Баоның әні – бо халқының соңғы әні Андаман тілі



жүктеу 10.62 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі10.62 Kb.

 

Баоның әні – бо халқының соңғы әні 

 

 

Андаман тілі 

 

Бөбегім, сен құрсағымда тебінесің... Жылы сөз айтсам, сүйінетін  тәріздісің.  

Сен  тіршілікке  ұмсынып,  жарық  дүниеге  ұмтылсаң,  Андаман  аралдарының 

бірінде  ака-бо  тілінің  соңғы  сөйлеушісі  Бао  сексен  бес  жасында  көкірегін 

кернеген өкінішімен көз жұмды. Бұл 2010 жылдың қаңтар айы.  

Андаман  –  Үнді  мұхитын  бойлай  жатқан,  Үндістанның  аумағына  қарайтын 

арал.    Ғалымдардың  зерделеуінше,  аралдың    байырғы  тұрғындарының  бірі  

бо  халқы  бұл  жерді  65  мың  жыл  бойы  қоныс  еткен.    Олар  Ұлы    андаман 

тайпасына  кіретін  дүниенің  қарт  халықтарының  бірі  еді.    Ғалымдар  ака-бо 

тілін  адамзаттың ежелгі тілдерінің санатына қосады. Ал Бао болса, бүгінде 

көзі тірі 52  андамандықтың ішіндегі ең қарт адам болатын. 

Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде  андамандықтардың саны бес мыңға 

жуықтады. Ағылшын басқыншылары 1858  жылы аралға басып кіріп, жұртты 

атып  асып,  жаппай  қырып  тастады.  Тірі  қалғандарының  өзі  еуропалықтар 

әкелген жұқпалы аурулардан көз жұмды.  

Көзі  тірі  елу  шақты  андамандық  бүгінде  Үндістан  мемлекетінің 

қамқорлығында.    Бейбақ  жұртқа  ас-суды  үнділіктер  жеткізіп  тұрады.  Ал 

онсыз  да  жер  бетінен  жойылуға  шақ  қалып  тұрған    арал  иелері  араққа 

салынып жатыр... 

Бао өмірінің соңғы жылдарын лингвист, профессор  Анвита Абби бақылады. 

Зерттеушінің  әңгімелері  жүректі  шымырлатады.    «Ака-бо  тілінің  соңғы 

сөйлеушісі болғандықтан Бао  жалғыздықтың азабын тартты. Ол сырласарға 

жан таппай  құса болды. Ал осы кейуанамен бірге тұтас  бір мәдениеттің әрі 

қайталанбас  ғажап  тілдің  құмға  сіңгендей  жоғалатынын  сезіп    тұру    маған 

қандай қасірет болғанын білесіз бе?!» - дейді ол. Бао қырық жыл бойы туған 

тілінде ешкіммен әңгіме дүкен құрмаған.  

Бөбегім,    құрсағымдағы  саған  қазақтың  әнін  саламын.  Ертең  сен  де 

жалғарсың  анаңның  әнін,  ал  кейуана  Бао  болса,  қасірет  әнін    айтып  жатыр.  

Бүтін  халқын  туған  тілінде  соңғы  рет  жоқтаған  Бао  бейбақтың  дауысын 

лингвистер таспаға түсіріп алыпты.  Не деген зарлы арман... Баоның әні – бо 

халқының соңғы әні.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал