Балғабек мырзаев


– Дәстүрлі дінімізді дамытып, халқымыздың төл танымын тарата



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет9/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
– Дәстүрлі дінімізді дамытып, халқымыздың төл танымын тарата 

түсу  мақсатында  министрлік  қабылдаған  шаралардың  тағы  бір 

парасы «Уақып» қорының құрылуы, ел мұсылмандарын қажылыққа 

апару  қызметін  ұйымдастыру  жұмыстарымен  жалғасып  жатқанын 

көрдік.  Бұқара  халықпен  осындай  тығыз  байланыс  орнатқан 

ведомствоның  өткен  жылы  еңсерген  елеулі  жетістіктерге 

тоқталсаңыз... 

–  Баршаңызға  белгілі,  «Уақып»  корпоративті  қайырымдылық  қоры 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасымен  құрылды.  Қордың  қызметі 

коммерциялық  емес  қайырымдылық  ұйым  ретінде  әлеуметтік  жобаларды 

қаржыландырады.  Білім-ағартушылық  шараларды  жүргізуге,  сонымен 

қатар,  діни  бірлестік  қызметкерлерлері  жұмысының  тиімділігін  көтеру 

және  діни  мекемелердің  қызметін  қолдауға  бағытталады.  Алыс 

аймақтардағы  дәстүрлі  емес  дін  өкілдерінің  ықпалы  бар  мешіттердің 

имамдарына қолдау көрсету де осы қордың негізгі міндеттерінің бірі.  

2017  жылғы  қажылық  маусымындағы  басты  жаңалық  –  Қазақстан 

қажыларының  отандық  әуекомпаниясымен  тасымалдануы  болды. 

Жерлестеріміз былтырғы жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент 

шаһарларынан  тікелей  рейспен  Жидда  мен  Мәдина  қалаларына  ұшты. 

Чартерлік  рейс,  небары  6-7  сағатта  Жидда  мен  Мәдина  қаласына  қонды. 

Бұл – бүгінгі заманның зор жетістігі. Осыған дейін қажыларымыз Түркия, 

Біріккен  Араб  Әмірліктері  арқылы  ұшатын.  Ондағы  әуежайларда  18-20 

сағат  аялдап,  бір  тәулікке  жуық  уақытын  шығындайтын.  Тағы  бір 

қуантатын  жаңалық  қажыларымыз  үшін  екпе  алудың  қол  жетімді 

болғандығы.  Бұған  дейін  тек  үш  қалада  ғана  екпе  алынған  болса,  2017 

жылдан  бастап  министрліктің  дәнекер  болуымен  сегіз  қалада  екпе 

жасалуда.  Сондай-ақ  Министрлік  өкілдері  қажылық  миссиясының 

құрамына енгізілуі де 2017 жылдан бастап қабылданған оң шешім болды.  

Қажылық  сапары  мен  вакцинацияны  ұйымдастыруға  да  өткен  жылы 

министрлік көмек көрсетіп қана қоймай, жоғары деңгейде болуына ықпал 

етті. 2017 жылы өткен Қажылық ұйымдастырылуы жағынан жоғары бағаға 

ие болды.   

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің 

бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Елімізде түрлі этнос пен конфессия 

өкілдерінің  тату-тәтті  өмір  сүруі,  діни  және  мәдени  бірегейліктің  өз 

қалпына  қайта  келуі  –  Елбасымыздың  жүргізіп  отырған  сындарлы  да 

салиқалы саясатының нәтижесі.  

Қазақстан  қоғамындағы  дін  мен  мәдениет  мемлекет  тарихының 

қатпар-қатпар кезеңінен өтіп, халықтың өзіндік болмысы мен өмір салтын 

қалыптастыра  отырып  өрбіді.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында 

идеологиялық  бос  кеңістіктің  орын  алуы  Қазақстанның  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  дәстүріне,  соның  ішінде  діни,  мәдени  құндылықтарға  қайта 

оралуына түрткі болды. Қазақстан Республикасы өзінің стратегиялық даму 

жолын  анықтап,  демократиялық,  әлеуметтік,  құқықтық,  зайырлы 

мемлекетке 

айналды. 

Зайырлы 

Қазақстанда 

конфессияаралық 

ынтымақтастық  пен  этносаралық  бірегейлікті,  сенім  мен  ар-ождан 

бостандығының үйлесімділігін сақтау басты құндылық  ретінде белгіленіп 

отыр. 



жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет