Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



жүктеу 5.08 Kb.

бет7/17
Дата07.02.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

КӨРКЕМ ƏДЕБИЕТТІҢ ТƏЛІМ-ТƏРБИЕЛІК МƏНІ
Мақалада жастарға сапалы білім бере отырып, отаншылдық тəрбие берудің алғы шарт-
тары қарастырылған. Сонымен қатар, əдеби шығармалардың тəлім-тəрбиелік мəні – адамға 
көркем-эстетикалық талғам қалыптастыру екені жөнінде сөз қозғалған. Өмір шындығының 
əдеби-көремдік  əдіспен  суреттелуі  ұлттық-əлеуметтік  ортада  қалыптасып,  адамзаттық 
ұстанымының  тереңдігі  мен  жан-жақтылығын  көркем  əлемдегі  ұлттық  ойлау  машығын 
сезінудің  жолдары  мен  əдістерінен  көрініс  табады.  Көркем  əдебиеттің  тəлім-тəрбиелік 
мəні  беретін  қазақ  фольклоры  мен  Махамбет,  Абай,  Ш.Құдайбердіұлы,  А.Байтұрсынұлы, 
М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Əуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин  секілді 
т.б.  қазақ  ақын-жазушыларының  шығармалары  талай  жас  ұрпақты  тəрбиелеп  шығарып, 
қоғамдық  сананың  қалыптасуына,  еліміздің  тəуелсіздік  алуына  үлкен  үлес  қосудағы 
маңыздылығы жойылмайтындығы дəлелденген.
Түйін сөздер: көркем əдебиет, тəрбие, жас ұрпақ, отансүйгіштік, ғылым, білім
В статье рассмотрены предпосылки для качественного обучения и патриотического вос-
питания молодежи. Также рассмотрен воспитательный потенциал художественной литера-
туры, ее возможности в деле формирования художественно-эстетического вкуса. Литера-
турное, художественное изображение жизни формируется в национально-социальной среде 
и  выражается  через  средства  причастности  к  национальному  осознанию  в  художествен-
ном  мире  глубинных  и  всесторонних  принципов  человечности.  Обоснована  значимость 
фольклора и художественной авторской литературы (Махамбета, Абая, Ш.Кудайбердиулы, 
А.Байтурсынулы,  М.Жумабаева,  Ж.Аймауытова,  М.Ауэзова,  С.Муканова,  Г.  Мусрепова  и 
др.) в воспитании молодого поколения, формировании общественнного сознания.
Ключевые  слова:  художественная  литература,  воспитания,  молодое  поколение,  па-
триотизм, наука, знание
In the article pr e-conditions are considered for the quality educating and patriotic education 
of young people. Educator potential of fi ction, her possibilities, is also considered on business of 
forming of artistically-aesthetic taste. The literary, artistic image of life is formed in a nationally-
social environment and expressed through facilities to involvement to national  realization in 
the artistic world of deep and all-round principles of humaneness. Meaningfulness of folklore 
and authorial fi ction(Мahambet, Аbay, Kudaiberdiyli, А. Baitursinuli, М.Jumabaev, J.Аimautov, 
М.Аuezov, S.Mukanov, G. Musirepov of and other) is reasonable in education of the young gen-
eration, forming of общественнного consciousness.
Keywords: fiction, educations, the young generation, patriotism, science, knowledge
«Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 
мем лекеттік  бағдарламасында»  көрсетілген 
«Жас тарды  отансүйгіштікке  тəрбиелеу  жə-
не  олардың  азаматтық  белсенділігін,  əлеу-
мет тік  жауапкершілігін  жəне  əлеуетін  ашу 
тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар 
кешенін іске асыру» міндетіне сəйкес елі міз-
де келелі істер қолға алына бастады.
Жас  ұрпаққа  білім-тəрбие  беру  ұста-
ны мының  негізінде  еліміздің  бүгіні  мен  
ер те ңі,  яғни  тағдыры  жатыр.  Бүгінгі 
нарықтық-демократиялық 
қа рым -қа ты -
нас  та  өсіп,  тəрбиеленіп  келе  жат қан   қазақ-

40
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
стандық  өскелең  ұрпақтың  тə лім -тəр-
бие сі,  ең  бірінші  кезекте,  аға  буын ның  
қо лында.  Сол  себептен  болар,  Ел ба сы 
Н.Ə.Назарбаев  Қазақстан  халқына  ар нал-
ған   биылғы  Жолдауында  ұлт  зия лы ла ры-
ның  рөлін  жоғары  бағалай  келе: «Біз  мем-
лекеттілігіміздің  рухани  мəселелері  эко-
номикалық,  материалдық  мəселелерден 
еш бір  кем  бағаланбайтын  даму  кезеңіне 
келіп отырмыз. Рухани дамуда негізгі рөлге 
əрқашан  интеллигенция  ие.  Интеллигенция 
менің  пайымдауымдағы  Қазақстан – 2050  
Жаңа  саяси  бағыты  негізінде  ел  бола ша ғы-
ның ментальді, дүниетанымдық үлгісін жо-
ба лау да негізгі рөлді қолға алады жəне алуға 
тиіс»  [1], – деп ел дамуындағы аға буынның 
өмір лік тəжірибелері жас ұрпақтың отаншыл 
аза мат болып қалыптасуына септігін ти гі зе-
ті нін атап көрсетті.
Жаңа  ғасыр  өркениетінің  ғылыми-тех-
но логиялық  дамуының  жетістігі  болып  са-
на латын  электронды  құрал-жабдықтар  мен  
ақпараттық-қатыстық  технологиялар  əр-
бір  мемлекеттік  құрылымның  барлық  са-
ла сына  дендеп  еніп,  адамзаттың  күллі  іс-
əрекетінің  арқауына  айналды.  Соның  ық-
пал-əсерінен  қазіргі  қоғамдық  қарым-қа-
ты нас  та,  жас  ұрпақтың  тəлім-тəрбиесі  де 
же дел өзгеріске ұшырап жатыр. Бұл, сөзсіз, 
бі лім  беру  жүйесінің  мазмұнын  жаңартып, 
са палық  деңгейін  арттыруды  талап  етумен 
қа тар,  барлық  білім  алушы  жас  ұрпақтың 
та ным-түсінігіне,  ой-санасына  əсер  етуде. 
Сол  себептен  де  аға  ұрпақтың  өмірлік  тə-
жірибелері  мен  атқарған  істері  жастар  тəр-
бие сінде маңызды рөлге ие. 
Отансүйгіштікке  тəрбиелеудің  барлық 
жұрт қа  ортақ  теориясының  немесе  оны 
жа сау  үлгісінің  жоқ  екені  түсінікті.  Сон-
дық тан  да  оның  мəн-мағынасын  ашу,  қа-
зақ  жұртының  табиғи  бітім-болмысына 
лайық тап бағдарламасын жасау барысында 
көп  еңбектерді  қарап,  қыруар  іс-тəжіри-
бе лерді  зерттеп-зерделеу  қажеттігі  туын-
дай ды.  Осындай  терең  ізденіс  арқылы 
қазақ стандық  жастарға  отаншылдық  се-
зімді  орнықтырудың  теориялық  негізін 
қалыптастыруға болады. Бұның негізі ұлттық 
идеямен, демек, ұлттық ой-сана, ұлттық бі-
тім -болмыс,  ұлттық  таным-түсінік,  ұлттық 
ар ман-мүдде  сияқты  өзекті  мəселелермен 
тығыз байланысты екені анық.
Жастарға  сапалы  білім  бере  отырып, 
отан шылдық  тəрбие  беруді  нəтижелі  жү-
зе ге  асыруда  зор  мүмкіндік  беретін  алғы 
шарт тардың  бірі – көркем-танымдық  рухаи 
байлықты жас ұрпақ бойына дарытуы болып 
табылады. 
Көркем əдебиеттің танымдық қызметі қо-
ғам  мен  адамның  əлемге  деген  белгілі  бір 
көз қарастар жүйесінің негізін қалай отырып, 
адам гершілікке баулу болып табылады. 
Əдеби  шығармалардың  тəлім-тəрбиелік 
мə ні – адамға  көркем-эстетикалық  талғам 
қа лып тастыру  екені  көпшілікке  түсінікті. 
Өмір шындығының əдеби-көремдік əдіспен 
су рет телуі – ұлттық-əлеуметтік  ортада  қа-
лып тасып, адамзаттық ұстанымының те рең-
дігі  мен  жан-жақтылығын  көркем  əлем де гі 
ұлттық  ойлау  машығын  сезінудің  жол дары 
мен  əдістерінен  көрініс  табады.  Көр кем 
əдеби  шығармалар  ұлттың  таным-түсі нік  
жүйесі мен оның тұрмыс-тіршілігіне қа тыс ты 
тұрмыс-салттық, психологиялық, əлеу меттік-
тарихи маңызы бар мəселелерді қам тиды.
Қазақ  əдебиетінің  классикалық  туын-
ды ла ры  уақытпен  үндес  болып,  əр  за ман-
ның  адамдарын  тəрбиелеуде  ерекше  рөл  
ат қа рып  келді.  Ұлттық  сөз  өнерінің  əр  те-
гінің  түрлі  жанрларында  көрініс  тап қан  
өмір  философиясы  ұлттық  жəне  жал пы-
адамзаттық  құндылықтармен  үйлесе  оты-
рып,   жеке  тұлғаның  өзіндік  таным-түсінігі 
бар,   саналы  азамат  болып  жетілуіне  зор 
мүм кіндік беруде.
Əдеби  көркем  шығармаларды  түйсініп 
оқып  пайымдауда  көркем-эстетикалық  қа-
был дау  мен  тұшынудың  алар  орны  бөлек. 
Əде би-шығармалардың  тəрбиелік  қызметі, 
ең  əуелі,  оқырманға  психологиялық  тұр ғы-
дан   ықпал  ету  болып  саналады.  Бұл  болса, 
өмір  шындығын  көркем  суреттеудегі  əрбір 
же ке леген автордың өзіндік əдіс-тəсіліне бай-
ланысты. Сол себептен үздік көркем шы ғар-
ма лардың көркем-эстетикалық мəн-мазмұны 
жас   ұрпақтың  ой-санасының  жетіліп  да му-

41
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ына жан-жақты əсер ететін, олардың дү ние-
та нымдық əлеуетін арттыратын құрал болып 
та есептеледі.
Қазақ  фольклоры  мен  Махамбет,  Абай, 
Ш.Құдайбердіұлы, 
А.Байтұрсынұлы, 
М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, 
М.Əуезов, 
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин се кіл-
ді  т.б.  қазақ  ақын-жазушыларының  шы ғар-
малары  талай  жас  ұрпақты  тəрбиелеп  шы-
ғарып, қоғамдық сананың қалыптасуына, елі-
міздің тəуелсіздік алуына үлкен үлес қос ты.
Классикалық туындылар ұлттың көркем-
таным жүйесін шыңдау жолында ұлан-асыр 
қызмет  еткен,  ұлттың  өзіндік  ерекшелігін 
та ны татын  дүниелер  екені  анық.  Қалай  де-
ген мен,  əдебиет – ұлттың  таным-түсінігін 
да мытып-жетілдіретін  жəне  елдің  ертеңін 
ай қындайтын  ұлттық  рухани  қазына  екені 
дау сыз. 
Академик  С.Қирабаев: «Көркем  əдебиет 
– мəң гілік нəрсе. Ол жазылған дəуіріне ғана 
емес, кейінгі ұрпаққа, барлық заманға қызмет 
етеді.  Тек  оны  өзінің  өмір  сүріп  отырған 
дəуір дің талабы тұрғысынан  талдай білу ке-
рек.  Уақыт  өтеді,  заман  өзгереді,  тарих  ал-
ма са ды.  Бірақ  əдебиет  мəңгі  қалады.  Оны 
оқы ған ұрпақ өзінше ұғады, одан өміртануға 
ке рек ой, сөз таба алады» [2, 10], – деп айт-
қандай,  көркем  əдебиеттің  жас  ұрпақ  тəр-
бие леу дегі орны ерекше.
Қазақ көркем сөз жүйесінің ұзақ жылдық 
тəжірибесі  ұлтымыздың  рухани  мəдениетін 
көтеруде өз ізін қалдырды. Ол əрдайым өзі-
нің   тəлім-тəрбиелік  қуатымен  жаңа  таным-
дық   жүйе  қалыптастыруда,  жас  ұрпақ  бой-
ына ұлтжандылық қасиет дарытуда бел сен ді  
рөл  атқаратынын  үнемі  дəлелдеуде.  Мə се-
лен,  өткен  ғасырдың 30-40 жылдары  ара-
лы ғын да  қазақ  əдебиеті  мен  мəдениетінің 
ең та нымал тұлғаларының баршасы «халық 
жау ы»  деген  жаламен  атылып  кеткенімен, 
олар дың соңына қалдырған əдеби мұралары 
ұлт   тəуелсіздігінің  арқасында  кітапханалар 
жер тө лелерінен  жарыққа  шығып,  қайта  ба-
сыл ды.  Қазақ  ұлтының  өзін-өзі  тануында 
ма ңы зы қазмет атқаратын, қазақ қоғамының 
көр кем-эстетикалық  көкжиегін  кеңейтетін 
əде би-рухани  құндылықтарға,  жастарды 
ұлтжандылыққа тəрбиелеудегі негізгі құрал-
дар дың біріне айналды.
Қазіргі таңда көркем шығармашылықтағы 
рухани-эстетикалық  таным  мен  талғамды 
жас  ұрпаққа  ұлттық  тəрбие  беруде  ғы лы-
ми  тұрғыдан  пайымдап,  тиімді  пайда ла-
ну  алдыңғы  қатарға  шықты.  Өткен  ға сыр-
лардағы  əдеби-мəдени  мұралар  еліміз  еге-
мен дік алуымен бірге ұлтымыздың өз алды-
на ел болып дамуында əлеуметтік-ізгіліктік 
рухани байлық ретінде қайтадан оралды.
Егемен еліміздің əдебиеттану ғылымының 
маңызды міндеті əдеби шығармаларды дəс-
түр ге  айналып  кеткен  идеологиялық  талап  
шең бе рінде  қараудан  шығып,  олардың  көр-
кем-эстетикалық бірегейлігін, өзіндік бі тім-
болмысын, тұтастығы мен бүтіндігін ғы лы-
ми   тұрғыдан  пайымдау  болып  отыр.  Бұл – 
қа зір гі қазақ əдебиеттану ғылымында өзекті 
та қы рыптардың бірі.
Қазақ əдебиетінің өскелең ұрпақты отан-
шыл дық  рухта  тəрбиелеуде  берері  мол. 
Бұл  тұстағы  біздің  қоғамдық  сананың  ұлт-
тық  құндылықтарға  негізделуі  қажет  еке ні  
əркімге  болсын  түсінікті  екенін  атап  өт кен  
жөн. Əдеби туындыларды жас ұрпақ тəрбие-
сін де пайдалануда ең үздік үлгілерді таңдап, 
сұрыптап алу да аса қажет.
Танымал  ақын-жазушылардың  класси-
ка лық  туындыларын  дұрыс  түсініп  игеру  
ар қылы  ғана  ұлттымызға  тəн  тəлім-тəрбие-
міз дің  қайнарларынан  қанып  ішуге,  аға  ұр-
пақтың  тəрбиелік  сөздерінің  мəнін  түсініп, 
ұла ғатты істерінен өнеге ала аламыз.
Күллі  адамзат  қауымында  өткен  көркем 
сөз алыптарының ішінде ой кермегін татып,  
тіршіліктің  мəн-жайын  терең  ұғынған  сай-
ын,  өздерінің  өмір  тəжірибесінен  түйген 
көр кем ой-тұжырымдарын ұрпақ тəрбиесіне 
арна  ма ған да ры аз.
Көркем  əдебиеттің  тəлім-тəрбиелік  мəні 
туралы  айтқанда  ең  алдымен  оның  таным 
тарапындағы маңыздылығын атап өту қажет. 
Қандай  да  бір  көркем  шығарма  болма-
сын,  ол  оқырманға  бұрын  беймəлім  өмірді, 
шындықты,  бейтаныс  заманды,  адамды 
танытады.  Əр  кітап  оқырман  үшін  бұрын-
соңды беймəлім дұниенің есігін ашады. Сол 
есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз 

42
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
құпиялар  сырына  тереңдеп,  дүниетанымын 
кеңейте түседі. Мəселен, М.Əуезовтің «Абай 
жолы»  роман-эпопеясы – ХІХ  ғасырдың 
екін ші  жартысындағы  қазақ  қоғамының 
көр кем тарихының шежіресі. Роман-эпо пея-
дағы  адамдар  тағдыры,  тартысы,  ара  қа ты-
на сы  арқылы  М.Əуезов  сол  кезеңнің  өмір 
шын ды ғын  ашып  берген. «М.Əуезовтің 
осын дай сарыла іздеген, ұзақ уақыт бойына 
шұғыл данған тақырыптарының ең бастысы, 
негіз гісі – халқымыздың  ардагер  перзенті, 
ұлы ақыны Абайдың өмірі, оның əлеуметтік 
ағартушылық  жəне  ақындық  қызметі.  Бұл 
тақырып оның творчестволық өмірінің өрісті 
өзегіне, жазушылық еңбегінің мағынасы мен 
мақсатына айналды [3,18]».
Ал ұлы ақын Абай болса, адам баласының 
тіршілігіндегі  тəлім  мен  тəрбиеге  ерекше 
мəн  беріп,  өмірінің  ақырына  дейін  өзінің 
ағартушылық  міндетін  терең  сезініп  өтті. 
Ол өзінің жазып қалдырған тəлім-тəрбиелік 
еңбектерінде жас ұрпақ тəрбиесіне қатысыты 
мəселелерді  жіктеп  көрсетуге  ерекше  мəн 
берді.  Мəселен, «Ғылым  таппай  мақтанба, 
орын таппай баптанба» – дей отырып, адам 
мінездеріне жақсы да, жаман да əсер ететін 
сипаттарды  тарата  жазып,  түсіндіріп  берді, 
Поэтикалық  сөз  қуатының  күші  мен  əсерін 
топтастыра жинақтап, «бес нəрседен қашық 
бол», «бес нəрсеге асық бол» [4,60] деді.
Көркем  шығарма  жас  ұрпаққа  өмірді  та-
нытады  тəрбиелейді.  Бұдан  оның  қоғам  өмі-
рін дегі  маңызды  рөлі  айқындалады.  Əде-
биет  адамдарға  өмірді  танытып  қана  қой-
май,  олардың  сол  өмірге  көзқарасын  қа лып-
тастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, күл лі 
тұрмыс-тіршілігіне əсер етеді. Қазақ көркемсөз 
тарихына көз жіберсек, көркем туындылардың 
жас  ұрпақты  ұлтжандылыққа  тəрбиелеуде 
ерекше қызмет атқарғанына көз жете түседі.
Көркем  əдебиет  жастардың  таным-тү сі-
нігін  кеңейтіп  қана  қоймай,  оларға  көр кем-
эстетикалық  тұрғыдан  да  əсер  етіп,  отан-
шылдық сезімдерін оятады. Мəселен, атаме-
кенге деген іңкəр сезім көркем əдебиеттің əр 
тегінің түрлі жанрларында көркем бейнелер, 
көркем  суреттеулер  арқылы  беріліп,  жас 
ұр пақ тың  көркем-эстетикалық  талғамын 
кеңейтеді. Мысалы қазақ халқының «Алпа-
мыс  батыр», «Қобыланды», «Қамбар  ба-
тыр», «Ер-Тарғын» сияқты т.б. эпостық жыр-
ларындағы  батырлар  бейнесі,  олардың  ел-
жұрт үшін жан қиярлық ерліктері жəне солар-
дың  жоғары  пафоста  суреттеліп  дəріптелуі 
атамекені  мен  жақын-жұрағатына  деген 
сана-сезімі  енді-енді  оянып,  қалыптасып, 
өр кен деп өсіп келе жатқан ұрпақтың намы-
сын  жігерлендіріп,  ерлік  іс-əрекеттерге  же-
телейтіні сөзсіз.
Демек, туған жерге, өскен ортаға, жақын-
жуыққа, туыс-жұрағатқа деген сүйіспеншілік 
сана-сезім көркем əдеби шығармаларда поэ-
ти ка лық,  көркемдік-эстетикалық  жолмен 
беріледі.  Сондықтан  да  жастар  бойындағы 
отан шылдық  сана-сезімді  оятып,  оны  бе рік 
қалыптастыруда ертегілер мен аңыз-əңгі ме-
лер дің,  дастандар  мен  жырлардың,  мақал-
мəтелдер мен нақыл сөздердің, романдар мен 
повестілердің,  өлеңдер  мен  поэмалардың 
т.б. берері мол.
Өткен  ғасырдың 41-45 жылдары  Отан 
со ғысының  майдандарында  болған  қазақ 
жау ынгерлерінің  қойынында  Махамбет 
Өтемісовтің  өлеңдері,  Сəбит  Мұқановтың 
«Ботакөз» романы жүргенін күнделікті бас-
па сөз  беттерінен  талай  оқыдық.  Осының 
бə рі  көркем  əдебиеттің  тəлім-тəрбиелік 
мəнін дəлелдейді. Бірақ оның тəрбиелік қы-
рын  сөз  еткенде  көркем-эстетикалық  мə-
ні  қатар  жүретінін  еш  уақытта  естен  шы-
ға  руға  болмайды.  Адамзат  өркениетінде 
көр  кем  əдебиеттің  танымдық  қызметімен 
қа тар  көркем-эстетикалық  жағына  талай 
оқымысты  ғалымдар  өз  пайымдары  тара-
пынан түрлі анықтама берген. Біреулер оны 
«шындықты  сəулелендіру»  десе,  біреулер 
«идеал дар жасау», тағы біреулер «бір адам-
ның, сезімін екінші адамға ауыстыру» деген 
болатын.  Бұл  ұғымдардың  қай-қайсысында 
да белгілі дəрежеде шындық бар.
Көркем  əдебиеттің  құдіретті  күшін  не-
месе оның өмірді таныту, жас ұрпақты тəр-
биелеу  жайын  ғана  емес,  күллі  қоғамдық-
өз гертушілік  қасиетін  түсіну  үшін,  оның 
эстетикалық табиғатын тану қажет. Бұл жө-
нін де ресейлік ғалым Ю.Борев өзінің «Эсте-
тика»  деген  еңбегінде: «Литература  эстети-
чески осваивает мир в художественном сло-

43
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ве. Ее предмет хотя и не прямолинейно, но 
неуклонно  расширяется.  В  его  сферу  ныне 
входят природные и общественные явления, 
огромные социальные катаклизмы и движе-
ния  народных  масс,  духовная  жизнь  инди-
вида и подробности чувств. В разных своих 
жанрах литература охватывает этот матери-
ал  или  через  драматическое  воспроизведе-
ние   действия,  или  через  эпическое  повест-
во вание  о  событиях,  или  через  лирическое 
самораскрытие внутреннего мира человека» 
[5,364], – деп  жазады.  Əдебиеттің  көркем-
эс те тикалық  таным-талғамдық  мəнін,  оның 
ой-сананы  өсірудегі  қуатын  осы  тұрғыдан 
тү сіну қажет.
«Шын  жазушы  дүниенің  тылсым  дірілін 
бү кіл табиғатымен қабылдайды. Қуанышты 
кө  зімен көреді де, жан күйзелісін көкірегімен 
се зеді.  Оған  тек  салтанаттың  жарқыраған 
нұр-шуағын жырлау ғана емес, көз жасының 
күн акəрін де табу керек; қиналған адамның 
мұқылмас қайрат-қажырын, рухани жылуын  
– бəрін-бəрін жазу керек. Бұл – ең алдымен  
қай ғылы, қасіретті пенде ешқащан өзін жар  
кемерінде тұрғандай жалғыз сезінбеуі үшін 
керек. Жазушының заман алдындағы жауап-
кершілігі қашан да жаны жаралыларға сүйе-
ніш  боларлық осындай сын сағаттардан бас-
тал ған.  Оның  қоғамдық  күші,  əлеуметтік-
та рихи  мəн-мағынасы  күретамыр  қасиетті 
парыздан қуат алған» [6,9].
Адамзат  өркениетінің  дамуында  ХХІ  ға-
сыр  дың  мəдениеттер  тоғысындағы  əдеби 
гу манитарлық  ресурстардың,  соның  ішінде 
көр кем əдеби шығармалардың үлкен мəнге ие  
екенін қазіргі ұлттар мен ұлыстар мойын дай 
бастады.  Классикалық  əдебиеттің  құн ды-
лығы сол – ол өз бойында өткен дəуірлерден 
ке ле жатқан рухани сарынды сақтай отырып,  
əлемнің айқын бояуын көркем бейнелеу ар-
қы лы жаңа заманға жеткізуде жатыр.
Қазіргі  қазақ  əдебиеті  өз  дамуының  ілге-
рі  де гі  классикалық  дəстүрінің  жалғасы  бо-
лып    табылады.  Ол – көркем  əдебиеттің 
бей   не леуіштік,  мəнерлегіштік  амал-тəсіл-
де рі  арқылы  əлемнің  ұлттық  жəне  жал пы-
адам   заттық  көркем  бейнесін  бере  отырып, 
өмір   шындығын  оқырманның  пайымдауы 
мен  түсінуіне  жəрдемдеседі.  Қазіргі  ұлт тық  
əдебиеттің  жауһар  туындылары   шы ғар ма-
шыл тұлғалардың өмір мен қор ша ған ор та ға 
деген  сыни  көзқарастары  не гі зінде  қа лып-
тасты. Классикалық көркем шы ғар ма лар   дың 
тəрбиелік мəнінің маңызды болуы – елі   міздің 
тəлім-тəрбиелік  жүйесінің  ұлттық  та ным-
түсінікті басшылыққа алуына байланысты.
Кеңес Одағы құрамында болған кезімізде 
«ұлттық  идея», «ұлттық  мүдде», «ұлттық 
тəр бие»  туралы  сөз  қозғау  мүмкін  емес  еді.  
Оларды  сөз  ету  кеңес  мемлекетінің  ин тер-
националистік  идеясына  қарсы  шық қан дық 
деп есептелетін. Қазір Тəуелсіз Қа зақ станның 
мемлекеттік саясаты, саяси  ұс танымы өзгеше. 
Бүгінде  ұлт,  ұлттық,  ұлт жандылық  мəселесі 
адамзат болмысына  ту мысынан біткен ең нəзік 
сезім  ретінде  мойын далып,  жақсы  мағынада 
отаншылдық, ел жандылық деген сияқты елдік 
санаға ұла сып отыр. Енді ұлттық сананы қалай 
қа лып тас тырамыз, оны жүзеге асырудың жол-
дары қан дай деген мəселер алға шықты.
Қазір  барлық  елдер  мен  мемлекеттер  
жаһан дану жағдайында өмір сүруге бейім де-
лу үстінде. Оның бастауы – Батыс өркениеті 
бо лып  отыр.  Жаһандану  барысында  Ба-
тыс  мə дени  құндылықтарының  басымдық 
таныт  уы жергілікті халықтың байырғы ұлт-
тық сипатының жоғалуына түрткі болып ке-
леді. Өткен ғасырдың ортасынан бастап ай-
тыла бастаған өркениет бəсекесі қазір, шын 
мəнінде,  ақиқатқа  айналуда.  Бұл  бəсеке  бү-
гін гі  күні  экономикада,  саясатта,  идеологи-
яда,  мəдениетте,  білімде,  ақпаратта,  техно-
логияда жəне т.б. салаларда қызу қарқынмен 
жүріп жатыр. 
ƏДЕБИЕТТЕР
1  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – 
Астана, 2012 жылғы 14 желтоқсан.
2  Қирабаев С. Ұлт тəуелсіздігі жəне қазақ əдебиеті. – Алматы: «Жібек жолы», 2011ж.
3  Нұрқатов А. Мұхтар Əуезов творчествосы. – Алматы: «Жазушы», 1965ж.

44
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
4  Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы. І том. – Алматы: «Жазушы». 2005ж.
5  Борев Ю. Эстетика. – Москва: «Изд. полти. лит-ра». 1975 г.
6  Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: «Жазушы». 1990 ж.
ƏОЖ 37.33 330.111.4
М.А. Нуриев
т.ғ.к., профессор,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Э.О. Телагусова
Экономика ғылымдарының кандидаты
Д.М. Советканова
Педагогика ғылымдарының магистрі
КƏСІПКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Мақалада  кəсіпкерлікті  бастау  үшін  қажетті  капиталдың  көздерімен  оның  қызметіне 
сипаттама беріледі. Бастапқы капитал – бұл бизнесті бастау үшін қажет болатын қаражат, 
яғни бизнестен табыс алу деңгейіне жеткенге дейін шығындарын жауып отыру үшін керекті 
қаражат,  мұның  ішіне  негізгі  қорға  салынған  инвестициялар  да  кіреді.  Бастапқы  капитал 
ақшалай қаражат түрінде жəне басқада істі бастауға керекті материалдық активтер түрінде 
бола алады. Несиелерді кəсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктер ұсынады. Қазақстан шағын 
жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде ауқымды шаралар қолданылуда. Солардың 
ішінде кəсіпкерлерді жеңілдетілген пайызбен несиелендіру шаралары да бар. Бұл шаралар 
еліміздегі екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылып отыр. Қазіргі күні барлық ірі бан-
ктерде шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары бар. Бұл бағдарламалардың кəсіпкерлер 
үшін артықшылығы ол ұзақ несиелендіру мерзімі жəне төмен пайыздық мөлшерлемелермен 
жүргізіледі. Елімізде шағын жəне орта кəсіпкерлікті қаржылай қолдаудың мемлекеттік опе-
раторы ретінде «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызмет көрсетеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал