Бастауыш мектеп жасындағы балалардың дене дамуы мен дене қуаты дайындығы. Орындаған: Тұрсынбаева Мейірім

жүктеу 3.61 Mb.
Дата11.11.2022
өлшемі3.61 Mb.
#23740
денешынықтыру1

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың дене дамуы мен дене қуаты дайындығы.
Орындаған:Тұрсынбаева Мейірім
Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы. Ғалымдардың дәлелдеулерінше осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы – гигиеналық, дәрігерлік – қоғамдық көрсеткіш болып табылады.
Мектеп оқушыларынан жылына екі рет, қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене қуаты дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығулары. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене қуаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді. 1. 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған. 2. 10 м 5 рет қайталап жүгіру.
Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған. 3. Кермеде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған. 4. Кермеде салбырай асылу (қыз балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің статикалық күш төзімділігін бағалауға арналған. 5. Шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған. 6. Отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған.
Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі. Олар: 1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. 2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. 3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. 4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары.
Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық іс-әрекеттері арқылы орындалады.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл-әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан-жақты, толық дамымайды. Дүниежүзі, Ресей және Қазақстан ғалымдарының пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 8-12 сағаттан кем болмауы қажет. Қимыл-әрекет белсенділігінің аздығы баланыңденсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныс күшін әлсіздендіреді, дене дамуын толық қанағаттандырмайды

Назарларыңызға рахмет
жүктеу 3.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:

©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет