Бас редактор



жүктеу 5.35 Kb.

бет1/24
Дата09.01.2017
өлшемі5.35 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев  М.А.  —  Абай  ат.  ҚазҰПУ  Жаңартпа  технологиялар  және  білім  беру  мазмұнын  ҒЗИ  директо-
ры,  ҚР  Жоғары  мектебіне  еңбегі  сіңген  қызметкер,  профессор,  бас  редактордың  бірінші  орынбасары; 
Төлеубекова  Р.К.—  Абай  ат.  ҚазҰПУ  "Ұлттық  тәрбие"  кафедрасының  кафедра  меңгерушісі,  педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор, бас редактордың орынбасары; Сейсенбаева Ж.А. — Абай ат. ҚазҰПУ 
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру бөлімінің басшысы, филология 
ғылымдарының кандидаты, жауапты редактор; Айтбаев Ө.А. — Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті, 
Тіл білімі институты ғылыми-терминологиялық орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының 
докторы,  профессор;  Айталы  А.  —  Қазақ  заң  гуманитарлық  университетінің  әлеуметтік  психологиялық 
пәндер  кафедрасының  профессоры,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Әлмұхамбетов  Б.А. 
— Абай ат. ҚазҰПУ көркем сурет-графика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, про-
фессор, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық Білім академиясының академигі; Беркімбаева Ш.К. — Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;Баймырзаев 
Қ.М. — Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, 
профессор;  Бөлеев  Қ.  —  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  "Педагогика  және  этнопедаго-
гика" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Бейсенова Ә.С. – Абай 
ат.  ҚазҰПУ-нің  «География  және  экологиядан  ғылыми-әдістемелік  орталығының»  меңгерушісі,  география 
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі;Бейсенбаева  А.А. — Абай 
ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; 
Берікханова А.Е. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының 
кандидаты, доцент; Ғаббасов С. — жазушы, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина және педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор; Есім Ғ. — ҚР сенат депутаты, философия ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР ҰҒА академигі; Жарықбаев Қ.К. — Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика 
орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор; 
Қирабаев С.С. — М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Абай ат. ҚазҰПУ рек-
тор кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Қасқабасов С.А. — М.Әуезов 
атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР 
ҰҒА  академигі;  Қазмағанбетов  А.Ғ.  —  Х.Досмұхаммедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің 
ректоры, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор; Қыдырәлиев Д. — ҚР Президент Әкімшілігінің 
сарапшысы, философия ғылымдарының докторы; Қозыбаев І.М. — ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет 
Комитетінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Қалиев С.Қ. — Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінің Жалпы педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор, академик; Қойгелдиев М.Қ. — Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура және доктарантура РҺD 
институтының Гуманитарлық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор; Құсайынов А. — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психо-
логия  кафедрасының  кафедра  меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Керімов  Л.К. 
— Абай ат. ҚазҰПУ педагогика кафедрасының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, про-
фессор; Құрсабаев М.Қ.– халықаралық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасының авторы, педаго-
гика ғылымдарының кандидаты, «Көкше» академиясы этнопедагогика зертханасының жетекшісі;Колумбаева 
Ш.Ж.  —  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  Абай  ат.  ҚазҰПУ  "Ұлттық  тәрбие"  кафедрасының 
профессоры;Мырзахметов М. — Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы "Абайтану ғылыми-зерттеу орталығының" 
директоры,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Мұтанов  Ғ.М.  —  Д.Серікбаев  атындағы 
Шығыс  Қазақстан  техникалық  университетінің  ректоры,  техника  ғылымдарының  докторы,  профессор; 
Молдабеков  Ж.Ж.  —  философия  ғылымдарының  докторы,  әл-Фараби  ат.  ҚазҰУ  мәдени-антропология 
кафедрасының  профессоры,  Әлеуметтік  академиясының  академигі,  Халықаралық  акмиологиялық 
академиясының  академигі;  Нәрібаев  К.Н.  —  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Ректорының  кеңесшісі,  экономика 
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Сарыбеков М.Н. — ҚР Білім және ғылым вице-
министрі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Сманов Б.Ө. — ҚР Білім және ғылым министрі 
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын Республикалық 
институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Саңғылбаев О.С. — Абай атындағы 
ҚазҰПУ "Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының" кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының 
докторы, профессор міндетін атқарушы; Табылдиев Ә.Т. — әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор; Түрікпенов Ж. — Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура және докторантура 
РҺD институтының педагогикалық мамандықтар кафедрасының профессоры,педагогика ғылымдарының кан-
дидаты, Қазақ Гуманитарлық академиясының академигі; Шолпанқұлова Г.К. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық 
тәрбие" кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты; Сеитова Ж.М. — жауапты хатшы.

3
 
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
почетный член НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев  М.А.  —  директор  НИИ  инновационных  технологий  и  содержания  образования  КазНПУ  им. 
Абая, профессор,  Заслуженный   работник    высшей школы РК,  первый заместитель главного редактора;
Толеубекова Р.К. — зав. кафедрой "Национальное в оспитание" КазНПУ им. Абая, доктор педагогических 
наук, профессор, заместитель главного редактора; Сейсенбаева Ж.А. — руководитель отдела исследования, 
разработки и совершенствования уровней образовательного процесса и их содержания НИИ инновационных 
технологий  и  содержания  образования  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  филологических  наук,  ответственный 
редактор; Айтбаев О.А. — президент международного сообщества "Қазақ тілі", главный научный сотруд-
ник  Научно-терминологического  центра  института  языкового  образования,  доктор  филологических  наук, 
профессор;  Айталы  А.  —  профессор  кафедры  социально-психологических  дисциплин  Казахского  юриди-
ческого гуманитарного университета, доктор философских наук, профессор; Альмухамбетов Б.А. — декан 
художественно-графического факультета КазНПУ им. Абая, доктор педагогических наук, профессор, акаде-
мик Академии Образования им. Ы. Алтынсарина; Беркимбаева Ш.К. — ректор Казахского Государственного 
женского педагогического университета, кандидат педагогических наук, доцент; Баймырзаев К.М. — рек-
тор Костанайского  государственного  педагогического института, доктор географических наук, профессор; 
Болеев  К.  —  зав.  кафедрой  "Педагогика  и  этнопедагогика"  Таразского  Государственного  Педагогиче-
ского  Института,  доктор  педагогических  наук,  профессор;  Бейсенова  А.С.  –  зав.  кафедрой  «Научно-
методический центр по географии и экологии», доктор педагогических наук, профессор, академик НАН РК;
Бейсенбаева А.А. — профессор кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, доктор педагоги-
ческих наук;Берикханова А.Е. — доцент кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, канди-
дат  педагогических  наук;Габбасов  С.  —  писатель,  Заслуженный  работник  здравоохранения  СССР,  доктор 
медицинских и педагогических наук, профессор; Есим Г. — депутат сената РК, доктор философских наук, 
профессор, академик НАН РК;Жарыкбаев К.К. — директор Центра этнопсихологии и этнопедагогики име-
ни Т.Т. Тажибаева, доктор педагогических наук, доктор психологических наук, профессор; Кирабаев С.С. 
— советник ректора КазНПУ им. Абая, главный научный сотрудник Института литературы и искусства им. 
М. Ауезова, доктор филологических наук, профессор, академик НАН РК; Каскабасов С.А. — директор Ин-
ститута литературы и искусства имени М.Ауезова, доктор филологических наук, профессор, академик НАН 
РК;Казмаганбетов  А.Г.  —  ректор  Атырауского  государственного  университета  имени  Х.Досмухаммедова, 
доктор педагогических наук, профессор; Кыдыралиев Д. — эксперт администрации Президента, доктор фило-
софских наук;Козыбаев И.М. — председатель Комитета культуры Министерства культуры и информации РК, 
доктор исторических наук, профессор; Калиев С.К. — профессор кафедры "Общей педагогики" Казахского 
Государственного женского педагогического университета, доктор педагогических наук, профессор, академик;
Койгелдиев  М.К.  —  зав.кафедрой  гуманитарных  специальностей  Института  Магистратуры  и  докторан-
туры РһD КазНПУ им. Абая, доктор  исторических наук,   профессор;Кусаинов А. — зав. кафедрой "Пе-
дагогика  и  психология"  Казахского  Государственного  женского  педагогического  университета,  доктор 
педагогических наук, профессор; Керимов Л.К. — зав. кафедрой "Педагогика'' КазНПУ им. Абая, доктор пе-
дагогических наук, профессор; Курсабаев М.К. – автор международный начно-этнопедагогической програм-
мы «Атамекен», кандидат педагогических наук, заведущий лабораторией этнопедагогики академии «Көкше»; 
Колумбаева Ш.Ж. — профессор кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, кандидат педаго-
гических наук; Мырзахметов М. — директор НИЦ Абаеведения КазНПУ им. Абая, доктор филологических 
наук,  профессор;  Мутанов  Г.М.  —  ректор  Восточно-Казахстанского  государственного  технического  уни-
верситета  им.  Д.Серикбаева,  доктор  технических  наук,  профессор;  Молдабеков  Ж.Ж.  —профессор  кафе-
дры "Культурной антропологии" КазНУ им. Аль-Фараби, доктор философских наук, академик Социальной 
академии, академик Академии Международной акмиологии; Нарибаев К.Н. — советник ректора КазНПУ 
им. Абая, доктор экономических наук, профессор, академик НАН РК; Сарыбеков М.Н. — вице-министр об-
разования и науки РК, доктор педагогических наук, профессор; Сманов Б.О. — директор Республиканского 
института повышении квалификации научно-педагогических  кадров, доктор педагогических наук, профессор;
 Сангылбаев О.С. — зав. кафедрой "Общей и прикладной психологии" КазНПУ им. Абая, доктор психологиче-
ских наук, и.о. профессора;Табылдиев А.Т. — профессор КазНУ им. аль-Фараби, доктор педагогических наук; 
Туркпенов  Ж.  —  профессор  кафедры  педагогических  специальностей  Института  Магистра-
туры  и  докторантуры  РһD  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук,  академик  Акаде-
мии  гуманитарных  наук;Шолпанкулова  Г.К.  —  доцент  кафедры  "Национальное  воспитание" 
КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук;  Сеитова  Ж.М.  —  ответственный  секретарь.
 

4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
dear member of NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. — the director of scientific research institute of innovative technologies and content of education 
of KazNPU named after Abai, candidate of technical science, the professor, the deserved worker of the higher school 
of RK, the first deputy of the editor-in-chief; Toleubekova R.K. — the university chair of «National education» of 
KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the second deputy of the editor-in-chief; 
Seysenbaeva Zh.А. — the chief of department development of educational process of scientific research institute 
of  innovative  technologies  and  content  of  education  of  KazNPU  named  after Abai,  the  candidate  of  philological 
science,  the  managing  editor;  Aytbaev  O.A.  —  the  president  of  the  international  community  «Қазақ  тілі»,  the 
main scientific employee of the Scientifically-terminological centre of Institute of language education, the doctor 
of philology, the professor; Aytaly А. — the professor of chair of socially-psychological disciplines of the Kazakh 
Law Humanitarian University, the doctor of philosophy; Almukhambetov B.A. — the dean of art-graphic faculty 
KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the academician of National Knowledge 
Academy named after Y.Altynsarina; Berkimbaeva Sh.K. — rector of Kazakh State Female Pedagogical Univerity, 
the  candidate  of  pedagogical  sciences,  the  associate  professor;  Baymyrzaev  K.M.  —  the  rector  of  Kostanaysk 
State Pedagogical Institute, the doctor of geographical sciences, the professor; Boleev K. — the university chair of 
"Pedagogics and ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical Institute, the doctor of pedagogical science, professor; 
Beysenova A.S. – the chair of sub department «the Scientifically-methodical centre on geography and ecology», 
the  doctor  of  pedagogical  sciences,  the  professor,  the  academician  of  NAS  RК;  Beysenbaeva A.A.  —  professor 
of a chair "National education" of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor; 
Berikhanova A.E.  —  the  associate  professor  of  a  chair  "National  education"  of  KazNPU  named  after Abai,  the 
candidate of pedagogical sciences; Gabbasov С. — the writer, the deserved worker of public health services SSSR, 
the doctor of medical and pedagogical sciences, the professor; Esim G. — the deputy of senate of RK, the doctor 
of  philosophic  sciences,  the  professor,  the  academician  of  NAS  RK;  Zharykbaev  K.K.  —  the  director  of  the 
ethnopsychology and ethnopedagogics center named after Tazhibaeva T.T., the doctor of pedagogical sciences, the 
doctor of psychological sciences, the professor; Kirabaev S.S. — the chancellor adviser of KazNPU named after 
Abai, the mail scientist of the Literature Institute named after M. Auezov, professor of the chair "Kazakh literature" 
of KazNPU named after Abai, the doctor of philology, the academician of NAS RK; Kaskabasov S.A. — the director 
of Literature Institute named after M. Auezov, the academician of NAS RK, the doctor of philology science, the 
professor; Kazmaganbetov A.G. — the rector of Atyrausk State University named after H.Dosmuhammedova, the 
doctor of pedagogical sciences, the professor; Kydyraliev D. — the expert of Presidential Administration, the doctor 
of philosophy; Kozybaev I.M. — the chairman of Culture committee of the Ministry of culture and information 
RК, the doctor of historical sciences, the professor; Kaliev S.K. — the professor of the chair "General pedagogic" 
of  Kazakh  State  Female  Pedagogical  Univerity,  the  doctor  of  pedagogical  sciences,  the  professor,  academic; 
Koygeldiev  M.K.  —  the  university  chair  of  humanitarian  specialties  of  PhD  studies  and  magistracy  Institute  of 
KazNPU  named  after Abai,  the  doctor  of  historical  sciences,  the  professor;  Kusainov  А.  —  the  university  chair 
of  "Pedagogics  and  psychology"  of  the  Kazakh  State  Female  Pedagogical  University,  the  doctor  of  pedagogical 
sciences, the professor; Kerimov L.K. — university chair of "Pedagogics" KazNpU named after Abai, the doctor 
of pedagogical science, professor; Kolumbaeva Sh.Zh. — professor of KazNPU named after Abai, the candidate 
of  pedagogical  sciences;  Myrzakhmetov  М.  —  the  director  of  the  research  center Abai-studies  under  KazNPU 
named  after Abai,  the  doctor  of  philology,  the  professor;  Mutanov  G.M.  —  the  rector  of  the  East  Kazakhstan 
State Technical  University  named  after  D.Serikbaev,  the  doctor  of  technical  science,  the  professor;  Moldabekov 
Zh.Zh. — the academician of social academy, the academician of Academy International acmyology, the doctor of 
philosophic sciences, the professor of the chair "Cultural anthropology" of KazNU named after Al-Farabi; Naribaev 
K.N. — rector adviser of KazNPU named after Abai, the doctor of economics, the professor, the academician of 
NAS RK; Sarybekov M.N. — the vice-minister of education and science of RК, the doctor of pedagogical sciences, 
the  professor;  Smanov  B.U.  —  the  director  of  Republican  institute  of  improvement  of  professional  qualification 
of the scientific-pedagogical personnel, the doctor of pedagogical sciences, the professor; Sangylbaev O.S. — the 
university chair of the "General and applied psychology" of KazNPU named after Abai, the doctor of psychological 
sciences, the acting professor; Tabyldiev A.T. — the doctor of pedagogical sciences, the professor of KazNU named 
after Al-Farabi; Turikpenov Zh. — the professor of chair of pedagogical specialties in the Institute of magistracy 
and doctoral РһD candidacy of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences, the academician 
of Academy  of  the  humanities;  Sholpankulova  G.K.  —  the  associate  professor  of  a  chair  "National  education" 
of  KazNPU  named  after Abai,  the  candidate  of  pedagogical  sciences;  Seitova  Zh.M.  —  the  executive  secretary.
Меншік иесі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың 
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010

5
Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның  ашыса, 
азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз 
мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді 
сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің 
екеніңді ұмытпа 
Н.Ә.Назарбаев
(Туған елім – тірегім. – 
Алматы, 2001 ж., 10-б.).

6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Өмірі өнегеге толы, халқына қадірлі, еліне сыйлы болған, ішкі және сыртқы мәдениеті 
аса жоғары, қазақтың біртуар ұлт зиялысы,  қайталанбас өр тұлға ретінде әрқайсымыздың 
жадымызда мәңгілікке сақталып қалған Бәйкен Әшімұлының жел қайықтай сырғыған бұл  
жалған өмірден озғанына да жылға таяп қалды. Оған деген сарғайған сағынышты бүгінде 
тек жадырай еске алудан ғана мауқымызды басамыз...   
М.А.Нуриев – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ директоры
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор
ҰЛЫ АДАМҒА САҒЫНЫШ 
«Адам  бір  көшкен  керуен,  құрамыз  аз  күн 
серуен, көш тартып мына өмірдің, асармыз бір 
күн  белінен»,  –  деп  айтпақшы,  қазақ  қимасын 
еске  алғанда  осылай  бір  өзін  жұбатқан  ғой. 
Бүгін  біздің  сол  асқақтаған  қыранға  балаған, 
аспан  тіреген  қиянға  теңеген,  өмірді  серуенге 
емес,  керуенге  теңеп,  халықтың  бар  игілігіне 
күшін  салатын  саусақпен  санарлық  біртуар 
азаматтарымыздың  арамыздан  алыстап  кетіп 
бара  жатқаны  өкінішті-ақ.  Амал  жоқ  көнесің. 
Әр  дәуірдің  рухын  тасытып,  мерейін  асырып, 
рухын  көтеретін  Төле,  Қазыбек,  Әйтекедей, 
Абылайдай,  Мұхтардай,  Д.Қонаевтай  толағай 
тұлғалары,  елінің  майталман  қасқалары  бола-
ды. Сондай шетсіз де шексіз уақыт кеңістігінде 
халықтың  мұңын  мұндап,  жоғын  жоқтаған,  ел 
қамын жеген ерен тұлғалар байсалды мағынамен 
жалғаны жоқ, алып-қоспасыз ақиқат болып дара 
кісілік  келбетімен,  бейнесімен  көзден  тасала-
нып кете бастағанына амалсыз мойынұсынасың. 
Тағдыр шіркінге дауа бар ма?! Өзіндік сара жо-
лымен  қолтаңбасын  қалдырған  сондай  абзал 
азаматтардың бірі де бірегейі Бәйкен Әшімов де-
сек артық айтқандық емес. Нағыз өр тұлғалы, зе-
рек ойлы, шын мәнінде талантты, талапты, шын-
шыл, өте білімді, алғыр, табанды, адамгершілік 
қасиеттерге бай, аса беделді абыз ақсақал ретінде  
арамыздан  торқалы  тоқсаннан  асып  барып  бұл 
пәнимен қош айтысты. Кесек тұлғалы алыптар 
тобындағы, қырандар шоғырындағы жан-етін.  
Бәйкен  Әшімұлының  өмірі  асқақ  мұратқа, 
рухани  ерліктерге  бағытталып  құрылғандай. 
Есімі  алтын  әріптермен  халықтың  тарихында 
жазылуға тиісті оның өнегелі өмірі мен қажырлы 
еңбегін  халқы  ешқашан  ұмытпайды.  Өзі  мал 
баққан жартылай көшпелі қазақ ауылында, орта-
ша ауқаты бар Жақып баласы Әшім деген кісінің 
отбасында дүниеге  келген  Ақмола  облысы,  Ру-
заев  ауданы,  Шабақбай  ауылының  мәртебесін 
биікке  көтеріп,  ел  сенімін    ақтады.  Аузымен 
құс  тістеген  Құлагердей  өрлеп,  істеріне  мін 
де,  сын да келтіртпей, абырой-беделіне кіршік 
түсірткізбей шебер басшы бола білді. Ұрпағының 
жарқын  болашағы  үшін  іздене,  қиялдана  оты-
рып, жылт еткен жақсы ойдың жетегінен қалмай, 
қайсарлығының, жүзеге асыра алатын жаңалыққа 
құштарлығының арқасында елді индустриялан-
дыру ісі мен қарқынды дамуына көп үлес қосқан 
жан  еді.  Қарапайым  шаруа  отбасынан  шыққан 
Бәйкен  Әшімұлы  өмірдің  жусан  дәмі  татыған 
кермек дәмін де татып көрді.  Әр түрлі жылдарда 
Павлодар теміржол фабрика-зауыт училищесін, 
Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  Ленин 
агрономдық-зоотехникалық ауыл шаруашылығы 
техникумын, Ленинград зоология-фитопатология 
институтын, сондай-ақ СОКП Орталық Комитеті 
жанындағы  Жоғары  партия  мектебін  бітірді. 
Қызыл  Армия  қатарында  да  болды.  Солтүстік-
Батыс,  Батыс,  I-Белорус  майданында  соғысқа 
қатысып,  Варшава  үшін  шайқасты,  екі  рет 
ауыр  жарақат  та  алып,  мүгедек  болып  қайтты. 
Қабырғаны  қайыстырар  ғаламат  шығын  мен 
шексіз қайғы-қасірет алып келген сол соғыстың 
бел  ортасында  жүріп  тағдырдың  қаһарлы  сын-
дарын да бастан кешірді. Ауыл шаруашылығын 
ұжымдастыру кезінде жүргізілген ауыр зардап-
тарды да көрді. Еш нәрсеге мойынсұнбай өзінің 
табандылығы арқасында ғана биік жетістіктерге 
жете білді. Осындай өмір сындарынан сүрінбей 
өткен жолы жастарға көп тәрбие бермек. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  қарапайымнан 
бастаған  еңбек  жолы  әр  түрлі  жауапты 
қызметтерге  дейін  көтеріліп,  жалғасын  тапты. 
1970  жылдан  1984  жылға  дейін  14  жыл  бойы 

7
ЕСКЕ АЛУ
республикада  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы 
болып  та  еңбек  етті. 
Бұл  оның  жергілікті  ма-
мандарды  неғұрлым  ірге  бекіттірмеу  саясатын 
ұстанған кеңестік заманда үлкен қайраткерлікке 
жеткенінің  белгісі  еді.  Оның  дәлелі  одақтас 
республика  ішінде  Бәйкен  Әшімұлына  тұңғыш 
Социалистік  Еңбек  Ері  атағының  берілуі  бо-
латын.    Бұл  кезеңдер  Қазақстанның  нағыз 
өркендеп,  өсу  жылдары  болды.  Ол  Көкшетау 
облысында 
шаруашылық 
басқарудағы 
іскерлігімен, тәжірибелігімен көрінсе, Қарағанды 
облысы атқару комитетінің төрағасы қызметінде 
жүргенде  өзін  ірі  өндіріс  ұйымдастырушысы 
ретінде  жан-жақты  таныта  білді.  Мұнда  көмір 
бассейні,  металлургия,  химия,  машина  жасау, 
жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қуатты энергетика 
және құрылыс базасы, ғылым, білім, мәдениеттің 
дамуына бар күшін салды. 
Сол кездегі жанашыр 
ұлт  тұлғаларымен  ерінбей  иық  тірестіре  еңбек 
ете  жүріп,  көптеген  игі  істердің  басы-қасында 
болды.  Бәйкен  Әшімұлының  басшылығымен 
республикадағы  кәсіпорындарды  техникалық 
қайта  жарақтандыру,  электрлендіру,  механика-
ландыру және өндірісті автоматтандыру тәрізді 
істер  белсенді  жүргізілді.  Өнеркәсіп  саласы, 
көлік, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, машина жа-
сау және химия салалары шапшаң түрде дамы-
тылып,  аяғы  енді  ғана  нық  тұрып  келе  жатқан 
Қазақстанның  экономикалық  әлеуеті  барын-
ша  арта  түсті.  Қала  мен  ауылдағы  халықтың 
тұрмысын тереңнен зерттей отыра, әл-ауқатының 
артуына  тиісті  қамқорлығын  жасап,  соның 
желісімен  артындағы  басқа  қызметкерлерге 
жақсы үлгі көрсетті. Батыс Қазақстан мұнайлы 
өмірінің дамуына, мемлекеттік қызметті барын-
ша абыроймен атқарып, қай жұмыста болмасын 
еліміздің  дамуына  елеулі  өзіндік  үлес  қосқан 
талапшыл  басшы,  шебер  ұйымдастырушы 
ретінде өзін көрсете білді. Кеңес үкіметі кезінен 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алғанға  дейінгі 
уақыт  аралығында  елі  үшін  аянбай,  емірене 
қызмет еткен халқымыздың ардақты ұлдарымен 
бірлесе,  атап  айтар  болсақ  Д.А.  Қонаевпен, 
бертінде  Н.Ә.  Назарбаевпен  бірге  серік  бо-
лып, ел экономикасының серпінді дамуына зор 
жағдай  жасады.  Брежнев,  Косыгин,  Байбаков 
сынды  Кеңес  қайраткерлерімен  терезесін  тең 
ұстап, тең сөйлесті. Д.А. Қонаевпен біраз уақыт 
қызметтес  болып,  Алматы  қаласының  өсіп-
өркендеуіне: зәулім Қазақстан қонақүйінің, Ара-
сан моншасының, Медеудегі Алматыны селден 
қорғау үшін салынған плотинаның, Республика 
сарайының,  ескі  алаңдағы  үкімет  үйінің  салы-
нуына  Кеңес  үкіметі  көшбасшыларымен  етене 
тығыз  жұмыс  істеп,  орталық  бюджеттен  ақша 
бөлдіріп,  құрылыстың  аяқталуына  жағдайды 
жасағанын  көбі  біле  бермейді.  Сол  кезеңдерде 
Қазақстанның  экономикасы  бүкіл  Кеңес  Одағы 
бойынша  алғашқы  үштік  қатарында  болатын. 
Бұл,  әрине  Бәйкен  Әшімұлы  тәрізді  ардақты 
азаматтардың  маңдай  терімен  жеткен  табысы 
деуге әбден болады. Ол жас кезіндегі аштықты 
да,  жұтты  да,  талай  соғысты  да,  репрессияны 
да  басынан  кешіріп,  қайнаған  еңбекке  кірісіп, 
қазақтың  көшін  алға  сүйреуге  аянбай  қызмет 
етті.  Экономиканың  өрлеуі,  республиканың 
әр  өңірінде  мұнай  мен  газ  зауыттары,  метал-
лургия  комбинаттары  көптеп  ашылып  жатты. 
Ғылыми-техникалық  төңкеріс  жасады  десек  те 
болады.  Өте  халықшыл  жан  еді,  тек  ұлтының 
ұпайын түгендеп жүретін, береке мен бірліктің 
жаршысы болатын. Ежелден күн көріс көзі бо-
лып саналатын малдың санының өсуіне, егіннің 
мол,  жемісті  болуына  да  игі  ықпалын  тигізді.  
Терең білімді, өте білікті басшы бола білген 
Бәйкен  Әшімұлы  қандай  саланы  басқармасын, 
қандай  істі  қолға  алмасын  оның  ақырына  жет-
пей,  нәтижесін  шығармайынша  тоқтамайтын. 
Мұндай қасиеттері оның ұйымдастыру қабілеті 
мен  қайраткерлігін  өзгелерден  ерекшелейтін 
белгісі сипаттас болып табылатын. Қанша адам-
мен  қызметтес,  талайлармен  жүздесіп,  дәмдес-
тұздас  болсам  да,  солардың  арасында  болған 
кездесулер дәл Бәйкен Әшімовтей менің өміріме 
жарқын сәттерді, өшпес естеліктерді сала алмап-
ты. Әрбір сөзді бағамдай, байыптай білетін, екінің 
біріне ашылып сөйлей бермейтін еді. Өте сыпайы 
жан  болатын.  Жүзіне  үңілсең,  өмірден  көргені 
мен  түйгені  көп,  жүрегі  кең,  көңілі  кіршіксіз 
таза екенін бірден байқайтынсың. Өте кішіпейіл, 
адамгершілігі мол болатын. Сондайда қазақтың 
«Ұлық болсаң кішік бол» деген сөзі есіме түседі. 
Бәкеңнің  ел  көзіне  алдымен  шалынаты-
ны  кесек  мінезі  мен  ойының  да,  бойының  да 
бірдей  үндескен  нарлығы,  алғырлығы,  келісті 
тұлғасы  мен  кескін-келбеті,  бауырмалдығы, 
мейірбандылығы,  парасаттылығы,  кісілігі, 
қайсарлығы,  жан  сұлулығы.  Жиналыста, 
отырыстарда,  қай  жерде  болмасын  еңсесін 
тік,  денесін  нық  ұстайтын.  Бұл  оның  сөзге 
тұңғиығына тереңнен бойлай мән беретіндігінің, 
қадірін  түсіне,  ойлана  білгендігінің  көрінісі. 

8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қалжыңды өте нәзік айтатын еді. Жұмыстан қол 
тимей, көптен көріспесек,  «Роза-ау, сенің атыңды 
ұмытып  барамыз  ғой»  деп  жай  ғана  астармен 
шайыңды  сағындық  қой  дегенін,  жұмыс  басты 
болып  араласпай  бара  жатқанымызды  ақырын 
ғана осылай білдіруші еді.  Ықылас-пейілі мол, 
бетінен  нұры  тамып  тұрған  көргенді  азамат 
болатын.  Мені  өзінің  туған  інісіндей,  Розаны 
қарындасындай көрді, өзіне етене жақын тартты. 
  Бәйкен  Әшімұлы  мың  өліп,  мың  тірілген 
қазақтың  өткен  ғасырының  шежіресі  іспеттес 
еді. Өмірі өнеге толы, ішкі мәдениеті аса жоғары, 
қазақтың шын мәніндегі зиялысы болды. 
Бәйкен  Әшімұлының  кемеңгерлігі  мен 
кереметтігі сонда, алдыңғы Кеңестік дәуірдің өр 
тұлғалы, тұрпатты қайраткері ғана болып қоймай, 
тәуелсіздіктің  тұғырын  қаласқан  тілекшісі  бо-
лып көзге ілінген елінің жанашыры еді. Жүрген 
жерінде  тек  гүл  бітіп,  басшы  болған  жерлерде 
соңынан тек жақсылық өрнектері қалып отыра-
тын.  Жұртшылық  әрдайым  үлкенге  іні,  кішіге 
аға бола білген пайымды азамат ретінде, сындар-
лы сәттерде әрдайым байсалды пікірін білдіріп 
отыратын  ақылман  абыз  ақсақал  ретінде  мәңгі 
жадында сақтамақ. 
Жұбайы  Бақыт  Әсетқызы  екеуі  ұзақ  та 
ұлағатты ғұмыр кешіп, ұл мен қызды тәрбиелеп, 
артына  мол  мұрасын  қалдырды.  Ұлтымыздың 
ұлағатты,  қадірлі  ақсақалы  ретінде  өмірінің 
соңына  дейін  бар  көрген-білгенін  жастарға 
айтуға,  ақыл-кеңесін  беріп,  өсиет  айтудан 
еш  жалыққан  емес.  Күні  кеше  ғана  Бақыт 
жеңгеміздің қазасында ешнәрседен сыр бермей, 
қорғасындай қатайып, үн-түнсіз сұрғылт жүзімен 
сабыр сақтап отырған қалпы әлі көз алдымызда. 
Бәріміздің көкейімізде «Шіркін-ай, нар десе нар 
еді-ау. Мұндайды, нар да көтере алмас еді» де-
ген  сияқты  ойлар  тұрды.  Соңғы  күндері  «Енді 
Бақытым  жоқ  қой.  Ойпырмай,  Бақытсыз  күнім 
қалай болады?» деген сөздерді де қайғы үстінде 
жиі  айтатын.  Көп  кешікпей  өзінің  бұл  өмірден 
қош  айтысатынын  болжалдап  айтса  да,  не  сез-
се  де,  аузынан  ел-жұрт  аман  болсын,  кейінгі 
жас  өскелең  ұрпақ  аман  болсын  дегенді  өсиет 
етіп  жиі  айтатын.  Сүйкімді  де,  сүйікті  Бақыт 
жеңгеміз Бәйкен ағамызға сай қосылған. Екеуінің 
сүйіспеншілігі  ширек  ғасырдан  астам  уақытқа 
созылып,  нағыз  махаббаттың  қос  шынарын-
дай  сезілетін.  Шаңырағының  отын  сөндірмей, 
қабақ шытыс пен кірбіңге ешқашан жол бермей, 
ешқашан  көңіліне  сызат  түсірткізбей,  жұрттың 
барлығын  бауырластырып,  берекесін  асырып 
жүретін  аяулы  жеңгемізге  барлығымыздың  да 
алғысымыз  шексіз  еді...  Сөйткен  күндердің 
бірінде жан-жағына қарасаң ұшы-қиырын тегіс 
аппақ қар жапқан сары даланың қатқыл аязында 
осындай сұп-суық хабар жеткенде түршіккен де-
нем онан сайын мұздап сала бергенін әлі ұмыта 
алмаспын. Алпыс төрт жыл бойы бірге өмірдің 
ащысы мен тұщысын татып, құт қонған, тәңірі 
қонған  киелі  шаңырағын  артындағы  ұрпағына 
аманат  етіп,  айтуға  тіл  бармайтын,  болмысыңа 
көнбейтін,  жаныңа  жақпайтын  мәңгі  сапарға 
бірінің  артынан  бірі  кете  барды.  Дүние  өзінің 
кемеңгер бір ұлынан, аяулы қызынан айырылып, 
сайын далада күңіреніп қала берді.    
Бәкеңнің  жарқын  мінезі,  жайдары  дидары 
тек менің ғана  емес, барша қазақстандықтардың 
жүрегінде  халқының  адал  да  асыл  азаматы 
ретінде  мәңгілікке  сақталатынына  сенімдімін. 
Парасат  биігінен  түспеген,  оның  бойынан  мен 
тек  қайраткерлігі  мен  азаматтығын  ғана  емес, 
қазақ халқының абыз ақсақал бейнесін таныдым. 
Әдемі  қартая  білді.  Ұлылығын  көрсете  білді. 
Кейінгіге  ақылын  да  айта  білді.  Іс  басындағы 
азаматтардың  қай-қайсысы  алдына  ақыл  сұрап 
барса, еш аянған емес, әрқашан көңіліне медеу 
болып жүргені. Бәйкен Әшімұлы зейнеткерлігіне, 
жасының ұлғайғанына да қарамастан, халқының 
бүгінгі  саяси-әлеуметтік  өміріне  белсенді 
араласып,  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  алға 
қойған  мақсаттарының  орындалуына  даналық 
қазынасымен,  бай  тәжірибесімен  ұйытқы  бола 
отырып,  жан  сүйсіндірер  жақсы  істердің  ба-
сынан  көріне  білді.  Оған  деген  Елбасының  да 
алғысы  шексіз  екенін  күні  кеше  ғана  өтпестей 
болған  90-жылдық  торқалы  мерейтойын  Аста-
на қаласында өзі басқарып, өткізіп беруі дәлел.  
Бәйкен  Әшімұлы  –  қандай  мақтауға  болсын 
тұрарлық ұлт тұлғасы, халық баласы. Себебі, ол 
биік мәдениеттің, рухани тазалықтың адамы. Ол 
– өмір мектебінен еш сүрінбей өткен жан.
Абай  атамыз  айтқандай,  «ақыл,  қайрат, 
жүректі  бірдей  ұстаған»  ізгілік  істерімен, 
кемеңгерлігімен  байтақ  жұрттың  ағасына 
айналған  Бәйкен  Әшімұлының  орны    бүгінде 
қаңырап босап қалғандай. Сары күздей сарғайған 
сағынышты  қанша  қайталап  айтсақ  та  қайта 
қайтара  алмасымыз  анық.  Біздің  қолдан  келері 
тек өткен шақта тек жарқын күндерді еске алу 
мен кейіпкеріміздің болмысына бойлай отырып, 
жадымызға түсіру ғана қалатын тәрізді...

9
ЕСКЕ АЛУ
Бәйкен  Әшімұлы  өмірін  сараптай  келе 
халқымыздың  дана  ұл-қыздарының  еліне, 
жеріне  Қазақстанның  дамып  өркендеуіне  аса 
зор  үлес  қосқан  қайраткерлеріміздің,  ақын-
жазушыларымыздың,  мәдениетке,  өндіріске 
еңбегі  сіңген  азаматтарымыздың  ғылым  мен 
білімнің дамуына маңдай терін аянбай төгіп, етене 
еңбек еткен ұлы адамдарымыздың өмірін, айтқан 
тағылымын,  істеген  істерін  бүгінгі  жастарға 
қалай жеткіземіз, осы асыл істердің  мағынасын, 
мәнін  өміріміздің  өзегіне  айналдыруға  не  істеу 
керек деген ой туады. Меніңше, мұндай қадамға 
аяқ  басуда  алдымен  ортамызда  бар,  арамызда 
жоқ Бәйкен сынды абзал тұлғаларымыздың то-
бын жинақтап үлкен антология құрастырсақ, жа-
старды тәрбиелеуде маңызы арта түспек. Қазақ 
халқы ондай өр тұлғалы тұлғаларға кенде емес. 
Әріден,  ұлт  болып  қалыптасқаннан  ел  ара-
сында абырой-даңқымен, келелі ойларымен та-
рихта аты қалған Майқы, Бұхар, Тәуке, Абылай, 
Төле, Қазыбек, Әйтеке, Мұхтар, Димаштай т.б. 
жандардың тек өмірбаянын ғана емес, тәрбиелік 
мәнді  тұстарын  да  құрастырып,  осы  жинақта  
ашып  көрсету  жағы  көзделуі  керек.  Тіпті, 
қолдан келіп жатса мүсінін жасап, ол адам жай-
лы мағлұмат беретін үлкен музей ашсақ та әбден 
орынды.  Бұл  –  қазіргі  таңда  кітап  оқымайтын 
жастарды  елінің  елеулілерімен  таныстырып, 
сол  арқылы  ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке 
тәрбиелейді. 
Осындай  қадірлі  ағамыздың  жатқан  жері 
жайлы  болып,  артындағы  ұрпағына  амандық 
берсін! Бәйкен Әшімұлының рухы Қазақстанның 
әрі қарай гүлденіп, көркеюіне, өркениетті елдер 
қатарына  беделі  артқан,  қатайған  ел  ретінде 
қосылуына ықпалын тигізсін демекпін. 
Резюме
В данной статье автор с глубоким уважением и волнением вспоминает патриота и уважаемого деятеля 
государства Байкена Ашимова. В статье расскрыты его личные качества: человечность, и его личный  вклад 
процветание Казахстана. Рассматривая положительные черты как пример для молодежи, автор высказывает и 
свои предложения. 
Summаry
In the article the author remembers with a deep respect and emotion the patriot and respectable figure of the State 
Bayken Ashimov. The personal quality is shown in the article: humaneness, his personal contribution in prosperity of 
Kazakhstan. Author tells his own offers about positive lines as a example for young people.

10


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал