Басқа планеталықҚА Қай қолды беру керек?



жүктеу 248.12 Kb.

бет1/3
Дата13.04.2017
өлшемі248.12 Kb.
  1   2   3

БАСҚА ПЛАНЕТАЛЫҚҚА 

ҚАЙ ҚОЛДЫ БЕРУ КЕРЕК?

Аздап қиялдайтын болсақ, мысалы қайсыбір космос 

кемесі Күн жүйесін артқа тастап, шексіз ғалам 

тұңғиығына кетсін. Сонымен біраз жыл өткен соң

қарсы келе жатқан кемені байқайды.

Біз оң мен солдың айырмасын тауып, басқа 

планеталыққа жүректің қайда орналасқанын түсіндіре 

алатын секілдіміз.



АУҒАННЫҢ АСУЫНДА 

ОТ КЕШКЕНДЕР

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 

25 жыл толып отыр, осы орайда  «Ауғанның асуында  

от кешкендер»  атты тарихи-танымдық кеш өтті. 

Шығармашылық мамандықтар факультеті «Бастапқы 

әскери дайындық», «Мәдени тынығу жұмысы және 

хореография» кафедраларының ұйымдастыруымен 

өткен кеште  10 жылға созылған Ауған соғысының 

зардабы жайлы баян етілді. 

КЕЗЕКТЕН ТЫС 

КОНФЕРЕНЦИЯ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен 

тыс ХIII конференциясы өтті. Форум жұмысына «Нұр 

Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары 

Бауыржан Байбек, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев

партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің 

мүшелері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары

этномәдени бірлестіктер қатысты. 

Ермахан 

Ыбраимов 

атындағы 

спорт зал 

ашылды

ЖАМБЫЛ 

ОБЛЫСЫНЫҢ 

ДАРЫНДЫ 

ТУМАЛАРЫ, 

СПОРТТЫҢ БОКС 

ТҮРІНЕН ӘЛЕМДІ 

БАҒЫНДЫРҒАН 

ДАҢҚТЫ 

БЫЛҒАРЫ 

ҚОЛҒАП ШЕБЕР-

ЛЕРІ ЕРМАХАН 

САҒИҰЛЫ 

ЫБРАИМОВ 

ЖӘНЕ МАРАТ 

КЕНЕНБАЙҰЛЫ 

МӘЗІМБАЕВ ТАРАЗ 

МЕМЛЕКЕТТІК 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ИНСТИТУТЫНДА 

ҚОНАҚТА БОЛДЫ.

                           3

a

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2013 

жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру 

кездесуін  өткізу  туралы»  №615  Жарлығына  сәйкес, 

облыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев  өңірдің  өткен  жылғы 

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  ту-

ралы тұрғындар алдында есеп берді. 

Өңір  басшысы  өз  сөзін    «Қазақстан-2050» 

Стратегиясымен 

сабақтастыра 

бастады. 

–  Өткен  жыл  еліміз  үшін  өте  жауапты  және  тарихи 

жаңалықтарға толы жыл болды. Біз «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының  ұлы  мақсаттарына  ұмтылдық. 

Әлемнің  ең  дамыған  30  мемлекетінің  қатарына 

қосылуға  қадам  бастық.  2013  жыл  мемлекеттік 

басқару жүйесін сапалық қайта құрумен есте қалды. 

Әкімшілік  реформа  іске  асырылды.  Баламалы  не-

гізде  ауылдық  округтердің,  кенттер  мен  аудандық 

маңызы  бар  қалалардың  әкімдері  сайланды.  

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикалық дамуы жағынан 

да,  әлеуметтік  жаңғыру  тұрғысынан  да  әлемнің 

көптеген  елдеріне  үлгі  болып  отыр.  Елбасы  биылғы 

Жолдауында  алдымызға  айқын  міндеттер  қойды. 

Болашаққа  көз  тастап,  тәуелсіз  елді  «Мәңгілік  Ел» 

етудің Ұлы жолына түсуді, осы арқылы межесі айқын, 

мұраты ортақ Ұлттық идея төңірегіне бірігудің абырой-

лы мақсатын айқындады.

Барлық жетістік пен табыстың басында – қажырлы 

еңбек  пен  ауызбірлік  тұратыны  анық.  Әкімдер 

жұмысының  ең  басты  өлшемі  –  халықтың  берер 

бағасы. Сондықтан, біз бүгінгі дәстүрлі басқосуымызда 

атқарған  жұмыстарды  саралап  қана  қоймай,  алда 

тұрған міндеттерге тоқталамыз,- деді К.Көкірекбаев.

Облыс  бюджеті  өткен  жылы  табыстар  бойынша 

178,1  миллиард  теңгеге  орындалды  немесе  100,3 

пайызды құрады. 2012 жылға қарағанда өсім 8 пайыз. 

Бюджет шығындары 179,2 миллиард теңгеге немесе 

99,7  пайызға  орындалды.  Бюджетке  63,7  миллиард 

теңге салықтар және міндетті төлемдер түсті. Өз та-

быстарымыз бойынша бюджетке 34,8 миллиард теңге 

түсті. Бөлшек сауда айналымы 30,8 пайызға, көтерме 

сауда  айналымы  11,8  пайызға  артты.  Сыртқы  сауда 

айналымы 20,1 пайызға өсіп 548,7 миллион АҚШ дол-

ларын құрады.

Облыста  инфляция  деңгейі  2013  жылғы 

желтоқсанда 2012 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,7 

пайызды құрап, бұл республикалық көрсеткіштен 0,1 

пайыз төмен болды.

Мемлекет  басшысы  еліміздің  экономикасының 

интенсивті 

дамуын 

Үдемелі 


индустриялық-

инновациялық  даму  бағдарламасымен  байланысты-

рады. 2013 жылдың аймақтық индустрияландыру кар-

тасы  бойынша  жалпы  сомасы  21  миллиард  теңгені 

құрайтын  8  жоба  жүзеге  асырылып,  жаңадан  626 

жұмыс  орындары  құрылды.  Үстіміздегі  жылы  жаңа 

996  жұмыс  орындары  ашылатын,  жалпы  сомасы  23 

миллиард  теңгені  құрайтын  8  инвестициялық  жоба-

ны  жүзеге  асыру  жоспарлануда.  2015-2018  жылда-

ры  жалпы  сомасы  470  миллиард  теңгені  құрайтын 

6  инвестициялық  жобаны  жүзеге  асыру  белгіленген. 

Бұл  3000  жаңа  жұмыс  орнын  ашуға  мүмкіндік  бе-

реді.  2013  жылы  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъ-

ектілері бойынша өндірілген өнім көлемі 7,1 пайызға 

өсті.  Бүгінде  белсенді  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

субъектілерінің  саны  42  мыңға  жуықтады.  Біз  бұл 

көрсеткішті арттыра түсуіміз керек.

Қазіргі кезде бұл салада 119 мыңнан астам адам 

немесе  барлық  еңбекке  қабілетті  тұрғындардың  20 

пайызы шұғылданады. Бұған көп жағдайда «Бизнестің 

жол  картасы-2020»  бағдарламасының  жүзеге  асы-

рылуы  ықпал  етті.  Аталмыш  бағдарлама  бойынша 

жалпы  сомасы  32,0  миллиард  теңгені  құрайтын  92 

жоба қолдау тапты. Бағдарламалар жүзеге асырыла 

бастағалы мемлекеттен 1,1 миллиард теңге субсидия 

бөлініп, бюджетке 3,4 миллиард теңге салық түсті.

Президент  биылғы  бірінші  сәуірден  бас-

тап  мемлекеттік  мекемелерде  және  мемлекеттік 

қазыналық кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық 

қызметшілердің жалақысын 10 пайызға көтеруді тап-

сырды.  Бұл  облыстың  білім  мен  ғылым,  денсаулық 

сақтау,  мәдениет,  спорт,  әлеуметтік  көмек  көрсету 

саласында  еңбек  ететін  84  мыңдай  қызметкерге 

айтарлықтай қолдау болмақ.

Елбасы 

биылғы 


халыққа 

Жолдауында 

қызметкердің  жалақысын  2015  жылдың  1  шілдесі-

нен  көтеруге  тапсырма  берген  болатын.  Сәйкесінше 

жалақы 36-56 пайызға дейін көтеріледі. Егер биылғы 

1  қаңтардан  енгізілген  өсімін  қоса  алатын  болсақ 

зейнетақы  14  пайызға,  ал,  әлеуметтік  төлемдер  12 

пайызға  өсетін  болады.  Студенттердің  стипендия-

сы  10  пайызға  өседі.  Бұл  өзгерістер  облыстың  267 

мыңдай адамын қамтиды.

Есепті  жылы  «Балапан»  бағдарламасы  аясында 

барлығы  18  балабақша,  2  шағын  орталық  ашылып, 

балаларға 3100-ден аса жаңа орындар берілді. Бюд-

жет қаржысы есебінен 3 балабақша іске қосылды, 1 

балабақша  демеушілік  арқылы  соғылып,  балалар 

игілігіне  берілді.  Жекеменшік-әріптестік  негізінде  Та-

раз қаласында 695 орындық 7 жекеменшік балабақша 

ашылып,  бүгінгі  күні  18  жекеменшік  ұйымдарында 

1790 бала тәрбиеленуде. 

Жалпы,  білім  нысандарының  құрылысына 

2013  жылы  5,5  млрд.  теңге  бөлініп,  24  білім 

нысанының  құрылысы  жүргізілді.  Оның  ішінде  6 

мектеп  пайдалануға  беріліп,  апатты  жағдайдағы  4 

мектептің, үш ауысымды 1 мектептің, оқушы орнының 

тапшылығы бар 1 мектептің мәселесі шешілді. 

Облыста  720  оқушыға  арналған  физика-матема-

тика пәндерін тереңдетіп оқыту бағытындағы «Назар-

баев зияткерлік мектебі» ашылды.

Бүгінгі  таңда  өңірде  24  апатты  жағдайдағы  білім 

ошағы  бар.  Оның  басты  себебі,  облыстағы  453 

мектептің 78-і саманнан соғылған. Биылғы жылы апат-

ты жағдайдағы 5 мектептің, 2015 жылы 10 мектептің 

мәселесі жаңа құрылыс есебінен шешімін табады. Екі 

мектептің  мәселесі  алдағы  оқу  жылында  қайта  құру 

арқылы  шешілетін  болады.  Қалған  7  мектепті  2016-

2017 жылдары жаңадан соғу қажет.

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 35,6 

млрд.теңге  бөлінді,  бұл  2012  жылдың  деңгейінен 

13,6%-ға  артық.  Есепті  жылы  19  денсаулық  сақтау 

нысаны  іске  қосылды.  Атап  айтқанда,  «100  мектеп, 

100  аурухана»  жобасы  шеңберінде  Тараз  қалалық 

көпсалалы  балалар  ауруханасы  және  Аса  ауылын-

да  250  келушіге  арналған  орталық  аудандық  емха-

на  пайдалануға  берілді.  350  дәрігерлік  емханалар 

құрылысы  жобасы  және  «Жұмыспен  қамту-2020» 

бағдарламасы  аясында  1,1  млрд.  теңгеге  10  нысан 

іске  қосылды.  Облыстық  бюджеттен  229  млн.теңге 

бөлініп, 7 нысанның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 

196 млн.теңгеге 19 нысан жөнделді.

Үстіміздегі  жылы  Тараз  қаласында  сметалық 

құны 8 млрд. теңге құрайтын 300 орындық көпсалалы 

аурухананың  және  құны  7  млрд.  теңгені  құрайтын 

200  орындық  перинатальдық  орталық  құрылыстары 

жүргізілуде. 

Жалпы,  өткен  жылы  спорт  саласына  облыстық 

бюджеттен  7,8  млрд.  теңге  бөлініп,  игерілді.  2013 

жылы  жалпы  құны  712  млн.теңге  құрайтын  4  спорт 

кешені  пайдалануға  берілді.  Тараз  қаласында  281 

млн.теңгеге орталық стадионды жаңғырту жұмыстары 

және 132 млн.теңгеге Қаратау қаласындағы «Лашын» 

футбол  клубының  спорттық  базасының  құрылысы 

аяқталды.  Есепті  кезеңде  облыс  орталығында 

халықаралық  стандарттарға  сай,  жалпы  құны  4,8 

млрд. теңгені құрайтын, «Тараз-Арена» спорт сарайы 

пайдалануға берілді.

Биылғы жылы Тараз қаласындағы №3 олимпиада 

жеткіншектерін  даярлайтын  балалар-жасөспірімдер 

спорт  мектебі  үшін  дене  шынықтыру-сауықтыру 

кешенінің  құрылысы  жүргізілмек.  Облыстық  бюджет 

есебінен  Жуалы,  Мойынқұм  аудандарында,  “Евро-

хим”  Компаниясы  есебінен  Қаратау  қаласындағы 

спорт залдар құрылысы көзделген.

Тараз 

қаласына 



туристердің 

айрықша 


қызығушылығын 

арттыру 


үшін 

«Ежелгі 


Та-

раз» 


қалашығын 

ЮНЕСКО-ның 

Бүкіләлемдік 

Мәдени 


Мұра 

Тізбесіне 

енгізуіміз 

қажет. 


2017 жылға дейін қалашық орнында «Археологиялық 

саябақ» салу жобасы әзірленуде. 

Бүгінде Тараз қаласындағы 5 жоғары оқу орнында 

14 мыңнан аса студент күндізгі бөлімде оқыса, олардың 

бір  мыңға  жуығы  ғана  жатақханамен  қамтылған. 

Қазіргі  таңда  бұл  саладағы  өзекті  мәселелердің 

бірі  –  студенттерді  жатақханамен  қамтамасыз  ету. 

Осыған  байланысты,  алдағы  уақытта  жоғары  оқу 

орындарының  ректорларымен  бірлесіп,  жатақхана 

мәселесін шешуді қарастыруымыз керек.

Халқымызда  бар  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл» 

деген қанатты сөзді еске алған Кәрім Нәсбекұлы ал-

дымызда  шұғыл  шешуді  қажет  ететін  ауқымды  мін-

деттер мен өзекті мәселелер тұрғанын атап көрсетіп, 

барлық  күш-жігеріміз  көзделген  мақсаттарға  жетуге, 

салмағы сара Жолдауда белгіленген тапсырмаларды 

жүзеге асыруға жұмсалатынына сенім білдірді.

Елбасы  биылғы  Жолдауында  да  ең  алдымен 

елдің  бірлігін,  халқымыздың  амандығын,  жеріміздің 

бүтіндігін айтып отыр. Олай болса, оны атқару жолын-

да шын жанашырлық танытсақ, бітпейтін іс, алынбай-

тын асу жоқ деп ойлаймын, деп түйіндеді сөзін облыс 

әкімі.

Фариза Оңғарсынова  -  асқақ есім, биік рух. Асқақ, 



биік  дейтініміз  –  қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  

белді, беделді есімдердің бірі әрі бірегейі болатын. 

Ақынның  жетпіс  бес  жылдық  өмірі  жемісті, 

жеңісті болды. Өйткені, ақынның қаламынан ұлт 

тағдырын,  ұлт  арманын  өрнектеген  жалынды 

жырлары  туды.

Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаттары Камал Бұрханов, Айгүл Соловьева, Әсима 

Бимендина,  Майра  Айсина  Жамбыл  облысына  жұмыс 

сапарымен келді. 

Саясаттану 

ғылымдарының 

докторы, 

мемлекет 

қайраткері,  мәжіліс  депутаты    Бұрханов  Камал  Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институтына арнайы келді. 



ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЕСЕП БЕРДІ

№2 (82)


25.02.2014 ж.

2

3



4

МЕКТЕППЕН БАЙЛАНЫС

«Педагогика»  факультеті  «Жалпы  педагогика  және  психо-

логия» кафедрасының кафедра меңгерушісі К.Бұзаубақованың 

ұйымдастырумен  Тараз  қаласындағы  №  44  мектепте 

«инновациялық технологияны 12  жылдық оқу жүйесіне  енгізу» 

тақырыбы аясында семинар тренинг  өткізді.  

Ғылыми-практикалық  семинарды    мектеп  директоры 

Б.Ж.Жақсыбеков    ашып, 

Елбасы  мен  үкіметтің 

білім  сапасын 

арттыру  үшін  көптеген  іс-шаралар  атқарып  жатқанына  баса 

тоқталып,  оқытушыларға білім беру үрдісінде үлкен жауапкер-

шілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

Осы  тұрғыда  орта  білім  жүйесіндегі  жалпы  білім  беретін 

мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегідей  оқыту 

деңгейіне жеткізуді қолға алу уақыт талабы екендігіне ескертеді. 

Осыған  байланысты

  әдістемелік  тренингке  қатысушылардың 

басты  назарын  аударған  12  жылдық  мектептің  келбеті  ол  кім? 

Ол    үш  тілді  меңгерген  жаңа  формация  мұғалімі    тақырыбы 

болды.  Осы  орайда  «Жалпы  педагогика  және  психология» 

кафедрасының  кандидаты Арман Шауханов   біліктілікті артты-

ру барысында Англияның Нюкасл университетінен алып келген  

өз іс тәжірибесімен мектеп оқытушылармен бөлісті. 

Семинар  соңында  әдістемелік  семинарға  шақырылған 

қалалық  білім  беру  орталығының  әдіскері  Г.  Атакулова 

мектептің  оқу-әдістемелік  кеңесі  өткізген  семинардың  және 

К.Ж.Бұзаубақова  бастаған  «Жалпы  педагогика  және  психоло-

гия» кафедрасының тренингі өте жоғары деңгейде өткенін атап 

өтіп,   институт жұмысының  мектеп ішінде жанданып жатқанына 

жоғары  баға  берді.  Институт  және    мектеп  басшылығына, 

ұжымға өз ризашылығын білдірді.

Әдістемелік  семинарға  қатысқан  профессор-оқытушылар 

құрамы,  магистранттар  мен  студенттер,  мектеп  оқытушылары 

қазіргі  таңда  білім  беру  үрдісінде  қолданылып  жүрген  бірне-

ше  жаңа  технологиялар  мен  әдістермен  танысып,  өз  білім 

қоржындарын толтыруға мүмкіндік алды.

Жанар Байгутдиева, 

«Жалпы педагогика және психология»

 кафедрасының оқытушысы

25 ақпан, 2014 жыл

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтында  ғылыми  кітапхананың 

ұйымдастыруымен  Тараз  қаласының 

ЖОО  және  арнайы  орта  білім  беру 

мекемелерінің    кітапханаларының  бас-

шылары  мен  мамандарына  арналған 

«Жаңа  форматтағы  кітапхана  жұмысы: 

проблемалары  мен  шешу  жолдары» 

тақырыбында  кәсіби  мамандардың 

сұхбат алаңы өтті.

Іс-шарада  институт  кітапханасының 

жаңа  форматта  даму  келешегі,  ЖОО 

кітапханаларының қорын толықтырудағы 

проблемалар  мен  шешу  жолдары,  жаңа 

мүмкіндіктері,  оқырмандарға  қызмет 

көрсетудің  жаңа  форматы,  ақпараттық 

электронды 

сервистер 

қызметі, 

кітапхананың  имиджін  қалыптастыруда  

Public  relations  жүйесінің  тиімділігі, 

кітапханалық  үрдістерді  автоматтанды-

ру,  кітап  оқытуды  ілгерілетудің  жаңаша 

әдістері  мен  түрлері  туралы  мәселелер 

талқыланып  және  М.Х.Дулати  атындағы 

ТарМУ-нің 

кітапханалық-ақпараттық 

орталығының  директоры  мен  әдіскері 

«Открытая  библиотека  «Жамбыл  Тараз 

24»,  «Инновационное  развитие  БИЦ 

ТарГУ  им.М.Х.Дулати»  тақырыптарында 

«Менің жобам» және «Печа куча» форма-

тында  слайд  жасады.  Қатысушылардың 

назарына  «Кітапханаға  келудің  10  себе-

бі», «Кітапхана веб-порталы- оның вирту-

алды келбеті» бейнероликтері көрсетілді.

Сұхбат  алаңына    М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ, Жамбыл гуманитарлық 

техникалық 

университеті, 

Тараз 

инновациялық  гуманитарлық  универ-



ситеті,  Тараз  техникалық  институты, 

Жамбыл  политехникалық  колледжі,  

Абай  атындағы  гуманитарлық  колледжі, 

Жамбыл  қазақ-түрік  есеп-экономикалық 

колледжі,  Жамбыл  медициналық  кол-

леджі,  «Тараз-Ғасыр»  колледжі,  Та-

раз  политехникалық  колледжі,  Тараз 

гуманитарлық  техникалық  колледжінің 

кітапханашылары қатысты.

Сұхбат 


алаңында 

ЖОО 


кітапханаларының қорын толықтырудағы 

проблемалар мен шешу жолдары, жаңа 

мүмкіндіктері,  оқырмандарға  қызмет 

көрсетудің  жаңа  форматы,  ақпараттық 

электронды 

сервистер 

қызметі, 

кітапхананың  имиджін  қалыптастыруда 

маркетингтік 

жұмысты 


жүргізу, 

кітапханалық  үрдістерді  автоматтанды-

ру,  кітап  оқытуды  ілгерілетудің  жаңаша 

әдістері  мен  түрлері  туралы  мәселелер 

талқыланып,  шешу  жолдары  ортаға  са-

лынып,  қатысушылар  ой-пікірлерімен 

бөлісті.

Әр  тақырып  ортаға  салынып, 

қатысушылар  ой-пікірлерімен  бөлісіп, 

нақты  шешімдер  қабылданды.  Іс-

шараның  соныңда  кітапхана  қызметін 

дамытуға  үлес  қосқан  белсенді  кітапха-

нашылар  Сартова  Г.М.,  Омарова  Н.  Ч., 

Мұсаева  Н.С.,  Даулеткулова  А.Р.,  Бей-

салиев Р.С., Сариева Ж.С., Туменбаева 

А.А. алғыс хатпен марапатталды.



Ғылыми кітапхана

Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаттары Камал Бұрханов, Айгүл Соловьева, Әсима 

Бимендина,  Майра  Айсина  Жамбыл  облысына  жұмыс 

сапарымен  келді.  Облысымыздың  тыныс-тіршілігі-

мен  танысу  барысында,  қаладағы  бірнеше  жоғарғы 

оқу  орындарына  ат  басын  тіреді.  Саясаттану  ғылым-

дарының  докторы,  мемлекет  қайраткері,  мәжіліс  де-

Тарих-география  факультеті  «Дүние 

жүзі  тарихы  экономика  және  құқық» 

кафедрасының  аға  оқытушысы  Ма-

хашова  Патима  Меңлібайқызы  құқық 

пәні  бойынша  ҚР  Қылмыстық  құқық 

тақырыбына  Б  12-1,3  топтарына  ин-

ститут  көлемінде  ашық  дәріс  сабағын 

өткізді. 

Ашық  сабақта  «Сыни  тұрғысынан» 

ойлау  технологиясының  элементтерін 

кеңінен  қолданды.  Сонымен  бірге, 

қызығушылықты  ояту  сатысы  бойынша 

құқық  бұзушылық,  жауапкершілік,  жаза 

тақырыптарын студенттер талдап, өз ой-

ларын ортаға салды. 

Кәмелеттік 

жасқа 

толмағандар 



қылмысы Жамбыл обылысындағы 2007-

2012  жылдардағы    қылмыстарды  слайд 

арқылы  көрсетілді.  Мағынаны  ажыра-

ту  кезеңінде  «ВЕНН  диаграммасы» 

қолданылып,  ҚР  Әкімшілік  құқық  және 

ҚР Қылмыстық құқық  бұзушылықтардың 

айырмашылықтарын  салыстыра  оты-

рып,  талданды.  Сабақтың  барысында  

«Қылмысты  болдырмаудың  жолдары» 

тақырыбына эссе жазу арқылы студент-

тер ой бөлісті.

Дәріс 


сабағында 

әсіресе 


қылмыстарды  болдырмаудың  жолдары 

тақырыбындағы  студенттердің  өз  ой-

лары  әсерлі  болды.  Осы  тақырыптың 

толық  мәнін  аша  білген  Р.Ділдабек, 

Н.Егемберді, Ш.Біләмбекова, Т.Мейіртан, 

А.Ахатбергенова, Ә.Жампоз, Г.Ысқақова. 

А.Қасымғалиева сынды студенттер бел-

сенділік танытты. 



Б-12-1,3 

тобының студенттері

*  *  *


«Жалпы 

педагоги-

ка 

және 


психология» 

кафедрасының  оқытушысы 

Жазира 

Науатбекқызы 



Күмісбекова 

 

педагоги-



ка  пәнінен  «Жеке  тұлға 

дамуының  көпқырлылығы» 

тақырыбында  ашық сабағын 

өткізді. 

Сабақтың мақсаты,  жеке 

тұлғаның    даму  ерекшелік-

терін, 

көпқырлылығының 



мәнін  ашу.  Ашық  сабаққа  Г 

12-1 және Опэ 12-1 тобының 

студенттері 

қатысты. 

Сабақта  интерактивті  тақта, 

Flp 


пайдалану 

арқылы 


«Болашақ»  және  «Тапқырлар»  атты  екі 

топқа  бөлініп  жарыс  түрінде  өтті.  Екі 

топтың өз қоржыны болды, сол қоржынға 

әр  тапсырманың  орындалуына  қарай 

ұпайлар салынып отырды. 

Сонымен  қатар  бейне  сұрақтар  да 

болды. Сабақ соңында студенттер  «Ең 

үздік топ», «Ең үздік білімгер» атағымен 

марапатталды. Ең үздік топ «Тапқырлар» 

тобының  қанжығасына  байланды.  Ең 

үздік студент атағын «Тапқырлар» тобы-

нан  Қадыр  Нұргүл  алса,  «Болашақ»  то-

бынан Данаева Мадина иеленді. 

Ашық  сабақтан  студенттер  жақсы 

әсер алғандарын айтып, «жеке тұлғаның 

дұрыс  қалыптасуы  үшін    көптеген    пай-

далы мәліметтер алдық. Егер болашақта 

жаңа  тұрпатты  мұғалім  болып,  зияткер 

тұлғаны  қалыптастыру  үшін  барлық 

сабақтарда  көптеген  көрнекі  құралдар, 

инновациялық технологиялар жиі пайда-

ланса,  жастардан  білікті,  шебер  маман 

шығар еді», - деген ойларын жасырмады.  

Г 12-1, Опэ 12-1 

тобының студенттері

Инновациялық  технологияның  кітапха-

на  жұмысы  үрдісіне  енуіндегі  негізгі  міндет 

–  кітап  санын  көбейту  емес,  ақпаратты  алу 

көздерінің  әртүрлілігі  және  оларға  еркін  қол 

жетімділікті  қаматамасыз  ету



.  Кітапхананың 

ақпараттық  даму  стратегиясы



  –  ол,  кітапха-

на  перспективасының  даму  тенденциясы.  Өз 

бетінше  оқып  дайындалу  үшін  оқырмандарға 

тек  ресурстарды  ұсынумен  шектелмей,  жаңа 

заманауи техникамен жабдықталған кеңістікті 

жасау керек. 

Бүгінгі таңда ғылыми кітапхана жұмысының 

үрдістері  толығымен  автоматтандырылған: 

кітап беру, каталогпен жұмыс, толық мәтінді мақа- 

лалардың,  оқулықтардың  мәліметтер  базасы 

жұмыс істейді. Көпфункционалды автоматтан-

дырылған  ақпараттық-кітапханалық  құрылым 

оқырман  сұранысын  тез  қанағаттандыруда 

жұмыс  жасайды:  бір  уақытта  бірнеше  пара-

метр  бойынша  терең  іздестіру  жұмыстарын 

жүргізіп,  тақырып,  сала,  кітап  авторы  мен 

шифрі  бойынша  кітаптарды  таңдауда  және 

іріктеуде  көмегі  көп.  Кітапхана  өз  үрдісінде 

ақпараттық  және  электрондық  ресурстарды 

пайдалана  отырып,  әр  оқырманға  әртүрлі 

форматта  іздеген  тақырыптары  бойынша 

ақпарат  пен  мәліметтерді  толық  және  аз 

уақытта ұсынуды қамтамасыз етуде.  

ТарМПИ  ғылыми  кітапханасы  ашық 

ақпараттық  кеңістікте  қызмет  көрсетеді.  

Бүгінгі  таңда  оқырманға  біреудің  қатысуынсыз 

мәліметтерге  қол  жеткізу  жаңа  қызмет  түрін 

көрсетеді:  ол,  толық  мәтінді  деректер  қорына 

және  электронды  каталогтарға  қол  жетімділік. 

Бұл  қызмет  түрі  қашықтықтан  оқитын 

оқырманның  оқу  процесіне  де  үлкен  септігін 

тигізеді. Кітапхана оқырмандармен электронды 

пошталары арқылы байланысып отырады және 

оларды  хабарландырулармен,  кітапханадағы 

жаңалықтармен хабардар етіп  отырады.

«Электронды 

кітапхана»- 

базалық 


мәліметі  электрондық  қордың  толықмәтінді 

базасы.  Электронды  кітапхананың  электрон-

ды каталогында кітапханадағы барлық кітап-

тар,  электронды  оқулықтар,  жарияланған 

мақалалар 

туралы 


толық 

мәлімет 


жинақталған.  Бірқатар  салалар  бойынша 

кітаптарға,  ТарМПИ  ПОҚ  шығарған  «Тар-

МПИ  хабаршысы»,  «Жас  ғалым»  жинақтары 

мақалаларының 

электронды 

нұсқалары 

тіркелген.  Оқырмандардың  оқу-іздену  ба-

рысында  қажетті  ақпаратты  жедел  алуына 

мүмкіндік берудің бірден-бір жеңіл жолы-кіта-

пхана қоры енгізілген электронды каталогтар 

дерекқорының болуы.  Осы каталогтан керек 

ақпаратты  құжатты  алуға  немесе  жай  ғана 

өз  компьютерінен  танысып  оқуға  болады. 

Оқырмандардың  назарларына  электрондық 

каталогта  төмендегі  деректер  базасы 

ұсынылады:  «Кітаптар»;  «ПОҚ  еңбектері»; 

«Мерзімді  басылымдарды  тіркеу»;  «Диссер-

тациялар»;  «Авторефераттар»;  «Брошюра 

қоры»;  «Мақалалар»;  «Ретроқор»;  «Сирек 

кітаптар қоры»; «Электронды ресурстар».

Электронды  кітапханада  керек  ақпаратты 

дәл  және  тез  тауып  алу  үшін  ізденістің 

кеңейтілген  түрлері  көрсетілген.  Онда  де-

ректер  базасының  тізімі  берілген,  сол  тізім 

арқылы  өзіңізге  керекті  каталогты  тауып  әрі 

қарай автор, кітаптың аты, сала бойынша не-

месе кілт сөздермен керек мағлұматты тауып 

алуға  болады.  Табылған  тізімде  кітаптың  ав-

торы, аты, шифры, данасы және қай бөлімнен 

алуға болатыны көрсетіліп тұрады. Электрон-

ды  кітапхананың  базалық  мәліметі  күн  санап 

жаңарып, толығып отырады.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал