Бас редактор



жүктеу 5.35 Kb.

бет18/24
Дата09.01.2017
өлшемі5.35 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиесінің қыры мен сыры мол екендігін, оны 
бір сәтке де қалт жіберуге болмайтынын көресің. 
Мұны ұқыптылықпен бақылап отыру ата-ананың 
міндеті  болса,  сол  арадағы  біраз  жылда  бұл 
айтқандар  істелмеді.  Мектептердің  де  берекесі 
кетіп,  біресе  ана  бағдарлама,  біресе  мына  деп 
соныменен біз осы арада бір ұрпақты жоғалтып 
алдық.  Бір  сөзбен  айтқанда  қазіргі  жігіттердің, 
қыздардың бойындағы келеңсіздіктер сол кездің 
нәтижесі. 
Жалпы, біз көбіне жастарды кінәлап сал-
дарын  көреміз  де,  себебіне  оншалықты  мән 
бермейтін сияқтымыз байқауымша… 
Дұрыс айтасың.  Қазір дүбара жастар көбейді. 
Ұлы  болсын,  қызы  болсын.  Өйткені,  ұлттық 
түрде  ұлттық  тәрбие  берілген  жоқ.  Мәселен, 
халық  педагогикасы  жайына  қалды.  Рас, 
алғашқы кезде егемендік алған кезде бөркімізді 
аспанға  атып  қуандық.  Бізге,  ең  бірінші  қолға 
алатын  дүние  –  ұлттық  идеология,  екіншіден, 
ұлттық  тәлім-тәрбие.  Кейбір  адамдар  ұлттық 
тәлім-тәрбие  десе,  сонау  орта  ғасырға  сүйреп 
апарғандай  сезінеді.  Ол  дұрыс  емес.    Қазақ 
халқы  өте  текті  халық.  Қазақ  халқының  әрбір 
салт-дәстүрі,  ырымы,  әдет-ғұрпы,  қарапайым 
кәделерінің барлығының астарында үлкен тәлім-
тәрбие жатыр. Қазақтың әрбір тыйым сөздері – ол 
ұлттың тәрбие көзі деуге болады. Мәселен, бізді 
кішкентай кезімізде аналарымыз бір ауыз сөзбен 
тәрбиелейтін. «Ұят болады», «Әкеңнің алдынан 
өтпе,  ұят  болады»,  «Үлкенге  сөз  қайтарма,  ұят 
болады»,  «Көшеде  шайнаңдап  жүрме»,  «тек» 
деген  бір  ауыз  сөзбен  ғана  тәрбиелеген.  Ал, 
бүгін ұлттық тәрбиеден кенже қалғанымыздың, 
осыны  көзімізден  таса  қылып  алғанымыздың 
нәтижесін қазір көріп жатырмыз. Әрине, Кеңес 
үкіметінің  қателігі  барлығын  бір  сапқа,  бір 
қапқа сиғызғысы келді. Мысалы, бір орталыққа 
бағындырып,  саптыаяққа  ас  құйып,  сабына 
қарауыл  қойып  дегендей  сол  жақтан  бақылап, 
айдап  өргізіп,  жатқызып  жусатпақ  болды.  Бұл 
белгілі  дәрежеде  орындалды  да.  Талай  ұлттар 
сол  70  жылдың  ішінде  өзінің  қадір-қасиетінен 
айырылып қалды.  Ал, егемендік алғаннан кейін 
біздің  қолымызды  кім  ұстады  деген  сұрақ  туа-
ды?  Кім  ұстап  тұр  біздің  қолымызды,  кімнен 
қорқамыз,  кімге  жалтақтайыз?  Неге  қайта-
қайта жалпақ шешей бола береміз? Қазақстанда 
тұратын  халықтардың  көпшілігі  жанын  бағу 
үшін  бір  кезде  қиналғандықтан  осында  келіп 
өсіп-өнген,  осы  елдің  нанын  жеп,  суын  ішті. 
Әрқайсысының  өзінің  елі  бар,  ата-бабасының 
кіндік  қаны  тамған  жері  бар.  Қазақтың  бұдан 
басқа жері, отаны жоқ қой. Олай болатын бол-
са,  ең  алдымен  ата-бабасының  қаны  төгілген, 
қан  тамған  ту  тіккен  жері.  Осы  елдің  киесі  де, 
иесі  де  қазақ  халқы  болғандықтан,  қазақ  өзі 
қазақтығын сақтауы керек еді, осыны әрі қарай 
өрістетуі керек еді. Біз ананың көңіліне, мынаның 
көңіліне  қараймыз  деп,  жалпақ  шешейлікпен 
қайтадан  сырғып-сырғып  келіп,  есіктің  көзіне 
түсіп  қалдық.  Өзбекстанда  Кеңес  үкіметінің 
кезінен «Аталар сөзі – ақылдың көзі» деген ха-
бар  болатын.  Сол  хабар  үзіліссіз,  күні  бүгінге 
дейін жүріп келе жатыр. Ол хабарды академик, 
профессор,  бәлен-түгендер  жүргізбейді,  оны 
кәдімгі  өмірден  көргені  көп,  көкейіне  түйгені 
көп,  бетінен  нұр  тамып  тұрған  аталар  мен 
әжелер жүргізеді. Қарапайым күнделікті өмірде 
кездесетін адамгершілік, парасаттылық, ұлттық 
қадір-қасиетті, үлкеннің, кішінің қалай болуын, 
олардың арасындағы қарым-қатынас туралы ай-
тады. Біз кейде келеке етіп күле саламыз, бірақ сол 
өзбек халқы бізге қарағанда өте үлкен дәрежеде 
өзінің  ұлттық  қадір-қасиетін  сақтап  отыр.  Біз 
кез-келген  нәрсені  таңсық  көріп,  қабылдай 
береміз.  Осыдан  барып  келеңсіз  жағдайлар  ту-
ындап  жатады.  Мен  үнемі  айтып  жүретін  бір 
сөз бар: «Қазақтың қызы, қазақтың ұлы ауылда 
жүргенде  пәленшенің  ұлы,  пәленшенің  қызы 
дейді. Түгеннің қарындасы, пәленнің інісі дейді. 
Әкесінің,  атасының,  ағасының  атын  атайды. 
Енді  сол  балалар  ауылдн  қырық  қадам  аттап 
шығып, поездға отырғаннан кейін оның бәрі ана 
жақта қалды. Енді оның әкесінің де, көкесінің де 
атын ешкім білмейді. Енді не дейді? Енді олар-
ды қазақтың ұлы, қазақтың қызы дейді. Егер де 
солардың  бойынан  жақсы  қасиетті  көріп  жат-
са, ана қазақтың ұлы, қазақтың қызы мынандай 
екен  ғой  дейді.  Жаман  болса,  қандай  оңбаған 
анау қазақтың ұлы, қазақтың қызы дейді. Міне, 
сондықтан  да  әрқайсымыздың  мойнымызда 
ұлттың жүгі тұр. Біз осыны сезінбейміз. Бәріміздің 
ойымызда, иығымызда тұр. Демек, бұл алдымен 
намыспен  келетін  нәрсе.  Намыс  дегенде  ауыл 
үйдің  көже  намысын  айтып  отырған  жоқпын, 
мен  қазақпын  деп  құр  кеуде  даңғойланып,  жай 
мақтаншақтық  көпірме  патриоттық  емес,  бұл 
жерде ең алдымен сен ата-анаңа сөз келтірмейтін 
намысын болу керек. Ұлттық намыс деген осын-
дайдан  басталады.  Алдымен,  сен  өз  ұлтыңның 
жақсысының  бәрін  жарқыратып  көрсетуге, 

119
өзгеде  жоқ  сенде  бар,  өзгеде  кездеспейтін  сен-
де көп, сен соны неге мақтаныш етпейсің? Сен 
қазақ  болып  туғанына  мақтана  отырып,  солар-
ды жарқыратып, соларды өзгеге үлгі етуің керек 
қой. Керісінше, біз өзгеден бірдеңе көрсек, соны 
бас  салып,  жерден  жеті  қоян  тапқандай  болып 
жатамыз. Ұлттық тәрбие балабақшадан, отбасы-
нан бастап берілуі керек. Бұның барлығын бір-
бірінен бөліп қарауға болмайды. Балабақша де-
ген амалсыздың күнінен құрылған ғой. Әйтпесе, 
20-30 баланы бір жерге жинап, бір тәтей оларға 
бірдей  тамақ  береді,  бірдей  тақпақ  жаттады, 
бірдей  өлең  айтқызады.  Бір  бөлмеде  қызы  мен 
ұлы  бірге  киінеді,    ұйықтайды,  шешінеді.  Осы 
арқылы әрбір баланың, ұлының да, қызының да 
өзіне  тән  тұлғалық  қасиетін  кішкентай  кезінен 
жойып алып жүрміз. Қыз бен ұлдың бір-бірінен 
ұялмайтындығы содан. Ұят деген нәрсенің бала-
пан қанаты осы жерде кесіліп жүр. Бұған ешкім 
мән бермейді. Міне, сондықтан балабақшада ұл 
мен қыздың жататын жерін бөліп, тәрбиелеу ке-
рек.  Алла  Тағаланың  өзі  жаратқанда  әйел  мен 
ерді екі түрлі етіп жаратқан, ол екі түрлі әлем. 
Бала  тәрбиелеу  жұмысына  араласуға  ар-
найы білімнің қажеті бар ма? 
Өкінішке  орай,  біздің  ғалымдар  арасын-
да  көп  жағдайда    тек  қана  ғылыми  атағы  бар-
лар  ғана  тәрбие  жұмысына  араласуды  жөн  деп 
санайтындар  кездеседі.  Ал,  былайғы  халықты 
ескеріп жатпайды. Мен өз басымнан өткен, атын 
айтпай-ақ  қояйын,  мүйізі  қарағайдай  бір  ака-
демик ағайға осы туралы біраз ренжігенім бар. 
90-жылдардың  ортасында  халық  педагогикасы-
на  арналған    «Кәусар  бұлақ»    бағдарламасын 
жасадым,  оны  мұғалімдер  көпке  дейін  пайда-
ланды.  №131  Б.Момышұлы  атындағы  мектеп-
те «Әдеп» дейтін сабақ болып өтті. Ол сабаққа 
арнап марқұм З.Нұрқаділов ақша бөліп отырды. 
Кейін  З.Нұрқаділовтің  қаладан  кетуімен  сабақ 
тоқтап  қалды.  Бірақ  дүркіреп  тұрып  жүрген 
болатын.  Бір  күні  жанағы  ағамыз  звандап  тұр: 
«Сіздің  ешқандай  ғылыми  атағыңыз  жоқ,  пе-
дагог  емессіз.  Сіз  өзіңіз  білмейтін  нәрсеге 
неге кірісіп жүрсіз?» дейді. Мен айттым: «Аға, 
біріншіден,  мен  сіздің  қораңыздағы  қойыңызға 
түскен жоқпын, екіншіден, қазақ халқы ежелден 
кандидаттық,  докторлық  атақтары  болмай-ақ 
ұрпақ тәрбиелеген. Біз  солардың ұрпағымыз. Ең 
бастысы, – дедім, кез-келген ата-ана педагог бо-
луы керек». Ол кісі: «Сіздің айтып тұрғаныңыз 
жөн  емес.  Сіз  келіңіз,  пікір  таластырайық»,  – 
деді.  «Кешіріңіз,  менің  академиктермен  пікір 
таластыратындай уақытым да, зауқым да жоқ», – 
дедім. Әлгіндей үлкен адамның таяз ойлағанына 
таңқалдым, қапаландым. Мен өзім әрбір ата-ана 
педагог  болу  керек  деген  қағиданы  ұстанатын 
адаммын. 
Сіз  ұлыңызды  қалай  тәрбиеледіңіз? 
Өз    тәжірибеңізден    жастарға  ұлды  қалай 
тәрбиелеу  керектігі  жайында  қандай  кеңес 
бересіз? Әдіс-амалдарына тоқталсаңыз?
Менде  қыз  болмады,  жалғыз  ұл  болды. 
Ұлым әкесімен дос. Барлық ойын да, сырын да 
әкесімен бөліседі. Кішкенесінен солай үйреттік. 
Сондықтан болар бала ішіне бірдеңе жасыруды 
білмей өсті. Жүрегінде әкеге деген сеніммен өсті. 
Бірдеңенені қате жасап жатса, әкесі ұғындырады. 
Оны  тоқпақтап  ұрмайды,  ұрыспайды.  Тек 
ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін түсіндіреді. 
Сондықтан ол бала сенімменен өсті. Баламның 
жасы қазір қырықта. Қазірдің өзінде әкесімен ой 
бөлісіп отырады. Әрине, біз оның ішкі отбасына 
араласпаймыз. Өйткені, ол өзінің отбасы. Ер адам 
нықталу  керек,  өз  шаңырағын  қалыптастыру 
керек. Баланы қорқытып, ұрып-соғып өсіру ба-
ланы  қаталдыққа  алып  келеді.  Физикада  бар 
ғой,  қарсылық  қарсылық  заңын  туғызады  де-
ген. Алдымен, ол ішіне жинала береді. Сөйтіп, 
бір  күні  жарылады.  Сондықтан,  әке  мен  бала 
арасындағы  жаңа  көпір  бұзылады.  Мұндай 
жағдайға жеткізбеу керек. Кейбіреулер: «Ойбай, 
өзіміз  ештеңені  көрмедік.  Енді  баламыз  мен 
кимегенді кисін, мен ішпегенді ішсін» деп балаға 
тым игіліктің барлығын басына үйіп-төгіп, бірақ 
соның қайдан келетінін, қандай маңдай термен 
келетінін  ұқтырмағандықтан  бұзып  алады.  Ол 
бала  ұшып  үйренеді.  Ұшып  үйренген  балаға 
барлығы дайын, ал қанаты қайырылған кезде өз 
аяғымен  жүре  алмай  қалады.  Міне,  сондықтан 
да  қателеспейтін  адам  болмайды.  Әсіресе, 
жас  кезде  қызығатын  нәрсе  көп.  Ол  жығылып 
жердің қаттысын да, жұмсағын да сезіну керек, 
тізесінен  еңсесін  тік  көтеріп  те  тұруы  да  ке-
рек. Әрине, барлығы солай деген сөз емес, бұл 
жалпы өмірде кездесетін нәрсе. Ата-ана осыған 
жеткізбеу керек. Ал, қазір қарап тұрсам, өз ба-
лам екі ұлына біз берген тәрбиені беріп жүр. Екі 
ұлының мінезі екі түрлі. Үлкенінің мінезі қиын, 
бабасынан аумай қалған, кішкенесі мен сияқты, 
адамдармен тез жақындасып, тез тіл табысады. 
Былай  қарап  тұрсам  ұлым  Ержан  екі  ұлымен 
де  тез  тіл  табыса  алады.  Әрқайсысын  біліп 
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

120
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
отырады.  Алдағыны  Алла  біледі,  бірақ  сол  ба-
лалар жаман болады деп ойламаймын. Өйткені, 
әке  мен  бала  арасында  жақсы  қарым-қатынас 
орнаған.  Шектен  шығарып  еркелетуге  болмай-
ды,  қаталдық  керек.  Жұмсақ  қаттына  жеңеді 
дейді.  Қатал  болу  керек,  бірақ  қатігез  болмау 
керек.  Баланы  еркелетіп  тұрып  та  қаталдық 
жасауға болады, мәселен тыйып ұстау дегендей. 
Бірақ  қатігездік  жасамау  керек.  Қаталдық  пен 
қатігездіктің үлкен айырмашылығы бар. Өмірде 
баланы  қақпай  өсірсең,  ауыздықсыз  ат  секілді 
лағып кетеді де, ал үнемі темір құрсауда ұстасаң, 
ол да ертеңгі күні өзіңнің басына тоқпақ болып 
тиеді.  Сондықтан  баланы  сеніммен  тәрбиелеу 
орынды. Өз бойындағы бар қасиетпен тәрбиелеу 
керек. Өзің балаңа бірдеңе айтып, өзің басқаша 
істесең  ол  тәрбие  емес.  Тәрбие  –  тек  айтудан 
ғана емес, көрсетуден. Мысалы, үйінде жасыра-
тын, сыбырлайтын нәрсесі көптерден сол үйдің 
балалары да өскенде жымысқылау болып өседі. 
Әйелін  қатты  ұстайтын,  тіл  тигізетін  еркектің 
үйдегі балалары жасқаншақ, намыссыз, жігерсіз 
болып өседі. Әйел сыйламайтындар да осылар-
дан шығады. Ол өмірдің тәжірибесі. 
Қазір қарап тұрсаң, талай отбасының үйіңнің 
жартысы  ойыншық.  Ол  баланың  не  санасы-
на,  не  ақылына  ақыл  қоспайды.  Ол  тек  ойын 
үшін  ғана.  Сондықтан  біздің  балаларымыздың 
балалығы өте ұзаққа кетеді. Жасы отызға келген-
ше әкесінің мойнына отыратындардың жартысы 
осындай себептердің әсерінен де болар. Ертеде 
қазақта жеті жаста бала өзінің ашамайын көтеріп 
шығып,  тайын  ерттей  алған.  Ал,  қазіргі  жеті 
жастағы  бала  әлі  ойыншықпен  ойнап  жүрген 
бала. Компьютерге кіріп кеткен, ғаламтор деген 
балаға ақпараттарды береді ғой, бірақ тәрбиені 
бермейді. Кітап оқитын жастар азайды. 
Ұлттық дүниелерді айтқанда түсіндіру керек. 
Мысалы,  қолыңды  төбеңе  қойма,  беліңді  таян-
ба, жаман болады дейді. Ары қарай неге жаман 
болады, түсіндірмейді. Сен неге жаман болаты-
нын  түсіндір.  Бізде  осыны  айтатын  әжелер  аз. 
Бұрынғы  бізді  тәрбиелеген  ата-әжелер  шежіре 
болатын.  Бетінен  нұры  тамып,  сөйлесе  көсіліп 
сөйлеп  кетуші  еді,  ал  енді  қазіргі  ата-әжелер 
ол  кешегі  Кеңес  үкіметінің  кезіндегі  атеизм-
мен  тәрбиеленгендер.  Қазіргі  ата-әжелеріміз 
немересіне ертегі, бесік жырын айтпайды. Атам 
марқұмның бір кезде тайға таңба басқандай жа-
зып  кеткені  бар:  «Мен  үш  нәрседен  қорқамын. 
Біріншісі,  өзінің  сәбиіне  бесік  жырын  айта 
алмаған анадан, екіншісі, немересіне ертегі ай-
тып бере алмаған ата мен әжеден, үшіншісі,  екі 
қазақтың бір-бірімен орысша сөйлескенінен шо-
шимын». Шынында да, бесік жыры арқылы бала 
тілді үйренеді. Бесік жыры арқылы бала құлағына 
әуен  сіңеді.  Бұған      А.В.  Затаевичтің  «Бүткіл 
қазақ даласы ән салып тұр» деуі куә. Бесік жыры 
арқылы ана тілін қалыптастырамыз. Тіл арқылы 
ғана адам ұлттық қадір-қасиетті бойыңа сіңіреді. 
Өйткені,  біздің  миымызда  пәленбай  ғасырдың 
ақпараттары  жатыр  деуге  болады.  Оны  ғылым 
дәлелдеген.  Соны  қозғау  керек.  Егер  біз  оның 
бәрін шайып жіберетін болсақ, туыла сап басқа 
тілді  үйренсек,  тектік  қасиеттен  айырылады 
ғой. Мына, ұлттық тәлім-тәрбие, қазақи қасиет, 
барлығы біздің ана тіліміз арқылы келеді. Тілді 
қадірлеу,  ұғу  арқылы,  сиқырлы  әлеміне  бойлау 
арқылы  біз  қазақ  ұлының  өнегесін  ары  қарай 
асырамыз.
Жастарды тәрбиелеу үшін халықтық символ 
керек. Мысалы, біздің кезімізде символдар көп 
болды. Енді қазір қарап тұрсам, атаның артына 
қалдырған мол мұрасы – бұл біздің елге етіп кет-
кен еңбегі ғой. Сондықтан да, отансүйгіштікке, 
патриоттық  сезімге,  елім-жерім  дегенде  иіліп, 
халқым  дегенде  қабырғасы  қайысып  жұмыс 
істейтіндей  етіп  жастарды  атаның  рухымен 
тәрбиелеу  керек  деп  ойлаймын.  Алдымен  ата 
ілініп жатыр аузыма. Ол менің ғана қайын атам 
болғандықтан  емес,  бұл  бүткіл  алты  алаштың 
иісі  қазаққа  ортақ  азамат.    Қай  қазақты  алсаң 
да, «біздің Баукең» дейді. Өйткені, ата қазақпен, 
қазақ  атамен  мерейлі  болған.  Қазақ  атаны 
бөлген  жоқ,  ата  қазақты  бөлген  жоқ.  осындай 
тұлғаларды  символ  етіп  алып,  тәрбиелеу  ке-
рек.  Мұндай  тұлғалар  қазақта  баршылық.  Ал, 
қазір біз қалай істейміз? Миллионер, бір байды 
көрсе балалар соны тұлға көреді. Байлық деген 
қолдың кірі. Қызмет те сол, бүгін бар, ертең жоқ 
дүние.  Ал,  енді  адамдық,  адамгершілік  қасиет, 
ұлттық намысты жастардың бойына сіңіру үшін 
ата  секілді  тұлға  керек.  Атада  бәрі  дайын  тұр. 
Шығармаларында,  айтқан  сөздерінде,  мақал-
мәтелдерінде  дап-дайын,  басқа  жақтан  бірдеңе 
іздеп керегі жоқ. 
Қазіргі  қазақ  жігіттерінің  тірлігі  сізді 
қаншалықты алаңдатады? Қалай күрессе бо-
лады?
Ана  ретінде  менің  жаным  ауыратыны,  әже, 
қазақтың  үлкен  шаңырағының  келіні  ретінде 
менің  қабырғам  қайысатыны  қай  жерге  бар  ма 

121
жүк  көтеріп  жүрген  қазақтың  жігіттері.  Қай 
дүкенге  барма,  еден  жуып  жүрген  қазақтың 
қыздары.  Көшенің  бойында  кім  жұмысқа  ала-
ды екен деп отырады, бір машина тоқтай қалса, 
бәрі  жапа-тармағай  жүгіреді.  Осы  бір  келеңсіз 
көріністер менің жаныма қатты батады. Қазақтың 
жігіттері, қыздары біреуге құл болу үшін, біреуге 
күң  болу  үшін  жаралған  ба?  Неге  сілкінбейді? 
Кеңес үкіметінің кезінде слесарлық, теміршілік, 
сантехника,  электр  жөндеуші,  аспаздық,  киім 
тігетін  т.б.  сондай  мамандықтарды  дайындай-
тын техникумдар болатын. Оның барлығы кейін 
жабылып  қалды.  Ал,  қазір  құрылыста  болсын, 
басқа  да  болсын  көбіне  сырттан  келгендер 
істейді.  Қазақтың  балаларының  қолынан  келер 
еді  ғой  деймін.  Осындай  техникалық  оқуларды 
көбейтсек бәрі барар еді. Барлығының институт, 
университеттерге  баратын  мүмкіндіктері  жоқ, 
екіншіден жағдайына қарайды ғой. Кереметтей 
білімге  құштар  болып  тұрған  адам  ары  қарай 
өзі-ақ  кетеді.  Ал,  негізгі  топқа  біз  мамандық 
беруіміз керек емес пе?! Бізде жалған намыс бар. 
Пәленшенің  ұлы,  қызы  ана  оқуға  түсті,  мен  де 
сөйтуім керек деген. Алынып-салынып сиырын 
сатып, өліп-тіріліп, қарыз алып түсіреді. Сөйтіп, 
ертеңгі  күні  бірдеңеге  жарай  ма,  жарамай  ма 
ешкім басын ауыртып жатқан жоқ. Әйтеуір ди-
плом алу керек. Бұл жерде маман керек. Біздің 
ақылы  үлкен  жоғары  оқу  орындарында  адам 
тәрбиелемейді,  маман  тәрбиелейді.  Тәрбиеге 
онша мән бермейді, себебі, ақша төледі, ол оқыту 
керек.
Қазіргі  қазақ  қыздары  мен  жігіттерінің 
тәрбиелік бағыты жайлы айтсаңыз?
Үйдің қасындағы 28 Панфиловшылар паркі 
бар, 6 жасар Мадияр деген немеремді жиі апара-
мын. «Атаға барып келейікші» дейді өзі. Кеудесін 
тосып тұрған мүсінді өзінің атасы дейді. Кішкене 
кезінен үйреткендіктен, барып мәңгі отқа басын 
иеді.  Сонда  мен  сол  парктің  ішінен  немеремді 
алып жүруге ұяламын. Неге десеңіз, орындықтың 
үстінде қазақтың жігітінің алдында бір қазақтың 
қызы отырады. Қаланың қыздары, ұлдары олай 
істемейді.  Көбі  сырттан  келгендер.  Қаланы 
еркіндікке, бостандыққа шыққандай көреді. Әй 
дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтай көреді. Қала 
деген үлкен организм ғой. Әрине, қаланың өзінің 
тасбауыр суықтығы бар. Ауылдың баласы деген 
тәрбиелі сөзді ауылға қарай телитінбіз. Ал, қазір 
мұнда келген қыздар мен жігіттерден қорқатын 
болдық. Өйткені, бұлар кинода не көреді, соны 
мәдениет деп ойлайды. Мысалы, бөтелкенің ау-
зынан  су  ішу,  көщеде  кетіп  бара  жатып  тамақ 
жеу. Мұның бәрі кинодан көрген нәрсесі. Соны 
мәдениеттілік  деп  ойлайды.  Жаның  ашиды, 
қабырғаң  қайысады.  Қазақтың  қыздарының 
кеудесі ашық, кіндігі шошайып көрініп, шалба-
ры  ышқырына  дейін  еңкейсе  түсіп  қалатындай 
болып,  алдынан  шыққан  кезде  кейде  шыдай 
алмай  айтып  тастаймын.  «Қарағым-ау,  ертеңгі 
күні ауру боласың ғой, көрер қызығың әлі алда, 
ертеңгі күні перзент сүйе алмай қаласың. Мына 
жүрісің  не?»  деймін.  Кейбіреу  ұялып  қысылып 
қалады,  кейбіреуі  «Какое  ваше  дело»  дейді. 
Қазір  дәрігерлердің  айтуынша  үлкен  әйелдерде 
болатын аурулар жас қыздарда көп кездеседі. Ол 
неден? Ол ана бүйректен, кіндіктен ыстық өтті, 
суық өтті. Міне, осындай нәрселерді түсіндіріп, 
ұқтыратын  әжелер  азайды.  Содан  кейін  дінді 
бетке  ұстап,  біздің  қазақтың  салт-дәстүріне 
шабуыл  жасаған  жігіттер  мен  қыздар  көбейді. 
Мейлі, мені жек көрсе, жек көре берсін, бірақ та 
сан ғасыр сарабынан өтіп, ата-бабаларымыздан 
қалған мұраларымызға қол сұғатын болса, онда 
маған ондай діннің керегі жоқ. Өткенде бір той-
да  сәлем  жасатқызбады.  Сәлем  деген  келіннің 
үлкенге деген құрметі, келген жеріне ізеті емес 
пе?! Бұл ғасырдан ғасырға келе жатқан өте сұлу 
салт. Құранда үлкенге ізет қыл, ата-анаңа бас и 
дейді. Ал, мыналар қайдағы бір бәлені шығарып 
алыпты,  құдайға  ғана  құлшылық  етіп  иілу  ке-
рек, басқа ешкімге бас имеу керек. Сәлем салу 
құдайға  қосақ  қосқанмен  бірдей  дейді.  Менің 
сұрағым келеді, құдайдан басқа ешкімге табын-
бай,  ешкімге  ізет  көрсетпеу  керек  болса  онда 
неге Меккеге барып қағба тасты жеті рет айна-
лып, қолының ұшын тигізу үшін неге мыңдаған 
адамдардың  арасында  өліп-тіріліп  жүр?!  Сол 
жерде  мыжылып  өліп  те  жатқандары  бар.  Мен 
соған  таң  қалам.  Егер  сен  ата-анаңа  құрмет 
етпейтін  болсаң,  барған  жеріңе,  сол  елдің 
тірісіне  де,  әруағына  да,  әулетіне  де  құрмет 
көрсетпейтін болсаң, сен қандай келін боласың? 
Орамал  тағып,  иегіне  бір  шоқ  сақал  қойып, 
өздерін керемет діншіл болдық дейді. Меніңше, 
солардың  істеп  жүргендерінің  кейбірін  тірлігін 
көрсең  жүрегің  айниды.  Шыңдап  келгенде 
қазақтың қызы күйеуге тигенше басына орамал 
салмаған. Орамал салды деген сөз күйеуге тиді, 
некесі қиылды деген мағынаны береді. Қазақтың 
қыздары кәмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, 
моншақты,  шашақты  сораба,  қыста  пұшпақ 
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

122
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тымақ киді. Күйеуге тигеннен кейін сәукеленің 
желегін  бір  жыл  салады.  Содан  кейін  кимешек 
киеді. Ислам дініне біздің қазақтың салт-дәстүрі 
бірде-бір қайшы, яғни кереғар жері жоқ. Ал мы-
налар  ортадан,  бүйректен  сирақ  шығарғандар. 
Олар халықтың салт-дәстүріне қол сұғып, іріткі 
салып жүр. Кейбірі қазақпыз деп айтпау керек, 
мұсылманбыз  деп  айту  керек  дегенін  құлағым 
щалды.  Сонда  не  болды?  Бұларды  кім  үйретіп 
жүр?  Бір  жерден  оқыдым,  бір  қыз  «Егер  мен 
келін болып түскен жерде маған сәлем сал десе, 
күйеуімді алып кетемін» дейді. Сонда бұл жерде 
отбасының бірлігі бұзылып тұрған жоқ па, ата-ана 
мен бала арасына жік түсіп тұр ғой. Сондықтан, 
ислам діні өте таза, жақсы дін. Ислам дінін әркім 
әрқалай пайдаланып, ұлттық қадір-қасиеттерге, 
құндылықтарға кесірін тигізуде. Бұның өзі күнә. 
Олар өздерін дін жолындағылармыз деп санай-
ды,  ал  негізінде  нағыз  өз  ұлтына  сатқындық 
жасағандар деп түсінер едім мен. Әңгіменің бір 
жағы батысқа  ауып кеткен қыз-жігіттер болса, 
бір жағы дінді бетке ұстап, ұлттық қадір-қасиетті 
бұзып жатқандар туралы. Әрине, құдайға шүкір 
қазір жастардың көбісінің санасы жақсы жетіліп 
жатыр. 
Сіз Бауыржан атадай ұлы адамның алды-
нан өттіңіз. Ол кісінің бойында адам танитын 
қасиеті бар болғанын білеміз. Егер Бауыржан 
ата тірі болса, қазіргі жастарға, оның ішінде 
жігіттерге көңілі толар ма еді?
Жоқ. 
Атаның 
қабырғасы 
қайысып, 
қабағынан  қар  жауып,  жүрегі  қара  түнекке  ай-
налар еді. Өйткені, ата намысты ту еткен адам. 
Адалдықты,  намысты,  мәрттікті,  жомартықты, 
осының  барлығын  бір  жерде  ұстаған  адам.  Ер 
адам  ең  алдымен  отының  басына  ие  болу  ке-
рек.  Бұл  үлкен  парыз,  міндет.  Әкенің  әкедей 
бола  білуі,  жұбайына  жақсы  жар  бола  білуі, 
әке  баласына  қамқор,  аялы  әке  бола  білуі 
айналасындағы  адамдарға  жақсы  аға-іні  бола 
білу  –  бұның  барлығы  сол  ер  адамдарға  бай-
ланысты.  Бізде  қазір  барлығы  сатулы.  Мен 
саған,  сен  маған.  Адамгершілік  пен  ұлттық 
намысты 
ту 
ете 
отырып, 
біріне-бірі 
жәрдемдесуінің,  қолқабыс  етуінің  өзі  қазір 
ақшаға  айналып  кетті.  Мәселен,  ағайын-
туыстың  тойы  болып  жатқан  кезде  баяғыда 
сол  тойды  мен  өткізейін  деп  таласатын.  Той-
ды  өткізудің  өзі  бір  дәреже  болып  табылатын. 
Табақ  тартуға  таласқандар  болатын.  Қазір  бәрі 
ақша,  сатулы.  Ауылдың  өзінде  бірінің  жүзіне 
бірі тура қарап, көзіне тіктеп қарап отыру, бір-
біріне  шынайы  тірек  болу  әлсіреп  бара  жатыр. 
Әркім  өз  қотырын  өзі  қасып  жатыр.  Мұндай 
жағдайларды  атам  көрсе,  көңілі  толмас  еді.

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал