Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз.Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау.
Поделитесь с Вашими друзьями: |