Бас редактор



жүктеу 5.35 Kb.

бет13/24
Дата09.01.2017
өлшемі5.35 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975.
2.  Құдайбердіұлы Ш. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Ел-шежіре, 2008.
3.  Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Жазушы, 2005.
4.  Құдайбердіұлы Ш. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Ел-шежіре, 2008.
5.  Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Жазушы, 2005.
Резюме
В статье раскрываються проблемы преемственности взглядов Аль-Фараби, Абая и Шакарима по вопросам 
сути и смысла нравственности и его роли, в становлении полноценной личности.
Summary
In article reveals  problems of continuity of sights of Al-Farabi, Abaja and Shakarima concerning an essence and 
sense of morals and his role, in formation of the high-grade person.

88
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП -  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІң КӨЗІ
Қазақстан Республикасының 
Оқу ісінің үздігі, 
Ы.Алтынсарин медалінің иегері,
№13 М.Мақатаев атындағы 
орта мектептің директоры 
Ғалия Нәдірбекқызы Нәдірбековамен  
 С Ұ х Б А Т
Ғалия  Нәдірбекқызы,  Сіз  Алматы 
іргесіндегі іргелі Іле ауданында ұзақ жылдар 
мектеп  басшысы  болдыңыз.  Екі  қоғамның 
көшін  көрген  білім  беру  жетекшісі  ретінде 
ұлттық  тәрбие  ұғымына  көзқарасыңыз 
қандай?
Ғ.Н:  Еліміздің  ұлттық  дәстүрлері  мен 
халықтық  жақсы  үрдістерін  бүгінгі  күннің 
тұрғысынан  талдап,  бағалауда  және  оны  ке-
лер  күндердің  де  келісті  сабағына  айналды-
руда,  ұлттық  ұлағат  пен  тәрбиені  ұштастыру 
тұрғысында  алда  атқарылар  іс-шаралар  өте 
маңызды. 
Ұл  мен  қыз,  үлкен  мен  кіші,  отбасы,  Отан 
шеңберінде  ынтымақтастық  пен  достықты, 
бейбітшілік  пен  бауырмалдықты  үлгі  тұтқан 
халқымыздың  даму  жолында  біз  өміршең 
ұстанымдарды  тірек  етіп,  соның  нәтижесінде 
мемлекетіміздің  дамуында  жоғары  табыстарға 
қол жеткізіп келе жатырмыз. 
Қазақстан 
Республикасының 
тұңғыш 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаев  жүргізіп  келе  жатқан  сындар-
лы  да  сардар  саясаттың  темірқазығы  да 
осы  –  халқымыздың  ұлы  дәстүрлерін  жаңа 
заманның тыныс-тіршілігіне орайластыру, елдің 
рухани-мәдени,  тарихи  сапасын  жаңғырту. 
Біз  ХХІ  ғасырдағы  тасқындаған  толассыз 
ақпараттар  қоғамдағы  күрделі  өзгерістер  мен 
даму қарқыны ағымында өмір сүріп жатырмыз. 
«Ұлттық  тәрбие»    –  жеке  тұлғаның  ана  тілін, 
ұлттық салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы ұлттық 
санасының,  намысының,  мінез-құлқының, 
сезімінің қалыптасуы. Өйткені, ана тілі, ата та-
рихы,  төл  мәдениеті,  ұлттық  салт-дәстүрлері  – 
сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық 
құндылықтары. 
Отан  шеңберіндегі  жас  ұрпақты  тәрбиелеу 
оңай шаруа емес. Ал, оларға ұлттық тәрбиені бой-
ларына дамыту одан да күрделі. Сондықтан да, 
халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  асыл 
да, ұлы мұрасын оқу-тәрбие ісіне пайдалана от-
ырып, оны келер ұрпаққа жеткізе білу, олардың 
кемелденіп  дамуына,  халқын  қастерлеп,  оған 
қалтқысыз қызмет етуге, ұлтжандылыққа, еңбек
сүйгіштікке,адамгершілікке,  қайырымдылыққа, 
ізгілікке,  рухани  жағынан  бай  абзал  ұрпақ  бо-
лып өсуіне ықпал ету – біздердің, ұстаздардың 
алдында тұрған үлкен міндет. 
Халқымыз  талай  асулардан,  күрделі 
кезеңдер  мен  қиын-қыстау  жолдардан  өтіп, 
ұлттық  тағылыммен  сусындап,  асқақ  арманда-
рымен қияға қанат қақты. Ұлттық ерекшелікке, 
тарихымызға,  мәдениетімізге,  өнерімізге,  салт-
дәстүр, әдет-ғұрпымызға, тұрмыс-тіршілігімізге, 
отбасы  тәрбиесіне  ұлттық  тәлім-тәрбиенің 
ықпалы мен әсерінің мәні өте зор. Бұл асуларды 
насихаттау  әр  сабақтың  ұйымдастырылуы  мен 
сынып сағаттарында жүзеге асып отыруы үлкен 
мүмкіндік туғызады.
Мектебімізде жыл бойы ұйымдастырылатын 
түрлі  шаралар,  сан-салалы  ұлттық  тәрбие 
тұрғысындағы проблемаларды қарастыру, қыздар, 
ұлдар жиналысында және әжелер, аналар, әкелер 
сайысын  өткізу,  халықпен  бірге  біте  қайнасып 
келе  жатқан  ұлттық  құндылықтарымыздың 
өткенін  барлап,  болашағына  болжау  айту  – 
менің  міндетім.  Біз  осы  бағытта  жұмыстарды 
ұйымдастыра  алсақ,  бүгінгі  күннің  өзекті 
тақырыбы  болып  отырған  ұлттық  тәлім-тәрбие 

89
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жайында батыл да, шыншыл бола аламыз. 
 Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды 
ойлануға үйретуі. Әрбір жеке адам, ең алдымен 
өзінің  белгілі  бір  ұлттың  мүшесі  екенін  іштей 
терең  сезініп,  санада  сілкініс  жасауы,  содан 
кейін  барып  жалпы  адамзаттың  қоғамға  лайық 
орнын белгілеуі қажет.  
  Ұлттық  тәрбие  –  халықтың  өмірін,  рухын 
және  тілдерінен  тұратын  ішкі  заңдарын,  оның 
ұлттық мінезін, болмысын көрсетпек. 
Ұлттық  тәрбие  алған  жеке  тұлға  дені  сау, 
еңбекқор,  ақылды,  білімді,  сұлу  да  сымбатты, 
адамгершілікті, иманжүзді, туған жерін, ұлтын, 
елін,  Отанын,  туған  табиғатын  сүйетін,  аялай-
тын, қорғайтын ұлтжанды азамат. 
Ұлттық  тәрбие  және  ұлтжанды  азамат 
тәрбиелеу  –  қазақ  қоғамында  орын  алып 
отырған қайғылы қасіреттер мен құбылыстарды, 
ана  тілін,  ата  тарихын,  төл  мәдениетін,  ұлттық 
салт-дәстүрлерін  және  дінін  білмейтін  жастар-
ды,  тәрбиесіз  қыз  бен  ұлды,  тастанды  жетім 
балаларды,  қарттар  үйлерінде  жылап  отырған 
әжелер  мен  аталарды,  отбасын  құрмаған  және 
ажырасқан жастарды, қаулаған қылмысты, темекі 
шегетін, наша тартатын, ішкілік ішетін жастар-
ды,  жезөкшелікті,  жұмыссыздық,  дағдарыстың 
алдын алып болдырмаудың,  олардан құтылудың 
бірден бір кепілі деп есептеуге болады. 
Қорыта келе, бүгінгі ұлттық тәрбие ұғымына 
зор жауапкершілікпен қарауды талап етіп, отба-
сында,  мектепте,  қоғамдық  орындарда  ана  тілі 
мен  ұлттық  сананы  жастардың  жүрегіне  терең 
ұялатудың жолдарын қарастыру, білім беру сала-
сында ұлттық бағытты ұстану мәдени процестің 
биік шыңына шығарады деп ойлаймыз. 
Ақиық  ақын  атындағы  мектеп  туралы 
білгіміз келіп отыр...
Ғ.Н:  №13  М.Мақатаев  атындағы  орта  мек-
теп 1991 жылы ашылған. 280 оқушы, 34 мұғалім 
жұмыс жасаған. Қазір 2560 оқушы, 163 мұғалім 
еңбек  етеді.  150  мұғалім  жоғары,  3  мұғалім 
аяқталмаған  жоғары,  10  мұғалімнің  арнаулы 
педагогикалық білімі бар.
50  мұғалім  –  жоғары  санатта,  42  мұғалім  – 
бірінші санатта, 45 мұғалім – екінші санатта. 3 
мұғалім  Ы.Алтынсарин  төс  белгісінің  иегері. 
Олар: 
1.  Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы
2.  Медеуова Биғайша Бесірқызы
3.  Қилыбаева Пернекүл
6 мұғалім Қазақстан Республикасының Оқу 
ісінің Үздігі.
Мектептің  өзекті  мәселесі:  оқушылардың 
білім  деңгейін  нығайту,  кәсіби  бағдар  бой-
ынша  оқушыларды  бейімдеу,  білім  алуға 
қызығушылығын дамыту. Интерактивті тақтаны 
кеңінен пайдалану арқылы ақпараттық техноло-
гия негіздерін оқушылар бойына қалыптастыру. 
Рухани-мәдени  мұраларды  сабақтастыра  оты-
рып, ұлттық-азаматтық сананы қалыптастыру.
Мектепте  65  түрлі  үйірме  жұмыс  жасайды. 
Онда 1500 оқушы қамтылған. 3 компьютерлі сы-
нып бар. 22 оқушыға 1 компьютерден келеді. 1 
мультимедиялық қазақ тілі кабинеті,1-лингафон 
ағылшын  кабинеті.  5  интерактивті  тақтамен 
жабдықталған  (география,  физика,  химия,  био-
логия,  информатика)  кабинеттер  толық  іске 
қосылған. 
2009-2010 оқу жылында ҰБТ қорытындысы 
бойынша 87 түлек тапсырып, 78,8% сапа, 3 «Алтын 
белгі» иегері, 1  түлек Нүриева Әсел Халықаралық 
ғылыми жоба байқауына қатысып ҰБТ-тен боса-
тылып, КБТУ-ға грантқа қабылданды. 20 түлек 
жоғары  оқу  орындарына  грантқа  түсті.  «Наз» 
ән-би  ансамблі  республикалық  Дельфийлік 
ойындар  байқауында  күміс  медаль  иегері  бо-
лып  оралды.  Жетінші  сынып  оқушысы  Раев 
Айберген  Мәскеу  қаласында  өткен  физика 
пәнінен  Халықаралық  жобалар  байқауында  ІІІ 
орын  иеленді.  Өнерпаз  қыздарымыз  Болатова 
Жанель  Германия  қаласында  өткен  «Европаға 
ашық  есік»  байқауының  дипломанты  атанды. 
Сакенова  Айгерім  Қырғыз  Республикасында 
өткен  Халықаралық  ән  байқауының  «Ең  әдемі 
дауыс» номинациясының иегері. Мұғалімдердің 
аудандық, облыстық конкурстарында:
Балапанова  Әсем    –Бас  жүлде-ән-күй 
пәнінен
Өткелбаева Рауза  – ІІІ орын - қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінен 
Өтегенова  Қарлығаш  –    ІІ  орын  -  орыс  тілі 
мен әдебиеті пәнінен
Керімқұлова Аяулым  –  ІІ орын -  ағылшын 
тілі пәнінен;
облыстық байқауда:
Қуанышбекова Гүлнар –  І орын - биология 
пәнінен
Сқабаева Шынар  –  І орын - химия пәнінен
Қуанышбекова  Гүлнар    –    Бас  жүлде  -эко- 
логиялық жұмыстан
Сайымбетов Еркін  – І орын - А.Ә.Д. пәнінен 
иеленді.

90
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Абай,  Мұқағали,  Ілияс  оқуларынан  өткен 
облыстық  байқауларға  қатынасқан  10  «б»  сы-
нып оқушысы Дарынбай Сымбат, 9 «ж» сынып 
оқушысы Өтеген Назира жүлделі орындарға ие 
болды. 
Ұлттық тәрбиенің бастауы – әдеп тәрбиесі. 
«Әдеп әліппесінсіз» мектеп жоқ. Осы туралы 
не ойлайсыз?
Ғ.Н: Ұзақ жылдарғы ұстаздық еңбегімде бір 
байқағаным, біз жасөспірімдерді адамгершілікке, 
елді,  жерді,  Отанды  сүйе  білуге,  батырлыққа, 
батылдыққа, еңбекке, қысқасы тәрбиенің алуан 
түрлерін  шәкірттеріміздің  бойына  сіңіру  үшін 
бар  күш-жігерімізді,  іс-тәжірибемізді  аянбай-
ақ жұмсағанымызбен, оның негізгі де маңызды 
түп қазығы – ұлттық дәстүрде өсіріп, тәрбиелеу 
керек  екенін  ескере  бермейміз,  бұл  өкінішті. 
Өйткені  өмірінің  жалғасы,  мұрагері,  ұрпағы 
ата-тегінің  салт-дәстүрін,  ұлттық  болмысын 
бойына  туа  біткеннен  дарыту  –  ұрпақ  жалғасы 
емес пе? Өз ұлтының дәстүрін біліп, көріп өскен 
бала  келешекте  өз  елін  ардақтайтын,  басқа  да 
ұлтты  сыйлай  білетін,  ел-жұртына  адал  азамат 
болып шығатындығына күмән жоқ. Осы ұлттық 
дәстүрімізді  баланың  қанына  сіңіріп,  санасына 
енгізе  тәрбиелеу,  ең  алдымен  ата-ананың  аялы 
алақаны мен мейірімінен басталады.
Мысалы  бесік  жыры,  аңыз-әңгімелер, 
ертегілер  айту,  тыңдату,  баланы  туған  жерінің 
аялы  табиғатымен  таныстыру,  оның  бүгінгі 
күнгі экологиялық проблемаларға тап болғанын, 
тіптен, сол сұлу табиғат туралы ән шумақтарын 
серуендеп жүрген сәттерде ән-шашу ғып орын-
дап  берсе  нұр  үстіне  нұр  дер  едім.  Сонда  бала 
да,  оның  ата-анасы  да,  тіптен  айналасындағы 
туған-туыстары да бір ұлттық шынайы сезімге, 
құштарлыққа  кенелер  еді.  Әрине,  мұндай  ата-
ана өте аз. Сондықтан да өмірде әртүрлі келеңсіз 
әрекеттер жиілеп барады. 
Адам – табиғат перзенті. Сәби туылған кез-
де адам дүниеге келді дейміз. Дайын жеке тұлға 
немесе жеке адам туылды демейміз. Балалардың 
қабілеттілігі, 
мінез-құлқы, 
психологиялық 
ерекшеліктері,  жеке  даму  сатысы  біртіндеп 
қалыптасады. 
Адамзат 
ақыл-парасатының 
тыным-
сыз  ізденісі  нәтижесінде  ғасырлар  бойында 
қалыптасып,  халықпен  бірге  жасасып  келе 
жатқан  –  әдеп.  Адам  деген  ардақты  атқа  ие 
болғысы  келетін  әр  кісіге  ауадай  қажет  рухани 
игілік – әдептің, ізгілік жолын көк өрім ұрпақтың 
бойына дарытуда маңызы зор. 
Тәрбие,  соның  ішінде  әдеп  тәрбиесі  де, 
сәбидің  шырылдап  жерге  түскен  сәтінен  ба-
сталып,  үлкендер  мен  ұстаз-тәрбиешілердің 
үлгі  өнеге  көрсетіп  отыру  жолымен  үздіксіз 
жалғастырылуы  тиіс.  Баяғының  ғұламалары 
тәмсіл  қылып  айтады  екен:  «Әу  баста  әтір 
құйылған  ыдыстың  тозған  кездегі  сынығынан 
да  жұпар  аңқиды,  биік  ағаш  көкөрім  шағында 
бұтақтарын  қалай  бағыттап,  жапырағын  қалай 
жайса,  қурағанша  солай  қалады»,  -  деп.  Бұл 
мысалдың тағылымы – балғын жастың бойына 
дарытқан қасиеттеріміз де сондай өміршең, берік 
болады деу. Халқымызда «Жаста берген тәрбие 
жас қайыңды игендей», - демей ме? Мектептегі 
тәрбиенің  бағыты  қоғамдағы  ең  жақсы  адам 
– әдепті адам, әдепті адамдар – қоғамның баға 
жетпес  байлығы,  мәртебесі  екенін  ұғындыру. 
Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абы-
ройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты 
болатындығын  ұрпақтың  бойларына  дарыту  – 
міндетіміз.
Қазақ  халқының  отбасындағы,  әулеттегі 
әдет-ғұрып  қағидалары,  әдеп  нормалары  бала 
тәрбиесінде  айрықша  орын  алған.  Балаға 
нәресте  кезінде-ақ  ізгіліктің,  әдептіліктің, 
инабаттылықтың  әліппесін  үйретіп,  тілі  жаңа 
шығып келе жатқан кезде «Ата», «Апа», «Әке», 
«Шеше»,  «Аға»,  «Тәте»  дегізіп  тілін  ашады, 
мейірімділік  нұрын  шашады.  Осы  сөздерден 
туысқандық  қарым-қатынас  әдебінің  әліппесі 
басталады. 
Әрбір әулеттегі үлкен адамдар мен балалардың 
қарым-қатынас  әдебін  жолға  қоймайынша 
инабаттылыққа  және  парасаттылыққа  жету 
мүмкін  емес.  Парасат  мектебі  үлкендердің  ба-
лалармен,  балалардың  үлкендермен    арадағы 
сәлемдесулері,  сөйлесулері,  ізеттілік  әдептері, 
қимыл,  іс-әрекет  әдебі,  отбасы,  әулеттің 
қалыптасқан үлгілі әдептері мен ғұрыптары, бір-
бірімен  арадағы  құрмет,  мейірім,  жанашырлық 
жасауы,  қамқорлық  көрсетуі,  сабырлылық 
сақтай білуі, үлкендер алдындағы ұстамдылығы, 
ыждаһаттылығы,  үлкендердің  тапсырмасын 
жауапкершілікпен  орындауы,  ауыртпалыққа 
төзуінен басталады.   
Ғалия Нәдірбекқызы, салт-дәстүр ұлт бо-
луымыз үшін ұстанымға айналар деп ойлай-
сыз  ба?  Ырым-тыйымның  маңызы  туралы 
айтсаңыз. 
Ғ.Н:  Ұлттық  тәрбиеде  ырым-тыйымдардың 

91
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
мәні  зор.  Ырым  тыйымдар  адамгершілік 
кодексінің  бастауы  десек,  мектептегі  ұлттық 
тәрбиені  дамытудың  түрі  де  бола  алады.  Ол 
құқықтық,  патриоттық,  эстетикалық,  этикалық, 
адамгершілік,  діни  сауаттылық  тәрбие  берумен 
сабақтас. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 
«Білім  туралы»  заңында  «Білім  беру  жүйесінің 
міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтары, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінен  де 
жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және 
кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 
қажетті жағдай жасау» деп аталып көрсетілген. 
Бүгінгі  жас  ұрпақты  өз  халқының  тарихын, 
тегін,  салт-дәстүрін,  тілін,  білімін,  меңгерген 
мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық 
тұлға  етіп  тәрбиелеу  –  өмір  талабы,  қоғам 
қажеттілігі.  Қазақ  халқы  өзінің  бүгінгі  күнін 
бағалай отырып, өткен өміріне көз салу, тарихи 
тәжірибеден сабақ алу, мәдени дәстүрлерін, әдет-
ғұрпын, өмір салтын зерттеу, оларды ұрпақтан-
ұрпаққа мұра етіп жеткізіп, саналы тәрбие беруді 
әрқашан жадынан тыс қалдырған емес.
Ұлттық 
патриотизмге 
тәрбиелеудің 
негізгі  көздеген  мақсаты  –  өзінің  бай  тарихи 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  келер  ұрпақты 
еңбекке,  өнер-білім  түрлерін  үйренуге,  отба-
сын  туған  өлкесін,  Отанын  сүюге,  ар-намысын 
қорғауға т.б. адамгершілік қасиеттерге баулу.
Қоғамымыздың  ертеңгі  болашағы  –  мектеп 
жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық 
салт-дәстүрді, 
әдеп-ғұрыпты 
қастерлеуге, 
құрметтеуге  үйреткен  абзал.  Оқушыларды 
ұлтжандылыққа,  халқын  қастерлеп,  оған 
қалтықсыз  қызмет  етуге  тәрбиелеу  мақсатында 
күнделікті  оқу  тәрбие  жүйесіне  халықтық 
педагогикалық  тағылымдарын  енгізу  кең  өріс 
алып келеді. Оқу тәрбие процесінде ұлттық сана-
ны оятуда, туған жерге, елге құрметпен қарауды 
үйретуде, ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атау-
ларды, ұлттық тіл өрнектерін, ұлттық ойындар-
ды  көптеп  қолдана  білген  жөн.  Тәуелсіз  елдің 
ұрпағына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім 
беру – үздіксіз үрдіс болмақ.
Патриотизмді 
қазіргі 
көзқараспен 
ұлтжандылыққа,  елжандылыққа  сыйғызамыз. 
Ұлттық  патриотизм  –  өз  ұлтының  салт-
дәстүрін, қадір-қасиетін бойына сіңіру және оны 
қастерлеп  қорғауға  дайын  болу,  бұл  туғаннан 
ата-тегінен қанмен беріліп, тәлім-тәрбие арқылы 
жетілетін  ұлттық  сипаттағы  саналы  әрекет  пен 
мінез-құлық.  Патриоттық  тәрбие  ұлттық  на-
мыс, ұлттық сана-сезім және рухани байлықтан  
көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа ең 
алдымен – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді 
жатқызамыз. Тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – 
адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз 
үшін қажет.
Қазақ 
халқының 
әдет-ғұрыптарына 
тоқтала  келсек,  халық  психологиясында  көңіл 
аударарлық түрлі жайттар көп кездеседі. Соның 
ішінде кей сезімді, іс-әрекетті сөзбен айтпай-ақ 
ыммен, іс-шарамен, қимылмен, еппен сездіретін 
түрлі  қызықты,  әрі  есті  ұғымдар  бар.  Мұны 
әдеп-ғұрып  деп  атайды.  Біздің  халқымыздың 
салт-дәстүрлері  мен  әдеп-ғұрыптары  енді  ғана 
зерттеліп,  қаралып  көпшілік  оған  енді  назар 
аудара  бастады.  Мұның  тек  рухани,  мәдени 
жағы ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ адам 
тәрбиесінде де үлкен қызмет атқаратынын естен 
шығармауымыз қажет. 
Қазақ  халқының  әдет-ғұрыптарының    бірі 
–  тыйым  сөздер.  Тыйым  сөздердің  әлеуметтік 
қызметі адамның шаруаға ұқыптылығын, барды 
қадірлей білу, өзін-өзі тәрбиелеу, айналаға қырағы 
қамқор бола білуін арттыруға бағытталған деу-
ге  болады.  Қадым  замандардан  бастау  алатын 
мұндай тыйым сөздерді  қазақ халқы ұрпағына 
бесік жыры арқылы санасына сіңіріп, зердесіне 
құйып  отырған.  Үлкенді  сыйлап,  айтқанын  екі 
етпеген бала – осы нақылдарды әрқашанда есіне 
алып,  жаман  әдеттерден  бойын  таза  сақтаған. 
Қазақ  халқы  өскелең  ұрпақтың  тәрбиесіне  аса 
мән берген. Үйде отырып ырым мен тыйымын 
қашанда тәрбиенің таусылмас азығы деп білген. 
Қызын қырық үйден тыйып отырған атам қазақ 
«ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  де-
ген  қанатты  сөзді  жадында  ұстаған.  Әрбір  ісін 
ырымдап  істейтін  қазақ  халқы  жеті  рет  өлшеп, 
бір кескенде  ғана ісінің берекесі кіретінін сез-
ген.  Халқымыздың  ежелден  желісі  үзілмей 
жеткен көне салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы – қымбат 
қазыналарымыздың  бірі.  Адам  баласы  шыр 
етіп  жерге  түскеннен  бастап  тал  бесіктен  жер 
бесікке  дейінгі  өмірінде,  наным-сенімі,  таным-
түсінігі,  қоғамдық  даму  барысындағы  үнемі 
ғасырлар  бойы  жинақталған  салт-дәстүрлері 
аясында болады. Замандар өзгерсе де, қоғамдар 
алмасса да, қазақ халқының салт-дәстүр, санасы 
ұрпаққа  азық,  ертеңге  нұрлы  жол  және  бағыт-
бағдар болады. «Үлкейсең – үлгі, өссең – өнеге» 
көрсет  деп,  адамгершілікті  алға  қоя  білген 
ұлағатты ұлтымыздың ұстанымы ұлдарын ұятқа, 

92
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қыздарын  ибаға  тәрбиелесе  керек.  Халқымыз 
дәрежеге  емес,  дәстүрге  бағынған.  Мәртебесін 
төрі  деп  білген,  ізеттілігін  келінінен  таныған, 
татулығын  абысынынан  тапқан,  қызын  –  арға, 
ұлын – нарға бағалаған, дархандығын – даласы-
мен өлшеген, өткірлігін – қылышқа, намысын – 
найзаға теңеген.
Елдігімізге  еркін  қол  жеткізгеннен  кейін 
болашағымыз  айқындалып,  жүзіміз  қайта 
жарқырады.  Ұлттық  тәрбие  баланың  бойына 
жас кезінен сіңірілуі керек екендігі анықталды. 
Адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа 
дейін  қалыптасады екен. Сондықтан да баланың 
жан-жақты  дамуы  үшін  ырым-тыйымдарды 
да,  оның  мән-мағынасын  түсіндіруді  ерте  жа-
стан  бастағанымыз  жөн  болары  анық.  Ырым-
тыйымдар адамды жат әдеттерден аулақ болуға, 
адамдық  қасиеттерді  сақтауға  жәрдем  беретін 
асыл  қасиет  құралы.  «Аяғыңды  тектен-текке 
жоғары көтерме – басыңнан бағың таяды», «аяқ 
киіміңе  қарап,  басыңды  салбыратып  жүрме, 
өрісі  кеңімейтін,  ісі  жүрмейтін  жасық,  ынжық 
адамдар  ғана  солай  жүреді»,  «үйге  қарай 
жүгірме, ырысың кетеді», «ұртын не тілін тістеп 
алған  адамның  үйіне  ашыққан  адам  келеді» 
деген  ырым-тыйымдар  арқылы  адамдарға 
күш-жігер  сыйлайды,  өзіміздің  ұлттық  салт-
санамыздың  қалыптасуын  дамытамыз.  Осы 
ырым-тыйымдарды мектептегі ұлттық тәрбиенің 
негізгі  көзі  деп  алып,  жас  ұрпақтың  саналы  да 
білікті,  білімді  ұрпақ  болуының  қайнары  деп 
түсіндіріп  түрлі  бағыттағы  дамыту  шараларын 
жүргіземіз. Ырым-тыйымдар арқылы жастарды 
жаман  әдеттен  тыямыз,  жақсыға  құмар  болуға 
үйрете  аламыз.  Ырым-тыйымдарда  көрсетілген 
құқықтық,  патриоттық,  эстетикалық  әдеп, 
адамгершілік,  діни  салауаттылық  кодексінің  әр 
адам бойынан көрінуіне жұмыла кірісудеміз. Ха-
дистерде айтылған ырымдар мен тыйымдардың 
да  мәні  зор.  Мұсылмандықтың  маңызын  аша 
отырып  елді  бірлікке,  татулыққа,  достыққа 
шақырады.  Ертеде  адамдар  арасындағы    дау 
бір  ауыз  тыйым  сөзбен  шешілген.  Ырым-
тыйымдарымызды ұлттық тәрбиеміздің туы етіп 
алсақ, әр жас болашағынан үлкен үміт күттіретін, 
халқын,  Отанын,  жерін  сүйген,  гүлденген 
Қазақстанның білікті азаматы болатынына кәміл 
сенемін!  
Ұлтыңды  сақтаймын  десең,  қызыңды 
тәрбиеле,  рухыңды  сақтаймын  десең  ұлыңды 
тәрбиеле  деген  халқымызды  нақыл  сөзін 
әрқашанда есте сақтауымыз қажет.
Қорыта айтқанда, оқушыларға халқымыздың 
рухани  байлығын,  мәдениетін,  салт-дәстүрін 
терең 
таныстырып, 
ойшылдарымыздың 
педагогикалық  ой  пікірін  оқу-тәрбиесінің  
тірегіне  айналдыру,  яғни,  рухани  эстетикалық, 
ұлттық  тәрбиенің  жаңарған  жүйесін  жасау 
–   бүгінгі күннің өзекті мәселесі болуы керек. 
Халқымыздың  ұлттық  рухын  жоғары  ұстайтын 
ұрпағымыз көп болсын дегім келеді.
Ғалия Нәдірбекқызы, ғылыми-әдістемелік 
жұмыстарды  ұлттық  тәрбиемен  үйлестіру, 
шәкірттер жетістігі туралы ой толғасаңыз. 
Ғ.Н: Оқушы бойына ұлттық ерекшелігімізді 
сіңіруде  мұғалім  алдында  өзекті  мәселелер  ту-
ындайды. Сол өзекті мәселелерді шешуде тиімді 
әдіс-тәсілдерді  қолдану  ұстаз  шеберлігінің 
үлесінде. 
Ұлттық  құндылықтарымыздың  ең  жоғары 
сатысында  ұлттың тілі тұруы қоғамдық мәселе. 
Әдебиет сабақтарында көркем шындықты тірек 
ете  отырып,  оның  ұлттың  тілі  мен  дінімізді 
қалыптастырудағы сипатына терең мән береміз. 
Оқушы 
бойындағы 
лингвистикалық 
дүниетанымының қалыптасуы, тілдің қоғамдық-
әлеуметтік  мәнін  түсінуі,  әдеби  тіл  нормасына 
сай  дұрыс  сөйлей  алуы  ұлттық  мәдениетімізді 
өркендетуге айтарлықтай үлес қоса алады. 
Жас  ұрпаққа  ұлтымыздың  ана  тілін 
меңгертуде  әсіресе  халық  ауыз  әдебиеті  ерек-
ше орын алады. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін 
жаттап,  күнделікті  өмірде  қолдана  білу  үлкен 
жетістіктерге жеткізеді. Ауыз әдебиеті үлгілерінің 
тәрбиелік мәніне, ондағы айтар ойдың көркемдігі 
мен дәлдігіне оқушы назарын аударту – ұлттық 
әдебиетіміз бен мәдениетіміздің үлесінде. 
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы мақалдардың 
мазмұны  мен  идеясына  талдау  жасау  жас 
жеткіншектердің ұлттың дүниетанымын кеңейте 
түседі.  Міне,  ұлттық  тәрбие  мәселелеріне 
қатысты мәліметтер қазақтың ауыз әдебиетінде 
де, жазба әдебиетінде де көп сақталған. Қазақтың 
ұзақ  ғасырлар  бойы  ауызша  шығарған  әдеби 
мұрасы –  фольклор мен тарихи әдебиеті ұлттық 
тәрбиенің маңызды көзі болып табылады. Халық 
өмірін, адам табиғатын терең танып, көркем бей-
нелеуге ұмтылған әдеби шығармада сол адамға, 
оның  өміріне  тән  ұлттық  сипаттар,  ұлттық 
ерекшеліктер  көп  кездеседі.  Сонымен  қатар, 
қазақтың  мінез-құлықты,  ұлттық  тілді,  салт 
пен  әдеп-ғұрыптың  түрлерін,  адамгершілікті, 

93
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
кішіпейілділікті,  қанағатшылдықты  тағы  да 
басқа жақсы қасиеттер әдебиет арқылы насихат-
талады.  Ұлттық  тәрбие  мәселесі  сөз  болғанда 
фольклор мен көркем  әдебиеттің орны ерекше, 
ондағы  мол  материалдарды  жас  ұрпақ  санасы-
на  жеткізудің  маңызы  зор.  Жай  айтқан  сөзден 
гөрі  әдеби  образдар  мен  тапқыр,  ойлы,  шешен 
тілмен  айтылған  сөздер  бойға  тезірек  дари-
ды.  Олай  болса  оқушыларды  тек  пәнді  оқыту 
арқылы ғана емес, оны іздендіретін, өз бетінше 
атқара алатын жұмыстарға да баули білу керек. 
Осы  тұста  оқушыларды  ғылыми  жұмыстарға 
баулу,  пән  олимпиадасына  қатыстыру,  пән 
апталықтарындағы  түрлі  қойылымдарға,  әдеби 
оқуларға  қосу  олардың  бойындағы  ұлттық 
дүниетанымды  айқындай  түседі.  Оқушыларға 
ұлттық тәрбие беруде мектептегі шешендік өнерге 
байланысты  жүретін  сыныптан  тыс  жұмыстар 
көп әсерін беруде. Біздің мектебімізде шешендік 
өнерге баулу мақсатында Абай, Шәкәрім, Ілияс, 
Мұқағали, Оралхан Бөкей, сонымен қатар кейінгі 
уақыттарда Махамбет оқулары және «Жас тілші», 
«Драма»,  «Көркем  сөз»  үйірмелері  жүргізіледі. 
Аталған әдеби оқулар мен үйірме жұмыстарының 
оқушыларды  сөз  өнеріне  бейімдеуде,  сол 
арқылы  мамандық  таңдауда  көп  көмегі  тиіп 
келеді.  Мектебіміздегі  дарынды,  талантты  жас 
жеткіншектердің  жарқын  болашағына  жол 
сілтеді.  Соңғы  жылдарда  біздің  шәкірттеріміз 
Жұмабай Мақпал, Жұмабай Тоғжан, Тұрлыкеева 
Гүлім,  Ділдебай  Айдос,  Телешова  Әйгерім, 
Мұқамбаева Гүлвира, Тақабай Аида мектептегі 
әдеби  оқулардың  нәтижесінде  республика 
деңгейіне дейін көтерілді. Бұл оқушылар әдебиет 
пәнін  таңдай  отырып,  жақсы  көрсеткіштерімен 
Қазақ  Мемлекеттік  Ұлттық  университетінің 
журналистика  факультетінің  және  Т.Жүргенов 
атындағы  өнер  академиясының  студенттері. 
Бұлардың ішінде Жұмабай Мақпал мемлекеттік 
«Дарын» сыйлығының лауреаты. Өткен 2009-2010 
оқу жылындағы мемлекетіміздің жұлдызы, «Ал-
тын белгі» иегері  Ермекжан Дина әдебиет пәнін 
таңдап, Қазақ ұлттық университетінің филология 
факультетінің грант иегері атанды. Жоғарыда аты 
аталған  шәкірттеріміздің  ізбасарлары  Дарын-
бай  Сымбат,  Өтеген  Назира  сияқты  оқушылар 
да  болашақтарынан  үлкен  үміт  күттіруде. 
 
Міне,  өз  ұлтының  төл    әдебиетін  сүйіп 
оқып,  оны  жан-жақты  меңгерген  оқушылар 
мектептегі  ұлттық  тәрбиенің  дұрыс  жолға 
қойылғандығын айғақтап отыр. 
Рухани,  мәдени  құндылықтарды  жасаушы 
ұлттың  ақын-жазушыларының,  өнер  иелерінің 
шығармаларын оқып, талдау, олармен түрлі кез-
десулер өткізу, тапқырлар сайысына, пән олим-
пиадаларына,  ғылыми  жұмыстарға,  ғылыми 
шығармалар байқауына қатысу ұлттық тәрбиенің 
үйлесім таба білуінің қайнар көзі. 
«Шәкіртсіз  –  ұстаз  тұл»  деген  қағида  әр 
ұстаздың еңбегінің нәтижесін анықтайтын ұғым 
деп түсінемін. Өйткені, ұстаз еңбегінің жемісі – 
оның  шәкірттері.  Менің  көп  жылдық  ұстаздық 
еңбегімде алдымнан мыңдаған шәкірттер қанат 
қақты.  Менің  мақтанышым  сол  шәкірттерімнің 
бойынан адамгершілік қаситтердің, әдептіліктің, 
тектіліктің,  рухани  үндестік  тапқанын  көріп 
жүргенім.  Бүгінде  қандай  мекемеге  бас  сұқсам 
шәкірттеріме  кездесемін.  Олар  орындарынан 
тұрып,  сәлемдесіп,  хал-жағдайымды  сұрап,  не 
шаруамен жүргенімді анықтап, көмек көрсетуге 
асығады.  Мен  үшін  бұдан  үлкен  бақыт  жоқ.  
«Сіз сол баяғы кейпіңіздесіз, қартайған жоқсыз» 
деп  мені  әлі  жас  көреді.    Ата-аналары  кейде 
шәкірттерімнің  тойларына  шақырып:  «Сіздің 
ұлыңыз,  қызыңыз  немесе  немереңіз»  дегенде 
өз  балаларымның  қуанышынан  кем  қуанбай, 
жүрегімді  бір  жылы  сезім  билеп  марқайып 
қаламын. 
Еліміздің  әр  түкпірінде,  әр  түрлі  салада 
еңбек етіп, халқына абыроймен қызмет атқарып 
жүрген,  өздері  отбасын  құрып,  ата-ана  атанып, 
әрбір  шаңырақтың  тірегі  болып  отырған  «ұл-
қыз»  шәкірттерімді  мен  де  сағына  жүріп  еске 
аламын,  олар  үшін  мақтанамын,  оларға  ұрпақ 
тәрбиесінде үлкен жетістік тілеймін, сенемін. 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал