Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



жүктеу 5.08 Kb.

бет2/17
Дата07.02.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ұстаз – əке, өйткені ол шəкірттеріне ала-
ламай  қамқорлық  жасайды.  ұстаз – ана,  ол 
шəкіртін  туған  анасындай  баурап,  өмір  өр-
нек терін,  тұрмыс-тіршілік  мехнаттарын, 
қиын дықтары  мен  қызықтарын  сезіндіріп, 
баулу дан жалықпайды. ұстаз – жолдас. Ол əр-
қашан да шəкіртімен бірге көпшілікпен ара-
ла сып  жүреді,  қатар  құрбысындай  қатарлас 
өмір сүреді. ұстаз – дос, ол шəкіртіне тек жақ-
сы лық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек 
көр сетеді, жан сала жақсылық жасайды.
Шəкірт - ұстазының ұлағатты іс-əрекетін 
үйреніп,  одан  білім  алушы,  жаны  жақын, 
ой-мақсаты біртұтас, өсіп-өркендеуші өрені. 
Шəкірт  ұстазына  инабаттылық,  құрмет  пен 
ізеттілік, имандылық көрсетіп, əдеп сақтауға 
міндетті.  ұстазды  құрметтеудің  бір  белгісі 
–  оған  ізеттілікпен  сəлем  берудің  екі  жолы 
бар:  жиналып  отырған  шəкірттер  ұстазбен 
тұ рып  амандасады,  жеке  кездескенде,  шə-
кірт ұстазға əдеттегідей сəлем беріп, бас ие-
ді. Сəлем беру кезінде иман жүзділік, ел жі-
ре гіш  сезіммен  құрметтеу  нышаны  көріну 
ке рек.  Сəлемдесу  сөздерінің  дауыс  ырғағы 
сы пайы,  сыйласымды  болуға  тиіс.  Кейде 
шə кірт ұстазын алыстау жерден көріп қалса, 
бас  киімін  алып,  оң  қолын  жүрегіне  тақап, 
бас иіп, ишарат білдіреді.
Ұлағатты ұстаз алдында шəкіртінің орын-
дай тын  міндеттері  мен  парыздары  өте  көп. 
Ең əуелі шəкірт ұстаз сөзін ықыласпен тың-
дау ға, ісін ілтипатпен үйренуге міндетті. ұс-
таз сөзін мəңгі есте қалдыру үшін, оны бір-
не ше  рет  еске  түсіріп,  қанша  рет  қайталап, 
жа дында  жаттап,  санада  сақтау  қажет.  ұс-
таз дың  тапсырмасын  орындамаған  шəкірт 
үл кен  қателік  жасап,  əрі  əдепті  бұзады,  əрі 
білімін нашарлатады.
Ұстаз  əрі  жолдас,  əрі  дос  болғандықтан, 
шə кірт  онымен  ашық-жарқын,  жасқанбай 
пікір лесіп, ойын ашық айтса, ұстаздың көңілі 
көте ріліп,  шəкіртіне  сырын  ашып,  оның 
ойы на от беріп, қиялын қиянға шығарып, ар-
ман  биігіне жетелейді.
Əрбір  ұстаздың  бойында  бірнеше  өнер 
бо лады, əдепті шəкірт ұстаз бойындағы қа-
дір лі қасиеттерді, өрнекті өнерлерді үйреніп 
алу ға құштар болуы керек. Ондай шəкіртіне 
ри за болған ұстаз бар өнерін салып, өз бой-
ын дағы  дарынын  шəкіртіне  дарыта  біледі. 
Сон дықтан,  шəкірт  ұстаз  өнеріне  қызығып, 
ұс таз білімін қастерлей білуге міндетті.
Ұстазын сыйламаған шəкірт өз ата-анасын 
да  сыйламайды.  өз  ата-анасын,  ұстазын  ар-
дақ  тамаған шəкірт адамгершіліктен жұрдай 
бо лып, елінің елеулісі, халқының қалаулысы 
болмақ деген аталық батаның үдесінен шыға 
алмайды. Бар білімін, қайрат-жігерін аямай, 
шəкірттеріне білім беріп, өнер үйретіп, өмір-
ге  жол ашып берген ұлағатты ұстаздарға əр-
бір  адам бас иіп, тəжім етеді.
Туған  жерді  қастерлеу  дəстүрінің  ұлт-
тық тəрбиелік мəніне келсек. Мынау жарық 
дүниедегі əсерлі əсемдіктер мен қыруар қы-
зық тар, рухани рахаттар, таңғажайып тама-
ша лар жер-ананың жүзінде өтіп жатады. Қа-
сиет ті Жер-ана – алып Күнді айналып жүре-
тін жеті ғаламшардың ең құдіреттісі. өйт кені 
өрнекті  жер  жүзінде  тыныстайтын  ауа,   су-
сындайтын  су,  сəулеттендіретін  сəуле,  қай-
на ған  өмір  бар.  Жер-ана – бүкіл  адамзатқа 
ор тақ мерекелі мекен.
Қазақта «Ер туған жерінде, ит тойған 
же рінде»  деген  мақал  бар.  Əрбір  адамның 
ту ған жері – бəрінен де қымбатты. Өйткені 
ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп,  
ауасымен  тыныстады,  табиғатымен  бі те 
қайнасып, адам болып қалыптасты. Сон дық-
тан  да əрбір адам туған жерін қорғайды, ая-
лайды, күтеді, қастерлейді.
Аялы  туған  жеріміздегі  жайнаған  гүлдер, 
жай қалған  шалғындар,  теңіздей  телегей  ор-
мандар,  сылдыраған  бұлақтар,  керіліп  жат қан  
кең  дала,  аспанмен  тірескен  ақ  басты  тау лар, 
жарық  ай,  жарқыраған  жұлдыздар,  көк  мөлдір 
аспан,  күлімдеген  Күн-ана - өмі ріміздің  тірегі, 
қызығы, рақаты. Туған жер дің əрбір тасына дейін 
қасиетті, киелі, əулие. Сон дықтан сол құдіретті 
мекенімізді сүйе бі лу - адамдығымызға сын.

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
10
Туған жерімізде «əулие тал», «əулие бұ-
лақ», «əулие  көл», «хан  тəңірі», «сұлу  төр»,  
«бесік  тау»  деген  қасиетті  атаулар  бар.  Аты-
нан  көрініп  тұрғандай,  бұл  əулие  əрі  киелі 
жаратылысқа  дақ  салмай,  аялап  күтіп, 
ардақтап сақтау – əрбір адамның перзенттік 
борышы.
«Бұлақ  көрсең,  көзін  аш», «Жол  үстінде  тас 
жатса,  алып  таста», «Гүлді  жұлма», «Ағашты 
жастай  қырықпа», «Шыңнан  тас  домалатпа», 
«Құмырсқаның  илеуін  бұз ба»,   «Судың  да  сұрауы 
бар», «Суды ысырап  қылма», «От шағып ойнама», 
«Аққуды атпа»,   «Құс ұясын бұзба», «Артыңда мал 
қал ғанша,  тал  қалсын», «Жеті  күн  жауған  жаң-
бырдан  желіп  өткен  су  артық»,  т.б.  тыйымдар 
мен мəтелдер табиғатқа байланысты əдет-ғұрыптар 
мен  салт-дəстүрлердің  ертеден  қалыптасқанын 
көрсетеді.
Халқымыз  ұрпақтарына  табиғатты  аяла-
уды əрқашан да əдеппен аңғартып отырған.
Табиғатты  аялап,  оның  қызығын  көре 
білген  халқымыз  табиғат  заңдылықтары  мен 
оның сиқырлы сырларын да жақсы білген. «Ай 
қораланса, аяғыңды сайла, күн қораланса, күрегіңді 
сайла» деп, күн райының құбылуын ай бетіне, күн 
жүзіне, жұлдыздарға қарап болжаған. Ай шалқайып 
туса, «өзіне  жайлы,  шаруаға  жайсыз»  деп,  ол 
айда  жауын-шашын,  жел-желемік,  құбылмалы 
ауа райы болатынын болжап, оны өмірге, тұрмыс-
тіршілікке пайдалана білген. Тіпті «Аю оң айлан-
са, көктем жылы болады», «Түнде жұлдыз жиі 
көрінсе, күндіз ашық болады», «Жатқанға дейін 
үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі 
қалды»  деп,  көктемнің  келуіне  байланысты 
ауа райының құбылыстарын айыра біліп, күн 
райын күні бұрын болжап, жыл мезгілдерінің 
кезеңдерін 
кемеңгерлікпен 
айқындап, 
жақсылыққа жадырап, əсем табиғатты əдеппен 
қорғаған. Ха лық арасындағы туған жер туралы 
əндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз 
хал қы мыз дың туған жерді аялай біліп, ардақ-
тай   сүйетінін  дəлелдейді.  Құрманғазы  ата-
мыз дың  «Сарыарқа», «Алатау»,  Тəттімбет 
ата мыздың  «Саржайлау»  күйлері  туған 
жері міз дің тамаша табиғатын көз алдымыз-
дан өткізіп, əдемі əсерлендіріп, жанымызды 
жадыратады.
Сыныпта  гүл  өсіру,  табиғат  мүйісін 
ұйым дастыру,  мал,  құс  өсіріп,  еңбектеніп, 
қы зығын  көру  əрбір  жастың  ықыласты  іс-
əре кеті болып қалыптасуға тиіс. Мектептегі 
та би ғатты қорғаушылар клубтары мен үйір-
мелері  жер-ана  жүзіндегі  жеткілікті  қы-
зық тардың  рақатын  көруге  əрбір  оқушыны 
бейім дей білетіндей болуы қажет. Ата-баба-
мыздың  аялап  келген,  кереметтерге  то лы 
туған  жердің  топырағын  тыңайтып,  су ын 
тұнықтап, өсімдігін өркендету – əрбір адам-
ның  қастерлі борышы.
Ер  намысын,  қыз  абыройын  қорғау 
дəс түр лерінің тəлімдік қағидалары.
«Ер ел үшін туады» деп, халқымыз ер бала 
ту ғанда, «жылқышы», «қойшы», «батыр», 
«сар баз», «мұрагер» деген сүйінші сөздерін 
ай тып,  қуанады.  Баланы  «тепсе  темір  үзе-
тін»   батырлыққа,  ерлікке,  елінің  елеулісі, 
хал қының  қалаулысы  болуға  тəрбиелейді. 
Ба қытты  балдырған  ата-анасының  үмітін 
ақ тау  үшін,  олардың  ұлағатты  сөздері  мен 
өнерлерін  орындауға  бейімделеді.  «Жі гіт  
адам  жыламайды»  деп,  үлкендер  бал дыр-
ған дар ды шыдамдылыққа үйретеді.
Балалар  ес  біле  бастағаннан  ел-жұрты, 
ата -анасы оларға үлгі-өнеге көрсетіп, халық 
та ғы лымдарынан  тəлім  алуға  баулиды. 
Ер тегілер  мен  аңыз-əңгімелер,  батырлар 
жыр ларындағы өнегелермен қатар, өмірде 
болған ұлы адамдардың өмірін үлгі етеді. 
Мысалы:  ұлы  ғалым  Шоқан 3 жасында 
хат таныған; ғұлама ақын Мəшһүр Жүсіп 
8  жасында  «мəшһүр» (білгіш)  атанған; 
Абай дана 13 жасында билікке араласқан; 
атақты  əулие  батыр  атамыз  Райымбек 
15  жасында  керемет  ерлік  жасаған  Қазақ 
халқының  бірлігін  сақтап,  елдің  ел  болуы-
на  басшылық  жасаған  бабаларымыз:  Төле 
би,  Қазыбек  би,  Əйтеке  би 14-15 жасынан 
бастап  халыққа  əділ  би лік  жасап,  өздерінің 
шешендіктерін, 
данышпандықтарын 
танытқан.  Ер  бала ның   тəлім-тəрбиесі  үшін 
халық  тарихи   қа лыптасқан  дəстүрлердің 
орындалуын  қа дағалайды. Ол үшін ең əуелі 
халық  бала ның  намыс  сезімін, «ер  намы-
сын» қалып тас ты ра ды.

11
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Е  р  н  а  м  ы  с  ы  -  тəлім-тəрбие  арқылы 
қалыптасқан əулеттік, ұлттық дəстүр, ха лық -
тық салт-сананың бір негізі. Бала тəр бие ле-
ніп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қор-
ғай  білуге  міндетті.  Егер  ер  жігіт  намысын  
қор ғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. 
«Ерді  намыс  өлтіреді»  деген  мақал  содан 
қал ған.  Ер  бала  əке  жолын  қуып, «əкеден 
де  асып  туып»,  қатарынан  қалмай,  алдына 
қой ған  мақсаттарын  абыроймен  орындауға 
борыш ты: елін қорғау, ерінбей еңбек ету, ата-
ана сын ардақтау, өнер үйрену, күшті, жігерлі 
бо лу,  айтқан  сөзінде  тұру,  əділетті  болу, 
біреу ге  жалынышты,  кіріптар  болмау,  əйел 
адамды  құрметтей  білу,  жасық  болмау,  оқу 
оқып, білімді игеру, т.б. ізгі қасиеттерді бойына 
сіңіру – ер азаматтың намысын ақтап, абыройлы 
болуы. Əсіресе, ұлттық дəстүрге сəйкес əдепті, 
иманды, инабатты, ілтипатты болу – ер жігіттің 
айнымас  ары,  бұлжытпай  орындайтын  заңды 
борышы: «Түсі игіден түңілме» деген сөз содан 
қалған. Халықтың өкімдік дəстүрін пір тұтқан 
ер  азамат  «Жаным – арымның  садағасы» 
деп, арын биік ұстайды. өз намысын, ел на-
мысын, адамзат намысын қорғайды.
Қыз баланың бақытты болуы оның өз абы-
ройын  (арын,  намысын,  қасиетін,  қадірін) 
сақтай білуіне байланысты. Қыз абыройы – 
отбасының, елдің болашағы – жаңа отау, жас 
босағаның  беріктігі,  қыз  өмірінің  қызығы. 
Қазақ  халқы  «Қыздың  жолы  жіңішке», 
«қызға  қырық  үйден  тыйым»  деп,  оның 
абы рой  сақтауын  қатаң  қадағалап  отырған. 
Қыз дың  абыройы  оның  ар-намысын  сақтай 
бі луіне ақыл парасатына, инабаттылығы мен 
имандылығына,  махаббатты  жоғары  ба ға-
лауына,  іске  бейімділігіне,  өнерпаз-білім-
дар лы ғына байланысты.
Халқымыз  қыз  абыройын  жоғары  баға-
лай ды, қыздың абыройлы болуына көбінесе 
ана жауапты деп қарап, анасын ардақтай біл-
ме ген  қыз  өз  абыройын  да  сақтай  білмейді 
деп тұжырымдайды. өз намысын берік қор-
ға ған  қыз  есер  жігітке  кіріптар  болмайды, 
ес ті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу 
үшін,  оның  мінез-құлқы  ибалы,  инабатты, 
иманды болу керек.
«Мін – мінезден» дейді халық. «Қыз қылы-
ғы мен  жағады»  деген  мақал  содан  қалған. 
«Қыздар сұлу болмайды көркіменен, мінезіне 
көз  жетпей көңіл бөлме», - деп, Абай дана 
ер   азаматтарды  жаман  мінезді  қыздардан 
жи рендіреді.
Қазақ қызының қырық бір əдебі: 1. Қыз 
абыройын  берік  сақтау. 2. Салт-дəстүрден 
ат тамау. 3. Үлкендердің  жолын  кесіп  өтпеу, 
атын  тергей  атау. 4. Нəпсіқұмар  болмау. 5. 
Жа рыса  сөйлемеу. 6. Жалғыз  қыдырмау. 7. 
Жыр тақтап  күліп,  сыпсыңдап  сөйлемеу. 8. 
Орынсыз нəрсеге ұрынбау. 9. Басқаларға қол 
тигізбеу. 10. Өтірік,  өсек  айтпау. 11. Суық 
жүріс, сумаң қылық жасамау. 12. Кісіге қарап, 
керіліп есінемеу. 13. Талтайып отырмау. 14. 
Шалқайып  жатпау. 15. Тамақты  обырлана 
асамау. 16. Ұлық-қарлық жасамау. 17. Ұятты 
мүшелерін  ашып  жүрмеу. 18. Бұраңдап, 
қылымсымау. 19. Қызыл іңірде ұйқыға жат-
пау. 20. Түске дейін ұйықтамау. 21. Кісі ал-
дында  киім  ауыстырмау. 22. Елді  (өз  елін, 
басқа елді) ғайбаттамау. 23. Ішімдік пен шы-
лым шегуден аулақ болу. 24. Ұрыс-керістен 
аулақ  болу. 25. Беттен  алып,  бет  жыртысу-
дан  аулақ  болу. 26. Қарау  болмау,  ысырап 
жасамау. 27. Рахымсыз  болмау,  қатыгездік 
жасамау. 28. Түнде  суға  жалғыз  бармау. 
29.  Жат  жыныстылармен  араласып  жатпау. 
30.  Анамен  ақылдасып  отыру. 31. Əдепсіз 
сөз  айтпау. 32. Жүріс-тұрыста,  сөйлеуде 
əдептілік көрсету. 33. Адам мен жануарлар-
ды теппеу. 34. Кісіні қорлап, жəбірлемеу. 35. 
Тəкаппарлық  пен  сиқымазақ  жасамау. 36. 
Айғай-сүрең жасамау. 37.Шектен тыс сыла-
нып,  жағымсыз  жасанбау. 38. Қызғаншақ, 
күншіл  болмау. 39. Алдап-арбаудан  аулақ 
болу. 40. Көрсеқызар болмау. 41. Қанағатсыз 
болмау. (41 əдептің негізі Ана тілі газетінен 
(44 (1198) 7-13 қараша 2013ж). алынды)
Кəсіпке  үйрету  дəстүрлерінің  ұлттық 
тəрбиелік  мəні.  Қазақтың  халық  педаго-
гикасында  еңбек  тəрбиесi  ерекше  орын 
алады.  Тəй-тəй  басып,  əрекет  жолына   түсе 
бас таған  бөбектен  бастап  еңбек  тəрбиесi 
ең бек сүйгiштiкке  (қарекет  қылуға),  ең бек-
тi  құрметтеуге  (ата-ананың  еңбегiн  құр мет-

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
12
теп,  оны  мақтан  тұтып,  оларға  көмек  көр-
се тудi  борышым  деп  санауға),  еңбекке  дағ-
ды ландыруға  (үйрету,  жаттықтыру,  дағдыға 
айналдыру) үйретедi.
Еңбек  тəрбиесi  отбасында  алғаш,  негi зi-
нен,  баланың  еркiн  əрекет  жасап,  талпыну,  
та лаптану, ойнау, ойын үстiнде үйрену ке зiн-
де   iске асырылады.
Еңбек тəрбиесiнiң негiзгi саласы - баланы 
кə сiпке  үйрету  болып  табылады:  мал  бағу, 
егiн  салу,  сəулет  өнерiне  үйрету,  зергерлiк, 
то қымашылық, құсбегi болу алуан түрлi ұс-
та лық кəсiпке үйрету негiздерi.
Мал  бағу - қазақ  халқының  негiзгi  бiр 
ұлт тық  кəсiбi  болғандықтан,  балаға  ес  бiле 
ең бек етiп, мал бағуды үйретудi халық əрбiр 
ере сек адамның борышы деп есептейдi.
«Қой бақсаң, өрiсiн тап», «доп ойнаған - 
то зар,  асық  ойнаған – азар,  бəрiнен  де  қой 
ба ғып, көтен, мойын жеген озар» деп халық 
қой   бағу  өнерiн  жоғары  бағалайды.  Қой-
еш кi  бағу  оңай  емес,  оны  ерте  өргiзiп,  кеш 
қо ра лау,  жазда  ешкi-қойды  желдетiп,  қыста 
ық та тып  бағу,  отар  малды  кезiнде  суғарып, 
жу сату.  Қой  қосақтап,  оны  сауа  бiлу,  қозы 
бө лу, қой идiру, қой қырқу, қой емдеу, қой са-
нау,   қой түстеу, қой сою жұмыстарының əр 
са ласы - бiр ғылым. 
«Егiн  ексең,  жүгерi  ек,  жүгерi - сүт,  жү-
ге рi – ет», «нан құраннан да қасиеттi», «ал-
тын -күмiс  тас  екен,  арпа-бидай  ас  екен» 
деп   халық  егiн  егудi  қастерлеп,  жоғары 
ба ға лайды. «Көктемнiң  бiр  күнi,  қыстың 
бiр  айына  азық»  деп,  ал  егiн  салудың  оны 
орып-жинаудың өз мезгiлi болатынын қатаң 
ескертедi, егiн жиналған соң сабан той («ал-
тын дəн») жасайды.
Дүние  жүзiндегi  жетi  өнердiң  ең  сəу лет-
тiсi «Тахла-Маклан» ғимаратын салған Мұса 
шебер – қазақ.  Сəулет  өнерi  қазақ  же рiн де 
ертеде  дамыған.  Оған  монғол  шап қын шы-
лығында қазақ жерiнде қираған (Отырар, Са-
уран, Сайран, Созақ, Иассы, Сығанақ, Испид-
жаб, т.б.) ондаған қалалар мен қымбатты та-
рихи ескерткiштер дəлел бола алады. Сəулет 
өне рiнiң  керемет  үлгiлерiн  тамсана  сөз  ету 
ертегiлер  мен  аңыз  əңгiмелерде  батырлар 
жыр ларында  кездеседi.  Сəулет  өнерiнiң 
үлгi лерiн Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан бап 
кесенелерiнен көремiз.
Киiз үй - қазақтың сəулет өнерiнiң тарихи 
табысы. Киiз үйдiң жолым үй, төрт қанатты, 
алты қанатты, он екi қанатты (керегелi) түр ле-
рi бар. Оның жабдықтарын (кереге, уық, ша-
ңырақ, туырлық, түндiк, жабық, үзiк, уық бау,  
кереге бау, басқұр, ортаңқұр, есiк, ерге нек,   т.б.) 
жасау үшiн қыруар еңбек, асқан ше бер лiк ке-
рек. Бұл - еңбек тəрбиесiнiң бiр не гiзi.
Зергерлiк өнерiн қазақ халқы жоғары ба-
ға лап,  зергерлердi  ардақтап,  олардың  өнер-
ле рiн (ою-өрнек, алқа, сырға, бiлезiк жасау, т.б.) 
уағыздап, жастарға үйретiп отырған. Зер герлердiң 
ғасырлар  бойы  еңбек  етуiнiң  нə тижесiнде 
халықтың өзiне тəн ұлттық ою -өрнектерi (мыса-
лы: «Алтын адам» өр нек те рi )  бар.
Кiлем, алаша, шекпен тоқу өнерiн жас-
тар ға  үйрету  iсi  өз  жалғасын  тауып  келедi. 
«ұш қыш кiлем» өрнектерiн қиялдаған халық 
өз ше берлiктерiмен қалы кiлем, түктi кiлем, 
ала ша кiлем, жiбек кiлем, т.б. кiлем түрлерiн 
то қуды жастарға үйретiп келедi.
Алуан  түрлi  ұсталық  кəсiптер  (үй  аға-
шын, киiзiн даярлау, кесте тiгу) көбiнесе, əу-
леттiк  кəсiп  ретiнде  ұрпақтан  ұрпаққа  жал-
ға сып келедi. Əулеттiк кəсiп ұлғайып ұлттық 
кə сiп ке  айналып  отырған.  Əулеттiк  кəсiптi 
жас тарға  үйретiп,  оны  жалғастырып  отыру 
ұлт тық салтқа айналған (мал бағу, егiншiлiк, 
бағ бандық т.б.).
Аңшылық – халықтың  ең  көне  кəсiбi
Тұ зақ  салу,  садақ  ату,  ит  қосу,  құс  салу 
(құсбегiлiк)  кəсiбi,  көбiнесе,  əулеттiк  кəсiп 
бол ған.  Əрбiр  кəсiптiң  өз  тəсiлдерi  мен  тə-
жiри бе лерi бар.
Балық аулау кəсiбiне үйрету үшiн халық 
ең  ал дымен  балықтың  түрлерiмен  (бекiре, 
са зан, шабақ, алабұқа, шортан қызыл балық, 
жа йын,  т.б.)  таныстырады,  балық  аулау  құ-
ралдарын  (қармақ,  ау,  тор,  т.б.)  қолдануды 
үйретедi,  балық  тағамдарын  (балық  сорпа, 
сұр балық, т.б.) даярлау тəсiлдерiн бiлудi на-
сихаттайды.
Əулеттiк тағылымдар мен дəстүрлер - 
бiр  а та дан  тараған  əрбiр  əулеттiң  өзiне  тəн 

13
ҰЛТ  ТƏРБИЕ
қалыптасқан  мұралық  дəстүрлерi.  Мысалы, 
ем шiлiк,  ұсталық,  өнерпаздық,  саяткерлiк, 
ди қандық,  сəулетшiлдiк,  т.б.  əулеттiк  дəс-
түр лер ұрпақтан-ұрпаққа үлгi-өнеге, тəрбие 
үй рету арқылы жалғасып отырады.
Əулеттiк  дəстүрлердi  жалғастыру  үшiн 
ата   баланың  əулеттiк  намысын  қоздырып, 
өз  өнегесiн үйретедi. Сол арқылы жалпы  ха-
лық қа үлгi көрсетiп, халықтық педагогиканы 
да мыта түседi. Халық əулеттiк тағылымдар 
мен  дəстүрлердi жоғары бағалап, оны ұр пақ-
та ры на үлгi етiп отырады. Халық арасынан 
шық қан  əулеттiк  ансамбльдер,  айтыстық 
ақын  дəстүрлерi,  т.б.  əулеттiк  дəстүрлердiң 
тəр биелiк мəнi зор болып табылады.
Қазақ халқының халықтық педагогика сы  
жаңаша  дəстүрлермен,  тамаша  салт-са на-
лар  мен дами бередi.
Əулеттiк  тағылымдар  мен  дəстүрлердiң 
тəр биелiк  мəнi,  оның  жалғастық,  мұралық 
өзек терiнiң үздiксiздiгiне байланысты.
Отбасында  халық  педагогикасының 
ең бек  тəрбиесiне  лайықты  нұсқалары  үз-
дiк сiз  пайдаланылады:  үлкендi  сыйлау,  ас 
ал дын  үлкенге  ұсыну - еңбек  нəтижесiнiң 
iз гiлiк  көрiнiсi  болса,  еңбек  туралы  мақал-
мə телдердi  үзбей  мысалға  келтiрiп,  игiлiктi 
iске басшы болып отыру үлкендердiң боры-
шы.
Қыз баланың үй iшiндегi еңбегi ұшан-те-
ңiз. Əсiресе үй iшiн жинай бiлу, төсек жию, 
жүк жинау, кiлем ұстау, үй жиһаздарымен үй-
дi безендiре бiлудiң ұлттық белгiлерi өте мол. 
Қыз  баланың  кесте  тiгу,  ою  өрнектеу,  ки iм 
пiшiп, тiге бiлу, кiлем тоқу, т.б. кəсiптiк iс-əре-
кеттерiне ана басшылық жасап отырады.
Отбасындағы еңбекке тəрбиелеу iсiндегi 
еңбек  бөлiсiн,  көбiнесе,  əке  басқарады.  Ер 
ба ла ның малшы, егiншi, сəулетшi болуы мен 
əу лет тiк кəсiптi үйренуi, негiзiнен, əкенiң iс-
кер лiгi мен жауапкершiлiгiне байланысты.
Отбасындағы еңбек тəрбиесiне аңыз əң гi-
мелердiң («Аяз би»), ертегiлердiң («Ер Төс-
тiк»),  ұлттық  ойындардың («Жанұя»  қуыр-
шақ   ойыны),  мақал-мəтелдердiң («Еңбек 
-  бə рiн  жеңбек», «Еңбек  етсең  ерiнбей,  то-
яды  қарның  тiленбей»)  əсерi  мол.  Халық 
педагогикасының  бұл  салаларын  от  басын-
да   тиiмдi  пайдалану  iзденуге, iзгi iске  жа-
уапкершiлiкпен қарауға байланысты. Мыса-
лы,   жас  бөбектi  күтуге  жанұядағы  барлық 
жан  қатысады, олар бесiк жырын, сол үшiн 
де  жақсы бiлуге ынталанады. Ал «ғажайып 
бақ»   сияқты ертегiнi балаға айтып беру, «Аяз 
би»   аңыз-ертегiсiн  баланың  өзiне  айтқызу 
оның  еңбек сүюiне, əдептiлiк əрекетiне əсер 
ет пей қоймайды.
Балалар бақшасындағы еңбек тəрбиесi 
де  халық  педагогикасының  қайнар-бұ ла ғы-
нан  басталады  (мақал-мəтелдердi,  тақ пақ-
тар ды жаттату т.б.). Балалар бақшасында ең-
бекке тəрбиелейтiн ұлттық ойындарды  ұйым-
дас тыра бiлудiң əдiс-тəсiлдерiн тəрбиешi те-
рең  де жан-жақты бiлуге мiндеттi (кесте тiгу, 
кi лем ше тоқу, т.б.).
Мектептегi ұлттық еңбек тəрбиесi iсiнде, 
əсiресе  төрт  түлiк  мал  туралы,  егiншiлiк 
жа йын дағы  халық  педагогикасының  асыл 
нұс қаларын  тиiмдi  пайдаланған  ұстаз  көп 
мақ саттарына  жетедi.  Мектепте  «Түлiктер 
тойы», «Сабан  той», «Алтын  күз», «Қы-
мыз мұрындық», «Наурыз 
тойы», 
т.б. 
тақырыптарда класс сағаттары, тақырыптық 
жə не пəндiк кештер өткiзiледi. Сонда қазақ 
хал қының  төрт  түлiктi «киелi»  жануарлар  
деп,   олардың  иесiн  (атасы)  бар  деп  қас тер-
лейтiн  көркем  көрiнiстермен  паш  етiп,  мал  
бағу - қасиеттi жұмыс екенiн ұрпақтар ұғы-
на ды.  Сиыр  малының  атасы - Зеңгi  баба, 
жыл қы  малының  атасы - Қамбар  ата,  қой 
ма лы ның атасы - Шопан ата, ешкi малының 
ата сы - Шек-шек  ата  деп,  халық  төрт  түлiк 
мал дың киелi тегiн қадiрлеудi уағыздайды.
Əсiресе, жылқы малын халық жоғары ба-
ға лайды («мiнсең – көлiк, жесең - ет, iшсең 
–  қымыз»).  Қобыланды,  Алпамыс,  Қамбар, 
Тар ғын, Ер Төстiк сияқты батырларды же ңiс-
ке жеткiзген Тайбурыл, Байшұбар, Қара қас-
қа,   Тарғыл,  Шалқұйрық  атты  тұлпарларды 
бап қа келтiру үшiн Құртқа сияқты қанша ат 
кү тушiлер  мен  атбегiлер  күнi-түнi  тынбай 
ең бек еткен. Сол туралы мектеп сахнасында 
кө рiнiстер  мен  қойылымдар,  жырды  жатқа 
ай ту өнерпаздығының мəнi зор.

14
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Ақыл айту рəсімінің ұлттық тəрбиелік 
мəні.  Қазақ  халқы  баланың  пайымдауын  
қа лыптастырып,  ойлау  жүйесiн  дамытып,  
үлгi-өнегелi iс-əрекеттердi  үйретiп,  кiсiлiгiн 
ке мел дендiру  үшін,  ақыл  айту  рəсімін  қол да-
нады. Ол үшiн халық мақал-мəтелдердi, өне ге лi 
өсиет сөздердi, даналық уағыздарды, ше шендiк 
сөздердi пайдаланады.
«Бiлектi  бiрдi  жығады,  бiлiмдi  мыңды  жы-
ғады», «Кiтап - бiлiм  бұлағы», «Бiлiмдiге  дү-
ние жарық, бiлiмсiздiң күнi кəрiп» деп, ха лық 
мақал-мəтелдер  арқылы  ғылым-бiлiмдi  зерт-
теп, ақыл-ойдың негiзi пайымдауда екен дiгiн 
ұрпаққа ұғындырып отырады.
Халық  баланың  ойлау  жүйесiн  дамыту 
үшiн санамақтар мен жұмбақтарды пайдала-
нады, түрлi аңыз əңгiмелер мен ертегiлердi үл-
гi-өнеге етедi, өсиет сөздердiң тəрбиелiк мə нiн 
жоғары бағалайды.
Халық ақыл-ой тəрбиесiне, əсiресе да на лық  
сөздер мен шешендiк сөздердi жиi пайдалана-
ды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал