Басықара ауылдық округі əкімінің есебі бюджет. 2015 жылы «Басықара ауылдық округі əкімінің аппараты»



жүктеу 31.76 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі31.76 Kb.

БАСЫҚАРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ƏКІМІНІҢ ЕСЕБІ 

 

Бюджет. 2015 жылы «Басықара ауылдық округі əкімінің аппараты» мемлекеттік 

мекемесін  ұстауға 57 492 мың  теңге  қаржы  бөлініп,  жыл  қорытындысы  бойынша  

99,0  пайызға игерілді.  

Ауыл  округі  бойынша  жиналуға  тиісті  мүлік  салығы 7,5 теңге,  жер  салығы         

42,2  теңге,  көлік  салығы 733,1 теңге,  барлығы 782,8 теңге  жиналып,  жоспар         

100,0 пайызға орындалды.  

Өткен  жылғы  есепті  кездесу  кезінде  тұрғындар  тарапынан 1 ұсыныс  айтылып, 

тиісті заңдылықтарға сəйкес жауап берілді.  



Əлеуметтік  қолдау,  жұмыспен  қамту,  мемлекеттік  бағдарламалардың 

орындалуы.  2015  жылы 49 адам  жұмыс  іздеуші  ретінде  тіркеліп,  одан 20 адам 

тұрақты жұмысқа орналасты. 27 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 1 маман жастар 

практикасына жіберілді.    

Өткен жылы 16 отбасының 57 баласына жəрдемақы төленді. 

2015  жылы  «Өңірлерді  дамыту”  бағдарламасы  бойынша  Басықара  ауылындағы 

850  м  автомобиль  жолдарына  орташа  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. 90 орындық 

жаңа  балабақша  құрылысын  жүргізу  үшін  жоба - сметалық  құжаттары  əзірленіп, 

мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 



Кəсіпкерлік,  ауылшаруашылығы.  Басықара  ауылы  бойынша 10 шаруа 

қожалығы, 7 аралас  заттар  дүкені, 1 шаштараз, 1 асхана  бар. 8 кəсіпкер  көлік 

тасымалымен,  12 кəсіпкер түрлі қызмет көрсетумен айналысады.  

2015  жылы  «Ахмет»  шаруа  қожалығы  ашылды. 2 ауыл  тұрғыны 

 

«Эко-Даму» 



бағдарламасы  арқылы  құс  шаруашылығымен  айналысуда. 1 кəсіпкер  өз  қаражаты 

есебінен компьютерлік қызмет көрсетіп келеді.  

Округ бойынша 1186 бас мүйізді ірі қара, 1076 бас қой, 1253 бас ешкі, 384 бас 

жылқы  бар.  Өткен  жылы  Басықара  ауылынан  «Ветеринариялық  пункт»  ашылып, 

пайдалануға берілді.  

Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру. 2015 жылы Басықара 

елді-мекенін  көркейту-көгалдандыру,  абаттандыру  жұмыстарына

 

1 266,0  мың  теңге 



бөлініп,  толығымен  игерілді.  Осы  жұмыстарды  атқаруға  жұмысшы  тобы  құрылып,  

іс-шаралар  жоспары  бекітілді.  Жыл  көлемінде  «Жасыл  жапырақ», «Үлгілі  аула», 

«Тазалық  табалдырықтан», «Таза  аула»  акциялары  өткізіліп,  түрлі  номинациялар 

бойынша  жеңімпаздар  марапатталды.  Жасыл  белдеулер  мен  мекеме  алаңдарына 

ағаштар егілді.  

Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына  орай  «Жеңіс  жұлдызы»  естелік  стелласы 

орнатылды.  

Өткен  жылы  Басықара  ауылындағы  кіре  беріс  көше  (Қ.Əжімұратова  мен 

Бейбітшілік  көшесінің  қиылысы)  жəне  Қ.Əжімұратова,  Қ.Есенов  көшелеріне  түнгі 

жарықшамдары орнатылды. Тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарға жөндеу 

жұмыстарын жүргізілді. 

Ауыз  су,  қысқы  жылу  беру  маусымы.  Басықара  елді-мекенінде 8,6 км  су 

құбыры тартылған. 36 коллонка арқылы ауыл тұрғындарына ауыз су таратылады. 

№182  орта  мектепке 50 тонна,  округ  əкімдігінің  ғимаратына 42 тонна  сұйық 

отын  алынса,  №8 «Тілашар»  балабақшасына 79 тонна,  ауылдық  клубқа 26,5 тонна 

ауылдық  дəрігерлік  амбулаториясына 30 тонна, «Қазалы  су  торабы»  өндірістік 

учаскесіне 8 тонна қатты отын алынды.  



Байланыс. Ауылдағы 130 отбасы телефон нүктесімен қамтылған. Мекемелерде 

10  телефон  нүктесі  бар. 63 отбасы, 6 мекеме  мегалайн  интернет  жүйесімен 

қамтамасыз  етілген.  Ауылдағы 161 отбасы  «Отау  ТВ»  спутниктік  телеарналарын 

орнатса, 17 отбасы iD-ТV интернеттік желісіне қосылған.  

Басықара  ауылындағы  «Қазпошта»  байланыс  бөлімшесі  банкомат  жүйесімен 

қамтамасыз етілген.  



Білім,  денсаулық  сақтау,  мəдениет,  спорт.  Басықара  ауылындағы  №182  орта 

мектепте 250 оқушы білім алуда. Оларға 44 мұғалім оқу-тəрбие жұмысын жүргізеді. 

2014-2015 оқу жылында мектеп бітірген 12 оқушының 5-і ұлттық бірыңғай тестілеуге 

қатысып, 3-і  жоғары оқу орнының грант иегері атанды.  

Мектепте  əлеуметтік  топқа  жататын 130 оқушы  бар.  Өткен  жылы  əлеуметтік 

жағдайы  төмен  отбасының 45 баласына  киім  берілсе, 25 бала  оқу-құралдарымен 

қамтамасыз  етілді. 11 балаға  жазғы  «Шағала»  тынығу  лагеріне    жолдама  берілсе, 

«РЗА»  АҚ-ның  демеушілігімен 6 бала  Жаңақорған  ауданындағы  «Талды  су» 

лагерінде демалды. Мектепте 113 бала ыстық тамақпен қамтылған. 

Жаңа  оқу  жылында  «Мектепке  жол»  акциясы  барысында  əлеуметтік  тұрмысы 

төмен 28 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары алынып берілді.  

Ауыл əкімдігі жанынан ашылған Əн-əуез мектебінің филиалы да тұрақты жұмыс 

жасап, талантты 28 оқушыға өнерпаздарға домбыра, баян, топтық сабақтар бойынша 

дəріс  беруде.  Осы  мектепте  дəріс  алатын  оқушылар  ауыл  көлемінде  өткізілетін 

барлық мерекелік шараларға қатысып, өз өнерлерін паш етуде.   

Басықара  елді-мекенінің  шалғайында  тұратын  балаларды  мектепке  жəне 

үйлеріне тегін тасымалдау үшін жаңа УАЗ автокөлігі алынды.  

Мектеп жанынан ашылған «Балапан» шағын орталығында 17 бала тəрбиеленуде. 

Сонымен қатар, №8 «Тілашар» балабақшасындағы 2 топта 50 бала бар.  

«Басықара» дəрігерлік амбулаториясында 1 дəрігер, 9 мейіркеш жұмыс жасайды. 

Амбулатория 10 адамға  арналған  күндізгі  емдеу  орнымен  қамтылған.  Өткен  жылы 

210 адам ем алды.  

Ауылдық  клубта  əрбір  мереке  күні  уақытылы  аталып  өтіледі.  Жыл  көлемінде         

42  түрлі  мəдени-көпшілік  іс-шаралар  мен 3 кино  қойылымы  өткізілді.  Ауылдық 

кітапханада 18801 кітап қоры бар. Оқырмандар саны - 516 адам. Ауылда екі жасанды 

спорт алаңы бар.  



Сыбайлас  жемқорлық  жəне  құқық  бұзушылыққа  қарсы  күрес.  Сыбайлас 

жемқорлыққа  байланысты  жыл  басында  іс-шаралар  жоспары  бекітіліп,  жоспарға 

сəйкес  өз  деңгейінде  жұмыстар  атқарылды.  Жыл  көлемінде  сыбайлас  жемқорлыққа 

қатысты арыз-шағымдар түспеген. Округ бойынша жыл көлемінде əртүрлі деңгейдегі 

65  əкімшілік  құқық  бұзушылық  фактісі  анықталып, 4  қылмыстық  іс  бойынша 

арыздар тіркелді. 



Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер: 

- «Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы  аясында  жастардың  жұмысқа 

орналасуына  жəрдемдесу,  жұмыссыздар  жəне  табысы  аз  адамдарды  қоғамдық 

жұмыстарға араластыру, əлеуметтік жұмыс орындарына тартуға жəрдемдесу; 

- Шағын кəсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алу мүмкіндігін қарастыру; 

-  Тозығы  жеткен  электр  желілері  мен  құлау  қаупі  бар  бағаналардың  

ауыстырылуына ықпал жасау; 

-  Басықара  ауылындағы  Т.Мұсабаев,  Ш.Нұрқожаев,  С.Мұқанов  көшелеріне 

жарықтандыру  жұмыстарын  жүргізу,  ауылдық  клуб  пен  «Жеңіс  жұлдызы»  естелік 

стелласының айналасын қоршау жұмыстарын жүргізу; 



- «Бизнестің  жол  картасы-2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын  асық», «Ырыс», 

«Өңірлерді 

дамыту», «Дипломмен-ауылға», «Жайылымдарды 

суландыру 

инфрақұрылымының құрылысы» бағдарламаларын жүзеге асыруға үлес қосу; 

- Елді-мекенде 90 орындық балабақша құрылысын жүргізуге ықпал жасау;  

-  Ауылдағы  С.Сейфуллин,  А.Құнанбаев,  Қ.Есенов  пен  Аманкелді  батыр  жəне 

Ү.Түктібаев,  С.Мұқанов  көшелерінің  автожолдарын  орташа  жөндеуден  өткізу 

жұмыстарын жүргізу; 

- «Басықара» каналының өткеліне жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау;  

- Басықара ауылына кіре беріске қақпа орнату жұмыстарын жүргізу; 

-  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру    мен  балалардың    жазғы  демалысын 

тиімді ұйымдастыру мақсатында демалыс орындарын ашу;  

- Ауылдағы тұрмысы  төмен отбасыларына, қамқоршысынан айырылғандар мен 

мүгедектерге қамқорлық көрсетіп, жұмысқа орналасуына ықпал жасау; 

-  Елді-мекендегі  тұрғындарды  таза  ауыз  су  жəне  аяқ  сумен  толық  қамтамасыз 

етуге ықпал жасау. 

 

 



           Басықара ауылдық 

               округінің əкімі 

 

 

 

 

О.Жамшейтов 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал