Бақтыбай Жолбарысұлы Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/13
Дата13.02.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бақтыбай 
Жолбарысұлы 
Майлықожа 
Сұлтанқожаұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
 
«Нұрлы Press.kz»
Алматы 
       2014

УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
         Б 21
«Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді»
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты
Редакция алқасы
С.Пірəлиев, С.Қирабаев, Т.Кəкішев,
У.Қалижанов, Б.Ыбырайым, Б.Сманов
«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша 
əдебиеті жобасының авторы 
Бекен Ыбырайым
Б21  Бақтыбай  Жолбарысұлы,  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы. 
Шығармалары / – Алматы  «Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б. (Ақындар 
аманаты)
ISBN 978-601-80483-1-9
Суырып  салма  ақындардың  ішінде  əрі  қарапайым,  əрі  тапқыр 
юморы  түгесілмей,  үсті-үстіне  іздеуден  шалдықпайтын  Бақтыбай 
Жолбарысұлының, өлеңді жазып та, қолма-қол айтып та шығара беретін, 
əрі  ойлы,  білімді  Майлықожа  Сұлтанқожаұлының  табан  астында  тауып 
айтқан туындылары бұған дейінгі жинақтарынан сұрыпталып алынды. 
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
ISBN 978-601-80483-1-9
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Б.Ыбырайым 
© «Нұрлы Press.kz», 2014

3
Бақтыбай 
Жолбарысұлы
  
(1835-1908)

4
ӨЛЕҢДЕР 

5
ОЙПЫРМАЙ, БҰЛ НЕМЕНЕ, БҰЛ НЕ ҚАУІП?
Ойпырмай, бұл немене, бұл не қауіп, 
Іздеп тұр бұл көңілім ойын-сауық. 
Басыма бір оқиға пайда болды, 
Қорғалап жатып едім жаңбыр жауып.
Ақ ешкі, қара ешкі, ешкі, ешкі, 
Ойыным қалып барад ерте-кешкі. 
Паналап сол бір жерге жатпас едім, 
Барады жаңбыр өтіп, киім ескі.
Мына ешкі қарала ма, сарала ма, 
Дүниеде мұндай ешкі жарала ма? 
Кім білсін, осы жолы құдай білер, 
Бақтыбай үйіне аман бара ала ма?
Мүйізі шұбар ешкі жапырық па, 
Мен жаттым қуыс жерде қапырықта. 
Апырмау, менің есім тура емес пе, 
Келем бе жөнсіз сөзді сапырып та.
Құлағы көк ешкінің салпаңдаған, 
Жете алмай жетім лақ қалтаңдаған. 
Кенеттен өз басыма қауіп туып, 
Болдым ғой мен бір пенде жалтаңдаған.
Алдымда жағал ешкі тоқал ма екен, 
Мына ешкі одан гөрі осал ма екен? 
Алдымда қараңдаған қойшы ма əлде, 
Ол мені көрсе егер тосар ма екен?
Сұр жағал бара жатқан серке ме екен, 
Серке болса ешкіге ерке ме екен?
Бақтыбай Жолбарысұлы

6
Аман болып аз ғана қой жинасам, 
Қойды артынан шұбатса, ерте ме екен?
Бара жатқан бөрте ешкі теке ме екен, 
Бақтыбай үйіне аман жетер ме екен? 
Киім-кешек алуға бірін сатсам, 
Алып барып базарға өте ме екен?
Тұяғы ешкілердің маймаңдаған 
Шөп жұлқып, жол шетінен шайнаңдаған. 
Кедей-кепшік жан бағып жүріп едік, 
Бере гөр, жаратқаным, жəрдем маған.
Аяңдап, аяқ жеңіл, аттай желдім. 
Келе сап үлкендерге сəлем бердім. 
Аяғы не боларын құдай білед, 
Осымен аман-есен үйге келдім.
Сөйлесем бет ашылар көңіл кілті 
Бар жоғы білінбеді үйдің мүлкі. 
Үй ішіне көршілер айтып жатты, 
Ақын болар балаңыз көтеріңкі.
Бақтыбай Жолбарысұлы

7
ЕШКІНІҢ ҰЗЫН САНЫ ОТЫЗ СЕГІЗ
Ешкінің ұзын саны отыз сегіз, 
Жиырма екісі жалқы екен, тоғызы егіз. 
Екі теке арықтап зорға еріп жүр, 
Күйегі жоқ төрт серке – бəрі семіз.
Бірталайы ешкінің шұнақ екен, 
Көбі сүтті, саусаңыз бұлақ екен. 
Кебенектен ірі ешкі қырылып қап, 
Көпшілігі шыбыш пен лақ екен. 
Тоқалдары ішінде некен-саяқ,
Бірталайы ешкінің сары ешкі екен, 
Бірталайы ақ ешкі, қара ешкі екен. 
Жетеуінде шөп жерге тіс қалмаған, 
Аңдамастың тұсынан бар ешкі екен.
Шұбар ешкі, көк ешкі, қара ала ешкі,
Қара қасқа, сар қасқа, сарала ешкі. 
Ешкілерді май қыпсыз, Аю-Ата, 
Кебенектен қырылып қалады ешкі. 
Ешкіңізді нанбасаң бағыңызшы, 
Тасқа шығып, мазаңды алады ешкі.
Тік мүйіз, тарбақ мүйіз, жапырақ мүйіз,
Баспайсыз жүндерінен қырқып киіз. 
Кешке дейін секіріп тас пен жарда, 
Баққан жанға бір мезгіл бермес күйіз.
Жауын болса, бақырып ыққа қашар, 
Сырын алдым, жауынға, қысқа нашар. 
Болады екен сайтандар жамырауық, 
Лақтар да секіріп шөпті шашар.
Лақ сойсаң, барынша бақырады, 
Ауыл-үйді келгін деп шақырады, 
Бақтыбай Жолбарысұлы

8
Анадағы серкешті сойғаныңда, 
Дауысынан бар денем қалтырады.
Тік мүйізді сұр жағал серке ме екен, 
Əнебіреу серкешің бөрте ме екен? 
Қаражал серкешің көсем бастар, 
Бар ешкіні соңынан ертеді екен.
Ешкі бақтым еңіреп қия бетке, 
Сырғанайды сірі шоқай қия бетке.
Ешкі бақсам бір пəле, бақпай қойсам, 
Екі ортада қалдым-ау қияметке.
Ешкі бақтым, амалсыз еңіреп бақтым, 
Шоқайменен тағалы аттай шаптым. 
Тасқа шығып сексиіп қарап тұрып, 
Домбырамен əн салып таңдай қақтым.
Бақтыбай Жолбарысұлы

9
ЖЕҢЕШЕМНЕН  МІН  ШЫҚТЫ
Жеңеше деп жүруші ем, 
Жеңешемнен мін шықты. 
Жеңешесі, шынынды айт, 
Түнде үйіңнен кім шықты? 
Қышынып ем, қотыр ем, 
Қой күзетіп отыр ем. 
Қой дырылдай, ит үріп, 
Сіздер жақтан шу шықты. 
Басынып жүрген кім деп ем, 
Сіздің үйден үн шықты. 
Айтпасаң айтпа, енеңіз, 
Лақтырды кімге ұршықты? 
Ертеңгісін қанаған, 
Айтпасаң да көрдік біз, 
Ұршық тиген тұмсықты. 
Айтпасаң қой жеңеше, 
Жолаушы ағам келгенде, 
Бір салармын қырсықты.
Бір кездерде əйтеуір, 
Ағам өстіп ұрар-ау. 
Еркектік қып қамшы ұстап, 
Қокаң қағып тұрар-ау. 
Ұршықпен ұрған енешің, 
Арашашы сұрар-ау.
Арашалап алғын деп 
Маған ғұзыр қылар-ау. 
Арашаға барармын, 
Қырсықтанып қалармын. 
Қойыңыз деп ағама, 
Самарқау қолқа салармын. 
Май-құрт беріп тұрмасаң, 
Маған жалбақ қылмасаң, 
Жіберіп, тартып, жеңеше, 
Асықпай тұр, жеңеше, 
Сенен кегімді алармын.
Бақтыбай Жолбарысұлы

10
ТОҒАННЫҢ ҚАЗЫЛУЫНА
Айтқан екен Иван кеп 
Диқан жайын бұларға. 
Өңкей елдің кедейі, 
Егін салдық Шұбарға. 
Ақылдастық қыс бойы, 
Жаз тіршілік қыларға. 
Қызыл қарын жас бала, 
Тарысыз, нансыз шыдар ма? 
Бидай менен тарыдан 
Септік талай мөлдекті. 
Мөлдек сеппей қайтеміз,
Кедейшілік дендетті. 
Суармақ боп егінді, 
Қаздық ұзын тоғанды. 
Оңай болмай жаз бойы, 
Бар кедейді терлетті. 
Тоған қазып шаршасам, 
Орнымнан зорға тұрамын.
Отырғанда демалып, 
Өлеңмен сауық құрамын. 
Үш жігіт зорға бұзады,
Қарасарттың «құлағын».
Құдайы қылдық тоғанға, 
Кемербайдың лағын. 
Тоған бітті, тоғанның 
Сайлалық деп мұрабын, 
Қарасартты сайладық, 
Қарсылық көпке қылмағын. 
Суға салдық жабылып, 
Жораны бұзсын нағылып. 
Ауылға қайттық кешкісін, 
Малшытып киім, тымағын.
Бақтыбай Жолбарысұлы

11
СƏЛЕМ АЛ, ТƏНЕКЕНІҢ ЕСІМБЕГІ
Сəлем ал, Тəнекенің Есімбегі, 
Жоңғардың шоқысындай төсіндегі. 
Жоғалған ат ізімен келіп қалдым, 
Өлеңмен арыз айтып көсілгелі. 
Үйсін менен Найманға белгілі ғой, 
Алдыңда сан түйіннің шешілгені. 
Өзіңдей əділ қазы жүрген елде 
Қалайша бейбастардың есіргені? 
«Алдырған албырт» деген мақал бар ғой, 
Сөзімде қата болса, кешір мені. 
Жоғалған аттың бірі жирен еді, 
Қасында жамбас болған кирең еді. 
Қотыр боп, алақ-жолақ жүні түсіп, 
Тулақтан тірі кебін киген еді. 
Тайында ұмасынан қасқыр тістеп, 
Кейінде терісірек сиген еді. 
Санына тарақ таңба басылғанда, 
Анық-ақ бадырайып күйген еді. 
Жоғалған тағы бірі күрең еді, 
Жануар бүлкіл қағып жүрер еді. 
Топ жарған Наурызбайдың «Сұр көжегі»
Секілді бұ да топқа кірер еді. 
Кызығып жүрісі мен шабысына, 
Би, болыс майын сұрап мінер еді. 
Жазым боп шалыс басып келіп қапты, 
Таптыртып, жетектетіп жібер енді. 
Пернелеп, несін басты ауыртайын, 
Есекем өзі-ақ жөнді білер енді. 
Шіркіндер келген шығар алмағайып, 
Еліңе келіпті деп алман айып. 
Қақ жарған қара қылды əділ болсаң, 
Кетермін таңғажайып, елге жайып.
Бақтыбай Жолбарысұлы

12
ЕКІ ЖЫЛҚЫ АЛДЫРДЫҚ
Екі жылқы алдырдық, 
Өтенайдың шиінен. 
Бірі – баран, бірі – боз,
Көріп, біліп айтқаның, 
Осы тұрған топтан өз. 
Көріп тұрып айтпасаң, 
Қырғи қуған шілдей тоз!
Бақтыбай Жолбарысұлы

13
АССАЛАУМАҒАЛАЙКҮМ, ТӨЛЕК БАЙЫМ!
Ассалаумағалейкүм, Төлек байым, 
Мойны озған сиыршыдан бөлек байым.
Көктемде жабағысын сататұғын, 
Сарт, ноғай, саудагерге керек байым. 
Өзге елден еліңіздің кедейі кеп, 
Бересіз қай кездерде көмек, байым?
Мына аттың майын мініп, мына қойды 
Беретін күнің бар ма же деп, байым? 
Өзге елдің байларымен салыстырсам,
Мақтанам оларға мен не деп, байым?
Базарың мына тұрған Талдықорған, 
Апарып беріп жүрсің малды қолдан. 
Береке, қайырымыңыз кеміді ғой, 
Кедейдің еліндегі арлы болған. 
Көктемде жұртқа тастап кете алмайсыз, 
Туыстан қашасыз ба жарлы болған? 
Жылына зекетіңді бөліп бергін, 
Ислам шариғатына заңды болған. 
Сіз менен аясаң да аттың майын, 
Мен сізден аямаспын жақтың майын. 
Қыстағы сұр, жаздағы бағлан қозы, 
Сыбағам, ішкен қымыз, жеген майым. 
Бай бар ма сиыршыда сізден өтер, 
Басқа елдің не қылайын Қарынбайын?!
Бақтыбай Жолбарысұлы

14
БАЛАСЫ ЖӨҢКЕБАЙДЫҢ АМАН БОЛЫС
Жас болыс, болыс, болыс, бала болыс, 
Болып тұр ұлығымыз қазақ орыс. 
Жас та болсаң, басқарып ел құрадың, 
Шырағым, бола білгің дана болыс. 
Баласы Жөңкебайдың Аман болыс, 
Шаңғарақ арасы сай саған қоныс. 
Əруағы Есекемнің сенде дейді, 
Тыманшы десе-дағы маған болыс. 
Лайық Амандікі емес пе деп, 
Айтыпты күшіктегі Адам болыс. 
Жалайыр Дүнгенеге топ құрғанда, 
Сыртыңнан əңгіме ғып тəмам болыс. 
Өз елін жаудан бетер тоздырады, 
Орнына ел жинаудың жаман болыс. 
Мəнсабы кетпейтіндей көрінеді, 
Сайланған ел жемекке арам болыс.
Атадан шын туған ұл елін қорғар, 
Ел үшін басын берер адал болыс.
Бақтыбай Жолбарысұлы

15
ҚОНЫСБАЙҒА ТІК ТАРТТЫМ
Үйрек едім көлдегі, 
Ауылға бардым өрдегі. 
Балаларым ашығып, 
Бір бау тары сұрап келгелі. 
Қонысбайға тік тарттым, 
Мырзалығын көргелі. 
Осы-ақ еді жалғыз-ақ, 
Тарысы піскен елдегі. 
Тұрғызғандай əкесін, 
Майдаладым көрдегі. 
Бес-алты бау сұрап ем, 
Мəн-жайын айтып бермеді. 
Қатыны тұрып бер деді, 
Қысылды, қатты терледі. 
Терлесе де тырысып, 
Қарынбай құсап бермеді. 
Өңін көрсең шошыр ең, 
Дəл бір осы жердегі. 
Беретін бе еді қайтер ед, 
Піспепті жөнді шөлдегі. 
Жеті күнде орамын, 
Нанбасаң өзің көр деді. 
Тары сұрап мазамды, 
Кетірді мынау ел деді. 
Ұзын бөрік кигізіп, 
Аямаушы ем мен деді. 
Келіп қапсың, Бақтыбай, 
Сөзіме менің сен деді. 
Бес-алты күн өткен соң, 
Берейін үш бау, кел деді.
Бақтыбай Жолбарысұлы

16
БІР ЛАҒЫМ БАР ЕДІ ТЕКЕСЫМАҚ
Бір лағым бар еді текесымақ, 
Өліп қалып, кеп тұрмын теке сұрап. 
Екі айтқызбай Малайжан берсе дедім, 
Болмаса да аласым, өтесім-ақ.
Ақын сөзге ағынан жарылады, 
Байға кедей жоқтықтан табынады. 
Малдың жанын, Малайжан, білесің ғой, 
Бір топ ешкім текесіз қаңырады.
Лəйқұл мақпуз ғаламның жазуымен, 
Қатындардай байы өлген аңырады. 
Теке болып жарытар көрінбейді, 
Сұр ешкімнің кенже еді ақ лағы.
Ауылыңызда текенің барын біліп, 
Бəрі шулап осылай маңырады. 
Барғын деді маңырап Малайыңа, 
Қаңғырам ба теке іздеп Жалайырға.
Ешкілерді некелеп куəйттəйін, 
Көшіп келе қалыпсың маңайыма. 
Бес текенің біреуін бермесеңіз, 
Теке қайдан оларға табылады.
Əкелері өлгенді білді білем, 
Лақтар да шуласып жамырады. 
Қорықпаңыз үш ауыз өлеңінде, 
Бір бұйымтай бар ма деп тағы-дағы.
Кешке дейін кақсатпай текеңді бер, 
Ақыныңның ауырар жағы-дағы.
Бақтыбай Жолбарысұлы

17
ҚҰРДАСЫМ СЫДЫҚ ТӨРЕГЕ
Шыбынды деген жер екен, 
Мұнда да талай ел екен. 
Қазақ па десек бұл үйді, 
Сарқұлақ сарт төре екен. 
Қайнатқан қызыл шайы жоқ, 
Не құрты, не майы жоқ, 
Қонақтың барған жайы жоқ, 
Төренің үйі көр екен. 
Қатындар деді қалған жоқ, 
Сиырлы үйде айран жоқ, 
Үйдің іші шөл екен. 
Бұл төренің үйінде 
Екі қатыны бар екен. 
Күндестікпен, ұрыспен, 
Құрыған екен берекең. 
Көзімізше егесті, 
Емес мұным келекем. 
Бірі – албасты қатынның, 
Біреуі екен пері анық. 
Қатын ғып жүрген бұларды, 
Анық төре ер екен. 
Біреу десек Қарынбай, 
Екеу болып шықты ғой, 
Жер жұтпай-ақ біреуі, 
Шыбындыда жүр екен. 
Түкіретін бетіне, 
Қарынбай үйде жоқ екен.
Бақтыбай Жолбарысұлы

18
ЖАМАН АУЫЗ АНДАСБАЙ
Сен – көкқұтан, мен – тұйғын, 
Жаман ауыз Андасбай! 
Əрі жүрші қасымнан, 
Жарбаң қағып, жармаспай. 
Бір жылы туған немесің, 
Жабысқақ жылбыс кенесің. 
Былғап туған жылымды, 
Сасық ауыз, албасты-ай. 
Құрдаспын десе Бақаңмен, 
Сөз құйыны қаһармен, 
Құдай білер еш адам, 
Андасбайға нанбастай. 
Бүйте берсең бір кезде, 
Айтарлықтай бір өзге, 
Бір керемет көрерсің, 
Есіңнен, сірə, қалмастай. 
Болса да бойым кішкене, 
Жатыр ғой қайнап күш-дене. 
Бақтыбайға соқтықпа, 
Кесіп түсер алмастай. 
Құдашаның жанына, 
Жатуыңды қайтейін, 
Қонышынан басқан етіктей, 
Қисайып барып жамбастай.
Бақтыбай Жолбарысұлы

19
ТҰРЫСБЕК, ЕШКІӨЛМЕСТІҢ ЖЫРАСЫ КӨП
Тұрысбек, Ешкіөлместің жырасы көп, 
Сөзімнің өтіріктен расы көп, 
Албасты, алпамсадай бас салдың ғой, 
Өгіз қара күшіме шыдашы деп. 
Түлен түртіп сұрадың қылмысыңды, 
Бір ауыз өлеңменен, сынашы деп.
Сенің таза денеңді көтерер ем, 
Аузыңның елді жеген күнəсі көп. 
Мүңкір-Нəңкұр басыңа əлек салар, 
Толып жатыр бұл иттің күнəсі деп. 
Арашаға мен барып түсе алмаспын, 
Тұрысбекті ит əуре қылмашы деп. 
Бақтыбайдан күнəңді өлеңменен 
Сайтан саған айтып па еді сұрашы деп?
Бақтыбай Жолбарысұлы

20
ҮЙГЕ ТҰРМАС МЕҢЛІБАЙ
Үйге тұрмас Меңлібай, 
Қаңғырып қайдан келдің-ай? 
Түс көрдің бе құмайдай, 
Түтінді қайдан көрдің-ай? 
Берекесін қашырдың, 
Ұсқының құрғыр, елдің-ай. 
Бір түйір намаз білмейсің, 
Сайтан сені жеңді ма-ай? 
Жылымды туған былғапсың, 
Қорлығыңнан өлдім-ай. 
Бақтыбайды бағасын, 
Қу тіліңмен шағасың, 
Сыйламаған ақымақ, 
Жолы үлкен өз ағасын. 
Қымызына байлардың, 
Жалбаң-жұлбаң шабасың. 
Білмесең де азанды, 
Құлағыңды қағасың. 
Алқам, салқам, талқан деп, 
Намаздың алдың мазасын. 
Шыдамайсың ойынға, 
Бажылдап зар-зар қағасың. 
Сайтан келіп қамасын, 
Бақаңменен құрдас боп, 
Білмей жүрген шамасын.
Бақтыбай Жолбарысұлы

21
ҚАСҚЫР ҰСТАР МЫНАУЫҢ СЫРТТАН ЕКЕН
Күшігіңнің аты Мойнақ деді, 
Атын дұрыс қоймапсың ойлап деді. 
Жіп тағып мойнына сүйреп жүрсің, 
Өлтіресің мұныңды ойнап деді.
Қасқыр ұстар мынауың сырттан екен, 
Алдап алып ауылға зытқан екен. 
Жай бір иттің орнына тазы алған соң,
Жаулыбайды Момынбай ұтқан екен. 
Ит баласын Мойнақ деп атай салар, 
Мұның аты мен білсем Құттан екен.
Бақтыбай Жолбарысұлы

22
АЗЫРАҚ ƏЗІЛ БОЛДЫ-АУ КӨҢІЛ АШАР
Қалай келер мынаған шыдап деймін, 
Жүрген шығар қасқырлар жылап деймін. 
Қолқа қылып, Ойшеке, сұрадыңыз 
Төбетіңді берейін сынап деймін. 
Өзің сынды төбетің батыр екен, 
Бере қоймас қораңнан лақ деймін. 
Төбетімді өзіме теңеді деп, 
Сіз мені айыптама бірақ деймін. 
Ит адамның қорғаушы досы болар, 
Кетті маған төбетің ұнап деймін.
Мұныңның аты шығар Бөрібасар, 
Кезіксе бөрі баспай нені басар? 
Төбетің барлық иттің сырттаны екен, 
Он қасқыр кезіксе де өңі қашар. 
Шынжырынан мынауың босап кетсе, 
Түрі бар қонақ демей мені басар. 
Итпен мені сынамай, атпен сына, 
Азырақ əзіл болды-ау көңіл ашар.
Бақтыбай Жолбарысұлы

23
ДƏМ АЙДАП КЕЗ КЕЛІППІН СІЗДІҢ ЖАҚҚА
Үйдемісің, байеке, 
Шығып кетші, қонақпын. 
Алыс жерден келіп ем, 
Белі талды шолақтың. 
Дəм бұйыртса бүгінше, 
Сіздің үйде болмақпын.
Дəм айдап кез келіппін сіздің жаққа, 
Сыйынып сөз сөйлейін жалғыз хаққа. 
Жасыңнан мейман күткен жан екенсің, 
Патшадай бір мініпсің алтын таққа.
Байеке, қайда отырар келген кісің, 
Үйіме жан келмесін дегенбісің? 
Іркілдеп қарның жуан өскен екен, 
Байеке, жүктімісің, шеменбісің? 
Өгіздей топан жеген ынқылдайсың, 
Дəл бүгін бір қап талқан жегенбісің?
Аман ба шаруа, мекен, малдарыңыз, 
Секілді мейман күткен аңғарыңыз. 
Дəл өзің туған жылы киіп пе едің, 
Бұтыңда құтты болсын шалбарыңыз.
Шөп-шалам толып тұрған сүтің құрсын, 
Кім бізге жеті түнде бітім қылсын. 
Қырқыңнан шыққан кезде киіп пе едің, 
Тізеңе тағып қойған «үкің» құрсын.
Ет аспай, асып бердің тары ботқа, 
Ет берсең, тартпас еді ешкім сотқа. 
Шөлдетіп тары ботқаң бара жатыр, 
Қисайтпай шəугіміңді қойсайшы отқа.
Бақтыбай Жолбарысұлы

24
Салғанын астымдағы ала тулақ, 
Май түгіл су көрмепті жаздай қурап. 
Сиыр мініп жасымнан үйренгем жоқ, 
Тірілсе, мөңкір ме екен қарғып, тулап.
Байеке, бұл харамың қайдан біткен, 
Жасыңнан бай екенсің шайтан түрткен.
Шолтаңдар шапан жеңі шынтағымда, 
Ешкінің құйрығына өлшеп тіккен.
Бақтыбай Жолбарысұлы

25
КЕТЕЙІН БІР ОЛЖАМДЫ СІЗГЕ БАЙЛАП
Қария, бай сиырын шықтың айдап, 
Апарып апай төске салдың жайлап. 
Жасың болса ұлғайып қалған екен, 
Асау өгіз мініпсің сорың қайнап. 
Қария, биені ал да, батаңды бер, 
Кетейін бір олжамды сізге байлап!
Бақтыбай Жолбарысұлы

26
ТАЛАЙ-ТАЛАЙ КӨРДІК ҚОЙ
Талай-талай көрдік қой, 
Талай елдің қыздарын. 
Талайынан жылынып,
Талайынан мұздадым. 
Некелі жолдас болды да, 
Бұрынғыдай қызбадым. 
Серттен қайтқан жігітше, 
Сертімді мен де  бұзбадым. 
Көрсе қызар сайтан бар, 
Көңіл ашар сайқалдар. 
Алды-артыңды байқаңдар, 
Сендерге-ақ бердік қыз жағын.
Бақтыбай Жолбарысұлы

27
ҚИСЫҚ АҒАШ ЖАТПАУШЫ ЕД ТЕЗ ҚАСЫНДА
Болған соң келін кербез, кемпір саяқ, 
Құдайдың қойғаны ғой аямай-ақ. 
Балаң арам боп туса, амалың не, 
Тере бер тезегіңді жыламай-ақ.
Тезек теріп, боздап жүр мына пақыр, 
Болғаны ма, Жəлменде, заманақыр. 
Қисық ағаш жатпаушы ед тез қасында, 
Мынау қисық қисайып неге жатыр?
Бақтыбай Жолбарысұлы

28
ЕЙ, ҚАРЕКЕ, БОЛЫСЫМ!
Ей, Қареке болысым, 
Туысым бір қонысым. 
Теңдігімді алып бер, 
Түсіп тұр саған зор ісім. 
Əділетпен шешпесең, 
Халықтың бір сорысың. 
Түйінін дəлдей шешсеңіз. 
Ақиқаттың жолысың. 
Тыңдамасаң сөзімді, 
Алып берер орысым. 
Саған айтып кетуге 
Келіп едім сол үшін. 
Осындайда бермесең, 
Бересің қашан қол ұшын?
Бақтыбай Жолбарысұлы

29
АСЫП ТУДЫҢ ТАЛАЙДАН
Асып тудың талайдан, 
Жалайырда Жəлменде. 
Озып жүрсің маңайдан,
Жан менен де, малмен де. 
Жолдас болдың болыс, би, 
Бекпенен де, ханмен де. 
Істес болдың жасыңнан, 
Жоқпенен де, бармен де. 
Ояз болып, би болып, 
Топты жардың сəнмен де. 
Серкедей елді бастадың, 
Тар босаға, тар жерде. 
Нашарға тиген қайырың, 
Көріп жүрміз əр жерде. 
Үміт етер нашар көп, 
Жəлменде би бар жерде. 
Əділ болсаң еліңе, 
Қайғыланып қам жеме. 
Жылағанды жұбатқың, 
Тіліңменен бал бер де. 
Нашарға тисін көмегің, 
Халқыңа жылау, зар берме. 
Ел басқарсын туған ұл 
Əділ болып жарлы елге. 
Құттықтадым ұлыңды, 
Өлеңмен де, əнмен де!
Бақтыбай Жолбарысұлы

30
БИЛЕРГЕ
О, Жəлменде, Қожбанбет! 
Естімеген елде көп. 
Ебін тапқан епшілдер, 
Биге де шығар екі жеп. 
Көргендерің көп дейтін, 
Айтыңдар енді ақ сөйлеп, 
Не деген сұмдық мына кеп?
Бес қаруын асынып,
Төреге Тезек бас ұрып. 
Тал түсте тартып əкетті, 
Дəнекердей жеңгемді, 
Жеті жендет басынып. 
Қараң қалды, əнеки, 
Асулы қазан, жағулы от, 
Жиған жүгі шашылып. 
Мұның бəрін сендерге, 
Айтады Бақаң ашынып!
Ел сиынған екі би, 
Тоқтат мына кеселді. 
Телі тентек жүрмек пе, 
Басып, жаншып осы елді? 
Жан қысылған шақтарда, 
Шарапатын көрмесек, 
Не ғыламыз шешенді, 
Ділмарсыған көсемді? 
Аталы сөз аузымда: 
«Мың асқанға бір тосқан», 
«Ақтаған тары таусылар», 
Ашындырса ол елді, 
Ақиған көзі алайып, 
Жұмылар да ашылар. 
Бақтыбай Жолбарысұлы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал