Батыс қазақстан фольклорындағы дастан жанрының ерекшеліктері с. Б. Мулдашева



жүктеу 21.88 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі21.88 Kb.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ДАСТАН ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

С.Б.Мулдашева  

Орал қ. 

 

Шығыс  мәдениетінің  қазақтың  рухани  дүниесіне  игі  ықпалы  дастан  жанрының  дамуынан 

көрінеді. Шығыс сюжетіне құрылған түрлі тақырыптағы дүниелердің қазақ даласында мол тарауы бұл 

жанрдың дамуына негіз болды. 

Дастандар  ауыз  әдебиетінің  ең  жақсы  көркемдік  қасиетін  бойына  жинақтаған  жаңа  сападағы 

поэзиялық туындылар. 

Дастан  ұғымының  мәні  мен  жанрлық  ерекшеліктері  жөнінде  фольклотанушы  ғалым 

Б.Әзібаеваның  ғылыми  зерттеуінде  жан-жақты  сараланып,  зерттелген  [1,  11-б.].  Жаңа  дәуір 

дастандарының ерекшелігі олар өткен дәуірдегі зорлық пен әділетсіздікті батыл әшкерелеуі, бостандық 

сүйгіш ізгі адамдардың ерлігі, даналығы ардақталады.  

Патриоттық  рухта  жырланған  жыр  дастандарды  сөз  еткенде,  ең  алдымен  Нұрпейіс             

Байғанин  [2,  Б.78-106]  дастандарын  ерекше  атауға  болады.  Бұрын  «Қобыланды»,  «Құбығұл», 

«Төрехан»  сияқты  батырлар  жырын  жырлаған  жыршы  Отан  соғысы  жылдары  ерекше  өнер  көрсетті, 

асқан  шабытпен  жыр  төкті.  Ақынның  шығармашылық  жолының  дамуынан  фольклордың  да  даму 

жолын көруге болады.  

Н.Байғанин – эпикалық желілі жырдың шебері. Жыршылардың мол шоғырланған жері  – Батыс 

Қазақстан, онда кәдімгі тұқым қуалаған, атадан балаға мирас боп кеткен жыршылар “мектебі” бар. Сол 

“мектептің”  белді  өкілдерінің  бірі  –заманында  батырлық  ұзақ  жыр-дастандар  туғызған  да  Нұрпейіс 

Байғанин.  

Фольклор  заңдылықтарына  мән  берілмегендіктен  Н.Байғаниннің  дастандарындағы  дәстүрлі 

қолданыстар  жөнінде  қате  қорытындылар  жасалды.  Мысалы:  «Бірінде  ертедегі  мифтік,  аңыз,  әңгіме 

түрі  басым  сезілсе,  екіншісінде  батырлар  жырының  көркемдік  сөз  жүйесінен  аса  алмайды,  ал 

үшіншісінде  Советтік  патриотизм  мен  ұлттық  патриотизмді  ажырата  алмай,  кейде  идеялық 

қайшылыққа ұрынады” – деп сыңаржақ айыптар тағылды [3, 161-б.]. 

Ол фольклорды заман талабына сай жаңғыртып, жандандыра білген. 

Мәселен, ел аузында сақталып келген аңыз негізінде жасалған таза махаббат пен берік достық, әділет 

пен ерлікті жырлаған “Құбығұл” дастаны басқа осы іспеттес туындылардан ерекшеленеді. 

Жырдағы Құбығұл мен Ақбілек таза махаббат иелері: Құбығұл ғашығы үшін қандай қиындыққа 

да төзуге бар, мейірімді де батыр тұлғалы жан. Қыз әкесінің барлық келеңсіз әрекеттеріне ғашығы үшін 

көнеді. Ақбілек те ерге лайық ардақты ару, сұлулығы мен ақылы сайма-сай жан. Жырда ханға қарсы 

шығып,  әділдік  үшін  ерлік  сөз  сөйлейтін  адам  образы  тұңғыш  сомдалған.  Жырдағы  жағымсыз 

бейнелер де кесек мүсінделген, мысалы залым хан Әділбай мен оның батырлары. 

Құбығұл дастаны көне мен жаңа түсінік қабаттарынан тұратын ерекше бітімді дүние. 

Нұрпейіс  Байғаниннің  ұзақ  жырлаған  “Төрехан”  дастаны  әке  тағына,  ата  тағына  таласқан  хан 

балаларының өзара күрес-тартысын көрсетеді.  

Ағаға ерік салмаған 

Жаман іні оңа ма? 

Аға тұрып, інісі. 

Таққа ие бола ма? 

деген  жолдарда  ежелден  келе  жатқан  туысқандық  қарым-қатынастың  мұрагерлік  (майорат,  минорат) 

салттағы  орны туралы  ұғымдар  бар. Патриархалды  үлкен  от  басындағы  үлкен  бала  мен  кіші  баланың 

әке  тағына,  мал-мүлкіне  ие  болуының  қалыптасқан  заңдылығы  болғанын  Е.М.Мелетинский  [4,117-б.] 

жазса, қазақ фольклорының негізінде С.А.Қасқабасов [5, Б.120-123] бұл салттың ұлттық ерекшеліктерге 

сай өзгешеліктерін талдаған.  

Н.Байғаниннің өз теңдігі үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен, ел арманы, намыс, кек иесі болған 

күрескер қыздың образын жасайтын “Нарқыз” дастаны бөлек дүние. 

Дастан бас кейіпкер Нарқыздың портретін жасаудан басталады. Одан кейін Мәмбет деген хан Нарқызды 

айттырып, көш алдында Нарқыз өзін танытпай ханның алдын кесіп өтуі арқылы оқиға әрі қарай өрбиді. 

Белгілі фольклортанушы Р.Бердібай. “Нарқызды” қаһармандық жыр емес, әлеуметтік-тұрмыстық 

дастан деп дәлелдейді. Ғалым тұжырымынша “мұндағы ерлік пен намыстылық сырт жаудан қорғануға, 

елдің  азаттығын  сақтауға  жұмсалмайды,  жырда  қоғамның  өз  ішіндегі  әлеуметтік  қайшылықтар  мен 

күрестер сөз болады” [6, 159-б.]. 

Нарқыз  ежелгі  батырларша  батырмен  жекпе-жекте  күш  сынасады.  Эпос  заңдылықтарын  жете 

талдаған  В.М.Жирмунский  пікіріндегі:  “Наконец,  постоянство  сюжета  и  мотивов  с  неизбежностью 

приводит к более или менее прочным сюжетным ситуациям – вроде поединка или между богатырями, 

предшествуюшего  массовому  бою  и  сопровождаемого  традиционными  вопросами  о  роде-племени, 

гиперболической  похвальбой  и  известным  ритуалом  при  котором  первый  удар  предоставляется 


старшему»  [7,  113-б.]  дейтініндей  кезекті  жасы  үлкенге  беру  арқылы  Нарқыздың  Ниязбен  жекпе-

жегінде дәстүрлі салт сақталады. 

Нұрпейіс шығармаларында ұлттың ұғымындағы теңеу, балама сөздер мол ұшырайды. 

 

Әдебиеттер 

1.

 

Азибаева Б. Казахский дастанный эпос. А., «Ғылым». 1998.  

2.

 

Байғанин Н. Шығармалары. А. 1984.  

3.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том. 2-кітап. А. 1961.  

4.

 

Мелетинский Е.М. Герой волшебной сказки. М. 1972.  

5.

 

Каскабасов С. Казахское волшебное сказка. А. 1974.  

6.

 

Бердібаев Р. Эпос тағылымы. А. 1989.  

7.  Жирмунский В.М. Народный героический эпос. М. 19 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал