Бастады 4 АҚпан 2015 жыл сәрсенбі



жүктеу 0.49 Mb.

бет1/5
Дата13.06.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4   5

xat.

janaozen

-gazeti@mail.ru



(1713)

ГАЗЕТ 


1990 ЖЫЛДЫҢ

1 ҚАҢТАРЫНАН 

ШЫҒА 

БАСТАДЫ


4

АҚПАН


2015 ЖЫЛ

СӘРСЕНБІ

ГАЗЕТ АПТАНЫҢ 

СӘРСЕНБІ КҮНІ 

ШЫҒАДЫ


ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЖАНА  ЗЕН

»»» 2-бетте

»»» 8-бетте

» » » 3-бетте

Идеология 

майданының 

күрескері болды

Құстар әлемін зерт-

теп жүрміз бе?



- Мақсат Оңғарбайұлы, жыл басы жақсылыққа 

толы болсын! Алғашқы сауалды былтырғы жыл-

дың  есебінен  бастасақ.  2014  жылды  Өзіңіз  басқа-

рып отырған ұжым қалай қорытындылады?

- Рахмет. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Өзен-

мұнайгаз»  өзінің  50  жылдық  мерейтойын  атап  өтті. 

Осы  мерейлі  жыл  қарсаңында  біз  мейлінше  өндірісті 

өркендетуге, мұнай өнімін арттыруға күш салдық. Мы-

салы,  2013  жылмен  салыстырғанда  2014  жылы  120 

495 тонна мұнай артық өндірілді. Бұл - біздің ұжымның 

еңбегінің  нәтижесі.  Жыл  өткен  сайын  ескіріп  бара 

жатқан кенорыннан әрбір тамшы мұнайды өндіру үшін 

көп күш қажет. Мұны осы салада жұмыс істеп жүрген 

әрбір азамат жақсы біледі.   

Мұнан  өзге  өткен  жылы  өндіріске  бірқатар  жаңа 

технологиялар  енгіздік,  кәсіпшілік  ішіндегі  300  шақы-

рым  құбырларды  жаңғыртылды,  автопаркті  жаңарту-

да жақсы жұмыстар іске асты, транспорттық басқарма-

лардағы  техникаларды  автобөлшекпен  қамтудың 

тиімді  әдісі  іске  қосылды,  өндірісті  автоматтандыру 

саласында табыстарға жеттік, мұнан өзге де сырттай 

ұсақ-түйек  болып  көрінгенмен  өндірістің  өркендеуіне 

ықпалы зор қаншама жұмыстар бітті. 

2009  жылы  «Өзенмұнайгаз»  мұнайшыларының 

әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайын  жақсарту  бағдар-

ламасы  қабылданған  болатын.  Осы  бағдарлама  кен-

орындағы  құрылыс  ісінің  қарқын  алуына  себепкер 

болды.  Әуелі  мұнайшылар  тамақтанатын  жаңа  асха-

налар салына бастады. Біз қазір мұнайшылардың ас-

ханаларын  100  пайызға  жаңаладық.  Скважиналарды 

жерасты жөндеу бригадаларының қызметкерлері үшін 

термостық  жүйеде  тамақтандыруды  жолға  қойдық. 

Осымен,  мұнайшыларды  ас-ауқатпен  қамту  мәселесі 

толығымен шешілді.

Сонымен қатар, әлгі бағдарлама бойынша топтық 

қондырғы,  сораптар  станциясы  қызметкерлері  үшін 

жаңа  мәдени  үйшіктер,  операторлық  блоктар  бой 

көтере  бастады.  Бұл  нысандарда  жұмыскерлердің 

киім  ауыстыруына,  жуынып-шайынуына,  аздап  тыны-

ғуына толық жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмыс 85 

пайызға еңсерілді деп айтуға болады.

Компанияға қарасты Мұнай дайындау және өндіріс-

ке  қызмет  көрсету  басқармасы,  №3  Скважиналарға 

қызмет көрсету басқармасы, Химияландыру және эко-

логия  басқармаларында  әкімшілік-тұрмыстық  кешен-

дер іске қосылды. Сонымен бірге, №3 Мұнай газ өндіру 

басқармасының жаңа әкімшілік ғимараты іске қосылды. 

Қызылсай  аулының  мұнайшыларының  жұмысқа 

қатынауы үшін 50 орындық жаңа автостанция салын-

ды,  ал,  қаланың  өндірістік  зонасынан  1250  орындық 

жаңа автобекетті пайдалануға бердік. 

Қорыта айтқанда, 2014 жылы біз үшін игі өзгеріс-

термен, жақсы нәтижелермен аяқталды. 



-  Жаңаөзеннің  жалғыз  қамқоршысы  болса,  ол 

–  «Өзенмұнайгаз».  Моноқалаға  нендей  көмекте-

ріңіз  тиіп  жатыр,  қандай  жобалардың  іске  асуын 

қаржыландырып отырсыздар?

- Біз  жыл  сайын  Жаңаөзен  қаласына 750 мил-

лион, Қарақия ауданына 150 миллион теңге көлемінде 

қаржылай  қолдау  көрсетеміз.  Мәселен,  жыл  басын-

да  Бостан  аулына  50  орындық  балабақша  салып 

бердік. Жаңаөзен қаласындағы Неке сарайын қаржы-

ландырған  да  «Өзенмұнайгаз».  Компанияның  демеуі-

мен  Жаңаөзен-Қызылсай  бағытында  18  шақырымдық 

асфальт  жол  былтыр  пайдалануға  берілді.  Жаңаөзен 

қаласынан  әлеуметтік  жұмыс  орындарын  құруға  200 

миллион  теңге  жәрдем  жасадық.  Жаңаөзен  қаласын-

дағы  шағынаудан  іштерінде  асфальт  жол  салуға, 

абаттандыруға  қолғабыс  еттік.  Қызылсай,  Теңге  ау-

ылдарынан екі бірдей 300 орындық мәдениет үйлерін 

салып  бердік.  Мұнан  өзге  мұнайшылар  қаласындағы 

қоғамдық  ұйымдарға,  қоғамның  мүжәлсіз  топтарына 

көрсеткен  жәрдеміміз  өте  көп.  Біз  ірі  мұнай  өндіруші 

компания  ретінде  өзіміздің  өңір  алдындағы  жауап-

кершілігімізді ешқашан ұмытқан емеспіз. 

- Қазіргі таңда әлем нарығындағы мұнай бағасы 

түсіп жатыр. Бағаның құлдырауы «Өзенмұнайгазға» 

қаншалықты әсер етіп отыр? 

- Әрине, нарықтағы мұнайдың баррелі 45-50 АҚШ 

доллары  аралығында  болуы  Компанияға  түсетін  пай-

даны едәуір азайтып отыр. Бұл дегеніңіз – түскен кіріс 

есебінен  шығыс  қаржыны  белгілеп  отырған  біз  үшін 

шығыстарды  қысқартуға  түрткі  болып  отыр.  «Қаз-

МұнайГаз»  Ұлттық  Компаниясы  отандық  кәсіпорын-

дардың басын қосып, осыған дейін бірнеше рет жина-

лыс өткізді. Бюджетті 80, 70, 60 кейіннен 50 доллармен 

есептеп  шығардық.  Қысқасы,  біз  мұнай  құнының 

түсуіне  байланысты,  мейілінше  етек-жеңімізді  жинақы 

ұстап,  шығыстарды  қысқартып  отырмыз.  Әрине,  ең 

маңызды-маңызды  деген  өндірістік  жобаларымызды 

іске асыруды жалғастырамыз.  



- Мұнай бағасына байланысты дағдарыс әлем-

дегі кейбір ірі компаниялардың жұмыс орындарын 

жаппай  қысқарту,  еңбекақыны  уақытында  төле-

меуі секілді соңы әлеуметтік құлдырауға алып келе-

тін  жайттарға  тіреп  жатады.  Осы  жолғы  жағдай 

«Өзенмұнайгаздағы»  жұмыс  орындарын  сақтау 

мен еңбекақы төлеуге қаншалықты әсер етуде? 

-  Таяуда  Маңғыстау  облыстық  әкімдігімен  өзара 

меморандумға  қол  қойдық.  Аталған  меморандум  бо-

йынша «Өзенмұнайгаз» қалыптасып отырған жағдайға 

байланысты  жұмыс  орындарын  қысқартпауға,  еңбек-

ақыны  төмендетпеуге  міндеттеме  алды.  Сол  себепті, 

мұнай құнының түсуі қаншалықты қабырғамызға батып 

отырса да, біз өз мұнайшыларымыздың жұмыс орын-

дарын және еңбекақыны сақтап қаламыз.

90-жылдардағы  дағдарыс  кезінде  мұнайдың  бар-

релі 9 долларға дейін төмендеді. Өзен кенорны осы жыл-

дары аса қиын кезеңді бастан өткізді. Бірақ, Жаңаөзен-

нің қабырғалы халқы, төзімі берік мұнайшылары мұның 

барлығын мұқалмас жігермен жеңіп шықты. Міне, осын-

дай күрделі кезеңнен өткен мұнайшылар осы сыннан да 

сүрінбей шығады деп сенемін.   

Осы  сұхбатты  пайдаланып,  «өзенмұнайгаздық» 

әріптестеріме  дағдарысқа  байланысты  жұмыс  орын-

дарын  сақтау  мен  еңбекақы  төлеуге  байланысты 

ешқандай  мәселе  болмайтынын  айтқым  келеді.  Қай-

талап айтамын, бізде дағдарысқа байланысты жұмыс 

орны сақталады және еңбекақы қысқартылмайды.



-  Еңбекақының  әрбір  компанияда  әртүрлі 

төленуі  осыған  дейін  отандық  мұнай  өндіруші 

кәсіпорын  жұмысшыларының  наразылықтарына 

жолығып келді. Сізде еңбекақы төлеуге байланыс-

ты қандайда бір мәселе бар ма?

-  Өткен  жылы  Ұлттық  Компанияның  басқарма 

төрағасы Сауат Мыңбаевтың бастамасымен Бірыңғай 

еңбекақы төлеу жүйесі отандық мұнай өндіруші компа-

нияларға  енгізіле  бастады.  Бұл  жүйенің  тиімділігі 

сонда,  енді  қай  облыста,  қай  компанияда  болма-

Жұмыс орны, еңбекақы және 

әлеуметтік пакет сақталады



Соңы 2-бетте.

Қиындыққа 

мойымаған Люда

Қ

аламыздағы  алғашқы    га-



зеттердің  бірі  -  «Жаңаөзен-

нің»  жергілікті  бұқаралық 

ақпарат  айдынында  өзіндік  орны 

бар. «Жаңаөзенді» сүйіп оқитын, оны 

өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайтын 

оқырман  үшін  бұл  басылымның 

орны  бөлек.  Тәуелсіз  қазақ  елінің 

мұнайшылар  қаласы  Жаңаөзеннің 

жиырма  бес  жыл  бойғы  әлеуметтік-

саяси,  қоғамдық-мәдени  өмірі  азды-

көпті осы газеттің беттерінде жария-

ланды, жарияланып та келеді. 

«Жаңаөзен»  газетінің  редакторы 

Гүлназ  Бөлекбаева  оқырмандармен 

кездесуде  газеттің  тарихынан  сыр 

шертіп,  бүгінгі  атқарып  жатқан  жұ-

мыстарын  баяндап,  алдағы  жоспар-

ларымен  бөлісті.  «Оқырмандар  да 

өз  кезектерінде  қонақтарға  ұсыныс-

пікірлерін  білдіріп,  кездесуді  жан-

дандыра  түсті.  Ауыл  әкімі  Сағдат 

Ақбердиев  ауылдың    әлеуметтік, 

экономикалық 

ахуалынан 

мол 

мағлұмат  беріп,  қонақтарға,  «Жаңа-



өзен» газетінің ұжымына сый-сыяпат 

көрсетіп, Алғыс хат табыстады. 

Жиында Қызылсай ауылының ар-

дагер  аталары  құттықтау  лебіздерін 

айтты. «Жаңаөзен» газеті - жергілікті 

жердің тыныс-тіршілігін, ондағы болып 

жатырған оң өзгерістер мен жағымды 

жаңалықтарды  жалпақ  жұртқа  жа-

риялап  отырған  бірден-бір  басы-

лым  болғандықтан,  оқырмандардан  

көтерілген  мәселереге  орай    өз  та-

раптарынан  үн  қосып,  ұсыныстарын 

қабылдауға  даяр  екендерін  жеткізді. 

Ауыл  тұрғындарымен  кездесу  ба-

рысында  халықтың  газетті  оқуға 

ынтасының жоғары екенін байқадық. 

Сонымен  қатар,  кездесу  барысында 

қызылсайлықтар  еңбек  адамдары 

туралы  очеркті  көбірек  жазылғанын 

қалайды  екен.  Оқырмандар  газет 

бетінен  түрлі  пайдалы  кеңестер  мен 

әңгімелерді  жазып  тұруын  да  естен 

қалдырмады. 

Газеттің  заманауи  талапқа  сай 

безіндірілуі  жақсарып  қана  қоймай, 

материалдары сапалылығы жағынан 

артып  отыр.  Бұған  журналистер 

қатарының 

жас 

мамандарымен 



толығуы  да  өзіндік  әсерін  тигізбей 

қойған жоқ.



Қорыта  келе  айтқанда  газет 

оқырмандарымен  кездесудің  бас-

ты  мақсаты  да  сол  адамдардың 

пікірін  біліп,  газеттің  бүгіні  мен 

ертеңі  төңірегінде  ой  бөлісу  бол-

ғандықтан кездесу жақсы деңгейде 

өтті.

Гүлсім ОСПАН.

«Жаңаөзен» газеті - 

Қызылсай ауылында

•  25 ЖЫЛ ОҚЫРМАНМЕН БІРГЕ

Сейсенбі  күні  қалалық  «Жаңаөзен»  газетінің  25  жылдық 

мерейтойы  аясында  газет  ұжымы  Қызылсай  ауылының 

тұрғындарымен  кездесті.  Жиынға  ауыл  әкімі  С.  Ақбердиев, 

ауыл  ақсақалдары,  тұрғындар,  ұстаздар  мен  оқушылар 

қатысты. Мерекелік шараны «Шаңырақ» мәдениет үйінің дирек-

торы Өтеміс Төлемісұлы жүргізіп отырды.  




6 (1713) СӘРСЕНБІ 4 АҚПАН 2015 ЖЫЛ

ЖАНА  ЗЕН

2

Лауазымы

Аты – жөні

Қабылдау 

күні мен 

уақыты

Орналасқан орны

Қызметтік 

телефо-

ны

Жаңаөзен қаласы бойын-

ша Мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы



Қожахметов 

Бисен 

Қожах-

метұлы

Бейсенбі 

11.00 ден 

17.00-ге 

дейін

Жаңаөзен қаласы бойынша 



Мемлекеттік кіріс басқармасы 

Сарбөпеев көшесі 15 ғимарат 

№1-кабинет

31-1-33


Жаңаөзен қаласы бойын-

ша Мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшы 

орынбасары



Жанаев 

Еркін 

Жаналық-

ұлы

Сейсенбі 

11.00 ден 

17.00 – ге 

дейін

Жаңаөзен қаласы бойынша 



Мемлекеттік кіріс басқармасы 

Сарбөпеев көшесі 15 ғимарат 

№2-кабинет

31-6-34


Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

2015 жылдың І жарты жылдығына арналған Жаңаөзен қаласы 

бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалар 

мен заңды тұлғалар өкілдерін

 ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Қиындыққа мойымаған Люда



• ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНА - 20 ЖЫЛ

А

лла  тағала  біреуге  батпандай 



бақ  береді.  Ал  біреуге  тауқы-

метін  арқалатады.  Екеуін  де  кө-

тере  білу  -  ақылды,  иманды  адамның  ісі. 

Байлық  пен  мансапты,  атақ  пен  абыройды 

көтере  алмай,  көлгірсіп  жүрген  жандар  да 

бар.  Керісінше,  соншалықты  бейнеттерге 

тап болса да, мұқалмай, сынбай өмір сүріп 

жүрген  адамдар  қаншама.  Сондай  жанның 

бірі  -  қос  аяғынан  басуға  дәрменсіз  болса 

да, жанарынан от ұшқындап отыратын қыз - 

Людмила Башкенова. 

Людмиланы  24  жасында  жұмысқа 

бара  жатқан  жерінен  көлік  қағып,  омырт-

қасына  зиян  келеді.  Автобус  күтіп  аялда-

мада  алаңсыз  тұрған  оны  ішімдікке  бой 

алдырған  көлік  жүргізушісі  жарымжан 

күйге  түсіреді.  Содан  бері  аттай  10  жыл 

ауруханаға  мен  арбаға  тәуелді.  Көкірегі 

сайрап, екі қолы қызметке жарамды болып 

тұрған  ол  осы  күйіне  шүкір  етіп,  төсекке 

таңылған екінші жылында-ақ тоқыма тоқуды 

үйренеді. Түрлі киім-кешек тоқиды, сатады. 

Людмиланың  бүгінгі  негізгі  жұмысы  да  - 

осы.  Тіпті  «Вконтакте»  желісінен  парақша 

ашқан. Бұйымдарын сол арқылы да жарна-

малайды,  тапсырыс  қабылдайды.  Тапқан-

таянғанын  тырнақтап  жинайды.  Себебі 

жылына  бір  рет  шетелге  барып  емдом 

алуы  керек.  «Жасымыз  бірталайға  келген 

соң,  ата-анадан  ақша  сұрау  да  ыңғайсыз. 

Осы  еңбегім  арқылы  тапқан  табысымды 

күнделікті жүріс-тұрысыма, қажеттіліктеріме 

жаратамын.  Ауысқанын  депозитке  салып 

еміме жинаймын», - дейді ол. 

Людмила  бұйымдарының  негізгі  тұты-

нушылары  -  әкесінің,  апасының  ұжымдас-

тары  және  өзінің  бұрынғы  жұмыстастары. 

Еңбекқор  жанның  қолынан  шыққан  киім-

кешектері  адамға  қонымды,  сапалы,  ерек-

ше.  Біздің  мекемедегі  барлық  қызметкер 

Людаға тапсырыс береді, - дейді тапсырыс 

берушісі Жұпар Демегенова. 

Қиын күндерге тап болғанда Людмила-

ның  ұлы  бар-жоғы  екі  жаста  еді.  Төсекке 

танылып  жатқанында  құлдыраңдап  жүгіріп 

жүрген  бауыр  еті  баласын  жетектеп  жүре 

алмағаны  ана  жүрегін  сырқатынан  бетер 

сыздатты.  Амал  жоқ,  сабырға  жүгінді,  тірі 

қалғанына  тәубе  деді.  Ал  бүгін  қара  жерді 

өз  аяғымен  баса  алмағанын  жаратқанның 

жіберген  сынағы  деп  ұғынатын  Людми-

ла  ұнжырғасын  түсірмейді.  Күйзеліске  көп 

түспеу үшін той-томалақтан қалмауға тыры-

сады.  Бастапқыда  ұялып,  далаға  шығудан 

бас тартқан. Бірақ қазір өзімді көпшілік ара-

сында  емін-еркін  сезінемін,  қысылмаймын 

дейді. Людмиланың арбадағы бұл бейнесіне 

таныстары  да  үйренген.  «Оның  салмақты, 

ақылды  мінезін  жақсы  көреміз.  Барлық 

жұмыстастар болып Люданы айтып отыра-

мыз. Той-мерекемізге шақырып отырамыз» 

дейді Жұпар.

Кәсібінің  нәсібін  қайсар  қыз  көріп 

те  отыр.  Жұмысқа  өз  аяғыммен  барып-

келмегені  болмаса,  жетістіксіз  де  емес. 

Өткен  жылдың  аяғында  өткен  облыстық 

«Сырлы  әлем»  атты  мүмкіндігі  шектеулі 

жандар  арасында  өткен  байқаудан  «Қол-

өнер»  номинациясы  бойынша  2-ші  орынды 

иемденді. Жуырда ғана мүмкіндігі шектеулі 

жандар  арасындағы  «Жүректен  шыққан 

жылу»  атты  концерттің  жүргізушісі  бол-

ды.  «Бойымдағы  жылт  еткен  талантым-

ды  танытуға  тартынбаймын.  Бізде  арбада 

отырғандарды  биге  үйрететін  адам  бол-

са,  үйренер  едім.  Маңғыстаудың,  Қазақ-

станның  атын  шығарудан  аянып  қалмас 

едім» деп талаптанады ол.

Баспана  дені  сау  адамдардың  өзінің 

бас ауруына айналып отырған мына заман-

да  мүгедектерге  тіптен  қиын.  Людмиланың 

арманы да, мәселесі де осы - өз үйінің бол-

мауы. Қазір 10 адам болып әкесінің үйінде 

тұрады. Жоғарғы қабатта. Людмилаға арба-

мен кіріп-шығуына ыңғайлы бірінші қабаттан 

баспана  қажет-ақ.  Өрісімді  кеңейтер  ме 

еді, қоғамға етене араластырар ма еді деп 

толғанады  ол.  Жігерін  жасытпай  қаншама 

еңбектенгенмен,  азғантай  қаражаттың  бұл 

арманына  жеткізе  алмайтынын  біледі. 

Тапқаны дәрі-дәрмегі мен ем-домынан ауы-

спайды.  Сол  себепті  бірнеше  жылдан  бері 

үй кезегінде тұр. Еңбекқор қыз жақсылықтан 

үмітті.  Біздер  жарқын  жүзді  жанның  қос 

аяғына мініп, өз үйінде ұлымен қоныс тойын 

тойлауына тілектестік білдірейік.



Индира СӘТЕНБАЕВА.

РЕДАКЦИЯҒА ХАТ

сын  қазақстандық  барлық  мұнай  өндіруші 

кәсіпорындар атқаратын жұмысының күрделілігіне 

байланысты әрбір мамандық, әрбір разраяд бой-

ынша  мұнайшыларға  бірдей  жалақы  береді.  Мы-

сал  ретінде  айтайықшы,  ақтөбелік,  атыраулық, 

қызылордалық немесе маңғыстаулық болсын, кез-

келген 3 дәрежелі мұнай газ өндіру операторы біп-

бірдей жалақы алады. 

- Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өту ба-

рысында ескі жүйе бойынша жалақы алып кел-

ген мұнайшылардың жалақысы азайып кеткен 

жоқ па? Жаңа жүйеден зардап шегіп қалған ма-

мандар болған жоқ па?

- Жаңа жүйеге өту кезінде біз мұнайшыларға 

мынаны  түсіндірдік:  Бірыңғай  еңбекақы  төлеу 

жүйесіне  өту  жалақыны  көтеру  емес,  бұл  -  осы 

саладағы  ретсіздікті  жою.  Осы  жүйеге  өту  ба-

рысында  бірде-бір  мұнайшының  жалақысы  тө-

мендеген  жоқ.  Керісінше  өсті.  Жаңа  жүйеге  өту 

барысында  Компания  мұнайшыларының  орташа 

жалақысы  22  пайызға  өсті.  Бұл  жоба  өте  сәтті 

іске  асты.  Жаңа  жүйе    бойынша  осы  саладағы 

ретсіздікті  шешуге  мүмкіндік  алдық  және  мұнай-

шылардың еңбекақысының өсуіне қол жеткіздік.



-  Мақсат  Оңғарбайұлы,  нарықтағы  мұнай 

бағасына  байланысты  сарапшылардың  бол-

жамы  әртүрлі.  Бағаның  нақты  болжамсыз 

күйде тұруы Сіз басқарып отырған ұжымдағы 

мұнайшылардың  әлеуметтік  пакетіне  қанша-

лықты әсер етеді?

-  Біз  2013  жылдың  күзінде  Кәсіподақ  коми-

тетінің өкілдерімен бір үстелдің басына жиналып, 

2014-2016-жылдарға  арналған  Ұжымдық  шарт-

ты  қабылдадық.  Шыны  керек  қой,  жаңа  құжатты 

әзірлеу  барысында  мейлінше  мұнайшының 

мүддесіне  жұмыс  істейтін  өзгерістерді  көптеп 

енгіздік.  Жұмыс  беруші  мен  кәсіподақ  арасында 

бекіген осы келісімді біз қалай болғанда да орын-

даймыз.  Оның  үстіне  Ұлттық  Компания  басшы-

сы  Сауат  Мыңбаев  жыл  басында  осы  мәселеге 

байланысты  арнайы  жиналыс  жасап,  дағдарыс 

кезінде  қиындықты  желеу  етіп  әлеуметтік  пакетті 

қысқартуға  жол  берілмейтінін  қадап  айтты.  Яғни, 

дағдарыс жұмыс орнына, еңбекақыға осыған қоса 

жұмысшыларға берілетін әлеуметтік пакетке әсерін 

тигізбейді. Жоғардағы сөзімде де айтып өттім, біз 

шығыстарымызды қысқартамыз. Бірақ, оны әлеу-

меттік пакет пен еңбекақы есебінен жүргізбейміз.

- Әне-міне, дегенше 2015 жылдың алғашқы 

айы  да  артта  қалды.  Осы  жылға  арналған 

жоспарларыңыз қандай?

-  Дәл  қазіргі  таңда  Компания  сатып  алатын 

тауарлар  мен  қызметтердің  келісімшарттарын 

жасақтау үстінде. Ең маңызды, кезек күттірмейтін 

жұмыстар бойынша келісімшартқа отыруды өткен 

жылдың  соңында  бастап  кеттік.  Әрине,  осы  жыл 

біз үшін өте сындарлы жыл болғалы отыр. Басты 

мұратымыз  -  2015  жылға  арналған  өндірістік  жо-

спарды  орындау.  Барлық  іс-шарамызды,  әреке-

тімізді, күш-қуатымызды осы мақсатты орындауға 

арнаймыз.  Ықшамдалған  бюджетпен  мейлінше 

тиімді жұмыс істеудің тетігін таңдадық. Алла жаз-

са, жаңаөзендік мұнайшылар осы сенімнің үдесінен 

шығады  деп  сенемін.  Сындарлы  кезеңде  барлық 

маңғыстаулық мұнайшыларға сәттілік тілеймін.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 Закария НАЗАР.

Соңы. Басы 1-бетте.

Жұмыс орны, еңбекақы және 

әлеуметтік пакет сақталады

Газет-журнал 

уақытылы келмейді

Ө

ткен  жылдан  бері  «Өркен»  шағын-



ауданындағы  пошта  бөлімшесінің 

басылым  тарату  бөлімін  «Шұғыла» 

шағынауданындағы  орталық  пошта  бөліміне 

қосып  жібергелі    жазылған  газет-журналдары-

мыз уақытылы келмейді.  

Былтыр пошта басшыларына әлденеше рет 

бардым. Бірде пошта қызметкері жетіспейтінін, 

бірде  пошташының  ауырып  жатқанын,  енді 

бірде беріп жібергенін айтатын. Қала әкімдігіне 

де  жазбаша  шағымданғанмын.  Жаңа  Жыл-

дан  жақсылық  күтіп  едім,  алайда  өзгерген 

ешнәрсе жоқ, баяғы жартас - бір жартас. Амал-

сыз, жақында пошта басшысына тағы бардым. 

Пошта  қызметкерлеріне  ескертетін  болып 

шығарып салды. 

Қаладағы  орталық  поштаның  өзі  -  құрқыл-

тайдың  ұясындай.  Тар,  қапас  бөлмеде  адам 

айналар жер жоқ. 130 мыңнан астам халқы бар 

мұнайлы қалаға  талапқа сай бір пошта сала-

тын уақыт жеткен сияқты...



Шабай ЖОЛЫМБЕРДИЕВ,

  қала тұрғыны.



Өткен  жұма  күні  Жаңаөзен 

қаласы  әкімінің  аппараты  және 

Жаңаөзен 

аймағы 

бойынша 

ауданаралық  мемлекеттік  қызмет 

істер  және  сыбайлас  жемқор-

лыққа  қарсы  іс  қимыл  бөлімімен 

бекітілген  «Мемлекеттік  қызмет-

керлер  арасында  сыбайлас  жем-

қорлықтың алдын алу мақсатында 

2015 жылдың І жарты жылдығына 

арналған  профилактикалық  жұ-

мысының іс-шаралар жоспарына» 

сәйкес семинар өткізілді.

С

еминарға  Жаңаөзен  аймағы 



бойынша  ауданаралық  мемле-

кеттік  қызмет  істер  және  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  іс  қимыл 

бөлімінің  басшысы  Қайырбек  Құрманов, 

Қазақстан  Республикасы  Бас  прокура-

турасының  құқықтық  статистика  және 

арнайы  есепке  алу  басқармасының 

Жаңаөзен  қаласы  бойынша  бөлімінің 

аға  прокуроры    Ғалымжан  Анарқұлов, 

мемлекеттік мекемелер  мен коммуналдық 

кәсіпорындардың  бірінші  басшылары, 

сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың 

өтініштерін  тіркеуге  жауапты  мамандар 

қатысты.


Семинар  Ғалымжан  Анарқұловтың 

жасаған  баяндамасымен  ашылды.  Ол 

кеңеске  жиналған  мемлекеттік  қызмет-

керлерге  заң  бойынша  жеке  және  заңды 

тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі 

жөнінде  түсіндіріп  өтті.  Сонымен  қатар, 

жалпы  бөлім  басшысы  Айымгүл  Миро-

ва,  қала  әкімі  аппаратының  персоналды 

басқару  бөлімінің  басшысы  Дариға  Са-

рыева,  мемлекеттік-құқық  бөлімінің  бас 

маманы  Лаура  Чаканова  баяндама  жа-

сады.  Олар  өз  баяндамаларында    қала 

әкімі  аппаратына  келіп  түскен  өтініштер, 

қызметтегі  сыбайлас  жемқорлық  пен 

онымен  қарсы  күрес  жүргізу  жөніндегі 

мәселелерді  қозғады,  семинарға  жинал-

ғандардан  қойылған  сұрақтарға  жауап 

берді.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал