Балғабек мырзаев


–  Қазақстандағы  ислами  білім  жүйесінде  алыс-жақын  шетелдік



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет96/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
–  Қазақстандағы  ислами  білім  жүйесінде  алыс-жақын  шетелдік 

беделді оқу  орындарымен байланыс күшейгенін байқап  жүрміз.  Діни 

басқарманың кадр даярлау ісіндегі қол жеткізген жетістіктері қандай? 

–  Бүгінде  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы  мен  Түркия, 

Мысыр  секілді  ислами  білім  беретін  беделді  оқу  орындарына  ие 

мемлекеттермен  тығыз  байланыс  орнаған.  Атап  айтар  болсақ,  Түркия 

«Хасеки»  академиясында  қазақстандық  имамдар  3  жылдық  бағдарлама 

бойынша білім алу мүмкіндігіне ие. Бұл үрдіске Діни басқарма 2013 жылы 

қол  жеткізді.  2013-2014  оқу  жылында  30  имам  оқуға  қабылданған  болса, 

одан  кейінгі  жылдары  да  20-25  имам  жыл  сайын  осы  оқу  орнына  оқуға 

қабылдануда.  Олардың  барлық  шығындары  Түркияның  Дианеті 

қамтамасыз  етіп  отыр.   Бұдан  бөлек,  Діни  басқарманың  25  имамы  жыл 

сайын  45  күндік  Түркия  Республикасында  біліктілік  көтеру  курстарында 

тегін білім алуда. 

Сонымен  қатар,  Діни  басқарманың  арнайы  шақыруымен  Түркиядан 

ислам  дінінен  сабақ  беретін  ұстаздар  еліміздің  мешіттерінде  қызмет 

атқаруда.  Көріп  отырғанымыздай,  бауырлас  Түркия  мемлекеті  елімізде 

Ислам  саласында  сапалы  кадрлар  дайындауды  оңды  шешуге  көп  қолдау 

жасауда.  Қазақстан  тарапы  да  Түркиялық  ұстаздардың  жақсы  қызмет 

беруіне  барлық  уақытта  қолдан  келген  көмекті  беріп  жатыр.  Виза  беру 

мәселесінде біз кез келген жағдайда барынша көмектесіп жатырмыз. 

Қолданыстағы  «Діни қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  заңға 

сәйкес,  біздің  елімізде  діни  салада  жұмыс  атқарып  отырған  кез-келген 

шетелдік  және  қазақстандық  азаматтар  миссионер  ретінде  тіркеуден  өтуі 

тиіс.  Осы  талапқа  сәйкес,  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасына 

қарасты арнаулы орта діни білім беретін медреселерде ұстаз болып қызмет 

атқаратын  түркиялық  азаматтар  да  миссионер  ретінде  тіркеледі.  Түркия 

тарапы  өз  қызметкерлерін  миссионер  ретінде  тіркеуге  наразы  екенін  де 

білеміз. Дегенмен Заң талабы болғандықтан солай жазылады. Алайда, біз 

Түркиялық  ұстаздарды  миссионер  ретінде  емес  бауырымыз  деп 

қабылдайтынымызды да айта кеткіміз келеді. Дін саласында болып жатқан 

үдерістерге  жұртшылықтың  назары  ауып  отырады.  Қазақстандағы  діни 

ахуал  жылдан  жылға  жақсара  түсуде  екенін  көрініп  келеді.  Бүгінгі  таңда 

Қазақстанда  салтанат  құрған  мемлекеттік-конфессиялық  қарым-қатынас 

үлгісі  мемлекеттің  конфессияларға  бейтараптығына  негізделген,  барлық 

діндер  теңдей  құқық  мен  мүмкіндіктерге  ие  және әр  алуан  діни 

нанымдарды  тұтушылардың  арасында  өзара  құрмет  пен  достық  қарым-

қатынас  орнаған.  Осынау  ұстанымдарды  бұлжытпай  орындаудың 

нәтижесінде  Қазақстан  қоғамының  тұтастығы  сақталып  отыр  деп  айта 

аламыз. Жоғарыда тізбектеп айтып өткен діни саладағы оң өзгерістер мен 

ауқымды  жоспарлар  халықтың  рухани  мұраларын  құрметтеуге, 

отаншылдыққа,  зайырлы  қоғам  қағидаттарын,  ұлтаралық  һәм  дінаралық 

татулықты  сақтауға,  мемлекет  тұтастығына  сызат  түсіретін  радикалды 

және деструктивті ағым идеяларынан қорғануға бағытталған. Қоғамға жат 

мәдениетке  қарсы  иммунитетті  қалыптастыру  үшін  де  біз  дәстүрлі  діни 

жолымызға әрқашан қолдау білдіреміз. 

 – Әңгімеңізге рахмет! 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет