Баспасөз парағы 15. 07. 2015ж. Астана қ



жүктеу 248.65 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі248.65 Kb.

Баспасөз парағы

    15.07.2015ж.                                                                                                Астана қ.

ƏПК төрағасы И.В. Лепеханың кəмелетке толмағандардың жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы 

қылмыстардың алдын алу мəселесі бойынша сөз сөйлеуінің ақпараты

ІІМ  мүдделі  мемлекеттік  органдармен  бірге  өзара  іс-қимыл  жасасуда  балалардың  құқығын  қорғауды 

қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде. Бұл бағыт министрліктің қызметіндегі 

басым бағыттардың бірі деп есептейміз.

Соңғы жылдары Парламент депутаттарының қолдауының арқасында ІІМ-нің осы саладағы заңнаманы 

жетілдіру бойынша бірқатар заңнамалық бастамалары қабылданды.   

Олардың барлығы да жан-жақты талқыланды. Сондықтан аса маңызды жəне оң əсер ететін негізгі жаңа 

енгізулер туралы атап айтқан жөн. 

ІІМ-де балаларды қорғауға бағытталған 9 заңжобасы əзірленді,  əзірлемеге 6, оның ішінде 4 жаңа негізгі 

кодекс (ҚК, ҚПК, ƏҚБтК, ҚАК) қабылданды.   

2009  жылы    түнгі  уақыттарда  көңіл  көтеру  орындарында  кəмелетке  толмағандардың  болуына  сол 

орындардың  иелерінің  жауапкершілігі  енгізілді.  (ƏҚБтК  132-бабы,  жеке  тұлғаларға  –  30  АЕК,  шағын 



кəсіпорын субъектісі – 45 АЕК, орта кəсіпкерлікке – 60 АЕК, ірі кəсіпкерлікке – 100 АЕК), 2010 жылы – түнгі 

уақыттарда балалардың тұрғын емес үй-жайларда болу жауапкершілігі (ƏҚБтК 442-бабы, ата-аналарына – 



ескерту, қайталанған жағдайда   - 15 АЕК), сондай-ақ алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салу 21 жасқа 

көтерілді жəне түнгі уақыттарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды (ƏҚБтК 200-бабы, жеке 



тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кəсіпкерлік субъектісіне  – 40 АЕК, орта кəсіпкерлікке – 80 АЕК, ірі кəсіпкерлікке 

– 120 АЕК2014 жылы ішімдіктің уыттылығына байланысты уақыт 21.00 сағаттан бастап 12.00 сағатқа 

дейін ұзартылды);

2012 жылы білім беру, медицина, спорт, мəдениет,  өнер, демалыс жəне сауықтыру саласында кəмелетке 

толмағандарға  қызмет  көрсететін  ұйымдарға  бұрын  сотты  болған  адамдармен  еңбек  келісім  шарттарын 

жасасуға тыйым салған түзетулер Еңбек кодексіне енгізілді;

2010    жылы  кəмелетке  толмағандарға  қатысты  сексуалдық  сипаттағы  қылмыстар  үшін  жаза 

қатаңдатылды. 

Егер түзетулер енгізілгенге дейін   кəмелетке толмағанды зорлағаны үшін   қылмыстық жаза 5 жылдан 

бастап 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделсе, қазіргі уақытта жазалау 10 жылдан 

бастап 15 жылға дейінгі мерзімді құрайды, кішкене балаларды зорлағаны үшін 15 жылдан бастап 20 жылға 

дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Алғаш рет кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу бойынша міндеттемелер жүктелген ата-аналар 

мен педагогтарға сексуалдық сипаттағы зорлық əрекеттер үшін   өмір бойына белгілі лауазымдарда 

жұмыс  істеу,  белгілі  бір  қызметтермен  айналысу  құқығынан  айыра  отырып,  қылмыстық 

жауапкершілік белгіленді (120, 121 жəне 124-баптар).   2010   жылы   кəмелетке толмағандардың 

эротикалық  жанрдағы  парақтар  мен  басқа  да  заттарды  сатқаны  үшін  əкімшілік  жауапкершілік 

енгізілді  (ƏҚБтК  115-1  бабы,  жеке  тұлғаларға  –  10  АЕК,  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік 



субъектісіне– 30 АЕК, ірі кəсіпкерлікке – мүлкі тəркілене отырып, 50 АЕК);

Порнографиялық  материалдарды  дайындау  жəне  айналымы  үшін  қылмыстық  жауапкершілік 

белгіленді  (ҚК  312-бабы,  3  жылдан  6  жылға  дейін  бас  бостандығына  айыру,  кіші  жастағы 

қатысты 5-тен 8 жылға дейін);

2013 жылы жезөкшелікпен айналысуға кəмелетке толмағандарды тартқаны үшін жауапкершілік 

қатаңдатылды (ҚК 134-бабы, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болған, 

енді  мүлкі  тəркілене  отырып,  7  жылдан  12  жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру  жазасы 

көзделді);

Жезөкшелікпен  жəне  жеңгетайлықпен  айналысу  үшін  притон  ұйымдастыру  немесе  ұстауға 

қатысты  жасөспірімдердің  қатысуымен  жасалатын  қылмыстық  əрекеттер  жеке  құраммен  бөлініп 

алынды (ҚК 309 б. 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру);

а.ж. 1 қаңтардан бастап бала тəрбиесінде мақсатты себепсіз өзінің міндетін орындамағандықтан 

баланың  қасақана  қылмыс  немесе  əкімшілік  құқық  бұзушылық  жасауына  əкеліп  соқтырған 

жағдайлар үшін ата-анаға қылмыстық жауапкершілік қолданылады (ҚР ҚК 140 б., 200 АЕК көлеміне 

дейін  айыппұл  не  осындай  мөлшерде  түзеу  жұмыстары,  не  180  тəулік мерзімге  дейін  қоғамдық 

жұмыстарға тарту не 60 тəулікке дейін қамауға алу);     

профилактикалық  есепке  қоюға  жататын  адамдар  санаты  ұлғайтылды,  оның  ішінде 

жасөспірімдерді  тəрбиелеу,  оқыту  жəне  (немесе)  ұстау  бойынша  өз  міндеттерін  орындамайтын, 

сондай-ақ олардың жүріс-тұрысына теріс əсер ететін ата-аналар немесе басқа да жасөспірімдердің 

заңды өкілдері.

Қабылданған шаралар нəтижесінде жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың жалпы 

саны  екі  есе  азайды  (-46,7%,  3868-ден  2061-ға).  Дегенмен  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылық 

əрекеттері азаймай отыр.

Оның негізгі себебі, ата-аналар балаларына тиісті дəрежеде назар аудармайды, өздері дұрыс танымайтын 

адамдармен алкоголді ішімдік ішіп, олардың қараусыз қалдырады.

Екінші  жағынан  жасөспірімдерді  жыныстық  тəрбиелеу  саласындағы  жəне  олардың  өздерін  ұстай 

білудегі  кемшіліктері  қоғамда  оларға  қатысты  зорлық-зомбылық  қылмыстарының  жасалуына  жағдай 

туғызады.

Қазіргі  таңда  көптеген  8-10  сыныпта  оқитын  қыздар  өз  ортасында  ерте  жыныстық  өмірге 

араласқандығын айтып мақтанады. Олар кейін осындай қылмыстардың құрбанына айналады.

Мысалы, 2014 жылдың ақпанында Астана қаласында 16-17 жастағы жасөспірім қыздар тобы қонақ үйде 

алкоголді ішімдік ішеді. Оның соңы бейтаныс жігіттің əлгі қыздардың бірін зорлауымен аяқталған.

Өз кезегінде полиция жыл сайын əртүрлі құқық бұзушылық жасаған 100-120 мың жасөспірімді ұстайды.

Бұл негізінен тұрғын үйден тыс  (жыл сайын 50 мың шамасында ) жəне ойын-сауық орындарда (3 мыңға 

жуық) заңды өкілсіз түнгі уақытта жүру болып табылады.

Өткен жылдың өзінде қараусыз жүргені үшін 5 мыңнан астам жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарына 

жеткізілген.

Қазіргі таңда ішкі істер органдары 12 мың жайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізуде. Ол 

отбасыларда 17 мыңға тарта бала тəрбиеленуде.

Жыл сайын бала тəрбиесі бойынша өз міндетін орындамағаны үшін 4 мыңнан астам ата-ана жəне оларды 

алмастыратын  адамдар  əкімшілік  жауапкершілікке  тартылады.  1  мыңға  тарта  адам  атан-ана  құқығынан 

айырылып отырады.

2014 жылдың өзінде жасөспірімдерге қатал қарағаны үшін 46 қылмыстық іс қозғалса, балаларды қоғамға 

қарсы əрекет жасауға тартқаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылы жасөспірімдерді тəрбиелеу бойынша өз міндетін орындамағаны үшін 473 сотқа дейінгі 

іс қозғалды (ҚК 140 б).

Жасөспірімдердің құқығын қорғау жөніндегі жұмысты үйлестіруді күшейту мақсатында а.ж. 4 маусымда 

ІІМ-да кеңейтілген бейнеселекторлық кеңес өткізілді. Оған аумақтық ІІД басшылары, сондай-ақ білім беру, 

денсаулық  сақтау  басқармаларының,  жасөспірімдер  ісі  жəне  оларды  қорғау  комиссиясының  өкілдері 

қатысты.


Жергілікті  жерлерде  мемлекеттік  органдардың  өзара  іс-қимыл  жасасуын  жақсарту  жəне  жұмысын 

ұйымдастыру бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Сонымен  қатар  жаңа  алдымызда  спикерлеріміз  айтып  өткен  заңнаманы  жетілдіру  бойынша  бірқатар 

ұсыныстар енгіздік, оларды одан əрі іске асыруды талқылауға белсенді қатысудамыз.  



№ 28 (312) 

бейсенбі

16 шілде

2015 жыл

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында 

партияның  аудандық  филиалы  Саяси  Кеңесінің  кеңейтілген 

отырысы  болып  өтті.  Отырыста  «Нұр  Отан»  партиясы 

мүшесінің  этика  Кодексінің  жобасы  талқыланды.  Билік 

партиясы қоғам талқысына тағы да бір маңызды құжат ұсынды. 

Аталмыш  этика  Кодексі  қазіргі  таңда  республикамыздың 

талқылану үстіндегі басты құжаты деуге болады. 

Партия қатарындағы əрбір мүше өзінің моралдық-этикалық  

нормаларын  сақтай  отырып,  партия  қатарында  жүріп  өзінің 

басты құндылығы – еліне қалқысыз қызмет ету қағидаларын да 

дұрыс  ұстануы  керек.  Ол  өз  кезегінде  əрбір  партия  мүшесін 

елдің  патриоты  болуға  шықырады.  Еліміздің  билік  партиясы 

қатарында тұрған азаматтар бүгінде қоғамға өзіндік үлес қосып 

жүрген салихалы азаматтар. Олар тек партия үшін ғана емес, 

жалпы Қазақстан қоғамының дамуына адал қызмет етіп келе 

жатқан азаматтар. Ондай азаматтар біздің де ауданда жоқ емес. 

Партияның Саяси Кеңесінің құрамындағы ауданымыздың 

белді  жастары,  ауданымызға  еңбек  сіңіріп  жүрген  түрлі  сала 

қызметкерлері  аталмыш  құжатты  талқылады.  Облыстық 

партия филиалының Саяси Кеңес мүшесі, аудандық мəслихат 

депутаты Нұрлан Шалғынбаев, «Жас Отан» жастар қанатының 

атқарушы  хатшысы,  аудандық  партия  филиалының  Саяси 

Кеңес  мүшесі  Наурызхан  Баешев,  газетіміздің  тілшісі,  «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық  филиалы  Саяси  Кеңесінің  мүшесі 

Шоқан Зəкарин осы құжаттың маңыздылығына тоқталды. 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының 

бірінші  орынбасары,  партияның  Саяси  Бюро  мүшесі  Қайрат 

Жұмабаев талқыланып отырған құжаттың өміршеңдігі жайлы 

жəне  осы  құжаттың  партияның  Доктринасы  мен  Жарғысы 

негізінде  былтыр  ғана  қабылданған  2015-2025  жылдарға 

арналған  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бағдарламасының 

маңызды үйлесімі екенін де отырыс барысында түсіндіре кетті.  

Жиын  барысында  Саяси  Кеңес  мүшелері  осы  құжаттың 

жуық  арада  қабылдануын  бір  ауыздан  қолдайтындықтарын 

білдірді.



Əсел МЕЙРАМОВА, 

«Нұр-Қорғалжын» газетінің редакторы

Билік партиясының этика Кодексі талқыланды

2 бет

                                             НҰР - ҚОРҒАЛЖЫН                      

№28 (312) 16 шілде 2015 жыл

Уақыт  деген  зымырап  өтіп  бара  жатыр.  Астанада  өткізілгелі 

отырған  еліміздің  маңызды  шарасы  –  «АСТАНА  –  ЭКСПО  –  2017» 

халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуіне де 2 жыл уақыт 

қалды.  Осы  аралықта  өткеніміз  бен  кеткенімізді  саралап,  осы  бір 

алпауыт шараға біздің ауданның да үлесі қосылғанын барлығымыз да 

қалар  едік.  Ол  үшін  ауданымызда  туризм  саласын  дамытып, 

экотуризмнің əлеуетін одан əрі көтеруіміз қажет. 

«Астана  Экономикалық  Форумында»  сөз  алған  Елбасымыз 

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бір 

ғана  Астананың  жарқын  келбеті  ғана  емес,  бүтіндей  Қазақ  Елінің 

жеткен  жетістігі  паш  етілентіндігін  айқан  болатын.  Ендеше,  дəл 

Астананың іргесінде тұрып, еліміз үшін маңызды шарадан біз де қалыс 

қалмаспыз. 

Ш і л д е н і ң   8 - і   к ү н і  

а уд а н ы м ы з ғ а   Қ ы з ы л о р д а  

облыстық  кəсіпкерлік  жəне 

туризм  басқармасынан  арнайы 

мамандар  келіп,  ауданымыздағы 

Қорғалжын  мемлекеттік  табиғи 

қ о р ы ғ ы   м а м а н д а р ы м е н ,  

аудандық  кəсіпкерлік,  өнеркəсіп 

ж ə н е   т у р и з м   б ө л і м і  

м а м а н д а р ы м е н   ж ə н е  

ауд а н ы м ы зд ы ң   к ə с і п ке рл і к  

палатасының  мамандарымен 

бірлесіп  аудандық  Мəдениет 

үйіндегі  орталық  кітіпханада 

семинар-кеңес  өткізді.  Бұл  екі 

жақтың  да  бір-бірінен  алар 

т ə ж і р и б е с і   с а н   а л у а н .  

Қ ы з ы л о р д а д а н   к е л г е н  

мамандарды  біздің  экотуризм 

саласын  дамытқан  тұстағы  қол 

ж е т к і з г е н   ж е т і с т і к т е р і м і з  

қызықтырса, біз олардың қазіргі 

т а ң д а ғ ы   Б Ұ Ұ   Д а м у  

Бағдарламасы  арқылы  атқарған 

б і р қ а т а р   ш а р а л а р ы н а  

қызығушылық білдіріп отырмыз. 

Осы орайда тағы бір айта кететін 

маңызды жаңалық ол Қызылорда 

облысы аумағындағы орналасқан 

Байқоңыр  ғарыш  айлағы  2017  жылы  өтетін  халықаралық 

мамандандырылған  көрмесі  аясында  əлем  елдерінен  келетін 

қонақтарға көрсетілмек. 

Аудандық  кітапханада  өткізілген  семинар-кеңес  барысында  екі 

жақтың  да  алып-қосарлары  негізге  алынды.  Жиын  барысында 

қатысқан  аудан  əкімінің  орынбасары  Сағадат  Аққожина  алдымен 

біздің  ауданымыздың  мамандарына  сөз  беріп,  біздің  атқарған 

шараларымыз  жайында  сөз  етілді.  Аудандық  кəсіпкерлік,  өнеркəсіп 

жəне  туризм  бөлімінің  басшысы  Гүлшат  Қарағожина  Қызылорда 

облысынан  келген  əріптестеріне  арнайы  слайд  көрсетілімі  арқылы 

ауданымыздағы экотуризм жəне былтырдан бері қолданысқа енді еніп 

келе  жатқан  су  туризімінің  дамуы  секілді  маңызды  аспектілерге 

тоқталып,  ауданымыздың  потенциалын  қонақтарға  паш  етті. 

Қызылордалық мамандарды қызықтыратын да дəл осы су туризмінің 

дамуы еді. 

Қорға лжын  мемлекеттік  т абиғи  қорығы  экологиялық 

сауаттандыру бөлімінің басшысы Ольга Кошкина экотуризм жайын сөз 

етті.  2001  жылы  негізі  қаланған  «Родник»  қоғамдық  бірлестігінің 

директоры Людмила Люфт туризм саласының дамуымен келетін қонақ 

үйлер жайын баяндады. Ауданымызда бүгінгі күні осы қонақ үйлердің 

саны күннен күнге артып келеді. Осы кезекте туризмнің негізі қазығы 

болып саналатын қонақ үй бизнесі жайы əңгімеленді

Тəжірибе алмасу барысында қызылордалық мамандар да өздерінің 

өлкелері жайлы жəне бүгінгі күнге жеткен жетістіктері жайлы да сөз 

етті. Қызылорда облыстық кəсіпкерлік жəне туризм бөлімінің басшысы 

Бекзат  Рза,  Арал  аудандық  туризм  бөлімінің  бас  маманы  Əлімжан 

Сейітов,  Арал  ауданы,    Қамыстыбас  ауылдық  округінің  ауылдық 

тұтыну  кооперативінің  төрағасы  Алдаберген  Исаев  жəне  қонақ  үй 

бизнесімен айналысып жүрген қызылордалық жеке кəсіпкер Марғұлан 

Жексенбаев  дөңгелек  үстел  аясындағы  семинар-кеңес  барысында 

«АСТАНА – ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 

қарсаңында Қызылорда облысы аумағында іске қосуға жоспарланып 

отырған біраз шаралармен таныстырды. 

Семинар  барысында  БҰҰ  Даму  Бағдарламасының  сарапшысы, 

біздің  ауданымызда  көп  жылдар  бойы  БҰҰ  Даму  Бағдарламасы 

аясында  еңбек  еткен  Ажар  Байбəкішева  ханым  БҰҰ  Даму 

Бағдарламасы арқылы Қызылорда жəне Ақтөбе облыстары аумағында 

атқарылып жатқан шараларға тоқталды. 

Бүгінгі  күні  «ғаламат  жоба»  саналатын  Батыс  Еуропа  –  Батыс 

Қытай магистральдік дəлізі дəл осы Қызылорда мен Ақтөбе облыстары 

арқылы  өтеді.  Осы  жолдың  бойын  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы 

Назарбаев  –  «Ұлы  Жібек  Жолының»  қазіргі  заманғы  баламасы»  деп 

үлкен баға берген болатын. Ендігі кезекте жолдың бойын ұтымды əрі 

пайдалы етіп жол бойы сервисін дамыту көзделіп отыр. Осы тұрғыда 

қонақ  үйлер  салу,  қонақ  үй  бизнесін  дамыту  бойынша  мамандардың 

біздің ауданнан алар үлгісі де бар екенін осы ауданның тұрғыны ретінде 

зор мақтанышпен жеткізді ол. 

Семинар-кеңеске  қатысқан  екі  тараптың  да  өкілдері  туризмнің 

дамуына  мүдделі.  Ендеше,  келешекте  осы  тəжірибе  алмасу 

барысындағы екі тараптың да өзара алмасқан тəжірибелері негізінде 

ауданымыздың туризімінің одан əрі дамуына зор ықпал тигізері сөзсіз.

Əсел МЕЙРАМОВА

Мамандар өзара тəжірибе алмасты

В целях продвижения и внедрения услуг спутникового 

телерадиовещания  «OTAU  TV»,  АО  «Казтелерадио»  в 

лице  филиала  ДРТ  «Астана»  информирует  Вас  о 

возможности установки «OTAU TV» по цене – 20 000 тг, 

возможен  вариант  рассрочки  способом  заключения 

договора с графиком платежа – 22 000 тг.

Также  введены  цены  со  сниженной  стоимостью  на 

карты подключения:

По возникшим вопросом просим обратится по телефонам:

+7  (7172)  55-84-44  (вн.  3021)  –  Начальник  абонентского 

отдела ЦП «ДРТ «Астана» Ташмагамбетова Лаура

+7 (778) 382-45-85, +7 (707) 382-45-85 – ведущий инженер 

Технического отдела ЦП «ДРТ Астана» Мырзабеков Нурлан

 «OTAU TV» жерсерікті телерадиохабар қызметін тарату 

мақсатында,  «Қазтелерадио»  АҚ-ның  филиалы  «Астана» 

Радиотелехабар  тарату  дирекциясы»  Сіздерге    «OTAU  TV» 

қызметіне  қосылу  бағасы  –  20  000  тг,  жəне  де  төлем 

кестесімен  келісім-шарт  жасасу  арқылы  төлемді  бөліктеп 

төлеу нұсқасы қарастырылатынын хабарлайды – 22 000 тг.

Сондай-ақ,  қосылу  картасына  төмендетілген  бағалар 

енгізілген:

Шегерімді 

жаңа баға

Қосылу картасының атауы



Сұрақтар туындаған жағдайда төменгі телефондар 

арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

+7  (7172)  55-84-44  (ішкі  3021)  –  Абоненттік  бөлім 

басшысы ЦП «Астана» РТД» Ташмагамбетова Лаура

+7  (778)  382-45-85,  +7  (707)  382-45-85  –  Техикалық 

бөлімнің  жетекші  инженері  ЦП  «Астана  РТД» 

Мырзабеков Нұрлан

Тəуелсіздігімізге ие болған кезеңнен бастап елімізде діни 

мəдениетімізге  қайта  оралу  үдересі  белсенді  түрде    жүріп 

жатқаны белгілі. Ежелден Қазақстан халқы еш заманда да діни 

фанатизмге  бой  алдырмаған,  өзге  халықтардың  діни  наным-

сенімдеріне құрметпен қарайтын қасиетімен ерекшеленетін ел 

болатын.

  Дін  қазіргі  уақытта  қазақстандық  қоғамның  əртүрлі 

топтары арасында қызу талқыға түсіп келе жатқан сала болып 

саналады. Кеңес Одағы мен оның коммунистік идеясы күйреген 

соң  посткеңестік  кеңістікте  пайда  болған  идеологиялық 

ваккумді  түрлі  дəстүрлі  емес  діни  ағымдардың  өкілдері  өз 

пайдасына  пайдаланып  қалуға  тырысты.  Кеңес  үкіметінің 

саясаты  нəтижесінде  посткеңестік  республикалар    əлемдегі 

мұсылман  елдеріндегі  діни-рухани  салада  болып  жатқан 

үдерістерден сырт қалған еді, ал бұл уақытта, яғни ХХ ғ.  əлемде 

исламның  саясилануы  мен  радикализациялануы  сияқты 

құбылыстар белең алған болатын.

Сөйтіп,  тəуелсіз  ел  ретінде  бой  түзеп  келе  жатқан  еліміз 

өзінің  қазіргі  заманғы  тарихындағы  ең  бір  қатерлі  сынға  тап 

келген  болатын.  Қазақстанда  исламтанушыларының  пікіріне 

сүйенетін болсақ, сунниттік ханафи мазхабына сүйенген ислам 

ежелден орныққан байырғы діни ұстаным, ол қазақ халқының 

с ан  ғасырлық  дəстүрлі  мəдениеті  мен  мент а лдық 

ерекшеліктеріне  сəйкес  жəне  ол  еліміздің  зайырлы 

мемлекетшілдік  ұстанымдарына  қайшы  келмейді.  Біз  ислам 

дінін  танып-білуде  өзіміздің  терең  философиялық-танымдық   

дəстүрлерімізге  сүйенеміз.  Қазақ  халқының  ұлы  ағартушы 

ұстаздары Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мəшһүр 

Жүсіп,  Шаһкəрім  Құдайбердіұлы    сияқты  тұлғалар  артында 

ислам дінін тану саласында келер ұрпаққа рухани азық болар 

зор мұра қалды.

Бүгінгі  күнде  діни  дəстүрлерімізді  қалпына  келтіру 

барысында белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты осыдан 

100  жыл  бұрын  шамасында  жоғалтып  алған  діни  таным 

мəдениетімізді  қайта  қалпына  келтіру  мəселесі  көптеген 

қиындықтарға ұшырап отыр, əсіресе бұл жағдай халқымыздың 

бүгінгі күнде əлі де болса  діни сауаттылығының төменділігіне 

байланысты  екендігі  мəлім.        Қазақстандағы  зайырлы 

қ о ғ а м н ы ң   қ а л ы п т а су ы ,   ұ л т т ы қ   ж ə н е   д і н и - ру ха н и  

дəстүрлерімізді  қайта  өркендеуі  осы  елдің  мемлекеттілігін 

қалпына  келтіру  үдерісімен  сəйкес  келуі  мəселені  онан  əрі 

күрделендірді.

Халқымыздың  діни-рухани  сауатын  арттыруды  тиімді 

етудің бірден-бір жолы, ол қазақ халқының өткен тарихы мен 

дəстүрлі мəдениетін оқып-үйрену болып табылады. Сондықтан 

қазіргі  уақытта  дінтанушылар  мен  теологтар  өзіміздің  діни-

рухани  дəстүрлерімізді  қайта  жаңғыртып  дамыту  үшін  қазақ 

тарихындағы  діни-рухани  тұлғалардың  еңбектеріне 

жұртшылық назарын үнемі аударып отыру керек деген пікірді 

қолдайды. Мəселен осы 2015 жылдың сəуір айында Көкшетау 

қаласында  ХХ  ғасырдағы  ислам  мəдениетінің  ірі  қайраткер-

тұлғалары  Науан  Хазірет,  Сəдуақас  Ғылмани  т.  б.  өлкеде 

«Қазақстан  тарихындағы  исламның  рухани  тұлғалары»  атты 

халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы аясында өткізілуінің өзі өлкеміздің 

рухани-мəдени  тарихындғы  маңызды  оқиға  болды  деп 

есептейміз.

Ислам  дін  мен  мəдениетінің  елімізде  тез  арада  қайта 

қалпына  түсу  үдерісі  70  жылдан  астам  жауынгер  атеизм 

үстемдік  құрғандықтан  оның  үстіне  қазіргі  ақпараттық  ашық 

қоғам  жағдайында  түрлі  түйткілді  проблемалар  мен 

кемшіліктерге  ие.  Осы  ретте  біз  өткен  тарихымызға  оның 

ішінде Қазақстандағы ислам діні мен руханияты тарихына жіті 

зер сала қарауымызды талап етеді.

Қазақ жеріндегі исламдану үдерісі VIII- ХIХғғ. аралығында 

бірнеше  толқын  арқылы  жүргені  белгілі.  Қазақтардың 

мұсылманшылдық көзқарастарына қатты əсер-ықпал еткен ол – 

сопылық  діни  таным,  ал  сопылық  дəстүрлер    сонау  исламға 

дейінгі  дəуірлерге  кетеді.  2011  жылы  ҚР  қабылданған  «Діни 

қ ы з м е т   ж ə н е   д і н и   б і р л е с т і к т е р   т у р а л ы   з а ң н ы ң »  

преамбуласында  ханафи  мазхабындағы  ислам  Қазақстанда 

мəдениет құраушы дін ретінде ресми танылған. 

Ханафи    мазхабы  (араб.  ханафийа  –  ханафийа  жолы)  – 

суниттік  бағыттағы  исламдық  құқықтық  доктрина,  негізін 

салған Əбу Ханиф, ан Ну'ман ибн Сабит аль-Куфи ал-имам ал-

Азам (699–767 жж.) ( түрік ғалымдарының пікірінше шыққан 

тегі  түркі  жұртынан).  Араб  тілінен  аударғанда  «мазхаб». 

«бағыт»,  «көзқарас»  деген  мағынаны  білдіреді.  Шариғатта 

мазхаб  деп    Құран  мен  Суннаға  негізделген  арнайы  əдістер 

арқылы  шығарылған    шешімдер  мен  пікірлердің  жиынтығын 

атайды. Ханафи мазхабынддағы суниттік ислам байсалды, діни 

фанатизмге бой алдырмаған бағыт саналады.

Əбу-Ханифа  мұсылман  тарихындғы  құқықтық  жүйені 

(фикх)     Құран мен Суннна негізінде жасап қалыптастырушы 

дін  ғұлама-ғалымы  ретінде  танылған  тұлға.  Ол  адамдардың 

əлеуметтік  көзқарастары  мен  ұстанымдарындағы  халықтық 

дəстүрлер мен ғұрыптың қандай орын алатынын жақсы түсінді, 

сондықтан ол өзінің діни-құқықтық ілімінде исламның негізгі 

заңдарын  халықтық  дəстүр-ғұрыптармен  шебер  үйлестіре 

білді.  Ол  өзінің  «аль-Фикх  уль-Акбар»  атты  еңбегінде  ислам 

құқы мен теологиясы, заңнамасы негіздерін жан-жақты зерттеп 

жазған болатын.

1Х-Х  ғғ.  Қорасан  мен  Түркістан    ханафилік  исламның 

негізгі  тірек-орталықтарының  біріне  айналды,  ханафи 

мазхабын  Алтын  Орда  хандары  мен  Ұлы  Моғолдар,  Осман   

сұлтандары өз елдерінде мемлекеттік деп жариялады.

Бүгінігі күнде əлем елдеріндегі суңниттердің 80 пайызын 

ханафи  мазхабын  ұстайтын  мұсылмандар  құрайды.  Бұл 

бағыттың осыншама тез таралуына əсер еткен негізгі фактор ол 

жергілікті  халықтың  дəстүрін,  əдет-ғұрпын  құрметтейтін 

ерекшілігі  себеп  болған  еді.  Сондықтан  да  ханафи  мазхабы 

Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  негізгі  діни-құқықтық  жүйе 

болып  бекіді.  Мəселен  қазақ  хандары  шығарған  «Қасым 

ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тəуке ханның 

«Жеті  жарғы»    заңдарында  біріншіден  ислам  заңдары 

нормалары    енгізілсе,  екінші  жағынан  ханафи  мазхабындағы 

дін  иелері  ислам  канондары  мен  қатар  негізінен  зайырлы 

заңдарға  жататын  мемлекеттік  заңнамалардың  қолданылуына 

қарсы болған жоқ. Нəтижесінде кез келген қоғамда туындайтын  

даулы мəселелерді оңай жəне оңтайлы шешуге қол жеткізілді.

Бүгінде,    Қазақстанда  исламның  сунниттік  бағыттағы 

ханафилік моделі қабылданған. Бұл турасында Президент Н. А. 

Назарбаев  былай  деген  болатын:  «біздің  меймондос 

халқымыздың  менталитеті  мен  психологиясына  діни  соқыр 

сенім  мен  фанатизм  мүлде  жат  құбылыс,  жəне  ол  Қазақстан 

халқы  ұстанатын  ханафи  мазхабына  қайшы  келеді».  Қазіргі 

көптеген  елдердің  жəне  біздің  еліміздің  тəжірибесі  түрлі 

зиянды  діни  ағымдарға  сенімді  тосқауылды  қоғам  мен 

мемлекет бірлесе тізе қосып қоюға болатындығын көрсетеді.

Мəселен,  2014  жылы    Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасы (ҚМДБ) 2020 жылға дейінгі уақытқа арналған даму 

Концепциясын  қабылдады.  Бас  мүфти  Ержан  қажы 

Малғажыұлы  осы  құжаттың  ең  негізігі  идеясы  турасында 

«Біздің  мақсатымыз  ел  территориясында  ханафи  мазхабын 

дамыту,  оның  мүмкіндіктерін  радика лды  ағымдар 

идеологиясына тиімді түрде   қарсы тұра алатындай дəрежеге 

жеткізіп көтеру» деген болатын.

Біз  ханафи  мазхабының  өткен  тарихымызда  біздің 

халқымыздың  тілі  мен  дəстүрінің,  ұлттық-этникалық 

бірығайлығының сақталып қалуына зор əсер еткенін ескеруіміз 

қажет.Ханафи  мазхабы  ислам  қауымы  ішінде  бүлік  пен  ылаң 

салушыларды  үзілді-кесілді  айыптайды.  Əбу  Ханифа  ілімі 

Қазақстандағы  барлық  мұсылмандардың,  қазақ  халқының 

бірлікте,  ынтымақта  өмір  сүруіне  қызмет  етеді.  Ханафи 

мазхабы  басқа  діндердегі  Қазақстан  азаматтарымен  бейбіт 

қатар, келісімде  өмір сүруге, діни төзімділікте ғұмыр кешіруге 

үндейді.


Ханафи мазхабы жəне қазақ халқының

 рухани мұрасы

Старая цена

 без скидки

Новая цена со

 скидкой

«Стандарт

 6 ай»

6 000 тг


5 000 тг

«Стандарт

 12 ай»

12 000 тг



10 000 тг

«Элит 


6 ай»

12 000 тг

10 000 тг

«Элит 


12 ай»

24 000 тг

19 000 тг

Шегерімсіз

ескі баға

«Стандарт

 6 мес»

6 000 тг


5 000 тг

«Стандарт

 12 мес»

12 000 тг

10 000 тг

«Элит 


6 мес»

12 000 тг

10 000 тг

«Элит 


12 мес»

24 000 тг

19 000 тг

Наименование карт подключения



№28 (312) 16 шілде 2015 жыл

                                   НҰР - ҚОРҒАЛЖЫН                                

3 бет

                            

Қасиетті Рамазан айында келетін ораза да өз мəресіне жетті. 30 күн оразасын ұстаған əрбір мұсылман 

баласы үшін Құран түскен ұлық айда келетін Қадір түнінің қасиеті ерекше. Бұл түні мұсылман баласы Аллаға 

құлшылығын арнап таң атқанға дейін мүнəжжат етумен болады. Жəннаттің сегіз қақпасы айқара ашылатын 

бұл түннің қадір-қасиеті өте зор. Сондықтан осындай сауабы мол түннен ауданымыздың жамағаты да қалыс 

қалған жоқ.

Мешітке  жиналған  қауым  жамағатпен  бірігіп  алдымен  Құптан  намазын  оқыды.  Құптан  намазының 

амалдары оқылып болғаннан кейін 20 рекағат тарауих намазы оқылды. Отыз күн ораза тұтқан адам үшін 

тарауих намазының орны ерекше. Осыдан соң Үтір намазы оқылды. Үтір намазынан кейін жақсы-жақсы 

уағыздар мен осы күні құлшылық етіп өткізу абзал екендігі туралы нақты-нақты дəлел-дəйектер айтылды. 

Шамалы үзілістен кейін мешіт алқасы жамағатпен тағы бір намаз оқыды. Ол намаз – Тəспих намазы деп 

аталады.  Тəспих  намазы  –  Ұлы  Пайғамбарымыз  Мұхаммед-Мұстафа  (с.ғ.с)  істеген  ізгі  амалдардың  ең 

көркемі.  Сауабы  өте  мол  құлшылық.  Нəпіл  намаз  оқылып  болғаннан  кейін  көпшілікпен  қосыла  аудан 

жұртшылығына Алладан нығмет тіленді.

Осындай риясыз түнде сəресі уақыты да қас-қағым сəтте жақындап қалды. Жылдағы дəстүр бойынша 

аудандық Мəдениет үйінде таңғы сəресі асы берілді. Бұл рəсімге демеу болып отырған ауданның барлық 

мекемелері  атынан  аудан  əкімінің  орынбасары  Сағадат  Аққожина,  Қорғалжын  ауылдық  округінің  əкімі 

Ақылбек  Егімбаев  сөз  алып,  жиналған  қауымды  қасиетті  Рамазан  айының  Қадір  түнімен  шын  жүректен 

құттықтады.  «Өлі  разы  болмай,  тірі  байымас».  Сондықтан  да  осындай  көпшілік  жиналған  жерде  аудан 

көлеміндегі  барлық  қорымдарда  жатқан  əруақтарды  еске  алып,  оларға  дұға  бағыштау  дəстүрге  айналды. 

Ауданымыздың орталық мешітінің имамы Ұлан Нұрмұхаммедұлы Жұмақанов дастархан басында жиналған 

барша қауымның қайтыс болған туған-туыстарына арнап құран оқыды. Ауданымыздың қарияларының бірі 

Ақан Досмағамбетов атамыз жыл сайынғы дəстүрге айналған осы Қадір түні берілетін асқа, оны дайындаған 

мекеме ұжымдарына өзінің ақ батасын берді. 

Сəресі  асы  ішіліп  болғаннан  кейін  жұртшылық  барлығы  бір  үйдің  баласындай  аудандық  орталық 

мешітке қарай қайта асықты. Бұл жерде жамағатпен таң намазы оқылып, Қадір түнінің қасиеттері мен осы 

түнгі  Алла  тарапынан  берілетін  нығметтер  жайлы  тағы  да  мазмұнды  уағаздар  айтылып,  таңның  мерейлі 

шуағы жамағатпен бірге дəл осы мешітте қарсы алынды. 

Осындай ауқымды шарада көпшілікпен болып қайтқан біздің де тілегіміз жоқ емес. Ол тілек ең алдымен 

еліміздің,  Елбасымыздың  амандығы.  Көп  ұлтты  саналы  халқымыздың  ынтымақ-бірлігі  жəне  өз 

отбасымыздың амандығы. Алла біздің көпшілікпен оқыған дұға тілектерімізді шынайы қабыл етсін, əумин! 

Шоқан ЗƏКАРИН, 

«Нұр-Қорғалжын» газетінің тілшісі

Қадір түні Аллаға ғибадат етіліп, көпшілікке ас берілді

Сыбайлас жемқорлық 

Бiз  мүлде  жаңа  қоғамда  өмiр  сүрiп  жатырмыз.  Жаңа  қоғамның 

сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi 

күрделi  мəселелер  де  бар.  Ол  –  əлеуметтiлiк  мəселе.  Бұл  салада  қоғам 

өмiрiнде  түбегейлi  шешiмi  табылмай  тұрған  мəселе,  ол  –  коррупция. 

Елiмiзде осы мəселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан 

жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мəселе əлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  Қазақстанның  бүгінгі  күнгі  күрделі 

мəселесі болып отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси 

даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын   əлемдегі   барлық   елдердің   қай-

қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

«Сыбайлас  жемқорлық»  деген  түсінік  мағынасына  этимологиялық 

қарау  мұны  «параға  сатып  алу»,  «пара»  ретінде,  «corruptio»  деген  латын 

сөзін  алып,  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Рим  құқығында  сондай-ақ 

«corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, 

бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа 

қарсы  іс  -  əрекетті  білдірген.  Орыс  тілінің  түсіндірме  сөздігі  сыбайлас 

жемқорлықты  пара  беріп  сатып  алу,  лауазымды  адамдардың,  саяси 

қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз 

да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың 

əділдік  пен  турашылдықты  ту  еткендігін  ғасыр  қайраткерлері  Төле  би, 

Қазыбек би, Əйтеке би жəне тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің 

өмірі дəлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Қазақстан  Республикасының  заңнамаларына  сəйкес,  сыбайлас 

жемқорлық  қылмыстарға  негізінен  лауазымды  қылмыстар  жатады.  Өмір 

көрсеткендей,  қызмет  өкілеттігін  теріс  пайдалану,  билікті  не  қызметтік 

өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, 

қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған 

бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, 

сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге 

немесе  жауап  беруден  жалтаруға,  жалған  қорытынды  беруге  не  қате 

аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе 

өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық 

сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас  жемқорлық  əлеуметтік  –  экономикалық  даму,  нарықтық 

экономиканы  құру  инвестициялар  тарту  процесін  баяулататын  жəне 

демократиялық мемлекеттің саяси жəне қоғамдық институттарына кері əсер 

ететін,  елдің  даму  болашағына  айтарлықтай  қауіп  төндіретін  құбылыс. 

Елбасы  биылда  «Қазақстан  халқының  əл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік 

саясаттың  басты  мақсаты»  атты  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында 

«демократиялық  қоғам  жағдайында  қылмыс  пен  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  ерекше  мəнге  ие  болады»  деп  атап  көрсетті.  Яғни  бұл 

мемлекеттің  осы  жағымсыз  құбылысты  жою  бағытындағы  кешенді  жəне 

жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, əрі қарай жалғасын табады деген 

сөз.


Сонымен  қатар  сыбайлас  жемқорлықпен  пəрменді  күресу  үшін 

халықтың  құқықтық  сауатсыздығын  жоятын,  құқықты  түсіндіру 

жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық 

өздерінің  құқықтарын,  өздеріне  қарсы  қандай  да  бір  құқыққа  қайшы  іс-

əрекет  жасалған  жағдайда  қандай  іс-қимыл  қолдану  керектігінің  нақты 

жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тəртіпті қорғау, сыбайлас 

жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат 

жүргізу,  мемлекет  пен  азаматтардың  өмір  сүруінің  барлық  салаларында 

сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның 

мемлекетке  жəне  оның  институттарына  сенімін  нығайту  бүгінгі  күндегі 

басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде 

«Қазақстан  Республикасында  қылмысқа  жəне  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күресті  күшейту  жəне  құқық  қорғау  қызметін  одан  əрі  жетілдіру 

жөніндегі  қосымша  шаралар  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  Жарлығы  қолданысқа  енгізілген.  Бұл  Жарлық  еліміздегі 

құқық  қорғау  органдары  қызметтерін  жетілдіруге  бағыттала  отырып, 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  əрекеттермен  олардың  пайда  болуының 

алдын-алуда жүйелі, əрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қ ы зм е т   қ ұ з ы р е т і   б о й ы н ш а   Т ə рт і п т і к   ке ң е с і   Қ а з а қ с т а н  

Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі 

талаптарының  сақталуын  қадағалап,  аталған  заңнама  мен  кодекс 

талаптарының  бұзылуына  жол  берген  қызметкерлердің  тəртіптік 

жауапкершілігін қарау белгіленген.

Кез-келген  өркениетті  қоғам  үшін  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  ең 

өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті 

ішінен  жоюдың  бастамасы  мен  жетістіктерді  жоққа  шығаратын,  ұлттық 

қауіпсіздікке  қауіп-қатер  əкелетіндігі  күмəнсіз.  Сондықтан  да  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  саясатының  негізгі  басымдылықтарының 

бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің  қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  орын  жоқ.  Қоғамның  барлық 

күш-жігерін  біріктіріп,  осы  дерттің  одан  əрі  ушықпауы  үшін  оны 

тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді 

түрде қарсы тұруға болады.

Ел  болып  еңсемізді  көтергенімізге,  тəуелсіздігімізді  алып,  шаршы 

əлемге  танылғанымызға  жиырма  жылдай    уақыт  өтті.  Өткенімізге  көз 

салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының 

арқасында  мемлекетіміздің  тамыры  тереңге  тартып,  нығая  түсуіне 

бағытталған  құқықтық  заңнамалар  мен  іс-шаралар  қабылданып,  ел 

экономикасы  мен  əлеуметтік  жағдайы  түзеліп,  əлем  мемлекеттерінің 

ортасынан  өз  орынын  айқындады.  Бүкіл  əлемге  өзінің  біртұтастығымен, 

ажырамас  бірлігімен  танылды.  Қоғам  дамуының  жаңа  жолын  таңдап, 

уақыттан туындаған əртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол 

жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Əбішұлының бастауымен алға қойылған 

сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  барлық  Қазақстан 

Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.



Əділет басқармасы

 С.Саутова

Регистрация заявлений и 

сообщений об уголовных 

правонарушениях

Приказом  Генерального  Прокурора  Ре спублики 

Казахстан  от  19  сентября  2014  года  №89  утверждены 

«Правила  приема  и  регистрации  заявлений  и  сообщений  об 

уголовных  правонарушениях,  а  также  ведения  Единого 

реестра досудебных расследований».

Данные  Правила  определяют  порядок  приема  и 

регистрации  заявлений  и  сообщений  об  уголовных 

правонарушениях,  а  также  ведения  Единого  реестра 

досудебных расследований.

Согласно  пункту  5  Правил  органами  уголовного 

преследования, имеющими дежурную часть, прием поводов и 

информаций об уголовных правонарушениях осуществляется 

круглосуточно.

Заявителю,  непосредственно  обратившемуся  в  орган 

уголовного  преследования  с  заявлением,  сообщением  об 

уголовном  правонарушении,  управомоченным  лицом 

выдается талон-уведомление по форме согласно приложению 

4  к  настоящим  Правилам,  содержащий  уникальный  номер. 

Талон  также  может  выдаваться  заявителю  следственно-

оперативной группой, участковым инспектором полиции.

Талон-уведомление состоит из двух частей:

-корешка талона-уведомления, который остается в органе 

уголовного преследования;

-отрывного  талона-уведомления,  который  выдается 

заявителю.

Оригиналы  корешков  талонов-уведомлений  являются 

документами строгой отчетности, хранятся в течение 3 лет в 

органах уголовного преследования.

На обороте отрывного талона-уведомления указаны адрес 

Интернет-ресурса http://service.pravstat.kz, номера телефонов: 

1012 (SMS-сервиса), 8 800-080-7777 (со стационарного), 1414 

(с  мобильного),  по  которым  заявителю  можно  получить 

соответствующую информацию и телефон органа уголовного 

преследования, принявшего заявление.

Таким  образом,  заявитель  имеет  возможно сть 

отслеживания процесса рассмотрения его заявления и оценки 

деятельно сти  органа  с  помощью  голо сования  на 

информационном сервисе service.pravstat.kz.

Старший помощник прокурора

Коргалжынского района

 юрист 1-го класса

Уалиева А.Н. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев  еліміздің  даму 

тарихын,  оның  сындарлы  кезеңдерін  өзінің  мазмұнды  кітаптарына 

топтастырып, тəуелсіздік жолын қалыптастыру кезеңіндегі өзінің 

ойын  халықпен  үнемі  бөлісіп  отырады.  «Қазақстан  жолы»  атты 

кітабындағы  егемендіктің  бастаулары,  жас  мемлекеттің 

бұғанасының  қалыптасуы  сияқты  дүниелерге  бой  алдырса, 

«Əділеттің  ақ  жолы»  кітабында  өзінің  жарқын  өмірбаяны 

суреттеледі.  Өзім  оқырман  ретінде  Нұрсұлтан  Əбішұлының  əрбір 

кітабына  көңіл  бөліп,  ол  кісінің  кітапта  бейнелеген  ой-пікірімен 

танысып  отырамын.  Расында,  Елбасымыздың  əрбір  кітабы  баға 

жетпес  құндылық.  Себебі,  ол  біздің  киелі  де  қастерлі 

тəуелсіздігіміздің тұғыры деп білемін. 

Биыл    шілденің  1-і  күні  Астанада  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  тағы  бір  кітабы  жарық  көрді.  Кітаптың  алғашқы 

тұсаукесерінен  кейін  интернетте  басылған  нұсқасын  оқыдым.  Бұл 

еңбекте Елбасы өзінің шыққан тегінен бастап, балғын балалық шағын, 

мектептегі  естен  кетпес  кезеңін,  Днепродзержинскідегі  жалынды 

жастық шағын, Теміртаудағы құрыш құйған сəттерді баяндайды. Бұл 

туынды 16 тараудан жəне 570 беттен тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  тарихи  өмірі  жайлы  бұл  туынды  жуық  арада  мектеп 

оқушыларынан  бастап  барлық  жастағы  оқырманның  көзайымына 

айналатын бірден-бір еңбегі болмақ. Олай дейтінім, Президентіміздің 

тəуелсіздік алған 1991 жылдан кейін өзі туралы əңгімелеген бұл екінші 

кітабы. 

Қалың  оқырман  назарына  жол  тартқан  бұл  кітап  Қазақстанның 

зиялы  қауым  өкілдернің  де  назарынан  тыс  қалмады.  Мемлекеттік 

хатшы  –  Гүлшара  Əбдіхалықова,  зиялы  қауым  өкілдері:  Мырзатай 

Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Төлеутай Сүлейменов, Александр 

Тараков  осы  кітап  жайлы  өздірінің  ой-пікірлерімен  бөлісуде.  Бұл 

еңбектегі  мені  қызықтырған  тұстардың  бірі  –  Елбасы  мен  сұхбат 

алушы  арасындағы  əдеби  шынайы  əңгіменің  өрбуі,  егемендік 

шежіресіне  қатысты  бұрын-соңды  естілмеген  тың  деректердің 

келтірілуі.  «Ұшқан  ұя  ұлағаты»  атты  тараудан  бастап,  «Нұрлы 

жолмен»  ұштастырылған  осы  аралықтағы  өмірбаяндық  сұхбаттар 

тарихи оқиғалармен айшықты бейнеленіп, өзара диалог барысындағы 

жоғары  интеллектуалдылық  пен  тамаша  қолданылған  қазақтың  тіл 

байлығы  оқырманды  бірден  баурап  алатын  ерекше  құбылысқа  ие. 

Кітап  оқу  процессіндегі  Елбасы  мен  оқырман  арасындағы  риясыз 

əңгіме барысында сөз астарын байқасаңыз, қазақтың кемелді келешегі 

туралы да терең ойлар қозғалады. 

Еліміздің  дамуы  жолындағы  сындарлы  кезеңдер  туындыда  өте 

айшықты  бейнеленеді.  Алғашқы  тарауынан  соңғысына  дейін 

оқырманды  ерекше  əсерге  бөлеп,  тəуелсіздікті  қалыптастыру 

кезеңіндегі  елдің  басынан  өткен  кезеңдері  жарқын  баян  етіледі. 

Елбасымыздың  туындысындағы  өзінің  жеке  адами  қасиеттері, 

өмірбаяны суреттеледі. Бұл кітапты шынымен де, Мемлекет басшысы 

мен халық арасындағы үзілмес сабақтастық деуге болады.



Қайрат Жұмабаев, 

«Нұр Отан» партиясы  Қорғалжын аудандық

 филиалы төрағасының  бірінші орынбасары

«Өмір өткелдері» кітабы –

Мемлекет басшысы мен ел арасындағы үзілмес сабақтастық

Құрметті жамағат!

Қасиетті  Рамазан  айының  айт  мейрамы 

б и ы л ғ ы   ж ы л д ы ң   1 7 - 1 8 - 1 9   ш і л д е  

аралығында  болады.  Айт  намазы  17-ші 

шілде  күні  сағат  таңғы  8:00  басталады. 

Сонымен  қатар  19-шы  шілде  күні  сағат 

тағы  9:00  Жантеке  ауылында  жаңа  мешіт 

ашылады. 



Аудандық мешіт алқасы.

Хабарландыру

Садикенова  Нургуль  Муратовна  есімді 

азаматшаның атына берілген Ақмола облысы, 

Қ о р ғ а л ж ы н   ауд а н ы ,   Қ а р а е г і н   ау ы л ы  

Ш.Уəлиханов  ат.  орта  мектепті  2007-2008 

жылғы оқу жылында бітіргендігі туралы ЖОБ 

№0168541  нөмірлі  аттестатының  жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп танылсын.



4 бет

                                        НҰР - ҚОРҒАЛЖЫН                           

№28 (312) 16 шілде 2015 жыл

Меншік иесі

“Нұр-Қорғалжын”

газеті, “Нұр-АяуЖан”

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі.

Директор

Əсел Мейрамова

Мекен - жайымыз:

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауылы,

аудандық пошта үйі, 2 қабат

тел: 87163751209

E-mail: aselka_gan@mail.ru

“Астана-Азия-Пресс” ЖШС

филиалының баспаханасында

басылды

Астана қ-сы, Алаш тас жол 3/1

342

Қазақ  өмірінде  əділдікті  сақтау,  заңдық  норма 

қатынастарын  қалыптастыру  ежелден  бері  шешен-

билердің  құзіретінде  болды.    Билердің  арқасында 

сөзге  тоқтаған  қазақ  қоғамы  полицейсіз,  түрмесіз 

мамыражай  тірлікті  қалыптастыра  білді.  Халық 

арасында  би  атанған  тұлғалар  –  қазақ  тарихында   

біртуар қоғам қайраткерлері болды.

Көрнекті  ғалым  Ш.Уəлиханов  билерді  былай 

сипаттайды:  «Қазақтарда  құрметті  би  атағы  халық 

тарапынан  қандай  да  сайлау  жолымен  немесе 

халықты  билеп  отырған  өкіметтің  бекітуімен  емес, 

тек  сот  рəсімін  терең  білетін,  оған  қоса  шешендік 

өнерін  меңгерген  қазаққа  ғана  берілген.  Би  атану 

үшін  қазақ  халық  алдында  əлденеше  шешендік 

сайысқа  түсіп,  өзінің  заң-жораны  білетіндігін, 

шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың 

есімі  желдей  есіп,  əлейім  жұртқа  таралып,  біріне 

емес,  бəріне  де  танылған.  Сөйтіп  би  атағы  сот  пен 

адвокаттық  істегі  патентке  айналды  да,  бидің 

балалары  заңнан  тəлімі  болғандықтан,  əке  орнына 

мұрагер болып қала берді»   

Өз  тұсында  шешен-билердің  əділ  төреліктері 

мен кесімді сөздері ел арасында кеңінен тарап, бүкіл 

елге  жайылатын.  Қазақ  қоғамының  салт-дəстүрді 

база  еткен  заңдық  нормаларын  сөз  өнерінен  бөліп 

қарау мүмкін емес еді. Себебі, қазақ сөзінің құдіреті 

мен киесі  əділетке қызмет еткен тұста кімді болсын 

еріксіз бағындыратын қуатты күшке айнала алатын. 

Қысқасы,  қазақтың  заңдық  жүйесі  шешендік  өнер 

мен ауыз əдебиетті негіз етті. 

Қ а з і р г і   к ү н і   ұ л т т ы қ   м ə д е н и  

құндылықтарымызды,  мəдени-рухани,  құқықтық-

саяси мұраларымызды түгендеп жатырмыз.  Мұндай 

тұста қара қылды қақ жарған, əділдіктің таразысын 

тең  ұстаған  шешен,  билеріміздің  өнегелі  өмірін 

зерттеп,  шешім  шығарудағы  шеберліктерінен 

тағылым  алу  мəселесі  əрдайым  күн  тəртібінде 

болмақ. 

Билердің қоғамдағы орны мен халыққа сіңірген 

еңбегі  туралы  қазақ  даласында  тарихи  деректердің 

сыртында  көркем  əдебиетте  де  бейнеленіп, 

оқырманға  жетті.  М.Əуе зов,  Ə.Кекілбаев, 

А.Нысаналы, С.Сыматаев, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов 

жəне басқа да сөз шеберлері қазақтың билері жайлы, 

олардың  шешендігі,  көрегендігі,  батырлығы, 

саясаткерлігі,  даналығы,  дүниетанымы  турасында 

көркем шығармаларын жазды. 

Ғ а л ы м   М . Қ о й г е л д и е в ,   Е . Қ у а н д ы қ о в ,    

Ж.Əлдибеков,    А.Оразбаева  сынды  тарихшылар 

қазақ билері туралы салмақты зерттеулерді жарыққа 

шығарып,  жас  заңгерлерге  үлгі-өнеге  болатын 

тұстарын зерделеді.  

Қазақ  халқының  дала  демократиясы  аясында 

билер институты заң шығарушы жəне сот билігінің 

бірегей  тетігі  болған.  Себебі,  билер  əділ  сот  рөлін 

атқарғанымен, олардың атқарған қызмет ауқымы тек 

құқықтық  қатынастар  саласымен  ғана  емес,  қоғам 

өмірінің  барлық  саласын  қамтығанын  атап  айтқан 

жөн.  Билер  институтының  дəстүрлі  қазақ 

қ о ғ а м ы н д а ғ ы   т а р и х и   қ ы зм е т і н   з е р т т е г е н  

А.Оразбаева  оның  негізгі  үш  саланы  қамтығанын 

атап көрсетеді:

- қоғам ішіндегі көлбеу (горизонтальды) қарым-

қатынастарды реттеуші əлеуметтік құрал – бұл билер 

институтының əлеуметтік өлшемі;

- қ о ғ а м   м е н   о н ы ң   м е м л е ке т т і к   ж ү й е с і  

арасындағы  жоғарылы-төменді  (вертикальды) 

қарым-қатынастарды  реттеуші  саяси  құрал–бұл 

билер институтының саяси өлшемі;

-қоғамның  дəстүрлі  рухани  мəдениетін 

сақтауды,  жаңғыртуды  жəне  одан  əрі  дамытуды 

қамтамасыз  етуші  мəдени  жəне  рухани  құрал–бұл 

билер институтының идеологиялық өлшемі . 

Билердің  тарихи  тұлғасы  хандар  тарихымен 

етене екендігі белгілі. Заманында Əз Тəуке атанған 

Тəуке  қазақ  хандығының  тағына  XVІІ  ғасырдың 

соңғы  ширегінде,  1680  жылы  көтерілді.  Бұл  кезде 

Тəукенің қоластына «Төрт алаш» атауымен қазақтың 

үш  жүзіне  қырғыз  ұлты  қосылып,  жиналған  еді. 

Тəуке хан төрт алаштың басына төрт биді: Ұлы жүзге 

Төлені, Орта жүзге Қазыбекті, Кіші жүзге Əйтекені, 

сондай-ақ  қырғыз  биін  қырғыз  ұлысына  қойып, 

осылардың қолымен елді билеу тізгініне ие болды. 

Билер  өз  заманындағы  белгілі  батырлар  мен 

билердің,  тіпті  хандардың  бірсыпырасына  ақылшы 

болған. 

Мысалы,  қазақ  ауыз  əдебиетінде  Шақшақұлы 

Жəнібек  ханның  Төле  биден  ақыл  сұрай  келгені 

туралы диалог сақталған: 

-Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ 

жігіт,  ұрыншақ  ат  жидым.  Боз  бала  болып  ерлік 

құрайын  ба?  Үлгі  алып  билік  құрайын  ба?  Еліңде 

кəрің болса, жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің 

алдында  төбе  болса,  ерттеулі  атың  деуші  еді,  ақыл 

сұрай келдім, – дейді. Сонда Төле би:

-Өгізді  өрге  салма  қанатың  талар,  наданға 

көзіңді  салма  сағың  сынар.  Досыңа  өтірік  айтпа 

сенімің  кетер,  дұшпаныңа  сырыңды  айтпа  түбіңе 

жетер. Жал-құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, 

жаугершілік  болғанда  жағдайлап  мінер  ат  тумас. 

Жақыным  деп  жаманның  малы  үшін  жақсының 

жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық 

жи,  жаяу  жүрсең  таяқ,  қарның  ашса  тамақ.  Ит 

жүгіртіп,  құс  салсаң      əуейі  боларсың.  Əйел  алсаң 

көріктіге  қызықпа,  тектіні  ал.  Мақтаншақ  жігіт 

жисаң,  ұятқа  қалдырар.  Ұрыншақ  ат  жаз  жарға 

жығар,  қыс  қарға  жығар.  Тұмау  түбі  құрт  болар, 

тұман түбі жұт болар. Ақылдың түбі құт болар. Елге 

бай емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен 

нарға күш! Ел шетіне жау келсе, қабырғалы биге күш 

– деген екен [3]. 

Билер  тұлғасына,  дүниетанымына,  ой-өрісіне 

терең  бойлау,  зерттеу  арқылы  қазіргі  құқықтану 

ғылымын  толықтырып,  ұлттық  сипатта  дамып, 

жаңғыруына мүмкіндік береді.  

Қазақ мемлекетінің даму тарихының құқықтық-

теориялық    мəселелерін  зерттеген  Ж.С.  Əлдибеков 

XVIII  ғасыр  коғамына  тəн  классикалық  үлгісіне 

д е й і н   б и л е р   и н с т и т у т ы н ы ң   қ а л ы п т а с у ы  

т ө м е н д е г і д е й   б і р н е ш е   с ат ы д а н   ө т т і   д е п  

тұжырымдайды:

«Қазіргі  Қазақ  елінің  территориясында 

қалыптасқан  көшпелі  қауымдық  бірлестіктердің     

алғашқы кезеңіндегі ақсақалдар кеңесі, ру-тайпалық 

құрылымның өзін-өзі басқару тəрізді қоғамдық тетігі 

ретінде  бек,  би  институттарының  пайда  болуының 

негізгі  алғышарты  болып  табылды.  Өте  ерте 

ғасырларда  бектер,  яғни  билер  институты  ру-

тайпалардың  бетке  ұстар  игі  жақсыларынан     

құралып,  аристократиялық  қаған  билігі  жүйесінде 

халық  тарапынан  өкілдік  етуші  əлеуметтік  тетік 

рөлін  атқарды.  Бұл  тұст а  бек  яки  билер 

институтының  ара-жігі  əлеуметтік  жоғарғы 

сатысында  тұрғандардан  да  төменгі  сатысында 

орналасқандардан да нақты ажырамаған.

Орта  ғасырларда  көшпелі  қоғам  үшін  билер 

институты  –  аристократиялық  хан  билігінің  халық 

тарапынан  қолдау  табуын  қамтамасыз  етуші 

əлеуметтік-саяси  тетік  болды.  Алайда  бұл  дəуірде 

билер  институты  хандық  институтынан  іргесі 

ажыраса  да,  бұқара  халықтан  əлі  де  нақты  бөліне 

қоймаған еді, сондықтан билер институты «батыр», 

«жырау» институттарымен тығыз астасып жатты.

Кейінгі  орта  ғасырлар  ауқымындағы  дəстүрлі 

қоғам  үшін  хандық  институтына  да  тəуелсіз,     

халықтың  қалың  топтарынан  да  дербес  билер 

институты  тəн.  Бұл  тұстағы  билер  институтының 

тарихи  қызметі–  бір  жағынан  ру-тайпалық  қарым-

қатынастарды  реттеп  отырушы  əлеуметтік  тетік 

болса,  екінші  жағынан  аристократиялық  хан 

билігімен  демократиялық  халық  билігін  теңестіріп 

отырушы  саяси  тетік  болды.  Бұл  кезеңде  қазақтың 

дəстүрлі қоғамында жан-жақты толысқан, түпкілікті 

қалыптасқан  əлеуметтік-саяси  өмірде  беделді орны 

бар,  қазақтың  мəртебесі  жоғары,  ел  басқару     

жүйесінде  аристократиялық  хандық  билікке  ықпал 

жасай  алатын  билік  институтының  классикалық 

формасы  пайда  болды  деп  айтуға  толық  негіз  бар. 

Сонымен  қазақ  мемлекеттігінің  қалыптасу 

тарихында  билердің  орны  əр  дəуірдің  тарихи 

оқиғасымен  мəні  арта  түсіп,  ірі  қоғамдық-саяси 

тұлғаларға айналғаны ақиқат. 

Хандықтағы  билер  кеңесінің  беделі  күшті 

болғаны  соншалық,  хандар  кеңестің  келісімі  мен 

қолдауынсыз  мемлекеттік  маңызы  бар  мəселелерді 

шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы 

билік  шоғырланса,  заң  шығарушылық  қызмет  пен 

сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының 

ə л е у м е т т і к   қ ұ р ы л ы м ы н   қ а р а с т ы р ғ а н  

зерттеушілердің  көбісі  билер  институтын  хандық 

жəне  сұлтандық  институттардан  кейінгі  үшінші 

орынға қояды.

Билер  кеңесі  ханның  қызметіндегі  кейбір 

мəселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға 

құқылы  болды.  Дəстүр  бойынша  хандық  билік 

мұрагерлік  жолмен  беріліп  отырса  да  (оның  өзінде 

халық  ақ  киізге  көтеріп  сайлауы  тиіс),  мемлекеттік 

маңызды мəселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз 

бұдан  қазақ  даласында  атам  заманнан  ақ  билік 

бөлінісі принципінің болғанын көреміз. 

Ұлы  билер  Төле,  Қазыбек,  Əйтеке  өмір  сүрген 

кезең–  тарихымыздың  тəлімі  көп,  ел  үшін  үлгі 

болатын  ерекше  кезеңі.  Олар  жаугершіліктің 

кесірінен  ыдыраған  халқының  есін  жиған,  əділетті 

билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, 

ү м і т   о т ы н   ж а ғ у   а р қ ы л ы   к ө р е г е н д і к   п е н  

ұйымдастырушылық  көрсете  білген.  Билердің 

оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, 

азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол 

қазынасын  жария  ететін  аңыздар  мен  шежірелер 

бүгінгі  күнге  де  жеткен.  Дегенмен,  билердің 

атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы əділеттілікті 

қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.

Қазақ билерінің өзіне тəн ерекшелігі мен басқа 

халықтарда кездеспейтін қасиеті– дау-жанжалдарды 

мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ 

халқына  тəн  феномен  деп  бағалауымыз  қажет. 

Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып 

жатқан  құқықтық-нормативтік  актілерге  сүйенбей-

ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды 

тоқтатуды  қалыптастырған  қазақ  ұлты  сөз 

мағынасына,  оның  шексіз  мүмкіндігіне  ертеден-ақ 

назар аударған. «Қап салмағы дəнінде, сөз салмағы 

мəнінде»  деп  білетін  билер  əділдікті  шешендікпен 

ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да 

бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, 

сол үшін еңбектенді.

Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер 

қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде 

қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл 

жұртшылықты  қанағаттандырғанын  көрсетеді. 

Жалпытанылған  пікір  бойынша  билер  сотының 

мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:

1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан 

бастап  жүзеге  асқан.  Қазақтардың  арасында  «он 

үште отау иесі» деген ұғым қалыптасқан.

2)  билер  институтының  қоғамдық  қызметі  мен 

құқықтық  бағыт-бағдарын  айқындауда  өзіндік  дала 

конституциясы  ретінде  танылған  «Қасым  ханның 

қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  «Жеті 

жарғы»  құқықтық  ережелері  құнды  болды.  Егер  де 

даулы  істерді  қарау  барысында  шешім  шығаруға 

қатысты  мəселелер  осы  аталған  заңдарында 

қаралған болса, онда соларда көрсетілген ережелерге 

сүйенген.

Ол туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: 

«…Бұл  билік  деген  біздің  қазақ  ішінде  əрбір 

сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы 

Қасым  ханның  «Қасқа  жолы»,  Есім  ханның  «Ескі 

жолын»,  Əз  Тəуке  ханның  «Күл  төбенің  басында 

күнде  кеңес»  болғандағы  «Жеті  жарғысын»  білмек 

керек.  Əм,  ол  ескі  сөздердің  қайсысы  заман 

өзгергендікпенен  ескіріп,  бұл  жаңа  заманға 

келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық 

билік шығарып,  төлеу  саларға  жарарлық кісі болса 

керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. Бұрынғы қазақ 

жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: «Би 

екеу болса, дау төртеу болады» – деп. Оның мəнісі – 

тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді 

дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, əрбір 

болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл 

кесілмей  сайланса,  олар  түссе,  жаманшылығы 

əшкере болғандықтан түссе, əйтпесе түспесе» – деуі 

көп нəрсені аңғартады .

Қазақ  қоғамын  саяси  басқару  мен  сот  жүйесін 

модернизациялаудың  жемісті  болуы–с аяси 

реформалардың  бұрынғы  қалыптасқан  саяси 

д ə с т ү рл е рм е н ,   қ о ғ а м д ы қ   қ ұ н д ы л ы қ т а рм е н  

сабақтасуына  тығыз  байланысты  екендігін  Абай 

тəжірибелі саясаттанушыға тəн көрегендікпен ашып 

көрсетеді. Қазір Қазақстан Республикасы құқықтық 

мемлекет  құру  жолына  түскенде  осы  мəселе 

қайтадан алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын 

өмір бойына тағайындау өзекті болып отыр.

3)  Сонымен  қатар,  билер  сотының  шешімі 

əрқашан  да  əділеттікке  негізделіп,  олардың  кескен 

үкімдері  мен  шешкен  даулары  өзіндік  құқықтық 

норма  сипатына  ие  болған.  Сол  арқылы  жаңадан 

туындаған  дау-жанжалды,  нақты  бір  қиын  істі 

шешкен  ереже,  қағида,  нақыл  сөздер  норма,  сот 

прецеденті  ретінде  ел  арасына  тарап,  келешекте 

орын  алған  ұқсас  сот  істерінде,  дау-жанжалдар 

туындағанда қолданылған. «Кезінде осындай дауды 

Едіге би былай шешкен екен, мұндай дауға қатысты 

Төле бидің мынадай шешімі болған» деген сияқты, 

немесе  қандай  да  бір  рудағы  ерекше  əдіс-тəсіл 

арқылы  əділ  шешілген  даулы  прецеденттердің 

тəжірибесін  келтіре  отырып,  дəстүр  сабақтастығы 

негізінде  əділетті  шешімдер  шығарылған. 

Сондықтан да, қазақ билерінің адал  қызметіне арқау 

болған  прецедент  ұғымының  мəнін  ашып,  арнайы 

тоқтала кеткеніміз жөн.

Шетелдік  сөздердің  түсіндірме  сөздігіне 

сүйенсек,  прецедент  дегеніміз–дəл  қазіргі  сəтте 

орын  алып  отырған  жағдайға  ұқсас  бұрын  болған 

нəрсе,  келесі  болатын  жағдайларға  үлгі  боларлық 

жағдай. Яғни, өткен нəрсеге ұқсас нəрсені табу. Сот 

прецеденті  (латын  тілінен  аударғанда  praecedens, 

praecedentis–алдында болған) – нақты істер бойынша 

сот арқылы қабылданған шешімдер.

Белгілі  заңгер  С.  Зимановтың  көрсетуінше, 

қорғаушы болуға Тəуке ханның «Жеті Жарғысының» 

талаптары  барлық  ниет  білдірген  адамдарды 

қатыстырған.  Қорғаушылар  барлық  мүмкіндіктерді 

пайдалана  отырып,  айыпкерді  қорғау  құқығына  ие. 

Егер  қаралған  іс  бойынша  куəгер  болатын  адамдар 

жоқ болса, ант, яғни жан беру рəсімі іске асырылады. 

Жан  беруге  дауласушылардың  құқы  жоқ.  Айып 

тағылған  адам  үшін  аймаққа,  руға,  елге  танымал 

адамның  оның  кінəсіздігін  көрсетіп,  өз  атынан  ара 

түсуі жəне қорғауы. Жан беру рəсіміне беделсіз, елге 

танымал емес адамдар жіберілмейді. Себебі сенімсіз 

адамдардың жан беруі əділетсіз билік шығаруға жол 

ашуы əбден мүмкін.

Мінеки,  осының  барлығы  өзін-өзі  басқаратын 

құқықтық  қоғамның,  өзіндік  реттеу  тетіктері  бар 

азаматтық  қоғамның  жарқын  көріністері  емес  пе? 

Нақты  айтар  болсақ,  ел  арасындағы  дау-дамайды, 

ағайын  арасындағы  кикілжіңді,  кісі  арасындағы 

жанжалды билер қазақ қоғамында қалыптасқан əдет-

ғұрып,  салт-дəстүр  негізінде  əдемі  де  келісімді 

этикалық  қағидаларға  сүйене  отырып  шешкен. 

Билер өздерінің кəсіби қызметін қарапайым адамдар 

арасындағы  үйлесімді  сыйластыққа  ұластыруды 

көздеген.

Қазақтың  əдет-ғұрып  нормаларының  тағы  бір 

артықшылығы,  қолданылатын  жазалардың  тым 

қатал  емес,  яғни  ізгіленгенінен  айқын  көрінеді. 

Сондықтан да болар, қазақ даласында түрме, абақты, 

бас бостандығынан айыру деген жазалау шаралары 

болмаған. Оның есесіне Тəуке хан тұсындағы «қанға 

қан» ұстанымының орнына билердің ықпалымен құн 

төлеу  институты  кеңінен  қолданылған.  Құн  төлеу 

негізінде  кісі  өлтіргені  үшін  немесе  адамның  дене 

мүшесіне  жарақат  түсіргені  үшін  белгілі  бір 

мөлшерде моральдық-материалдық төлем ақы төлеу 

ұстанымы жатыр.

Билердің  қоғамдық  қайраткерлігін  көрсететін 

қасиеттерінің  жəне  біреуі  –  қазақ  елінің  дамуына 

кесірі тиетін салт-дəстүрлерді теріске шығаруы. «Өзі 

болған жігіттің түп атасын сұрама» деген қазақтың 

мақалы адамды шыққан тегіне, атақ беделіне қарап 

емес,  жеке  басының  қадір-қасиетіне  сəйкес 

бағалауды  үндейді.  Осылайша  тəрбиелеу  арқылы 

ағайынына ғана емес, еліне, кісіге ғана емес, халқына 

қамқор  бола  алатын  азаматтардың  қалыптасуына 

үміт  артқан.  Бұл  азаматтың,  жеке  тұлғаның  өзін 

толықтай жүзеге асыруына септігін тигізетін рухани 

ынталандырушы фактор. 

Билеріміз қазақ елін асқақ мұраттарға жеткізуде 

ұлттық бірлікті көкседі. Ел билеушілердің бойында 

к ө с е м д і к   п е н   и м а н д ы л ы қ   қ а с и е т т е р д і  

дамытарлықтай  ақыл  қосып,  кəсіби  заңгер  əрі 

саясаткер ретінде ел басқаруды жетілдіру жолдарын 

іздестірді.  Сол  себепті  билер  қазақ    жеріне  қатер 

төнген заманда əскер басқару мүмкіндігін үш жүздің 

батырларының  ішінен  ретімен,  алауыздық 

туғызбайтын етіп, алаламай, келісіп шешіп отырды.

Тəлімгерлікті  үрдіс  еткен  билер  өз  ортасында 

і з б а с а р л а р ы н ,   ұ р п а ғ ы н   а ң д а п   с ө й л е у г е ,  

байсалдылыққа, аз сөйлеп, көп тыңдауға, ойын анық 

жеткізе  білуге  баулып  отырды.  Қауым  атаулының 

қайсысы болса да, қарым-қатынас жасауға, дəнекер 

болуға  лайық  ортақ  дүние–əлеуметтік  күшке 

м ұ қ т а ж д ы қ   е т е д і .   О т   б а с ы ,   о ш а қ   қ а с ы  

қауымдастығының  негізгі  өзегі  кіндік  туысқандық 

негізге  сүйенеді.  «Жеті  атасын  білмеген  жетесіз» 

деген  аталы  сөздің  маңызын  əрбір  қазақ  терең 

ұғынды.  Ол  өз  ретінше  жекеден  жалпы  формасына 

өтіп,  туыстық  сезімнен  қауымның  ынтымақ 

идеологиясы  дəрежесіне  ұласып,  осылардың 

негізіне əділеттілік пен қайырымдылықты тартады. 

Үш  жүз  өкілдерінің  бірі  аға,  бірі  іні  болуы  –  жеке 

қарым-қатынаста, қоғамда да сыйластықтың кепілі. 

Қорыта  айтқанда,  сол  ғасырлар  қойнауынан 

жеткен  ұлттық  санамыз  бен  саяси  мəдениетіміздің 

қ а л ы п т а с у ы   м е н   д а м у ы н а   қ о с қ а н   б и -

ш е ш е н д е р і м і зд і ң   ү л е с і   ұ л а н - ғ а й ы р .   К ө н е  

дəуірлерден  бой  көтерген  хан  билігі    мен  билер 

институты ел мен жердің мүддесі үшін қызмет етті. 

Олар  дəстүрлі  қазақ  қоғамындағы  қарапайым 

тəртіптен  бастап,  қылмыстық  істерге  дейінгі 

аралықтағы  құн,  жесір,  мал,  жер,  ар  дауларына 

қатысты мəселелерді қарап, əділ шешімдер шығарып 

отырған.  Сөйтіп,  шешен  билер  заңгерлікпен  қатар 

қорғаушы,  дипломат,  қоғам  қайраткері,  психолог 

тəрбиеші рөлін де атқарған.  

Билеріміз  сөз  құдіретін  тиімді  пайдаланып, 

шешімдер  шығарғанда  мүдделі  тұлғалардың  ғана 

емес, оған қатысушы жұртқа да тəрбиелік мəні зор, 

көпшіліктің  көкейінен  шығатын  аталы  сөздерді 

айтып,  олардың  сана-сезімі  мен  мінез-құлқына 

сіңіруін,  іс-əрекетінде  қолдану  жолдарын 

қарастырған.  Қылмыстық  істердің  жеңіл  немесе 

ауырлығына  қарамастан  олардың  бəріне  əділ  жаза 

қолданған.

Қазақ халқы үшін əділдіктің тең таразысы бола 

білген  билер  қоғам  өмірінің  саяси-құқықтық, 

əлеуметтік-экономикалық,  əскери-дипломатиялық 

салаларына  тығыз  араласып,  ел  бірлігі  мен 

ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты.



Қорғалжын аудандық  сотының төрайымы  

Х.Кембаева

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

 Қазақ хандығындағы билердің ролі

Document Outline

  • Страница 1
  • Страница 2
  • Страница 3
  • Страница 4




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал