Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



жүктеу 5.08 Kb.

бет8/17
Дата07.02.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Түйін сөздер: Капитал, Инвестициялар, Венчурлық инвестициялар, Несиелер, Лизинг, 
Франчайзинг.
В данной статье рассматриваются  источники финансирования предприятия и их виды. В 
условиях рыночной экономики внешние источники финансовых ресурсов имеют огромное 
значение: предприятие на практике не может обойтись без привлечения заемных средств. 
Заемные  средства  в  нормальных  экономических  условиях  способствуют  повышению  эф-
фективности  производства,  необходимы  для  осуществления  расширенного  производства. 
Многообразие каналов привлечение заемных ресурсов создаст возможность использовать 
их в различных ситуациях.
 
Источники заемных средств: (1) кредиты банков, (2) коммер-
ческие кредиты, (3) факторинг, (4) лизинг, (5) кредиторы и пр. Привлечение заемного капи-
тала становится необходимым в случае покрытия потребности предприятия в основных и 
оборотных фондах. Такая потребность может возникнуть в ходе проведения реконструкции 

45
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
и  технического  перевооружения  производства,  из-за  отсутствия  достаточного  стартового 
капитала, наличия сезонности в производстве, заготовках, переработке, снабжении и сбыте 
продукции, а также в результате отклонений в нормальном ходе кругооборота средств по 
независящим от предприятия причинам: необязательность партнеров, чрезвычайные обсто-
ятельства и т.д. Заемный капитал подразделяется на краткосрочный и долгосрочный. 
Ключевые слова: Капитал, Инвестиция, Кредит, Лизинг, Франчайзинг.
In this article sources of fi nancing of the enterprise and their types are considered. In the condi-
tions of market economy external sources of fi nancial resources have huge value: the enterprise 
in practice can’t do without attraction of borrowed funds. Borrowed funds in normal economic 
conditions promote production effi ciency increase, are necessary for implementation of expanded 
production. The variety of channels attraction of loan resources will create opportunity to use them 
in various situations. Sources of borrowed funds: (1) credits of banks, (2) commercial credits, (3) 
factoring, (4) leasing, (5) creditors and so forth. Attraction of the loan capital becomes necessary in 
case of a covering of requirement of the enterprise in the fi xed and revolving funds. Such require-
ment can arise during carrying out reconstruction and production modernization, due to the lack of 
the suffi cient starting capital, seasonality existence in production, preparations, processing, supply 
and production sale, and also as a result of deviations in a normal course of a circulation of means 
for the reasons independent of the enterprise: non-obligation of partners, force majeure, etc.
Keywords: capital, investment, credit, leasing, franchising.
Капитал  сөзі  немісше kapіtal,  ағылшынша 
capіtal, латынша capіtalіs – басты нəрсе‚ бас ты  
мүлік, негізгі қаржы деген мағынаны біл ді реді.
Бастапқы  капитал  –  бұл  бизнесті  бас тау  
үшін қажет болатын қаражат, яғни биз нес тен 
табыс алу деңгейіне жеткенге дейін шы ғын-
дарын  жауып  отыру  үшін  керекті  қара жат,  
мұның  ішіне  негізгі  қорға  салынған  ин  вес-
тициялар да кіреді.  Бастапқы капитал ақшалай 
қаражат  түрінде  жəне  басқада  істі  бастауға 
керекті  материалдық  активтер  түрінде  бола 
алады.  Мысалы  өндірісті  бастауға  керекті 
ши кізаттар,  құрал-жабдықтар,  ғимараттар, 
жер  телімдері т.б. сол сияқты құндылықтар. 
Биз несті бастау үшін салынған бастапқы ка-
пи талды  қаржылық  құжаттарда  жарғылық 
ка питал деп көрсетеді.
Бастапқы  капиталдың  қызметі  бұл  кəсіп-
кер лікті  бастау  үшін  кететін  шығындардың 
ор нын толтырып отыру, бастаған іске керекті 
қа ра жатпен қамтамасыз ету болып табылады.
Орта жəне ірі кəсіпкерлікпен айналысатын 
ұйымдар  үшін  бұл  жарғылық  капиталдың 
ми ни малды  мөлшері  «Жауапкершілігі  шек -
теулі  жəне  қосымша  жауапкершілігі  бар 
серіктестіктер  туралы»  Қазақстан  Рес пуб-
ли касының  1998  ж. 22 сəуірдегі  №220-I 
Заңымен  бекітілген,  ал  шағын  кəсіпкерлік 
су бъектілері үшін мұндай талап жоқ. Соны-
мен  қатар шағын бизнес субъектілеріне жа-
татын  заңды  тұлғалар  үшін  де  жарғылық 
капи тал 100 теңге көлемінде бекітілген, бұл 
əри не тек қана ұйымды тіркеу үшін жасалған 
же ңіл діктер болып табылады, нақты істі 100 
теңг е көлемінде бастау мүмкін болмайтыны 
айт паса түсінікті. 
Бизнеске  қажетті  бастапқы  капитал  биз-
нес  жоспарды құрау кезінде есептеліп анық-
талады.  Сондықтанда  кəсіпкерлікті  бас тау 
үшін  қажетті  бастапқы  капиталдың  мөл ше-
рін  дұрыс есептеудің маңызы зор.
Кез-келген  бизнесті  бастаудағы  басты  
мақ сат пайда табу. Сонымен бірге бастапқы 
ка пи тал тек қана істі бастауға ғана шы ғын-
да ла тынын айтқанбыз, ары қарай бизнестің 
жү руі  үшін  қосымша  қаражаттар  керек.  Ол 
қаражатты  кəсіпкер  қайдан  алуға  болады,  
біз  қəзір  соны  қарастырамыз.  Қазіргі  таң да  
Қазақстанда келесідей кəсіпкерлерді қар жы-
лан дыру көздері немесе құралдары бар:
-  Инвестициялар;
-  Венчурлық инвестициялар;
-  Несиелер;
-  Лизинг;

46
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
-  Франчайзинг
Инвестиция  бұл  инвестордың  уақытша 
бос қаражаттарын ұзақ мерзімге  кəсіпкерлік 
жо ба ларға,  əлеуметтік-экономикалық  бағ-
дар ла маларға  немесе  инновациялық  жоба-
лар ға  құюы.  Инвестициялар  ұзақ  мерзімге 
бағыт талған болады.
Инвестициялар бизнестегі келесі мін дет-
тер ді шешуге көмектеседі:
-  Қаржы  жəне  материалдық  қорларды 
жи нақтау арқылы бизнесті кеңейту;
-  Жаңа кəсіпорындарды сатып алу;
-  Бизнесті жаңа салаларды меңгеру ар қы-
лы  түрлендіру (диверсификация).
Инвестор – ол өзінің қолында бар уақыт ша 
бос қаражаттарын инвестициялық жоба лар-
ға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвес-
тор лар  стратегиялық  немесе  портфельдік 
ин вестор  болып  бөлінеді.  Инвестордың  ба-
сты мақсаты дивиденттер алу немесе табыс алу  
болып табылады.
Барлық  инвестицияларды  екі  негізгі  топқа 
бөлуге болады:
Портфельді  инвестициялар  –  қаржыны 
жо балар  тобына  құю,  мысалы  əр  түрлі  кə сіп-
орын дардың акцияларын сатып алу. 
Нақты  инвестициялар  –  қаржы  қара жат-
ты  нақты,  əдетте  ұзақ  мерзімді  жəне  нақ ты  
активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю.
Инвестициялардың  келесідей  негізгі 
түрлері бар:
-  Мемлекеттік
-  Шетелдік
-  Бақыланатын
-  Бақыланбайтын
-  Жеке
-  Өндірістік
-  Интеллектуалды
Инвестицияларды  пайдалану  бағытта ры на 
қарай келесі топтарға бөлеміз:
-  Бастапқы инвестициялар
-  Істі кеңейтуге бағытталған инвестициялар
-  Негізгі  қорларды  алмастыруға  бағыт тал -
ған инвестициялар
-  Диверсификациялауға немесе түр лен ді ру-
ге бағытталатын инвестициялар
-  Реинвестициялар, кəсіпорынның бос қа-
ра жат тарын  жаңа  негізгі  құралдарды  сатып 
алуға бағыттау.
Шағын жəне орта кəсіпкерлер өз ісіне ин-
вестор тауып оны өз ісіне қаражатын салуға 
көндіру  үшін  бизнес  жоспардың  атқаратын 
маңызы зор.
Венчурлық  инвестиция  бұл  қызметтің 
жаңа инновациялық бағыттарын игеру үшін 
жоғары  технологиялы  жабдықтар  мен  қо-
сым ша капиталға мұқтаж  кəсіпкерлер үшін 
қар жы лық қолдаудың түрі.
Венчурлық  капитал  жеткілікті  меншікті 
ка питалы жоқ кəсіпкерлердің жаңа істі бас-
тай  алуы үшін қажет [1].
Венчурлық қаржыландыру əдетте шағын 
жə не орта кəсіпорындарға бағытталған. Бұл 
қаржыландыру  жаңадан  ашылып  жат қан  
жоғары  технологияларға  негізделіп  қыз мет 
ететін  кəсіпорындардың  капиталына   ин-
вестицияланады.  Венчурлық  инвестор лар  
əдетте өздері инвестициялайтын кəсіп орын-
дар ды басқару ісіне қатысады. 
Венчурлық  инвесторлар  инвестиция  ал-
ғы сы келетін үміткер кəсіпорындарды келе-
сі дей жіктейді: 
- Seed – бұл нарыққа жаңа өнімді ен гі зу 
бойынша  зерттеу  жұмыстарын  қар жы лан-
дыруды талап ететін жоба немесе бизнес ой.
- Start up – нарықта жаңадан пайда бол-
ған  компаниялар.  Мұндай  компаниялар ды  
қаржыландыру  ғылыми-зерттеу  жұмыс та-
рын  жүргізіп жəне жаңа өнімнің сатылымын 
бастау үшін керек. 
- Early stage – дайын өнімі бар жəне оны 
ком мерциялық өткізуді бастайын деп тұрған 
компаниялар. 
- Expansion - өз  қызметін  қосымша  қар-
жы лан дыруға  мұқтаж  компаниялар.  Мұнда 
вен чур лық инвестиялар өндіріс көлемін жəне 
сату ды  кеңейтуге,  қосымша  маркетингтік 
зерт теулер  жасауға,  жарғылық  капиталын 
жə не  айналым  қаражаттарын  ұлғайтуға 
бағыт талады. 
Несие латын тілінде «кредитиум» — не-
сие, кредо - сенемін, сенім білдіремін деген 
мағынаны  білдірді.  Несие  белгілі-бір  мер-
зімге қайтарымдылық жəне қарыз бойынша 
пай ыз төлеу шартымен беріледі. Ол ақша не-
месе тауар түрінде беріледі. 
Несиелерді  кəсіпкерлерге  екінші  дең гей-
де гі банктер ұсынады. Қазақстан шағын жəне 

47
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  жөнінде 
ау қымды  шаралар  қолданылуда.  Солардың 
ішін
 
де кəсіпкерлерді жеңілдетілген пайызбен 
несиелендіру шаралары да бар. Бұл шаралар 
еліміздегі  екінші  деңгейлі  банктер  арқылы 
іске  асырылып  отыр.  Қазіргі  күні  барлық 
ірі  банктерде  шағын  бизнесті  несиелендіру 
бағдарламалары бар. Бұл бағдарламалардың 
кəсіпкерлер үшін артықшылығы ол ұзақ не-
сие  лендіру  мерзімі  жəне  төмен  пайыздық 
мөл шерлемелермен жүргізіледі. 
Қа зақс танда несие түрлері былайша жік-
те леді:
- Айналым  қаражатын  қалыптастыруға 
бе рі летін несие;
- Негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға 
берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сон-
дай-ақ нормативтен тыс қорлардың аясында 
уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында 
берілетін несие;
- жол  үстіндегі  есеп  айырысу  құжаттары 
ая сында берілетін несие, аккредитивтер;
- төлем несиелері.
Овердрафт  несие  ұйымның  шот  иесіне, 
оның ағымдағы банк шотына қойылатын та-
лап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, 
бұл  төлем  шотта  ақшалай  қаражат  болмаса 
да,  шот  иесінің  несие  берушінің  алдында 
пайда болған берешегінің түскен қаражаттың 
есебінен  кейін  оған  өтеуін  қарастыратын 
келісімшарт шегінде беріледі.
Лизинг «to lease», ағылшын  тілінен  ау-
дарғанда «жалға беру» деген ұғым. Лизингтің 
жалға беруден айырмашылығы – жалға беру-
де екі тарап қатысса: жалға беруші жəне алу-
шы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг 
беруші,  лизинг  алушы  жəне  жабдықтаушы 
болады. Сонымен бірге жалға берілген мүлік 
мер зімі келгенде иесіне қайтарып беру шар-
тымен беріледі, ал лизингте мүлік лизингкке 
алушының қолында қалады.
Лизинг беруші компания мен лизинг алу-
шының  арасында  келсім-шартын  жасас-
қан нан  кейін,  лизинг  алушының  өтініші 
бо йынша  құрал-жабдықты,  құрылғыны,  ғи-
ма рат  жəне  т.б.  оған  қажет  болған  мүлікті 
жаб дықтаушыдан  алады  жəне  оны  лизинг 
алушыға соның уақытша пайдалануына ар-
нап тапсырады.
Осыдан лизинг дегеніміз – бұл мүлікті са-
тып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға алу. 
Лизинг  кəсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру 
үшін  қажетті  негізгі  қорларды  сатып  алып 
жəне  жаңартып  отыруға  мүмкіндік  беретін 
қаржылық құрал. 
Лизинг  объектілеріне  ғимараттар,  құры-
лыс тар,  машиналар,  жабдықтар,  керек-
жарақ,  көлік  құралдары,  жер  телімдері  мен 
кəсіп керлік  мақсатта  пайдаланылатын  өзге 
кез  келген  түрдегі  негізгі  құралдар  жатуы 
мүмкін.
Лизинг пен несие арасында айырмашылық 
бар. Несие көбінде кəсіпкердің кез-келген іс-
əрекетіне  беріліп  отырады,  ал  лизинг  оның 
өндірістік  құрал-жабдықтарын  алуына  не-
месе жаңартуына ғана беріледі.
Лизингкке  алынған  мүліктің  кəсіпкерге 
беретін  бір  артықшылығы  ол,  лизин-
гкке  алынған  мүлік  бойынша  төленіп 
отырған  төлемдер  өнімнің  өзіндік  құнына 
енгізіледі  жəне  ол  төлемдер  салықты  есеп-
тегенде  шығыстар  қатарына  жатқызылып, 
кəсіпкердің төлейтін салығын азайтады. 
Лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: 
шұғыл жəне қаржылық лизингтер.
Шұғыл  лизинг – бұл  мүліктің  қызмет 
ету  мерзіміне  қарағанда,  оның  пайдала-
ну  мерзімінің  қысқалығын  жəне  мүліктің 
құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы  лизинг – бұл  уақытша  пайдала-
нуға берген лизинг затының мерзімі ішінде 
өзінің  толық  амортизациялық  құнын  төлеп 
шығуымен  немесе  өзін-өзі  өтеуімен  байла-
нысты сипатталады.
Қаржы  лизингі  несиенің  бір  нысаны  ре-
тінде қарастырылады. Халықаралық тə жіри-
бе де қаржы лизингі – капиталды лизинг не-
месе лизингке берілетін активтің толық өзін-
өзі өтейтін лизинг ретінде сипатталады. 
Осы  лизингердің  отандық  жəне  халық-
ара лық  тəжірибеде  қолданылатын  мынадай 
түр лері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының 
бір  елден  болып  келуімен  байланысты  си-
патталады.

48
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Халықаралық  лизинг – бір  тарап  немесе 
барлық тараптардың əр елден болып келуін 
си пат тайды.
Сыртқы  лизинг – экспорттық  жəне  им-
порт тық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг-
те  шетел  лизинг  алушы  болса,  импорттық 
ли зинг те шетел лизинг беруші болып табы-
лады.
Франчайзинг
франшизинг 
(ағылш. 
franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — 
ар тықшылық) — ұсақ жəне ірі кəсіпкерліктің 
аралас 
нысаны‚ 
ірі 
компанияның 
(франчайзердің)  өзінің  фирмалық  таңбасы 
мен  тауар  өндіруге  (қызмет  көрсетуге)  ли-
цензиясын  (франшизаны)  біреуге  (фран-
чайзиге),  əдетте  белгілі  бір  кезеңге  жəне 
шек теулі  аумақта  беруі.  Мұнда  тауарлар 
мен   қызметтер  нарығында  жоғары  беделге‚ 
жақ сы  атаққа  ие  болған  «ата  компаниялар» 
бас ты фирманың атынан əрекет жасау‚ оның 
таңбасы  мен  белгісін  пайдалану  құқығын 
пайдалану  жөнінде  ұсақ  фирмалармен  не-
месе  жекелеген  заңды  тұлғалармен  (фран-
чайзилермен)  шарт  жасасады.  Бұл  орайда 
франчайзер  франчайзиді  тауармен‚  техно-
логиялармен  жабдықтауға‚  ақыл-кеңес  бе-
руге‚  т.б.  міндеттенеді‚  франчайзи  өзінің 
бизнесін  тек  басты  фирма  белгілеген  ны-
санда  ғана  жəне  белгілі  бір  уақыт  бойына 
ғана  жүзеге  асыруға‚  белгілі  бір  төлемақы 
аударып  тұруға  тиіс.  Негізінен  екі  нысанда 
—  бұйымдар  мен  айналым  Франчайзингі 
нысандарында  көрініс  табады.  Бұйымдар 
Фран чайзингі  бойынша  дайындаушы  бұй-
ым ды  қатаң  түрде  белгіленген  нарықта  не 
бел гілі бір аумақта сату құқығын береді, өз 
кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы  тау-
арды тек дайындаушы-лицензиаттан  ға на са-
тып алуға міндеттенеді. Айналым  Фран чай-
зин гі нің мəні лицензиатқа қызметтер пакетін 
ұсы нуында,  олар:  өндіріс  құпиясы, «ноу-
хау», жинақталған тəжірибе, тауар белгілері, 
қыз мет көрсету белгілері, т.б. Шын мəнінде 
Франчайзинг  шарты  аралас  лицензиялық 
жə не агенттік шарт болып табылады‚ ал осы 
та быстау үшін жəне салық салу мақсатымен 
төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау 
керек. 
Елімізде  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті 
қар жылай қолдаудың мемлекеттік операторы 
ретінде «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» 
АҚ  қызмет  көрсетеді.  Бұл  қордың  негізгі 
мақ саты: Қазақстан Республикасындағы ша-
ғын  жəне  орта  кəсіпкерлік  субъектілерінің 
қалып тасуы мен экономикалық өсуін ынта-
ландыру,  мемлекеттің  шағын  кəсіпкерлікті 
қолдауға  бағытталған  қаржы  құралдарын 
пай даланудың  тиімділігін  арттыру  болып 
та былады. Бұл қор арқылы мемлекеттен бе-
ріл ген  кепілдеме  арқылы  екінші  деңгейлі 
банк тер  шағын  жəне  орта  бизнес  өкілдерін 
же ңілдетілген пайызбен несиелендіреді. 
Бұл  несиелерді  алу  үшін  міндетті  түрде 
кепілдемеге мүлік талап етілмейді, дегенмен 
техника-экономикалық  негіздемеге  жоғары 
та лаптар қойылады. Көбінде қор мұндай тех-
ника-экономикалық  негіздемені  жасауға  өз 
көмегін береді. Сонымен қатар бұл қор бас
-
қада қаржылай емес көмектер береді.  Бүгінгі 
таңда  мемлекеттік  қаржыландырудың  ба-
сым  бө лігі мемлекеттегі маңызды бағдар ла-
ма ларға  бағытталған.  Мысалы,  өнеркəсіпті 
дамыту,  ауыл  шаруашылығы,  көлік,  байла-
нысты дамытуға, сонымен қатар, əлеуметтік 
инфрақұрылымның қызмет етуін қаражатпен 
қам тамасыз ету болып отыр. Үкіметтің бар-
лық  қаржылай  шаралары  ұлттық  мүддені 
есеп ке  ала  отырып  кəсіпкерлікті  дамыту 
үшін  қаржыландыруға бағытталған. 
Мемлекеттік қаржыландырудың көзі мем -
ле кет тік  жə не аймақтық бюджеттердің қа  ра-
жат тары  бо лып  табылады.  Кəсіпкерлік  қар-
жы ландыруды  мұндай  түрі  қатаң  мақсатты 
сипатқа ие. Яғни қаражат, нақты белгіленген 
мақсатқа  ғана  беріледі,  оны  сол  мақсаттан 
тыс жұмсау жауапкершілікке тартылады. 
ƏДЕБИЕТ

[http://kaz.bizmedia.kz]

49
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
ƏОЖ 579.66:556.531(574.12)
М.А. Нуриев
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры, профессор,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер
И.А. Мырзаханова
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ
магистр, PhD докторант
ОЙЫН-САУЫҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ НЫШАНДАРЫ
Бұл мақалада халқымыздың тарихи-мəдение мұраларының түрлері сан алуандығы көрсетілген. 
Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды 
мəдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды 
бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп 
ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпо-
стары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алап қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың 
ұлттық ойындарының, əдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол ол ма, осы 
жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері, 
ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай 
түседі.  Ойынға  халық  ерекше  мəн  берген.  Сондықтан  халық  оған  тек  ойын-сауық,  көңіл 
көтеретін орын деп қана қарамаған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, 
танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. Мақалада ұлттық 
ойындарымыздың түрлері жан-жақты талданған.
Түйін сөздер: Ойын-сауық, мəдени мұра, ұлттық ойындар, өнер,
В этой статье рассматривается роль национальных игр. Игры и праздники имели и имеют 
огромное общественное значение. Традиционные народные развлечения в той или иной сте-
пени охватывают различные сферы хозяйственной, повседневной, духовной жизни казахского 
народа. Возникнув в глубокой древности в кочевой среде, традиционные игры отражают осо-
бенности мировоззрения и материальной культуры казахов и, кроме того, выполняют важные 
воспитательные, эстетические и ритуальные функции. Казахские национальные игры в жизни 
казахского народа играли большую роль. Игры поднимали настроение, развивали выдержу, лов-
кость, силу. Казахские национальные игры имеют большое содержание , они тесно связаны с 
искусством народа. Именно здесь были замечены и выделены много способных и талантливых 
людей. Казахские национальные игры – это традиция и наследие народа. В статье всесторонне 
рассматривали  виды национальных игр.
Ключевые слова: Развлечение, культурное наследие, национальные игры, искусство.
This article examines the role of national games. Games and festivals and have had great social 
signifi cance. Traditional folk entertainment in varying degrees, cover various areas of business, casual, 
spiritual life of Kazakh people. Originating in ancient times in the nomadic environment, traditional 
game is representative of the world and the material culture of Kazakhs and, in addition, serve important 
educational , aesthetic and ritual functions. Kazakh national game in the life of the Kazakh people have 
played a big role. Game cheered up , developed sustain, agility, strength . Kazakh national games have 
great content, they are closely associated with the art of the people. It is here that have been seen and 
identifi ed many capable and talented people. Kazakh national game - it’s a tradition and heritage of the 
people. The article comprehensively reviews the types of national games.
Keywordsentertainment, cultural heritage, national games, and art.

50
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер
тұтқан халқымыздың асыл дəстүрлерін
жаңа заманға жарасымды
жалғастыруымыз қажет.
Н.Ə.Назарбаев
Қоғамымыздың  іргетасын  нығайту  үшін 
бү гінгі жастарға үлгілі, өнегелі тəрбие беру 
- қазіргі міндеттердің бірі. Қазіргі уақыттың 
не гізгі талаптарының бірі – білімді əлем нің 
бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, ло ги ка-
лық   ой-өрісі  дамыған  жанаша,  тəуелсіз  ой-
лай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Халқымыздың  тарихи-мəдение  мұра ла-
ры ның түрлері сан алуан. Солардың қай-қай-
сы сы да адамға, соның игілігіне қызмет ету-
ге бағытталған. Осындай аса құнды мəдени 
игі ліктердің бірі  – ұлттық ойындар.
Қазақ халқы – материалдық мұраларға қо-
са  мə дени қазыналарға да бай халықтардың 
бі рі.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қара бол-
сақ,   содан  үлкен  де  мəнді-мағыналы  істер 
туын дап өрбитінін байқаймыз. Ұлт ойында-
ры  ол бар өнердің басы, көне мəдениет пен  
əдеби  туындылар,  ең  алдымен,  сол  ха лық  
жиналған  думанды-сауықта,  ойын-той   үс-
тінде дүниеге келіп, көптің игілігіне ай нал-
ған.   Сөйтіп, бүгінгі жəне болашақ ұрпақ ұлт 
ойын дарының өзі еңбегінің жемісі болып та-
бы ла ды.
Ұлт ойындары сол халықтың əлеуметтік-
эко номикалық  жағдайларына  байланысты, 
қа зақ халқының ұлттық ойындары өте ерте-
де   пайда  болған.  Қазақ  халқының  тарихи 
кө не  жырларының,  эпостары  мен  лиро-
эпос тарының  қай-қайсысын  алып  қарасақ 
та,   олардың  өн  бойынан  халықтың  ұлттық 
ойын дарының,  əдеп-ғұрып  салттарының 
алу ан  түрлілігін  жырлағанын  байқаймыз. 
Мы салы, Шығыстың ұлы ойшылы Əбу На-
сыр Əл-Фараби өзінің «Бақыт жолында»   ат-
ты   философиялық  шығармасында  адамның 
та нымын  дамыту  арқылы  ғана  оны  бақыт 
жо лына  жетелеуге  болатындығына  айтқан, 
ұлы  Абай  өзінің 43-қара  сөзінде  баланың 
танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытпа-
са,   оның өзі із-түссіз жоғалып, жойылып ке-
тетінін айтады. Осы жырлардың негізгі ке  й-
іп  керлері – болашақ ел қорғаушы батыр,   жа-
уынгер,  халық  қайраткерлері,  ойын  үстінде 
көрі неді. Ойынға халық ерекше мəн берген.
Ұлт  ойындары  атадан  балаға,  үлкеннен 
кі шіге  мұра  болып  жалғасып  отырған  жə-
не   халықтың  дəстүрлі  шаруашылық,  мəде-
ни,   өнер  тіршілігінің  жиынтық  бейнесі. 
Өзі нің  өлең-жырларында  халық  ойынды  
тəр бие құралы деп таныған. Ойын тек жас-
тар дың  дене  күш-қуатын  молайтып,  оны 
шап шаңдыққа, дəлдікке, т.б. ғана тəрбиелеп 
қой май оның ақыл-ойының толысуына пай-
да сын тигізеді. Мысалы: Манашыұлы Тұяқ-
пай  жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап 
жү ріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп 
түйін дейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл 
кө те ру мен ермек үшін жасалмаған, қайта ха-
лық тың жазу өнері əлі дамымаған, оқу орны 
бол ма ған кезде өз ұрпатарын өмірге əзірлеу 
мүм кіншіліктерін  пайдаланатын  іс – əрекет 
қыз ме тін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары 
та қы рыпқа өте бай жəне алуан түрлі болып 
ке леді [1].
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай ха лық-
тар дың  бірі.  Бірақ,  ол  ертеде  ауызекі  туып, 
жал пақ жұртқа ауызекі таралып отырған да,  
сондықтан  көпшілігі  бүгінгі  күнге  жетпей  
ұмыт  болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойын-
дары  туралы  алғашқы  деректер XIII ғасыр-
дан  басталады.
Қазақтың  ұлттық  ойындары  ерлікті, 
өжет тілікті,  батылдықты,  шапшаңдылықты, 
епті лікті,тапқырлықты, табандылықты, бай-
салдылықты,  т.б.  мінез-құлықтың  ерек ше-
лік те рімен  бірге  күш-қуат  молдылығын,  бі-
лек  күшін  қажет  етеді.  Сонымен  бірге  бұл  
ойындар əділдік пен адамгершіліктің жоғары 
принциптеріне  негізделген.  Мыса лы,   бəйге 
ойынын  алайық.  Ол  үшін  алдымен  бəйгеге 
қосылатын атты таңдап алу қа жет. Ол атты 
баптап  бағып,  күтуге  тура  ке ле ді,  оның 
жейтін жемі мен ішетін суына дей ін белгілі 
мөлшерде  келтіріледі.  Бəйге  ге   қосылатын 

51
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
атқа  мініп  шабатын  бала  күн  іл гері  осы 
сынақтарға қатысады. Бəйге шар ты мүлтіксіз 
орындалу  үшін  төреші  та ғай ын да ла ды. 
Бəйгеге  əзірліктің  басы-қасында  болған  ба-
ла, осы өнердің сырларын жете біліп, үл кен  
шаруашылық мектебінен өткендей əсер ала-
ды.  Сондықтан  қазақтың  ұлттық  ойын да ры  
тек  ойын-сауықтық  жағынан  ғана  емес,   ол-
спорт,  ол-өнер,  ол-шаруашылық,  тəжіри бе-
ден  маңызы бар тəрбие құралы.
Болашақ  жастардың  жалпы  адамзаттық 
құн дылықтар  мен  адамның  айналадағы  дү-
ние  мен  жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, 
эс тетикалық,  адамгершілік  тұрғысынан) 
тəр биелеу  мақсатын  халқымыздың  мəдени 
ру ха ни мұрасының, салт-дəстүрінің озық үл-
гі ле рін оның бойына дарыту арқылы жүзеге 
асы ру ға  болады.  Осымен  байланысты  хал-
қы мызға  тəн  əдептілік,  қонақжайлық,  мейі-
рім ді лік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа де-
ген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тəн  
ерекшеліктер.  Жас  ұрпақ  өз  халқының  мə де-
ниетімен, асыл мұраларымен ұлттық əдеб иет-
тер  арқылы  танысып  келеді.  Халық  ойын ды 
тəрбие құралы деп таныған. Ойынды қолдану 
жас  ұрпақтың  ой-өрісін  же тіл ді ру мен  бірге, 
өз халқының асыл мұраларын бой ына сіңіріп, 
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құ ралы.
Қазақ  халқының XVI ғасырдағы  өмірін 
су реттеуге арналған өзінің тарихи романын-
да Ілияс Есенберлин: «Сарайшың бір түнде 
тү леп  шыға  келді.  Қыз-бозбалалар  жаңбыр 
жау ған қызғалдақтай құлпыра қалған. Керу-
ен са райлар, қала аулалары əн-күəлі, ойын-
күл кілі  думанға  толып,  екі  жақтың  бейбіт 
бə се кеге шығып, əр жерде сайыс, күрес, көк-
пар  ойындарына кіріскен»- дейді [2].
Қазақ халқының ұлттық ойындары ел дің  
өмірімен  тығыз  байланысты,  оның  ша руа-
шылық,  экономикалық,  əлеуметтік  тұр мы-
сы нан туған. Сондықтан оның тəрбиелік ма-
ңы зы аса жоғары, əрі құнды. Жазушы Сəбит 
Мұқанов  өзінің  «Халық  мұрасы»  деген   та-
рихи жəне этнографиялық кітабында былай 
де ген: «Жүн  сабайтындар,  көбінесе  жастар 
бо лады.  Олар  жүн  сабайтын  үйге  жинала-
ды да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына 
төсеген  тулаққа  үйеді  де,  айнала  отыра  қа-
лып,   екі қолына алған сабаумен ұра бастай-
ды.  Əдетте,  жастар  бұғанойын-сауық  үшін 
ға на  жиналады.  Себебі,  жүн  сабау  үстінде 
жас тар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге 
ай налдырады»
Қазақ  халқының  фольклорын,  ұлт  ойын-
дарын  жинаушы  этнограф  Ə.Диваев  өзінің 
«Қыр ғыз (Қазақ) балаларының ойыны» деген 
еңбе гінде оның бала тəрбиелеудегі маңызын 
ай та келіп, сол кездегі қалыптасқан əдет-ғұ-
рып  бойынша  жас  ерекшелігіне  қарай  жас 
өс пі рім
 
дерді негізінен үш топқа бөлді:
1. Бір жастан жетіге дейін – нəресте.
2. Жеті жастан он бес жасқа дейін – бозба ла
3. Он бес жастан отызға дейін – жігіт.
Осыған  байланысты  қазақ  ойындары   да  
сə  билер ойыны, бозбалалар ойыны жə не  жі-
гіт тер  ойыны  деп  бөлінеді.  Мысалы,   «Ақ-
сүй  ек», «Орда»  ойындарындағы  ерекшелік 
олар  дың түнде ғана ойнайтығында емес, бұл 
ойында болашақ жауынгерлерге қажетті қа-
сиет тер: қырағылық, байқағыштық, бағытты 
бағ дарлай  білу,  тапқырлық,  сергектік,  жүй-
рік тік,  алғырлық,  батылдық,  өжеттік,  тағы 
бас қалар – тəрбиеленумен бірге оның түнде 
ой на латын тағы бір сыры-алдымен жау ше-
бі не  барлау  жасау  үшін  түнде  жерді  айыра  
бі лу ге,  бағытты  дəл  табуға  жаттығуда.  Əсі-
ре се,   ерте замандарда жау жасырынып келіп 
түн де шабатын болған, сондықтан ауыл жас-
та ры  түнде  ауыл  маңын  торитын  жаудан 
сақ тық  күзетінде  тұрып,  бұл  ойынды  бір 
жа ғынан ермек ретінде де, жаттығу үшін де 
пай даланған.
Шынында, ұлт ойындары – ауыз əде бие-
ті нің  бір саласы. 
Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-
жырлар өріліп, көрермендер мен тың дау шы-
лар ға өрелі өнеге беріп, қатты əсер етеді. Ой-
ын  негізінде жас жеткіншектің ұжымдық ор-
тада ой өрісінің дамуына да əсерін тигізеді. 
Ойын ның тіл дамытудағы ролі ерекше. Мы-
салы, М. Горкий сөзімен айтар болсақ «бала 
сөз бен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз 
ана тілінің нəзік қасиеттерін үйренеді, тілдің 
му зыкасын  ұғынады.  Сонымен  нақтылай 
айт сақ, ұлт ойындары тіл меңгерудің негізгі 
құ ралы болып саналады. Ойын үстінде бала 
еш нəрсеге  тəуелсіз.  Өзін  еркін  ұстайды,  ар 
ер кіндік дегеніміз барлық дамудың алғашқы 

52
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қа дамы болып есептеледі. Олай болса, ойын 
ин тернационалдың  тəрбиенің  баға  жетпес  
құ ралы  ретінде  айтарлықтай  маңызды. 
Ойын  үстінде  бала  тілдің  ішкі  иірімдерін, 
ха лықтың  ойлау  жүйелерін,  сөз  қолдану 
əдіс терін, сөйлеу дəстүрлерін, тілдік, пси хо-
ло гиялық  ерекшеліктерін  жете  түсініп,  ер-
кін білуге мүмкіншілк алады.Біздің қос тіл-
ді  республикамызда  орыс  тілін  де  қазақ  ті-
лін де үйренуге, əр ұлт балаларының өз ана 
тіл дерін,  басқа  ұлт  тілдерін  де  меңгеруіне 
ойын ның тигізер пайдасы көп.»
ХХ  ғасырдағы  көрнекті  Нидерланды   ой-
шылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғы мы 
«Жасаушы  адам»  ретінде  елеулі  қыз мет-
ті  бейнелейтіндігін  айтады.  Шын ды ғын да 
іс-əрекеттің  қалған  түрлерінің  еш қай сы-
сында  да  адам  ойындағыдай  өзінің  психо-
физиологиялық,  интеллектуалдық  мүм кін-
дік терін  əйгілей  алмайды.  Ойын  оқытады, 
да мытады,  тəрбиелейді,  əлеуметтендіреді, 
кө ңі ліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Бала-
ны  ойыннан ажырату – оның дамуының ба-
сты  көзінен,  шығармашылық  импульсінен 
жə не  əлемді  тану  үдерісін  жандандырудан 
ай ыру  болып  табылады.  Ойын – баланың 
бар лық  өмірлік  бағыттарының  реттеушісі. 
Ди дак тикалық  ойындар  таным  жəне  баста-
уыш  білім  беруде  балалардың  іс-əрекетінің 
бел сен діргіші.  Ол  балалардағы  балаға  тəн  
қасиеттерді сақтайды жəне дамытады,   бала-
лар дың  өмір  мектебі  жəне  «даму  тəжі ри бе-
сі».   Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін 
оған   дайындайды,  жасампаз  адам  ретінде 
қа лып тасады [3].

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал