«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» пәнінен



жүктеу 2.94 Kb.

бет1/9
Дата06.05.2017
өлшемі2.94 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
 
Әлеуметтік-педагогикалық факультет 
 
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы  
 
 
 
 
 
 
 
 
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының 
тарихы» пәнінен 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 
 
050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 
мамандығына арналған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды 2011 
 

 

 
 
Құрастырған: 
 
Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы -  бастауыш оқытудың 
педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры 
 
 
 
 
 
«Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  технологиясының 
тарихы»  пәнінің  оқу-әдістемелік  кешенінің  мазмұнын  осы  пәнді 
оқып-үйрену  бағдарламасы,  семинар  сабақтарының  жоспары  мен 
әдістемілік  нұсқаулар  және  СӨЖ  ұйымдастыру  түрлері  құрайды. 
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» 
пәні  болашақ  бастауыш  білім  берудің  педагогтарына  математиканы 
оқыту 
әдістемесінің 
тарихынан 
білім, 
білік, 
дағдыны 
қалыптастыруды  көздейді  және  оқу  жоспарына  сәйкес  4  курста  7 
семестрде  таңдау  компонентіне  кіретін  элективті  курс  болып 
табылады. 
Пәнді оқып үйренуге 2 кредит бөлінген. 
 
 
 
 «Бастауыш 
мектепте 
математиканы 
оқыту 
технологиясының  тарихы»  пәнінен  оқу-әдістемелік  кешен/ 
ҚұрастҚ.А.Сарбасова – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. - 144 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
             © Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011
 
 
 

 

 
 
 
 
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS 
 
1.1 Оқытушы туралы мәліметтер: Қ.А.Сарбасова – педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор
 
Байланыс ақпараты және кафедрада болу уақыты:  
сейсенбі– 13-17 сағ. 
жұма – 10-16 сағ.  
Оқу корпусы №10, ауд.217 
  
1.2. Пән туралы мәліметтер: 
Атауы: 
«Бастауыш 
мектепте 
математиканы 
оқыту 
технологиясының тарихы»  
Кредит  саны:  2  кредит  (күндізгі  оқу  бөлімі),3  кредит  (сырттай 
оқу бөлімі) 
Өткізілу орны: әлеуметтік-педагогикалық факультет 
 
Оқу жоспарының көшірмесі (күндізгі оқу бөлімі) 
Курс 
Се-
местр 
Кредит 
Дәріс 
Семи-
нар 
СОӨЖ 
СӨЖ 
Барлы-
ғы 
Бақылау 
түрі 



15 
15 
30 
30 
90 
емтихан 
  
(сырттай оқу бөлімі) 
Курс 
Се-
местр 
Кредит 
Дәріс 
Семи-
нар 
СОӨЖ 
СӨЖ 
Барлы-
ғы 
Бақылау 
түрі 



30 
15 
45 
45 
135 
емтихан 
  
1.3. Пререквизиттер:  
Оқу пәнін студенттер сапалы меңгеру үшін:  
математика, 
педагогика 
тарихы, 
бастауыш 
мектепте 
математиканы  оқыту  теориясы  және  технологиясы  саласынан  білімі 
болуы қажет;. 
өздігінен  білімін  жетілдіру,  ғылыми-педагогикалық  және 
әдістемелік әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеу, конспект, реферат 
жазу,  ғылыми  баяндамалар  мен  хабарламаларды  дайындау, 
мемлекеттік  ресми  және  номативті  құжаттарды  талдау  икемділігі 
болуы керек. 
 

 

 
 
1.4. Постреквизиттер:  
 «Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  технологиясының 
тарихы» курсын оқып-үйрену барысында студенттер мынадай білім, 
білік, дағды көлемін меңгереді: 
-  бастауыш  математикалық  білім  беру  мазмұнына  тарихи 
сипаттамасы; 
 -  әдістемелік-математикалық  ғылымның  көрнекті  өкілдерінің 
ғылыми-әдістемелік идеялары; 
-  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  теориясы  мен 
технологиясы бойынша оқу материалдарының тарихи мазмұны. 
1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:  
«Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  технологиясының 
тарихы»  пәні  болашақ  бастауыш  білім  берудің  педагогтарына 
математиканы  оқыту  әдістемесінің  тарихынан  білім,  білік,  дағдыны 
қалыптастыруды  көздейді  және  оқу  жоспарына  сәйкес  4  курста  7 
семестрде  таңдау  компонентіне  кіретін  элективті  курс  болып 
табылады. 
Курстың  мақсаты  –  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту 
әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы туралы студенттерге білім беру. 
Курстың міндеттері:  
-
 
бастауыш  математикалық  білім  беру  мазмұнына  тарихи 
сипаттама беру; 
-
 
әдістемелік-математикалық  ғылымның  қалыптасуы  мен  даму 
динамикасы туралы түсінік беру; 
-
 
әдістемелік-математикалық  ғылымның  көрнекті  өкілдерінің 
ғылыми-әдістемелік  идеяларымен  таныстыру  және  олардың  қазіргі 
кездегі маңыздылығын ашып көрсету
-
 
бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  теориясы  мен 
технологиясы  бойынша  оқу  материалдарының  тарихи  мазмұнын 
ашып көрсету және оның бүгінгі күнмен байланысын анықтау; 
- болашақ мамандардың тарихи көзқарастары мен тарихи талдау 
біліктерін қалыптастыру. 
Курсты  оқып-үйрену  нәтижесінде  студенттер  меңгеруге 
тиісті білім, білік және дағдылар көлемі: 
-  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  технологиясының 
тарихы оқу пәні ретінде, оның мазмұны, әдістеме, тарих ғылымымен 
байланысы туралы білуі; 

 

 
 
-  әдістемелік-математикалық  ғылымның  қалыптасуы  (XVIII  ғ.  – 
XX ғ.)туралы білуі;  

Қазақстандағы 
әдістемелік-математикалық 
ғылымының 
қалыптасуы туралы білуі; 
-    бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  теориясы  мен 
тәжірибесінің дамуы туралы білуі
-  қойылған  мақсат  пен  міндеттерді  нәтижелермен  салыстыра 
білу, олардың сәйкестігін бағалай білу және осы бағалаудың негізінде 
оқытуды жоспарлай алу; 
-  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  теориясы  және 
технологиясы  курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  орындауға 
және  өзінің  болашақтағы  әдістемелік  қызметіне  қажетті  зерттеу 
жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктермен қарулануы керек. 
 
1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру 
кестесі 

 
Ж
ұм
ы
с 
тү
рл
ер
і 
Тап
сы
рм
а 
м
ақ
са
ты 
м
ен м
аз
м
ұны
 
Ұ
сы
ны
ла
тын
 
әде
би
етт
ер
 ті
зім
іне
 
сіл
тем
е 
Ор
ы
нд
ау
 ұ
за
қты
ғы
 
Ба
қы
ла
у 
тү
рі
 
Ба
лл
ы
 
Есе
п  
бе
ру
 т
үрі
 
Тап
сы
ру
 м
ер
зім
і 










Пәннің 
типтік оқу 
бағдарлама
сымен 
жұмыс 
Білімді 
жүйелеу 
Семинар 
тақыры-
бына 
сәйкес 
 
1 апта 
жазбаша  3  конспект 
1-апта 

Пән бойын-
ша библио-
графия лық 
тізім жасау 
Негізгі 
әдебиеттер
дің 
мазмұнына
талдау  
Семинар 
тақыры-
бына 
сәйкес 
 
1 апта 
жазбаша   7   аннотация 
2-апта 

Ғылыми 
хабарлама 
Зерттеу іс-
әрекетін 
қалыптас-
тыру 
Семинар 
тақыры-
бына 
сәйкес 
 
2 апта 
жазбаша  7 
реферат 
3, 10, 
13 
апта 

СӨЖ 
Талдау 
СОӨЖ 
СОӨ
Ауызша  2 
Тапсырмалар 
4, 11, 

 

 
 
тапсыр-
масын 
орындау 
және 
таным 
қабілетін 
дамыту 
тақыры-
бына 
сәйкес 
Ж 
кестес
іне 
сәйкес 
жазбаша  
жинағы 
14 
апта 

Жазбаша 
түрде 
аралық 
бақылау 
Кәсіби 
білімін 
шыңдау 
1 жұмыс 
-1-4 
тақырып 
2 жұмыс 
- 5-7 
тақырып 
бойын-
ша. 
Се-
минар  
№ 4 
Се-
минар  
№ 7 
 
Ауызша 
жазбаша 

Бақылау 
жұмысы 
1-8  
9-16 
апта 
 
1.7. Әдебиеттер тізімі: 
Негізгі әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасы  Жалпы  орта  білім  берудің 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары.  Жалпы 
бастауыш білім.-Алматы: РОНД, 2003.- 136 б. 
2.
 
 ҚР  МЖМБС  3.08.252  –  2006  050102  -  Бастауыш  оқытудың 
педагогикасы  мен  әдістемесі.  Жоғары  кәсіптік  білім. 
Бакалавриат. – Астана, 2006. – 34 б. 
3.
 
Актуальные  проблемы  методики  обучения  математике  в 
начальных  классах/  Под  ред.М.И.Моро,  А.М.Пышкало.  -  М., 
1997. 
4.
 
Әбдікәрімұлы  Б.,  Сарбасова  Қ.А.  «Бастауыш  сынып 
мұғалімдерін  математиканы  оқытуға  даярлау»  (электронды 
оқулық).  -  Зияткерлік  меншік  объектісін  мемлекеттік  тіркеу 
куәлігі. - № 207,
 
11 тамыз 2004 ж.   
5.
 
Әлімбай  Т.Р.  Математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстар  және 
халық есептері.-Алматы:Рауан, 1997.- 80 б. 
6.
 
Бантова М.А., Бельтюкова Г. В.,Полевщикова А.М. Бастауыш 
кластарда математиканы оқыту методикасы.-Алматы:Мектеп, 
1978.-343 б. 
7.
 
Елубаев  С.  Қазақтың  байырғы  қара  есептері.  -  Алматы: 
Қазақстан, 1996 - 144 б. 
8.
 
Истомина  Н.Б.  Методика  обучения  математике  в  начальных 
классах:  Учеб.пособие  для  студентов  сред.  и  высших  пед. 
учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. 
– 288 с. 

 

 
 
9.
 
 Истомина  Н.Б.  и  др.  Теоретические  основы  методики 
обучения математики в начальных классах.-Воронеж,1996. 
10.
 
Методика  начального  математике  /  Под  ред.  А.А.Столяра, 
В.Л.Дрозда.-Минск, 1988. 
11.
 
Методика  начального  обучения  математике/  Под  ред. 
Л.Н.Скаткина. - М.,1972 
12.
 
Көбесов  А.  Математика  тарихы.  -  Алматы:  Қазақ 
университеті, 1993. – 240 б. 
13.
 
Қаражанұлы Т. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі.1-4 
сынып.-Алматы:Атамұра, 1997-2000. 
14.
 
Қосанов  Б.М.  Қазақстандағы  әдістемелік-математикалық  ой-
пікірдің қалыптасу тарихы. - Алматы, 1999. 
15.
 
Қырық  қазына:  қазақ  халқының  ауызша  есептері.  /Құраст. 
Ә.Доспамбетов.-Алматы: Рауан, 1997 - 80 б. 
16.
 
Құрманалина  Ш.Х.  және  т.б.  Математикадан  дидактикалық 
ойындар  және  қызықты  тапсырмалар.-Алматы:  Атамұра, 
1997-46 б. 
17.
 
Қосанов  Б.М.,  Өміртаева  Р.А.  Математикадан  дидактикалық 
ойындар  және  қызықты  жаттығулар.  -  Алматы:  Атамұра, 
1998.-42б. 
18.
 
Оспанов  Т.К.  және  т.б.  Жаңа  буын  оқулықтары  бойынша 
бастауыш  сыныптарда  математикасны  оқыту  әдістемесі.  - 
Алматы: Атамұра, 2005. - 256 б. 
19.
 
Оспанов  Т.К.  1-4  кластар  математикасын  оқытудағы 
сабақтастық  мазмұны  мен  методикасы.-  Алматы:Мектеп, 
1980.-71 б. 
20.
 
Оспанов  Т.К.  Математиканың  бастауыш  курсын  оқыту 
әдістемесі.-Алматы:РБК, 1996.-177 б. 
21.
 
Пышкало  А.М.  Методика  обучения  элементам  геометрии  в 
начальных классах.-м.,1973. 
22.
 
Сарбасова  Қ.А.  Бастауыш  сыныптарда  математикадан 
сыныптан 
тыс 
жұмыстарды 
ұйымдастыру.-Қарағанды: 
ҚарМУ баспасы, 2002.-82 б. 
23.
 
Сарбасова  Қ.А.  Математика  мұғалімдерін  даярлау    (көмекші 
оқу құралы).- Астана: Нұржол, 2003.-88 б. 
24.
 
Сарбасова  Қ.А.  Бастауыш  сыныптарда  математикадан 
сыныптан  тыс  жұмыстар  (электронды  оқулық).-  Зияткерлік 

 

 
 
меншік  объектісін  мемлекеттік  тіркеу  куәлігі.-  №022,    29 
қаңтар 2004 ж. 
25.
 
Сарбасова Қ.А., Сарбасова Қ.А. Математикадан дәстүрлі емес 
сабақтар. - Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2005. - 87 б. 
26.
 
Сарбасова Қ.А. Сарбасова Қ.А., Омарбекова А.И. Математика 
пәнінен  ашық  сабақтар.  -  Зияткерлік  меншік  объектісін 
мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №322, 14.10.2005 ж. 
27.
 
Сарбасова  Қ.А.  Шағын  комплектілі  бастауыш  мектепте 
математиканы оқыту. - Қарағанды: ҚарМУ, 2006. - 133 б. 
28.
 
Сарбасова  Қ.А.,  Темірғалиева  С.О.  Бастауыш  сыныптарда 
дербес  пәндерді  оқыту  әдістемесінен  курстық  жұмыстарды 
орындауға  әдістемелік  нұсқаулар.-  Қарағанды:  Қарағанды 
экономикалық университетінің баспаханасы, 2001.-23 б. 
29.
 
Сарбасова  Қ.А.  Тишмағамбетова  Г.С.  Бастауыш  мектепте 
математиканы  оқыту  әдістемесінен  бақылау  жұмыстарын 
орындауға  әдістемелік  нұсқаулар  (қазақ,  орыс  тілдерінде).- 
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.-32 б 
30.
 
Средства  обучения  математике    /Отв.ред.  А.М.Пышкало.-
М.,1981 
31.
 
Стойлова  Л.П.,  Пышкало  А.М.  және  т.б.  Математика 
бастауыш курсының теориялық негіздері. - Алматы: Мектеп, 
1984.-360 б. 
32.
 
Стойлова Л.П. Математика. М.: Издательский центр  «Акаде-
мия», 1997. - 464 с. 
33.
 
Эрдниев  П.М.,  Эрдниев  Б.П.  Теория  и  методика  обучения 
математике в начальной школе. -М.: Педагогика, 1988.-208 с.    
Қосымша әдебиеттер: 
1.
 
Әлімбай  Т.Р.Математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстар  мен 
халық есептері. -Алматы:Рауан, 1997.-80 б. 
2.
 
Елубаева  С.Бастауыш  кластарда  математикадан  жүргізілетін 
кластан тыс жұмыстар.-Алматы:Мектеп, 1985.-39 б. 
3.
 
Зайцев  В.В.  Математика  для  младших  школьников:  Метод. 
пособие для учителей и родителей. – М.: Гуманит. изд. центр 
ВЛАДОС, 2001. – 72 с. 
4.
 
Зайцев В.В., Гладышева Е.П. Развивающее обучение матема-
тике  младших  школьников  в  условиях  вариативных  методи-
ческих систем: Учеб. пособие. – Волгоград: Перемена, 2001. – 
109 с. 

 

 
 
5.
 
Петерсон  Л.Г.  Математика  //  Программно-методические  ма-
териалы.  Математика.  Начальная  школа.  М.:  Дрофа,  2000. 
С.61-89.  
6.
 
Общие  вопросы  преподавания  математики  в  начальной  шко-
ле:  учебное  пособие  для  студентов  по  специальности  «Педа-
гогика  и  методика  начального  образования»./Автор-состав. 
О.В. Науменко. – Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2004. – 60 с. 
7.
 
Сансызбайқызы  М.  Балдырғандарға  арналған  қызықты 
математикалық тапсырмалар.-Алматы:Рауан,1993.-54 б. 
1.8. Рейтинг-шкала 
 
Бақылау түрі 
Балдары 
күндізгі 
сырттай 
Ағымдық 
30 
30 
Аралық 
30 
30 
Қорытынды 
40 
40 
Барлығы: 
100 
100 
 
1.9. Курстың саясаты мен процедурасы  
- дәріс және семинар сабақтарына қатысу (20 балл); 
-  СОӨЖ  және  СӨЖ  тапсырмаларын  уақытында  орындап, 
тапсыру кестесіне сай өткізу (8 балл); 
-  дәріс  конспектілерінің,  семинар  сабақтарының  орындау 
дәптерлерінің болуы (2 балл). 
Курсты  оқып-үйрену  барысында  студенттерге  қойылатын 
әкімшілік талаптар:  
Рефераттың мерзімінде орындалмауы 
 
-5 балл 
Баяндаманың мерзімінде орындалмауы 
 
-2 балл 
СОӨЖ  және СӨЖ тапсырмаларының 
орындалмауы 
 
Тақырып бойынша  минус  балл 
Аралық тапсырмаға қатыспауы 
 
-8 балл 
Сабаққа кешігіп келуі және қатыспауы 
Аралық бақылау бойынша минус 5 
балл 
 
 

 
10 
 
 
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
 
2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары 
Барлығы  2 кредит 
Тақырыптар атауы 
Дәріс 
Сем 
Лаб 
СОӨЖ 
СӨЖ 
1. «Бастауыш мектепте математиканы 
оқыту технологиясының тарихы» 
курсының пәні, міндеттері мен 
мазмұны 


    - 


2. Әдістемелік-математикалық 
ғылымның қалыптасуы  


    - 


3. Әдістемелік-математикалық 
білімдер құрылымындағы қазақ 
халық педагогикасының орны  
 

 


4. әл-Фараби  және   математиканы  
философиялық  негіздеу  мәселелері 
 
 
 


5. Революцияға дейінгі қазақ 
мектептерінде математиканы оқыту 


 


6. Қазақстандағы әдістемелік- 
математикалық ғылымының 
қалыптасуы (1914-1930 ж.ж.) 


    - 


7. Қ.Жәленұлының  «Есептану  
жобасы» бағдарламасы 
 
 
 


8. С.Қожанұлы  және  оның 
«Есептану  құралы» 
 
 
 
 

9. Бастауыш мектепте математиканы 
оқыту теориясы мен тәжірибесінің 
дамуы (1930-1960 ж.ж.) 
 



 
10. 1960-1990 ж.ж. кезеңіндегі 
бастауыш мектепте математиканы 
оқыту әдістеменің дамуы 


    - 


11. Тәуелсіз Қазақстандағы бастауыш 
мектепте математикалық білім 
берудің ұлттық мазмұны және 
әдістемелік-математикалық ғылым 
дамуынын негізгі бағыттары 





Барлығы (сағат) 
15 
15 

30 
30 
 
Сырттай бөлімнің тақырыптық жоспары 
Барлығы  3 кредит 
Тақырыптар атауы 
Дәріс 
Сем  Лаб 
СОӨ
Ж 
СӨЖ 
 
Оқу 
мер-
зімі 
1. «Бастауыш мектепте математиканы 


    - 

 
6 -

 
11 
 
 
оқыту технологиясының тарихы» 
курсының пәні, міндеттері мен 
мазмұны 
сем. 
2. Әдістемелік-математикалық 
ғылымның қалыптасуы  


    - 


6 -
сем. 
3. Әдістемелік-математикалық 
білімдер құрылымындағы қазақ 
халық педагогикасының орны  


    - 


6 -
сем.  
4. Математиканың   негізгі  
ұғымдарының  қалыптасуы 
 
 
 

 
 
5. Архимед  және  математика 
 
 
 

 
 
6.  Бағдат    ғылыми    мектебі.  Әл-
Хорезми. 
 
 
 

 
 
7. әл-Фараби  және   математиканы  
философиялық  негіздеу  мәселелері 





6 -
сем 
8. Революцияға дейінгі қазақ 
мектептерінде математиканы оқыту 


    - 

 
6 -
сем. 
9. Қазақстандағы әдістемелік- 
математикалық ғылымының 
қалыптасуы (1914-1930 ж.ж.) 





6 -
сем. 
10. Ә. Қасымұлының « Есеп құралы» 
атты оқулығы 

 
 

 
 
11. Қ.Жәленұлының  «Есептану  
жобасы» бағдарламасы 

 
    - 

 
6 -
сем. 
12. С.Қожанұлы  және  оның 
«Есептану  құралы» 

 


 
6 -
сем 
13. Бастауыш мектепте математиканы 
оқыту теориясы мен тәжірибесінің 
дамуы (1930-1960 ж.ж.) 


    - 

 
6- 
сем. 
14. 1960-1990 ж.ж. кезеңіндегі 
бастауыш мектепте математиканы 
оқыту әдістеменің дамуы 


    - 


6- 
сем. 
15. Тәуелсіз Қазақстандағы бастауыш 
мектепте математикалық білім 
берудің ұлттық мазмұны және 
әдістемелік-математикалық ғылым 
дамуынын негізгі бағыттары 





6- 
сем. 
Барлығы (сағат) 
30 
15 

45 
45 
 
 
 
 
 
 

 
12 
 
 
2.2 Дәріс сабақтарының тезистері 
№1 
дәрістің 
тақырыбы: 
Әдістемелік-математикалық 
ғылымның қалыптасуы  
1.
 
 Бастауыш математикалық білім беру ісінің ежелгі замандағы 
жайы 
2.
 
Мұсылмандық  мектептер.  Ортаазиялық  және  Қазақстан 
ғалымдарының әдістемелік математикалық қөзқарастары 
3.
 
18  ғасырға  дейінгі  Европа  және  Ресейдегі  бастауыш 
математикалық  білім  беру  ісінің  даму  ерекшеліктері  мен 
үрдістері  
1. Бастауыш математикалық білім беру ісінің ежелгі 
замандағы жайы 
Ежелгі  замандарда  ұлан-байтақ  Орталық  Азия  территориясын 
тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген. 
Шаруашылыктың  біртіндеп  дамуы,
 
тұрмыстың  біршама 
ортақтығы,  этникалық  жақындық,  саяси  тәртіп  факторы  Орталық 
Азияда ертедегі ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың 
уақыты  жағынан  алғашқылары  ғұңдар,  үйсіндер  және
 
қаңлылар  еді. 
Бұл
 
бірлестіктер  өзінің  тәуелсіздігі  жолында  көрші  мемлекеттермен 
үздіксіз кескілескен соғыстар жүргізіп отыруға мәжбүр болған. Олар 
күш  алып,  күшейген  дәуірлерде  көршілес  Қытаймен  болған 
соғыстарда  айтарлықтай  жеңістерге  жетіп  отырған.  Бұл  Қытай 
мемлекетін  көшпенділерге  қарсы  қалың  қол  ғана  емес,  дипломатия, 
экономика және мәдениет мәселелері тұрғысынан да  қарым-қатынас 
жасап отыруға мәжбүр етті. 
Ғұндардың,  үйсіндердің,  қаңлылардың  бай  қала  мәдениеті 
болған,  олар  мал  шаруашылығымен  бірге  егіншілікпен  де 
шұғылданған,  сәулет  өнері  мен  қолөнерін  жүйрік  білген.  Әсіресе, 
ғұнардың  асқаралы  жұмысының  бірі  күнбатыс  пен  күншығыс 
арасында отырған тайпалардың тығыз байланысы, олардың сауда ісін 
күшейтуі болды. Бұл тайпалар ежелгі дәуірлерде-ақ жазу мәдениетін 
меңгерген. Мысалы, б.з.д. 192-жылы қытай тілінде жазылған «Тарихи 
естеліктер»  кітабында  «Мәді  Тәңір  құты  дәуіріне  келгенде  ғұндар 
күшейіп,  жазу  қолдануды  жолға  қойған»,  -  деп  жазылған.  Бүған 
үйсіндердің  этникалық-мәдени  бабалары-сақтардың  әліпбилік  жазба 
ескерткішінің  (Есік  обасынан  табылған жазбасы бар  күміс  тостаған) 
табылуы да бұлтартпайтын дәлел бола алады. Ал,  қандай да болсын 

 
13 
 
 
қоғамда  жазудың  болу  деректері  әлеуметтік-экономикалық  ұйым 
дамуының жоғары деңгейін білдіреді. 
Демек,  осы  келтірілген  тарихи  деректерден  Қазақстан  өңірін 
қадым  замандардан  бастап  мекендеген  халықтардың  өзіндік  көне 
мәдениеті  болғандығы  аңғарылады.  Әсіресе,  б.з.д.  І-ғасырдағы 
көшпенділер  мәдениеті  ерекше  дараланады.  Ол,  Л.Н.Гумилевтің 
айтуына  қарағанда,  ХҮІП-ХІХ  ғасырдағы  көшпелі  тайпалар 
мәдениетінен  көп  жоғары  болған.  Шаруашылықтың  әр  түрлі 
салаларын етене ұштастырып отырудың, егіншіліктің,  қол өнері мен 
сәулет  өнерінің,  әсіресе  сауда-сатық  ісінің  өркендеуі  әжептәуір 
математикалық  білім-түсініктерді  қажет  етті.  Алайда,  бұл
 
өңірлерді 
мекендеген  ежелгі  халықтардың  математикалық  білім-түсініктері 
қандай  дәрежеде  болатындығын  сипаттайтын  жазба  ескерткіштер 
сақталмаған.  Дегенмен,  бұған  қатысты  кейбір  жанама  түрдегі 
мәліметтерді  ежелгі  қытай  жазбаларынан  кездестіруге  болады. 
Мәселен,  орыс  ғалымы  Н.Я.  Бичурин  (Иакинф)  өзінің  қытай 
жылнамалары  негізінде  жазылған  еңбегінде  дала  тайпаларының 
адамдардың, жылқылардың, малдың және салық берешіктерінің есеп-
қисабын ағашқа кертікшелер салу аркылы жүретіндігін айтады. Осы 
өңірлерде  құрылған  ежелгі  мемлекттерде  сыртқы  және  ішкі  сауда 
саттық  жұмыстарына  байланысты  өлшем  бірліктерінің  дәлдігін 
арттырып,  оларды  ретке  келтіру  мен  жүйеге  салу  мәселелеріне  де 
көңіл  бөлініп  отырылғаны  байқалады.  Мәселен,  жоғары  да  аталған 
еңбекте  IV  ғасырдың  аяғында  хан  Тоба  Гуй  таққа  отырысымен  жол 
өлшеуіштерін 
анықтауға 
және 
уақыттың 
астрономиялық 
өлшеуіштерін енгізуге жарлық берді деп жазылған. 
Қазақстан  территориясын  мекендеген  ежелгі  халықтарда 
математиканың бастапкы мағлұматтары қандай деңгейде болғандығы 
жөніндегі  бірсыдырғы  тура  деректерді  көне  түріктердің  жазба 
ескерткіштерін талдау арқылы білуге болады. 
Ежелгі  түрік  жазбаларында  1-ден  100000-ға  дейінгі  сандардың 
сөзбен  жазылған  атаулары  кездесіп  отырады.  Мұндағы  келтірілген 
сан  атауларына  талдаулар  жасай  келе,  төмендегі  ерекшеліктерді 
байқауға болады: 
Біріншіден,  көне  түрік  тіліндегі  бірліктердің  ондықтардың, 
жүздіктердің  және  мыңдықтардың  аталуы,  негізінен  алғанда,  қазіргі 
қазақ  тілндегі  сан  атауларымен  жақын,  ұқсас  болып  келеді,  яғни 
олардың  кейіннен.  азғана  дыбыстық  өзгерістерге  ұшырағаны 

 
14 
 
 
аңғарылады.  Тек  10000  және  100000  сандарының  аталуында  ғана 
бүгінгі  күнгіден  өзгешелік  бар,  олар  сәйкесінше,  түмен  және  он 
түмен деп аталған. 
Екіншіден, дөңгелек ондықтардың, жүздіктердің т.б. арасындағы 
сандардың  аталуы  қазіргі  қазақ  тіліндегіден  өзгеше  және  екі  түрлі 
болып келетіні байқалады: 
а)  Алдымен  бірлік,  сонан  кейін  оған  тіркес  санап  бара  жатқан 
ондық  аталады.  Мысалы,  21-бір  отуз.  («...Бір  отуз  йашыма  Чача 
Сеңүнке  сүңішдіміз»  -  «Жиырма  бір  жаста  Чече  Сеңүнмен 
соғыстық»). 
ә) Алдымен санның ондығы, оған тіркісе артуқы сөзі, сонан соң 
қажетті  бірлік  аталады.  Мәселен,  47-қырық  артукы  йіті.  («...Қаңым 
қаған) бунча...қырқ артукы йіті сүлеміс йегірмі сүңүсміс» - «...Қаңым 
қаған мұнша...қырық   жеті жолы соғыскан, жиырма соғыс жасаған»). 
Тіл  мамандарының  зерттеулеріне  қарағанда,  ежелгі  түріктерде 
бастапқыда бірінші жүйемен санау әдісі қалыптасып, кейінірек «қырқ 
артуқы  йіті»  деген  конструкция  пайда  болып,  бұл  екі  жүйе  бірдей 
қолданылғанға ұқсайды. Ал,
 
X  ғасырдан  кейінгі  түрік жазбаларында 
сан есімдердің бұлайша күрделену әдісі кездеспейді. Бұған қарағанда, 
екінші жүйе біріншіні бірге-бірте ығыстырып шығарған да, кейінірек 
X  ғасырға  қарай  қырық  артығы  жеті»  деген  конструкциядағы 
«артығы»  сөзі  түсіп  қалып,  дами  келе  «қырық  жеті»  тәртібі 
қалыптасқан деп топшылауға болады. 
Көне  түрік  ескерткіштерінде  ұшырасатын  сан  атауларына  зер 
сала  қарағанда,  олардың  арасындағы  жіктер-он,  жүз,
 
мың,  түмен 
екендігі  аңғарылады.  Бұл
 
«Бір  тобылқу  йүз
 
болты,  йүз  тобылқу  мің 
болды, мің тобылқу түмен болды, -тір... (Бір тобылғы жүз болды, жүз 
тобылғы  мың  болды,  мың  тобылғы  түмен  болды,  -дер...)»  -  деген 
жолдардан  айқын  көрінеді.  Бұдан  көне  түріктердің  санаудың  ондық 
жүйесін  пайдаланғанғын  байқаймыз.  Тағы  бір  көңіл  аударарлық 
мәселе,  дөңгелек  ондық  сандарының  әркайсысының  өзіндік  ерекше 
атаулары  бар және  бұл  атаулардан  оның  неше  ондықтан  тұратынын 
бірден аңғару қиын. 
Ежелгі  түріктер  планеталар  мен  жұлдыздардың  қозғалысын 
жетік  білген,  әсіресе,  мүшел  календарын  қолданудағы,  аса  күрделі 
тоғыс есебін жүргізудегі жітістіктерімен мәшһүр болған. Математика 
тарихының  терең  білгірі  М.Ө.Ысқақовтың  айтуына  қарағанда, 
олардың  астрономиялық  білімдері  «сырттан  алынған»,  «көрші 

 
15 
 
 
елдерден үйренген» білімдер емес, өмір талаптарынан туған, еңбекші 
халыктың  қалың  ортасында  қалыптаскан,  ғасырлар  сынынан  өтіп, 
бізге 
жеткен 
білімдер, 
біздің 
ұлттық 
мұрамыз, 
мәдени 
байлығымыздың  бір  саласы.  Ал,  матетатикаға  оның  алғашқы 
дамуынан бастап-ақ ең бірінші талап қойған ғылым-астрономия және 
оның  тек  математиканың  көмегімен  ғана  дами  алатынын  ескерер 
болсақ, ежелгі түріктердің астрономия саласындағы бұл жетістіктері 
олардың  математикалық  білім-түсініктерінің  әжептәуір  жоғары 
деңгейде болғандығын анғартады. 
Түрік  тілдес  халықтар  ерте  замандардан  бастан-ақ  жазба 
нумерацияны  игерген.  Бұған  нақты  дәлелдер  бар.  Мысалы,  1939 
жылы  ертедегі  Сарыга  қаласының  орнын  қазу  барысында  Түркеш 
қағандығы  (699-776  ж.ж.)  кезіндегі  теңгелер  табылған.  Соның 
біріндегі жазуларды аса көрнекті шығыс зерттеушісі А.Н. Бернштам 
«Затым  (он  оқ)  таңба»  деп  оқыған.  Мұндағы  «Т»  таңбасы  Орхон  - 
Енисей  жазбаларында  «оқ»  деп  оқылатыны  белгілі.  Демек,  «=«  -  он 
санының  таңбалануы  деп  топшылауға  болады.  Мұны  солтүстік 
Американың  ежелгі  тұрғындарының  бірі  -  майя  халқы  пайдаланған 
сан  таңбаларымен  салыстырып  қаралык.  Майяларда  да  он  саны 
осылай  таңбаланған.  Майялар  қолданған  жазбаша  нумерация  2000 
жыл  шамасындай  бұрын  пайда  болган.  Американың  ежелгі 
тұрғындары  Үндістердің  Азиядан  Америкаға  ауып  барғаны  туралы 
өткен  ғасырда  жасалған  болжам  қазір  шындыққа  айналып, 
американистика  ғылымында  толық  дәлелденген.  Бұған
 
қоса  соңғы 
жылдардағы  қазақ  ғалымдарының  зерттеулері  үндістердің  көптеген 
сөздерінің  қазақ  сөздерімен  кіндіктес  екендігін  айғақтап  отыр.  Бұл
 
деректерге  қарағанда  Қазақстанның ежелгі тұрғындарының жазбаша 
нумерацияны қолданғаны күмән туғызбаса керек. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал