарытқан.

Дəретін алып, дəстүр менен дінін дəріптеп,

Сүтпенен бірге сүйекке мінез дарытқан.

Бала көбейді бəленің бəрін білетін,

Бесіктен боқтап, есіктен сыбап кіретін.

Экраннан көрген құбыжықтарға еліктеп,

Ер Төстік жайлы ертегі айтсаң күлетін.

Ұяда жүріп ұяттың ұқпай не екенін,

Қияда жүріп қиянат жасап жүретін.

Дінімді іздеймін сəн үшін сақал қоймаған,

Өз басын емес көз жасын елдің ойлаған.

Дəстүр мен дінді қатар ұстанып қастерлеп,

Бидғатты емей мəулітті ел боп тойлаған.

Шариғатты ұқпай шаһид болам деп шатасып,

Өз-өзін жарып, өз жанын өзі жоймаған.

Дініміз мынау кіршіксіз түрі кірлеген,

Балақты кесіп, бақталас болдық пірменен.

Бабаларым-ай ханафи жолын ұстанып,

Араларына жау түгіл дау да кірмеген.

Бүлікті салып бір хадис жаттап алғандар,

Іріткі салып ібіліс шықты-ау іргеден.

Қаншама жанды «кəпір» деп ажал құштырып,

Тақуалар жүр сауапты теріп түрмеден.

Тілімді іздеймін жүзіндей өткір шалғының,

Осы тілменен өлшенер менің бар құным.

Осы тілменен Махамбеттер мен Абайлар,

Жыр дастан қылып жеткізе білген зар мұңын.

Осы тілменен əз Тəуке жазып жарғысын,

Осы тілменен Абылай айтқан жарлығын.

Бір ауыз сөзбен жылаған жанды жұбатып,

Бір ауыз сөзге сыйдыра алған барлығын.

Тіліміз бүгін жай-күйін кешіп жарлының,

Енді-енді сездік кең дүниенің тарлығын.

Қазақ боп туып, орыс боп өскен жастарың,

Құлыптап қойды тілімнің қара сандығын.

Қазақтың өзі қазақтың тілін менсінбей,

Соңынан жүрміз əркімнің теріп қалдығын.

Киімді іздеймін құндыздан қылған жағасын,

Оюдың өзі білдірер келген баласын.

Бешпент пен қамзол, кимешек пенен кебістің,

Баз кешіп жүрміз барында білмей бағасын.

Арбасып жатқан заманда мынау барлығын,

Шаң басып жатқан мұражайлардан табасың.

Осыны ойлап шақша бас болды шарадай,

Барамыз ұлт боп балынан безген арадай.

Саптама етік сандықтың жатып түбінде,

Жаулығың қалды шаң сүртуге де жарамай.

Наурыз келсе шапанын шалдар іздейді,

Жаңа жыл келсе маскасын киген баладай.

Алдымда əлі арайлап атар бір таңым,

Күңіреніп емес, күлімдеп айтар жұрт əнін.

Тəубеңе келіп, Құдайға жаса құлшылық,

Жоқ болып егер кетпесін десең ұрпағың.

Əдебиет


əлемiнде 

№1

№1

Еламан

Еламан  ХАСЕНҰЛЫ

  ХАСЕНҰЛЫ

  1993  жылы  14-

 1993 жылы 14-

сəуірде  Баянауыл  ауданы,  Лекер  қажы 

сəуірде  Баянауыл  ауданы,  Лекер  қажы 

ауылында дүниеге келген. Шəкен Айманов 

ауылында дүниеге келген. Шəкен Айманов 

атындағы №1 қазақ гимназия- мектебінің 

атындағы №1 қазақ гимназия- мектебінің 

түлегі.  Қазіргі  уақытта  Алматы  қаласы, 

түлегі.  Қазіргі  уақытта  Алматы  қаласы, 

Орталық  Азия  университетінің  ІV  курс 

Орталық  Азия  университетінің  ІV  курс 

студенті.

студенті.

Өлеңдері 

республикалық 

жас 

Өлеңдері 

республикалық 

жас 

ақындардың  «Жаңа  ғасыр  жырлайды», 

ақындардың  «Жаңа  ғасыр  жырлайды», 

қазақ  поэзиясының  Х  томдық  «Жыр 

қазақ  поэзиясының  Х  томдық  «Жыр 

маржаны» антологияларына енген.

маржаны» антологияларына енген.

АҢСАР

АҢСАР

(Туған жерге хат)



(Туған жерге хат)

Сағыныштан жанға шер толып та 

Сағыныштан жанға шер толып та 

                                                               алған,

                                                               алған,

Жыр күтеді Ақының жарық таңнан.

Жыр күтеді Ақының жарық таңнан.

Сен емес пе ең, Туған жер, шығарып сап,

Сен емес пе ең, Туған жер, шығарып сап,

Жүрегімнің жартысын алып қалған?!

Жүрегімнің жартысын алып қалған?!

Сендік əуен, сендік жыр қуаты мың,

Сендік əуен, сендік жыр қуаты мың,

Көкейімде күмбір боп тұнатын үн.

Көкейімде күмбір боп тұнатын үн.

Аттандырған өзің ең ақ батамен,

Аттандырған өзің ең ақ батамен,

Алматыда жүрсін деп бір Ақыным.

Алматыда жүрсін деп бір Ақыным.

Қол бұлғайды алыстан балалығым,

Қол бұлғайды алыстан балалығым,

Тілегіңмен ер жеттім, қара, бүгін!...

Тілегіңмен ер жеттім, қара, бүгін!...

Елеңдеп жүр ме əкешім экранға,

Елеңдеп жүр ме əкешім экранға,

Алматының жібермей жаңалығын?

Алматының жібермей жаңалығын?

Жырақ кеттім, (Өмірдің сəтті өрнегі.)

Жырақ кеттім, (Өмірдің сəтті өрнегі.)

Арман атты шақырды ақ төр мені.

Арман атты шақырды ақ төр мені.

Жас үзді ме жанардан əппақ анам,

Жас үзді ме жанардан əппақ анам,

жырымды оқып сол ескі дəптердегі?

жырымды оқып сол ескі дəптердегі?

Мен алаңсыз күн кештім Жырмен бірге,

Мен алаңсыз күн кештім Жырмен бірге,

Қиялдағы қалаулы түрге ендім де.

Қиялдағы қалаулы түрге ендім де.

Сағынып жүр ме ағасын қарындасым,

Сағынып жүр ме ағасын қарындасым,

сағынышын сыр қылып Нұр мен Гүлге?

сағынышын сыр қылып Нұр мен Гүлге?

Шабытымды шалқытшы, Жасыбай көл,

Шабытымды шалқытшы, Жасыбай көл,

Көңіл, енді буырқанып, тасымай көр!

Көңіл, енді буырқанып, тасымай көр!

Муза дейтін мəңгілік ғашығымның,

Муза дейтін мəңгілік ғашығымның,

Періштелер, жыр-бұрым шашын Айда 

Періштелер, жыр-бұрым шашын Айда 

                                                                  өр!

                                                                  өр!

Серік болды бұл күнде балаң Отпен,

Серік болды бұл күнде балаң Отпен,

(Өз кеудесін күйдіріп жаралы еткен.)

(Өз кеудесін күйдіріп жаралы еткен.)

Балғын күнді бауырыңа қалдырсам да,

Балғын күнді бауырыңа қалдырсам да,

Еркелікті өзіммен ала кеткем.

Еркелікті өзіммен ала кеткем.

Самалыңмен, Баянтау, тербет мені!

Самалыңмен, Баянтау, тербет мені!

Асқарына арманның өрлет мені!

Асқарына арманның өрлет мені!

Өзің едің өлең мен сезім құйған 

Өзің едің өлең мен сезім құйған 

жүрегіне сəбидің жөргектегі...

жүрегіне сəбидің жөргектегі...

Енесінен құлындай қалыспаймын.

Енесінен құлындай қалыспаймын.

Мен өзіңнен қалайша алыстаймын?

Мен өзіңнен қалайша алыстаймын?

Түбінде құшағыңа құлаймын да,

Түбінде құшағыңа құлаймын да,

қалған жарты жүректі табыстаймын!

қалған жарты жүректі табыстаймын!

АНАМА ХАТ

АНАМА ХАТ

Жүрегіңе байландым шаранадан,

Жүрегіңе байландым шаранадан,

Тілеуіңе айналдым. Жағам аман!

Тілеуіңе айналдым. Жағам аман!

Ақ сүтіңнің, Анашым, қасиеті,

Ақ сүтіңнің, Анашым, қасиеті,

Қара өлеңмен дос болды қара балаң.

Қара өлеңмен дос болды қара балаң.

Түсіме ендің, Анашым, кеше менің:

Түсіме ендің, Анашым, кеше менің:

Қысып тұрмын  тізеңді.

Қысып тұрмын  тізеңді.

Не себебі?

Не себебі?

Сағындың ғой сен мені, мен де сені,

Сағындың ғой сен мені, мен де сені,

баса алар ма мауқымды осы өлеңім?!

баса алар ма мауқымды осы өлеңім?!

Ақ шашыңның көбейген самайда анау,

Ақ шашыңның көбейген самайда анау,

өтеуіне өлеңім жарай ма, Ана?

өтеуіне өлеңім жарай ма, Ана?

Немен өлшей алам кең пейіліңді,

Немен өлшей алам кең пейіліңді,

Мейіріңді жырлайын қалай ғана?

Мейіріңді жырлайын қалай ғана?

Құлыным,- десең марқайып, шалқып 

Құлыным,- десең марқайып, шалқып 

                                                            қалам...

                                                            қалам...

Тілегіңмен тек алға тартып барам...

Тілегіңмен тек алға тартып барам...

Бұл ғаламда қазына табылар ма?

Бұл ғаламда қазына табылар ма?

Жүзіңдегі шаттықтан артық маған.

Жүзіңдегі шаттықтан артық маған.

Құшағыңда əлі жүр балалығым,

Құшағыңда əлі жүр балалығым,

Елеместен елес- күн, сана мұңын.

Елеместен елес- күн, сана мұңын.

Кешіре сал баяғы əдетіңше,

Кешіре сал баяғы əдетіңше,

Жетпей жатса қадіріңе жаман ұлың.

Жетпей жатса қадіріңе жаман ұлың.

Алаңдайсың, ойлайсың, түрің жүдеп,

Алаңдайсың, ойлайсың, түрің жүдеп,

Сол үшін де жүрегің тілінді көп.

Сол үшін де жүрегің тілінді көп.

Сезесің ғой, білсің, шақалағың,

Сезесің ғой, білсің, шақалағың,

ғашықтық дейтін дертке ұрынды кеп.

ғашықтық дейтін дертке ұрынды кеп.

Сенсің, Ана, беретін жаныма сəн,

Сенсің, Ана, беретін жаныма сəн,

Сен болмасаң артпас ед бағым аса.

Сен болмасаң артпас ед бағым аса.

Мен Өлең мен Өмірді сүйе алар ма ем?

Мен Өлең мен Өмірді сүйе алар ма ем?

Бойыма махаббатың дарымаса!

Бойыма махаббатың дарымаса!

***

***

Ей, өлең, қинамашы мені бұлай!

Ей, өлең, қинамашы мені бұлай!

Маған бақ қып жіберген сені Құдай.

Маған бақ қып жіберген сені Құдай.

Серігім- ай сеніскен, неге, неге?

Серігім- ай сеніскен, неге, неге?

Мұңға бата береді көңіл ұдай.

Мұңға бата береді көңіл ұдай.

Күзді сүйем!,- деуші едім бұрындары,

Күзді сүйем!,- деуші едім бұрындары,

Сол қызды аңсау екен ғой- мұның бəрі.

Сол қызды аңсау екен ғой- мұның бəрі.

Құбылмалы боп кеттім сол күздейін,

Құбылмалы боп кеттім сол күздейін,

Көмейіме бір өксік тығылғалы.

Көмейіме бір өксік тығылғалы.

Қайда екен сол өзгеден тым əдемім,

Қайда екен сол өзгеден тым əдемім,

Кезіп жүр ме əлде өзі гүл əлемін?

Кезіп жүр ме əлде өзі гүл əлемін?

Бір жеңілдеп қаласың деуші еді ғой,

Бір жеңілдеп қаласың деуші еді ғой,

Ер боп тудым, əйтпесе жылар едім...

Ер боп тудым, əйтпесе жылар едім...

Балалықты жас көңіл ескеріп пе?

Балалықты жас көңіл ескеріп пе?

Сол бір қызға, апыр- ау, қош дедік пе?

Сол бір қызға, апыр- ау, қош дедік пе?

Өлең, өзің болмасаң не істер едім?

Өлең, өзің болмасаң не істер едім?

Бəрі айналып барады естелікке!

Бəрі айналып барады естелікке!

РАЙЫМ ҚАРТ

РАЙЫМ ҚАРТ

Ешбір жанға тимеген еш кесірі,

Ешбір жанға тимеген еш кесірі,

Қайрат, жігер, намыс болған досы Ұлы.

Қайрат, жігер, намыс болған досы Ұлы.

Біздің жақта Райым деген қарт өткен,

Біздің жақта Райым деген қарт өткен,

Жалғыз қолмен тапқан ырыс- несібін.

Жалғыз қолмен тапқан ырыс- несібін.

Қолы қайда?

Қолы қайда?

Жауда кеткен бұл- шын кек.

Жауда кеткен бұл- шын кек.

Ел басына соғыс түскен бір сын боп.

Ел басына соғыс түскен бір сын боп.

Берлин жаққа кеткен екен қалдырып,

Берлин жаққа кеткен екен қалдырып,

Фашисттерге сес көрсетіп тұрсын,- деп.

Фашисттерге сес көрсетіп тұрсын,- деп.

Бір қолы жоқ, ол- қырғынның қорлығы, ə!

Бір қолы жоқ, ол- қырғынның қорлығы, ə!

Жалғыз қолы оған қайғы болды ма?!

Жалғыз қолы оған қайғы болды ма?!

Бес ұл менен бір қыз берді Тəңірі,

Бес ұл менен бір қыз берді Тəңірі,

Бір қолының орнына.

Бір қолының орнына.

Қайда барса құлындарын жетектеп,

Қайда барса құлындарын жетектеп,

Тек соларды көңіліне сеп етпек.

Тек соларды көңіліне сеп етпек.

Қашан көрсең  бал- бұл жайнап жүретін,

Қашан көрсең  бал- бұл жайнап жүретін,

«Жалғыз басқа жалғыз қол да жетед»,- 

«Жалғыз басқа жалғыз қол да жетед»,- 

                                                                деп.

                                                                деп.

Алты бала жүрегіне тамызды от,

Алты бала жүрегіне тамызды от,

Тек солардан жүретін-ді бақ іздеп.

Тек солардан жүретін-ді бақ іздеп.

Бір күндері үй тұрғызбаққа бекінді,

Бір күндері үй тұрғызбаққа бекінді,

«Ер-жігітке əлімсақтан парыз»,-деп.

«Ер-жігітке əлімсақтан парыз»,-деп.

Қасында жар көңілі-құт, асы-нəр,

Қасында жар көңілі-құт, асы-нəр,

Ұлдары жүр тасып үйдің тасын əр,

Ұлдары жүр тасып үйдің тасын əр,

Айран əкеп қуантады қызы да:

Айран əкеп қуантады қызы да:

«Əкетайым, ішіп шөлді басып ал».

«Əкетайым, ішіп шөлді басып ал».

«Əке, бұл үй біздікі ме шынымен?»

«Əке, бұл үй біздікі ме шынымен?»

«Сап болған соң не істейміз  бұнымен?»

«Сап болған соң не істейміз  бұнымен?»

Балалар ғой, жаудырады сұрақты,

Балалар ғой, жаудырады сұрақты,

Бірі қалмай бірінен.

Бірі қалмай бірінен.

Құптағандай қайратты ердің зор ісін,

Құптағандай қайратты ердің зор ісін,

Ағайын- жұрт тигізді кеп қол ұшын.

Ағайын- жұрт тигізді кеп қол ұшын.

Фашисттерді жеңіп қайтқан «жалғыз 

Фашисттерді жеңіп қайтқан «жалғыз 

                                                                 қол»,

                                                                 қол»,

Солай тағы тойлап жатты жеңісін.

Солай тағы тойлап жатты жеңісін.

  

Жеңіс! Жеңіс! Ерде нағыз хас, берік!

Жеңіс! Жеңіс! Ерде нағыз хас, берік!

Сарайдай үй тұрды нұрға, рас, көміп,

Сарайдай үй тұрды нұрға, рас, көміп,

Айлар бойы төккен тері əкенің,

Айлар бойы төккен тері əкенің,

жанарында мөлтілдеді жас болып.

жанарында мөлтілдеді жас болып.

Осы үй болды берекенің бесігі,

Осы үй болды берекенің бесігі,

«Сүйінші!!!»,- деп ашылды əркез есігі,

«Сүйінші!!!»,- деп ашылды əркез есігі,

Шатырына ұя салды қарлығаш,

Шатырына ұя салды қарлығаш,

Райым қарт боп өзгерді Əке есімі.

Райым қарт боп өзгерді Əке есімі.

Үйден жырақ жүрсе күні батар ма?

Үйден жырақ жүрсе күні батар ма?

Үйден шалғай жүрсе таңы атар ма?

Үйден шалғай жүрсе таңы атар ма?

Осы үйінен тапқан бақ- құт баянды...

Осы үйінен тапқан бақ- құт баянды...

Осы үйінен аттанды ақтық сапарға.

Осы үйінен аттанды ақтық сапарға.

Жылдар жылжып, жайлар болды не 

Жылдар жылжып, жайлар болды не 

                                                               түрлі.

                                                               түрлі.

Арттағы ұл- қыз белін буып, бекінді...

Арттағы ұл- қыз белін буып, бекінді...

Əлі күнге шаңырағын Райым қарт,

Əлі күнге шаңырағын Райым қарт,

Жалғыз қолмен тіреп тұрған секілді.

Жалғыз қолмен тіреп тұрған секілді.

Арман Бердәлі




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал