Батыс қазақстан облысы мектептеріндегі махамбет шығармашылығын оқытудың жай-күйі ешімова А. Б



жүктеу 41.19 Kb.

Дата01.04.2017
өлшемі41.19 Kb.

 



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН 



ОҚЫТУДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ 

 

Ешімова А.Б., 

Шарабасов С.Ғ. 

Орал қ. 

 

Өмірін  халық  мүддесінен,  көтеріліс  шежіресінен  бөліп  қарауға  болмайтын,  көтерілістің  рухани 



қолбасшысы,  қазақ халқының ұлы патриот ақыны Махамбет  Өтемісұлының  алдағы  өмірімізге  «Ақын 

ұрпағына лайықты болу» жауапкершілігін жүктері даусыз. 

Махамбет шығармалары – елдіктің, ерліктің өшпес рухы, өнегелі символы. 

Ақынның  азаматтық, адамгершілік биік пафосқа толы  өлеңдері мен  өнегелі өмірі  еліміздің  жас 

өркенін тәрбиелеуде биіктерге жетелей берер ұлы мұра, баға жетпес құрал. 

Қазақ  халқының  алдаспан  ақыны,  ақберен  батыры,  дауылпаз  күйші-сазгері  Махамбет 

Өтемісұлының  шығармашылық  мұрасын  мейлінше  терең  пайымдатып,  кеңінен  насихаттап,  танытуға 

бағытталған көптеген шаралар өткізіліп келеді. Бұдан, әрине, ұстаздар қауымы да тыс қалған емес. 

Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  ақын  шығармаларын  оқытуда  республика,  облыс  көлемінде 

озық тәжірибе таратып, сабақ үлгілері мен сыныптан тыс жұмыс жоспарларында қазіргі инновациялық 

технологиялар  мен  әдістемелер  элементтерін  пайдалана  отырып,  кеңінен  насихаттап  жүрген  ұстаздар 

қауымы жетерлік. 

Атап  айтатын  болсақ,  республикалық  ғылыми-педагогикалық,  әдістемелік  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  журналының  2010  жылғы  №12  санына  Сырым  ауданы  Бұлдырты  орта  мектебінің  мұғалімі 

Гүлзия  Досқалиқызы  7-сыныпта  оқытылатын  Махамбеттің  «Тарланым»  өлеңінің  сабақ  жоспарын 

жарияласа,  республикалық  ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық  «Мектептегі  кітапхана»  журналының 

2011  жылғы  №3  санына  Орал  қаласы  №43  ЖОББМ-нің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 

Ерғалиева  Ү.И.  «Дауылды  жылдардың  жыршысы  – Ер  Махамбет»  атты  тәрбие  сағатының  жоспарын 

ұсынды. Махамбеттің шығармалары жас жеткіншектерді жақсы қасиеттерге баулып, жаман әдеттерден 

жирендіруге,  патриоттық  рухта  тәрбиелеп,  оларды  елге  адал  қызмет  етуге  баулиды  дей  келіп, 

Махамбет өлеңдерін оқу-тәрбие үрдісінде ретімен пайдаланып отыру - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты 

парызы деген ой түйеді.  

Облыстық  «Жайық  ұстазы»  газетінің  2010  жылғы  №1  санына  №33  ЖОББМ-нің  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәні  мұғалімі  Ұ.Б.Насиева  М.Өтемісұлының  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»  тақырыбындағы  сабақ 

жоспарын жариялап, іс-тәжірибесімен бөліседі. 

Сондай-ақ  республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

орта  мектепте»,  «Бастауыш  мектеп»  журналдарына,  облыстық  ғылыми-әдістемелік  «Ұстаз» 

журналына,  «Жайық  ұстазы»  газетіне  аз  да  болса  Махамбет  шығармашылығын  оқытуда  өз  іс-

тәжірибелерін таратып жүрген мұғалімдер баршылық.  

Орал  қаласы  А.Тайманов  атындағы  №34  МГ-ның  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі 

Ғабдірашева  Дәрігүл  Төлеуғалиқызы  «Махамбеттану»  курсын  жүргізіп  келеді.  2011  жылы  9  сынып 

оқушысы  Ажғалиева  Азизаға  «Махамбет  өлеңдерінің  тілі»  тақырыбына  жетекшілік  еткен  ғылыми 

жобасы қалалық деңгейден ІІІ орынды иеленіп, облыстық кезеңіне жолдама алды. 

Батыс  Қазақстан  облысының  білім  басқармасы,  облыстық  педагог  кадрлар  біліктілігін  арттыру 

және  қайта даярлау институты, М.Өтемісұлы атындағы Батыс  Қазақстан мемлекеттік университетінің 

ұйымдастыруымен  4  желтоқсан,  2009  жылы  «Қазақ  әдебиетін  оқытудың  тәжірибесі  мен  болашағы» 

атты  облыстық  ғылыми-практикалық  конференция  өткізілді.  2010  жылы  конференция  материалдары 

жинақ  болып  басылып  шықты.  Жинаққа  қазақ  әдебиетін  оқыту  мәселелерімен  айналысып  жүрген 

жоғары  мектептің  профессор-оқытушылары,  ғалым-педагогтар,  орта  мектеп  мұғалімдері  мен 

әдістемелік  ұйым  басшылары,  әдіскерлерінің  мақалалары  енді.  Осы  жинақта  БҚОПКБА  және  ҚДИ 

әдіскері  Р.Б.Мулдағалиеваның  «Махамбет  шығармалары  арқылы  патриоттық  тәрбие  беру» 

тақырыбындағы  баяндамасы  жарияланды.  Ол  оқушылар  бойына  патриоттық  рухты  дамыту,  туған 

өлкесін сүю, халқына адал еңбек етуге тәрбиелеу, туған елінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгірту, сол 

арқылы жарқын болашаққа бастау сияқты келелі мәселелер туралы сөз өрбітеді. 

Батыс  Қазақстан  облыстық  педагог  кадрлар  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау 

институтының  ұйымдастыруымен  «Қазақ  әдебиетінен  жоғары  сыныптарға  арналған  авторлық 

бағдарламалар байқауын өткізу туралы» 24.02.2010 №128 бұйрығы негізінде облыс мектептерінің қазақ 

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің байқауы өткізілген болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша 

(бұйрық  №264  16.04.2010ж.)  «Шығармашылығы  шыңдалған  ұстаз»  номинациясымен  Тасқала  ауданы 

Оян  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Мұхамбетжанова 

Гүлжан  Амангелдіқызы  марапатталды.  Осы  байқаудың  қорытындысы  бойынша  «Үздік  авторлық 

бағдарлама»  жинағы  жарыққа  шыққан  болатын.  Г.А.  Мұхамбетжанованың  «Өлкетану»  секциясы 



 

бойынша  9  сынып  оқушыларына  арналған  «Елтану»  тақырыбындағы  арнаулы  курс  бағдарламасы 



жинаққа енгізілді. Курстың мақсаты: 

- Артына  маржандай  жыр  шумақтарын  қалдырған  ұлы  бабаларымыздың  шығармаларын  жас 

жеткіншектердің бойына дарыту.  

- Олардың  игі  істерін  үлгі  ете  отырып,  патриоттық  тәрбие  беру.  Өз  өлкеміздің  тарихы  мен 

ұлыларын  сүйе  білуге  үйрету  деп  түсіндіреді  бағдарлама  авторы  және  34  сағатқа  жасалған 

бағдарламада Махамбет шығармашылығына 3 сағат беріледі.  

«Білім  беретін  қосымша  бағдарлама  топпен  немесе  жеке  жүргізілетін  факультативтік  және 

арнайы 


курстарды 

ұйымдастыру 

арқылы 

жүзеге 


асырылады.Осы  мақсатта 

оны 


мектеп 

дайындайтындығын  және  білім  беретін  жергілікті  атқару  ұйымдарының  бекітетіндігін»    қазақ 

әдебиетінің мемлекеттік стандарт мазмұнында ерекше айқындай түскен.  

Дей  тұрғанмен,  авторлық  бағдарлама  құру  мәселелері  мұғалімдердің  шығармашылық 

еркіндіктеріне беріліп отырғанына қарамастан,облыс, қала көлемінде орта мектеп оқушыларына қазақ 

әдебиетін  толық  меңгерту  мақсатындағы  Махамбет  шығармашылығын  оқытуға  арналған  таңдау 

курсының бекітілген бағдарламасы жоқтың қасы. 

Оқушылардың ақындық қабілеттері мен мәнерлеп жатқа оқу шеберліктерін шыңдау мақсатында 

жыл сайын дәстүрлі Абай оқулары мен Махамбет оқулары өткізіліп келеді. 

Махамбет  оқулары  «Мен  -  Өтемістің  баласы  Махамбет  атты  батырмын!»  -  Махамбет 

шығармаларын жатқа оқу байқауы; «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін орындаушылардың байқауы; 

және  «Тартынбай  сөйлер  асылмын...»  -  жас  дарындар  байқауы  бойынша  өткізіледі.  Әр  сайыс  үш 

номинация  бойынша  бағаланады.  Барлық  қала  мектептерінің  оқушылары  жыл  сайын  бұл  шараға 

белсене қатысып келеді.  

Облыстық сайысқа жіберілген №38 МЛ, №10,22,26 мектептердің оқушыларынан №38 МЛ-дің 10 

сынып  оқушысы  Ақкереев  Еркебұлан,  №26  мектептің  9  сынып  оқушысы  Ерғараев  Азамат  –  І  орын, 

№22  мектептің  10  сынып  оқушысы  Шамұратов  Дәурен  –  ІІ  орын,  №7  мектеп  оқушысы  Куртакова 

Дария – былтырғы оқу жылында Алғыс хат иеленіп қайтты. 

Жыл  сайын  қала  мұғалімдерінің  үздіксіз  оқуын,  біліктілігін  көтеру,  тәжірибе  алмасу  және 

мектеп,  қала,  облыс  көлемінде  іс-тәжірибе  тарату    мақсатында  қалалық  озат  тәжірибе  мектептері 

жұмысын қалалық әдістемелік  кабинет ұйымдастырып келеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 

Махамбет 

шығармашылығы 

т.б. 


ақын-жазушылар 

мен 


әдебиет 

майталмандарының 

шығармашылығынан ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибе алмасуда. Атап айтатын болсақ №1 ЖОББМ-

нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Х.Сахасова 8а сыныбында «Махамбет жыры – мәңгі тірі» 

тақырыбында  сыныптан  тыс  шара  өткізсе,  осы  мектептің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  оқытушысы 

Г.Т.Алипова  6в  сыныбында  «Батыр  Махамбет»  атты  ашық  тәрбие  сағатын  оздырды,ел  үшін  еңіреп 

туған  ерлердің  дұшпанын  сескентер  айбарын,кекке  –кек,  қанға-қан  алар  қаһармандығын  жырлайтын 

Махамбет жырларынының ұрпақтарға мирас болып қалатындығына көз жеткізді. 

Сондай-ақ  озық  тәжірибе  таратып  жүрген  әдіскерлер  мен  қала  мектептерінің  жоғары  санатты, 

тәжірибелі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерін:  БҚОПКБА  және  КДИ  әдіскері  Қуанаева  Р., 

қалалық  қазақ  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  әдіскері  Нәрікова  Ж.М.  №38  МЛ-нің  мұғалімі,  облыс, 

республика  көлемінде  танымал  ұлағатты  ұстаз  Таскарина  Т.Ү.,  №36  мектеп  мұғалімі  Жарасова  Ғ.К., 

№34  МГ  мұғалімі  Бердіғалиева  Р.Ж.,  №27  МЛ-нің  оқытушысы  Жексенғалиева  Ж.Ө.,  №30  мектеп 

оқытушысы Қажығалиева Л., №33 мектеп мұғалімі Жарылғапова Г., №44 мектеп мұғалімі Шахина Л., №40 

мектеп мұғалімі Сұлтанғалиева Д. т.б. атап кетуді жөн көрдік. 

Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз 

қалдырған»,  -  деп айтқанындай,  өмірі  мен  өнегесі  халқының  жадына  мәңгілікке  жазылып,  одан  ойып 

тұрып лайықты орын алған әрі батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер Махамбет Өтемісұлының есімін 

әрқашан да ерекше құрметпен атаймыз. 

Өр рухты, өлеңнен от өргізіп, жалын лаулатқан патриот ақын, өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі 

қасиеттің  символына  айналған  батыр  бабамыздың  шығармашылық  шеберлігі  мен  рухани,  адами  кескін-

келбетін  жас  ұрпаққа  жеткізе  таныту,  қазақтың  жауынгерлік  поэзиясының  көркемдік-үгіттік  күш-қуатымен 

таныстыру мектептегі әдебиет пәнінің басты мұраты мен міндеті болып қала бермек. 

 

Әдебиеттер 



 

1.  Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2010 

ж. №12 саны 

2.  Республикалық  ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық  «Мектептегі  кітапхана»  журналы  2011 

ж. №3 саны 

3.  Облыстық «Жайық ұстазы» газеті 2010 ж. №1 саны 

 



4.  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орта 



мектепте», «Бастауыш мектеп» журналдары 2010-2012 жылдар 

5.  Облыстық ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналы, «Жайық ұстазы» газеті 

6.  «Қазақ  әдебиетін  оқытудың  тәжірибесі  мен  болашағы»  облыстық  ғылыми-практикалық 

конференция материалдарының жинағы 2010ж 

7.  Қазақ  әдебиетінен  жоғары  сыныптарға  арналған  авторлық  бағдарламалар  байқауының 

қорытындысы бойынша шыққан «Үздік авторлық бағдарлама жинағы» 2010ж 

8.  Облыстық Махамбет оқуларын өткізу Ережесі мен қорытынды материалдары 2011ж 

9.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2010ж  9  шілдедегі  №367 

бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал