Бастауыш және орта мектепті дамытудағы кәсіподақтардың атқарған қызметі М. Дәкенов, аэжбу профессоры, т.ғ. к



жүктеу 73.28 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі73.28 Kb.

Бастауыш және орта мектепті дамытудағы  

кәсіподақтардың атқарған қызметі 

 

М.Дәкенов,  АЭжБУ  

профессоры, т.ғ.к 

 

Қазақстанда  білім  беру  жүйесін  дамытуда  Орталық  Атқару  комитеті  мен 

КСРО  Халық  комиссарлар  кеңесінің  1930  ж  14  тамызда  қабылданған 

жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  туралы  қаулысы  маңызды  болды.  Соның 

негізінде  1930-1931  оқу  жылында  8-9-10  жастағы  балаларды  жалпыға 

міндетті  оқу  енгізілді.  ВКП  (б)  Орталық  комитеті  мен  КСРО  Халық 

комиссарлары  Кеңесінің  1934  ж  16  мамырдағы  “Бастауыш  және  орта 

мектептердің  құрылымы  туралы  ”  атты  қаулысы  еліміздегі  жалпы  білім 

беретін  мектептерді:  бастауыш,  орталау  және  орта  мектеп  сияқты  үш  типке 

бөлуі  қоғамдық  ұйымдар  мен  мемлекеттік  органдардың,  мектеп 

ұжымдарының алдында жаңа міндеттер қойды. ВКП (б) 18 съезі қалаларда он 

жылдық  және  ауылдық  жерлерде,  ұлттық  республикаларда  жеті  жылдық 

міндетті  оқытуды  жүзеге  асыруға  шешім  қабылдады.    Бұл  құжаттар 

Қазақстандағы  халыққа  білім  ісін  оның  барлық  буындарында  жақсартуда, 

нығайтуда  және  дамытуда  түбегейлі  өзгерістер  әкелді.  Республика  аумағы 

мектептерге  толды.  Мысалы,  тек  1939-1940  оқу  жылының  өзінде  6997 

бастауыш мектеп, сонымен бірге 3501 қазақ бастауыш мектебі жұмыс істеді, 

1619  орталау  мектеп,  сонымен  қатар  755  қазақ  орталау  мектебі,  532  орта 

мектеп,  сонымен  бірге  163  қазақ  орта  мектебі  функционалдық  міндетін 

атқарды. 1938-1939 оқу жылымен салыстырғанда мектептің жалпы саны 89-

ға  артты  [1].  Мектеп  санының  артуымен  қатар  оқушы  балалардың,  соның 

ішінде оқушы қазақ қыздарының қатарында жылдан-жылға арта берді. 

Жалпыға міндетті оқуды іске асыруда республиканың бастауыш және орта 

мектеп  (БОМ)  кәсіподақтары    зор  еңбек  етті.    Олар  мектеп  жасындағы 

балаларды  оқуға  тартуды  жалпыға  міндетті  оқуды маңызды  факторы  санап, 

оған  мектеп мұғалімдер ұжымдарын жұмылдырды.  

Білім  беру  органдары  мен  мектептер  балалар  мен    жасөспірімдерді 

мектепте  білім  беруге  көптеп  тартып,  қамтуға  жасаған  ұмтылысында 

айтарлықтай  күрделі  жағдайларға  кезікті.  Бастауыш  және  орта  мектеп 

кәсіподақтарының 

жетекшілігімен 

мұғалімдер, 

мектеп 

басшылары 



оқушылардың  жаңа  оқу  жылдарының  басында  немесе  жалпы  оқудан  қалып 

қоюының  негізгі  себептерін  анықтау  жұмыстарын  жүргізді.  Мысалы,  1939-

1940  оқу  жылында  8-14  жастағы  балалардың  7122  оқуға  тартылмай  қалған.  

Нәтижесінде оның бірнеше дәлелді және дәлелсіз себептері белгілі болды.  

Бірінші себеп – мектеп оқушыларының интернаттармен толық қамтамасыз 

етілмеуі. Осы дәлелді себеппен байланысты республикада  тек 1939-1940 оқу 

жылында 17788 оқушы мектептен тыс қалды. [2] 

Екінші  себеп  –отбасыларының  материалдық  жағдайының  нашарлауы. 

Мұндай  отбасыларындағы  оқушы  балалар  дер  кезінде  киім-кешекпен 


қамтамасыз  етілмеді  және  сырттан  көмек  көрсетілмеді,  балалардың    ата-

анасына  шаруашылықтарына  қол  ұшын  беруге  тартылуыда  себеп  болды. 

Мысалы, Қостанай облысында 311 оқушы осы себеппен оқудан тыс қалған.  

Үшінші  себеп  –  оқушы  балаларды  көлікпен  мектепке  жеткізу  ісі  дұрыс 

жолға қойылмаған.  

Төртінші себеп – кәсіптік оқу орындарына, ФЗО, қолөнер училищелеріне, 

әртүрлі профтех курстарға және техникумдарға оқуға түсуі.  

Бесінші  себеп  –мектептердегі  медициналық  қызмет  көрсетудің 

қанағатсыздығы, ауылдық жерлерде оның бақылауының жүйелі жүргізілмеуі 

салдарынан  балалардың  айтарлықтай  бөлігінің  ауруға  ұшырауы,  мектеп 

жасындағы қыздардың ерте тұрмысқа шығып кетуі.  

Алтыншы  себеп  –  мектептерде  ақылы  оқудың  сақталуы.  Бұған  әркімнің 

мүмкіндігі  жете  бермеді.  Осымен  байланысты  Қостанай  облысының  8-

10сыныптарының  516  оқушысы  мектепке  келуден  бас  тартты.  Балаларға 

оқытылатын  пәндерінің  санының  көп  болуыда  оларға  физикалық  және 

психологиялық  салмақ  салған  еді.  Мысалға  соның  бірі  кейбір  мектептерде 

ресмей  түрде  оқу  үрдісінен  алынып  тасталынған  ВКП(б)  қысқаша  тарихын 

оқыту  жалғаса  берді.  БОМ  кәсіподақтары  оқудан  шығып  қалған 

оқушыларды,  жалпы  білім  беретін  мектепті  біржола  тастап  кеткендерді 

мектепке қайтару жұмыстарын қолға алып,     оны шешудің негізгі жолдарын 

белгіледі:  мектеп  жанындағы  интернаттардың  қатарын  көбейтіп,  нығайту, 

қажетсінген оқушыларға материалдық көмек көрсету мектептен қашықтықта 

тұратын балаларды мектепке жеткізуді қамтамасыз ету, үй шаруашылығына 

көмек беруден шыға алмаған оқушларға өзара көмек көрсету. Бұлармен қатар 

ата-аналар  мен  балалар    арасында  түсіндіру  жұмыстары  жүргізілуі  тиіс 

болды,  балаларды  есепке  алу,  олардың  сабаққа  қатысуына  бақылау  жасау, 

мектепке  келуді  тоқтатқан  оқушыларға  қатысты  жедел    шаралар 

қабылдау,оқу-тәрбие  жұмысының  деңгейін  үздіксіз  арттыру.  Бұл  шаралар 

ерекше маңызды деп есептелінеді.  

Республика  кәсіподақ  ұйымы  өз  жұмыс  тәжірибесін  мектептерде 

қалыптасқан  жағдайларды  жүйелі  түрде  талқылап  отыруды  енгізді,  соның 

негізінде  облыстық,  қалалық  және  аудандық  БОМ  кәсіподақтарын  және 

халыққа  білім  беру  органдарын  балалардың  мектепке  келмей  қалуларын 

жоюда, оқушылардың оқуға оралуына шешуші шаралар қабылдап міндеттеп 

отырды.  Жалпыға  міндетті  оқуды  жүзеге  асыру  бойынша  қабылданған 

осындай  шешімдер  бүкіл  жұмысты  қайта  құрудың  негізгі  болды.  Мәселе 

жергілікті  және  мектеп  кәсіподақтарының,  мектеп  ұжымдарының  

жиналыстарында  кеңінен  сөз  етіліп,  талқыланып,  жүйелі  түрде  бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  жарияланып  тұрды.  Мұндай  жұмыстар  оң  нәтижесін 

берді.  Мысалы,  1939-1940  оқу  жылында  барлық  мектептерде  жалпыға 

міндетті оқу бойынша 1053620 оқушы білім алды. Бұл көрсеткіш 1938-1939 

оқу жылымен салыстырғанда  айтарлықтай артқанын көрсетті.  

Соғыс  қарсаңындағы  жылдарда  облыстық,  қалалық  және  аудандық  БОМ 

кәсіподақтары,  халыққа  білім  беру  органдары,  мұғалімдер  мен  жұртшылық 

оқу саласындағы міндеттерді шешуде назарларын әлсіреткен емес.  


Ақшалай  және  заттай  көмекке  зәру  отбасының  балаларына  қамқорлық 

жасауға  ерекше  көңіл  бөлінді.  Республика  да  жалпыға  міндетті  оқуға 

бөлінетін  ақша  қаражаты  жылдан-жылға  артып  отырды.  Балаларды 

тамақтандыруды  ұйымдастыруда  назардан  тыс  қалмады.  Қалалық,  аудан 

орталықтары  мен  кейбір  ауылдық  мектептердің  жанынан  оқушыларды 

тамақтандыру  орындары  ашылып  жұмыс  істеді.  Бұлардың  дұрыс  жұмыс 

атқаруын  БОМ  кәсіподақтары  өз  бақылауында  ұстады.  Оқушыларды 

мектептерге көлікпен тасып жеткізу мәселесі кәсіподақтар тарапынан күрделі 

шешімін тапқан мәселенің бірі болды. Әсіресе бұл мәселе аудан орталықтары 

мен  ауылдық  жерлерде  кезек  күттірмейтін  мәселе  деңгейіне  жетті.  Өйткені 

көліктің  түрлері  негізінен  ауыл  шаруашылық  жұмыстарына  жегіліп 

артылмайтын еді. БОМ кәсіподақтары республиканың барлық аудандарында 

жергілікті  әкімшілік  органдарын  бұл  іске  тартудың  арқасында  балаларды 

көлікпен  тасуды  ұйымдастыра  білді.  Бұл  жұмыс  Қостанай  облысының 

Қарабалық,  Семиозерный,  Федоровка  аудандарында  жақсы  жолға  қойылды. 

Жалпы облыс бойынша 823 оқушы көлікпен тасымалданды[3] 

 Сонымен бірге атқарылған шаралар интернаттардың қатарын айтарлықтай 

арттырды. Мысалы, 1938-1939- оқу жылында олардың саны 410 болса, 1939-

1940 оқу жылында олардың қатары 444 жетті[4],онда 29155 бала орналасты. 

Алайда  интернат  үйлерінің  бірқатары  санитарлық  нормаларға  сай  келмеді. 

Құжаттарды  талдау  интернатқа  деген,  онымен  оқушыларды    қамтуға  деген 

үлкен  қамқорлық  әсіресе  солтүстік  өңірлердегі  аудандарда  басым  орын 

алғандығын көрсетті.  

Жалпыға  міндетті  білім  беруді  жүзеге  асыруды  және  оқушыларды 

қамтудың  жоспарын  орындауды  БОМ  кәсіподақтары  мектептердің  оқу 

материалдық  және  шаруашылық  базаларын  нығайтумен  байланыстырды, 

атап  айтқанда,  мектеп  ғимараттарын  және  жиһаздарын  жөндеуге,  отынмен, 

оқулықтармен, дәптермен және мектептерді мұғалім кадрлармен қамтамасыз 

етуге маңыздылық берді.  

Мектеп 


ғимараттарын, 

жиһаздарын 

жөндеу 

жұмысында 



БОМ 

кәсіподақтары  негізінен  ата-аналардың,  мұғалімдер  мен  оқушылардың 

күшіне  сүйенді.  Дәл  осылай  мектептегі  басқада  шаруашылық  міндеттері 

жүзеге  асырылды,  мысалға,  мектепке  отын  дайындауды  және  оны  тасып 

жеткізуді айтсақта жеткілікті.  

Соғыс  қарсаңындағы  оқу  жылдарында  мектептің    оқу  ғимараттары 

жетіспеді, бұл жағдай мектептерде оқу үрдісін 3-4 ауысымға әкеп соқтырды, 

дұрыс  білім  беруге  кедергі  келтірді.  Мектеп  ғимаратттарында  әр  түрлі 

мекемелер орналасты. БОМ кәсіподақтары оларды мектептерге қайтару үшін 

күрес  жүргізді.  Бұл  мәселені  баспасөзде  көтерді,  Халық  ағарту 

комиссариаттарының    алдына  қойды.  Қызылорда  облысының  Қазалы 

ауданында  аудандық  партия  комитеті  240  орынды  мектеп  ғимаратына, 

аудандық кеңес 180, балалар үйі 350 орындық  мектеп ғимаратына  және т.б. 

мекемелерде мектеп ғимараттарына орналасты. Бұл жағдай осы облыстың әр 

ауданынан  орын  алды[5].  Ақмола  қаласының  көптеген  мектептерінде  екі 

орындық  партаға  үш  оқушы  отырып  оқыды,  9-10  сынып  оқушылары  үш 



аусымда оқыды. Мектепке деп салынған  ғимарат облыстың қаржы бөліміне 

берілді, қазақ орталау мектебіне деп 1937 жылы салынған ғимарат жатақхана 

ретінде  пайдаланылды,  кейін  әскери  комиссариаттарына  беріліп,  оның  130 

қызметкері  600  оқушыны  қамтитын  ғимаратта  отырды.  Осындай 

ғиамараттарды облыстық партия комитеті, комбайнерлер мектебі де иеленді.  

Республикада  мектеп  ғимараттарын  салу  мерзімінің  ұзаққа  созылып 

кетуіде оқу үдерісіне кері әсерін тигізді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 4 

мектепті  салу  үш  жылға  созылып  кетті,  ал  Түркістан  ауданындағы  280 

орындық  темір  жол  мектебін  құрылысы  1938  ж  басталғанымен  екі  жылға 

тоқтап қалды. Тек БОМ  кәсіподақ ұйымдарының осы құрылысты жеделдету 

жөніндегі  ұсыныстарының арқасында оқу орны салынып бітті.  

Мектептер  шын  мәнінде  педагогикалық  білімі  бар  кадрлармен  толық 

қамтамасыз  етілмеді.  Ұстаздар  құрамының  білім  деңгейлеріде  әр  түрлі 

болды.  Соғыс  қарсаңындағы  уақытта  республика  бойынша  мұғалімдердің 

4462  жоғары  білімді  (10,5%)  ,  16780  ұстаз  орта  білімді  (42,5%),  10959  адам 

орталау  білімді  (42,9%),  1356  мұғалім    (3,6%),  жетінші  сыныптық  білімнен 

төмен педагогтар құрады[6]. Мұңалімдердің жалпы білімдік  және теориялық 

деңгейлерінің  әлі  де  болса  төмен  болуы  олардың  айтарлықтай  бөлігінің 

курстарда дайындалғанымен байланысты еді. Бұл жағдай мектептердегі оқу-

тәрбие жұмыстарына айтарлықтай кері әсер етті.  

Мектептерде  мұғалімдер  жетіспеуінің  салдарынан,  8,10  оқушылары  физика, 

математика,  орыс  тілі  мен  әдебиеті,  неміс,  француз  және  ағылшын  тілдері 

пәндерінен  таяз  білім  алды.  Жоғары  оқу  орындары  мен  педагогикалық 

учелищелер  мектептің  педагогикалық  кадрларға  деген  сұраныстарын 

қанағаттандыра  алмады.  Осы  оқылықтың  орнын  толтыру  үшін  республика 

мен  облыс  деңгейінде  қысқа  мерзімді  курстар  жұмыс  істеді,  аудандық 

деңгейде  методикалық  семинарлар,  тамыз  конференциялары    өткізілді. 

Жетіспеген  пән  мұғалімдерінің  орнын  толтыру  мақсатында  олардың 

жүктемелері  басқа  мұғалімдерге  бөлініп  берілді,  осылайша  оқу  үрдісінде 

мұғалімдердің  екі-үш  жүктеме орындауы практикаға енгізілді. 

БОМ  кәсіподақтары  мұғалімдердің  сырттай  оқу  жүйесі  арқылы 

біліктіліктерін  арттыруға  ерекше  мән  берді.  Олардың  сырттай  оқуына 

толықтай        мүмкіндіктер  жасады:  оқулықтармен,  оқу-әдістемелік 

құралдарымен,  және  т.б  көмек  көрсетті.  Сырттай  оқитын  мұғалімдер  өзге 

ұстаздар  мен  қатар  аттестациядан  өтуге  міндеттелді.  Тындырылған  игі 

шаралар  көп  күттірмей  жемісінде  берді.  Мысалы,  1940-1941  оқу  жылының 

мектеп 

бітірушілері, 



республика 

бойынша, 

алдыңғы 

жылдармен 

салыстырғанда толыққанды, берік, терең білім көрсетті, сауаттылығы артып, 

жалпы мәдени және саяси деңгейлерінің өскенін айғақтады. Олар фактілерді 

баяндаумен  қатар  өз  беттерінше  қорытынды  жасай  білетіне  көз  жеткізді. 

БОМ      кәсіподақтары  оқушылырдың  үлгерімдерін  арттыру  мақсатында 

облыс,  қала,  аудан,  мектеп  аралық  жарыстарды  тұрақты  түрде  өткізіп 

отырды. Жарыс жоғары үлгерімді арттырудағы, оқушылардың екінші жылға 

сыныпта  қалуын  жоюдағы  маңызды  фактор  ретінде  бағаланып,  оны 

ұйымдастыру мен өткізуде мол тәжірибе жинақтады. Оны жетілдіруге үлкен 



мән  берді.  Алматы  облысының  мектептерінің  жоғарғы  сыныптарында 

тұңғыш рет үлгерім кестелері жасалып, оған оқушылардың күнбе-күнгі алған 

бағалары жазылды. Бұл жағдай оқушылардың білімге деген көзқарасына зор 

ықпал етіп, оған аса жауапкершілікпен қарауға ұмтылдырды. Бұл жағдай оң 

нәтиже  бергендіктен  кейінгі  оқу  жылдарында  да  өзінің  одан  ары  жалғасын 

тапты.  Жүз  пайыз  үлгерім    беретін  мектептердің,  сыныптардың  ,  үздік 

мұғалімдердің  жалпы  саны  артты.  Ақмола  облысында  жарыс  үлгілі 

мұғалімдердің  тәжірибе  алмасу  мектебіне  айналды.  30-жылдан  астам 

мектепте жұмыс тәжірибесі бар Щучье қаласының  №2 бастауыш және орта 

мектебінің ұстазы Т.С. Грибанова, Қотыркөл орта мектебінің мұғалімі М. В. 

Мельник    және  т.б.  өздерінің  бай  тәжірибесін  жас  мұғалімдермен  бөлісіп 

отырды.  Облыс  мектептері  мен  сыныптарында  ашық  сабактар  өткізу 

практикада  кеңінен  қолданылады.  Оқу-тәрбие  жұмыстарын  дұрыс 

ұйымдастырып,  жүргізудің  нәтижесінде  Семей  облысының  92  мектебі  тек 

қана 1939-1940 оқу жылының өзінде  100%  үлгерім берсе, 226 мұғалім 100% 

үлгерімге  қол  жеткізді.  Оқушыларды  дәптермен    және  жазу  құралдарымен 

толық  жабдықтау  республикада  тек 1940-1941  оқу  жылында  ғана  іске  асты. 

Жаңа  оқу  жылында  Алматы  облысының  мектептері  жоспарлаған  1120000 

дәптердәі орнына 1419800 дәптер алды. Бастауыш мектептің әр оқушысына 

10 дәптерден келді, орталау мектеп оқушыларының әр қайсысы 15 дәптерге 

қол  жеткізді.  Бірақ  оқулықтардың  тапшылығы  республика  бойынша 

сақталды.  Оның  негізгі  себебі  оқулықтарды  басып  шығаруға  қажетті 

қағаздың дұрыс бөлінбеуіне байланысты болды.  Оқулықтардың бәрі бірдей 

мектептерде  жете  бермеді,  олардың  тапшылығы  байқалды.  Көбінекөп 

оқулықтар  сауда  орындарының  қоймаларында  жатып  қалды.  БОМ 

кәсіподақтары  олар  мен  байланыс  орнатып  оқулықтарды  мектептерге 

таратуға ат салысты. Осы кәсіподақтар оқулықтардың сапасынада үлкен мән 

берді.  Олар  мемлекеттік  органдар  мен  байланыса  отырып  оқулықтардың 

авторларын  және  аудармашыларын  таңдап  іріктеу  жүргізуде  оқулықтарды 

жазуда және аударуда олқылықтарды ашуда еңбек сіңірді. Баспа ісі жөніндегі 

басқарманы, Қазмем баспасының және т.б мекемелердің оқулық шығарудағы 

жауапкершіліктерін арттыруды талап етті, олардың осы жұмысты атқарудағы 

нақты  функцияларын  белгіледі.  Осы  жұмыстарды  атқару  барысында  

авторлардың, 

аудармашылардың 

жұмыстарына 

аралық 

тексеріс 



ұйымдастырды,  әрбір  оқулыққа  жауапты  редакторды  бекіткізді.  Осылардың 

негізінде оқулықтың сапалары біршама жақсарды.  

Осы  жылдары  қазақ  жазуының  латын  әліпбиінен  кириллицаға  көшуіне 

байланысты  орыс  тілін  қазақ  мектептерінде  және  басқада  орыс  тілде  емес 

мектептерде  оқытуға  ерекше  маңыз  берілді.  Орыс  тілінің  әр  тілі  әр  түрлі 

атаумен  он  алты  оқулығы,  орыс  тілі  мен  әдебинтінің  бағдарламалары 

жарыққа  шығып  мектептерге  таратылды.  Осымен  байланысты  қазақ 

мектептерінде  сабақ  беретін  орыс  тілінің  мұғалімдерін  дайындау 

ұйымдастырылды.  Алайда  оқушылардың  сауаты  және  тіл  сындыруы  баяу 

жүрді,  үлгерім  деңгейі  төменде  қалды.  Өйткені  мұғалімдердің  бәрі  бірдей 

орыс тілін және оның грамматикасын жете білетіндер емес еді. Осыдан келіп 


БОМ  кәсіподақтары  1940-1941  оқу  жылында  орыс  тілін  қазақ  және  басқада 

орыс тілді мектептерде емес оқытуды, жақсартуды мұғалімдерге және мектеп 

басшыларына  міндеттеді.  Онда  оқушылардың  еркін  сөйлесе  беруіне,  сөдік 

пен  жұмыс  істеуіне,  сөйлем  құруына  сөзді  дұрыс  жеткізуіне,  оларға 

жаттықтыру үшін кестелер қолдануға ерекше көңіл аударды. 

Қазақ  әдебиеті  және  қазақстан  тарихы,  мектеп  оқулықтары,  Қазақстан 

коммунистік (б) III съезінде сынға алынып оқулықтардың кемшіліктері атап 

көрсетілді.  Қазақ  әдебиеті  оқулығында  қазақ  халқы  жалқау,қараңғы  т.с.с 

тұрғыда  суреттелген,  қазақтар  өмір  бойы  орыс  халқыменен  жауласушы 

халық  ретінде  көрсетілген.  Ал  тарих  оқулығында  Кенесары  Қасымовтың 

және  басқада  көшбасшыларына  теріс  баға  берілген.  Бұл  мәселе  ақпарат 

құралдарындада пікір сайыс тудырған мәселенің бірі болып қалды.  

Сайып  келгенде,  бастауыш  және  орта  мектеп  кәсіподақтары  басқарудың 

әртүрлі  формалары  мен  әдістерін  қолдана  отырып    балаларды  мектепке 

тартуда  мұғалімдерді  және  мектеп  басшыларын,  оқу  бөлімдерін 

жұмылдырды.Олардың қызметі  мектепті материалдық-техникалық жағынан 

жабдықтауға  және  педагог  кадрлармен  мектептерді  қамтамасыз  етуге 

бағытталу мен ерекшеленді.  

                

                  1.ҚР ПМ,708 қор,4/1тізім, 6 іс, 61 парқ 

                  2. ОММ,1656 қор,2 тізім,241 іс, 216 парақ 

                  3. ОММ,1656 қор,2 тізім,238 іс, 44 парақ 

                  4. ОММ,1656 қор,2 тізім,241 іс, 216 парақ 

                  5. ОММ,1656 қор,2 тізім,241 іс, 263 парақ 

                  6. ОММ,1656 қор,2 тізім,241 іс, 219 парақ 

 

Мақалада соғыс қарсаңы жылдарындағы кәсәподақтардың  бастауыш және  



орта  мектептегі  педагогикалық  кадрлармен,  материялдық  –  техникалық 

базамен қамтамасыз етудегі жұмысы және мектепке оқушыларды тартудағы  

рөлі қарастырылған. 

 

 



В статье рассматриваются  роль  профсоюзов в обеспечении начальных и 

средних  школ  педагогическими  материально    технической  базы  учебных 

заведений и другие актуальные вопросы системы образования. 

 

The  article  considers  the  role  of    trade    unions    in    providing    primary  and 



secondary  school    teaching  staff,  strengthening  of  material  and  technical  base  of 

educational  institutions  and  other  topical  issues  of  the  education system. 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал