Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 5.09 Kb.

бет3/22
Дата25.05.2017
өлшемі5.09 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Резюме
Статья посвящена проблеме национального воспитания. Влияние процессов глобализации на современный 
образовательный процесс в Казахстане. Внедрение учебной дисциплины «Национальное воспитание» в КазНПУ 
им.Абая,  ее  важность  и  полезность  в  подготовке  не  только  будущего  профессионала,  но  и  богатой  духовно-
нравственной  личности,  способной  к  самореализации,  самообразованию,  самообучению.    Рассматривается 
необходимость ее преподавания  на всех уровнях непрерывного образования
Summary
The article is devoted to a problem of national education. Influence of processes of globalization on modern educational 
process in Kazakhstan. Academic subject introduction «National education» in KazNPU named after Abai. Its importance 
and utility in preparation not only the future professional, but also the rich spiritually-moral person which capable for self-
realisation, self-education, self-education. The necessity of its teaching at all levels of continuous education is considered.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 17 
М.А. Нуриев –
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі 
сіңген қызметкер, профессор
Ж.Сейсенбаева –
филология ғылымдарының кандидаты
Ж.Сеитова –
жауапты хатшы
ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Ұлттық  рухты  үнемі  ұлықтап  жүретін 
қазақтың  тәлім-тәрбиесінің  қайнар  көзі  тым 
тереңнен  басталады.  Толыққанды  тәлім  мен 
тәрбиені жүргізу үшін алдымен терезесі теңескен, 
төрт құбыласы түгел ұлт болып қалыптасқанымыз 
жөн. Осы жолда қазақ ұлты, қазақстандық ұлт деп 
дау-дамайдың туып жатқаны да белгілі. Ұлт болу 
үшін ең алдымен береке мен бірлікті насихаттап, 
бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып, 
ынтымақта  өмір  сүруге  талпыныс  жасауымыз 
керек. Ұлт ешқашан басқаларға тәуелді болмаған, 
өзінің  мекемелеріне  ие,  өзінің  мүддесі  бар 
халықтардың жиынтығы. Ұлтты құрайтын халық. 
Бірлігі жарасқан, рухы биік, намысы мықты ұлт 
қана салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, ділін дамыта 
алады. Егер рухы төмендесе, онда халық тілінен 
айырылып, босып, бірі күшті халықтың құрамына 
кіріп кетсе, енді бірі қара тобырға айналып, оның 
да  өмірі  ұзаққа  созылмайды.  Елдікті  біз  төрт 
құбыламыз  тең  болғанда  ғана  өзінің  межесіне 
жеткізе сақтай аламыз. Ол құбылалар: ана тіліміз, 
діліміз,  салт-дәстүр,  дін,  тарихымыз.  Біздің 
құбыламызды  теңестіріп,  ары  қарай  дамытып, 
халық  игілігіне  айналдыру  баршамыздың  аса 
қадірлі  міндетіміз.  Осындай  мәселелердің 
күрделілігі  Асан  қайғы  бабамыздың  «Құйрығы 
жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, Аяғы жоқ, 
қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрердің» кебін киіп 
кетуіміз айдан анық. Көңілге асыл мұра болғаны 
еліміздің тәуелсіздік алғаны, ал қамықтыратыны 
осы  кезеңде  «ұрпақ  байланысының  үзілісі» 
елең  бере  бастағандығы.  Жасыратыны  жоқ, 
ғасырлар  бойы  орыс  тілінің  үстем  болып 
келуі,  олардың  бодандығында  болу,  біздің  ой-
санамызға әсерін тигізіп келеді. Бұл қазақ тілінің 
аясының  тарылуына,  салт-дәстүр  мен  ұлттық 
тәрбиенің  өзгеруіне  әкеліп  отыр.  Қазіргі  тәрбие 
болашақ  ұрпақты  салт-санаға,  дәстүрге  бірегей 
бағыттамай, алшақтықтың бар екенін елеңдетеді. 
Сөйтіп,  өркениетті  елдердің  көшіне  ілесеміз 
десек,  қазақтың  әдет-ғұрпының  мағынасына, 
мәнісіне  баға  беріп,  жалпы  ғаламдық  тәрбиемен 
үйлестіруіміз  қажет.  Ал,  бұл  –  қазақ  халқының 
ғасырлардан  қалыптасып  келе  жатқан  ұлттық 
тәрбиесінің  негізін  дамытады.  Себебі  олардың 
жақсы, үлгі болатын тұстарын өзімізге ала отырып, 
әлемдік  өркениетке  жақындай  түсеміз.  Ұлттық 
тәрбие  арқылы  берілетін  ұлттық  болмысымыз 
жандана түседі және ол отанымыздың нығаюына 
тірек бола алады. 
Тарихтың  сан  түрлі  тарауларынан  аман 
өтіп,  «мың  өліп,  мың  тірілген»  қасиетті  қазақ 
жері,  бүгінде  әлем  таныған  Қазақстан.  Тәуелсіз 
Қазақстанның  халықаралық  аренаға  шығып,  өз 
тәуелсіздігін әлемге мойындатуы – тарихи оқиға. 
Еркіндікке қол жеткізіп, жетістіктер мен табысты 
істерімен тілінің, дінінің ерекшеліктерін, рухани 
дүниесінің  құндылықтарын  қайта  жаңғыртып, 
халық жауы аталған зиялыларымыз ақталып, тарих 
беттерін  қайта  қарап,  ақ  пен  қараны  айырдық. 
Бұл жолда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі өте 
зор. Ішкі және сыртқы саясатты тұрақтандырып, 
халықтың  жарқын  болашағы  үшін  істеп  жүрген 
ерен  еңбектері  көңіл  қуантады.  Барлық  істердің 
басы-қасында  жүріп,  елдің  көркеюіне  үлесін 
қосуда.  Қазақстанның  басқа  мемлекеттерімен 
қарым-қатынас  жасау  қабілеттілігі  де  тікелей 
Елбасымызға байланысты жүргізіліп отыр. Басқа 
мемлекеттермен  дипломатиялық  байланыстарын 
дамытуда,  серіктік  қатынастар  орнатуда,  әр 
түрлі саяси, мәдени, экономикалық байланыстар 
жасалып  (халықаралық),  әлемдік  қоғамдастықта 
өз орнын анықтауда еңбегі зор. Оның бір көрінісі, 
БҰҰ-на мүше, ішкі тұрақтылықты сақтап, сыртқы 
дипломатиялық қатынастар орнату, алыстан алмай-
ақ жақында болған жоғары халықаралық беделінің 
көрінісі ретінде ЕҚЫҰ-да 2010 жылы төрағалық 
етуі. Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және 
ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа сайлануы да 
кездейсоқтық емес. Бұл Қазақстанның ұлтаралық, 
мәдениетаралық  және  дінаралық  диалогты 
орнатудағы  рөлінің  мойындалуы.  Қазақстан 
басшысының  қоғамдағы  татулықты  нығайтуға 
арналған бағытының дұрыс жүргізуі. Осы саясат 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 18 
көптеген  елдерге  үлгі  боларлықтай.  Себебі, 
ЕҚЫҰ – әлемдік тәртіп құрылысы мен құрылымы 
және  халықаралық  қауіпсіздік  мәселесіндегі 
үш  құрлықта  орналасқан  56  мемлекеттің  өкілі 
болатын  басты,  белді  халықаралық  ұйымдардың 
бірі болып табылады. Қазақстанның осы ұйымға 
биыл  абыройлы  іспен  төрағалық  ететіні  еліміз 
үшін кең, ауқымды мүмкіншіліктерді ашпақ. Осы 
төрағалықтың нәтижесінде халықаралық деңгейде 
саяси,  құқықтық,  экономикалық  мәртебесі 
көтерілген, тұрақтанған Қазақстан өзінің бағытын 
нықтай түспек. Елбасы 2030 жылға дейінгі Даму 
стратегия сын да 
айқындалған 
стратегиялық 
мақсаттарымызға қол жеткізу жолында қызмет ете 
отырып, миссия мыз ды табысты орындауымызда – 
тәуел сіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақ станды 
құруға талпынуда. 
Орташа  айлық  жалақы  5  есеге,  ал 
зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір 
сүрудің  ең  төменгі  деңгейінен  аз  табысы  бар 
халықтың  үлесі  есеге  (50%-дан  12%-ға  дейін) 
азайды.  Халық  денсаулығының  негізгі  көр сет-
кіш тері  жақсарды.  Күтілетін  өмір  ұзақтығы  65-
тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге 
азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 
652  мектеп  және  463  ден сау лық  сақтау  нысаны 
салынды.  «Жол  картасы-2009»  бағдарламасы 
бойынша  да  жұмыстар  атқарылуда.  Елбасының 
тікелей басқаруымен атқарылып отырған бұндай 
істер  жалғасын  тауып,  келешек  Қазақстанның 
болашағы жастарда болмақ.
Міне,  осы  жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан 
бүгінгі  күнде  өзінің  әлеуметтік,  экономикалық 
реформаларын жүргізіп келе жатқан дамушы ел. 
Ендігі жерде бізді алаңдатар мәселе де осында, ол 
осы жеткен жетістіктерімізді ұрпағымызға аманат 
етіп, өзінің жарасымды жалғасын табуы үшін не 
істеу  керек?  Ол  үшін,  алдымен  тәуелсіздігімізді 
сақтап,  өскелең  ұрпақ  бойына  отансүйгіш 
сезімді ұялатып, сіңіруіміз, оларға ұлттық тәлім-
тәрбиені  беруге  барынша  көңіл  бөлуіміз  қажет. 
Соңғы  жылдары  қалыптасқан  тәрбие  жүйесі 
көпшілік жағдайда ұран, сөз, мәліметтік сипатта 
болды  да,  ол  осы  жоғарғы  оқу  орындарындағы 
студенттер болсын, мектептегі оқушылар болсын, 
олардың міндетті түрде қоғамдық іске араласуын 
белгілі дәрежеде қарастырмай келіп, патриоттық 
тәрбиелеу  бағытын  қиындатты  десек  те  болады. 
Қазіргі  кезде  осы  олқылықтардың  орнын 
толықтыруда  елдің  өткендегі  ерлік  істерін  терең 
сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше 
тиімді  әдістері  мен  формаларын  қарастыруды 
талап етіп отыр. Әсіресе, қазіргі таңда қайсарлық, 
табандылық,  батылдық,  білімнен  басқа,  өнегелі 
тәлім-тәрбие  керек.  Сол  себепті,  осы  мәселені 
ескере  отырып,  ҚазҰПУ-нің  қолға  алып 
отырған  «Ұлттық  тәрбие»  жайлы  бастамасының 
осындай  олқылықтардың  орнын  толтыруда 
үлесі  мол  болмақ.  Бұған  дейін  де  аталған  білім 
ордасының  атқарған  жұмыстары  қыруар.  Соның 
бір  көрінісі,  жастарға  білім  беру  жолындағы 
тәрбиені  шыңдап,  ой-өрісін  кеңейту  мақсатында 
Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Педагогикалық 
Университетінде  Ғылыми  Кеңестің  шешімімен 
тұңғыш рет «Ұлттық тәрбие» атты пәннің енуі, 
«Ұлттық  тәрбие»  кафедрасының  ашылуы.  Бұл 
пәннің  болашақ  мамандар  үшін  де,  қоғам  үшін 
де  қажеті  өте  зор.  «Ұлттық  тәрбие»  пәнінің 
мақсаты  –  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан, 
ұлттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды ұштастыра алатын, ұлттық мүдде 
мен қоғамның өркендеуіне өз үлесін қоса алатын, 
ұлтжанды, толық кемелді азаматтарды тәрбиелеу. 
Егер де халық педагогикасындағы ұлттық тәлім-
тәрбие берудің ғылыми негіздері айқындалса, онда 
оқушы  жастардың  ұлттық  сана-сезімі  жетілген, 
тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамыған азаматтар 
қалыптасқаны.  Біз,  осы  тұрғыдан  оларды  оқыта 
отырып  тәрбиелейміз, саналы  да, білімді шәкірт 
даярлап  шығару  мақсатымыз.  Бұл  пәннің  тек 
жоғары  оқу  орындарында  ғана  емес,  ол  отбасы 
ошақ  қасынан  басталған  тәрбиемен  ұштасып, 
балабақшадан, мектептен жалғасын тапса орынды 
болар  еді.  Яғни,  осы  жердегі  ескеретін  жайт, 
ұлттық  тәрбие  пәнін  ендіргендегі  мақсатымыз 
– ұлтшылдыққа бет бұру емес, Қазақстанда білім 
алатын  басқа  ұлт  өкілдеріне  қазақ  халқының 
тұрмысынан,  салт-дәстүрінен,  әдет-ғұрпынан 
мағлұмат  бере  отырып,  оны  түсіндіру  арқылы 
қарым-қатынасты  нығайту,  саналы  да  үлгілі 
тәрбиесін насихаттау.
Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып 
отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, тарихын, 
ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастарға, 
тастанды  балаларға,  мінезі  «қиын»  балаларға, 
нашақор,  ішімдікке  салынған  жастарды  түзеуге 
де  көмегін  тигізе  отырып,  оның  алдын  алуға, 
жолын  болдырмаудың  негізгі  жолы  болмақ.  
Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, ақылды, 
білімді,  ұлтжанды,  еңбекқор,  кішіпейіл  болып 
өседі.  Осындай  жағдайларды  ескеріп,  ұлттық 
тәрбие  –  ел  болашағының  негізі  болатынына 
кәміл  сене  отырып,  осындай  игі  істі  қолға  алып 
отырмыз.  Жоғарыда  аталған  тағандарымыз  бір-
бірімен  қабыспай,  бір  тілде  сөйлемей,  бір  дінді 
ұстанбай қазақта бірліктің де, тірліктің де берекесі 
болмасы анық. Тарих пен ата дәстүріміз шеттетіле 
(ұмытыла)  бастағаннан  кейінгі  кезек  ана  тіліне, 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 19 
одан  ділге  ауысып  бір-бірімен  жалғасты.  Халық 
даналығында «Көп түкірсе, көл болады» демекші, 
жұмыла  кіріссек,  қандай  берік  қамал  болса  да 
алынады. Сол себепті, біз алдымен осы мәселерді 
шешуде  белсене  кіріскеніміз  жөн.  Осының 
бүгінгі  таңда  ең  өзекті  мәселе  екені  төменгі 
фактылардан  айқындала  түседі.  Қазақстанның 
Ішкі  Істер  Басқармасының  бастығы  Серік 
Байғамағанбетовтың мәлімдеуінше, 2009 жылдың 
11 айында ішкі істер бөліміне 5000-дай кәмелетке 
толмаған  жастардың  қылмысы  тіркелген.  Оның 
ішінде 1200-і ауыр және өте ауыр заң бұзушылық 
(шамамен 117 кісі өлтірушілік, 290 қарақшылық 
және  780-дей  ұрлық).  Қазіргі  таңда,  полиция 
органдарында 18 мыңнан аса кәмелетке толмаған 
балалар, оның ішінде 1000-ы бұрын сотталғандар, 
шамамен  4000-дай  нашақор,  2000-дай  ішімдікке 
салынған жасөспірімдер  тіркеуде тұр.
«Халықаралық  түрме  реформасы»  («PRI» 
ұйымы)  ұйымының  хабарлауынша,  Қазақстанда  
жасөспірімдерді  тәрбиелейтін  4  колония  және  
қыздарға  арналған  1  локальді  бөлімше  жұмыс 
жасайды.  Тәрбиелеуші  колонияда  жастары  14-
тен  16-ға  дейін  33,  16-дан  18-ге  дейін  375,  18-
ден  21-ге  дейін  63,  жалпы  саны  471  жасөспірім 
тәрбиеленуде.  Қазіргі  уақытта  республикамызда 
20  мыңнан  аса  мінезі  қиын  балалар,  16  мыңдай 
жетім  және  қараусыз  қалған  балалар  тіркелген. 
Дұрыс тәрбие мен білім алмай, әлеуметтік төмен 
жағдайда 34 мыңнан аса бала өмір сүруде. 
Халықтың  рухани  құндылығы  ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып, мәңгі өмір сүруі тиіс. Ұлттық 
сана-сезімді  қалыптастыру  қажет.  Ол  туа  біткен 
биологиялық  қасиет  емес, ол әлеуметтік, яғни, 
тарихи қалыптаса отыратын қасиет. Ең алдымен, 
біз  ана  тілі  –  қазақ    тілін  үйреніп,  басқаларға 
үйретке-німіз  жөн.  Соңғы  жылдары  біраз 
жетістіктерге  де  жетіп  жатырмыз.    Десек  те  тіл 
білмейтіндердің  қатары  азаяр  емес.  Өзге  тілді 
білгенің  өте  жақсы.  Бұл  –    тіл  білер  азаматтың 
артықшылығы.  Оны  ешкім  сенен  тартып  ала 
алмайды. Бірақ өзің суын ішіп, топырағын басып 
жүрген жеріннің, еліннің тілін білмеуге болмайды, 
әрі  ол  –  Қазақстан  азаматының  міндеті.  Бүгінде 
дүние  жүзінде  жүз  алпысқа  жуық  мемлекет,  екі 
мыңнан  астам  ұлттар  мен  ұлыстар,  этникалық 
топтар  бар.  Кейбір  лингвист  ғалымдардың 
айтуынша,  әлемдегі  халықтар  бір-бірімен  7000-
нан  астам  тілде  сөйлесіп,  түсініседі  екен.  Осы 
жердегі  бізді  алаңдатып  отырған  мәселе  –  ұлт 
тілінің тағдыры болмақ.
Міне, сондықтан, ұлттық тәрбие бере отырып, 
біздің  көздегеніміз  жастарға  ана  тілі  құрыса  – 
ұлттың құритынын түсіндіру. Ал, егер ұлт құрыса 
онда ұлттық мәдениет те, ұлттық дәстүр де, ұлттық 
сана-сезім де түгелдей құрып, дүниеге тегі, дәстүрі 
белгісіз бір қасиетсіз халық келетінін жеткізу. Сол 
арқылы қазақ ұлтының дәстүрін, мақсат-мүддесін, 
бүткіл  болмысын  қалыптастырып,  нәр  беріп, 
қоректендіретін,  кемеліне  келтіретін  ұлттық  тіл 
ғана  екенін  ұрпаққа  жеткізу!  Мемлекеттік  тіл 
арқылы  қазақстандық  патриотизмді  жүрегімізге 
ұялата аламыз. Сондықтан ұлттың сана-сезімімен 
ана  тілін  білу  де,  тарихқа  зер  салудан  төл 
мәдениетті игеру туындайды. Тілін білмейтін адам 
өзінің  де,  ел-жұрт,  халқының  да  қадір-қасиетін 
бағалай, байыптай алмайды. Ұлттық тәрбие бере 
отырып, біз осы сияқты отансүйгіштік қасиеттерді 
қалыптастыруға әсер ететін факторларды – ұлттық 
мақтанышты, ұлттық сезімді, ұлттық дәстүрлерді, 
әдет-ғұрыптарды,  дінді,  ділді  насихаттап, 
үйретеміз. Осы істі шешуде мынадай мәселелерді 
қолға  алу  керек.  Қазақ  тілді  балабақшалардың 
санын  көбейтіп,  техника  дәуірінің  дәуірлеп 
тұрған  кезінде  теледидар  бағдарламаларының 
қазақ  тілінде  көптеп  таралуына  ықпал  ету. 
Қазақ  мектептерінің  санын  көбейтіп,  ғылым, 
білім  тілінің  молаюына  жағдай  жасау  керек. 
Көшелердің, 
елді 
мекендердің 
аттарын, 
хабарландыру,  жол  белгілерін,  жарнамаларды  
қазақшалап өзгертудеміз, ішінара қателер де аздап 
кездесіп жатады. Бірақ  көш жүре келе жөнделеді 
демекші,  оны  түзеудеміз.  Іс    қағаздары  қазақ 
тілінде  жүргізілуде,  нәтиже  беріп  жатқандары 
да  бар.  Көпшілік  қызмет  орындарында  қызмет 
көрсетуде, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде ана 
тілінің  қолданылуына  ықпал  ете  отырып,  орыс 
мектептерінде  қазақ  тілі  сағаттарын  көбейту. 
Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекет,  сондықтан  өз 
тіліңнің  мүддесін  қорғау  –  өзге  тілдің  мүддесін 
ұмыту емес екенін ескертіп, оларға да түсіндіріп, 
қазақ тілін білуді оларға да міндеттеу керек. Тіл 
білуді  қалыптастыра  отырып,  ұлттық  тәрбиеге 
жол ашамыз.
Ұлттық тәрбие халықтың өмірін, рухын және 
тілдерінен  тұратын  ішкі  заңдарын,  оның  ұлттық 
мінезін,  болмысын  көрсетпек.  Ұлтты  оятудың 
негізгі  тетіктерін  анықтап,  біліп  алған  дұрыс. 
Ол  тетіктерге  біріншіден  –  мемлекетшілдік 
нышандарды  дамыту,  оны  ұлттық  тәрбиемен 
ұштастыру, сөйтіп, алдымен отаншылдық рухын 
ояту керектігін ұсынамыз. Ұлттың мәңгілік болуы 
оның уақытқа бағынбайтындығында және ұлттың 
мәңгілік  болуы  халқын,  жерін,  елін  сүйетін 
азаматтарды қалыптастырып, тәрбиелеуде болмақ. 
Сондықтан  да  жаңа  ғасырды  жақсы  қарқынмен 
бастап келе жатқан егеменді еліміздің болашағы 
үшін саналы да, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудің 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 20 
ұлттық  сипатын  жандырып,  дамытуға  бар  күш-
жігерімізді салудамыз. Өркениетке қадам басқан 
тұстағы  оның  алғышарттарының  бірі  ұлттық 
тәлім-тәрбие  мен  сапалы  білім  беру  болып 
табылады. Себебі, жастарға ұлттық құндылықтар 
негізінде жан-жақты тәрбие беру – сол өркениетке 
жету  жолындағы  мұратымыздың  кепілі.  Біз 
жаңадан  аяғына  тұрып  келе  жатқан  дамушы 
мемлекетпіз.  Терезесі  теңескен,  төрт  құбыласы 
тең мемлекет ретінде қалыптасу үшін білім-білік 
пен рухы биік, жастарды отаншыл етіп тәрбиелер 
өнегелі  тәрбие  қажет.  Бұл  жайында  еліміздің 
ертеңі  келер  ұрпақ  саналатын  жастарымыздың 
өмірден  өз  орнын  тауып,  қарым-қабілеттерін 
шыңдап,  әлеуетін  анықтап,  танытуына  барынша 
жағдай  жасау  керек  екенін  Елбасы  өзінің 
халыққа  жолдауында  да  ашық  айтқан  болатын. 
Мұның  өзі  жастарды  қоғамда  белсенділігін 
арттыруға,  олардың  бойында  ұлттық  сана  мен 
отаншылдық  қасиеттердің  дамуына,  жеке  тұлға 
болып қалыптасуы үшін ашылған ақ жол тәрізді 
рухты  демеп  отыратынына  септігін  тигізбек.  Біз 
жастарды тәрбиелегенде шынайы отаншылдарды 
тәрбиелеуді  естен  шығармауға  тырысудамыз, 
себебі,  солар  ғана  еліне  игілікті  істер  тындыра 
алады.  Жалпы,  келешек  ұрпақтың  қамын  бүгін 
ойлау – аға ұрпақ борышы.
Біздің ұлттық тәрбие берудегі мақсатымыз да 
осы жағдайларға негізделмек. Тегінде жас өскіннің 
болашақ  азаматтық  бағдары,  оның  патриотизмі, 
туған  жерге  деген  жақындығы  отбасынан 
басталып,  балабақшада,  мектепте,  жоғары  оқу 
орнында  жалғасары  бәріне  аян.  Олардың  оттан 
да ыстық Отанына шын берілген патриот болып 
қалыптасуына Бауыржан Момышұлы айтқандай: 
«Ел  дегенде  еміреніп  қызмет  ететін»  азамат 
болып, алдыңғы толқын ағалары мен әпкелерінің 
өнегелі өмірінен тағылым алып өссе дейміз. 
Қазақ  білім  ошақтарының  басты  міндеті 
–  білім  берумен    бірге    өнегелілікке,  саналы  
тәрбиеге 
баулуда, 
тұлғалық 
мінез-құлық 
қалыптастыруда,  еліне  қажет  отансүйгіш  ұрпақ 
тәрбиелеуде  жатыр.  Өз  халқының  мәдениетін, 
тарихын,  өнерін  сүю,  сыйлау  арқылы  ұлттық 
рухта  тәлім  алған  бала  өзге  халықтардың 
мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын 
нағыз  мәдениетті  азамат  болып  қалыптасады. 
Халқымыздың  тәлім-тәрбиесіне  зер  сала  үңіліп 
қарасақ,  адамгершілікті,  мейірбандылықты, 
қайырымдылықты 
дәріптейтінін 
көреміз. 
Әлеуметтік өмірімізде үлкенді сыйлау, құрметтеу 
ұлттық дәстүрге айналған. Жастарды имандылыққа 
тәрбиелей  отырып,  олардың  ар-ұятын,  намысын 
оятып,  мейірімділік,  қайырымдылық,  адалдық, 
кішіпейілділік сияқты адами қасиеттерді бойына 
сіңіре отырып, баланы үлкенді сыйлауда, кішіге ізет 
көрсетуде,  адамгершілікке  баулуда,  отаншылдық 
рухты сіңіруде ұлттық педагогика қашанда халық 
тәрбиесін  үлгі  ұстайды.  Тілді  қалыптастыра 
отырып, ұлттық ділдің қалыптасуына ықпал етеміз. 
Тіл  –  менталитеттің  феномені,  тілді  білмеген 
оның парқына да, байыбына да бармайды. Тілді 
білгеннен  кейін  менталиттеттің  қалыптасуына 
жол  ашылады.  Менталитет  нық  болғанда  әлем 
бізді мойындайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет 
болғандықтан, біз ділімізді жастардың бойына бір 
халықтың шығу тегін географиялық, әлеуметтік, 
мәдени,  тілдік  факторлармен  байланыстыра 
отырып,  оның    ақыл-ойын,  дүниетанымын,  ішкі 
жан  дүниесін,  құрылымын,  басқа  ұлттар  мен 
ұлыстардан,  әртүрлі  тілдік  мәдени  қоғамдардан 
өзіндік ерекшелігін айқындай отырып тәрбиелеп 
жатырмыз.  Кеңес  үкіметі  кезінде  салт-дәстүр, 
дініміз  біршама  алыстап  кеткен  еді.  Кеңес 
үкіметі  елді  тілінен  «безіндіріп»,  діні  жоқ 
атеизмдікті  еңдірудің  арқасында  халықты 
біршама тұйыққа тіреді. Қазір мешіттердің саны 
көбейіп,  дінге  бетбұрушылық  жастар  арасында 
көбейіп  келеді.  Деректерге  сүйенсек  бір  ғана 
мұсылман дінінің ішінде 270-тей ағым бар екен. 
Сол  себепті,  әртүрлі  секталарға  адасып  кірген 
жастарға  діннің  дұрыс  жолына  түсуіне  бағыт-
бағдар  беріп  отырған  жайымыз  бар.  Зайырлы 
мемлекет  болғандықтан  Қазақстанда  барлық 
діндердің  өздерінің  шіркеу,  мешіттері  бар.  Бұл 
мемлекет тарапынан халықтардың рухани дұрыс 
дамуы  үшін  жасалып  отырған  қолдаулар.  Діни 
ынтымақтастық  пен  бейбітшіліктің  арқасында 
Қазақстанға Рим папасының келуі, Мәскеу және 
Бүкіл Ресей Патриархы, дінбасы Кириллдің келіп-
кетуі болса, бұл өз кезегінде Қазақстанда тұрып 
жатқан халықтардың достығын, толеранттық пен 
халықтар  арасындағы  тыныштықты  арттырып, 
дінаралық  байланысты  нығайта  түсудің  айқын 
көрінісі. 
Жоғарыда  айтып  жатқан  қасиеттерді  балаға 
жастайынан бере білсек, ұлттық тәрбиенің берік 
іргетасын  одан  да  нық  қалағанымыз  болар  еді. 
Сонда  ғана  қоғамда  өзінің  жақсы  адамершілік 
қасиетімен,  ұлттық  рухты  тәлім  мен  тәрбие 
арқылы  ұштастырған  білімді  де,  патриот  ұрпақ 
тәрбиелеуде ұлттық тәлімнің ықпалы зор болмақ. 
Жастардың  сана-сезімін  ояту,  отансүйгіштік 
қасиетін  ояту  қазіргі  қоғамдағы  тәрбиенің  алға 
қойған  негізгі  мақсаты.  Сондықтан  да,  отан 
алдында  жауап  бере  алатын  қабілетін  жетілдіру, 
қоғам  өміріндегі  маңызды  мәселелер  жөнінде 
өзінің  азаматтық  позициясын  қалыптастыра 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 21 
алатын,  өз  отанына  деген  сүйіспеншілік  сезімі 
мен  оған  деген  құрметін  күшейтумен  бірге 
мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын арттыру, 
Ұлттық рәміздерімізді құрметтеуді  қалыптастыра  
отырып,  өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда 
өмір сүруге үйрету арқылы  ұлттық тәрбиеміздің 
мақсаттарын  айқындап,  сол  жолда  біраз  аянбай 
еңбек  етудеміз.  Ұлтына  шын  жанашыр  болып, 
болашағын ойласаң, ұлы Хазірет Әлидің сөзімен 
айтқанда:  «Балаларды  өздерің  болмайтын 
уақыт  үшін  тәрбиелеңдер.  Өйткені,  олар  сендер 
болмайтын уақыт үшін жаралған» деуі арқылы сол 
кезде-ақ  болашақ  мемлекеттің  іргесі  берік  болу 
үшін  ұрпақ  тәрбиелеуде  аталы  терең  мағыналы 
сөзін  қалдырған  еді.  Жоғарыда  айтқандай, 
ұлттық  тәрбие  беру  ұлтшылдыққа  қадам  басу 
емес, Қазақстанда өмір сүретін басқа халықтарға 
өзіміздің  салт-дәстүр,  мәдениетімізден  хабар 
берудің бір көрінісі деп ұққан жөн.
Жалпы,  тәуелсіз,  тұғырлы  мемлекет  өз 
ұлттық тәрбиесін ұрпағына еркін дарыта отырып, 
танытар болса, ол елдің болашағы жарқын деген 
сөз. Ендеше, бүгінгі егемендігімізді алып отырған 
заманда  мақтан  тұтарлық  өз  ұлттық  тәрбиемізді 
насихаттап,  халыққа    таныту  жолында    ұстанып 
отырған  жолымыз  дұрыс  деп  ойлаймыз.  «Отан 
отбасынан басталады» деген де ұлттық тәрбиенің 
түп  төркіні.  Ел  келешегі  жас  ұрпақ  тәрбиесіне 
тікелей  байланысты.  Өйткені,  бүгінгі  күннің 
жастары ертеңгі халқына қызмет ететін азаматтар 
болады.  Сондықтан  да,  намысы,  қажыр-қайраты 
бар  ұрпақ  тәрбиелеуіміз  қажет.  Жаңа  ұрпақтың 
көкірегіне білім нәрін еге отырып, елдігімізді қайта 
жаңғыртып, адамгершіліктің дәнін ексек, ана тілін 
бойына дарытып, ұлттық рухта тәрбиелесек, нұр 
үстіне  нұр  жауып,  еліміз  көркейіп  дамитынына 
сенім  молая  түседі.  Білім  алу  қаншалықты 
маңызды болса, жақсы, өнегелі тәлім-тәрбие алу 
да  соншалықты  маңызды.  Қыран  болып  аспанға 
қалықтап шығуымыз үшін бізге екі қанат қажет, 
ол  қанаттың  біріншісі  –  жақсы  білім  болса, 
екіншісі – ұлттық тәлім-тәрбие арқылы берілетін 
адами  құнды  қасиеттеріміз.  Егер  қанатымыздың 
біреуі  майырылып,  сынған  болса,  көкке  самғай 
алмай,  құлдилап,  басқаларға  жем  болуымыз 
мүмкін.  Тек  білім  алып  қана  қойып,  ұлттық 
құндылықтарымызды  бойымызға  таратпасақ, 
аталарымыз арқылы ғасырдан  ғасырға жалғасып, 
мұра  болып  келе  жатқан  ата-бабаларымыздан 
қалған тілімізді, дінімізді, ділімізді, мәдениетімізді, 
тарихи  шежірелерімізді  ұмытсақ  осынау 
жаһандану ауызын арандай ашып отырған тұста 
жұтылып кетеріміз анық. Сондықтан да алдыңғы 
қатарлы елдерден білім жағынан үлгі ала отырып, 
ұлттық ерекшеліктерімізді ұмытпаған жөн. Қазақ 
халқының  ғасырлар  тұңғиығынан  келе  жатқан 
ұрпақ  тәрбиелеудегі  тәжірибелерін,  маңдайына 
біткен  ұлттық  құндылықтарымызды,  өшпес 
мұра  болып  қалыптасып  келе  жатқан  дархан 
халқымыздың  насихаттарын  өзіміздің  талмай, 
қажымай еткен еңбегіміздің арқасында дарынды 
да, тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық 
мәдениетімізді  әлемдік  деңгейдегі  мәдениетке 
жеткізіп,  қалыптастыруға  қолымыздан  келгенше 
атсалысып  жатырмыз.  Осы  бағытты  ұстанып 
отырған  жолымызды  барша  көпшілік  қауым 
қолдар деген үміттеміз. Мемлекетіміздің дамыған, 
баянды өмірі үшін ұлттық тәрбиенің қоғамда алар 
орны зор.
ХХІ  ғасыр  бүкіл  әлемде  информатикалық-
технологиялық қоғамның орнығуы мен дамуы ең 
алдымен, білімі сапалы, жаңа мамандарды қажет 
етеді. Осы ретте білімнің информатикалық сипат 
алып  бара  жатқанына  орай,  үздіксіз  білім  беру 
үдерісіне ұлттық білім беру пәнін ендірудің маңызы 
зор. Себебі, дәуір мен қоғамның құбылысына сай 
көптеген  этносқа  қамқор  ел  ретінде  дамып  келе 
жатқан  Қазақстан  халқы  өзінің  рухани  қадір-
қасиетін тұрақты ұстап тұруы шарт. 
Қазіргі жастардың көбі үлкенді сыйлау, жасы 
үлкенге орын беру, бір-бірімен ана тілінде сөйлесу, 
ұлттық мәдениетті бағалау, қастерлеу, қадірлеуге 
немқұрайды  қарауда.  Осыдан  келіп  ұлттық  тіл 
мен мәдениетін менсінбейтін, тілсіз, дінсіз, ессіз 
ұрпақтар өркендеп келеді. Міне, бүгінгі ұрпаққа 
ізгілік,  имандылық  рухында  тәрбие  беруіміздің 
мақсаты  осы  еді.  Тәрбие  мәселелерін  тек  ата-
ана, мектеп шешеді десек қателесеміз, ол жоғары 
оқу  орындарында  жалғасын  тауып,  білім  беру 
саласымен  үндесіп,  қоғамдық  мәндегі  басты 
мәселе болуға тиісті. Тәрбие болғанда да ол ұлттық 
болу керек. Тәрбиесіз – қоғам жөнделмейді. 
Біз  имандылығы,  адамгершілігі,  қарапайым-
дылығы,  қонақжайлылығы  көзінен  көрініп, 
жүрегінен  сезіліп  тұрған,  ұлтжандылығы  ішінде 
ұйып  жатқан  кең  пейілді  халықпыз  ғой.  Ұлттық 
тәлімді  берудегі  көздегеніміз,  бір  жағынан 
осы  қасиеттерімізді  сыртқа  шығарып,  ұлттық 
педагогикамызды қайтадан жаңғыртуға талпыну.
Қорыта  келе  айтарымыз,  бүгінгі  жастар 
тәрбиесіне  зор  жауапкершілікпен  қарауды  талап 
етіп,  отбасында,  мектепте,  қоғамдық  орындарда 
ана тілі мен ұлттық сананы жастардың жүрегіне 
терең  ұялатудың  жолдарын  қарастыра  отырып, 
білім  беру  саласында  ұлттық  бағытта  тәрбиелеу 
арқылы мәдени процестің биік шыңына шығамыз 
деп ойлаймыз. 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 22 
ұлттың өзіне тән сипаттары арқылы тәрбиелеудің 
маңызы  да  осында.  Осы  ынтымақтастыққа 
қазақтар  ешкімге  ұқсамайтын  дербес,  тәуелсіз, 
өзіндік  өмірі,  мәдениеті  бар  халық  есебінде 
кіруге тиіс. Мұхтар Әуезов сияқты әлемдік даңқы 
бар  жазушымыз  да  ұлт  жазушысы  есебінде 
қабылдануы  керек.  Қазақтың  тілі  де,  өнері  де 
сол қалпында әлемдік мәдениетті өркендетуге өз 
үлесін қосатын болады. 
Осындай  мақсатпен  Қазақстанның  жоғары 
мектебімен      орта    білім    жүйесінде  оқылуға 
ұсынылып    отырған «Ұлттық   тәрбие  пәнінің»  
негізгі  мазмұны  неден  құралуы  керектігі 
қазір  талқылану  үстінде.  Университетте  бұл 
пәннің  бағдарламасы  жасалды.  Адам  тәрбиесі 
жалпыланып  бара  жатқан  жағдайда,  ұлт  өкілін, 
жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық ерекшеліктерді, 
дәстүрлерді  негізге  алып,  қазақтардың  рухани 
тіршілігін  қалыптастырған  адамдық,  адалдық, 
кісілік,  әдептілік,  гуманистік  сипаттарын 
жақсылап  ашып  беру  де  осы  пәннің  міндетіне 
кіріп отыр.
Шынында,  қазақтардың  басқа  халықтарда 
жоқ, өзінің ұлттық сипаттарына кіретін қаншама 
дәстүрлік  салт-санасы  сақталған.  Қазақтарда 
туыстықтың өзгеше түрі қалыптасқан. Бірге туса 
да,  тумаса  да,  тегі  бір,  жақын  туыстарын  олар 
аға,  іні,  қарындас,  әпке  тұтады.  Жеті  атасына 
дейін олардың некелесуіне тиым салынған (оның 
адам организмін таза сақтаудағы, дені сау ұрпақ 
туғызудағы  маңызы  ғылымда  дәлелденген). 
Қыз тәрбиесіне де қатты көңіл бөлінген. «Қызға 
қырық жерден тыйым» салып, жер-ошақ аттатпау, 
жайдақ  атқа  мінгізбеу  сияқты  әдет-ғұрыптар 
олардың  адалдықты    сақтауы  үшін  жасалған 
Қай  халықтың  болсын  өзіне  тән  ұлттық 
тәрбие  жүйесі  болады.  Олар  жалпы  адамзатқа 
ортақ мәдениет құрамына кіреді. Осы ортақтасу, 
іріктеу  тұсында  жеке  халықтарға  тән  тәрбиелік 
әдіс-амалдар, ой-пікірлердің біразы түсіп қалады 
да, жалпы адамдық тәрбиенің негізгі қағидалары 
ғана тәрбие туралы ұғымға қосылады. Сондықтан, 
бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие жүйесі жаңа адамды 
тәрбиелеу, қалыптастырудың басты принциптерін 
басшылыққа алғанмен, жеке халықтар мен ұлттарға 
тән тәрбиені толық бере алмайды. Қазір тәуелсіз 
Қазақстанда,  оның  ішінде  біздің  университетте 
көтеріліп  отырған  ұлттық  тәрбие  проблемасы 
осындай  қажеттіліктен  туындап  отыр.  Кеңес 
өкіметі  тұсында  оны  мекендеген  халықтардың 
бәріне ортақ мәселелер қозғалды да, таза ұлттық 
проблемалар сөз болған емес. Еліміздің тәуелсіздік 
алуы осындай, бұрын халықтардың ортақ мүддесі 
тұсында мән берілмеген ұлттық тіл, діл, әдебиет 
пен өнер, ұлттық тәрбие мәселелерін көтеруді күн 
тәртібіне қойды. 
Қазір 
 
әлемдік 
дамудың 
біртұтас 
үрдісі                біртіндеп  бой  көтеріп  келе  
жатқаны  белгілі. Жаһандану деп аталатын мұндай 
процесс  халықтарды    біртұтас  етіп  біріктіріп 
жібермегенімен,  ынтымақтасуға,  экономикалық 
қарым-қатынасқа,  мәдени  дамуға  ықпалдастық 
жасауды көздейді. Осы процесте әр халық өзінің 
ұлттық  ерекшеліктерін,  тұтастығын  сақтауға 
тырысады,  әлемдік  ынтымақтастыққа  өзіндік 
сипат-белгілерімен  келуге  ұмтылады.  Бұл  –  сол 
халықтардың жалпы бірігуде жоғалып, жұтылып 
кетпеуінің  бірден-бір  жолы.  Қазақтардың 
ұлттығын,  дербестігін  сақтау  үшін  жас  ұрпақты 
жалпы  адамгершілік  құндылықтармен  бірге, 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал