Баянауыл аудандық газеті



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/7
Дата21.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

redakciyabayantau@mail.ru

Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады

Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!  

Мəшһүр Жүсіп

Бүгінгі нөмірде:

Баянтау

Баянтау


20 ақпан 2015 жыл №8 (10659)

20 ақпан 2015 жыл №8 (10659)

Ер есiмi - ел есiнде 

Құлынтай

6 бет 


6 бет 

ТАҒАЙЫНДАУ

Аудан  əкімінің 2015 

жылғы 11 ақпандағы 

№2-23/13 

өкімімен 

Смағұлов 

Төлеген 

Ы н т ы қ б а й ұ л ы 

«Баянауыл  ауданының 

кəсіпкерлік 

жəне 

ауыл 


шарушылығы 

бөлімі» 


мемлекеттік 

м е к е м е с і н і ң 

басшысы  лауазымына 

тағайындалды.

Смағұлов  Төлеген  Ынтықбайұлы 1964 

жылы 20 қарашада  туған,  Баянауыл 

ауданының тумасы.               

Екі жоғары білімі бар:

1. 1991 жылы  Семей  зоотехникалық-

малдəрігерлік 

институтын 

бітірген, 

біліктілігі – зооинженер; 

2. 2003 жылы 

Қазақстан-Ресей 

университетін  бітірген,  біліктілігі - 

юриспруденция. 

Еңбек  жолын 1982 жылы  Баянауыл 

ауданы Алексеевка совхозында қарапайым 

жұмысшыдан бастаған.

1986 жылдың қыркүйек-қазан айларында 

Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық  табиғи 

паркі  туризм    жəне  ақпарат  бөлімінің 

экскурсоводы, 1991-1993 жылдары 

«Мерей», 1993-1995 жылдары «Адай» жеке 

шағын  кəсіпорындарының  директоры, 

1995-1998  жылдары  «Баянауыл  АТП» 

АҚ  директоры,  Баянауыл  ауданы  əкімінің 

орынбасары кейіннен бірінші орынбасары, 

ақпараттық  құрылым,  маркетинг  жəне 

менеджмент бөлімі меңгерушісі, Баянауыл 

мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи 

комплекстерді  жəне  объектілерді  қорғау 

бөлімі  бастығы,  облыс  əкімі  аппараты 

инспекторлық-ұйымдастыру 

бөлімінің 

инспекторы болып жұмыс істеді.

2008  жылғы 30 қаңтардан  бастап 2015 

жылғы 11 ақпанға  дейін  Ақсаң  ауылдық 

округінің  əкімі  лауазымында  қызмет 

атқарды.

2 бет 


2 бет 

Əдебиет


əлемінде

7 бет 


7 бет 

бастаған  ісін  əрі  қарай  жалғастырып, 

1943  жылы  Мəскеуде  Кенесары  хан 

жайында  ғылыми  диссертациясын 

сəтті қорғайды.

Бекмахановтың  алғашқы  ғылыми 

ізденістері  педагогикалық  саласымен 

байланысты  болды.  Қазақ  мектептері 

үшін  тұңғыш  ерте  дүние  тарихы  мен 

КСРО  халықтары  тарихы  бойынша 

методика  құрал  жасауға  ат  салысты. 

Бұл 


еңбек 1938-1939 жылдары 

«Халық мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан 

мектебі») журналында жарияланды. 

Тəуелсіздік  алғалы  бері  отандық 

тарих  саласына  өз  үлестерін  қосқан 

ғалым,  жазушы,  ағартушы,  зерттеуші 

ғалымдардың 

есімдері 

беріле 

бастады.  Осындай  бір  ірі  оқиға 



Ұзынбұлақ    ауылдық  округіндегі 

мектепке  академик,  тарихшы,  ғалым 

Е.Бекмахановтың  есімі 1993 жылы 

берілген болатын. 



Е.БЕКМАХАНОВТЫҢ 

АЛҒАШҚЫ ОҚУЛАРЫ

Аудандық  Е.Бекмаханов  оқулары 

2004 жылдан бері бастау алып келеді. 

Алғашқы  Ермұхан  Бекмахановтың 

оқулары  ғалымның 90-жылдығына 

арналған  «І  Е.Бекмаханов  оқулары» 

аудандық 

ғылыми-тəжірибелік 

конференциясына 

облысымыздың 

жоғарғы 

оқу 


орындарының 

ғалымдары, 

ғалымның 

жұбайы 


Халима  Адамқызы,  ұлы  Сермұхан 

мен  қызы  Нəйлə  Бекмахановтар, 

ауданымыздың  басшылары  мен  білім 

беру  мекемелерінің  ұстаздары  мен 

Ақпан  айының 20 - сында  аудандық  əкімдіктің  кеңейтілген 

мəжілісінде бірқатар маңызды мəселелердің мəн-жайы талқыға түсті.

Аудан  əкімі  мен  орынбасарлары,  ауыл  əкімдері,  мекемелер  мен 

ұйымдардың басшылары 

бас 

қосқан 


алқалы 

отырыста  аудан  əкімінің 

аппараты,  қаржы,  жер 

қатынастары, 

білім 

бөлімдерінің басшылары 



баяндама жасады.

Кезекті мəжілісте 2015 

жылдың  І  тоқсанында 

ауданның 

барлық 

деңгейдегі  əкімдерінің 



тұрғындар 

алдында 


есептері 

барысында 

айтылған  ұсыныстар  мен 

ескертулерді    іске  асыру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспары,  аудандық 

коммуналдық меншікті басқару туралы 2014 жылғы аудан бюджетінің 

атқарылуы,  ауыл  шаруашылық  нысанындағы  жерлерді  тиімді 

пайдалану,  Торайғыр  ауылдық  округінің  аумағынан  «Достар»  шаруа 

қожалығын    жүргiзу  үшін  жер  телімін  уақытша  өтеулі  пайдалану 

құқығын  беру,  ауданның  жер  қорынан  ауыл  шаруашылығы  өндірісін 

жүргізу үшін жер телімдерін жалға берген кезде конкурсқа ұсынылған 

жер  учаскелерінің  тізбесін  белгілеу,  конкурсқа  шығарылатын  жер 

телімдерін  жалдау  құқығын  сату  тізбесін  белгілеу,  Баянауыл  ауданы 

əкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі  «ГАММА»  жауапкершілігі 

шектеулі серіктестігіне көмір өндіру үшін жер телімін уақытша өтеулі 

пайдалану  құқығын  беру  туралы»  №235/7  қаулысының  күшін  жою 

жəне жер учаскесін мемлекеттің меншігіне түсті деп тану, кəмелетке 

толмаған  Мариям  Борисқызы  Абрахмановаға  қорғаншы  тағайындау, 

«Баянауыл  ауданының  мəдениет  жəне  тілдерді  дамыту  бөлімі» 

мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту», «Баянауыл ауданының 

дене тəрбиесі жəне спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені 

бекіту» секілді мəселелер қаралды. 

Аудан  əкімі  Н.Күлжан  қаралған  мəселелерге  байланысты  мəн-

жайды  анықтай  түсіп,  қадағалаудың,  тəртіптің  болуын  қатаң  талап 

етті. Сондай-ақ, аудан басшысы атқарылған  жұмыстардың  барлығына  

тоқмейілсуге    болмайтынын,  шешімін    күтіп  тұрған    мəселелердің  

бар  екенін, сондықтан да  өз  орынбасарларынан  бастап барлық сала  

басшыларынан  қатаң  сұраныс  болатынын ескертіп, бірқатар нақты 

міндеттерді жүктеді.  



Өз тілшіміз.

Ақпан айының 20-сында V сайланған Баянауыл аудандық 

мəслихатының кезектен тыс XLIII cессиясы өтті.

Сессия  отырысына  аудан  əкімінің  орынбасарлары, 

мемлекеттік 

мекемелердің 

жəне 

кəсіпорындарының 



басшылары қатысты. 

Мəслихаттың 

мəжілісінде  бес 

мəселе  талқыға 

ұ с ы н ы л д ы . 

Атап 


өткенде 

« Б а я н а у ы л 

а у д а н д ы қ 

мəслихатының 

(V 

сайланған 



кезекті XLII 

cессия) 2014 

жылғы 25 

желтоқсандағы  №235/42 «Баянауыл  ауданының 2015-2017 

жылдарға  арналған  бюджеті  туралы»  шешіміне  өзгерістер 

енгізу  туралы»  экономика  жəне  бюджеттік  жоспарлау 

бөлімінің  басшысы  Асқарова  Татьяна  Петровна  баяндады. 

Одан  соң,  аудандынның  жұмыспен  қамту  жəне  əлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы  Сəуле  Файзоллақызы 

Рахымова  аудандық  мəслихаттың V сайланған  кезектен 

тыс XLII сессиясында  қаралған  «Жекелеген  санаттағы 

алушыларға  мерекелік  жəне  атаулы  күндерге  əлеуметтік 

көмектің  мөлшерлерін  белгілеу  туралы»  №166/32  шеміне 

өзгерістер  енгізу  жөнінде  баяндама  жасады.   «Баянауыл 

ауданының 

əкімдігі 

жанындағы 

қоғамдық 

кеңесін 

бекіту  туралы»  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы 

Қалышбеков Талғат Маратұлы ақпарат берді. 

Сонымен  қатар, V сайланған  Баянауыл  аудандық 

мəслихатының 2015 жылға  арналған  жұмыс  жоспарын 

бекіту,  Баянауыл  ауданының  аумақтық,  аудандық  мəслихат 

депутаттарын  сайлау  жөніндегі  округтік  жəне  учаскелік 

сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №157/31 

шешіміне өзгерістер енгізу туралы мəселелер талданды. 

Сессия  қарауына  ұсынылған  барлық  мəселелерді 

депутаттар  елеп-екшеп,  бірауыздан  қолдап  шешім 

қабылдады. 



Өз тілшіміз.

Ермұхан 


Бекмахановтың 

Абылайханның  ұрпағы  екені  кейінгі 

кездері  ғана  ашық  айтыла  бастады.  

Ермұхан  алты  жасқа  келгенде  əкесі 

дүние салса, анасы Бəпіш пен қарындасы 

ашаршылықта  көз  жұмып,  денелерінің 

қайда  қалғаны  да  белгісіз  екен.  Содан 

сүйеу  болар  ешкімі  жоқ  Ермұхан 

оқу-білімге  бас  қойып,  алдымен 

Баянауылда  жетіжылдық  мектепті, 

одан  кейін  Семейдегі  жоғары  оқу 

орнына даярлайтын бір жылдық курсты 

тəмамдайды. 1933 жылы  Қазақ  АКСР 

оқу-ағарту  халық  комиссариатының 

жолдамасымен  Воронеж  қаласындағы 

мемлекеттік педагогикалық институтқа 

қабылданып, 1937 жылы сондағы тарих 

факультетін бітіреді. Осы оқу орнында 

оқып 

жүргенінде 



Бекмахановтың 

қазақтың  соңғы  ханы  Кенесарыны 

зерттеуге  кірісуіне  түрткі  боларлық 

бір  оқиға  орын  алады.  Осы  жөнінде 

ғалымның  жұбайы  Халима  апа  былай 

дейді:    

-  Воронежде  жүргенімде  үнемі  бір 

қазақ кісіні көретінмін, -  дейтін Ерекең. 

«Осы  кісі  шынында  да  қазақ  болса 

ғой  шіркін»  дейтінмін.  Шет  жерде 

қандасыңды  ұшырату  қандай  керемет! 

Көпке дейін бата алмай жүрдім де, бір 

күні  ақыры  жанына  барып, «Аға,  сіз 

қазақсыз ба?» деп сұрадым. Ана кісі «Иə 

балам, мен қазақпын» демесі бар ма?!». 

Сөйтсе,  ол  Воронежге  жер  аударылған 

алаш  ардақтыларының  бірі  Халел 

Досмұхамедов  екен.  Солайша  екеуі 

үнемі  кездесіп,  əңгімелесіп  тұрады. 

Халел  Досмұхамедов  өзі  дəрігер  болса 

да,  тарихты  жақсы  білген  зиялы  адам. 

Ал, Ерекең ол кезде ауылдан енді ғана 

шыққан,  орысша  оқыған  студент. 

Сондықтан  Ерекеңе  Кенесары    ханды 

зерттеуге  бағыт берген  де  сол Халел 

Досмұхаммедов шығар деймін кейде.»

Хан  Кене  жайлы  зерттеу  жұмысына 

кіріскелі  жүргенде  соғыстың  қаралы 

хабары жетеді.  Сол тұста ҚазКСР Оқу 

халық  комиссариатында  мектептер 

басқармасының 

бастығы 


болған 

Ермұхан Бекмаханов майданға аттанбақ 

болған. Бірақ бала жастан серігі болып 

келе  жатқан  өкпе  ауруы  оның  алдын 

кес-кестейді.  Ер-азаматтың  барлығы 

Отан  үшін  от  кешіп  жүргенде,  елде 

əйел,  бала-шағамен  қала  беруді  ар 

санаған  ғалым  қару  алып  жауға  қарсы 

соғыспаса  да,  соғыс  жүріп  жатқан 

жерлерді  аралап,  сол  кездің  тарихын 

қағаз 

бетіне 


түсіру 

жұмысымен 

айналысты. 

Соғыс 


жағдайына 

байланысты  Қазақстан  жеріне  келіп 

жұмыс  істеген  Анна  Панкратова, 

Николай  Дружинин,  Михаил  Вяткин 

секілді орыстың мықты ғалымдарымен 

бірге Ермұхан Бекмаханов та Қазақстан 

тарихын жазуға кіріседі. Соның ішінде 

бір бөлімі Кенесары хан жайлы болады. 

Сол оқулықтың жазылуы мұң екен, аяқ 

астынан дұшпандар пайда болып, «бұл 

ұлтшылдықты  насихаттайтын,  байлар 

мен  хандарды  мадақтайтын  кітап»  деп 

аяқтан  шалуға  тырысады.  Əйтсе  де 

тарихшы  оған  бола  сағын  сындырмай, 



АСЫЛЗАДА ТАРИХШЫ, ҒАЛЫМ, АКАДЕМИК

Е.БЕКМАХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 100 ЖЫЛ!

«ТАРИХЫМ» ДЕП ЖАЛЫНДАҒАН НАР ТҰЛҒА

Мəслихат сессиясында



ƏКІМДІК МƏЖІЛІСІНДЕ

МАҢЫЗДЫ МƏСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ



(Жалғасы 4-бетте).

Биыл  біртуар  ғалым,  академик,  тарихшы 

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың дүниеге 

келгеніне 100 жыл толады. Осындай асылзада 

тарихшы туралы бір сөз етсек. 

2

20 ақпан 2015 жыл №8 (10659)                                                                                                                       Баянтау

ТАҒЗЫМ

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 

Ер есімі - ел есінде 

Ер есімі - ел есінде 

Дүйсенбай  Рахметов  майдан  шебінге  соғыс  басталған-

нан  он  күннен  соң  аттанды.  Павлодардан  аттанған  үлкен 

шеру  Петропавловск    қаласында  жасақталып  жатқан 314 

дивизияға қосылды. 314 атқыштар дивизиясының қатарына 

келіп  қосылған  баянауылдық 120-дан  астам  жауынгердің 

бірі болды. 

Ұрысқа барлаушы болып кірісті. Кейде 5-6 адам, көбінесе 

тұтас  взвод  болып  барып  жүрді.  Кейде  жаудың  барлаушы 

взводтарына бетпе-бет кездесіп қалып, атыс басталып, тұтас 

взводтан 5-6 адам ғана тірі қайтатын кез де болды.

Бірде  жаудың  дзоттары  оқты  қарша  боратып  беттетпей 

тұрды.  Бұлардың  взводтары  бауырлай  жылжып  бүйірден 

келіп  жау  дзотына  түсіп  күзетшілерінің  үнін  өшіріп,  ішке  кірсе  бір  офицер,  бір  медбике, 

байланысшы, барлығы төрт адам отыр екен. Оларды тірідей алып келді. Құнды мəліметтер 

берді.  Осы  ерлігі  үшін  жауынгерлік  тұңғыш  награданы  «Ерлігі  үшін»  медалімен 

наградталды.

Сұрапыл  соғыста  Ленинград  қаласын  қорғауға  қатысып,  шайқасты.  Барлауға  шығу, 

тіл  əкелу,  құнды  құжаттар  мен  бағалы  мəліметтерді  қолға  түсіру  майдандағы  дағдылы 

ісіне  айналғандай  болды.  Осындай  ерлігі  үшін «I дəрежелі  Ұлы  Отан  соғысы»  ордені, 

«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы 

Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 

жанқиярлық еңбегі үшін» медалдерімен марапатталды. 

1942 жылы шайқастың бірінде жау минасына ұрынып, оң жақ аяғының жарты табанын 

жұлып əкетті. Бір рет жауырынынан жараланды. Свердловск қаласында госпитальда сегіз 

айдай жатып, сол жылы желтоқсанда елге қос балдақпен оралады.

Бейбіт  заманда  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  басқаруда  да  жұмысы  жемісті  болды. 

«Құрмет  белгісі»  ордені, «КСРО-ның  еңбек  ардагері», «Еңбектегі  ерлігі  үшін»  барлығы 

22 орден, медалға ие болды. Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, күміс 

медалін де алды. Ағартушылық саладағы еңбегі де ерен. Мектеп жанындағы оқу-тəжірибе 

участоктарының 1957 жылғы  жүргізілген  байқауының  қорытындысы  бойынша  Павлодар 

облысы, Баянауыл ауданы Сталин атындағы жетіжылдық мектеп үздік деп табылып, мектеп 

директоры Дүйсенбай Рахметов оқу министірлігінің құрмет грамотасымен наградталады. 

Жұбайы Қапсамен бірге 4 ұл 1 қыз тəрбиелеп өсірді.

1998 жылы дүниеден өтті.   

1942  жылдың  жазында  І  жəне  ІІ  Беларусь 

майдандарында  жауға  қарсы  шайқасты.  Екі  рет 

жарақаттанған,  госпитальде  тиісті  ем  қабылдаған  соң, 

қайтадан майдан шебіне шығады. 

Ұрыс  даласында  оқ-жалынның  астында  жүріп,  ерен 

ерліктің  үлгісін  көрсетті.  Осынау  соғыстағы  өшпес 

қайсарлықты көрсеткен жауынгер “Даңқ” орденімен, ІІІ 

дəрежелі “Ерлігі үшін” медалімен марапатталады.

Алапат  шайқастардың  бірінде  ауыр  жарақат  алып, 

еліне 1944 жылы  оралады.  Туған  еліне  оралған  соң, 

бейбіт өмірде еңбекке араласып, іскерлігімен танылады. 

1946 жылдың аяғында Кереку уезінің байланыс бөліміне 

жұмысқа  тұрады.  Баянауылдан 25-30 шақырым  жерге 

хат-хабар таратумен айналысады. 

1959 жылдың 5-мамырында «Лекер» мал жинау пунктіне көшіп келеді. Осы кезден бастап, 

Əбіш Əбілдаұлы ауыл шаруашылығы саласына ден қояды. 1959 жылдан 1974 жылға дейін 

мал бағу кəсібімен шұғылданады. 1974 жылы 2-ші маусымда дүние салады. 



 

Дүйсенбай Рахметов 

1914 жылы Баянауыл ауылында дүниеге келген. Əкесі 

Рахмет 1924-26 жылдары  үйге  молда  ұстап,  əліпбиден 

бастап  əлтиек  құран  кітаптарынан  оқытқызып  хат 

танытты. 1926-31 жылдары Баянауылдағы шаруа жастар 

мектебінде оқыды. 



Əбіш Əбілдаұлы

1905 жылы наурыз айында Баянауылда (Ақбеттау 

болысы) дүниеге келген. 

1912-14  жылдары  Баянауылдағы  татар  молдасы 

Киргирім жəне Бақытай Жуанышбаевтан оқып, хат 

таныған.  Соғыс  сұрапылы  жеткенде  қолына  қару 

алып, Отанын қорғауға аттанады. 

1942 


жылы 

желтоқсанда 

Баянауыл 

ауданының 

əскери 

комисариатының 



шақыртуымен желтоқсаннан 1943 ж ақпанға 

дейін  Шығыс  армеясының 17-дивизия 36-

полк 76-мотострелкалық  полктың  атқышы 

міндетімен  əскери  қызметте  болды. 1943 

жылдың  ақпаннан 1943 жылдың  сəуіріне 

дейін 45-оқу  бригадасының  курсанты 

болды.

1943  жылдың  сəуірден 1945 ж  мамырына 



дейін  Ұлы  Отан  соғысында 5 бөлімдік 

гвардиялық полктің құрамындағы 2-танкілік 

армиясының  взвод  командирі  міндетінде 

болды.


Польша  астанасы  Варшаваны  босатуға,  Берлинді  алуға  қатысты.  Ұлы  Отан  соғысында 

көрсеткен  ерліктері  үшін II, III дəрежелі  «Даңқ»  ордендерімен, «Ерлігі  үшін»  медалімен, 

«Варшаваны босатқаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан 

соғысында Германияны жеңгені үшін» медалдерімен марапатталды.

Ұлы  Отан  соғысынан  кейін  əскери  қызметте  қалды.  Əскери  қызметтіне  байланысты  

Берлин  қаласында 1950 жылға  дейін  болды.  Басында  пулеметшілер  командирі  міндетін, 

одан  кейін 48-ротаның  бөлімдік  гвардиялық  Варшава-Берлин  Қызыл  орденді  Суворов 

батальонының командирі болды. Одан əрі Сібір əскери округінде,Томск, Бийск, Омск əскери 

қалашықтарында түрлі офицерлік қызметте болды.

1956  жылдың 1 желтоқсанынан 1957 жылдың 28 тамызға  дейін  өндірістік  жабдықтау 

мамандығы бойынша Орталық офицерлік курстарында оқыды.

1965 жылы Ленин комсомолы атындағы Вольск əскери училищесінде «Əскерді өндірістік 

жабдықтау» мамандығы бойынша оқыды. 33 жылдық əскери қызметтік өтілімен зейнетке 

шықты. 1974 жылы полк командирінің орынбасары міндетінен подполковник атағына дейін 

көтерілді.

Əскери  қызмет  жылдарындағы  еңбегі  жоғары  бағалынып «I жəне  IІ  дəрежедегі  əскери 

қызметі  үшін», «КСРО  Қорғаныс  күштерінің  ардагері»  медалдерімен  марапатталады. 

Жалпы  əскери  қызметте  болған  жылдарда 16 рет  түрлі  КСРО  ордені  жəне  медалдермен 

марапатталады.

1985  жылы 12 қаңтарда  ұзақ  науқастан  кейін 59 жасында  дүниеден  өтті.  Павлодар 

облысының Бірлік ауылында жерленді.

Əскери қызметтің барлық ауыртпалығы мен қиындығы бұл кісімен бірге оның жұбайы 

Саликова  Сария  көтеріп,  демеу  бола  білді.  Ол  жұбайымен  бірге  үш  ұл  тəрбиелеп  өсірді. 

Ұлдарының барлығы да əке жолымен əскери қызметтік оқуды аяқтады.



Хайролла

 

Қапасов 

1925  жылы  Павлодар  облысы, 

Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылында 

туған. 1932-1942 жылдар  аралығында 

Баянауыл  ауданы  «Майқайың-алтын» 

кенті  мектебінде  оқыған. 9 сыныпты 

бітірген.  Мектеп  бітірген  соң 1942 

жылы желтоқсанға дейін осы мектеп-

тің  бастауыш  сыныбының  мұғалімі 

болып жұмыс істейді. 

1931-1934  жж. 2-ші  ауылда  бастауыш  мектепті, 

1935-1937  жылдары 7-ші  сыныпты  Ақмола 

қаласында тəмамдайды. 1938-1940 жж. Қарағанды 

қаласы  теміржол  станциясы  паровоз  депосы 

машинисінің  көмекшісі  болып  еңбек  жолын 

бастаған.

Əскерде 1942 жылдың  желтоқсанынан 1943 

жылы  қараша  айы  аралығында 97-ші  гвардия 

атқыштар  полкі  қатарында  командир  взводының 

көмекшісі  болып,  қан  майданға  қатысып,  отанын 

қорғады.  Неміс  фашистеріне  соққы  беру  кезінде 

ұрыс  даласында  оң  қолы  мен  сол  аяғынан  ауыр 

жараланып, 1943 жылдың  қарашасынан 1944 

жылдың  қазан  айына  дейін  №315  эвакогоспиталлінде  емделеді. 1-ші  топтағы  мүгедектік 

беріліп, соғысқа жарамсыз болып танылады. Елге оралған соң, 1 жылдай туған ауылдастары 

көмектеседі.  Осыдан,  алдымен  балдақпен,  кейін  таяқпен  жүріп,  соғыстан  кейінгі  ауыл 

тіршілігіне, (Сталин колхозы) үгіт-насихат жұмыстарына араласады.

Цехтың партия ұйымының хатшысы, ауыл клубының меңгерушісі қызметтерінде болған 

ол туған ауылының көркейіп-өсуіне көп үлесін қосты. Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 

еңбек еткен анамыз Нарымбаева Напиқаға 1947 жылы үйленіп отбасын құрады. 

1945  жылдың 17 тамызынан  өмірінің  ақырына  дейін  Алексеевка  ауылдық  кеңсесінің 

меңгерушісі болып қызмет істеді. 

Ер еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлігі үшін III дəрежелі 

«Даңқ»,  III дəрежелі «Отан соғысы» ордендерімен жəне «Берлиндегі жеңіс үшін» медалімен 

марапатталған. Бейбіт заманда сіңірген зор еңбектері үшін де бірнеше аудандық, облыстық, 

республикалық марапаттарға ие болады. Қаһарман майдангер 1981 жылдың мамыр айында 

өмірден өтті.



Ділдаш Нарымбаев 

1914  жылы 10 желтоқсанда  Павлодар 

облысы  Баянауыл  ауданының  Егіндібұлақ 

мекенінде  туған.  Өмірінің  ақырына  дейін 

өзінін  туып  өскен  Алексеевка  кеңшарының 

2-інші бөлімшесінде тұрған. 

1933  жылы  Новосібір  облысы,  Кальчугино 

қаласында  сауатсыздықты  жою  мектебінде  ықзмет 

атқарған. 1934 жылы  елге  қайта  оралып,  Баянауыл 

аудандық 

жұмысшы-шаруа 

инспекциясының 

инспекторы    болып  жұмыс  жасайды. 1935-1938 

жылдарда    Баянауыл  аудандық  «райнархозучеттің» 

учаскелік  инспекторы    ретінде  жұмыс  істейді. 1938 

жылдың  маусым  айынан 1939 жылдың  маусым 

айына  дейін  Алматыда  «Казнархозучеттың» 1 

жылдық  курсын  бітіргеннен  кейін  жұмысына  қайта 

оралып,1942 жылдың қыркүйек айына дейін Баянауыл 

аудандық  «райнархозучеттің»  аудандық  инспекторы 

қызметін атқарады.

1942  жылдың  қыркүйек  айында  əскер  қатарына 

шақырылып,  сол  кезде  Семей  қаласына  көшірілген 

Тамбов  əскери  құрлық  училищесінің  курсанты 

болады.

1943  жылы  сəуір  айында  училищенің  курсантын  оқуын  аяқтатпастан,  майданға 



аттандырылады.  Ұлы Отан соғысында Курск облысы, Беломестный селосының жанындағы 

шайқастарда болады. Автоматшы жас сарбаз 1943 жылдың шілде айында 94-ші гвардиялық 

атқыштар  дивизиясының, 286-шы  атқыштар  полкында  пулемет  есебінің  (расчетінің) 

командирі болады.

Одан  кейін  Белгород  қаласы  мен  Харьковты  жау  қолынан  босатып,  Молдавия  мен 

Польшаны азат етуге қатысады. Соғыстың басынан аяғына дейін бір ғана 94-ші гвардиялық 

атқыштар  дивизиясының  құрамында  болады.  Соғысты  Берлинде  ОКД  «Смерш» - тің 

коменданты болып 1945 жылдың октябрь айында аяқтайды. 

Соғыс сұрапылындағы ерлігі үшін екі «Қызыл Ту», екі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен 

«Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал