– Қазақстандағы ислами білім жүйесінде алыс-жақын шетелдік
беделді оқу орындарымен байланыс күшейгенін байқап жүрміз. Діни
басқарманың кадр даярлау ісіндегі қол жеткізген жетістіктері қандай?
– Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия,
Мысыр секілді ислами білім беретін беделді оқу орындарына ие
мемлекеттермен тығыз байланыс орнаған. Атап айтар болсақ, Түркия
«Хасеки» академиясында қазақстандық имамдар 3 жылдық бағдарлама
бойынша білім алу мүмкіндігіне ие. Бұл үрдіске Діни басқарма 2013 жылы
қол жеткізді. 2013-2014 оқу жылында 30 имам оқуға қабылданған болса,
одан кейінгі жылдары да 20-25 имам жыл сайын осы оқу орнына оқуға
қабылдануда. Олардың барлық шығындары Түркияның Дианеті
қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек, Діни басқарманың 25 имамы жыл
сайын 45 күндік Түркия Республикасында біліктілік көтеру курстарында
тегін білім алуда.
Сонымен қатар, Діни басқарманың арнайы шақыруымен Түркиядан
ислам дінінен сабақ беретін ұстаздар еліміздің мешіттерінде қызмет
атқаруда. Көріп отырғанымыздай, бауырлас Түркия мемлекеті елімізде
Дін және қоғам
76
жоғарлатып, кәсібі шеберлігін арттыруға үлес қосып, имам деген атқа сай
болатын, ел құрметтеййтін мамандарды дайындау. Екі айлық курсты
бітірген тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі диплом (шахада) беріледі.
– Бүгінде жұртшылық мешітке жиі бас сұғады. Айт мерекелерінен
Поделитесь с Вашими друзьями: |