Балғындар жүрегіне жол тапқан дүйсетай шаймұханов, тарих ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 55.22 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі55.22 Kb.

Ақын Қабыл Боранбаевтың туғанына - 90 жыл

БАЛҒЫНДАР ЖҮРЕГІНЕ

ЖОЛ ТАПҚАН

Дүйсетай ШАЙМҰХАНОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Өзінің өміршең де өршіл жыр-

ларымен қазақ әдебиетінде ізі қал-

ған жерлес ақын Қабыл Боранба-

евтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Біз бүгін осы қуанышты мерейтойға

байланысты ақынның аруағын еске

ала отырып, сол аруақтың да шық-

қан ортасы тегін еместігін атап өт-

кеніміз жөн шығар. Ұрпақтары об-

лыстың қазіргі Бұқар жырау ау-

данына қарасты Жаңақала аулын-

да өсіп-өрбіген ағайынды Боранба-

ев, Жұмановтар бүгінде мәуелі

бәйтеректей тараған үлкен шаңы-

рақ иелері. Арғы аталары Қаржас

руының Сатылған бұтағынан та-

райды. Еліне, халқына көп жылдар

бойы адал еңбек еткен адамдар

қатарына қосамыз. Осы тұқымнан

тарайтын Бапық, Рауанда Жұманов,

Мекетай, Қабыл Боранбаев, Ораз

Сағынаевтар тек осы өңірдің ғана

емес, еліміздің қадірлі азаматтары

болды. Олар халқымыздың игілігі

мақсатында жан аямай қызмет етіп,

өмірдің қызығын да, шыжығын да

бастарынан өткерген адамдар.

Мәселен, Жұманов Бапық, 30-

жылдары қазақ халқының қасіретті

заманында, жалаң аяқ жар кешіп,

«Жаңа қала» колхозын ұйымдастыр-

ды. Ол кезде жаңа партиялық са-

рынды идеологиямөн байланысты

жаңа ұйымдасқан колхоздардың

атын сол саясатқа сай байланыс-

тырып, «Жаңа қала», «Жастілек»,

«Үміткер», «Алғабас» деп атаған бо-

латын. Бұл сол кездегі партия сая-

сатының бір бағыты еді.

Ақын Қабылдың туған ағасы

Мекетай Боранбаев та ел басқар-

ған азамат, ол аудандық, Балқаш

қалалық партия комитетінің 1-хат-

шысы дәрежесіне дейін көтерілген.

Рауанда Жұманов оқытушылық қыз-

метте болып, жас ұрпақты тәрби-

леуге үлкен үлес қосты (мен сол

кісінің шәкірті болып, бастауыш кла-

сты бітірген едім).

Қарағанды облысының баспа-

сөз, телерадиохабар органдарын-

да көп жылдар бойы басшы қызмет-

те болған көрнекті журналист, тарих

ғылымдарының кандидаты Ораз

Сағынаевтың есімі көпке мәлім. Біз

Ораз екеуіміз 7 класты Жаңа қала

орталау мектебін бірге бітіріп, Ал-

матыдағы Қазақ мемлекеттік уни-

верситетінде қатар оқыған едік.

Кейін бірге, қатарлас қызмет істедік.

Жұмановтардың, Боранбаевтардың

ұрпақтары бүгінде байтақ еліміздің

түпкір-түпкірінде аталар жолын

қуып, адал қызмет етіп жүр.

Ақын Қабыл Боранбаев 1915

жылы Баянауыл баурайында туып,

1978 жылы о дүниелік болып кетті.

1936 жылы Петропавл педагогика-

лық техникумын, 1939 жылы Алма-

ты мұғалімдер институтын бітіреді.

Сол кезден өзінің ұстаздық қызме-

тін бастайды. 1939 -40 жылдары

Балқашта орта мектеп мұғалімі,

1940-41 жылдары Түркістанда пе-

дагогикалық техникум директоры-

ның орынбасары, 1941-42 жылда-

ры Қарағанды облысы Қу ауданын-

да орта мектеп директоры болады.

Кейін 1949 жылы Абай атындағы

Қазақтың педагогикалық институ-

тын тәмәмдайды. Ұлы Отан соғы-

сына қатысып, жаһандық қантөгісті

басынан кешірді. 30-шы жылдары-

ақ өзінің ақындық қабілетімен та-

нылған ол соғыстан кейінгі жылда-

ры Алматыда республикалық «Пи-

онер» журналы редакторының ор-

ынбасары болып шығармашылық

қызметін бастайды. 1952-55 жыл-

дары Қарағанды облыстық радио

комитетінде бас редактордың ор-

ынбасары қызметін атқарады. Со-

дан кейін ұстаздық қызметке ора-

лып, Ворошилов аудандық білім

бөлімінің инспекторы, Жаңа қала

орталау мектебінің директоры,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұ-

ғалімі болады.

Жазушылық қызметін 30-жыл-

дардан бастады. Алғашқы өлеңдері

«Қарағанды пролетариаты» - қа-

зіргі «Орталық Қазақстан» газе-

тінде жарық көрді.

Жас ұрпақтарға арналған «Дәу-

рен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы

1949 жылы басылып шықты. Одан

кейін «Ант» (1950), «Дос отряд»

(1955), «Балалар шаттығы», «Жа-

ңарған жазық» (1962), «Тапқыр

бала», «Дән дария» (1977) атты өлең

жинақтары жарық көрді. Шығарма-

ларының көпшілігі жас оқырманда-

рға арналған.

Қабыл Боранбаев қазақ тіліне

Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің,

М.Исаковскийдің, К.Симоновтың,

Ғ.Ғулямның өлең жырларын аудар-

ған. Орыс жазушысы И.Василенко-

ның «Звездочка» деген повесін

қазақ тіліне аударып, кітап қылып

шығарған.

Қабекеңнің соңғы шыққан жи-

нағы «Алтын күз» деген атпен 1988

жылы «Жазушы» баспасынан жа-

рық көрді. Бұл жинақта 73 өлеңі, 3

поэмасы, балаларға арналған 15

өлең-жырлары басылып шыққан.

Балаларға, мектеп оқушылары-

на, жастарға арнап өлең жазу оңай

емес. Жастардың ой-дүниесі, қа-

білеті ескеріліп шығарылған өлең-

дері жеткіншектер санасына сай

келуі тиіс. Балалар ақыны Қабыл

Боранбаев өзінің өлеңдерінде сол

жас ұрпақтың тілін тауып, жүрек-

теріне жол таба білген. Бұл қазақ

поэзиясында сол кездегі сирек

құбылыс деу керек. Сондай-ақ Қ.Бо-

ранбаев өз шығармаларында, өзі-

нің өмірі, жақын туыстары мен дос-

жарандары, туған жері, халқына ар-

нап, ой дүниесін кеңіне жайып са-

лып отырған. Мысалы, «Жастық жі-

гіт шақтарым» деген өлеңінде бы-

лай дейді:

Жасымда асыр салдым,

ойнақтадым,

Жастық шақ еш нәрсені

ойлатпадың.

Ұқсадым құйынға да,

дауылға да,

Көз жұмып, тұңғиыққа бойлап

бардым.


«Көп еді ақын достарым» деген

өлеңінде адал ойын былай толғайды:

Пышақтай кесіп айтатын,

Әділ бар ма Саиндай?!

Қайсар еді, ер еді,

Қимылдайтын тайынбай.

Қиыстырған қиыннан,

Ақынның Қасым данасы.

Шығармас атын миынан

Қазақтың сан баласы.

Жалпыға жібек майда еді,

Күн көрікті Тайырым.

Тұла бойын толтырған,

Адамға деген қайырым.

Көп жылдар бойы сыртта жүріп,

аулына келгенде өзінің «Сағыныш»

деген өлеңін арнаған:

Сағындым мен ауылды ,

Сағындым тарғыл тастарды,

Сағындым өскен кейінгі

Қызыл гүлдей жастарды.

Сағындым құрбы жандарды,

Он атадан қиысқан

Ауылда жоқ аңсайтын

Одан басқа туысқан.

Армысың, туған ауылым,

Армысың, барша бауырым.

Өмірдің шайқап мен жеттім

Дауылы мен ауырын.

Ағамыз Қабыл Боранбаевтың

еліне, жеріне, достарына, ел бас-

шыларына, бала-шағасына, туыста-

рына арнаған, көңілінің түкпірнен

шыққан адал, ақ ниетті осындай өл-

ең жырлары көп.

«Алдыңғы толқын ағалар, кейін-

гі толқын інілер, замана бірте-бірте

өзгерер» деген халқымыздың асыл

сөздері бар. Осыны еске алып, хал-

қымыздың үлкен тұлғаларының

қатарында болған Қабекеңді әрқа-

шанда жас ұрпақтарға таныстырып,

айтқан ақыл-нақыл сөздерін сол

жастарға түсіндіріп отыру - қазіргі

аға ұрпаққа ұстаздардың абырой-

лы міндеті.



Асығат ТЕМІРБАЕВ, ардагер-журналист

Қабыл Боранбаев - Кеңес дәуірін де

қалам тербеген әдебиетшілер шоғырын-

да болған ақын. Екі ғасырдың жырауы

атанған Жамбылдан бастап, Қалижан

Бекхожин, Қасым Аманжолов, Әбділда

Тәжібаев, Ғали Орманов, Тайыр Жаро-

ков, Сырбай Мәуленов сынды жұлдыз-

дар қатарында толқын-толқын шығар-

маларды дүниеге әкелген Қабылдың 90-

жылдығы әдебиетіміздің өресі мен еңісін

шолуға салғастыруға үлкен себепкер

деп ойлаймын.

Кешегі қаһарлы күндерде қаламын

қару еткен азамат, жауынгер ақында-

рымыз бен жазушыларымыздың шы-

ғармаларының әсері, қуаты бүгінгідей

әлеуетін сақтағанына таң қаласыз. Сол

кездегі шығармалар халық қаһарманды-

ғын асқақтатты.

Қазақ әдебиетінің өкілдері соғыс

кезіндегі ерлікті жырға қосып, насихат-

татады. Өйткені, соғыста көрсетілген

ерліктер, Отан сүйгіштік ескірмейтін,

болашақ ұрпақтарды батылдыққа, қай-

сарлыққа тәрбиелейтін сарқылмас та-

қырып еді. Қасым Аманжолов «Дүние

сыймас бомбаға» атты өлеңінде «атом-

мен» тіршілік атаулыны жою қолдан

келмейтінін, үреймен халықты тобырға

айналдыру мүмкін емес деп ескерткен.

«Бақыт бағы» өлеңінде Қабыл Бо-

ранбаев «атом бомбасын» шоқпар етіп

ұстағандар халықтан жазасын алады

деп тамаша айтқан:

Атом деп шулағандар безген

ардан,

Көре алмас бақытымды жеңіп



алған.

Қан құмар көкауыздар айыра алмас

Еңбектен, жас баладан, сүйген

жардан.


Су емес, адам қаны лай басқан,

Қол жетпес адал жанның

ары-аспан,

Адамзат арды бастырмайды аяққа,

Әділдік өмір бойы жоқ - адасқан.

1941-1945 жылдардағы қырғын

соғыста қарт әке мен ана жалғыз бала-

сынан, жаңа отау тіккен жар азаматы-

нан айрылуы, талай жас махаббатың

уызын тата алмай кетті. Сұм соғысқа

қарғысын айтып, жарық дүниеден

көшкендер қаншама. Бұл жағдайлар

ақын жүрегін жараламай, оны жыр жо-

рығына қоспай тұра алар ма?

Ақын өзінің «Француздарға» атты

өлеңінде соғысқа, жаулыққа қарсы

тұрған себебін ашық айтады. Халық

қаһарынан қорыққандар жерін, Отанын

сатып, басқа елде өмір сүре береміз деп

есептейді. «Жалықтырса, жабықтырса

жат мекен, туған жердің түтіні де тәтті

екен» - деген сөзді айтқан ақын қан-

дай көреген десеңізші! Бірақ, мұның

мәнін «қалтасы қалыңдар» түсіне алар

ма екен?

Қабыл Боранбаев арымен, ақылы-

мен, шығармашылық шабытымен Отан-

шылдық патриотизмді жырлаған, осы

жолдан танбаған ақын еді. Өз жақын

туыстарының, барлық жерлестерінің

Отанға деген адал қызмет етуін қалай-

тын. Өйткені, ақын майдан шебінде

бірліктің, батылдықтың, табандылықтың

құдіретін көрген. Бұл оның жыр арқауына

айналған. Кешегі кеңес елінің 27 млн.хал-

қын жалмаған соғыстағы Ұлы Жеңіс

Қабылды отаншылдықты жырла деп та-

лап еткендей. Мұның себебі бар:

Фашизмді талқандап, Рейхстагтың боса-

ғасына туды алғаш қадаған Рахымжан

Қошқарбаев, бүкіл Шығыс пен Батыс

әйелдерінің рухын самғатқан Әлия Мол-

дағұлова мен Мәншүк Мәметова қазақ

мақтанышы, ақын мақтанышы емес пе!?

Қабыл - дәуір тынысын тез сезген,

оның талабына сай үн қатқан ақын Бейбіт

ерлерін мақтан еткені шығармалары мен

өркештене көрініп тұрады. Ақынның

«Еңбек - бақыт жолы» өлеңін Теміртау

жастары айрықша қадір тұтқаны рас.

Мартеннен болат теңіз ақтарылған,

Көрсетіп ерлік жігер оттарынан.

Еңбекте қанымыздың өзі ыстық,

Лаулаған зауыттағы от-жалынынан.

Ырысты шахтамыздың шатқалынан,

Гүрілдеп қара алтын ақтарылган.

Кенші, металлург, құрылысшы

танысты,


Көргендеймін озаттардың қатарынан.

Ақын - нәзік жанды адам ғой.

Сезгіштігі мен сенгіштігі ерекше. Сондық-

тан заман сапарының алғы легінде жүреді.

Осы қасиет тың және тыңайған

жерлерді жаппай игеру кезінде ақындар-

дан, жазушылардан, тарихшыларымыздан,

журналистерден өрши көрінді. Ақын Тай-

ыр Жароковтың «Жапанды орман жаң-

ғыртты» поэмасынан бастау алған шығар-

машылық жорыққа қазақ әдебиетінің

классиктері Мұхтар Әуезов «Түркістан

солай туған», Сәбит Мұқанов «Тыңда ту-

ған байлық» шығармаларымен қосылды.

Көркем шығармалар тыңның ажарын ашуға

арналды, азабын айғақтауға батылдық

жетпеді. Осы жасқаншақ көрініс Қабыл-

дың өлеңдерінен де көрінді. «Сәулетті

дала» өлеңінде - ол тыңның сырт кө-

рінісін сипаттады:

Ду көтеріп кең даланы ұл мен қыз,

Шашылғандай жарқыраған

көп жұлдыз.

Қызыл маржан қырдың көркін

тау-тау ғыл

Бойды шаттық билеп біз жүрміз,- деп

әсер шындығын ашық айтты.

Рас, Қабылдың шығармаларына орын-

ды, орынсыз сын айтушылар да болған.

Кеңесі бар пікірді қабылдап, кемсітері көп

сынды серпіп тастағанына ақын жасыған

емес. Бұған мына өлеңі дәлел:

Алып қашпа асаудай қыңыр тартып,

Бұғалық қып жырымды ұмтыламын.

Сендіремін, адалмын Отаныма-

Жалынды жүрегім ді танытамын,-деп

серт етеді ақын өзінің «Кейбір сыншылар-

ға» деген өлеңінде.

Қорыта айтқанда Қабыл Боранбаев

кенші, малшы, егінші, ғалым еңбегін шы-

ғармаларына берік арқау етті. Жас өркенді

халқын, Отанын сүйіп, халқына адал қыз-

мет етуге шақырды.

Ал мұндай ақын халқымен бірге жа-

сайды, санадан өшпейді, шығармалары

арқылы заман көшімен ере жүреді.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал